Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

                                           М А З М Ұ Н Ы

                                                                                                                      

                                   

                    

 

КІРІСПЕ

 

1.

 

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1

Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары

1.2

Жұмыссыздықтың түрлері

1.3

Жұмыссыздықты  реттеу  механизмінің қалыптасуының  негізгі  қағидалары

2.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА  ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1

Жұмыссыздықтың    қазіргі   мәселелері

2.2

Әлеуметтік  топтардың жұмыссыздық деңгейі

2.3

Алматы қаласы   бойынша    халықтың    жұмыспен   қамтылуын   талдау

3.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

3.1

Жұмыссыздықтан  сақтандыру жүйесінің    шетелдік   тәжірибесі

3.2

Халықтың   жұмыспен    қамтылуын     реттеу   шаралары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі қазіргі дағдарыс кезіндегі ең негізгі және маңызды мәселе болып табылады. Себебі нағыз әлеуметтік-экономикалық, этникалық проблема бұл – жұмыссыздық мәселесі. Өйткені, адамдар жұмыссыздыққа ұшырап өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себебінен әрқилы әлеуметтік те, экономикалық та және тағы да басқа проблемаларға тап болады. Ал бұл отбасының дамуын, отбасы жалпы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоғамның дамуын, ол өз кезегінде  Қазақстан қоғамының дамуын тежейді.

Жалпы еңбек  нарығындағы   қолайсыз  жағдайларға  қарамастан    еліміздің   орнықты  дамуы - тұрақты   жұмыспен  қамту  саясатымен  тығыз  байланысты. Экономиканың  нарықтық  қатынастарға  көшу  кезеңінде  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  жұмыспен  қамту   және  жұмыссыздық жағдайларымен  бетпе-бет кездесті. Нарықтық  экономиканың қалыптасуына әсер ететін, қаржылық нарықтық инфрақұрылым шарттары әлі де болса жеткіліксіздігінен, көптеген әлеуметтік проблемалар, соның ішінде, еңбек және жұмыспен қамту саласында көптеген кемшіліктер бетала бастады. Отандық өндірістің дамуына ықпалын тигізетін экономикалық және қаржылық  механизмдерінің жетіспеушілігі  кейбір  аудандарда  әлеуметтік  қақтығыстың  пайда болуына әкеліп соқтырды, яғни кедейшілік пен жоқшылыққа әкелді. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан-2030» даму стратегиясының ең негізгі басымдылықтарының бірі - Бүкіл Қазақстандықтардың  гүлденуі, жағдайының  жақсаруы – жұмыссыздық пен кедейшілікке  қарсы күрес болып отыр. Бұл басымдылықтың негізінде қаржылық сектордың, яғни, микронесиелендіру, ұлттық капиталды белсенді түрде тарту, қоғамдық  жұмыстармен мен қызмет  көрсетулер деңгейін жоғарылату болып табылады. Қазіргі кезеңде экономиканың нақты секторында  жұмыссыздықпен  күресу  проблемасын жаңа  жұмыс орындарының құрылуымен, жұмыспен  қамту саясатының  белсенді  жүргізілуімен және  жұмыссыздықтан  сақтандыру  жоспарларымен шешу  керек.

Дипломдық  жұмыстың мақсаты: халықты  жұмыспен  қамту мен жұмыссыздық мәселесін талдау және реттеу  механизмін теориялық- методологиялық негіздеу .

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

    1. Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық проблемасының теориялық негіздерін талдау
    2. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық, этникалық проблемаларына талдау жасау
    3. Қазақстандағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық механизмін реттеу жүйесін жетілдіру

      Отандық  экономиканың  шетел тауарларымен қызмет  көрсетуіне ризашылығы, өзімізге  кері әсерін  тигізіп, бәсекелестік  орта тудырады. Жоғарыда  айтылған  проблемалардың  шешімі, жұмыспен  қамтуды  реттеу механизімінің  қаржылық және  ұйымдық - экономикалық  өңдеуде ғылыми  зерттеулерімен  тығыз  байланысты, яғни, жұмыссыздықты  төмендетуде теориялық, сонымен  қатар, тәжірибелік  жоспарда қарау  керек.

        Нарықтық  қатынастардың  құрылу кезеңіндегі  мемлекеттік  әлеуметтік  саясаттың  ең негізгі  міндеттерінің  бірі  - жұмыспен  қамтылғандарды жұмыссыздықтан  сақтандыру болып  есептеледі. Бұл  жүйе дамыған  мемлекеттерде алдыңғы жүз жылдықта белсенді  қолданылған. Экономикасы жаңа дамып  келе  жатқан   елдерде, яғни, Қазақстан  Республикасында  бұл  жүйе  төменгі  дәрежеде  дамыған. Қазіргі кезде  бұл  жүйе  әлі  теориялық  және  тәжірибелік  негізде  толық  зерттелмеген.

       Жұмыссыздықтан  әлеуметтік  қорғау  саласындағы ғылыми талқыланған   жүйесінің  болуы, қоғамның  экономикалық  потенциалын  нығайтып, мемлекетті тұрақты экономикалық  өсуге  еңбек  және  жұмыспен  қамту     саласынды  мемлекеттік   саясатты  орындауға  мүмкіндік   болар  еді.

        Экономикалық  өсу  адам  әлеуетін  дамыту  және  адам  бойындағы  таңдау  қабілетін  ұлғайту  үшін  кең  мүмкіндіктер  ашады. Осы  әлеуетті  іске  асыру  мақсаттарында  адамдар  анағұрлым  негізді   таңдау  жасай  білулері  үшін  бойдағы  мүмкіндіктерді ұдайы  кеңейтіп  отырулары тиіс. Жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз ету  экономикалық  өсу  мен  адам  дамуына  мүмкіндіктер  жасау   арасындағы  негізгі  сабақтастырушы  буын болып  табылады. Барлық  экономикалық  мүмкіндіктердің  ішіндегі  ең  маңыздысы  Жұмыспен  қамтылу  немесе  жұмыс  істеу, лайықты  тұрмыс  деңгейіне  жету  үшін  талап  етілетін бірқатар   тауарлар мен қызмет  көрсетулерді   иеленуге  жағдай  жасайтын  табыстармен  адамды  қамтамасыз  етеді. Бұл  орайда    жұмыспен  қамтылу  тек  ақылы  жұмысты  ғана  емес, сонымен  қатар  тіршілікке  қажетті  қаражаттар  табудың  барлық  тәсілдерін ұйғарады.

       Адамдар  өз  жұмысын   ақшалай   сыйақылар   әкелуден  бөлек   көптеген  өзге  себептер  бойынша   да  қастерлей  біледі. Жұмыс   қоғам  өміріне  адамның   белгілі бір  үлес  қосуына   және  шығармашылық  әлеуетін   іске  асыруға  мүмкіндік   береді. Жұмыс   адамның  өзін-өзі   сыйлау  сезімін  және  жеке  басының  қадір-қасиетін  нығайтуға   сеп  болатын  сый - құрметке  ие  болады. Жұмыс  істеу   сондай-ақ, адамның   ұжымдық   шешімдер  қабылдауға  қатысуына   және  адамдармен   қарым-қатынас   жасауына  ұйытқы  болады.

      Жұмыс   тұрмыс - салтымен  біте  қайнасады, өйткені    адам еңбек  қызметінің   қай  түрін таңдауына  байланысты   өзінің   өмір  жолын  белгілейді. Жұмыс  түрін    дұрыс  таңдауына  адамның  тек  экономикалық     қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік  және  саяси   әлеуетін  арттырып, өмірге кең мүмкіндіктер  ашып  береді.

Түйіні: дипломдық жұмыс үш негізгі тараудан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.     

 

 

1.  ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1.  Халықты  жұмыспен  қамту мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері,  негізгі функциялары

 

Қазіргі заманғы экономика жағдайындағы маңызды категориялардың бірі – нарық екені белгілі. Нарық әр түрлі болып келетіні  мәлім және олардың әрқайсысының  өзіне тән теориялары бар. Нарықтың түрлерінің теориялық  негіздеріне тоқталмас бұрын  нарықтың өзінің  мәнін анықтап алған жөн. Олай болса нарық деген не? Нарық дегеніміз тауар мен қызметті сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі, қалыптасу процесінде айырбас объектісіне нарықтық баға белгіленіп, оның меншік иесі ауысып отыратын айырбастың жақтары арасындағы байланыс формасы.

Ал енді нарықтың негізгі түрлерінің бірі еңбек  нарығының теориялық негіздерін анықтап көрейік. Еңбек нарығының  теориялық негіздерінің  тарихына тоқталатын болсақ, оның іргетасының  қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқснын байқаймыз. XIX және XX ғасырларда еңбек нарығы теориясы А. Маршал, Д. Кейнс, П. Самуэльсон, К. Маркс сияқты т.б. көрнекті экономист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.

Экономика ғылымында алғаш  және айтарлықтай  көлемді түрде еңбек нарығының  теориялық іргетасын қалаған  классикалық мектеп өкілдерінің  үлесіне тоқталар болсақ, алдымен  ауызға шотланд экономисті Адам Смит алынары сөзсіз. Адам Смиттің еңбек  нарығының теориялық негіздерін қалаудағы үлесіне келсек, оның ілімі  материалдық, қаржылық және адамзат  ресурстарын оптимал түрде пайдалану  шарты ретіндегі еркін бәсекелестік туралы тезисіне негізделді. Ол ел экономикасындағы халықты жұмыспен қамту көлемі бір  жұмыскердің жалақысының орташа ставкасының мөлшерімен анықталатынын  дәлелдеді.

Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Еңбек нарығы нарықтық қатынастарға қатысушы жақтар немесе нарық субъектілері; нарық субъектілерінің қатынастарын реттейтін құқықтық актілер; нарық конъюнктурасы; халықты жұмыспен қамту қызметі; еңбек нарығы инфрақұрылымы; өндірістен босатылған, жаңа орынға ауыстырылған жұмысшыларға арналған әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер жүйесі;  жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің альтернативтік уақытша формалары сияқты элементтерден тұрады.

Енді  еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі ретінде жұмыспен қамтудың теориялық  негіздерін қарастырып көрейік. Жұмыспен қамту – бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін, жұмысшы мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін, ақы төленетін жұмыс орындарындағы табыс табуға мүдделілігін көрсететін еңбек қызметіне қатысуы жөніндегі  қатынастар жиынтығы.

Жұмыспен  қамтудың  алғашқы теорияларының  бірі классикалық теорияға келетін  болсақ, аталмыш теория нарықтық жүйе  адамзат ресурстарын қоса алғанда, барлық ресурстарды толық пайдалануды, яғни экономикадағы халықты жұмыспен тұрақты және толық қамтамасыз етеді  деген қағиданы ұстанады. Сонымен қатар осы терияның негізін қалаушылар жұмыспен қамту көлемі бір жұмысшының жалақысының орташа ставкасына тәуелді болатындығын айтты.

Маршал жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтты.Ұзаққа созылған дағдарыс классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды. Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды  дәлелдеуді талап етті. Осыған байланысты Д. Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде жазылған жұмыспен қамту мәселесі «кейнстік экономикалық теория» деген атқа ие болды. Бірақ оның теориясында  нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өздігінен  әрекет ететін механизм жоқ. Сондай ақ, ол баға мен  жалақының икемділігі, сондай ақ , толық жұмыспен қамтуды қолдай алатын, нарықтық реттеу тетіктері ретіндегі процент ставкаларының ауытқуы туралы жұмыспен қамтудың классикалық теорияларын жоққа шығарды. Кейнстің пікірінше жұмыспен қамту деңгейі тұтынуға кететін шығындар мен капиталдық салымдардан құралатын эффективті сұраныс динамикасымен анықталады. Оның іліміне сай айналымдағы ақша санын ұлғайту өндірісті кеңейтуді және тауар ұсынысын өсіруді ынталандырады, сондай ақ, халықтың жұмыспен қамтылуын өсіруге және әскери шығындарды көбейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен, жұмыспен қамту жөнінде Д. Кейнс жасаған экономикалық теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе теңдігіне инфляция мен  жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары деңгейінде де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды  қолдау, процент нормасын реттеуге ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық сұранысты, оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.

Жұмыспен  қамту теориясының келесі бір  түрі неоклассикалық теорияның жаңа бағыты – монетаризмнің негізін америкалық экономист М. Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты. Сондай ақ, М. Фридман: «Инфляция емес, болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, нақты факторларға сәйкес келетін жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады...Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады... Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, тек уақытша таңдау болуы мүмкін...Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты азайтуы мүмкін ал жоғарғы қарқыны өсірмейді... Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар ол – ақша санының өсу қарқының баяулату», - деген тұжырым айтты.

Олай  болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез келген әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауы тиіс.

Жұмыспен  қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі – К. Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы, капиталдың органикалық құрылымының өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағиаларға негіделеді. Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида – капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі. Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді. Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе, кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен болуын көздейді. Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды, жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді, жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсімімен салыстырғанда, баяу ұлғаяды. Осыған байланысты К. Маркс өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол мынадай: «жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат өндіреді, ал  ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады». Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады.

Сонымен қарастырылған теориялық сұрақтар еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын анықтауға сондай-ақ, аймақтық деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы жұмыспен қамту туралы ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Мысалы А. Э. Котляр өз еңбегінде: « Социалистік құндылық, оны сақтап қалу, белгілі бір жағдайларда, шығынға  ұшырауды талап етеді. Ондықтан да социалистік  қоғамдық жағдайда да жұмыссыздыққа  сөзсіз жол бермеу тұрғысынан, жұмыспен толық қамтуды сақтап қалу үшін ұтымдылық  деңгейін, яғни экономикалық тиімділікті  де мүмкін деп табады» - деп атап көрсеткен.

Классикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит жұмыспен қамту жөнініде : «оның  көлемі бір жұмысшының еңбекақысының  орташа мөлшеріне байланысты анықталады, себебі олардың арасында тікелей байланыс бар: шамадан тыс жоғары еңбекақы төлеу жұмыспен қамтудың толық болмауына, еңбек ресурстарының толық пайдланылмауына әкеліп соқтырады- деп атап көрсеткен. Ол құбылмалы нарықтық механизм  табиғи (қалыпты, орташа) еңбекақыны белгілі бір деңгейде ұстай алады деп есептеді. Еңбекақының  едәуір өсуі халықтың еңбек ресурстарының өсуіне, жұмыс күшінің ұсынысының ұлғаюына және жұмысшылардың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде бұл факторлар еңбекақының табиғи деңгейінің, табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады да соның салдарынан тұрғындардың бала тууы азайып, еңбек ресурстарының саны кемиді де нәтижесінде жұмыс күші ұсынысы түседі  және кәсіпкерлердің арасында бәсекелестік күшейеді. А. Смит ілгермелі өсу заңдылығына сәйкес келеді және еңбекке деген сұраныстың жоғарылау шарты»- , дейді.

А.Смиттің  ілімін жалғастырушы Д. Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы тауар болып  табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да, оның маңайында  ауытқиды деген. Құбылмалы реттеушінің  әсерінен (елдің халқының қозғалысынан) еңбекақының ең аз мөлшері мен  оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік қалыптасады А. Маршалдың: «еңбек нарығында басымдылық сатушылардан гөрі сатып алушылар жағында болады, себебі «әрбір жұмыс күшін сатушы оның тек бір данасына ғана қожа» - деген сөздері де өте орынды.

Дж. М. Кейнстің теориялық тұжырымдамасының басты  мәселесі, оның ойынша, «адамдар көбінесе табыстары өскен сайын тұтынымдарын да өсіруге бейім, бірақ бұл табыстың өсу мөлшеріне толық сәйкес емес»  дейтін тұжырымнан туындайтын «негізгі психологиялық заң» арқылы анықталатын  «тұтыну бейімділігі» мен «сақтау  бейімділігі» арасындағы функциялық байланысты табу. «Тұтыну бейімділігінің» әрқашан бірден аз екендігі ескерілгенде тұтыну сұранысы өндірілген өнімнен кем болады. Сұраныс жеткіліксіздігі «инвестициялық сұраныстың» өсуімен толықтырылуы мүмкін. Дж. М. Кейнс инвестицияларды кеңейту - өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың араларындағы үзілісті жеңудің ғана емес, сонымен қатар өндірістің қажетті деңгейіндегі өсуіне сәйкес «толық қамтылуды» қамтамасыз етудің, яғни жұмыссыздықты жоюдың да басты құралы деп есептеген. Бұндай байланыстың бар екендігіне классиктер де назар аударғанын атап өткен жөн. Мысалы, А. Маршал «заттық капиталдың өсуі оны пайдаланудың жаңа салаларына жол салуға итермелейді, бұл қол еңбегіндегі қамтылу ауқымын кездейсоқ тарылтып жіберуі мүмкін болғанымен де, тұтастай алғанда қол еңбегіне және өндірістің басқа да факторларына деген сұраныстың айтарлықтай өсуіне әкеледі»,- деп атап көрсеткен. Ол әрі қарай Дж. Стюарт Миллмен келіспеушілік білдіре отырып, тауарға деген сұраным көбіне жұмысқа деген сұранымды да туғызады деген қорытынды жасайды.

«Классикалық  емес» теорияның жаңа бағытының  жұмыспен қамтудың монетарлық теориясының  көш бастаушысы американ экономисті М. Фридман болып табылады. Ол: «қамтылудың  жоғары деңгейі тек баға біршама  тұрақты болғанда ғана мүмкін»,- деп тапты. М. Фридман: «кез-келген инфляция маңызды емес, тек шегерілмеген инфляция ғана маңызды; инфляция мен жұмыссыздықтың арасында орнықты келісім болмайды, жұмыссыздықтың нақты факторларға сәйкес келетін табиғи деңгейі бар... жұмыссыздықты бұдан төмен деңгейде тек жеделдеген инфляция арқылы ған, ал бұдан жоғары деңгейде тек жеделдеген дефляция арқылы ғана ұстауға болады», - деп жазады. « Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты төмендете алады, ал жоғары қарқыны – төмендете алмайды». «Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар ол – ақша санының өсу қарқының баяулату». Жоғарыда айтылғаннан мынаған келеміз – жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін ұстап тұрудың шарты тұрақты бағаға немесе ақша ұсынысының жылдық орташа өсу қарқынын  4 пайыз деңгейінде ұстауға қол жеткізу.

 Толық   және  белсенді  жұмыспен  қамтылу   жағдайлары, жұмыс-сыздықтың  төмендеуі    экономикалық  теорияда  негізгі  орынды  алады. Экономикалық  жүйенің  дамуында    мемлекеттің  араласуы  қажет.

       Шетелдерде   жұмыспен  қамту   және  жұмыссыздық   жағдайларын   талқылау   құлдырау  кезінде  де, қазірде де актуалды  қаралуда. Жұмыспен  қамту  және жұмыссыздық   жағдайларын  зерттей  келе,  казіргі  кезде  әлемдік   көзқарас   бойынша  көптеген  қақтығыстарға  ие.

      XX ғасырдың  басында  әлемдік   масштабта   жұмыссыздық  деңгейі   жоғары  болғанда, жұмыссыздық - бұл   әлеуметтік  қатер  болып   қаралды. Бұл  жағдайға мемлекеттік   реттеу талап  етілді. Ал  ХХ  ғасырдың  орта кезінде  әлеуметтік  еңбек  қатынастарының  даму  шарттары  және  нарықтық  экономикадағы   құрылған  қоғам     негізінде   жұмыссыздық  түсінігіне дәстүрлі  жаңа  көзқарас  қалыптасып, жұмыссыздық  - мемлекетке  зиян  келтірмейтін  ауыспалы  әлеуметтік  құбылыс.

      Экономикалық  ұстаным  көзқарас  тұрғысынан  жұмыспен  қамтылу  -еңбекке  қабілетті   халықтың   қоғамдық  өнім жасау  жөніндегі   әрекеті. 

      Жалпыэкономикалық санат ретінде   жұмыспен  қамтылуды  анықтаудың  үш  тәсілі  бар:

1. Жұмыспен  қамтылу  жұмыс  күшінің   сұранысы  мен  ұсынысы  баланыстылығының  көрінісі  болып  табылады. Жұмыс  орындары  мен   қызметкерлердің   саны  бойынша, сондай-ақ  сапасы  бойынша  да.

2. Жұмыспен  қамтылу  еңбек  ету  үрдісі  немесе  жеке  адамдарға  табыс   әкелетін әрекет. Бұл  ретте   осы  заңға қайшы  келмеуін   атап  көрсеткен  аса  маңызды.

3. Жұмыспен  қамтылу  әлеуметтік - экономикалық  және  әлеуметтік  еңбек  қатынастарының  жиынтығы  іспеттес, оларды  қалыптастыру   мен  реттеу  заңнамалық   және  құқықтық  нормаларға,  еңбек   келісімдеріне  негізделеді.

      Әр түрлі  түсіндірмелерді   ескеру  арқылы  жұмыспен  қамтылудың  толық анықтамасы былайша  болуы мүмкін: жұмыспен қамтылу - нақты адамдардың  жеке  және  қоғамдық  қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты  заңға қайшы келмейтін   әрекеті, ол  жұмыс істейтіндерге   жалақы немесе  еңбек табысын  әкеледі, сондай-ақ  ол  еңбек  рыногындағы   жұмыс күшінің сұранысы  мен  ұсынысының  сандық  және  сапалық  баланстылығы дәрежесінің  көрінісі  ретінде пайда  болатын  әлеуметтік -экономикалық  қатынастар.

Халықаралық    еңбек  ұйымының  стандарттарына  сәйкес  елдегі  халықтың  барлығы  экономикалық  белсенді   және  экономикалық  белсенді  емес  топқа  бөлінеді.

Экономикалық  белсенді  халық -  статистикалық бақылаудың  есепті  мерзімінде  материалдық құндылықтармен  қызмет  көрсетулерді  өндіру  үшін  өздерінің еңбектерін  ұсынатын  адамдар. Осындай халықтың  қатарына қатардағы халық, сондай-ақ   қарулы  күштерде  қызмет  атқарып жатқан адамдарда кіреді  және  ол  екі құрамдас  бөліктен тұрады: жұмыспен  қамтылғандар  мен  жұмыссыздар.

       Экономикалық    белсенді  емес  халыққа - жасына  қатыссыз  жұмыспен  қамтылғандардың    және   жұмыссыздардың   санына кірмейтін   барлық  адамдар  жатады.

Жұмыспен  қамтылған  халыққа, ХЕҰ  стандарттары  бойынша, еңбекке  жарамды  жасқа  жеткен  және  олардан  ересек, жалданып  жұмыс  істейтін  және  өзін -өзі  жұмыспен  қамтитын   адамдардың  барлығы  жатады. Олар -  кәсіпкерлер, өздерінің  есебінен  жұмыс  істейтіндер, өндірістік  кооперативтердің  мүшелері, көмектесуші  отбасы  мүшелері, сыйақыны  ақшалай  немесе  заттай  алатын  оқушылар, жалға  ішінара       жұмыс  істеген  студенттер, үй  шаруасындағы  әйелдер  және  өздігінен  жұмыспен  қамтылғандар, тұрақты  немесе  мерзімдік   қызметтегі әскери   қызметкерлер.

      Жұмыспен  қамтылуды  өнімді, әлеуметтік  пайдалы, толық  және  толық емес  деп  жіктейді.

       Өнімді    жұмыспен  қамтылу - халықтың  қоғамдық  өндірісте жұмыс істеулері.

        Әлеуметтік  пайдалы  жұмыспен  қамтылу    тек  қоғамдық   өндірісте  жұмыс   істейтін   адамдардың ғана  емес, сонымен  бірге  әскери  қызметкер-лердің, еңбекке  жарамды  жастағы   оқушылардың, үй  шаруашылығын  жүргізумен    айналысушылардың, балаларға  қарайтындардың  санымен  анықталады.

        Жұмыспен  толық  қамтылу - қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы  бар, кезеңдік   жұмыссыздық орын  алмайтын қоғамның жай - күйі.  Бұл орайда   уақытша және   құрылымдық  жұмыссыздықпен  анықталатын жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі сақталады.

        Бүтіндей келе   жұмыссыздық - барынша  қажет  емес  құбылыс  және  оның  нәтижесі мен  деңгейін  үнемі  қысқартып  отырған  жөн. Жұмыспен  қамту және  еңбек  нарығының  белсенді  критерийлерінің    негізі  жұмыссыздық  деңгейінің   жоғарылығы мен  үздіксіздігі  болып табылады. Жұмыссыздық  жеке  жұмыскерлер үшін  ғана  емес, кез - келген ұжым  үшін  негізделген  жағымсыз  құбылыс.

       Ғылыми - методикалық   әдебиеттердегі  талдауларға  жүгінсек,  шетелдерде  бұл  жағдайды  шешуге  бағытталған   өңдеулерді  біздің  мемлекетте  қолдана  алмаймыз.  Қазақстанда  бұл  өңдеулерді   қолдану   тікелей мемлекеттік  мекемелердің, акционерлі,  ортақ  мекемелермен  тығыз  байланысты.[10]

       Республикада  әлеуметтік - экономикалық  дағдарыстың  тереңдеуі әсіресе, 90 - жылдардың  ортасына  таман   халықты жұмыспен  қамту

жүйесінің  қалыптасуына   кері  әсерін   тигізді.

       Қазақстандағы  халықты  жұмыспен  қамту  жүйесін  келесі  кезеңдерге  бөлуге  болады:

       1 – кезең. 1990 - 1992ж.ж. Жұмыспен  қамту  қызметінің   жаңа  мемлекеттік     құрылуы,  еңбек  нарығының қалыптасуы  болып  табылады.

       2  -  кезең. 1992 - 1996ж.ж.  Өндірістің  тұрақсыз  болуы. Экономикалық  дағдарыстың  асқындауы - еңбек   нарығындағы  көптеген   қолайсыз  жағдайлар туғызды.  Осыған  байланысты    жұмыспен  қамту  жүйесін   басқару  қиындай  түсті.

3 – кезең. 1997 - 1998ж.ж. Жұмыспен  қамту   орталықтарының   белсенділігі,  шағын  және орта  бизнестің    салдарынан жұмыс   орындарының   пайда  болуы, қоғамдық  жұмыстардың   жүргізілуі. Мемлекеттік  қорға   қаржылық  ресурстарының түсуінің  төмендеуі,  халықты  жұмыспен  қамту    жұмыссыздық жағдайларымен   белсенді  түрде  айналысуға  мүмкіндік  берген  жоқ. 

4-кезең. 1999 жылдан  қазіргі  уақытқа   дейін.  Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздық    жағдайларын   шешуге  негізделген  жаңа  концепциялардың  пайда болуы.  Соңғы  жылдары  жұмыссыздық   халықтың  қалың  топтарын  қамтуда   және барған  сайын   ұлғайып  келеді. Оның  деңгейі   экономикалық ынтымақтастық   және  даму  ұйымына  кіретін   елдердің  барлығында  дерлік    өсу  үстінде. Тіпті  экономикалық   өсудің   жоғарғы    қарқындары   белгіленген  дамушы  елдердің  көпшілігі  халық  санының   өсуінен  қалып  қоймаулары  үшін  біршама  жылдам  қарқындармен  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту    мәселесін  әрең  игеріп  отыр.  Жұмыссыздық - экономикалық  өсу    жетістіктерінің адам  дамуына   ықпалын   азайтатын  құбылыс.  Біріншіден, ол адамдармен үй  шаруашылықтарының   белгілі   бір  бөлігін   экономикалық  әрекет  жағдай  жасайтын мүмкіндіктерге  қол жеткізуден  айырады. Олар  үшін  адам  дамуы жағдайлары  едәуір  нашарлайды. Екіншіден,  жұмыссыздық   еңбек  дағдыларын  жоғалтуға,  яғни  жинақталған  адам капиталынан   айырылуға  ұшыратады  және  осылайша  ол  адам  дамуына   теріс  ықпалын  тигізеді.  Үшіншіден, жұмыссыздық  тек   жеке  адамдардың ғана емес,  сонымен  бірге  жұмыссыздардың  әл - ауқатының  деңгейін   қолдауға  мемлекеттердің  жұмыспен  қамту   жөніндегі   түрлі  бағдарламаларын  іске асыруға байланысты  елеулі  әлеуметтік    шығындарға  ұшыратады,  ал  мұндай  жағдай  адам  дамуына   анағұрлым  тиімді  бағытталуы  мүмкін  ресурстарды  қоғамнан  оқшауландырады. Сонымен,  жұмыссыздық  құбылысы  қоғам   үшін  қазыналық  жоғары  шығындарды, адам  капиталынан  айырылуды, әлеуметтік  саралаудың   күшеюін, жастар  проблемасының шиеленісуін  білдіреді.

Сонымен, қарастырылған териялық сұрақтар еңбек  нарығы мен жұмыспен қамтудың қазіргі  жағдайын анықтауға, сондай-ақ, аймақтық деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

      

 

1.2 Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың түрлері

 

      Жұмыспен  толық  қамтылмаудың   екі  түрі  бар:  көзге  көрінетін   және   жасырын. Біріншісі  толық   емес  жұмыс  уақытымен   жұмыс  істейтін   адамдар  санымен   тұлғаланады. Екінші  түрі  не  еңбек  ресурстарын  дұрыс  бөлмеуді  немесе  еңбек   пен  өндірістің  өзге  факторларының  арасындағы  баланстың  бұзылуын  көрсететін   талдамалық  ұғымды  білдіреді. Жасырын  толық  емес  жұмыспен  қамтылудың   өзіндік  белгілеріне   төмен  табыс,  төмен  еңбек  өнімділігі, жұмыс  істейтіндердің  біліктіліктерін  толық  пайдаланбау  жатады.

Еңбек  рыногын реттеу  үшін    икемді  қамтылудың  түрлі  нысандары  қолданылады. Олар  толық емес   жұмыс  уақытының  түрлі  режимдерінде   жұмыспен  қамтылу,  қызметкерлердің  әлеуметтік  мәртебесімен   байланысты  жұмыспен  қамтылу,  стандартты  емес  жұмыс  орындарындағы  жұмыспен  қамтылу. Жұмыспен  икемді  қамтылу   нысандары  толық   жұмыспен қамтылумен   жұмыссыздық   арасында  аралық  аймақ  құрады. Нарықтық  қатынастар  жағдайларында   жұмыспен  қамту     мен  жұмыссыздық  проблемалары   өткір  қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық  құбылыс,  осы құбылыс кезінде елдің экономикалық  белсенді    халықтың  бір бөлігі  біршама уакыт тұрақты жұмыссыз немесе  жалақысыз болады.

      Қазіргі  экономикалық  ғылымдарда   «табиғи  жұмыссыздық»   деген  түсінік  қолданылуда. Кейбір  жұмыскерлер  өздерінің  жеке  басының  ерекшеліктеріне  байланысты, психологиялық, физиологиялық, білім  деңгейіне  байланысты     тұрақты  бір  жұмыс  орындарында  тұрақтай  алмайды. Көптеген  жұмыскерлер,  соның ішінде  жастар   көбіне  жұмыс  орындарын  өзгертіп  отырады. Мұндай  жұмыссыздық  фрикциондық    болып  есептеледі, бұл қоғамға  пайдалы, себебі  нәтижесінде  белсенді  және  рационалды  жұмыс  күшіне  ие  болады.

        Уақытша  жұмыссыздық  жұмыспен  қамтылғандардың   өз  ынталары  бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты,  осындай жұмыстағылар  өздеріне   ыңғайлырақ  жұмысты  өз  еріктерімен  іздейді.

       Құрылымдық жұмыссыздық   ғылыми-техникалық   прогресстің,  өнеркәсіптің  жаңа  салаларына  ашылуларының  ықпалымен   өндіріс  құрылымының  өзгеруімен  туындайды. Осындай  жағдайға   байланысты  жұмыс  күшіне   ұсыныс пен  сұраныс  арасында  сәйкессіздік  пайда  болады.

Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде