Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

 

Мазмұны 

Кіріспе

Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің сипаттамасы

 

1.1.Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары  мен міндеттері

  1.2.Кәсіпорынның бухгалтерлік  есебінің ұйымдастырылуы және  есеп саясаты 

  1.3.Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы

 

  1. Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау

 

2.1. Бухгалтерлік баланс, оның ролі  мен мағынасы. Бухгалтерлік

         баланстың  түрлері 

2.2. Бухгалтерлік баланстың құрамы  мен мазмұны 

2.3. Баланс активтерінің құрамы  мен құрылымының динамикасын

        талдау 

2.4. Баланс активінің құрастырылу  көздерінің құрамы мен құрылымының 

       динамикасын талдау 

2.5.Кәсіпорынның баланс өтімділігін  талдау 

 

  1. Шет елдердің бухгалтерлік балансының нысандарын салыстырмалы

    талдау

 

3.1. Беларус және Ресей елдерінің  бухгалтерлік балансының нысандарын

        салыстырмалы  талдау -

 

3.2.Зерттеліп отырған кәсіпорынның  бухгалтерлік есебінің жетілдіру 

       жолдары  

 

 Қорытынды 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

 

 Қосымшалар

 

             Мен дипломдық жұмысымды «Кәсіпорын балансы және оны талдау» тақырыбына жаздым. Ол  «Жолаушыларды тасымалдау»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің   материалдарына  сүйеніп жазылған.

        Соңғы жылдары  Ұлттық компания «Қазақстан темір  жолының »   қаржылық-экономикалық қызметінде көптеген өзгерістер болды. Магистралды темір жол желісінің және эксплуатациялық- тасымалдау қызметінің және жүйелерді ұстауды жетілдірудің және техникалық құралдардың оптимизацилануына бағытталған іс-шаралар жүргізілді.

      Ұлттық темір жол  компаниясының құрамында лакомотив  және вагондардың оптимальді  паркі сақталынған.  Құрылымдық  бөлімшелер арасында ішкі өзара  қызмет механизмі және қаржылық  бөлулер  жасалынған және  темір  жол тасымалдарының  қалыптасу  жүйелері жетілдірілген.

      Республикалық мемлекеттік  кәсіпорын «Қазақстан темір жолының»  мүліктік базасында жекшелендіруге  жатпайтын баланста ерте жасалынған  заңды тұлғалардың мүліктеріне  және де магистралды  темір  жол желісіне пайдалануға берілетін  жабық акционерлік қоғам «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» ашылған. Салаларды қайта құру бойынша жұмыстар жасалынған, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары , шығындарды бюджеттеу жүйесі және жаңа салық заңдылығы енгізілген, жүк жіберуші және жүк алушы арасындағы өзара қатынастар жетілдірілуде, бухгалтерлік есеп және экономикалық , өндірістік қызметтерінің сфераларында автоматтандыру деңгейі көтерілуде. Мұның барлығы білімнің жүйелі жоғарлауын,теорияның терең оқытылуын және темір жол көлігінің мамандарымен және шаруашылық бөлімше басшыларымен жұмыс тәжірбиесін талап етеді.

        Есептің барлық  мәліметтері шаруашылық субъектілерінің  және олардың құрылымдық бөлімшелерінің  жұмыстарының оперативті басшылығына  қолданылады, олардың негізінде  ағымдағы жоспарлар және болжамдар жасалынады және де біздің еліміздің экономикасының дамуының барлық заңдылықтары зерттеледі және оқытылады.

    Техника және ғылымда  үлкен өзгерістер болып жатқанда, біздің ғасырымызда жүйелі есеп  беретін нақты және дамыған  экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектісінің күрделі экономикалық механизмімен басқару мүмкін емес. Есеп басқару жүйесінде басты орын алады. Ол өндірістің регионалды процесін, тарату және қайта таратуды көрсетеді, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды, оның қызметін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

       Кәсіпорында еліміз  соңғы нарықтық қатынастарға  көшуіне байланысты бухгалтерлік  есептің  әдістемесі және тәжірбиесі  түбегейлі өзгерген.

  Қазіргі уақытта болып жатқан  нарықтық қатынастар кәсіпорындардың  шаруашылқты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуге мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақта бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай емес қазір контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және тағы басқалары )  өзі таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді.

       Субъектінің қарамағындағы  қаржылық ресурстары мен өзіне  қабылдаған міндеттемелері туралы  ақпаратарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру – бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты бірі болып табылады. Мұндай қорытынды есеп баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың, ақша қаражаттарының жағдайын бір мерзімге көрсетеді.  Қаржылық жағдай кәсіпорынның активтері және оның құралу көздерінің нақты барын айтады.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік есеп және  қаржылық есептілігі туралы мағұлмат беру, оны ұғыну, 

талдау жүргізу және талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу болып табылады. Бұл болашақ жас мамандарға талдау жұмысын біліктілікпен жургізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс,  ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге көмектеседі.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Кәсіпорынның жалпы қаржы  шаруашылық қызметінің сипаттамасы

    1. Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары мен міндеттері

 

              Мен дипломдық алдындағы тәжірбиені “Жолаушыларды тасымалдау” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Алматы регионалдық жолаушылар филиалында өткізгендіктен дипломдық жұмыс осы филиал материалдарына негізделіп жазылды.

“Жолаушыларды тасымалдау” Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Алматы регионалдық жолаушылар филиалы қоғамының орналасу орнынан тыс жерде орналасқан және оның қызметін жүзеге асырушы жолаушыларды тасымалдау ашық акционерлік қоғамының негізделген құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Филиал Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылған және директорлар кеңесінің шешімі негізінде тіркелген. “Жолаушыларды тасымалдау” ашық акционерлік қоғамындағы Астана қаласы юстициясы басқармасында 2002жылы 21 мамырда тіркелінген.

Филиалдың жеке балансы бар. Оның мүлігі және құралы қоғамның жалпы балансында ескеріледі. Өз іс-әрекетін жүргізу және ұйымдастыру үшін филиал құрылған заңды тәртіпте банкілерде ағымдағы шоттарын ашады.

Филиалда қоғамның атымен эмблемасы, тауар белгісі, мөрі, штампысы және бланкісі бар.

Филиал өздігінен қалыптасқан поездарда және вокзалдарда және     “Қазақстан темір жолы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны” қызмет ететін басқа да мемлекет шекараларындағы қалыптасқан теміржол әкімшілігінде  жолаушыларға қызмет көрсетуді  ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Филиалдың кірісі орындаған жұмыс көлемінің ауқымынан және “Жолаушыларды тасымалдау” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тағайындаған   есеп айрысу құнының деңгейіне байланысты қалыптасады.                                                                                            

 Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерінің жүзеге асырылуына байланысты. Эксплуатациялық жұмыстың көрсеткіштерін орындау үшін есеп айпысу бағалары “Жолаушыларды тасымалдау”ашық акционерлік қоғамымымен белгіленеді. “Жолаушыларды тасымалдау” ашық акционерлік қоғамы және филиал арасында есептеулер жүргізу  және шоттарды көрсету ай сайын жүргізіледі. Есеп жағдайлары  ай сайынғы балансты құруда анықталады. “Жолаушыларды тасымалдау” жауапкершілігі шектеулі серіктестік әр қаржылық жылы филиалға белгілейді:

Мемлекеттік тапсырыс: жолаушыларды жөнелту;

Есептік көрсеткіштер: жұмысшылар саны, еңбек ақы қоры, қызмет және жұмыстың өзіндік құны, таза табыс және оның таратылуының бағыты.

Филиал өзінің құрамына тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелерге ие: вокзалдар, жолдық қауіпсіздікті ұйымдастырудың вокзалдық кешендері, сызықтық билеттік кассалар.

Филиалдың негізгі мақсаты болып:

- заңды және жеке тұлғалардың  қажеттіліктерін жолаушылық теміржол  тасымалдаулармен, жүктерді тасымалдаумен уақытылы және сапалы қамтамасыз ету;

- құпия және қызметтік анықтамаларды  жойылудан сақтау бойынша шара  кешендерін жүргізу;

- жолаушылардың қауіпсіздігін  және поштамен жіберілген жүктің  сақтылығын қамтамасыз ету табылады.  

Филиалдың негізгі есебі болып:

- Халықаралық және ішкі қатынастарда  поштаны және жүктерді жолаушы  теміржол тасымалдаулармен қамтамасыз  ету және ұйымдастыру;

-  жолаушы  шаруашылық  объектілерін  түзу жағдайда ұстау;

- жолаушыларда сапалы және мәдени  қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

       Филиал өзіне  жүктелген міндеттеріне байланысты  келесі қызметтерді орындайды:

- жолаушы станцияларын,вокзалдарын, вокзалды кешендерін және сызықты             кассаларын жұмыспен қамтамасыз етеді;

- филиал балансындағы негізгі қорларды ағымдағы жөндеумен қамтиды;

- теміржол билеттерін сатумен  қамтамасыз етеді;

- вокзалдардың бос аудандарын  және жолаушы шаруашылығындағы  басқа да      объектілердің  тиімді қолданылуын, жолаушыларға  қызметтерді өткізумен және өңдеу  бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асырады;

- жолаушы поездарының қозғалысын, жолаушылардың және жіберілген  поштаның, ауыр жүктердің, жүктердің  сақтылығын қамтамасыз етеді;

- жолаушыларға мәдени қызмет  көрсетудің жоғарлауын қамтамасыз  етеді;

- вокзалдардың, вокзалдық кешендердің  жол қауіпсіздігін ұйымдастырудың, сызықтық билет кассалардың жұмысына  және олардың ақша қаражаттарының  сақтылығына бақылауды қамтамасыз  етеді;

- жолаушы тасмалдарының рентаблділік  және экономикалық тиімділікті  қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды өткізуді және өңдеуді жүзеге асырады;

- жолаушыларды тасмалдаулардан  жіне олармен байланысты жұмыстардан  түскен кірістердің уақыттылығына  және толықтығына бақылауды қамтамасыз  етеді;

- қаржылық және жоспарлы-экономикалық жұмыстарды жетілдіреді;

- тарифтердің және бағалардың  мемлекеттік тәртіпте сақталуын  қамтамасыз етеді;

- зияндарды тоқтату бойынша  шараларды қабылдайды, олардың пайда  болу шарттарын және себептерін  құқық  қорғау органдармен өздерінің  жұмысын үйлестіре отырып жояды;

- салық салу бойынша заңдылықтарға  сәйкес бюджетке және бюджеттен  тыс қорларға уақытылы құралдардың  енгізілуін  қамтамасыз етеді;

- маркетингтік қызметін дамытады;

- баланс жасайды, бекітілген тәртіпке  бухгалтерлік, статистикалық есеп  және қаржылық есептілік жіргізеді, олаодың дұрыстығын қамтамасыз етеді,     «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік  кәсіпорынның әдісі бойынша шаралар өткізеді, қаржылық есептілікті дайындау және қолдану процесінде есептің жалпы тәртібін және негізгі принциптерін белгілейді;

-жолаушыларды, жүктерді, ауыр жүктерді, табыстарды, шығыстарды, қаржылық және экономикалық көрсеткіштердің жылдық және айлық тасымалдау көлемдерін белгілейді;

- жолаушы шаруашылық объектілерін  қолдану арқылы жолаушылдарға  қызмет өткізу және өңдеу бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асырады.

           Филиал  балансында  отыз алты  вокзал  есептеледі, оның ішінде:

- класстан тыс  екі вокзал

- екінші класста екі  вокзал

- үшінші класста он вокзал

- төртінші, бесінші класста жиырма  екі вокзал.

         Филиалмен  жалпы басқаруды қоғам жүзеге  асырады. Филиалды басқару бойынша  қоғам компетенциясына кіретіндер:

-   ережелерге бекітулер, өзгертулер  және қосымшалар енгізу;

- оның қызметіндегі негізгі  бағытты анықтау, оларды орындауда  есептерді және жоспарларды бекіту;

- филиал директорын, оның орынбасарларын, бас инженерін және бас бухгалтерін  тағайындау және жұмыстан шығару;

- штат күнделігін бекіту және  филиал құрылымын анықтау;

-филиал бюджетін бекіту;

- филиалды материалдық құралдармен  таратудың мөлшеоін, нысанын және тәртібін белгілеу;

- аудитор қорытындысы есеп  қызметінің нәтижесі бойынша  жылдық есептерді бекіту, зияндарды  жабу және табыстарды бөлу  тәртібін анықтау;

- Қазақстан Республикасының  заңдылығы және жарлықта қарастырылған  басқа да қызметтер.

        Филиал қызметі  қоғамның директорлар кеңесінің  шешімі бойынша және Қазақстан  Республикасының заңдылығында бекітілген  басқа жағдайларда тоқтатылады. Филиалдың таратылуы белгіленген  заңды тәртіппен жүргізіледі.

 

 

    1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы және есеп саясаты.

 

   2002 жылдың 24 маусымындағы «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есертілік  туралы» Қазақстан Республикасының  заңдылығына сәйкес есеп саясаты  ұйымның қажеттілігі және оның  қызметінің ерекшілігінің нәтижесінен  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік жоспар шоттары заңдылығының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасауды жүргізу үшін ұйыммен қабылданған тәжірбие және тәртіпті, шарттарды, негіздерді, қағидаларды көрсетеді.

   Есеп саясатын қалыптастыру  үшін  негіз болып шаруашылық  операциялардың, активтердің, капиталдың, міндеттемелердің, табыстардың және  шығыстардың альтернативті әдісін  көруге мүмкіндік беретін қаржылық еселтіліктің халықаралық стандарты табылады.

Есеп саясатының қалыптасуы қаржылық есептілікті жасау және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін сапа негізінде қабылданған және ұйым қызметі шарттарының нәтижесі негізінде бір әдісті таңдаудан тұрады.

Сонымен есеп саясаты – бұл қаржылық есептілікті ашу және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін ұйыммен қабылданған әдістер жиынтығы. Жолаушыларды тасмалдаудың бухгалтерлік қызметінің міндеті  болып бухгалтерлік есепті бухгалтерлік есеп стаендарттарына, Қазақстан Республикасының субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің Бас шоттар жоспары және бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық құжаттары және де есеп саясатымен, жұмыстық есеп шоттарына сәйкес жоғарыдағы құжаттарға қарама-қарсы келмейтін және кәсіпорын компетенциясы шегінде жасалынған бұйрықтар, үкімдер.

Бухгалтерлік қызметтің мақсаты болып:

- кәсіпорынның барлық меншік  түрлерінің сақтылығын қамтамасыз  етілуін бақылау;

- табыс және кірістерді максималды  алуды қамтамасыз ету және кәсіпорынның барлық құралдарын үнемді және рационалды шығындалуын бақылау;

-мемлекеттік бюджетпен, бюджеттен  тыс қорлармен, кредитор және  дебиторларменөз уақытындағы есеп  айрысуларды қамтамасыз ету және  бақылау.

Бухгалтерлік қызмет Бас шоттар жоспсрына сәйкес екі жақты жазу әдісімен, олармен жузеге асырылған шаруашылық операцияларын және кәсіпорын міндеттемелерін, меншікті капиталын, активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізеді.

«Жолаушыларды тасымалдау» бухгалтериясы қызметтік белгілері бойынша ұйымдастырылған топтан тұрады:

- жұмысшылардың еңбек ақысы  бойынша есес айрысу есебінің  тобы;

-тауарлы-материалдық қорлар есебінің  тобы;

-негізгі құралдар есебінің тобы;

- бухгалтерлік есепті автоматтандыру  және әдістемелеу тобы.

Жолаушыларды тасымалдаудың бас бухгалтері барлық жүзеге асырылған шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы оперативті ақпараттардың ұсынылуын, бухгалтерлік есептіліктің белгіленген уақытында жасалуының бақылауын қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есеп тіркеулерінде жазба үшін негіз болып шаруашылық операциялардың іс-жүжінде жасалғанын көрсететін алғашқы құжаттар табылады.

Шаруашылық операцияларды безендіруде республикалық статистикалық және қаржылық органдармен белгіленген алғашқы бухгалтерлік құжаттардың типтік ішкі аралық нысандары қолданылады. Алғашқы бухгалтерлік құжаттардың типтік ішкі аралық нысандарымен қатар Жабық акйионерлік қоғамы ұлттық компаниясы «Қазақстан темір жолы» бекіткен арнайы теміржол көліктері үшін алғашқы құжаттардың бланкілері пайдаланылады. «Жолаушыларды тасымалдау» кәсіпорнында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың екі нысаны қолданылады:

- есептің журнал-ордерлік нысаны;

-есептің автоматтандырылған нысаны.

Есептің автоматтандырылған нысаны прогрессивті, персоналды компьютерлер және әр түрлі класстағы есептеуіш машиналарын пайдаланумен жузеге асырылады.

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесі келесі негізгі қызметтермен қамтамасыз етеді:

- алғашқы есептік ақпараттардың  сақталуы, берілуі, дайындалуы,жиналуы;

- жоғары сенімділікпен және  қысқа мерзімде кәсіпорынның  қосымша бухгалтерлік құжаттарын  алу және мәліметтердің нәтижесін  машинамен өңдеу;

- кәсіпорынның экономикалық роцестерін  басқару үшін қажетті есептік  ақпараттарды кәсіпорындарға беру.

Жолаушыларды тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесі төрт бөлімнен тұрады:

1 еңбек және еңбек ақы есебі

2 тауарлы-материалды қорлар есебі

3 негізгі құралдар есебі

4 аналитикалық және синтетикалық  есеп.

 

 

 

1.3  Кәсіпорынның технико-экономикалық  көрсеткіштерінің жалпы сипаттамасы.

            

               Кәсіпорынның балансын талдап  зерттеуге көшпес бұрын ең  алдымен оның технико-экономикалық  көрсеткіштеріне, яғни мүлігінің  және оның құралу көздерінің  жағдайына, кәсіпорынның  олармен  қамтамасыз етілуіне тоқтала  кеткен жөн.

               Кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы мәлімет 2003,2004 жылдар үшін бірінші кестеде көрсетілген.

1-ші  кесте

 

Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі.

  (мың теңге)

Негізгі құралдар атауы

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Үйлер мен ғимараттар

 

174662

 

498662

 

+324

 

2,85

Машиналар мен жабдықтар

 

 

9091

 

 

24859

 

 

+157,7

 

 

2,73

Көлік құралдары

 

445

 

2818

 

+2373

 

6,33

Басқадай негізгі құралдар

 

 

17074

 

 

38796

 

 

+217,2

 

 

2,27

Барлығы

201272

577053

375781

2,86


 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай негізгі құралдар 2003 жылға қарағанда 2004 жылы едәуір көбейіп отыр. Бұл кәсіпорынның тағы да қызметін жүзеге асыруға қажетті негізгі құралдар сатып алынғанын көрсетеді. Негізгі құралдар ішіндегі үлес салмағы жағынан үлкен орынды үйлер мен ғимараттар +324 мың тенге, немесе 2,85 пайызды алып отыр. Машиналар мен жабдықтар 2,73 пайызға, көлік құралдары 6,33 пайызға, басқадай негізгі құралдар 2,27 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, кәсіпорында негізгі құралдардың өсуі оны сатып алумен байланысты болып отыр, яғни оларға машиналар мен жабдықтар, оның ішінде компьютерлер, ксерокс, факс, принтерлер және тағы басқалары жатады.

Кәсіпорынның 2003 және 2004 жылдар үшін дебиторлық қарызы екінші кестеде қарастырылған.

 

2-ші  кесте

 

Кәсіпорынның дебиторлық қарыздарына көз шолу. (мың теңге)

 

Дебиторлық қарыздар атауы

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

АҚ “ҰҚ ҚТЖ” және ЖШС “Жолаушыларды тасымалдау”еншілестерінің арасындағы қарыздар

 

 

1095409

 

 

448440

 

 

+3353031

 

 

4,06

Жұмысшылардың қарыздары

325

3623

+3330

11,3

Басқа дебиторлық қарыздар

683

152

-531

0,22


 

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорынның дебиторлық қарызы жал ішінде өсіп отыр, яғни еншілестер арасында 2004 жылы 4448440 мың тенге  немесе 4,06 пайызға өскен. Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарыздары 2004 жылы  3653 мың тенгеге немесе 11,30 пайызға көбейген, яғни бұл өсу есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздарын өтемеуімен байланысты. 2004 жылы есеп беруге тиісті тұлғалардың қарыздары 3653 мың тенгені құрап отыр. Ал кәсіпорынның басқадай дебиторлық қарыздары 531 мың тенгеге немесе 0,22 пайызға азайғанын көрсетеді.

Жалпы алғанда кәсіпоынның дебиторлық қарызы 3355830 мың тенгеге немесе 4,06 пайызға өскен. Олардың ішінде үлкен үлес салмаққа еншілестердің қарыздары 2003 жылы 1095409  мың тенгеге , 2004 жылы  4448440 мың тенгені құрайды.

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі үшінші кестеде көрсетілген.

 

 

3-ші  кесте

 

Кәсіпорынның тауарлы-материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі

                                                                                                                          (мың теңге)

Тауарлы-материалдық босалқылар

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Материалдар

5330

47232

+41902

8,86

Барлығы

5330

47232

+41902

8,86


 

Үшінші кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорында материалдардың өсуі 2004 жылы 47232 мың тенгеге немесе 8,86 пайызға өскен. Материалдардың өсуі жақсы, себебі онымен де өнім өседі. Кәсіпоынның материалдары шикізаттан тұрады.

 Кәсіпорынның 2003 және 2004 жылдар үшін кредиторлық борыштары  туралы мәлімет төртінші кестеде көрсетілген.

 

 

 

4-ші кесте

Кәсіпорынның кредиторлық борышына шолу   (мың теңге)

Кредиторлық борыштар

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу

Өсу қарқыны

Төленуге тиісті шоттар және вексельдер

 

 

 

 

1669

 

 

 

 

6101

 

 

 

 

+4432

 

 

 

 

365,5

Салықтар бойынша қарыздар

 

 

3208

 

 

4196

 

 

+988

 

 

130,7

Алынған аванстар

 

3309

 

2123

 

-1186

 

64,15

Еншілес серіктестіктерге борыш

 

 

1258905

 

 

4845572

 

 

+3586677

 

 

384,9

Төленуге тиісті есептелінген шығыстар

 

 

127734

 

 

2889

 

 

-9845

 

 

22,68

Басқалары

2387

2217

-170

92,8

Барлығы

1282212

4863098

+3580886

379,2


 

        Кесте мәліметтерінен  көріп отырғанымыздай  кәсіпорынның  кредиторлық борышы 3580886 мың теңгеге  немесе 3,9 есе көбейіп отыр. Оның  ішінде төленуге тиісті шоттар  және вексельдер 4432 мың теңгеге немесе 3,6 есе өсіп отыр. Салықтар бойынша қарызда  988 мың теңгеге немесе 1,3 есе өсіп отыр, оның ішінде әлеуметтік салық 1500 мың теңгені, мүлік салығы 950 мың теңгені, 1746 мың теңгені басқадай салықтар құрайды. Еншілес серіктестіктерге борыш  3586677 мың теңгеге немесе 3,8 есе көбейген, ол бас кәсіпорынға қаржыландыру үшін қарызын құрайды. Алынған аванстар 1186 мың теңгеге немесе 6,4 есе азайған. Басқадай кредиторлық борыштары  170 мың теңгеге немесе 9,2 есе азайған, яғни ол зейнетақы қоры бойынша есептесулер және тағы басқа кредиторлық борыштарын білдіреді. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар 9845 мың теңгеге немесе 2,2 есе азайған, оған кәсіпорынның еңбекақы бойынша қарыздары жатады.

Бухгалтерлік баланстың мазмұны және оны талдау