Кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижелерін талдау
Кіріспе
Нарықтық экономикада ұдайы өндіріс процестерінде жан-жақты экономикалық байланыстарын бiлдiретін және кәсiпкерлiк қызметінің мақсаты ретiнде болатын пайда орталық орында орналасады. Пайданы өсіру талпыныс оны жеке кәсiпорындар ғана емес, елдің де экономикалық және әлеуметтiк дамуының бас қозғаушы күші және негiзгi көзiне айналдырады.
Кәсiпорындардың шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерiн сипаттайтын басты сапалық көрсеткiштерiнің бiрі пайда болып табылады. Сондықтан, экономиканың қазiргi даму кезеңдерiнiң өзектi мiндеттерiнiң бiрi нарықтық қатынастардың субъекттердiң жедел инвестициялық және қаржылық қызметi процесiнде пайданы құрастыруын қазiргi әдiстерiмен басқару жетекшiлермен және менеджерлермен меңгеруі болып табылады.
Пайда - бұл кез келген жеке меншiк нысандағы кәсiпорындармен құрылған ақшалай қорлардың негiзгi бөлiктерінiң ақшалай өрнегi. Экономикалық санат ретінде ол қалай кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметінің қаржылық нәтижесiн мiнездейдi. Пайда өндiрiстiң тиiмдiлiгiн шығарылған өнiмiнiң көлемімен сапасын, еңбек өнiмдiлiгінің жағдайын, өзiндiк құнның деңгейiн ең толық бейнелейтін көрсеткiш болып табылады. Сонымен бiрге, пайда коммерциялық есептеудiң күшейюiне, кез келген жеке меншiк нысаны кезінде өндiрiстiң интенсификациясына жағдай жасайтын әсерін көрсетеді.
Пайда - кәсiпорындардың шаруашылық қызметінің жоспары мен бағалаудың негiзгi қаржылық көрсеткiштерiнің бiрі болып табылады. Пайданың арқылы есебiнен кәсiпорындардың ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық дамыуы бойынша шаралардың қаржыландыруы және олардың қызметкерлерiнiң еңбекақы төлем қорын өсіруі iске асырылады. Ол кәсiпорынның iшкі шаруашылық қажеттiктерiн қамтамасыз етуiнің қайнар көзі ғана емес, сонымен, бюджеттiк қорларды, бюджеттен тыс және қайырымдылық қорлары құрастыруында маңызды болып табылады.
Пайданың көп аспектлі мәнi мемлекет экономикасының нарықтық шаруашылықтың негiзiне көшу кезінде күшейеді. Кез келген жеке меншiк нысанындағы кәсiпорын қаржылық дербестiгiн және тәуелсiздiк алып бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен аударымдар төлегеннен кейін қалған пайданы қандай мақсаттарға және қандай мөлшерде бағытталуын шешімдер қабылдауға құқықты.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi пайданы терең зерттеуiсiз шаруашылықтың тиiмдiлiгiн жоғарылатудың мәселелерін шешуге, қорлардың ең аз шығындары кезінде биiк түпкi қаржылық нәтижелерге жетудегі кәсiпорындардың жетекшiлерiмен мамандарыдың және тағы басқа қызметкерлердiң заттық мүдделiлiктерін және жауапкершiлiктерін күшейтуге ғылыми әдіс-амалдардың мүмкiн емес болуында.
Кәсiпорындардың шаруашылық қызметтерінің түпкi қаржылық нәтижесi пайда болып табылады.
Пайда - нарықтық қатынастардың ең маңызды дәрежесi, оған үш міндет тән:
- кәсiпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттайтын экономикалық көрсеткiш;
- оның үлестiрiлу және қолдану процесінде көрсетiлетiн ынталандыру міндеті;
- кәсiпорынның қаржылық ресурстарды құрастырудың негiзгi қайнар көздерінің бiрі.
Пайда - айналымдағы қаражаттардың өсуiнің, жаңартудың және өндiрiстi кеңейтудің, кәсiпорынның әлеуметтiк дамыуының негiзгi қаржыландыру қайнар көзі, сонымен бiрге, әртүрлi деңгейлі бюджеттердiң кiрiс бөлiктерiн құрастыруының ең маңызды қайнар көзі болып табылады.
Пайданың өсуі, ұйымның нарықта ары қарай табысты жұмыс жасауының кепiлі болып табылады.
Сонымен бiрге, пайданың өсуi тауарларға айғақсыз бағаның өсуiмен, және тұтынушыларға залал келтіретін кез келген жолдармен талпыныс жасау арқылы биiк табыстар алумен іске асуы мүмкін.
Қазiргi жағдайларда нарықтың субъекттердiң маңызды басымдылығы олардың мүдделерiн қорғауындағы ойлап-пiшiлген саясат, нысананы көздейтiн, шығындылықты жеңу, шаруашылықтың тиiмдiлiгiн жоғарылату, ары қарай дамыту және кәсiпкерлiк қызметін жетілдіру мақсатымен оңтайлы пайда алу болып есептеледi.
1 Кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткішері және оларды талдаудың теоретикалық және әдістемелік негіздері
1.1 Кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткішері және оларды талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықталады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" [1].
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы". Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін[2].
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық өлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі др те мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады[3]:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
• табыстың өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық қызметінің абсолютті көрсеткішері және оларды талдаудың негіздері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың, тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген (Кесте1 қараңыз) [4].
Кесте1
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ | Көрсеткіштер | Есептік бағасы бойынша мың тг. |
1. | Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы |
|
2 | Тауарлы өнім шығару |
|
3. | Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы |
|
4. | Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар+2 қатар - 3 қатар) |
|
5. | Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс |
|
6. | Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар) |
|
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
• біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
• екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау темендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
• үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта) [5].
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды [6].
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (Кесте 2 қараңыз).
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер [7].
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
Кесте 2
Кәсіпорынның жалпы табысын анықтау
№ | Көрсеткіштер | Жоспар бойынша | Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша | Нақты |
1. | Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс |
|
|
|
2. | Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
|
|
|
3. | Жалпы табыс (1қатар-2қатар) |
|
|
|
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
Мұндағы: QiH - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
SiH - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
SiЖ - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
Мұндағы: РiH және РiЖ - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін көрсетті.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) "өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
2) "өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын "өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі) [8].
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. "Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Жалпы табысты талдау нәтижелері кестеде көрсетілген (Кесте 3 қараңыз).
Кесте 3
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ | Көрсеткіштер | Сомасы, мың тг | Жоспарлы табысқа %-бен |
1. | Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
|
|
2. | Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
|
|
3. | Өнімді өткізу көлемінің артуы |
|
|
4. | Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер |
|
|
| Жиыны: |
|
|
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
1) өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кесте құрастырылады (Кесте 4 қараңыз).
Кесте 4
Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер | Өткен жылғы | Есепті жылғы |
1 | Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс |
|
|
2 | Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны |
|
|
3 | Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
|
|
4 | Баға индексі |
|
|
5 | Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
|
|

- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқаруды жетілдіру
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
- Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі
- Кәсіпорынның меншікті капиталын басқару
- Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
- Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
- Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері