Экологиялық менеджмент жүйесі
ҚР СТ 14001-2006. Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)
Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс.
Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары:
компания беделінің өсуі
апат жағдайларын басқару
заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу
бақылау органдары тарапынан айыппұлдар санын азайту
тендерлердегі басымдылық
Кәсіптік қауіпсіздік
пен денсаулық менеджменті
OH&S Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі қызметкерлердің өздері атқаратын қызметтеріне байланысты денсаулықтарына келтірілетін қауіпті болдырмау немесе барынша азайту үшін OH&S менеджменті жүйесін құрайды.
OH&S Кәсіптік
қауіпсіздік пен денсаулық
Экологиялық менеджмент
2008 жылдан
бастап енгізілген және ISO 14001:2004
халықаралық стандартына
ЭМЖ негізгі
нормативтік құжаттары «
2008 жылы ЭМЖ дамыту мақсатында «Өндіріс қалдықтарын басқару» ұйым стандарты әзірленді және бекітілді.
2008 жылы
экологиялық менеджмент жүйесі
шеңберінде және экологиялық
заңнама талаптарына сай ЖЭТ
филиалдарында «KEGOC» АҚ 2008 жылға
арналған экологиялық
аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарымен «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау» жобасы, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шығарындылары (ШРШ) және шекті рұқсат етілген төгінділері (ШРТ) нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері келісілді;
өндірістік
қызметтің экологиялық
мамандандырылған полигондарда қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтарды, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қоймалауға және құрамында сынап бар өңделген шамдарды шығаруға шарт жасалды.
ҚР Экологиялық кодексінің 8-тарауына сәйкес ЖЭТ филиалдары ШРШ және ШРТ әзірленген нормативтеріне сай ластаушы заттардың қоршаған ортаға эмиссиясына рұқсат алды.
2008 жылы
қоршаған ортаны қорғау
Елеулі
экологиялық аспектілердің
«Қазақстанның
Солтүстік-Оңтүстік»
2008 жылдың аяғында «Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиті» стандарттарының талаптарына сәйкес экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес бағалау жүргізу үшін ішкі экологиялық аудит жүргізілді.
3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері
Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған кезде қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша шараларды қолдау. Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.
2006
жылдың желтоқсанының аяғына
дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша 140
елде және экономикалық
2006
жылдың қорытындысы жалпы саны 138 елде
және экономикалық жүйелерде 111 162 болған
2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын
көрсетіп отыр.
2-кесте - ISO 14001:2004 Басты нәтижелер
| Әлемдік
нәтижелер |
2005 желтоқсан | 2006 желтоқсан | |
| 14001:2004 бойынша олардың қорытындысы | |||
| Әлемдік қорытынды | 111162 | 56593 | 129199 |
| Әлемдік өсу | 21225 | 18037 | |
| Елдер саны / экономикалық жүйелер | |||
Экологиялық менеджмент жүйелері.
Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық
Кіріспе
Әр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып коршаған ортаға қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің нәтижелерінің әсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге және оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу және түрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.
Көптеген
ұйымдар экологиялық
Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық және экономикалык мақсаттарға кол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.
Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның қүқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.
Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды және маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат пен мақсаттарды әзірлей және енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері әр түрлі, барлық түрдегі және көлемдегі ұйымдар қолдана алады. Экологиялық менеджмент жүйесінің үлгісі 1-суретте берілген.
Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі және ұйымның барлық бөлімдері, әсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған міндеттемелеріне байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті әрекеттерді қабылдауға және аталған жүйенің осы стандарт талаптарына сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалык қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек.
Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне көңіл аударылды және пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше көңіл аударылады.
Осы стандартың
4-тарауындағы және А қосымшасындағы
тараушалардың нөмірлері
Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар жазылған және ұйымның экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау/тіркеу және/немесе өзі декларациялау үшін колданыла алатын осы стандарт пен сертификаттау мақсатына жарамсыз және ұйымдарға экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу немесе жетілдіру кезінде көмек көрсетуге арналған басшылық нұсқамалары арасында маңызды айырмашылық бар. Экологиялық менеджмент стратегия мен бэсекеге қабілеттілікке қатысты мәселелерді қоса, мәселелердің тұтас спектрін қамтиды. Осы стандарттың табысты енгізілуін көрсетуді мүдделі тараптардың ұйымда тиісті экологиялық жүйенің бар екеніне сенуі үшін ұйымның өзі пайдалана алады.
Экологиялық менеджмент әдістерін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық басқа стандарттарда, әсіресе ИСО/ТК 207 шығарылған экологиялық менеджмент жөніндегі құжаттарда жазьшған. Басқа стандарттарға берілген кез келген сілтеме акпараттық кана болып табылады.
Ескерту-
Осы стандарт Plan-Do-Check-Act (PDCA) ретінде
белгілі методологияға
Жоспарлау: тұтынушылардың талаптары мен уйым саясатына сәйкес нәтижелерге қол жеткізуге қажетті мақсаттар мен процестерді әзірлеңіздер. Жүзеге асыру: процестерді енгізіңіздер.
Тексеру:
саясатпен, мақсаттармен және өнімге арналған
талаптармен салыстыруда
Іс-әрекет:
процестердің көрсеткіштерін үнемі
жақсарту жөнінде іс-әрекеттер
Осы стандарт эділ аудиторлық тексеруден өткізіле алатын талаптардан ғана түрады. Экологиялық менеджмент жүйесіне қатысты мәселелердің кең спектрі бойынша жалпы басшылықты талап ететін ұйымдардың [3] пайдалануы керек.
Осы стандарттың қалыптасқан саясаттағы заңнамалық талаптарға және қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға және жүйені үнемі жетілдіруге қатысты ұйымға таратылатын басқа талаптарға сәйкестік туралы міндеттемелерден басқа экологиялық тиімділіктің асолют талаптарын белгілемейді. Осылайша ұқсас қызмет атқаратын, бірақ әр түрлі экологиялық тиімділігі бар екі ұйымның екеуі де осы стандарт талаптарына сәйкес келе алады.
Экологиялық менеджмент жүйесіне койылатын талаптар қатарын қабылдау және жүйелі орындау барлық мүдделі тараптар үшін оңтайлы нәтижелермен қамтамасыз етеді. Дегенмен осы стандартты қолдану қоршаған ортаны қорғаумен байланысты оңтайлы нәтижелерге жетуге кепілдік бермейді. Экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық менеджмент жүйесі ұйымды бір тұтастыққа, экономиялық және экологиялық тиімділікке сүйене отырып, прогрессивті технологияның енгізілуіне ынталандыруы тиіс.
Осы стандарт экологиялық менеджмент жүйесінің элементтері басқа жүйелердің элементтерімен қиюласа немесе біріге алатынына қарамастан, сапа менеджментінің, еңбекті, қаржыны және қауіп-катерден қорғау жүйесі сияқты басқа да менеджмент жүйелері үшін талаптар белгілемейді. Ұйым осы стандарт талаптарына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесін құру үшін өзінде бар менеджмент жүйесін(лерін) пайдалана алады. Сонда да менеджмент жүйесінің әр түлі элементтерін колдану қойылған мақсаттар мен тартылған мүдделі тараптарға байланысты айрықшалана алатынын ескеру керек.
Экологиялық менеджмент жүйесінің күрделілігі және оны бөлшектеу деңгейі, құжаттама мен жүмсалатын ресурстардың көлемі жүйені колдану саласы, ұйымның өлшемі және оның қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің сипаты сияқты факторлар катарына байланысты. Бұны, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарға қолдануға болады.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт ұйымға таратылатын заңнамалық талаптар мен басқа да талаптарды және маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпараттарды есепке ала отырып, ұйымдарға экологиялық саясаты мен мақсаттарын әзірлеуде және іске асыруда көмек көрсету мақсатында экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол ұйымның өзі бақылай алатын және оларға әсер ете алатын аспектілер ретінде анықтайтын экологиялық аспектілерге қолданылады. Стандарт экологиялық тиімділігінің нақты критерийлерін белгілемейді.
Осы стандартты:
а) экологиялық менеджмент жүйесін әзірлегісі, енгізгісі, жұмыс жағдайында үстағысы және жақсартқысы;
b) белгіленген экологиялық саясатқа өзінің сәйкестігін растағысы;
c) осы стандартқа сәйкестігін:
1) өзін-өзі
бағалау және өз-өзін
2) берілген
ұйымның қызметіне мүдделі
3) сыртқы
тараптың оның өзін-өзі
1. Жалпы ережелер
2. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары
3.
Экологиялық қауiпсiздiк
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi
5.
Экологиялық қауiпсiздiк
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.
4.1. Экономиканы экологияландыру
Экономиканы экологияландыру
өндiрiстiң табиғат
Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру
Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылылық жүйесiн жетiлдiрудi және мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi.
Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi қаржы ынталандыруын құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау-қызметiндегi қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгiзумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесiн көздейтiн табиғат пайдаланудың экономикалық тетiгi көмегiмен жүргiзiлуi тиiс.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер ресурстарды нормативтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгiндiлерi үшiн ставкаларды арттырудың тетiгi арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етедi.
2004 жылы қоршаған
ортаны ластағаны үшiн төлем
ставкасы қайта қаралатын
Экономикалық құралдар инновацияларды енгiзу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, неғұрлым тиiмдi және аз қалдықты технологияларды дамыту мен енгiзу мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттардың белгiленуiне ықпал етуi тиiс.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген зиян ластану деңгейi мен келтiрiлген залалды (зиянды), қалпына келтiруге, ұдайы өндiрiске кеткен шығындарды және өзге де шығыстар мен ысыраптарды ескере отырып, толық көлемде өтеуге жатады.
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезiнде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетiгiн құру жолымен мемлекеттiк бақылау органдарын күшейтудi көздейдi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары инспекциялар өткiзумен немесе құқық қолдану iс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсiз және әдiл шешiмдер қабылдау үшiн барлық өкiлеттiктерге ие болуы тиiс.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн дамыту:
құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиiмдi жүйесiнiң негiзгi сипаттамасын табуға мемлекеттiк органдарға көмектесетiн және ұзақ мерзiмдi перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргiзуге ықпал ететiн модельдi құруға;
мемлекеттiк органдарды, өнеркәсiп кәсiпорындарын, үкiметтiк емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық, заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;
экологиялық менеджмент жүйесiнiң маңызды құралы ретiнде өндiрiстiк бақылауды мiндеттi жүзеге асыруға;
табиғат қорғау
iс-шараларының орындалуына
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер беруге бағытталуы тиiс.
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру
Әлемнiң дамыған елдерiнде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалау негiзiнде кешендi жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бiр құқықтық көрiнiсi әлемнiң көптеген елдерiнiң экологиялық заңнамасына енгiзiлген қоршаған ортаға әсердi бағалау тәртiбi болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кiредi.
Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдерiндегiдей, қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалаумен қатар, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзiледi. Мемлекеттiк экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсердi бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметтi алдын ала экологиялық бақылаудың тетiгi болып табылады.
Қоршаған ортаны превентивтiк қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға терiс антропогендiк әсердiң алдын алу қағидаты әлемнiң көптеген елдерiнде кең қолдау тапқан.
Бұл орайда өңiрдегi экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның аялық жай-күйiн ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етiлген көлемдерiн ғылыми негiздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгiлеу қамтамасыз етiледi. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер етудiң салдарларын барынша ескере отырып жүргiзiледi, сондай-ақ жоспарланатын қызметтiң әлеуметтiк-экономикалық салдарлары да ескерiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары негiзiнде кәсiпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады.
2004 жылы халықаралық тәжiрибенi пайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметiнiң жобалық шарттарының ықтимал өзгерiстерiн ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру көзделуде. Бұл кәсiпорындар санының тұрақты өсуiн ecкepe отырып, түсетiн құжаттамаға талдау жасауға үстiрт көзқарас болмауы үшiн қажет.
Бұдан басқа, Қазақстанда
жаңа нарықтық жағдайларда табиғат
пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты
тартуға мүмкiндiк беретiн
Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне неғұрлым белсендiрек тарту, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетiн, үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi әзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды.
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру
Қазiргi уақытта
Қазақстан Республикасындағы
Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажеттi деңгейдiң 40-тан 80%-iнe дейiн бола отырып, бақылау пункттерiнiң мемлекеттiк желiсi олардың оңтайлы санының 20%-iн ғана құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемi мен растығының азаюына әкеледi.
Түрлi министрлiктер
мен ведомстволар мониторингiнiң
жүйесiн жеткiлiксiз
Ведомстволық мониторингтiң барлық кәсiпорындары мен мекемелерiн, сондай-ақ өндiрiстiк мониторинг жүйелерiн енгiзе отырып, геоақпараттық жүйелер негiзiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етiледi.
Оның жұмыс iстеуi үшiн ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшiн экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерiнiң қазiргi материалдық-техникалық базасын жаңғырту, барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет.
4.1.5. Экологиялық статистика
Экологиялық статистика стратегиялық және индикативтiк жоспарлардың, мемлекеттiк бағдарламалар мен басқа да бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, Қазақстанның даму деңгейiн, оның әлемдiк қауымдастықтағы орнын айқындауға, мемлекеттiк органдар мен жұртшылық қызметiнiң басым бағыттарын бөле көрсетуге ықпал етедi.
Алайда, көрсеткiштердi қалыптастыруда жүйелi негiздiң болмауы, сондай-ақ олардың аздығы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеру серпiнiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк бермейдi.
Осы мақсаттарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң ғылыми негiзделген жүйесiн әзiрлеу қажет.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң жүйесi индикативтi әлеуметтiк-экономикалық жоспарлау мен мемлекеттiк статистика практикасына енгiзiлуi тиiс.
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру
Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi экожүйе қағидатын ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру және жүйеге келтiру жолымен қол жеткiзiледi.
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру