Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар
Кіріспе
Еліміздің банкілік жүйесін коммерциализациялау, қаржылық институттар арасындағы бәсекелестікті күшейту жаңа ақпараттық технологияларды қолданылуды талап етеді.
Қазіргі кезде банктерде негізінен автоматтандырылған банкілік жүйелер (АБЖ) қолданылады, олар басшылыққа, қызметкерлерге және аналитиктерге қолайлы болатын түрде нақты және толық ақпаратты қамтамасыз етеді.
XX ғасырдың 90-шы жылдардың басында, банктерді кешенді автоматтандыру өніміне сұраныстың артқан кезінде, қолданушылардың көпшілігі өздеріне болашақ банкілік жүйеніің қандай болатындығын әлсіз елестетті. Дәл сол кезде, қарапайым жүйелер пайда бола бастады, олардың құрылу концепциясы негізгі құрылымдық бірлікке сияқты қатаң түрде «проводкаға» бағытталды. Сервистік мүмкіндіктері бойынша жүйенің жұмысы жақсы болды, ал олардың дәйекілігі туралы айту мүмкін емес, өйткені олар МББЖ FOXPRO, dBase, Paradox немесе Btrieve негізінде қолданылуымен қатар «тізе үстінде» дайындалған болатын. Әрине, тапсырмаға осындай көз қараспен келу - өткізудің универсалды құралдары, тапсырманың салыстырмалы қарапайымдылығы (көптеген банктер жүйеден тек қана минимумды талап еткен), тапсырушының тапсырманың күрделеніп кетуіне дайын болмауы – бизнестің табысының шамасы келіп тұрған банкілердің өздері жүйелерді ойлап табуына әкелді.
Өкінішке орай, технологиялық жоспарда құрылымы бойынша артта қалып қалу өкениетті экономикалық қоғамға жоғары жылдамдықпен аттағалы тұрған кезде банкілік жүйедегі АТ дамуына үлкен кері әсерін тигізді. Бүгінде де, АТ мәнін ұққан әрбір адам, ал біздің мамандарды дайындау дәрежесі батыстықтармен бірдей болғанда, FOXPRO негізінде жасалған әлсіз жүйемен жұмыс істейтін және бірнеше есепті операцияларды қолмен орындайтын банктерді оңай таба алады.
Бірақ, банктердің санының артуымен, олардың арасындағы бәсекелестіктің артуымен программалық қамсыздандыруға деген қолданушылардың талап ету деңгейі де артты. «Проводканың» орнына біртіндеп «қызмет көрсету» немесе «банкілік өнім» ұғымдары келе бастады, автоматтандыруды басқарушылар, МББЖ – ның, жалпы дәйекті банкілік жүйені құрудың мүмкін болатын негізі екендігін түсінді. Қолданушылар өздерінің назарын нарыққа аудырды, ал ол уақытта нарықта үнсіздік болды. Нақтырақ, ескі әдістерді ұсынды және арықарай дамудың перспективтері тұманды болды. Осы кезеңді бастарынан кешірген банктер жаңа платформаның, концепциялардың негізінде «жарқын болашақ үшін» күреске шықты. Банктердің АТ менеджерлерінің ауыздарынан UNIX, «клиент-сервер», «үш буынды архитектура» сөздері шықты, осы кезден бастап банктер жаңа күшпен өздерінің өңдемелерін шығаруға кірісті. Талап етілген нәтижені алу көбінің қолынан келмеді. Неге? Бүгінгі таңда банкілік қызметті автоматтандыру үшін МББЖ негізінде жасалған ірі, кешенді түрде жасалған программалық қамсыздандырулар өздерінің басқармаларында толығымен тек қана бір жобамен айналысатын жүздеген аналитикерді, жобалаушыларды, программиасттерді, сынақтаушыларды ұстайды [1].
Ақпаратты берудің және өңдеудің электронды жүйесін енгізу, банкілік қызметтің барлық бағытын қамтып, универсалды және жалпылама сипатқа ие болып отыр. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар банк бөлімшелерінің жұмысын координаттауға, банк аралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Мамандардың жұмыс орнындағы банкілік операцияларды автоматтандырудың, банкілік қызмет көрсетулердің ақпараттық технологияларының жаңа мүмкіндіктері банкілік қызметті талдаудың мәселелерін кешенді түрде шешуге, халықаралық, аймақаралық және аймақтық банкілік жүйелерді құруға және өңдеуге мүмкіндік береді.
Банктердің ақпараттық және басқа технологияларын автоматтандыру стратегиялықмәселелерді шешумен істес болып келеді. Банктердің бәсекелестік позициясына әсерін тигізетін тұтынушыларға қызмет көрсетуді автоматтаныру бойынша негізгі бағыт ұстап қалуларды азайту және қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Электронды техника мен технологияның жетістіктері қызмет көрсетудің принципиалды жаңа түрін ұсынды – қаржының жеткілікті массасында басқаруды автоматтандыру жүйесі. Бұл жүйе барлық банкілік шоттар туралы ақпаратты береді, ақшалай құралдардың қозғалысын реттеуге және болджауға мүмкіндік береді, ақшалай жұмыстардың еңбек сіңіргіштігін төмендетеді, қағазсыз технологияға күшуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жабдықтаудың құрамы, оын ұйымдастыру есептерді құрастырумен анықталады. Кез келген банкпен шешілетін ең дәстүрлі тапсырмалар – операциялық (есепті – кассалық) қызмет. Бұндай жағдайда банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (БОК) программалық өнімнің негізінде құрылады, ал енгізілетін есептер кешені кез келген уақыт мерзімінде банкілік қызметтің операциялық талдануын жүргізуге мүмкіндік береді. Банкілік қызметті кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін бір қатар программалық құралдар қажет және олардың барлығы интегрирленген болуы тиіс.
Дипломдық жобаның мақсаты: «Валюта айырбастау пунктінің» жұмысын автоматтандыру болып табылады. Деректер қоймасын жобалау және ақпараттық жүйелерді құру кезінде С++ деректер базасын басқару жүйесін қолдандым.
Диплом жобасы кіріспеден, теориялык бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. Аналитикалық бөлім
1.1 Компьютерлік техниканы қолданылуы бар қазіргі кездегі банкілік технологиялар
Біздің елімізде банкілік технологиялардың автоматтандырылуы дамудың бірнеше сатысынан өтті. Бастапқыда бұл жеткілікті қарапайым программалық өнімдер болды, олар МББЖ–ның дәстүрлі базасында банкілік қызметтің жеке аспектілерін автоматтандырды.
Банкілік технологияларды автоматтандыру процесі 80 – ші жылдардың аяғында ХХ ғасырдың 90- шы жылдардың басында жаңа сатыға көшті. Бұл 1989 жылдың банкілік реформасымен тікелей байланысты. Қаржылық және қорлық нарықтардың дамумен КБ – дің қызметтік сфералары мен өңделетін ақпараттың көлемі арта бастады. Жаңа шарттарда банкілік қызметті кешенді автоматтандыруға көшу міндетті болып табылды.
Банкілік технологиялардың программалық құралдарының нарығында келесідей жеткізу ұйымдары пайда болды: «Программ банк», «Инверсия», «Асофт», «Rstyle», «Diasoft» және сұранысты белсенді түрде қанағаттандырып келе жатқан басқада ұйымдар.
Банктердің автоматтандырудың жүйесін таңдау ережеге сай, келесідей қатынасқа байланысты: бағасы – дәйектілігі - өнімділігі.
Әр түрлі компьютерлік парктері, бөлімшелері мен құрамаларының кең желісі бар көптеген банктерге тек қана өздерінің желілік интеграциясының мәселесін шешу емес, сонымен қатар ақпараттық технологияның бүкіл жүйелі инфрақұрылымын жоспарлауға көшуі керек.
Инфрақұрылымның 5 құраушысын бөле қарастыру керек:
- ақпараттық қамсыздандыру (АҚ);
- техникалық жабдықтау;
- программалық құралдар;
- байланыс және коммуникация жүйелері (ішкі және сыртқы);
- қауіпсіздік, қорғаныс және дәйектілік жүйелері;
Ақпараттық қамсыздандырудың құрамы, оның ұйымдастырылуы банктің алдында тұрған мәселелер легімен анықталады. Кез келген банк үшін дәстүрлісі операциялық (есепті – кассалық) қызмет болып табылады. Жұмыстың бұл учаскісін автоматтандыру бүгінгі күндегі орташа және кіші банктердің маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік жасайды. Бұндай қараста банкілік технология «Банкінің операциялық күні» (ОПК) программалық өнімнің негізінде жасалады. Ол өзіне келесідей программаларды қосады: «Банкілік келісімдерді жүргізу», «Толем тапсырыстары», «Касса», «Саудалық емес операцияларды жүргізу», «Ауыстыру операцияларын жүргізу» және т.б.
Банкілік қызметті автоматтандырудың жинақылығын қамтамасыз ету үшін кез келген уақытта банктің жағдайын бағалай алатын, өзінің бөлімшелерімен жылдам ақпарат алмастыра алатын және басқа функцияларды орындайтын бір қатар программалық құралдар қажет. Бұған жаңа айтылған «Клиент – банк» жүйесін жатқызуға болады [4].
Банкілік қызметтің маңызды дәстүрлі бағыты – банктің табысының 75% - н құрайтын несиелеу операциясы болып табылады. Бұл қызметті автоматтандыру төлемдерді бақылауды автоматтандыруды ғана емес, сонымен қатар банктің жағдайын болжауға көмектеседі [5].
Дәстүрлі бағыттан басқа қызметті ұйымдастырудың кешенді жүйесіне бағалы қағаздармен жүргізілетін істерді, дилингті, биржалық операцияларды және т.б. операциялар мен істерді автоматтандыру мәселесі кіру қажет.
1.1 – суретінде АБЖ – гі операцияларының есебінің сұлбасы келтірілген.
Сурет 1.1 АБЖ – гі операцияларының есебінің сұлбасы
Автоматизацияның кешенді мәселелерін шешу қазіргі кездегі программалық – аппараттық құралдарды тарту арқылы ғана мүмкін. Сондықтан қазір банктердің қуатты компьютерлер мен дамыған ОЖ алу тнгденциясы белгіленді. Осымен қоса, банктер өздерінің ОЖ – н жасауда. Банктердің желілік технологияны қолданылулары артуда.
Автоматтандырылған банкілік жүйелердің ақпараттық
қамсыздандырылуы
АБЖ – ді жобалау және функциялау эксплуатацияның қажетті дәйектілігін қамтамасыз ететін, еңбекті, уақытты, ақшалы құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жүйенің жалпы теориясының, жүйелі жобалаудың, ақпараттың теориясының және басқа да ғылымдардың әдістерінің маңызды қалыптарын көрсететін жүйелі техникалық принциптерге негізделеді.
АБЖ – нің ақпараттық қамсыздандырылуы (АҚ) банктің ақпараттық моделін білдіреді. Машинаның ішіндегі және сыртындағы АҚ болып бөлінеді:
- машинаның сыртындағы – бұл банктегі барлық ақпараттардың жиынтығы, сонымен қоса өзіне ақпараттың, құжаттардың, ақпараттық ағындардың құжат айналымдарының элементтерінің кодталуының және классификациясының әдістерін қосады;
- машинаның ішіндегі – бұл құрамы, белгіленуі және арнайы ұйымдасқан массивтер бойынша әр түрлі машиналық тасығыштардағы мәліметтер.
Банкілік байланыстардың қазіргі кездегі жүйелері банкілік қызмет көрсетудің және банкілік қызметтердің түрлері бойынша құрылады, олар банкті функциялаудың есепті – кассалық, несиелік, депозиттік, бухгалтерлік, нормативтік, заңдық, қорлық, инвестициялық және басқа аспектілерін көрсетеді.
Аналитикалық және құрама көрсеткіштердің көмегімен активтердің және пассивтердің, кірістер мен шығыстардың, активті және пассивті операциялар бойынша ақшалы ағындардың құрылымдары талданады. Банкілік қызметтің көрсеткіштері депозиттердің, несиелердің, меншікті және тартылған құралдардың қатынастарын сипаттайды, осы немесе басқа операциялардың меншікті салмағын анықтайды.
Машинаның сыртындағы АҚ – ң мәнді бөлігін құжаттар құрайды. Машинаның сыртындағы АҚ – ды өңдеген кехде құжаттарға, ағымдағы және нәтижелі ақпаратты сақтағыштың ең таралған түрі ретінде, толтырылу тәртібіне, мазмұнына, олардың формасына бір қатар талаптар қойылады. Балаптардың біріктірілген түрі құжаттардың унифицирленген жүйесін құрайды. Банкілік жүйенің унифицирленген типтік құжаттары автоматтандырудың эфектілігін арттырады. Бұндай құжаттарға төлем тапсырыстары, чектер, кассалық ордерлер, банкілік выпискалар және басқалары жатады. Унифицирленген құжаттар ҚР – ң барлық жерлері үшін шығарылады, ҚР – ның және ҰБ –ң Қаржы минисрлігімен бекітіледі.
Қазіргі кездегі АБЖ ақпаратты кез келген түрде алуды рұқсат етеді: басылған құжаттар түрінде, экрандық түрде, машиналық тасығыштардан; олар мәтіндік, кестелік және графикалық түрде беріле алады.
Машинаның ішіндегі АҚ банкілік жүйенің әр түрлі мамандандырылған талаптарын қанағаттандыру үшін ақпараттық ортаны қалыптастырады.
Ол өзіне машиналық тасығыштағы арнайы ұйымдасқан ақпараттың, техникалық құралдардың жеңіл қабылдауы, өңдеуі, беруі үшін барлық түрін қосады. Сондықтан, ақпарат файлдар, МБ, банкілік мәліметтер түрінде беріледі.
Қазіргі кездегі банкілік технологиялар тек қана МБ – мен жұмыс істейді. Мәліметтер қрын жобалауға арналған сияқты оны басқаруға және қолдауға арналған әр түрлі программалық құралдар бар – бұл, бәрінен бұрын, МББЖ. Орындайтын функцияларына байланысты олардың спектірі қарапайым және күрделі өңдеулерден тұра алады.
Банкілік жүйелердің машинаның ішіндегі АҚ – на бір қатар талаптар қойылады. Олардың ең маңызды дегендерін қарастырайық:
Жүйе мәліметтерді мәтіндік және DBF – форматтарында экспорттауды (импорттауға) мүмкіндік беру керек, ол арнайы программалармен, электронды кестелермен ақпараттарды алмастыруда көмектеседі, ал жүйеден экспортталатын құжат электронды пошта арқылы жіберіле алады.
Банкілік жүйенің машинаның ішіндегі АҚ – ы уақыттың нақты масштабында орындалуы керек, ол кезде бір қолданушының мәліметтерге енгізген өзгерісі басқа қолданушыларға да мәлім болуы керек. Ескере кететініміз, нақты уақыттың дәл режимін МБ серверінің архитектурасына негізделген («Clarion», «Oracle» және т.б.) желілік МББЖ – ны қолданылатын жүйелер ғана қамтамасыз ете алады, ал «файл – сервер» моделіне негізделген (Clipper, dBase және т.б.) МББЖ – ны қолданылу кезінде нақты уақыт режимі эмитірленеді.
Қазіргі кезде кең таралған МББЖ NOVELL фирмасының «Btrieve Tecors Manager». «Btrieve» программалық өнімі Net Ware ОЖ – нің бөлігі болып табылады және банкілік жүйенің ресурстарын эффектті және дәйекті қолданылуды рұқсат етеді. «Btrieve» мүмкіндіктер жиынының ортасынан негізгілерін айта кетейік:
- мәліметтерге көп қолданушылардың кірісі кезіндегі жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін «клиент – сервер» әрекеттесуші моделдерін шығару;
- әр түрлі программалау тілдері (C, Pascal, Assembler және басқа) бар интерфейс;
- өлшемі 4 Гбайтқа дейін жететін файлдарды басқару;
- әр түрлі файлдардағы логикалық байланысты өзгерістерді орындаға мүмкіндік беретін транзакцияны өңдеу;
- файлдардағы барлық өзгерістерді жүйелі журналдау;
- жүйелі ресурстарды қолданылудың мониторингі.
АБЖ– нің техникалық қарулануы
Қазіргі кездегі банкілік жүйелердің аппараттық құралдары бар, оған кіретіндер:
- есептеуші техниканың (ЕТ) құралдары;
- локалды есептеуші желілердің (ЛЕЖ) қондырғылары;
- телекоммуникация және байланыс құралдары;
- әр түрлі банкілік қызмет көрсетулерді автоматтандыратын қондырғылар: автоматтар-кассирлер және т.б.
Банкілік жүйенің эффектілі жұмысына және функционалды мүмкіндіктеріне әсерін тигізетін маңызды факторлар бұл техникалық құралдардың құрамы, олардың архитектурасы және базалық (жүйелік) ПҚ – ң жинағы, оның негізінде жүйенің қолданбалы бөлігі құрылады.
ЕТ құралдарын қолданылу, негізінен IBM – ге келістірілген, дербес компьютерлерге арналған. Орталықтандырылған серверлері бар локальді жүйелер кеңінен қолданылады. Ірі банктер үшін ақпараттық жүйені құру өте қуатты орталықтандырылған мини ЭЕМ негізінде орындалады. Орталықтандырылған ЭЕМ ретінде мысалы, көп процессорлы жүйелер, сонымен қатар RISC – процессорындағы жүйелер қолданыла алады.
Ақшамен жұмыс істеу кезіндегі банкілік операцияларды автоматтандыру валюталардың және бағалы қағаздардың детекторларын, купюралардың және тиындардың есептеуіштерін, банкноттарды қаптағыштарды, қағаздарды және құжаттарды жоюға арналған машиналарды қолданылуды қарастырады. Бұл қондырғылар операциялардың үлкен көлемінде жұмыстың еңбек сіңіргіштігін азайтуға, кассирлердіңуақытын үнемдеуге көмектеседі. Жалған ақшадан қорғану банктің айырбастау пунктеріндегі және көптеген бөлімшелеріндегі айналымдарының кезінде ақша құралдарының дұрыстығын және оладың сақтығын қамтамасыз етеді.
Автономды банкілік технологиялардың өнімділігі мен дәйектілігін арттыру мақсатында компьютерлер белгілі – бір қосымша техникалық және программалық құралдар арқылы желілерге қосылады. Банкілік қызметтің практикасында ЛЕЖ кең таралған.
Қондырғыны ЛЕЖ – ге қосу үшін желінің компоненттерін қосатын бір каналдың болғаны жеткілікті, оған қоса әр түрлі қондырғылардың физикалық бірлігін қамтамасыз ететін желілік адаптерлер керек.
Қолданушыларға қызмет көрсетудің режимдері жүйеде «файл – сервер» және «клиент – сервер» ретінде ұйымдастырылады. Екі модельдің сұлбалары жалпы бірдей болса да, күрделілігі, жұмыс көлемдері, функциялары, программалық – техникалық қамсыздандырылуы әр түрлі.
АБЖ – ң программалық қамсыздандырылуы
БЖА – ны функциялаудың ерекшелігі – қысқартылған уақыт мерзімінде мәліметтердің үлкен көлемін өңдеу қажеттілігі болып табылады. Осындай кезде негізгі ауыртпашылық енгізу, оқу және мәліметтерді беру операцияларына түсіріледі. Сондықтан, базалық құралдар өздерінің өнімділіктерін жоғалтпай үлкен мәліметтер қорына кіретін рұқсатқа ие болуы керек.
Спектрде желілі функцияның базалық құралдарының бар болуы – қазіргі кездегі БЖА – дың ажырамас атрибуты болып табылады (көп деңгейлік қамтамасыз етіледі, әр түрлі программалық платформалады (DOC, «NetWare», Windows NT, UNIX және басқа) біріктіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі).
Банкілік жүйелермен іске асырылатын функциялардың тізімін екі бөлікке бөлуге болады:
- Міндетті;
- Қосымша,
Біріншісіне кез келген банкте орын алатын қызмет бағыттарын жатқызуға болады. Екіншісінің таңдалуы банктің мамандануына байланысты.
АБЖ – ң қолданбалы сипаттамалары функционалдық қасиеттерінен басқа, интегрирлеудің, конфигурациялаудың, жүйені ашу және қалыпқа келтіру талаптарына жауап беруі керек.
Банкілік жүйенің конфигурирленуі жүйенің әр түрлі конфигурациясын алудың мүмкіндігін білдіреді. Осымен қатар жүйенің кейбір сипаттамаларын ескеру керек: модульдер және олардың орындайтын функциялары, модульдердің автономдылық дәрежесі, модульдер арасындағы байланыс және олардың орындалуының формалары, жүйенің мүмкін болатын конфигурациялары, оның минималды құрамы, кеңейту нұсқаулары.
Барлық банкілік операцияларды біріктіретін, интегрирленген АБЖ банкті басқару дәрежесін арттырады. Бұндай жүйе банктегі барлық функционалдық және ақпараттық байланыстарды көрсетеді және кез келген дәрежедегі мәліметтерге кірісті қамтамасыз етеді.
Жүйенің ашықтығы онда дамудың және модификацияның құралдары бар екендігін болжайды. Қазіргі кездегі әдістемелер және программалық құралдар мұндай мүмкіндікті бере алады. Олар құралдардың CASE атауын алды, ПҚ – ы автоматтандыруды рұқсат етеді. Жүйені қалыпқа келтіру банктің технологиясын бейімделу үшін қажет.
АБЖ – ң салыстырмалы талдануы
Банкілік жүйелерді олардың әр түрлілігіне байланысты салыстырмалы бағалау күрделі процесс болып табылады. Ол өзіне жүйенің архитектурасын, базалық программалық құралдарды (MS DOS – тан бастап, Unix – ке дейін), функционалдық мүмкіндіктерін қосады.
Отандық банкілік жүйелердің даму тарихы көрсеткіштердің банкілік істің дамуына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Қазіргі кезде көп эксплуатацияланатын жүйелер DOS-кешендері сияқты Windows – та болып табылады. Бұндай кемшіліктеріне қарамастан олар көптеген банктерде қолданыста болып отыр.
Кесте 1.1
Таңдалған параметрлердің салыстырмалы талдануы
|
Өнім
Сипаттамасы |
«ВАЛЮТАЛЫҚ КАССИР» АЖО |
«ВАЛЮТАЛЫҚ КАССА» АЖО |
«АЙЫРБАСТАУ ПУНКТІ» АЖО | |
Процессор, ГГц |
1,2 |
1,2 |
1,4 | |
ЖЕСҚ, ГB |
320 |
160 |
320 | |
Қатты дисктегі орын, mB |
10 |
5 |
5 | |
Кодының ашықтығы |
толығымен |
толығымен |
Жоқ | |
Программалау тілі |
Visual FoxPro |
Cliepper |
C++ | |
Операциялық жүйе |
Windows 2000,XP |
Windows 2000,XP |
Windows 2000,XP | |
Компоненттер қажет етіледі |
-- |
Локалды BTRIEVE |
Ms OFFICE 2000,XP | |
МББЖ |
FOX PRO |
BTRIEVE |
dBASE | |
Архитектурасы |
Файл-сервер |
Файл-сервер |
Файл-сервер | |
Бір уақытта жұмыс істейтін қолданушылар саны |
1 |
1 |
1 | |
Кесте 1.1 - жалғасы | ||||
Қолданылу қарапайымдылығы |
күрделі |
күрделі |
жеңіл | |
Сыртқы жүйелермен интеграциялануы |
бөлшектік |
иә |
бөлшектік | |
Құжаттық және анықтамалық ақпарат |
«жеткілікті» |
«жеткілікті» |
«жеткілікті» | |
Бұл кемшіліктердің мәнін ашайық.
Барлығынан бұрын өнімділігінің жеткіліксіздігі, мәліметтердің үлкен көлемдерін қолдай алмау кемшілігі, бірақ жүйенің сапасы желінің серверін өте қуаттысына ауыстыру жолымен жақсартуға болады.
Келесі кемшілік жеткілікті дәрежеде мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмау. Бұл мәселе жағдайлар қатарынан ұйымдастырушылық – техникалық әдістермен жойыла алады.
DOS – кешенділігінің артындағы сатылар ретінде Windows ОЖ негізінде жұмыс істейтін жүйелерді қарастыруға болады. Жоғарғы эффектілі болып «Novell Net Ware» шегінде «клиент – сервер» архитектурасында құрылған жүйелер табылады.
Осы кезде сервер болып, келіп түсетін сұраныстарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін логикалық процедура қарастырылады. Сервердің тұтынушылары болып ДЭЕМ – ның процессорлары табылады. Тұтынушының мақсаты сервермен байланыс орнату. «Клиент – сервер» өзіне процессордың екі түрін қосады: тұтынушылық, ол жұмыс станцияларында DOS басқаруымен орындалады және серверлік, оның орнына желілік серверде «Btrieve» Record Manager сервері бола алады.
АБЖ құрамындағы АЖО
АБЖ - дің қазіргі кездегі даму сатысында ақпаратты бөліп өңдеу кеңінен қолданылуда. Оған компьютерлік техниканың дамуы, оның бағасының төмендеуі, қызмет көрсетуде және эксплуатациясының қарапайымдылығы арқау болып отыр. Құрылымдық түрде бұндай АБЖ ДЭЕМ мәліметтерді беру каналдарын, терминалдарды және басқа перифериялық қондырғыларды біріктірудің кейбір желісі сияқты қарастырылады.
Ірі банктер үшін ақпараттық жүйелерді құру қуатты орталықтандырылған мини ЭЕМ негізінде құрылады. ДЭЕМ желілік базасында өзара байланысқан мамандандырылған АЖО құрылады.
Басқарылу деңгейлері әртүрлі АЖО құрылады – басқарушылардың, бөлімше басқармаларының, басқа жұмысшылардың.
АЖО – ң нақты мақсаттық белгіленуін есепке ала отырып, олардың негізгі принциптері болып әр түрлі деңгейдегі АЖО табылады және олардың белгіленуі есептелінген банкілік желіде біріктіріледі.
1.2- суретінде АБЖ – ң келтірілген сұлбасы көрсетілген.
АБЖ құрамындағы АЖО – ң функционалдық мүмкіндіктеріне әсер ететін маңызды факторлар бұл техникалық құралдардың құрамы, олардың архитектурасы және т.б. болып табылады.
Ірі банктер үшін ақпараттық жүйелерді құру қуатты орталықтандырылған мини ЭЕМ негізінде құрылады. ДЭЕМ желілік базасында өзара байланысқан мамандандырылған АЖО құрылады.
Бірақ, автоматтандырылған жүйені енгізудің бірінші сатысында АЖО автономды түрде қолданылу мүмкін.
Сурет 1.2 АБЖ сұлбасы
1.2 КБ орындалатын валюталық операциялар
Шет ел валютасымен операциялар орындау КБ қызметіндегі ең маңызды динамикалық секторын білдіреді, сондықтан валюталық операциялардың есебі аса мұқияттылықты талап етеді. Валюталық нарықты бақылау және реттеу ҚР – ң ҰБ қызметінің бір бағыты болып табылады, оған нұсқаулықтардың, есептіліктердің үлкен саны куә бола алады.
Шет ел валютасымен жұмыс істеу кезінде КБ осы операция түрі оған үлкен пайдасын тигізеді.
Шет ел валютасымен жүргізілетін операциялардың есебі «Шет ел валютасы және ол бойынша есеп – қисаптар» балансының бесінші бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Операциялардың есебі екі баға бойынша жүргізіледі: шет ел валютасында және ҚР – ң курсы бойынша теңгемен, валютаның, банктің, мемлекеттің түрі бойынша топтастырылған жеке шоттарда.
КБ – ң шет ел валютасымен жүргізілетін операциялары үш топқа бөлінуі мүмкін:
1. Банктер – корреспонденттердің талғамы бойынша орындалатын операциялар (сыртқы операциялар), оларға банктің корреспонденттік шоттарының күйінің өзгерісін көрсетеін операциялар; тұтынушының шотына құралдардың келіп түсуі бойынша операциялар және басқа операциялар жатады;
2. Тұтынушының талғамы бойынша орындалатын операциялар (тұтынушылық операциялар). Оларға тұтынушылармен байланысты барлық операциялар жатады, олардың ең маңыздылары:
- тұтынушының валюталық шотын ашу және жабу;
- валютаны басқа қаржылық ұйымға аудару;
- сол банктің тұтынушысына валютаны аудару;
- тұтынушыға шет ел валютасын беру;
- тұтынушыдан валютаны қабылдау;
- тұтынушының тапсырмасы бойынша шет ел валютасын биржадан сатып алу (теңгені шет ел валютасына конверттеу);
- ашық валюталық позиция есебінде тұтынушының валютаны сатып алуы (шет ел валютасын теңгеге конверттеу);
- тұтынушының тапсырысы бойынша биржада валютаны сату (теңгені шет ел валютасына конверттеу);
- ашық валюталық позиция есебінде тұтынушының валютаны сату (шет ел валютасын теңгеге конверттеу);
- тұтынушының тапсырысы бойынша биржада валютаны конверттеу (бір шет ел валютасын екіншісіне конверттеу);
- ашық валюталық позиция есебінде тұтынушының валютаны конверттеу (бір шет ел валютасын екіншісіне конверттеу);
- аккредитивтармен және жол чектерімен операция жүргізу;
3. Банктің талғамы бойынша
- банк аралық несиелерді
- банктің биржада валютаны
- тұтынушының валюталық
- тұтынушылардың шет ел
- шет ел валютасының операцияларының есебін жүргізу кезінде банк ішіндегі жеке шоттарды ашу және жабу;
- валютаны банк ішінде аудару (бір шоттан екіншісіне);
- валюталық шоттардағы
Банк ішіндегі операциялар мемориалдық ордерлермен дайындалады. Осындай әр бір операция бухгалтерлік проводкалармен сәйкестнгіріледі.
Айырбастау пунктерінің айналымдағы ақшалы таңбаларды тек қана Қазақстандық Банктерде жүретін шет ел валютасын теңге курсы бойынша сатуға және сатып алуға құқығы бар.
Айрбастау пунктері тек қана шет ел валютасын салумен немесе сатып алумен айналыса алмайды. Көрсетілген валюталық операциялар бір уақытта орындалуы керек.
1.3 Айырбастау пунктінің қызметін талдау
Айырбастау пунктінің басты жұмысшысы кассир болып табылады. Айырбастау пунктінің қызметін бір жұмыс күніндегі валюталық кассирдің еңбек процесі арқылы қарастырайық.
Жұмыс күнін бастамас бұрын кассир өзінің орнын дайындау керек, дабылды тексеріп, түскен өзгерістерді нормативтік құжаттарға тіркеу керек, сонымен қатар айырбастау пунктінің операцияларын бастау үшін аванс берілуінің өтінішін толтыруы керек. Ақшалы құралдар, теңге және валюта жұмыс күнінің басында айрбастау пунктіне инкассатормен жеткізіледі және кассир осы заттардың барлығына материалдық тұрғыда жауапты болады. Қабылданатын құндылықтар қайта саналып отырылуы тиіс. Егер қандай да бір банкноттың шынайы емес екендігі күдік тудырса, ол салым соммасына есептелінбейді.
Айрбастау пунктінің кассирі сонымен қатар әрбір сатылған немесе сатылып алынған валютаға реестр жазады және жұмыс күнінің аяғында кассада қалған қалдыққа анықтама толтырады. Толтырылған әрбір құжатта айырбастау пунктінің кассирінің қол таңбасы, тегі және толтырған күні белгіленуі керек. Акт инкассаторға банкке жеткізілуі үшін беріледі.
Тұтынушыға қызмет көрсету операциясы смена ұзақтығына жүргізіледі.

- Компьютерлік технологиялар туралы қысқаша мәліметтер
- Компьютерлік технологияның бағыттары
- Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі
- Компьютер на колесах
- Компьютерная безопасность
- Компьютерная безопасность
- Компьютерная графика
- Компьютерлік желілер
- Компьютерлік желілер
- Компьютерлік желілер
- Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі
- Компьютерлік желілерді оқытудың зертханалық практикумын жасау
- Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері
- Компьютерлік моделдеу негіздері пәнінен