Экономикалық даму
| |
| Тапсырма №1 |
| 1.
Экономикалық даму, оның экономикалық
ғылымдар жүйесінде алатын орны
2. Дамушы елдер жіктелімі, оның әлеуметтік-экономикалық, географиялық құрылымының ерекшеліктері және ұқсастығының сипаты. |
Алматы,
2011
1.1
Экономикалық даму, оның экономикалық
ғылымдар жүйесінде алатын орны
Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. «Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612 ж.ж.) және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.
Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады.
1-сурет.
Экономикалық ғылымның даму
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем- Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне - сұраным мен ұсынымды талдау жатады.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.
Ағылшын
ғалым-экономисі Альфред
Қазіргі
экономикалық ілімдер тарихының
негізін қалаушы ағылшын
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.
«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.
Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.
Қорыта айтканда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады:
– бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет аткарған болар еді;
– екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айкындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;
– үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу, ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.
– төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады.
«Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» - дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.
Экономика
мен экономикалық ілімдер тарихының
негізгі теориялык негізі - экономикалық
теория (саяси экономика) курсы. Өткен
заманғы және қазіргі әлемге танымал
атақты экономист ғалымдардың, теориялық
мектептер мен экономикалық бағыттардың
негізгі экономикалық концепцияларының
талқыламаларын салыстыра отырып алған
білімнің экономикалық теория курсын
терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.
Экономикалық
даму теориясының орны
мен рөлі
Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны. Эконономикалық даму – бұл көп өлшемді процесс, оның құрамына технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді.А.Смиттің 1776 ж жарық көрген «Халықтар байлығы және табиғи зерттеулер» еңбегін экономикалық даму мектебінің алғашқысы деуге болады. ІІІ әлем елдері, яғни Африка, Азия, Латын Америкасының экономикалық даму проблемалары тек соңғы 4 онжылдықта ғана зерттелуде. Осы уақытқа дейін экономикалық даму макроэкономика, еңбек экономикасы, мемлекеттік қаржы және ақша айналымы сияқты экономикалық жеке бөлімі ретінде қарастырылмай келген.Экономикалық даму экономиканың басқа салаларымен тығыз байланысты. Оңың ерекшелігі - өзінің талдау әдістерін тез қалыптастыруында. Э.д.теориясы ІІІ әлем елдерінің экономикасын зерттегендіктен, ол дамыған капиталистік елдердің (қазіргі кездегі неоклассикалық экономика) экономикасынан да, орталықтан жоспарланатын социалистік елдердің экономикасынан да ерекшеленеді.Сонымен, экономикалық даму – дүние жүзіндегі кедейленген, жартылай кедей және сауатсыз халықтардың (ІІІ әлем елдерінің) жағдайын жақсарту үшін маңызы зор.
Дәстүрлі экономикалық теория – шекті ресурстарды бөлуде тиімді, неғұрлым арзан тәсілдерді қарастырады, берілген уақытта оптималды өсу темпінде қолдану арқылы жетістікке жету, тауарлар мен қызметтердің тұрақты, кеңейтілген өндірісін қамтамасыз ету. АҚШ және Ұлыбританияның көптеген оқулықтарында көрсетілгендей дәстүрлі теорияның негізінде классикалық және ноеклассикалық мектептер жатыр. Дәстүрлі неоклассикалық теория дамыған капиталистік қоғаммен байланысты, онда тәуелсіз тұтынушысы бар жетілген рынок; бағалар өздігінен реттеліп отырады; әрбір операцияның жеке қатысушысының табысы мен шекті пайдалылығы критеррийлері бойынша шешеім қабылданады; барлық тауар мен ресурс рыногында тете теңдік сақталады.
Саяси экономика – дәстүрлі эконономикалық теорияның шегінен шығып кетеді. Сонымен қатар әлеуметтік және институциялық процестерді зерттейді, лоардың көмегімен эконономикалық және саяси элиталар шекті рксурстардың бөлінуіне әсер етеді, жеке басының қамы не халықтың басым бөлігінің қамына қазіргі таңда және болашақта да қолданылады.Эконономикалық шешім қабылдағанда саясатқа ерекше көңіл бөле отырып, экономика мен саясаттың байланысындағы проблемаларды зерттейді.
Даму экономикасы– бұдан да кең проблемаларды қарастырады. Шекті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану мен олардың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік, саяси және институционалдық механизмдермен(мемлекеттік және жеке) байланыста, Азия,Африка, Латын Америкасының кедейленген, жартылай аш және сауатсыз халықтардың жағдайын жақсарту үшін керек.
Экономикалық
даму деңгейі — елдер тобының (елдің, ауданның)
экономикалық даму процесінде қол жеткен дәрежесін және
оларды салыстырылатын аумақтар иерарх
1.2
Дамушы елдер жіктелімі, оның әлеуметтік-экономикалық,
географиялық құрылымының ерекшеліктері
және ұқсастығының сипаты.
Дүние
жүзінде барлығы болып 230-мемлекет
болса, олардың негізгі бөлігі даму
үстінде, яғни олар барлық елдердің 4/5
бөлігін құрайды, бүкіл халықтың 80%орналасқан.
Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері
(Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды),
Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР
жатпайды) елдері жатады.
Олардың дамуы соңғы жылдары ғана яғни
ХІХ ғасырдың аяғыннан басталады. Бұл
елдердің барлығы дерлік бұрын отардағы
мемлекеттер болған, яғни АҚШ, Япония,
Ұлыбритания, Испания және Канаданың қол
астында болған. Өз тәуелсіздіктерін біртіндеп
алғаннан кейін ғана экономикасы даму
бастары. Көбінің экономикасы өзтертипориясындағы
табиғи эксурстарды шикізат ретінде дамыған
елуірге сату, шетелден инвестиция тарту,
ауылшаруашылық өнімдерін экспартқа шығару
арқылы ғана жүзеге асырылады. Жалпы ішкі
өнімі бойынша, яғни табысты әр жан басына
шаққанда әл-ауқаты әлі де төмен, яғни
көбісі дамыған елдерге бағынышты күінде
алып отыр
Экономикасын жақсарту үшін түрлі халқаралық
ұйымдарға мүше болады. ХХғ Ғылыми Теқникалық
прогресс басталғалы бері оларды электрондық
құалдар жасап қарқынмен дамуда.
Дамушы
елдер — империалистік мемлекеттердің
ұзаққа созылған отарлық және жартылай
отарлық қанауы салдарынан өздерінің
әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан
артта қалған Азиядағы,Африкадағы, Ла
Дамушы елдердің арасында ең тез қарқынмен дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан.
Қытай. Азиядағы ең үлкен мемлекеттер қатарынан орын алған. Халқының саны бойынша саны 1,5 млрд. Халқының көбі шығыстан орналасқан (90%). Жерінің 7%ғана егіншілікке жарайды. Қытай соңғы 50 жылда дүние жүзй таңқаларлықтай дәрежеде тез адам кетті. Қытай шетел инвестицияларын тарту бойынша АҚШ-тан кейін 2-орында. Яғни экспорттық капитал мөлшері 28- млрддоллор. Сондай-ақ шетел каипаниялары мен бірігіп жұмыс есылу арқасында экономикасы тез дамыған, яғни дүние жүзі мемлекеттері арасында 8 орында. Тас көміршығарудан дүниеге жүзінде бірінші орында. Экономикасынның дамуы күріш, мақта өсіруге, қара металы шығаруға дағдыланған. Сонда ең негізгі экономикалық даму бағыты техниканы, киім-кешек, аяқ-киім және тұрмыстық заттарды экспорттау арқылы жүзеге асырылады.
Үндістан. Азиядағы 2-ші дамыған елдер қатарына кіруге өз қоиған мемлекет Үндістан. Териториясы 25-штап және 7 біріккен территориядан тұратын федеративтік мемлекет. Бұрын Ұлыбританияның отары болып, өз тәуелсіздігін 1947 жылы алды. Халқының саны 1 мирд, адам 52% саутсыз. Жалпы экономикасы егін шаруашылығына дағдыланған. Осы күнде Жүниеге жүзінің 58% шәйкен қамтамасыз етіп отыр. Одан басқа географиялық жағдайы, яғни террипориясы жақсы болғандықтан арахис, қант қамысы, каоре, пальма құрмаса және тағы басқаларды экспорттайды. Үндістанда жылына 700 астам фильмдер түсіріліп, дүнмие жүзінің әр түрлі мемлекеттерінде прокатқа сатылады. Туристтік фирмалары көп, солардың . арқасында бюджетке қомақты санна түсіп отырады.
Жалпы айтқанда Қытай мен Үндістанды дамушы елдердің көшбасшысы деп атауының себебі олар шетелді инвесторларды көп тартады. Экономикасы да жақсы қарқынмен дамуда. Яғни жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда соңғы бес жылда 2,7%дан 6,2% өсті.
Келесі
кестеде дамуны елдердің ішіндегі даму
қарқыны бойынша жоғары мемлекеттер
көрсетілген.
2-сурет.
Жоғары қарқынмен дамушы елдер.
Жоғары қарқынмен дамушы ТМД елдері және Қазастан бұрын ҚСРО құрамында болып, кейін өз тәуелсіздігін алған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Латын Америкадығы дамушы елдер.
Дің бәрі дерлік шаруашылығы, цитрус өсімдіктері және туризимне түседі. Ең қарқынмен дамып жатқан Бразилия. Ол географиялық орны қолайлы болғандықтан, табиғаты өте сұлу, сондықтан 8-9 айда туристер саны жергілікті халықтан да көп болып кетеді: Одан басқа кофе өндірумен аналысады. Кофе экспорттау бойынша дүние жүзінде жетекші мемлекеттер қатарына жатады. Негізгі Латын Америкачындағы барлық мемлекеттер АҚШ және Канада сияқты ұлы держаболардан көмек алып дамып жатыр.
Дамушы елдердің
негізгі экономикалық
бағыттары. Дамушы елдер экономикасын
жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына
қосылу үшін бәсекелестікке түсікен. Яғни
даму бағыттары қолда бар ресурстарды
тиімді пайдаланып, дүниежүзілік әйгілі
фирмалармен серіктестіктерқұнын жұмыс
істе.
Дамушы елдердің әртүрлі саясатының арқасында
ЖІӨ соңғы жылдары 2% өсті, бұл дүние халықтарының
жағдайының жақсара бастағаның бір белгісі.
Түркменстан, Әзербайжан т.б мемлекеттер
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды.
Тоқырау кезеңін бастан кешкен бұл мемлекеттердің
экологиясы 1990 жылы өз тәуелсіздіктерін
алып, одан 1994 жылдарға дейінгі орталықта
кризистік халде болды. Бүгінгі күнде
олардың экономикасы қарқынды түрде дамып
бара жатыр. Дамуы металл, мұнай, ауылшаруашылығы
өнімдерінің және шет елдік инвесторлар
есебіне дамып келе жатыр. КСРО құрамында
олар бір ғана валюта-рубльді пайдаланған
1992 жылы ауыр инфляцияға ұшырағаннан кейін
әр мемлекет өз валютасын шығара бастады.
Осы мемлекеттердің арасында экономикасы
жылдан-жылға жақсарып бара жатқан Қазақстан.
Қазақстанның жер аумағы бойынша 9 орында
тұр. 15 млн халқы бар, ұрбанизация дәрежесі
53%. 1992 жылы 2-наурыз БҰҰ мүше болды. «Қазақстан
- 2030» даму стратегиясы бойынша экономиасын
көтеруде. Негізгі 5 экономикалық ауданға
біріккен. Тас көмір, мұнай, қара және түсті
металлдарды өңдеу, ауылшаруашылығының
өнімдерін экспорттау арқылы жүзеге асырылып
отыр. Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруі
мүмкін. Орта Азиядағы ең жақсы дамыған
мемлекет. Дүниежүзілік мемлекеттермен
саяси және экономикалық байланысы жылдан-жылға
жақсару үстінде.
Дамушы елдердің қаржы жүйесі. Дамушы елдердің қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджетті, жергілікті бюджеттерді, федеративтік мемлекеттерде (Үндістан, Бразилия, Мексика, Колумбия, Нигерия, т.б.) бұған қоса федерация мүшелерінің бюджеттерін, мемлекеттік және жекеше кәсіпорындардың бюджеттерін қамтиды. Дамушы елдердің экон. және қаржылық жай-күйі көбінесе дамыған елдерден түсетін қаржы ресурстарымен айқындалады.
Соңғы
жылдары жекелеген
Дамыған елдердің салық жүйесі, нарықтық экономикаға тәуелді. Оған тікелей салықтар: заңи тұлғалардың табыс(пайда) салығы, жеке тұлғалардың табыс салығы (өзіндік табыс салығы), капиталдан пайыз түрінде алынатын табысқа салынатын салық, меншік (мүлік) салығы; жанама салықтар: акциздер, ІІС, сатудан төленетін салық, кеден бажы, мәміле салығы жатады. Әлеуметтік сақтандыру қорларына төленетін жарналар, мақсатты салықтар не бюджет жүйесіне (АҚШ), не дербес әлеуметтік сақтандыру қорларына (Ұлыбританияда Ұлттық сақтандыру қорына, ГФР-де Әлеуметтік сақтандыру қорына) түседі.
Салықтар мен әлеуметтік сақтандыру
қорларына төленетін жарналар мемлекеттік
кірістің негізгі үлесін құрайды (мыс.,
Ұлыбританияда 98%). Бірқатар елдерде тікелей
салықтарға салмақ салынады (АҚШ), екінші
бір елдерде жанама салықтарға ден қойылады
(Франция), үшінші бір елдерде тікелей
және жанама салықтар шамамен теңдестірілген
(Ұлыбритания, ГФР). Федерациялы мемлекеттерд