Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
ӘОЖ 321.7.02(574)
ЖЕКСЕМБЕКОВА ВЕНЕРА АБЫХАНҚЫЗЫ
Қазақстандық
қоғамды демократияландыру
23. 00.02 - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша
Саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесші: ҚР ҰҒА академигі
Ресми оппоненттері: саяси ғылымдарының докторы,
Жетекші ұйым:
Дисссертация 2009 жылы 6 қарашада
сағат 14.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.
Автореферат 2009 жылдың 6 қазанында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертацияда Қазақстан қоғамын демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі кешенді түрде зерттелген. Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды.
Дағдарыстық жағдайда саяси
партиялар қоғамды демократияла
Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі даму ерекшелігімен, тәуелсіз елдердегі саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талдау қажеттілігімен, демократия жолында ілгері жылжу үшін міндеттер мен тәсілдерді анықтау қажеттілігімен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет ретінде орнықты дүниежүзінің саяси картасынан өз орнын тапты. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мәселелерін шеше отырып, ұлтаралық келісімдер саяси тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа саяси иснтиуттардың қалыптасуына ерекше мән берілді. Сондай-ақ елімізде азаматтық құқықтар мен адам бостандығына басымдылық берілген» - деп атап көрсеткен болатын [1].
Қазақстанның қазіргі
дамуын саясаттану дискурсінде көбінесе
«демократияландыру» ұғымымен байланыстырады.
Қазақстанның демократиялық мемлекет
ретіндегі сипаттамасы
2007 жылдың 16 мамырында
Қазақстан Республикасы
Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру – еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс» [3].
Қоғамның экономикасы
мен саяси өміріндегі түбегейлі
құрылымдық жаңартулар кезеңіндегі
әлеуметтік-саяси ғылымдардың
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси жүйені демократиялық модернизациялау батыс ғылымында жарты ғасырлық бойына зерттеу объектісі болып келеді. АҚШ, Еуропа және басқа елдердің қоғамдық саяси тәжірибесін сараптау нәтижесінде пәнаралық тұжырымдамасындағы демократизация және модернизация, даму теориясы пайда болды. Қазіргі демократиялық теориясы ауқымындағы институционалдық, құрылымдық-қызметтік, салыстырмалы, мәдениеттілік, әлеуметтік-психологиялық тұғырлардың қалыптасуына, қоғамдық институттар қызметі және қоғамдық жүйелі сапалық белгілердің өзгеруіндегі түрлі аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген еңбектерді талдаудан батыс әлеуметтік мәдениетіне бағдарлану шектелгендігі байқалады. Осыған қарамай, батыс авторларының еңбектерінде басқа елдердің экономикалық, саяси және мәдени өзгерістеріне байланысты демократиязациялау үдерісінің ерекшелігін анықтауға тырысқаны байқалады. Демократиялық модернизациялау әлеуметтік өзгеріснің типтері түрінде анықталып, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер, О.Шпенглер, А.Тойнби саяси ойшалдар, философтар, әлеуметтанушылардың еңбектерінде қарастырылған. Саяси жүйені модернизациялау теориясын дайындауда саяси шындық туралы құнды еңбектерімен танымал Г.Амонд, Т.Пауэлл, Д Истон, Т.Парсонс, Ж.Блондельдің тұжырымдарын айтуға болады.
Өтпелі кезеңдегі қоғамның саяси жүйесін трансформациялаудың сипаты мен мазмұнының өзгеру аспектілерін талдау жасай келе, шетелдің көптеген зерттеушілерінің зерттеулерін атауға болады. Өтпелі кезеңдегі демократизациялау және модернизациялау теориясы мен тұжырымдамасының дамуына ерекше үлес қосқан, сол сияқты саяси жүйесіне өзгеріс енгізген батыс ғалымдары З.Бжезинский, Р.Даль, А.Лейпхарт, А.Пшеворский, С.Хантингтон және т.б.
Саяси модернизациялаудың
эмпирикалық тәжірибесінің
Көптеген зерттеушілер демократиялық өтпелі жағдайда белгіленген тәртіпті анықтап, олардың ішінде Ф.Закария «либералдық емес», А.Шедлер «консолидарлық», Д.Стенберг «процедуралық», Г.О.Донелл «делегаттық» демократия деп бөліп қарастырып, дамушы елдердегі саяси жүйе өтпелі кезеңдік сипаттарын талдайды.
Қазақстандық зерттеулерде және саяси әдебиетте «Қазақ саяси энциклопедиясы» (Алматы, 1998), «Қазіргі Қазақстан: экономика, саясат, қоғам» (Алматы, т.2, 1997); «Қазақстан мемлекетінің эволюциясы» (Халықаралық конференция материалдары Алматы, 1996); «Модернизация: қазіргі қазақстан және әлемдік тәжірибе» (Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1995); «Восток-Запад: Дилог культур» атты ІІ халықаралық симпозиумы материалдары, І бөлім, Алматы 1996; «Қазақстан Республикасы: саясат және даму» (Алматы, 1996); «Қазақстан берік даму жолында» (Алматы, 1996); Весник КазГУ№ Серия политология №1 (Алматы 1998); «Политология» Учебник для вузов под редакцией А.Нысанбаева (Алматы, 1999 год), «Ұлттық энциклопедия» 10 том (Алматы, 2007) және т.б. Қазақстандағы демократияландыру процесі барысында саяси институттар қызметтерін жаңарту мәселелері зерттелген. Саяси жаңару жолындағы мемлекеттік стратегиялық міндеттер анықталған.
Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев[5], А.Қ. Бижанов[6] зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов[7], Е.К. Әлияров[8] еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу саясаттану ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Саяси жүйелер мен
режимдердің демократиялық
Өтпелі кезеңде қоғамның саяси жүйесін ауыстыру барысында болған өзгерістердің мазмұны мен сипатының әртүрлі қырларын талдауға көптеген шетелдік және қазақстандық авторлардың еңбектері арналды. Транзитологиялық демократияландыру мен модернизациялау теориясы және тұжырымының дамуына батыстық ғалымдар Г. Алмонд, Ж. Блондель, З. Бжезинский, Р. Даль, Д. Истон, Х. Линц, А. Лейпхарт, С. Менгес, Р. Арон, Г. Пауэлл, А. Пшеворский, Л. Пай, С. Хантингтон, П. Штомпка т.б. өз үлестерін қосты.
Көптеген зерттеушілер демократиялық ауысу кезеңінде қалыптасатын саяси режимді анықтауға тырысады. Енгізілген анықтамалар: Ф. Закарийдің «либеральды емес», А. Шедлердің «консолидациялы», Д. Стенбергтің «рәсімдеуші», Г.О Донеллдің «делегативті» демократиясы және өзгелері де дамыған елдердің саяси жүйесі ауыспалы сипаттар бар екендігін көрсетеді.
Қазақстандағы демократияландыру
үрдістері мен саяси жаңару үрдістері
әлемдік демократиялық
Сонымен бірге Қазақстан
Республикасының саяси
Зерттеу мақсаты:
1. Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация мен саяси жаңару үрдістерінің қозғалыстарының өзара сабақтастығын сараптау және зерттеу;
2. Қазақстан Республикасында
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды:
- «модернизация», «демократияландыру», «демократия», «саяси жаңару» категорияларына талдау жүргізу;
- Қазақстан үшін шет елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтарын талдау және олардың әсер деігейін анықтау;
- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұнын ашу арқылы саяси жүйеде және саяси санада болатын өзгерістер мәні мен мазмұнын бағалау;
- модернизацияға ұшыраған қоғамның саяси жүйесін және қатынастарын демократияландыру үдерістерін қоғамдық дамудың шынайы жағдайлар сәйкестігі арқылы талдау;
- Қазақстан Республикасы демократиялық модернизацияның жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;
- тиісті саяси институттар әрекетінің және қызметтерінің механизмін және азаматтық қоғамды қалыптастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасындағы саяси демократия базасы ретінде анықтау;
- саяси партиялардың демократиялық модернизация әлеуметтік келісім, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үдерісіндегі рөлін анықтау;
-партиялық-электоральдық демократия қозғалысының басталуын зерттеу;
- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсерін көрсету және елдің демократияға бетбұрыс жасау потенциалын анықтау;
- Қазақстан Республикасын әрі қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттарын анықтау және ғылыми болжам жасау.
Диссертациялық зерттеудің пәні ретінде демократиялық ауысу кезеңінде дамыған Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси модернизациялық үдеріс таңдап алынды.
Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі – саясаттануда қолданылатын саяси модернизация мен демократиялық ауысулардың әртүрлі классикалық және қазіргі кезеңдегі тұжырымдары болып табылады. Диссертация тақырыбын ашуда Аристотель, Платон, Ш. Монтескье, А. Токвиль, К. Маркс, М. Вебер, О. Шпенглер, А. Тойнби, Т. Парсонс, О. Тоффлер, С. Эйзенштадт т.б. ғалымдардың еңбектері теориялық және әдіснамалық база ретінде алынды. Тақырыпты ашу барысында диссертант институционалды, жүйелі, кешенді, салыстырмалы, статистикалық, құрылымды-қызметтік және компаративті талдаудың әдіснамалық тәсілдерін қолданды. Диссертациялық жұмыста ғылыми зерттеуде кең қолданылатын әдістер пайдаланылған. Олар: салыстыру, эмпирикалық, проблемалы-хронологиялық, ретроспективті және болжау тәсілдері. Мәселенің саяси аспектісі Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы барысында қалыптасқан нақты мысалдар негізінде қарастырылды.
Диссертацияны жазу барысында
Қазақстан Республикасының
Диссертацияның дерек көздері мен эмпирикалық базасы ретінде танымал шет елдік және қазақстандық саясаттанушылардың еңбектері, статистикалық жинақтар, гуманитарлық сфераға қатысты халықаралық құжаттар, Қазақстан саяси партияларының бағдарламалары мен құжаттары, Үкімет құжаттары, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық актілері, БАҚ материалдары және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері алынды.
Жұмыстың ғылыми-теориялық және практикалық маңызы. Жұмыстың теориялық мәні демократиялық модернизация үрдісінің негізгі параметрлерін анықтауда жатыр. Ізденушінің диссертация жазу барысында жүргізген теориялық-әдіснамалық талдауы отандық саяси ғылымда саяси-әлеуметтік үрдістер қалыптастыруда, бейбітшілікті нығайтуда, әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет сегменттері болып табылатын саяси партиялар, БҮҰ және қоғамдық қозғалыстар өздерінің саяси тәжірибелерін жетілдіру мақсатында зерттеу нәтижелерін пайдалануына болады.
Диссертациялық зерттеудің практикалық мәні жұмысты жазу кезінде анықталған ұсыныстар, қорытындылар мен ұстанымдарды үкіметтік құрылымдар құжаттары мен нормативті актілерді дайындау барысында саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары өз қызметтерін жетілдіру ісіне қолдануына болады. Диссертацияның материалдарын сонымен бірге Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында саясаттану мен саяси әлеуметтану пәндері бойынша арнайы курстар әзірлеу үшін пайдалануға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- «модернизация», «демократияландыру», «азаматтық қоғам», «саяси жаңарту» ұғымдары анықталынып, саяси үрдістің әртүрлі деңгейіндегі демократиялық модернизация мәселесін зерттеу барысындағы саясаттану тәсілдерінің бірлігі мен әртүрлілігі нақтыланды;
- Қазақстан үшін өркениетті елдердің демократиялық модернизация тәжірибелері мен сабақтары талданды, олардың тәжірибесінің Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі анықталды. Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісінің өзіндік даму ерекшеліктері айқындалды;
- демократиялық модернизацияның әлеуметтік-саяси мазмұны ашылды және бұл құбылыстың елдің нақты экономикалық даму үрдісінен өзара тәуелділігі дәлелденіп, қоғамның негізгі салаларының жаңаруының біріне-бірі міндетті түрде ықпалы болатындығы көрсетілді;
- демократиялық модернизацияның саяси және әлеуметтік-мәдени алғышарттары анықталып, бұл үрдістің Қазақстан халқының саяси санасына, саяси мәдениетіне және саяси тәжірибесіне тәуелді болатындығы дәлелденді;
- саяси партиялардың демократиялық модернизация, азаматтық бейбітшілікті нығайту және қоғамды топтастыру үрдісіндегі рөлі ашып көрсетіліп, бұл үрдістегі орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктердің саяси партиялардың дамуындағы шешілмеген мәселелерге байланыстылығы сарапталды;
- Қазақстанның көппартиялық үрдісі зерттеліп, оның дамуында орын алған өрлеу – құлдырау – қайта өрлеу құбылыстарының себептері мен салдарлары сарапталынған;
- Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация үрдісінің ерекшеліктері айқындалды (1991-2007 жж.) және бұл процестің дамуының елдегі ерекшеліктеріне сәйкес әлемдік саяси тәжірибенің Қазақстандық демократияның даму моделімен толыққандығы көрсетіледі;
- партиялық-электоралды демократия қозғалысы анықталды;
- 2008 жылғы конституциялық реформаның қазақстандық қоғамды демократиялық модернизациялауға әсері көрсетіліп, оның елдегі саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құруға арналған қызметтерінің және ұсыныстарының билік құрушы партияның өзара түсіністігі мен демократиялық принциптегі қарым-қатынас арқасында екендігі көрсетілді;
- Қазақстан Республикасын ары қарай демократиялық жолмен модернизациялауды жүзеге асыру шарттары анықталды және болжам жасалды. Саяси жүйенің дамуының болашағы қоғамдық қатынастарды демократияландыруды тереңдете берумен тікелей байланысты екендігі дәлелденген.
Жұмыстың практикалық маңызы Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация қозғалысына әдіснамалық және эмпирикалық талдау жүргізумен анықталады. Диссертациялық зерттеу барысында әзірленген тұжырымдар елдің ішкі саяси жағдайына болжам жасау кезінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс нәтижелерін саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ҮЕҰ өз қызметінде пайдалана алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Қазақстан Республикасының
саяси ғылымы демократиялық мод
2. Демократиялық модернизация
шарттылығын саясаттану
3. Демократиялық модернизацияның
тиімді формалары мен
4. Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Қазақстан Республикасындағы демократиялық модернизация тәжірибесі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды (әл-ауқат, урбанизация, индустрияландыру, білім) демократияның қалыптасуына әсер ететін, фактор ретінде қарастырған орынды екенін растайды. Себебі, демократиялық мемлекет негізінен дәстүрлі саяси мәдениетке негізделеді.
5. Модернизацияға ұшыраған елдердің, соның ішінде Қазақстанның да қоғамдық даму тәжірибесі саяси жаңртудың әртүрлі нұсқаларын танытуда. Бұл өзгешелік сыртқы және ішкі факторлар, оларды шешудің тәсілдері мен қажеттіліктері, қоғамның дағдарысты жағдайының деңгейі және көшбасшылық рөлге үміткер саяси күштердің ұйымдастырушылығы т.б. сияқты көптеген жағдайларға байланысты болады. Экономикалық даму қарқыны, кейде тіпті оның бағыты да модернизацияның дамуына үлкен әсер етеді. Демократиялық модернизация үрдісін тұрақтандыруға саяси жүйенің тиімділігі мен легитимділігі де ықпал етеді. Саяси жүйенің демократиялық жаңарту саясатын жүргізуге мүдделілігі демократиялық мемлекетті жылдам қалыптастырады.
6. Саяси партиялар
қоғамның саяси жүйесінің
7. Қазақстан партияларының ұлттық топтасуы бойынша қызметінің тенденциялары осы бағыттағы жұмыстарды жақсартуға елдегі саяси қатынастарды ары қарай демократияландыру, саяси партиялар мәртебесін көтеру, биліктің заңнамалық органдарында партиялық өкілділікті көбейту шаралары әсер ететіндігін растайды. Қазақстанның саяси өмірі партиялар қызметінің белсенділігіне тәуелді бола түсуде.
8. Көптеген бұрынғы
авторитарлы елдердегі

- Қазақстандық экономиканың келешегі
- Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
- Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында
- Қазақстан жастары әлеуметтік өзгерістің субъектісі
- Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы
- Қазақстан және Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Қазақстан және Түркия қатынастары
- Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытудың және несиелеудің мемлекеттік бағдарламасының негізгі механизмдері
- Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі