Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар
Қазақстан Республикасы
бекітілген
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың
бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы
5 шығарылым
«Геологиялық барлау және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі
Астана 2009
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген БТБА, 5-шығарылымы негізінде әзірленді.
Шығарылым бөлімдерінде жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, еңбек мазмұнының өзгеруіне, өнім, біліктілік сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беретін және арнайы дайындықтарына қойылатын талаптардың өсуіне байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында
жұмысшы кәсібінің осы
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде
көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы
ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс
орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру,
сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау,
белгіленген техникалық құжаттаманы
жүргізу жөніндегі жұмысты
«Білуге тиіс» бөлімінде
қамтылған теориялық және практикалық
талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті
қорғау, өндірістік санитария мен
өртке қарсы қауіпсіздік
Осы бөлімге бұрғылап ату жұмыстарын және иондаушы көздермен байланысты жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау ережесін, сондай-ақ қоршаған ортаны және жер қойнауларын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін білуді көздейтін геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық ұйымдарға тән жұмысшы кәсіптері қосылды. Кәсібі автомобильді, тракторды және басқа да көлікті басқаруды көздейтін жұмысшылардың тиісті құжаттары болуға тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында, әдетте, көрсетілмейді.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.
«Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі
1. Топографиялық
карталардың түпнұсқасын
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру. Географиялық атауларды, сандарды, шартты белгілерді, жапсыру және гранкалардан.Гидрографияның өрнектелген элементтерін өңдеу. Позитивті көшірмелерді өңдеу. Түзетілген ескертулерді жөндеу.Өңделген аспаптармен құралдарды қайрау және егеу
Білуге тиіс: топографиялық карталарды (жоспар) белгілеуді, топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын әзірлеудің негізгі технологиясын; топографиялық карталарды (жоспарды) басылымға дайындау технологиясын, топографиялық карталардың (жоспарды) мазмұнын және нақты әзірленуін; 1-3 санаттағы ауыр құрастыру және басылымды анықтау жұмыстарының эталондарын; шартты белгілерді; түзету ережелерін, қайрайтын және оюшы құралдар мен аспаптарды қолдануды; топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын басылымға әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулық және ережелер
2. Топографиялық
карталардың түпнұсқасын
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20-дан 100 ге дейін 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 30-дан 100-ге дейін 1 шаршы дм. мөлшерлі ауыл типті елді мекендер, өзендер, тарамдар, қалың ормандар мен ескі арналы бұталар, жайылма алқапты көлдер, жемісті бақтар мен бау-бақшалар, техникалық мәдени плантациялары бар таулы аймақтар, үлкен сазды массивтер мен жазық орманды аймақпен сипатталатын топографиялық карталардың штрихті элементтері мен гидрографияны сызу мен өрнектеу.
Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды); 4-6 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.
3. Топографиялық карталардың түпнұсқасын өңдеуші
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 100 ден жоғары 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 100 1 шаршы дм. мөлшерлі, таулы аймақтағы елді мекендер, тас жолдар мен темір жолдары желісінің қатты дамыған өнеркәсіп аудандары, ауыл тектес үлкен елді мекендер, таулы аймақтармен сипатталатын топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу.
Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды); 7-10 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.
4. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысу. Бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау. Геодезиялық белгі орталығын немесе реперді ашу және жабу. Кебіске, балдаққа, реперге, қадаға және т.б таңдалған жерлердің нүктелерінде рейкаларды орнату. Нысана үшін трассаны тазалау. Сызықты лентамен, троспен, баумен, рулеткамен өлшеу. Желілерді ілу. Визирлық белгілерді және қадаларды дайындау және орнату. Пикеттерді тегістеуде белгі қою. Реперлермен пикеттерді бекіту. Әр түрлі жүйедегі блокты аспаптарды, лот- аппаратты штативтерді және тұтастай штативтерді орнату. Сымдарды штативтермен созу, кірлерді (гирь) көтеру және түсіру, сымдарды барабандарға айналдыру және барабандарды жәшіктерге орналастыру. Өлшемдерді бекіту және түсіру. Жер асты коммуникацияларды өлшеуді түсіруге қатысу. Құрал-жабдықтарды және аспаптарды тиеу, жүк түсіру және далалық саймандарды тасымалдау (тасымал). Далалық лагерді абаттандыру.
Білуге тиіс: топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар туралы жалпы түсінік; бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау ережесін; өлшеу құралдарын қолдану ережесін; станоктарды құру, абақтарды; базисті таяныштарды тұтастай орналастыру тәртібін;тұтастай базистік штативтерді қою тәртібін тағайындау, тасымалдауды қолдану ережесін; топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік құралдарды, саймандар мен қондырғыны сақтау және орауды; нысанаға арналған трассаны тазалау тәртібін, қада және тақтайшаларды орнатуды;уақытша реперлер мен пикеттерді бекіту ережесін.
5. Топографиялық геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу. Бақылау орындарында (пунктте) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыруға және тексеруге қатысу. Рейканың тегістігін аспаптық тексеру. Жерді алдын ала тексеріп алуға қатысу,белгінің ұзындығын өлшеу және тұспал бөлімдерге қосу. Бастапқы орындарды алдын ала іздеу. Өтпелі нүктелерді таңдау. Визерлеуге арналған жолды тазалауда басшылық ету. Пунктке триангуляцияны немесе полигонометриялық гелиотроптарды, шамдарды, метеорогиялық өлшеулерге арналған аспаптарды, жоғары деңгейлі оптикалық аспаптарды жеткізу.Арнаулы аспаптардың көмегімен триангуляция немесе полигонометрия пунктінен бақылайтын пункттің бағдарына қарай светтік сигнал немесе светтік шағылысу сигналын беру. Шағылысу орналасқан пункте метеорологиялық өлшеулерді жүргізу. Қарапайым санауларды жүргізу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс: маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды тағайындауды; егіншілік журналын жүргізу тәртібін; бақылау орындарында (пунктерде) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыру және тексеру ережесін; рейканың өлшемін тегістеу тәртібін және ережесін; бастапқы пункттердің орналасу ережесін және өтпелі нүктелерді таңдауды; маркшейдерлік және геодезиялық белгілердің құрылымын; сигналдардың тұрақтылығы мен қаттылығын анықтаудың әдістерін; бағдар пункттерді және орталықтарды салу дұрыстылығын; кескінге және көріну шарттарына ұсынылатын,қондырғыны және гелиотроппен қолдану ережесін,шаммен және сәулелену талаптарын; светтік сигнал беру жүйесін; сәулеленуді,аккумуляторлар және қоректену элементтерін сақтау және күту ережесін; сәулелендіру орналасқан пункттерде метеорологиялық өлшулерді жүргізу ережесін; оптикалық аспаптарды тексеру әдістерін.
6. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ішкі сулар мен теңіздерде, шельфті түсіру үшін өлшеуде топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді жүргізу. Жоғары деңгейлі оптикалық құралдарды және сәулелендіруді және олардың қоректену көзін қосуды орнату. Аралас пункттердегі сигнализацияны және байланысты қамтамасыз ету. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен аспаптардың көрсеткішін алу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу, бақылауды орындау және өлшенген өлшемдердің орташа мөлшерін анықтау үшін есептеу. Сызбаларды, графиктерді, профильдерді, сонымен қатар өлшеу материалдарын безендіруге, құрастыруға және сызуға қатысу. Геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді құрылыс-монтаждық өндіріс ішіндегі жұмыстарда орындау. Бір орыннан құрылыс-монтажды аймақтан екінші (қабаттан қабатқа) орынға жоғары белгілерді дәл өлшеу және шлангті жойғыштарды шығару. Көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау. Таулы өндірісті крептер, мұнаралар, маркалар мен реперлерді балкаға белгілерді қалау.
Білуге тиіс: теңіздер мен ішкі су қоймасы, шельфтерді жинау үшін өлшеуді жүргізуде өлшеудің ерекшеліктері; номография бойынша есептен алып тастау, дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін; дала бақылауларының нәтижесін жөндеу және техникалық құжаттамаларын жүргізу ережелерін; маркшейдерлік пен геодезиялық жоспарлардың, құрылыс-монтажды сызбалардың, генпландар мен құрылысгенпландардың шартты белгілерін; сығылған ауа аймағында жұмыс істеуде, жерасты және биіктіктегі құрылысында дабылдамалар ережесін; абсолютті және шартты горизонттарды орнықтыру және шығару; түзу және көлбеу орналасқан құрылымдарын бақылау тексерудің реті мен ережелерін; құрылымдарды және оның элементтерін монтаждау жобасында жіберілетін геометриялық ауытқулар.
7. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші.
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу. Аспаптарды орнату және номограмма бойынша есептеуден шығару. Блоктарды, бағаналарды, ригельдерді және т.б. құрылыстық конструкциялардың геометриялық параметрлерін өлшеу және тексеру. Бағана қатарларын және діңгектерді жоспарлық және биіктікте түсіру. Кранасты жолдарын түзету және құрылғыларды орналастыру үрдісін жобаға келтіруді құралдармен қамтамасыз ету. Геодезисттің немесе маркшейдердің басшылығымен монтаждық көкжиекті шығару. Түйіндердің, технологиялық блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және құрастыруға қатысу.
Білуге тиіс: көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау; дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін; құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу ережелерін; түйіндердің, блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және безендіру ережелерін.
8. Каротажшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Скважиналарды каротаждау бойынша жұмыстар атқару. Монтаж, демонтаж және каротаждық бұрғылау құрал-жабдықтарын жөндеуді жүргізуге қатысу. Каротаждық құрал-жабдықтың түзетілуін тексеру. Каротаждық кабельдерде және өткізгіштерді оқшаулауда ақауларды жою. Скважинаның аузында аппараттар мен аспаптарды орнатуға қатысу. Каротаждық құралдар мен аспаптарға техникалық қызмет көрсетуге қатысу. Аппаратуралармен құрал-саймандарды ажырату, скважинадан көтеру, тиеу, түсіру және тасымалдау.
Білуге тиіс: Скважиналарда геодезиялық зерттеулерді жүргізу тізбектілігін; каротаждау-префораторлау құрылғылары мен жабдықтар қызметінің, сызбаларының негіздері мен оларды пайдалану ережелерін; скважиналарды геодезиялық зерттеулерде қолданылатын қоректену көздерінің түрлері және оларды қолдану ережелері; каротаждық кабельдерді оқшауландыруды және оны жөндеу тәртібін тексеру ережесін; дәнекерлеу, балқыту жұмыстарын жүргізу амалдарын; жарылғыш материалдар туралы жалпы түсінік және оларды қолдану ережелерін, каротаждық құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібін, каротаждық кабельдердің қосылып кетуін және зондтарды жасау амалдарын.
9. Каротажшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тау жыныстарында геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін бұрғылау скважиналарын 1000 метрге дейінгі тереңдікте префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу, каротаж бойынша жұмыстар атқару. Скважиналарда блок-баланс және зертханаларды, көтергіш құрылғыларды орнату. Торпедалар мен атқыш аппараттарын, скважиналық құралдарды біріктіру және скважиналарға түсіру. Скважина жанындағы және скважина аралық зерттеулер үшін және ұңғыманы қопару скважиналарын перфорациялау, пневможөндеу, каротаж үшін жабдықтар мен жұмысшы сызбаларын, аппараттың жарамдылығын тексеру, монтаждау және қайта монтаждау. Жерге тұйықтау. Кабельді және бірінші белгінің бағасын өлшеу, ескерту белгілерінің болуын тексеру. Қолданылатын құралдың, жабдықтың жарамсыздығын алдын алу. Өрілген және бронирленген кабельдердің оқшауланған зақымдарының алдын алу. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды түсіру және тиеу, скважинадан көтеру, ажырату.
Білуге тиіс: бұрғылау скважиналары туралы жалпы түсінік, олардың конструкциясы скважиналарда әртүрлі геодезиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, түрлерін, орналасу және пайдалану ережесін, жабдықты монтаждау мен демонтаждауды, каротаждауда қолданылатын торпедтер мен аппаратураларды, тесуді, скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және қопаруды; электротехниканың негізін; сымдар мен кабельдердің маркасын; электр қуатының негізгі көздерін және оларды қолдану ережесін, жерге қосу амалдарын; жарылғыш материалдардың және радиоактивті заттардың түрлерін; электр монтаждық жұмыстарды жүргізу тәртібін және негізгі ережелерін; құралдарды, аппаратуралармен арнайы заттарды сақтау және тасымалдау ережесін; жабдықтарға жөндеу жүргізу тәртібін және ережесін.
1000 метрден 4000 метрге дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған скважина тереңдіктерінің 1500 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 6-разряд.
4000 метрден 5000 метрге дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған скважина тереңдіктерінің 1500 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 7- разряд.
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Скважинадағы тереңдігі
1500 метрден жоғары ауырлатылған бұрғылау
ерітіндісінің тығыздығы 1,6 г/текше
см, көлбеу скважиналарда 5000 метрге дейін бұрғылау скважиналарын
каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару
және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу-
Кәсіптік орта білім талап етіледі.
Ескерту. Теңізде бұрғылау скважиналарын каротаждау, перфорациялау, ұңғыманы қопару бойынша жұмыс жүргізуде 4-7 санатты каротаждаушылардың біліктілік тарификациясы бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
10. Каротаж станциясының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Скважиналардың тереңдігі 1000 метрге дейін атқыш-жарылғыш жұмыстар және геофизикалық зерттеулер жүргізуде каротажды көтергіштерді, газды каротажды, өзі жүретін каротажды және перфораторлы станцияларды басқару. Станциялар мен көтергіштерді тасымалдау мен жұмысқа дайындау. Көтергіштер мен генераторлы топтардың, зертхана орнату алаңын дайындау және таңдау. Жабдықты монтаждау және қайта монтаждау. Станцияларды жарықтандыратын және қуатты желілерге қосу. Аппаратураларды (құралдарды) скважинаға түсіру және оларды көтеру. Генераторлар мен бензоқозғалтқыштарды, көтергіштерді, лебедкаларды, зертханаларды, станцияларды ағымды жөндеу және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуде қатысу. Аккумуляторларды қуаттау және электродтарды ауыстыру. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды тиеу, түсіру және тасымалдау.
Білуге тиіс: скважиналардың конструкциясын; скважиналарда геодезиялық зерттеулер жүргізу тәртібін; түсу және аппараттарды көтеру ережесін; каротажды-перфораттық жабдықтарды және аппаратураларды тасымалдау ережесін,олардың орналасуын және эксплуатациялау ережесін; каротаждыгазды жабдықтардың, перфораторлық және каротажды станциялардың ай сайынғы және жоспарлық техникалық қызмет көрсетілуін және тексерілу ережесін; жабдықтардың, аппаратуралардың, генераторлар мен станциялардың техникалық анықтамалығы және түрлері; сымдардың және кабельдердің маркасын;электротехниканың негізін; жарылғыш жұмыстарды жүргізу ережесі және тәртібі; аккумуляторларды зарядтау уақыты және ережесін;құрылғыны жерге қосу және желінің ақауларын іздеу амалдарын; бензоқозғалғыштардың ақауларының белгілерін, генераторлармен қосымша механизм станцияларының амалдарын және олардың алдын алу жолдарын.
1000 ден 4000 м жоғары
тереңдікте скважиналарда
4000 нан 5000 м жоғары
тереңдікте скважиналарда
5000 м жоғары тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын, көлбеу скважиналарда,скважиналарда қиын бұрғылау ерітіндімен түгелдей1,6 г/куб. см жоғары - 7-разряд.
11.Сейсмикалық сигналдарды өршітуді орнату машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Сейсмикалық сигналдарды өршітуді импульстік немесе вибрациялық әрекеттерді орнатуды басқару. Механикалық, гидравликалық және электрлік торапты орнатуды реттеу және тексеру. Сейсмикалық сигналдардың өршіту көздерін оларды жұмысқа сынауға дайындау. Жұмыс параметрлерінің өлшемдерін орнату. Импульстік сейсмикалық сигналдарды өршіту. Сейсмостанциялармен байланысты болу. Газ, электрлік, механикалық және т.б орнату жүйелерінің жұмыстарын қадағалау. Орнату жұмыстарының ақауларын табу және жою. Құрылғылар жүйесін ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау.
Білуге тиіс: газдық құрылғыларды, механикалық жүйелерді, электрлік және радиоэлектронды желілерді орнатуда сейсмикалық дабылдамаларды өршіту, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мен оны пайдалану ережелерін, жөндеу мен реттеуін; профильде сейсмо-барлаушы жұмыстарын жүргізу жүйелілігін және тәртібін; сейсмикалық сигналдардың көзі ретінде, оларды орнатуға қойылатын талаптар.
12. Шурфөткізгіш құрылғының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шурф өткізу кезінде шурфөткізгіш құрылғыны (агрегат, кран) басқару. Шурфөткізгіш құрылғыны орналастыру үшін алаңды жоспарлауға қатысу. Шурфөткізгіш құрылғының жұмысына дайындау және тасымалдауға, қайта монтаждауға және монтаждауға қатысу. Шурфтарды өткізу кезінде операция орындауға қатысу. Құрал мен жабдықтарды дұрыс пайдалану және қалпын бақылау. Шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау. Тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қатысу.
Білуге тиіс: шурфтардың жүру амалдарын және технологиясын; электрожабдықтары мен шурфөткізгіш құрылғыны пайдалану ережелерін және құрылымын; шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету тәртібі мен ережелерін; белгіленген сигналдарды.
13. Геодезиялық белгілерді монтаждаушы.
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж және ағаштан жасалған геодезиялық белгілерді, орталықтарға және триангуляция және полигонометриялық бөлімдер үшін темірбетон және монолитті бетондарды жөндеу. Ниверлеу бөлімдеріне негізгі және фунттық реперлерді және ниверлеу маркаларын дайындау. Геодезиялық белгілерге арналған орындарды тазалау. Діңгектерді және т.б түсіру-көтеру операцияларына арналған қақпаларды жабдықтау. Элементтерді даярлау, торапты және ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді және жердегі белгілердің арнайы детальдарын жинау. Геодезиялық белгілерді жинаулы түрінде көтеру немесе белгілердің жеке түрлерінің бекітілуін. Орталықтарды отырғыза бастау және бағдар бөлімдерін жабдықтау. Нұсқаларды жасау, Реперлер мен бетон монолиттерді, темірбетон пилондарының құймалары үшін формаларды орнату және алып тастау, жинау және дайындау. Шұңқырларға белгі қою және қазу. Арматураларды тоқу. Бетон массасын отырғыза бастау және дайындау. Реперлер мен олардың сыртқы безендірулерін орнату, тазарту. Полигонометрия немесе трангуляция пунктерінің және орталықтары, реперлері, геодезиялық белгілерді жөндеу мен қорғауда ұсталық, бетон және жер жұмыстарын орындау. Құралдар мен материалдарды, жабдықтарды тиеу, түсіру және тасымалдау. Геодезиялық белгілерді және реперлерді сақтауға құжаттарды дайындау.
14. Геодезиялық белгілерді монтаждаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж, биіктігі 20 метрге дейінгі металлдық геодезиялық белгілерді және биіктігі 20 дан 40 метрге дейінгі ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді жөндеу. Жерге жеке детальдарды орнықтыру мен дайындау. Көтеру жабдықтары мен механизмдерін монтаждау және демонтаждау. Биіктікте металл белгілерін жөндеу мен қорғауда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Дәнекерлеу және балқытып бітіру жұмыстарын жасау. Геодезиялық белгілерді сақтауға құжаттарды дайындау.
Білуге тиіс: геодезиялық металл белгілердің құрылымы мен бөлшектерінің элементтерінің белгілемелерін; геодезиялық металл белгілерін жөндеу және қайта монтаждау, монтаждау тәртібі мен әдістерін, оның дайындалу сапасына қойылатын талаптарды; арқан, трос, бөлшектер, геодезиялық белгілерді және оның детальдарын бекітудің ережелері мен тәсілдерін; монтажды-құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарын атқаратын технологияны; геодезиялық металл белгілердің бөгеттерін қолданудағы материалдардың қасиеттері мен негізгі түрлерін; ұсталық-балташылық құралдары мен дәнекерлеу жабдықтарының белгілері мен түрлерін.
40 метрден жоғары биіктіктегі ағаш геодезиялық белгілер және 20 дан 40 метрге дейінгі биіктіктегі металл геодезиялық белгілерді монтаждауда және қайта монтаждауда - 5- разряд.
40 метрден жоғары биіктіктегі
металл геодезиялық белгілерді
монтаждау және қайта
15. Электробарлау станциясының моторшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электробарлау станциясының генератор тобының қызмет көрсетуі. Өлшеулерді жүргізу уақытында қозғалтқыш жұмысын қажет тәртіппен қамтамасыз ету, генератор топтарын орнату және алаңды дайындау. Тоқ арналары мен сөйлесу құрылғылары үшін өткізгіштерді қосу және жазу. Генератор топтарының релесі мен контакторларды, негізгі желілерді реттеу. Радиобайланыс үшін антеннаны орнату, генератор тобының жерге тұйықтау және құю, майлау, қарау. Аккумуляторларды қуаттау және электролитті ауыстыру. Қолданылатын жабдықтар мен аппаратураларды тасымалдауда тиеу және түсіру. Генератор топтарының ағымдағы жөндеуге қатысу және техникалық қызмет көрсетуді ауысым сайын орындау.
Білуге тиіс: генераторлық топтың қондырғыларын; генераторларға қызмет көрсету және техникалық пайдалану ережелерін; трансмиссия, генератор, қозғалтқыштардың жарамсыздығын алдын алу және табу әдістерін; электробарлау станцияларына қолданатын тәжірибелік процестің сызбаларын; электро және радиотехника туралы негізгі мағлұматтарды; сымдар маркаларын.
16. Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Жұмыс өндірісі орындарында немесе ұйымның далалық базаларында геофизикалық жабдықтарға, аппаратураларға, аспаптар мен жекелеген тораптарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жоспардан тыс жөнделерді орындау. Құрастыру, демонтаждау, баптау. Ұсақ геофизикалық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды реттеу және сынау. жекелеген тораптарды (бөлшектерді) ауыстыру және оларды стационарлық жағдайда жөндеуге жіберу қажеттілігін айқындау.

- Геология нефти и газа
- Геометрическая интерпретация ОЗЛП как метод оптимизации
- Геометрическая интерпретация ОЗЛП как метод оптимизации
- Геополитическая спицифика Кавказского региона
- Геополитические интересы России и Западной Европы в 90-е годы
- Геотермальная энергетика, как альтернативный источник энергии на Камчатке
- Геотермальная энергетика.Состояние отрасли и перспективы её развития в странах СНГ
- Геодезическое обеспечение перенесение на местность зданий и сооружений. Исполнительная съемка зданий
- Геоінформаційна система« Компас-2 »і можливості її використання для ведення природних кадастрів Росії
- Геологическое обоснование зарезки бокового ствола на третьей залежи Троицкого месторождения
- Геологическое строение района среднего течения реки Нижняя Борзя
- Геологическое строение Северо-Комсомольского месторождения и проект доразведки залежей нефти и газа пласта ПК1 меловых сеноманских отлож
- Геология Верхнетисской площади и методика проведения поисковых работ на рудное золото на Верхнетисском участке (Енисейский кряж)
- Геология Верхнечонского нефтегазоконденсатного месторождения и геохимическая характеристика нефти, газа и конденсата