Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:  Нарықтық тепе-теңдік шарттарында  салық салу мен икемділіктің өзара  байланысын талдау

 

 

Орындаған: Мадиярова А.

Тексерген: Рахматуллаева Д.

 

 

Алматы, 2013

 

Жоспар:

  1. Нарықтың тепе-теңдігі
  2. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салық әсері
  3. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нарықтың тепе-теңдігі

 

 

Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ  ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен  табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт  бойы экономика теориясының негізгі  мәселесі болған. Саяси экономия классикалық  мектебінің өкілдері осы мәселені тек  қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс  шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің  пайдалылығына аудара, оны нарық  бағасын белгілейтін негізгі  фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.

 

Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен  ұсыныс «бір қайшының екі жүзі» болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы  тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік моделін (үлгісін) – бір тауар  нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (1 сурет)

 

Сұраныс пен ұсыныс қисық  сызықтарының нүктесі – нарық  тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты  баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып  алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.

 

1 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).

 

 

Егер тепе-теңдік бағадан  немесе саннан ауытқу байқалса, нарық  тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары  – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық  бағасының тепе-тең бағасынан  ауытқу нәтижесінде болады (2 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:

P1

P1

QS QE QS' QS QE QS

 

2 сурет. Вальрас бойынша          3 сурет. Маршалл бойынша

 

тепе-теңдік тепе-тендік

 

 

Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты  шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (3 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:

 

PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS

 

Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель. Оны көрсету үшін сұраныс  ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен  кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).

 

 

4 сурет. Нарық тепе-теңдігінің «өрмекші тәрізді» моделі (үлгісі)

 

Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:

а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 4-а)

б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 4-б)

в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр (сурет 4-в)

Сонымен, тепе-теңдік динамикалық  моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары  мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:

1.Егер сұраныс пен ұсыныс  қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен  қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты  тепе-теңдікке жетпей:

а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 5-а)

б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 5-б 512-в)

 

a) б) в)

5 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.

2.Әр түрлі еңкіштігі  (наклон) болса да, сұраныс пен  ұсыныс қисық сызықтарының ортақ  нүктелері жоқ:

а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 6-а)

б) кез келген (оң) көлемде  ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан  жоғары – мұндай жағдайда сұраныс  қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 6-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы.

 

 

а) б)

 

 

6 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ

 

 

4. Бағалардың мемлекеттік  реттеуі

 

 

Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен  өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының  артығы – нақты тұтынушының тауарға  сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік1. 7-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ – сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.

 

Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық  артық (180 – 100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ  Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл  келеді).

 

120

100 PE E

 

 

D

1 2 3 4 5

7 сурет. Тұтынушы артығы

 

 

Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық  бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар  сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (8 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 – 20 + (100 – 40) + (100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.

 

        

40 D

 

20

 

B 1 2 3 4 5

 

8 сурет. Өндірушінің артығы

 

Тұтынушы мен өндіруші артықтарының талдауы парето – нәтижелілік  түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған модель (үлгі) көрсеткендей, нарық тепе-теңдігі  механизмнің арқасында тұтынушылар  төмен баға бойынша тауардың шамалағаннан көбіректеу даналарын сатып алады, сол уақытта өндірушілер алдында  келісілгеннен тауардың көбірек  даналарын жоғарылау баға бойынша  сатады. Мұндай жағдай экономикада  парето – нәтижелілік деп аталады (итальяндық экономист В. Паретоның  атымен). Нарық баға белгілеуіне  ықпал келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:

1) баға белгілеу бағалардың  үстіңгі немесе төменгі шегін  немесе бағалар «коридорын» орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып  кесімді бағаны орнату тұтынушылардың  табысы аз топтарын қолдау  немесе инфляциямен күрес мақсатында  жасалады. Бұл шараның нәтижесінде  тепе-теңдік баға мен мемлекет  белгілеген баға арасындағы айырма  шамасына тұтынушы артығы өседі.  Бірақ оның жағымсыз салдары  болуы мүмкін, олардың ең бастысы – тауар тапшылығының пайда болуы. Тепе-теңдік бағалардан жоғары баға белгілеу өндірушілерді қолдау немесе ерекше маңызы бар тауарлардың өндіруін ынталандыру шарасы болып табылады. Өндірушіде шыққан артықты мемлекет сатып алады.

2) сұраныс пен ұсынысқа  ықпал ету жолымен нарықты  реттеу тура немесе жанама  шаралар арқылы жасалады. Жанама  шараларға жәрдемақылар, дотациялар (кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама  шараларымен реттеу графикте  сұраныс қисық сызығының сұраныстың  өсуінде жоғары оңға немесе  азаюында төмен солға жылжумен  көрсетіледі. Сұранысты тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары  (шаралары) және т.б.) реттеу сұраныс  қисығы пішінін өзгертеді, ол  тік болып кетеді де (икемді  сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі.  Ұсынысты реттеу үшін қолданатын  жанама шаралар ұсыныс қисық  сызығының жылжыуына себеп болады (сұраныс қисық сызығының жылжуына  сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура  шаралары нәтижесінде ұсыныс  қисық сызығының сынық түрі  көрінеді. Мысал ретінде импортқа  квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық  сызықтың еңкіштігі оңды жағымды  (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен  кейін қисық сызық тік болып  кетеді (ұсыныс бағасы икемді  емес).

 

Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салық әсері

Нарықты жағдайларды зерттеген  уақытта, сүраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу  үшін сұраныстың икемділік коэффициентін  пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық (относительді) коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 % - ке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

    Бағаның әсер  етуі арқылы сұранымнын сандық  өзгеру қасиеті оның икемділігі  деп аталады. Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымның сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш түрлі баламалы варианттары бар. Біріншісі - бағаның кез-келген өнімге белгілі процентінің төмендеуі, ол өнімге сұранымның ұлғаюын (% түрінде) туғызады және жалпы акшалай түсімді өсіреді. Бүл сұраным икемді деп аталады. Екіншісі - бағаның проценттік мөлшерінің төмендеуі сұранымның сондай боп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл біркелкі икемді сұраным. Үшіншісі - бағаның проценттік төмендеуінен сұранымның проценттік ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраным. Сұранымның икемділік коэффициенті былай белгіленеді - "Е".

    Егер  "Е"  көрсеткіші 1-ден көп болса, айталық 0,5 сұраным икемсіз. Бүл коэффициент сатып алатын тауар санының салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады:

 Мұнда: Еd - сұраным икемділігінің коэффициенті

              Xd (%) - сұраным көлемінің өсу проценті

              Р (%) - бағаның төмендеу проценті

    Әр  түрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және баска тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, рынокта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті пайдаланатын қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдеріне (нан, қант, май, шәй, ет, түз т.б.) икемсіз сұраным болады. Баскаша айтканда, оларға деген сұраным бағаның өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоймайды. Мысалы, нанның бағасы 20 тиыннан 35 теңгеге дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жок. Сұраным бүл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше, бағалардың өсуінің әсерінен зергерлік бұйымдар, алтын әшекейлер, қымбат жиһаздар, жеңіл автокөлік және т.б. тауарларға төлем кабілеті бар сұраным күрт қысқарды. Ал бүл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды. Басқаша айтканда, күнделікті пайдаланатын тауарларға баға канша есе көтерілседе де біз оны тұтынуды азайтпаймыз, бүған сұраныс икемсіз болады, ал керісінше күнделікті тұтынбайтын тауарларға баға көтерілсе біз оған деген сұранысты азайтамыз, бұған сұраныс икемді болады.

        Сұраныстың  бағалық икемділігін есептеуді  заттың бағасы өзгеруіне байланысты  тұтынушылар шығындарының және  сатушылар түсімінін өзгеруін  жорамалдау үшін қолданылады.

    Сұраныстың  бағалық икемділігіне мынадай факторлар әсер етеді:

    а) қарастырып  отырған тауардың субститут (ауыстырушы) тауарлар көп     болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемді болады, ал субститут тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;

    б) тұтынушылардың  баға өзгеруіне бейімделуі;

    в) бағаның өзгеруін күту.

    Екінші сұрақта  біз сұраныстың табыстық икемділігі Еі тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көреміз. Табыс бойынша сұраныс икемділік коэффициенті Еі – оң сан, теріс сан және нөльге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Еі > 0. Мұндай тауарды кәдімгідей тауарлар дейміз. Егер сұраныстың табыстық икемділігінің мәні Еі<0 болса, онда бұл тауарлар сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

    Табыстың  сұраныс  бойынша икемділігі мынадай   формуламен анықталады:

        Мұндағы Еі(Д) – 1 және 2-сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;

    - сұраныс функциясының  табыс арқылы алынатын алағашқы туындысы;

    J – тұтынушы  табысы, Q - сұраныс көлемі.

    Егер  табыс  пен сұраныс көлемі белгілі   бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:

    Мұндағы Q1, Q2 –  1 және 2 кезенге сәйкес келетін  сұраныс көлемі;

    J1, J2 – 1 және 2 кезенге  сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Микроэкономикада  тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінін өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент У тауардың бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсетеді.

    Үшінші соңғы  сұрақты қарастырғанда біз мынаны  есте сақтауымыз керек, ұсыныс  көлеміне әсер ететін ең басты  фактор қарастырып отырған тауардың  бағасы болып табылады. Баға өзгерген  уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз. Ер(S)-баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсететін шама.

    Ұсыныс  икемділігін  қарастырған уақытты  үш кезеңге  бөлеміз:

    а) дәл қазіргі кезең;

    б) қысқа кезең;

    в) ұзақ мерзімді кезең.

    Нарықтық бағаның  көтерілуіне жауап ретінде ұсыным  көлемінің өзгеру шамасы ұсыным  икемділігі болып табылады. Ұсыным  икемділігі 1-ден артық болады, яғни  Еs >1. Ұсыным икемділігінің сандық  коэффициенті – ұсынылатын тауарлар  санының өзгеру пайызының, бағаның  өзгеру мөлшерінің пайызға бөлінетін бөліндісі болып табылады. Ұсыным икемділігінің коэффициенті былай анықталады:

 Мұндағы: Еs – ұсыным икемділігінің коэффициенті

                  %Q – ұсыным көлемінің өсу проценті

                  Qp – баға ұлғаюының проценті 

     Ұсыным  икемділігінің  коэффициенті мынаны көрсетеді:  егер нарықтық баға белгілі   бір пайызға көтерілсе немесе төмендесе, ұсынатын тауар санының (мөлшерінің) қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Батыс елдерінің тәжірибесі ұсыным икемділігінің өсу тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама ұлғаюын ынталандырады.

     Сұраныс пен  ұсыным икемділіктері микроэкономикалық  талдауда жиі қолданылады.

 

Табыс бойынша  сұраныстың икемділігі

 
Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын  анықтау үшін табыс бойынша сұраныс  икемділігінің коэффициенті есептеледі 
 
Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

  1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<e1<1; \
  2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1 
    3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең. 
  3. Ұсыныс икемділігі

 

Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі. 

Ұсыныс икемділігінің  коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:

ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).

Ұсыныс икемділігінің  коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

 
P S2 S1

 
 
 

1 сурет. Икемді  және икемсіз ұсыныс

 
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (1 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (2 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (2 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ. 
 
P S1

 
 
 
PS2 
 
 
Q
 
2 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс

 
4. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге  үлестірудегі икемділіктің рөлі

Икемділік категориясы салық  ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай  әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық. 
 

 
 
Е
 
P1 T

 
PE Е  
 
P 
 

 
 
QQE 
 
 
3 сурет.Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік

 
3суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады. 

Енді салықты енгізуден  кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.

Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға  түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста  баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.</e


Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау