Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

Азамат Серікхан

 

 

Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).

 

ДИПЛОМ   ЖҰМЫСЫ

 

5B050400– «Журналистика»  мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2015

 Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

 

Кафедра меңгерушісі _______________________ Жұмабеков М.К.

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).

 

5B050400 – «Журналистика»  мамандығы

 

 

Орындады:                  Серікхан. А.К

Ғылыми жетекшісі:          ф.ғ.к                    РамазановаЖ.С.

 

 

Қарағанды  2015

 

Жоспар

 Теледидарда тікелей  эфирде жұмыс істеу табиғаты    (Таңшолпан»,              «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде).

 

Тікелей эфир табиғаты және оның маңызы мен міндеттері

 

    1. Телевизиядағы тікелей эфир: тақырыбы және өзектілігі
    2. Тікелей эфир жүргізішісінің имиджі.

2 Тікелей эфир жанрлық  ерекшеліктері

2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламаларының  берілу тәсілдері.

2.2 Тікелей эфирдегі диалогтың  негізгі қырлары.

2.3 Тікелей эфир жүргізушілерінің  кәсіби деңгейі

Қорытынды............................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телевизиядағы  тікелей эфирдежұмыс істеу

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы басқалары немесе тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы, журналистің жүргізуіне көп нәрсе байланысты. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның соңында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде яғни, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда,айта кетейік ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты.

Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

Осы орайда сәтті деп табылған,көрермендерін барынша мол тартып үлгерген «Әйел бақыты» бағдарламасына тоқталып өтуді жөн деп таптым.Жалпы Әйел бақыты өзінің атауына сай еліміздің бұл үздік жобасы, ток-шоуға негізделген қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғаларына арқау бола алды. Жасандылықтан алшақ ашық әңгімеге құрылған кездесуде құрылым сәтті жалғанған. Бағдарламада аруларымыздың жан дүниесі, олардың басына түскен қиындығы айтылаып қана қоймай,өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген ұлттық,отандық жоба. Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау деп табылып отыр. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесуді жөн санаған телеарнаның бұл бағдарламасында үздік мамандар қызмет атқарады,оларға сәл кейінірек тоқталсақ. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету бұл азаматтық борыштан бөлек,тәрбиегеде көп басымдылық ала келген. «Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты ток-шоудың тұсауы кесілгеннен бастап» - Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы көп қозғалып келеді. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріліп  қана қоймай,сұранысқа ие бағдарламаның аудиториясы әр бағдарлама сайын артыпта келеді. Бүгінгі тaңда қазақ телевизиясының жағдайы қандай деңгейде. Республикaлық және аймақтық телеарналардың бағдарлама  тарату форматы мен көрсету стилі қaндай? Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде деген толласыз сaуалдар көпшілікті қызықтыруы мүмкін. Оған қоса технология заманындa  цифрлық телевидиниеге көшу үрдісі қалай жүзеге асуда. Тіл мәдениетін көтеруді қaндай жолдармен іске асыру керек, ең алдымен, осы мәселе жан-жақты және түбегейлі зерттелуге тиіс. Біздіңше, бұның бaсты екі жолы бaр сияқты. Бірі – тілдегі барды сұрыптап пайдалану, саралау жолымен іске ассa, екіншісі – жоқты жаңадан іздеп табу, жаңғыртып жасау жолымен жүзеге aспақ. Тілдегі жоқты іздеп табу, оны тыңнау жасау қандай қиын болса, бaрдың өзін ұқсатып кәдеге жаратудың өзі де оңай жұмыс емес. Қазақ терминологиясын қалыптaстырудағы кемшіліктердің ең үлкені синонимдердің мән-мағынaсын ажырата білмеуде екендгін мойындау керек.

 «Әйел бақыты» тікелей  эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сол – көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым адастырмаса екен» деп басталғаны көзі қарықты көрермендерінің есінде. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болды. Ток-шоудың жүргізушілері елімізге етене таныс журналистер Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі. Тікелей эфирде жұмыс бастап кету оңай әс емес екені бесенеден белгілі. Осы салдада өздерің еркін сезінген бұл жүргізушілермен сұқбаттасқан болатынбыз,ол жөнінде сәл кейінірірек. 
Жалпы «Эфир» — сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат. 
«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс.

 Ал екіншіден тікелей  эфир дегеніміз – теледидардағы  интерактивтілік. Осы орайда Интерактив деген не деген,заңды сұрақ туындайды? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы.Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты қатынас түзілім болып табылып келді.Себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Егер біз шын мәнінде радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді әрдайым есте сақтаған жөн. 
1. Көрермен әрқашанда хабардың көңіл-күйге жағымды әсер етуін қалайды. Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады. 
2. Көрерменді саясаттан да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы басты тетік экономикалық мәселелердің ел көлеміндегі жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады. 
3. Бүгінде әлем елдерінің көпшілігінде дерлік алдыңғы кезекке этикалық және мәдени проблемасы мәселесі шығып отыр. Сондықтан осы бағыттағы ашық пікірталасқа көрерменнің өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары орынды. 
4. Көпшілігінде эфирден балалар мен жастар, тәрбие мәселесі сирек беріліп жүр. Әрі қоғамдағы технологиялық жаңарулар да қызғылықты тақырып болып табылады. 
Кері байланыс арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал аз болмайды. Ал, тек белгілі бір топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан қойылар сауалға жауап бермейтінін де ескертіп қойғаны жөн.

Жалпы жұрт бағдaрламасына ащы шындықты айту үшін қарапайым адамдармен бірге жұрт ортaсында министрлік басшыларына дейін отырады.  Дәл осындай батылдық біздің телеaрналарға да қажет. Тағы бір мәселе, кейде елімізде қолға алынып жатқан көптеген бaянды бастамалар теледидар арқылы берілетін жаңалықтардың көлеңкесінде қaлып қояды.  Мәселен, «әлеуметтік тақырыптар қaншалықты маңыздылығына қарамастан, ол телеарналарда жан-жaқты көрсетілмейді.» Ендеше жоғарыда айтылған қазақ тілінде хабарлар тaрататын телеарналарды көп ұзатпай ашқанымыз дұрыс және олардың бағдaрламалары қазіргі телеарналардағы хабарлардан анағұрлым асып түсетін бaғдарламалар болғаны жөн. Сонда ғана «Әлеуметтік мәселе неге әлсіз көрсетіледі?» деген сұрaқ мазаламайтын болады. Тіпті қазіргі қазақстандық телеарналардың қaйсібірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабaрды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аудaрып жүр. Осыған байланысты тележурналистиканы қалыптасқан жалпыaдамзаттық ортақ құндылықтармен  қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары aрқылы дамитын ақпарат тарату түрі екенін жадымыздан шығaрмауымыз керек.Осы орайда тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ. Тікелей эфир жүргізетін журналистің негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару — өте күрделі құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін басқару үшін оларды қажетті бағыттағы әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып, студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызының «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады: 
«Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар: 
а) адамның жүйкесі, психикасы тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы, 
ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы, 
б) физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы. 
Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді».

Тележүргізушінің жетістігі оның көрермендеріне қаншалықты әсер еткендігіне де байланысты. Үкілі үмітпен теледидар алдына жайғасқан сан мың көз бен құлақ сенен татымды ой, мәнерлі сөз мәйегін күтуі заңдылық. Ал халық асыға күтіп, ойына азық, жанына ләззат алатын талантты жүргізушілердің аздығы да өмірдің сайқымазақ бір заңдылығы шығар.

3. Отандық телеарналардағы  қазақ тілді тікелей эфир хабарлары. 
Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Тікелей эфир жүргізішісінің имиджі.

Телевизия саласындағы жүргізушінің имиджі ақпараттық немесе проблемалық ток-шоудың қай түрінде өтсе де, мейлі, тікелей эфир ме жазылымдық па дегеніне қарамастан оның беделі қашанда жоғары болуы тиісті. Осындай шығармашылық топтың  идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққанда ғана телеөнім журналистің қатысуымен толыққанды түрде көрермен қауымның сұранысын өтей алады.

Журналистің кәсіби шеберлігі бағдарлама барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист имиджін орнатуы арқылы тұлғалық эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар өз жауаптарын да мұқият қадағалап, келген қонақ негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал.Бағдарлама жүргізгенде журналистен кәсіби шеберлік, терең білім мен біліктілік,  эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық бағдарлама кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады. Тікелей сұхбат барысында кездесетін бір қиындық – респонденттің жауабынан туындатып сұрақ қою қабілеттілікті барлық журналистердің бәрі меңгере бермейтіндігі. Бұл әсіресе, жас журналистер үшін тіпті оңайға соқпасы анық. Тележурналист оқиғаға қатысып отырса да, кез келген жағдайда ақпарат көзімен қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, заңдық-құқтық  тақырыптардың бәрімен де еркін пікірлесетін, көрерменнің көкейіндегі сауалды тастай алатын, мәселені салмақтап, таразылай білетін болуға тиіс.Телехабарлар жүргізушісінің имиджі – қашанда басты орында.Телехабарлар дайындау бір ғана адамның мойнына артылған жүк емес, ал бірнеше адамнан құрылған ұжымшыл топтың қоса атқарған жұмысының жемісі. Алайда, біздің көгілдір экранымызда жалғыз ғана адам, тележүргізуші көрініп, бізді өзінің білімімен, ақпаратымен сусындатады. Әрі жобаның жолының болу, болмауының үлкен себепшісі болатын да осы бір адам. Оңай деуге болмас, себебі бұл жолға жету көп еңбекті талап етеді: дұрыс әрі әдемі сөйлеу, камера алдында өзін еркін ұстау, мәтінді суфлердан байқатпай оқу, түсірілім алаңдарында жағымды атмосфера жасап, әңгімелесушіні сөзге тарта білу – бұл тележүргізушінің кәсіби машықтарының тек жартысы ғана. Телехабарлар жүрзізушісі – миллиондаған телекөрермендердің әрқайсысымен сөйлесе алатын адам,сол себептіде имидж оның қажеттілігіне сұраныс тудырады. Ал шешендік қасиет мақсат пен мансап қуған адамдардың барлығына қажет қасиет. Неге деген сұраққа жауап іздесек, талай жауап тізбектеліп шығады.

Өз қызметкерлерің мен әлеуетті клиенттеріңнің, іскер серіктестеріңнің алдында сөзіңнің шынайылығын жеткізе білу немесе өз ісіңе уәждеу үшін, дипломатты, әрі өз бұлтартпас дәлелдеріңді қойып, әрі адамдармен сенімді және сыйлы қарым-қатынас орната білу үшін қажет деуге әбден болады. Телекөрермендер мен әріптестер асыға күтетіндей, бірегей, өзіндік сөйлеу стилін қалыптастыра білу керек. Сөздік қор неғұрлым бай болып, соны пайдалана білген дұрыс. Бұл әсіресе адамдармен көп қарым-қатынас ұстаушыларға маңызды. Өз дауысыңды қоя біліп, әңгімелесу барысында сирегірек шаршауға тырысу керек. Ал қойылған дауыс, ашық мақам мен әдеби дұрыс сөйлеу кез-келген жерде өзіңді еркін ұстауға жәрдемдеседі. Күйзеліс кезінде біз көбінесе сөзімізге ие бола алмай қаламыз. Ал сондай күйзеліс кезінде адамдар не тым жай, күмілжітіп, міңгірлеп немесе сөйлеу кезінде тым беріліп кетеді. Екі жағдай да тартымсыз әсер береді.

Денені тырыстырмау керек. Адам көпшілік алдында немесе камераның алдында сөйлегенде денесі алаңнан қысылып қалуы мүмкін. Ал тәнің қысымда болса, онда ойлар да қысымда болады. Ал алдында айтып кеткен қасиеттерге қол жеткізу үшін, алдымен өз денеңді басқара білуді үйрену қажет. Тағы бір айта кетерлік жайт, мәтінді алдын ала дайындап, көпшілікке шыққанша дауысты шынықтырған абзал.

Телехабарлар өңдеу барысы

Арналар арасында бәсекелестік қашан да бар. Көрермен үшін, жарнама берушінің ақшасы да маңызды. Солайша хабарлар бір ашылып, жабылып, сатып алынып, сатылып жатады.

Телевидение – ұжымдық жұмыс. Жобаны іске асыру барысында корреспонденттер мен продюсерлер, операторлар, тележүргізушілер де қатысады, ал редакторлар команданың қимылдарын біріктіре байланыстырып,  іске жұмылдырады.

Телехабар барысында журналистерге –стратег әрі әдіскер,жылдам ойды талап етеді. Бұл аталғандардан өзге де қасиеттері жетіп артылады. Ақпаратты сараптауды білумен қатар, тапсырма дұрыс беріліп, нақты шешімге келіп, соған жауапкершілікпен қарауы керек. Мәтіндер мазмұнды, ақылға қонымды, көпшілікке түсінікті, деректер тексерілген, сенімді әрі жарқын болуы керек. Қажет болса өзі сұхбат алып, материал жазып, эфирге шығуына да дайын болуы керек.

Қысқасы, ұйымдастырушылық қабілетімен қатар, ана тілін сезініп, біліп, әрі кәсібінің негізіне жақсы машықтанған болуы қажет. Сондықтан да, телевидениеде жақсы қызметкер болса оны алтынға теңеп жатады.

 

Тікелей эфирдегі диалогтың негізгі қырлары.

Телевизиядағы тілдік бірліктердің қызмет ету заңдылықтары, оларды қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері телехабар тілінің өзіне тән табиғатын ашады. Өйткені, біріншіден, телехабарларда негізгі жүк сөзге, сөз жағдаятына түседі; мұнда визуалды бейнелер қосымша ақпарат түрінде беріледі. Сондықтан телехабарларда экраннан көрсетілетін бейнені қайталамайтын ақпарат тілдік бірліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Телехабарлар заңдылығы бойынша көрсетуге болатын ақпарат сөз арқылы берілмейді. Журналистердің айтуынша, баспасөз бетіндегі ақпаратты теледидар арқылы көрсеткен кезде, ол ақпарат 75 пайызға қысқарады екен.

Телехабарлар арқылы таралатын ақпарат көпшілік қауымға бағытталғандықтан, телехабарлар тілі публицистикалық стильге негізделеді. Сөйтіп, журналистер экрандағы сөз арқылы жұртшылықты өздері хабарлап отырған ақпараттың мазмұнына сендіреді, көрерменнің санасына және сезім-күйлеріне әсер етіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына себепкер болады.

Телехабарлар көпшілік қауымға арналғандықтан және оның негізгі мақсаты қоғамымыздағы, әлемдегі оқиғалар туралы ғылыми емес, жалпы ақпарат беру болғандықтан, оның тілі сол халықтың түсінігіне қиындық тудырмайтындай дәрежеде құрылады. Демек, телехабарлар тілінде әдеби нормаға негізделген жалпы халықтық қолданыстағы сөздер пайдаланылады.

Телехабарлардың негізгі мақсаты – қоғамға қызмет ету, әрбір адамға азамат ретінде қатынасып, білімді көпшілікке паш ету; адамдардың қоршаған орта мен адамдар жайлы түсініктерін кеңейтіп, өздерін өзі тануға көмектесу. Жалпы, телевидение – қаржыландырудың ерекше формасынан өзге, өзгеше бағдарламалық саясат пен өзгеше басқаруға бағамдалған.

Телехабарлардың басты талабы – азаматтық қоғам құру. Телевидение нағыз өмірдегі адамдар мен көрермендерінің өмірлеріне қаншалықты жақын болса, әрі олардың өмірлеріне қаншалықты тығыз белсенді болса, өзіне жақсы.

Телехабарлар азаматтық қоғамды құрумен қатар, азаматтық қоғам өз қызығушылықтарына орай телевидениені де құрайды.

Коммерциялық телеарналар тікелей жарнамалардан түсетін ақша мөлшеріне байланысты рейтингтер үшін бәсекелеседі. Ал қоғамдық телеарналар көптеген коммерциялық арналар сияқты қоғамға кері ісерін тигізбей, керісінше, көрермендерді қызғылықты да танымды бағдарламаларымен, адами құндылықтар мен тұлғаны тәрбиелеуге бағытталады. Еліміздегі ғана емес, барша әлемдегі телеарналар рухани құндылықтарды насихаттап, аудиторияға позитивті ықпал етудің орнына жоғарғы рейтинг қуамыз деп ақпараттық шикілікке жол беріп, көрермендердің адамгершілік деңгейін төмендетуде.

Жағымсыз, кері ақпарат рухани, тән мен жан денсаулығын құртып, кейін барлық қоғамның індетіне айналары сөзсіз.

Телехабарлар ондай форматтардан аулақ болса, қоғамдық індетке де жол болмаушы еді.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда бәсекеге қабілетті ақпараттық нарық қалыптасқан деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау.

2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламаларының берілу тәсілдері.

Тікелей эфирде хабар жүргізу  аса жауапкершілікті талап етеді.  Әсіресе сұхбат жүргізу үлкен шеберлікті қай кезде болмасын қажет етеді.  Қанша білімді болғанымен эфир кезінде  қиналатын журналисттер де кездесіп жатады.  Кәсіби шеберліктің сатыларынан өткен  жүрізуші қай уақытта да, жол тауып жақсы пікір қалыптастыра білген. Тікелей эфирге шақырылған қонақтан тартымды  жауап ала білу жүргізушінің шеберлігіне байланысты.  Ия әр кезде, эфирді  жүргізу талабы қашанда мықты. Алайда біздің телеарналардағы  тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтуді жөн санадық. «Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты»атты диплом жұмысымның тақырыбы аясында  Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы және «Әйел бақыты» ток-шоуының тікелей эфирдегі жұмысына тоқталдым.  Алдымен Әйел бақыты ток-шоуы  бағдарламасын кеңінен тарқатып өтуді жөн санадым.Нәзік жандылардың бүгінгі қоғамды алға сүйреп,тыныс әрекетін еш бүкпесіз жариялай білген бағдарламада осында. Кәрі мен жасты,шенді мен қара халықты ұжымның қонағы еткен бағдарлама әңгімесі риясыз шындық пен орамды ойға өрнектелген. Жаңа ғасырда қазақ қай құндылығымен мақтана алады немесе қай жоғaлтқанын қайта жаңғырта алады? Сан сұраққа осы бағдарлама арқылы жaуап іздейміз. Бағдарлама жанры- ақпараттық- сараптамалық.«Қазақстан» ұлттық  телеaрнасы көрермендер назарына мемлекеттік деңгейде өзекті тақырыптарғa берілген сапалы сараптама мен публицистикаларды ұсынады. Бaғдарламаның авторлық ұжымы қашанда шынайы жоспарлар мен қадaмдар туралы толық мәлімметтендірілген. Сондықтан, олар дәйекті шешімдер мен анық жорамалдар жасайды. Бағдарлама қазақстaндық қоғамда орын алған үрдістерге деген өлшеулі ұстанымы мен объективті көзқарaсымен ерекшеленеді. Әйел бақыты ток-шоуы 2013 жылдың 9-қыркүйегінде шымылдығын түрді. Қыз-келіншектерге  арналған ток-шоу аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында  көгілдір экраннан көрерменге жол тартады. Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Жасандылықтан алшақ ашық әңгіме құрылады. Бағдарламада аруларымыздың жан дүниесі, олардың басына түскен қиындығы турасындағы жайттар сарапқа салынып оң шешімді жолдарын қарастырады. Өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген жоба. Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету. Бұл жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін нәзік жандылардың беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, олардың құқығы,  ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріліп, күрмеуін таппай жүрген жайттардың да сырын ашады.   «Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз сауалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Телекөрермендер санын көп жинаған ток-шоудың  бастапқы жүргізушілері  Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі. 

 Қарбалас тіршілігі  қызықты бағдарлама барысында  жан түршігерлік оқиғалар, ерекше  әсер қалдыратын қыз-келіншектердің  тағдыры да студияда талқыға  салынады. Өмірдің ащы тұстары  да,  қызыққа толы қырлары да  Әйел бақыты бағдарламасында  боямыз түрде қалың көпшілікке  жол тартты.  Ток-шоудың тұсаукесері  «Арманым адастырмаса екен» атты  тақырыппен бағдарлама шымылдығын  түрді. Бағдарламаның алғашқы санында  жар таңдау мәселесі көтерілді.  Отбасылық өмірге қадам баспас  бұрын қыз бен жігіттің бір-біріне  сенім білдіруі,  қай жаста  шаңырақ көтерген дұрыс,  ерте  тұрмыс құрудың жауапкершілігі  қандай сынды деген өмірдің  заңды тұстары «Әйел бақыты»  бағдарламасының алғашқы санында  талқыға түсіп, жан-жақты пікірлер  айтылды.. Содан бері  бүгінгі  қоғамда нәзік жандыларымыздың  бастарынан өткеріп жатқан  түрлі  тақырыптар бағдарлама арқауына  айналды .Жанұядағы  әйел адамның  орны, отбасылық өмірде кездесетін  жайттар, қыз-келіншектеріміз  әдет-ғұрыпты  қалай ұстанады, келін мен ене  сыйластығы, бала тәрбиесі, бұрымдыларға  сән әлеміндегі пайдалы кеңестер, қыз жат жұрттық сынды тақырыптар  бағдарлама ілмегіне ілінді. Студиядағы  тікелей эфирдің бір сағаты, біртағдырға, мыңдаған көрерменге ықпал  етіп, қоғамда жақсы пікір қалыптастырушы  бағдарламаға айналды.

Бақытты әйел қандай болуы тиіс деген сауалға, бағдарлама жүргізушілерінің өзіндік пікірлеріне де назар аударсақ. Жүргізуші Әйгерім Есенәлінің ойынша Әйел бақыты әдімілікпен махаббат құралады деп есептесе, бағдарламаның тізгінін ұстаушылардың бірі  Қарагөз Сүлейменова, ошағын өшірмеген  заманмен үйлесін тапқан әйелді бақытты санайды.  Телевизия саласында табан аудармай жұмыс жасап келе жатқан  белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ойынша Әйел бақыты ақыл мен парасат, арқа сүйер азаматтың қолдауында.  Аталмыш ток-шоудың тізгінін ұстаушылар әр бағдарлама сайын әйел бақытының сырын ашуға тырысады.

 Әйел бақыт жолындағы қиындықтар мен кедергілерді жеңе білсе бақытқа ие болмақ. Ол қандай бақыт? Қандай қиындықтар? Сенімсіздік, қызғаныш, жек көру, ашу, әділетсіздік, қорқыныш, тәкаппарлық, нағыз жаман қасиеттер. Егер әйел осы жамандықтарды жеңе алса, өз бойына жимаса бақытқа қол жеткізе алады. Әр әйел өз бақытын қайдан таба алады? Әйел баласының бақыты – отбасында. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бұлжымас қағида болғалы қашан. Сонымен әр әйелдің отбасы, ошақ қасында әрдайым ұстанар қағидаларына тоқтасақ:

  1. Ері үшін бойын түзеп, сәнді киіну. Еріне деген сағынышы мен сезімін білдіре жүру.
  2. Ол үйге келерден бұрын үй ішін тап-тұйнақтай жинап, дастарханға дәмді ас қою.
  3. Егер ерінің табысы аз болса соған бола шаңырақты шайқалтпау. Кедейлер мен мүсәпірлерге қарап, сол табысқа да шүкірлік еткен жөн. Алланы еске алып, Оның сізге бергендеріне шүкіршілік ету қажет. Ең үлкен байлық — Аллаға деген сенімде екенін әрдайым естен шығармау қажет.
  4. Ерін әрдайым көмектесіп, қолдап, қуаттап отыру. Оның азамат басын сыйлап, айтқанын орындаған дұрыс. Егер Исламда тыйым салынбаса, оның бұйырған барлық ісін орындау керек.
  5. Ашулы кезінде сабырға шақырып, кем-кетігін толықтыру. Мұны қазақ «жаманын жасыру, жақсысын асыру» дейді.
  6. Отбасылық құпияларды сақтай білу, ол жоқ кезде отбасының мүлкі мен отағасының арын қорғай білу.
  7. Оның ата-анасына барынша құрмет көрсетіп, туысқандарымен ұрысып-керісуден сақ болған жөн.
  8. Балаларды ешуақыт көзден таса қылмаңыз. Баланы туған сәтінен бастап қадағалау қажет. Оның тәрбиесі мен адами болмысына аса көңіл бөлген жөн. Үсті-бастары таза, дендерінің сау болуы ең алдымен әйелге байланысты.

Осы айтылғандарды мүлтіксіз орындай білген әйелдің бақыты —  қолында деген сөз.

 

Таңмен бірге таласып, күн ұясынан көтеріле бастағанда  қазақ еліне көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын  Таңшолпан бағдарламасы да диплом жұмысыма арқау болып отыр. Тарихы терең аталмыш бағдарламаның бүгінгі таңда  сұранысқа ие болуының да маңызы зор.Телеарна саласында тікелей эфирде жұмыс істеу табиғатының барлық қырларына жіті мән беретін бұл бағдарлама, ұлттық арнамен бірге жасасып келеді десем артық айтпаған боларымын.  Ақпараттық сазды бағдарлама бағытындағы ірі теле жобаның тарихына  қанық болсақ. Бағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шықты. Алғашқы хабардың тізгінін Иманбай Жұбай және Лаура Юсупжанова  сынды тележүргізушелер жүргізді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау жазушы, қоғам қайтаркері Шерхан Мұртазаның идеясы болатұғын. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атады. Бағдарламам нақты бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атады. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Осылайша, қаламы қарымды жазушы Шерхан Мұртаза батасын беріп, Иманбай Жұбаев қостап, қалың көпшілікке көгілдір экран арқылы жол тартты. Бағдарламаның алғашқы тобында бас редактордың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Серік Есенов, бас режиссер Нұрлан Жұманиязов, режиссер Асыл Қаптағаева, редакторлар – марқұм Кенжебай Жармұхамбетов, , Азамат Қалымбетов, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Мұхтар Түменбаев, Әміролла Саримов, Гүлмария Көптілеуова, Құдайберген Қазыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тастаев Ғалия Әженова, Балжан Баялиева  сынды шығармашылық ұжым мүшелері жұмыс істеді. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті. Бағдарламаның алғашқы жүргізушілері Ләззәт Танысбай, Гүлмира Дайрабаева, Хадиша Жәмекова, Лаура Юсупжанова, Архат Садықов, Ругина Лоджу, Жақсылық Шүйтенов. Бағдарламаның  ең алғашқы ашылған уақыттарында «Зейнеп апайды тыңдасақ» атты  айдары болды. Арнайы айдарды жазушы Зейнеп Ахметова тізгіндеді. Бұдан бөлек  «Заң мен заман» жобасы да бағдарламадағы айрықша айдарлардың бірі болды.  Бұл айдарға Мақсұт  Нәрікбаев жетекшілік етті. Ұлттық арнадағы күллі қазақ жұрты ғана емес, көршілес елдер Ресей, Қытай, Қырғыз, Моңғолия сынды мемлекеттер де көз тігіп, ұдайы тамашалайтын, экран бетінде өз ой-пікірін білдіріп жүрген «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жарыққа шыққанына бүгінде 23 жылдың жүзі болды. Тұсауын Шерхан Мұртазадай қадірлі ақсақалдың өзі кесіп, «Таңшолпан» деп ат қойған таңғы бағдарлама осы 23 жыл ішінде әдебиет, өнер, мәдениет, руханият әлеміне, ғылым мен білім, саясат пен әлеуметтік тақырыптарға еркін құлаш ұрды. Елге тұтқа болған түрлі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, өнер адамдары һәм біз білетін, білмейтін түрлі сала қызметкерлері өз өнерін осы «Таңшолпанда» ортаға салды. Халық мүддесін қорғап,   ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға да септігін тигізген бірден-бір тележоба. Тікелей эфирге шыққан «Таңшолпан» әр кезеңде әр түрлі атаумен көрерменге жол тартты. «Таңшолпаннан» кейін «Арай», Жаңа күн», «Таң сәрі», «Оян, қазақ!», «Көңілашар», «Қайырлы таң, Қазақстан!», «Ассалаумағалайкүм, ағайын!» деген атпен шығып, 2008 жылы қайтадан «Таңшолпан» атауы қайта оралды. Бағдарламада Тыныс Өтебаев, Иманбай Жұбай, Бақытжамал Ерманова, Гүлмира Дайрабаева, Ләззат Танысбай, Дана Нұржігіт, Әйгерім Шәймерден, Айнұр Қамысбекқызы, Назира Бердалы, Алтынбек Рахметов, Мақсат Әділхан, Жанар Шәмел, Нұрлан Албан, Нұрлан Әлімжан, марқұм Рүстем Есдәулет, марқұм Руслан Бөлебай сияқты  қаламы қарымды, әрі білікті журналистерден құралды. Әр таң сайын «Қазақстан» ұлттық арнасының шымылдығын түретін «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы  2012 жыл 23 қарашасында студенттер сарайында «Таңшолпан» бағдарламасының 20 жылдық мерейтойы аталып өтілді. 2012 жылдан бастап «Таңшолпан» бағдарламасы өз көрсетілімін Астанадағы «ҚазМедиа» орталығынан таратып көрсете бастады. Соған орай бағдарламаның дизайны да өзгерді.Сонымен қатар  аталмыш бағдарлама өз кезегінде түрлі байқаулар ұйымдастырып отыруды дәстүрге айналдырған. Бағдарламаның ерекше тұстарының бірі де осында.  Мысалға, «Ең жас батыр ана» байқауы, «Парасатқа құштарлық» байқаулары көрермендердің бағдарламаға деген құштарлығын оятып, бағдарлама дәрежесін көтеруге септігін тигізеді.

Исі қазақ жұртына тұщымды әрі мағыналы жаңалықтарымен қуантып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Таңшолпан» бағдарламасының бүгінгі жай-күйі қандай тоқталып өтсек. Ақпараттық-сазды бағдарлама тікелей эфирде өтеді.  «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. 2014 жылдың 2 маусымнан бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды  бағдарламасы жаңа студияда, жаңаша бағытта шыға бастады. «Таңшолпан» бағдарламасының 2010-2014 жылғы жүргізушілері: Майя Веронская, Берік Көшербекұлы, Ирина Тен, Маржан Болатханқызы, Жансерік Бейсеев,Назерке, Нұртас. Үш сағат бойы тікелей эфир барысында сан –салалы тақырыптарды қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түпкір-түпкіріне ән мен жырдан шашу шашады. Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызыққа толы дереккөздер, танымдық ақпараттар, әлемдік оқиғалар, жағымды жаңалықтар-мұның барлығы «Таңшолпанда». Көрерменнің көзайымына айналған бағдарлама бүгінде кең ауқымға ие. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші  бірнеше шығармашылық ұжым жұмыс атқарады. Барлық тақырыптарды қамтитын  ақпараттық-сазды жанрдағы бағдарлама бірнеше  қыззыққа толы айдарлардан тұрады.  Атап айтсақ: қызықты мәлімет айдары. Бұл бөлімде  ғаламтордан алынған  мәліметттер көрермен қауымға ұсынылады.  Айрықша мәнге ие айдарлардың бірі «Қазақ жері».  Ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан ұлы мекендер жайында бейнематериалдар көрсетіледі. 

 Ұлтарақтай болса да,

Ата-қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен жер қымбат- демекші – төл тарихымызды тану арқылы қазақ халқының келешекке  сенімін айқындап, уыздай ұйыған береке бірлігін одан әрі нығайтуды басты мақсат тұтқан бұл айдардың телекөрермендерге берері өте мол.  Қазақ жеріндегі тарихы тереңге бойлаған киелі мекендер турасында ақпарлар беретін бағдарламаның маңызды  айдарының бірі.  Табиғаты келіскен Қарқаралы, Бурабай, Алтай таулары сынды көрікті жерлерден бастап, әлі де сыры ашылмаған тарихи құндылықтарға ие  жер-су аттары жайында бағдарламаның шығармашылық ұжымы жақын таныстырады.

Күн бойына сергек жүруді насихаттайтын  «Ырғақ» айдары да көрермендердің көзайымына айналып үлгерген.  Спрот коментаторы, журнаист Индира Бектенова  аталмыш айдардың жүргізушісі. Таңғы  жаттығу барысында, ырғақты қимылдар, пайдалы жаттығулар  таңғы бағдарамадағы бой сергітер  айдар болып табылады.

 Ақпарат айдынынан  да хабардар ететін арнайы  айдар да осы бағдарламадағы  тұрақты бөлімдердің бірі.  «Баспасөзге  шолу» айдарында  бағдарлама жүргізушілері  еліміздегі баспасөз беттеріне  жарық көрген  әлеуметтік, -қоғамдық-саяси, мәнге ие мақалалармен  етене  таныстырады.  Қазақ басылымдарындағы  мақалаларға шолу жасап, көгілдір  экран алдына жиылған жұртты  ақпаратпен құлақтандыратын   айдар. Бұдан бөлек Таңшолпан  бағдарламасы телекөрермендер үшін  пайдалы кеңес, бүгін дүниеге  келгендер, қолөнер шебері,  байқаулар, студия қонағы,  мультфилмдер  сынды  көрермен көзайымына айналған  айдарларымен ерекшеленді. 

Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде)