Басқару психологиясы дербес пән ретінде

№1 Тақырып. Басқару психологиясы дербес пән ретінде.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге басқару психологиясының мәнін түсіндіру. Басқару психологиясының негізгі мақсаты мен міндетін таныстыру, басқару пәніне кіріспе жасау. 

1.Басқару психологиясы: мақсаты,  міндеті, мазмұны және ерекшеліктері.

2.Басқарудың негізгі жолдары.

3.Басқарудың деңгейлері  және функциялары. Ұйымның мәні  және құрылымы.

 

1. Басқару қарым-қатынастарының  жүйесі екі әлеуметтік-психологиялық  феноменге арқа сүйейді:

    1. дербес басқару, яғни белгілі бір объектіге нысананы көздейтiн әсері;
    2. бағыну, яғни субъектінің  нысананы көздейтiн әсеріне қабылдағыштық және ұшырағандық әсері. Ол адамдардың өзіндік бағыну сезіміне байланысты болып келеді.

Зерттеушілер бағынудың  үш түрін белгіледі:

  • асауы (строптивое): қызметкер бағынуды мәжбүр етілген және сырттай байлалған қатынас сияқты қабылдайды; ол үшін бағыну және парыз түсінігі аса маңызды емес болып келеді;
  • селқостық (равнодушное): қызметкер өз жағдайымен қанағаттанған, себебі маңызды шешім қабылдауға керек емес. “Басқарушы ойлансын” қағидасын қолданады.
  • әрекеттік (инициативное): қызметкер бағынудың керектігін сезінеді және парыз сезімі әдетке айналып кетеді, бірақ әрекетті басып тастамайды.

Басқару психологиясының  өзінің пайда болуының және дамуының екі басты көзі бар:

  • тәжірибенің қажеттілігі. Қазіргі заманғы қоғамдық даму келесімен сипатталады: адам басқарудың объектісі де субъектісі де ретінде бола алады. Ол дегеніміз осы екі көзқарастардан адам туралы психикалық мәліметтерді есептеуді және зерттеуді  талап етеді:
  • психологиялық ғылымның даму қажеттілігі. Бұл жерде басты мақсат ол психикалық үрдістерді басқару, күйлерді, қасиеттерді және толығымен қызметті және адам мінезін басқара білу.

Қазіргі уақытта басқару  психологиясының объектісіне  екі  көзқарас қалыптасты:

  • объект болып келетін жүйелер «адам – техника» және «адам – адам», бұл жүйелер көмегімен  басқаруды ықшамдау мақсатында қарастырылған болатын. Басқарушының психологиясын және басқарушы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу.
  • Объект болып келетін тек қана «адам – адам» жүйесі, бұл жерде де сол бұл жүйемен басқаруды ықшамдау мақсатында қарастырылған. Аталған жүйемен бірге келесі кіші жүйелер қарастырылған: «тұлға – топ», «тұлға – ұйым», «топ – топ», «топ – ұйым», «ұйым – ұйым».

Басқару психологиясының  пәні деп, ұйымдардағы өзіндік тіл  табысу және әртүрлі біріккен қызметтерді  басқару үрдісінің психологиялық  аспектілері яғни басқарушылық қарым-қатынастардың  психологиялық аспектілері болып  табылады.

Басқарушы қызметінің психологиялық  аспектілері:

  • Жалпы басқарушылық еңбектің психологиялық ерекшеліктері, оның әртүрлі салалардағы өзгешелігі:
  • Басқарушы жеке тұлғасының психологиялық анализі,басқарушының жеке тұлғалық қасиеттеріне психологиялық талаптар.
  • Басқарушылық шешім қабылдаудың психологиялық аспектілері.
  • Басқарушының дара басқару стилі және оны өзгерту мәселелері.

 

Сонымен басқару психологиясы дегеніміз – бұл психологиялық ғылымның саласы, әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін басқару үрдісінің психологиялық акспектілерін зерттеу саласында біріктіретін және  үрдістің тиімділігін арттыру және ықшамдау бағыттарын қарастырады.

Басқару психологиясының  мақсаты – ұйымдық жүйелердің өмірлік іс-әрекетінің сапасы мен  тиімділігінің жоғарлату жолдарының жетілдірілуі.

2. Басқарудың негізгі  жолдары. 

Ең алғаш басқарудың психологиялық  аспектілеріне анализ жасаған Фредерик Тэйлор болатын. Ол өндірістің  ең төменгі  деңгейіндегі техникалық операциялар  мен процедуралардың орындалуына  көптеген зерттеуілер жасаған. Осы  негізде Тэйлоризм концепциясы  пайда болады. Бұл концепцияны  «үнемді адам концепциясы» деп те атайды.Осы зерттеулердің негізінде  Фредерик Тэйлор төмендегідей қағидаларды  ұсынған:

  1. Орындалуға тиісті жұмыстың көлемі арнайы әдістерді қолдану арқылы талдау жасау және жүзеге асыру.
  2. Белгіленген стандарттардан ауытқымау.
  3. Қызметкерлерді таңдау, оқыту, үйрету және жұмыс орнына орналастыру.
  4. Еңбек нәтижесіне байланысты жалақы төлеу.
  5. Функционалдық менеджерлердің еңбегін тиімді пайдалану.
  6. Басқарушы мен бағынушы арасындағы достық қарым-қатынасаты орнату.

Ғылыми менеджменттің  европалық мектептерінің ішіндегі ең жарық бейнесі Анри Файоль болған. Ол объектіні басқарудың кешендік көзқарасын ұсынған. Яғни оған қатысты құрылымдық бөлімшелердің барлық қызметін тиімді пайдалана білу.Осы жағдайда объект жақсы нәтиже алу үшін құрылған жүйе ретінде қызмет жасайды. Осы негізде  Анри Файоль кез келген ұйымға тән  және оған қажетті функцияларды ұсынған:

  1. Техникалық функциясы – яғни өндіріс.
  2. Коммериялық функциясы – яғни сату, сатып алу және айырбас.
  3. Қаржылық функциясы – яғни капиталды тиімді пайдалану.
  4. Қауіпсіздік функциясы – яғнм адам меншігін қорғау.
  5. Экканутинг функциясы – бұл функция бухгалтерлік есеп және талдау, аудит және статистика бағытындағы қызметтерді сипаттайды.
  6. Басқару функциясы – яғни жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау ретінде көрсетіледі.

3.Басқарудың деңгейлері  және функциялары. Ұйымның мәні  және құрылымы.

Ұйым дегеніміз – басқарушы  еркімен құрылған, қызметтері саналы түрде көздеген мақсатқа жету үшін үйлестірілген екі немесе одан да көп адамдардың жиынтығы.

Ұйымның үш сипаттамасы бар:

  1. Ресурстардың болуы.
  2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.
  3. Еңбек бөлінісі. Оның екі түрі бар:
  4. Көлденең еңбек бөлінісі.
  5. Тік еңбек бөлінісі.

Көлденең еңбек бөлінісі – нәтижесінде функционалдық  сипатына байланысты атқаратын жұмысына байланысты бөлімшелер пайда болады.Тік  еңбек бөлінісі – нәтижесінде  басқарудың иерархиясы қалыптасады. Соның  нәтижесінде басқару деңгейлері  пайда болады.

Кез-келген ұйымға тән басқарудың үш деңгейі бар:

  1. Техникалық – өндірістік операциялар мен процедуралардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Яғни төменгі буын ретінде қарастырылады.
  2. Басқарушылық – ол көлденең еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болады, бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Бұл деңгей ортаңғы буын арқылы сипатталады.
  3. Институционалдық – ол ұйым көлеміндегі қабылданған шешімдерді жүзеге асырумен сол шараларға байланысты стратегиялар мен басымдылықтарды анықтау мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл деңгей жоғарғы буын арқылы сипатталады.

Жеке тұлғаның қызметкерлер арасындағы мәртебесі жоғары болу үшін оның атқаратын роліне жеткілікті көңіл  бөлуіміз қажет. Өндірісті басқарудың және басқару қызметінің негізгі  элементі ретінде басқарушы ролі қарастырылады. Осы салада жан-жақты  зерттеулер жүргізген Генри Минцберг басқарушы роліне келесідей анықтама берген:

Яғни басқарушы ролі –  белгілі бір мақсаттар мен  міндеттерді орындау үшін адамға қажетті қасиеттер қабілеттіліктер  және мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.

Генри Минцберг – кез-келген басқарушыға және кез-келген қызметтерге  тән 10 рольді атап көрсеткен. Осы рольді 3 категорияға бөліп жіктеген:

  1. Жеке адамаралық рольдер категориясы:

1. Жетекшілер

2. Лидерлер

3. Байланыстырушы буын

        2.  Информациялық рольдер категориясы:

             1. Информация жіберуші

          2.  Информация қабылдаушы

          3.  Информация өкілі

     3.   Шешім  қабылдау рольдер категориясы:

           1.  Кәсіпкерлер

           2.  Ресурстарды бөлуші рольдер 

           3.  Келіссөз жүргізуші рольдер

           4.  Қателікті жоюшы рольдер

Бақылау сұрақтары:

Басқару психологиясы дегеніміз  не?

Басқару психологиясының  негізгі мақсаты, міндеті.

Басқару психологиясының  пәні.

Басқарушылық қызметтің  негізгі психологиялық аспектілері.

Ұсынылатын  әдебиеттер:

1. Е. Н. Мананикова «Психология  управления»

2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова  А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару  психологиясы»

3. В. А. Розанова «Психология  управления»

 

 

 

 

 

№ 2 Тақырып. Басқару  қызметі  субьектісінің психологиясы.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге көшбасшы ұғымын жете түсіндіру, олардың  лидер болуға деген талпынысын ояту, сонымен қатар лидерліктің негізгі түрлерін олардың бір бірінен ерекшеліктерін айқындап беру.

  1. Көшбасшылық және жетекшілік.
  2. Жетекші басқарушылық қызметтің субьектісі ретінде.

Лидерлік дегеніміз - бұл  басқарушының басқа адамдардың іс-әрекетіне  әсер етіп оларды өзінің соңынан нақты  мақсаттарды көздей отырып алып жүру құралы.

Топтық жиынтығында лидерліктің  негізгі үш түрі бар. Олар келесідей-

  1. Іскерлік лидер
  2. Эмоционалды лидерлік
  3. Информационалды лидерлік

Бұл лидерліктің үшеуіде  қолданылса онда бұндай лидерлік ең жақсы  болып саналады. Алайда мұндай функционалды лидер өте кезек кездеседі. Бірақ  мұндай түрлерінде тек екі түрі кездеседі. Олар «Эмоционалды және Іскерлік, информационалды  және Іскерлік».

Лидерлікті белгілі бағыттау бойынша келесідей түрлермен  қарастыруға болады-

  1. Конструктивті «функциональное»- белгілі бір компанияның көздеген мақсатын қамтамасыз ету.
  2. Деструктивті «дисфункциональное».
  3. Нейтральды лидерлік.

Қазіргі өмірде лидерліктің  осы екі типтің арасындағы шекті  сызығы қозғалмалы, әсіресе конструктивтік және нейтральды арасындағы лидерлік. Белгілі стиль арқылы лидерліктің  келесідей типтері қарастырылады- «авторитарлық, демократиялық, анархиялық».Лидерлік топта негізінен формальды және формальды емес түрі қарастырылады. Формальды емес түрі келесідей лидерліктің  үш типін қарастырады. Көсемші «Вожак»- топ ішіндегі ең танымылы адам. Американдық  ғылым Р.Стогдилл басқарушының келесідей  түрлерін келесідей қарастырып өткен  болатын:

  1. Физикалы түрдегі сапа- күшті, мықты, белсенді.
  2. Жеке тұлғалы сапа- өзіндік жеңіске жету мақсаты, өзіндік сенім.
  3. Интелектуалды сапа- білім, белгілі бір шешімді дұрыс шешу жолы.
  4. Лидерлік.
  5. Ситуациялық лидер.

Басқару процесінде негізгі  бес этапты қарастыруға болады. Олар келесідей.

  1. Жоспарлау
  2. Ұйымдастыру
  3. Басқару
  4. Мативация
  5. Бақылау

Осы негізгі түрлерді қарастыра  отырып біз келесідей басқару  функцияларын қарастырып өтеміз.

  1. Стратегиялық «жоспарлау»- бұның негізгі кездесетін үш проблемалары бар-
  • Шешім қабылдау
    • Уақыт шектеулілігі
        • Инновациялық
  1. Администаторлық «ұйымдастыру»
  1. Коммуникативтік
  2. Мотивациялық
  3. Контрольдік

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Лидерліктің анықтамасын айтып беріңіз.
  2. Лидерліктің негізгі түрлері.
  3. Стогдилл басқарушының қандай түрлерін анықтаған?
  4. Басқару процесіндегі негізгі бес этапты атап көрсетіңіз.

Ұсынылатын  әдебиеттер:

  1. Е. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»

3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 Тақырып. Тиімді жетекшінің басқару стилі.

 Лекцияның негізгі  мақсаты: студенттерді басқарушының психологиялық портретімен таныстыру, сонымен қатар басқарушының психологиялық бейнесін жасайтын қасиеттерін талдау. Әр түрлі ғалымдардың басқарушылық қызметті зерттеу еңбектеріне шолу жасау.

  1. Тиімді басқарушы-ның психология-лық портреті
  2. Басқару стилі: психологиялық характеристика

Негізгі басқарушының психологиялық  портретін қарастырып өтетін болсақ, біріншіден басқарушылық- бұл жеке меншік және т.б. Барлық менеджменттің  еңбек капиталын қарастырсақ  менеджердің идеалды сапалылығын  көрсетеді.

Бұны екі топқа бөліп  көрсетуге болады:

        1.Биологиялық және әлеуметтік-экономикалық характеристикасы.

  1. Жеке меншік сапалылығы.    

 

 Биологиялық менеджер  сапасына келесідей түрлерін  көрсетуге болады-    

  1. Жынысы
  2. Жасы
  3. Денсаулығы
  4. Темперамент
  5. Қабілеттілігі

 

  А.А.Урбанович атап  өткендей- психалогияны зертеу барысында  көбісі белгіленгін болатын, өйткені  басқарушы арасында әр түрлі  рангісінде бір қатар ұқсас  мнез-құлқы бар. Әр авторларда  көбнесе келесідей түрлері кездеседі.

 

  1. Интеллект
  2. Инициатива және активті іскерлі адам 
  3. Өзіндік сезім
  4. Қабілеттілік

 

  Эмперикалық зерттеу  барысында Ч.Магерисон «Австралия»  және Э.Какабадзе «великобритания»  зертеушілер бірнеше компаниялардан  әр деңгейдегі жеті жүз басқарушыларды  жинап басқарушының перспективасына  байланысты сұрақтар қойған болатын.  Олардың бірінші алтыншылары  келесідей-

 

  1. Адамдармен жұмыс жасау қабылеттілігі және дилегерлеу
  2. Барлық сенімділікті өзіне алып тәуекелге баруға дайындығы
  3. Отыз бес жасқа дейінгі аралық ішінде басқарушылық қабылеттілігін толтыру
  4. Қандай жағдай болмасын басқарушы стильді оңай ауыстыра білу
  5. Отбасылық көмек

Ең керекті болып бірінші  сапалы екі адам болып саналады. Бұл проблемаларды шешу барысында  ғылыми-практика негізінде екі ұлы  отандық моделінде профессиограммалық басқарушылықа тоқталып өтеміз. В.М.Шепель профессиограммалық басқарушылықа  үш негізгі сапалы блоктарды бөліп  көрсеткен «незаурьадный интелект, білім фундаменті, қабылеттіліктің  жеткіліктілігі».

Екінші блог өзімен келесідей  сапалы түрлерін көздейді.

  1. Идеялық – адамгершілік.
  2. Ғылыми професионалды сапасымен өзіне білімді қосады
  3. Ұйымдастырушылық сапасына барлығы да қосылады
  4. Психофизикалық сапасына соматикалық және психикалық деңгейлер кіреді

 

Үшінші блок негізгідей спецификалық жеке тұлға адамдардың сапасы кіреді, өйткені басқарушылық толықтай профессионалды, компитентті, ұйымдастырушы болып  танылды. Алайда ұйым ішінде олар танымал  болып болып келеді. В.М.Шепель психология-мамандығында келесідей сапаларды белгілейді:

  1. Коммуникабельділік
  2. Эмпатиялық
  3. Психоанализділікке деген қабілеттілігі
  4. Стреске деген төзімділік
  5. Шешендік «Красноречив»
  6. Эмоционалды және іскерлік лидер
  7. Жанасқан «контактность»
  8. Интеграциялық әлеуметтік функционалдық қабілеттілігі
  9. Қорқынышқа деген төзімділік

Келесідей компоненттерді  Р.Л.Кричевски негіздеген болатын. Олар келесідей:

  1. Жоғары деңгій професионалдылық
  2. Жауаптылық және сенімділік
  3. Өзіне деген сенімділік

 

  1. Өз бетінші жұмыс істеу немесе дербес «самостоятельный»
  2. Творчествалық шешімдерді шешу қабілеттілігі
  3. Эмоционалды, бірқалыпты және стреске деген төзімділік
  4. Коммуникабельділік

 

Басқару стилі дегеніміз- бұл басқарушы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас жасау тәсілі. Басқарушы  стильінің танымал индивидуалды типологиясы болып қалады, оны  ХХғ отызыншы жылдарындағы неміс психологы К.Левин қарастырған болатын. Бұл келесідей негізгі қолданыста жүретін үш басқару стилін қарастырды.

  1. Авторитарлы басқару стильі «директивті және директорлы»
  2. Демократиялық басқпру стильі «колективті»
  3. Жол берушілік басқару стильі «нейтралды немесе анархиялық»

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқарушының психолгиялық портреті дегеніміз не?
  2. Басқарушылық стильі және олардың түрлері.
  3. Левиннің басқару стильдерін ата.
  4. Кричевскийдің компоненттерін атап беріңіз.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

  1. Е. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»

3. В. А. Розанова «Психология управления»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 4 Тақырып. Топтық іс - әрекеттерді басқару психологиясы және басқарушының қызметіне оның әсері.

Лекцияның мақсаты: Оқытушының студенттерді топ болып жұмыс істеуге, сонымен қатар оларға топ жұмысында орын алатын қайшылықтарды шешу жолдарын үйрету. Болашақта тиімді басшы болып шығуына бағыт беру.

1. Ұйымдағы психологиялық  жағдайдың басқарушылық аспектілері. 

2. Өндірістік ұйымдағы  қайшылық: психологиялық анализ.

Қазіргі кездегі ҒТР –  дың дамуына байланысты ұйымда орын алған жағдайларға қызығущылық  артып келеді. Еңбек ұжымдарында  әлеуметтік – психологиялық қолайлы  жағдайдың  қалыптасуы еңбек өнімділігін  арттырудың және шығарылатын өнім сапасын  арттырудың негізгі шараларының  бірі болып табылады. Әлеуметтік –  психологиялық климаттың маңыздылығы  - ол әлеуметтік процестер мен жағдайлардың тиімділігін көтеретін фактор ретінде  есептеледі, олардың жағдайларын  көрсететін  және әлеуметтік, сонымен  қатар ҒТП – тің әсерінен өзгеруінің көрсеткіші болып саналады.

Әлеуметтік – психологиялық  климат ерекше құбылысты білдіреді, адамдардың бір – бірін қабылдау ерекшеліктерін біріктіру нәтижесінде  пайда болған. Ол ұйым мүшелерінің  көңіл – күйіне өз әсерін тигізеді.

Әлеуметтік  - психологиялық  климат – бұл ұйым мүшелерінің  тұрақты психологиялық дайындығы.Ол қолайлы және қолайсыз болуы мүмкіән.

Әлеуметтік – психологиялық  климаттың негізгі белгілері:

  • сенім және бір – біріне деген талап қоюшылықтың жоғарғы деңгейде болуы;
  • іскерлік сын;
  • ұйым мүшелерінің тапсырмалар және олардың орындалуы жөнінде ақпараттың қолжетімді болуы;
  • ұйым мүшелерінің сөз бостаңдығы;
  • басқа адамдардың пікірімен санасу;
  • ұйымның әр мүшесінің атқарған жұмысы үшін жауапкершілікте болуы.

Анықталған әлеуметтік –  психологиялық климаттың қалыптасуына келесідей факторлар әсер етеді:

  1. Мүшелерінің бірігуі. Бірігудің екі түрі бар: психофизиологиялық және психологиялық.

Психофизиологиялық қызметкерлердің  жеке синхрондық психикалық қызметтеріне байланысты. Мысалы, топ мүшелерінің  төзімділігі,  ойлау жылдамдығы, сезіну ерекшеліктері. Бұл қасиеттерді  жұмысты бөлу кезінде ескерген жөн.

Психологиялық жеке психикалық құрамалардың жиынтығымен анықталады. Мысалы, мінез – құлық ерекшелігі, темперамент, қабілеттілік, түсіністік.

Әлеуметтік – психологиялық  климаттың сипатына байланысты оның жеке тұлғаға әсер етуі әр түрлі  болып келеді- еңбекке ынталандырушы, көңіл күй көтеруі, сенім ұялату немесе керісінше энергияны төмендету, өндірістік жоғалтуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қолайлы әлеуметтік – психологиялық  климаттың қалыптасу шаралары:

- әр түрлі типті адамдарды  шоғырландыру ;

- бір басшыға бағынатын  адамдар санын азайту(5-7);

- іскерлік этикетті сақтау.

Моральды - психологиялық  климат – ол ұйым мүшелерінің қызмет ету барысындағы психологиялық  дайындығы. Моральдық психологиялық  климат ұйым мүшелерінің бір біріне, еңбекке, қоршаған ортаға деген қатынастарының жүйесін білдіреді. Қолайлы моральдық  психологияллық климаттың белгісі  ретінде ұйым жұмысының жоғарғы  еңбек өнімділігін айтуымызға болады. Қолайлы моральдық психологиялық  климаттың тағы бір белгісі ретінде  басқаруда ұйым мүшелерінің басқару  ісіне белсенді ат салысуын айтуымызға болады. Қолайлы моральдық психологиялық  климаттың қалыптасуы ұйымның біріктіру  механизмінің бірі болып саналады.

Кез келген ұйымда қайшылық орын алады. Қайшылық дегеніміз:

  1. Адамдар арасында белгілі бір әлеуметтік немесе жеке өміріндегі мәселелерді шешуде орын алатын келіпеушілік.
  2. Адамдардың немесе жеке топтардың қарым қатынасы кезінде бір жақтың екінші жақтың қызығушылықтарының жүзеге асырылуына қарсы келетін қарым қатынасқа түсудің бір формасы.

Қайшылық кез келген ұйымның  іқызмет етуінің бір бөлігі. Кез  келген қайшылық қолайлы және қолайсыз қызмет етуі мүмкін. Қайшылықты тиімді басқарған жөн, ұйым жұмысының тиімділігіне қол жеькізу үшін. Қайшылықтар  ұйымда қолайсыз жағдайлардың орын алуына себепші болуы мүмкін, қызметкерлерді жұмыстан бөлуі мүмкін, Сонымен қатар, қайшылықтар еңбек жағдайларының, техникалық, басқарушылық қарым қатынастардың  жақсауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қайшылықты мына критерийлер  бойынша анықтауға болады:

  1. Көлеміне байланысты : жеке тұлғалық, тұлғалар арасындағы, топтық, топ арасындағы.
  2. Шығу көзіне байланысты: обьективті, субьективті.
  3. Мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді.

Қайшылықтың үш түрі бар:

  • Қайшылық "плюс плюс", екі қолайлы альтернативаның бірін таңдау.
  • Қайшылық "минус минус", екі альтернативаның екеуі де қолайсыз.
  • Қайшылық "плюс минус", екі альтернативаның біреуі жақсы, екіншісі қолайсыз.

Ұйымға қайшылықтың әсер ету эффектілеріне байланысты конструктивті  және деструктивті деп аталады. Конструктивті  ұйымда жаң идеялардың пайлда болуына  әкеледі. Деструктивті ұйымның бөлінуіне  әкеледі.

Қайшылықтан шығу жолдары:

  1. Қайшылықтан қашу – ададардың қайшылықты болдырмауға тырысу.
  2. Қайшылықты жуып шаю.
  3. Компромисс – екі жақтың бір шешімге келуі.
  4. Мәжбүрлеу – бір жақтың екінші жақтың пікіріне мәжбүрлеп көндіруі.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік – психологиялық климатқа анықтама беріңіз.
  2. Моральдық – психологиялық климат дегенді қалай түсінесіз.
  3. Әлеуметтік – психологиялық климаттың қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
  4. Қайшылық дегеніміз не?
  5. Ұйымда қайшылықтың қандай түрлері орын алады?
  6. Қайшылықтан шығу жолдарын атаңыз.

 

Ұсынылатын  әдебиеттер:

  1. Е. Н. Мананикова «Психология управления»
  2. Ахтаева Н. С., Әбдіғапбарова А. І., Бекбаева З. Н. «Басқару психологиясы»

3. В. А. Розанова «Психология управления»

Басқару психологиясы дербес пән ретінде