Философия негіздері

1.  Дүниетаным  дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа  адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің  жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп  өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниетанымды құрайтын рухани құбылысқа  философия кіреді. Дүниетаным - дүние және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы. Өзегі білім болғандықтан, күнделікті  практикалық және теориялық болып бөлінеді.Күнделікті практикалық дүниетаным біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын одан да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі.

Дүниетаным-дүние және ондағы адам туралы толық көзқарас. Тарих дамуында адамзат дамуының 3 тарихи түрі қалыптасқан:1)мифологиялық 2)дін 3)философия

Мифология (грек «миф»- «аңыз»)-қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.

Мифтің белгілері және жалпы сипаты:

1)табиғатты жанды тіршілік  ретінде қабылдау

2) фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына сену

3) абстарктылы ойлаудың  болмауы

4) мифтің нақты өмірлік  міндеттерді шешуге бағытталған  практикалық сипаты

5) мифологиялық сюжеттердің  біркелкілігі мен терең болмайтын  мағыналылығы

Дін (лат. «религия»-«құдайшылдық»)- сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын жаратушы құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.

Кең тараған ұлттық діндер: 1.синтоизм 2.индуизм 3.иудаизм

Негізгі әлемдік  діндер үшеу: 1.буддизм 2.христиандық 3.ислам

Философия – дүниетанымның ғылыми теориялық түрі. Ол барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.

 

 

 

 

 

 

  1. Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.

Буддизмдегі адам мәселесі. Буддизм ілімінің орталығында адам тұр. Буддистік философияның орталық мәселесі – өмірлік маңызы бар практикалық міндет – қарапайым өмірден (сансарадан) нирванаға көшкенде ғана мүмкін болатын азаптан құтылу мәселесін радикалды түрде шешу. Сондықтан дүние туралы дәстүрлі философиялық сұрақтар (дүниенің шығуы, қалыптасуы, мәңгіліктігі) қарастыру аумағынан тыс қалдырылады: өйткені дүние (санасара) – біз құтылғымыз келетін нәрсе. Ортожоксалды Үнді философиясында адам – мәңгілік тіршілікке ие жан (үздіксіз алмасып отыратын) тәндердәі бірлігі деп қарастырылады. Будда мұнымен келіспейді. Будда ілімі бойынша адам бес топтан тұратын элементтерден – дхармалардан құралады. Дәл осы дхармалар тән мен психиканың барлық құбылыстарын анықтайды. Олар:1) денелік тәндік формалар; 2) сезімдер; 3) ұғымдар-танымдар; 4) кармалық белгілер; 5) сана тудыратын дхармалар.

Кейінірек дхармаларды жіктеудің  басқа классификациялары пайда  болды. Буддизмдегі дхармалар өз алдына дербес «рухани атомдар» емес, олар жеке-жеке ешбір мәнге ие емес, тек бірлесіп ағымда болғанда ғана мәнді. Мысалы: кітап оқып отыратын оны түсінгіңіз келсе, сіздің бойыңызда  тәндік формалардың (кітап) дхармалары көрініс беріп, «әрекет етіп»  жатыр. Біздің қазіргі өміріміз –  «дхармалар ағыны». Біздің қалған өміріміз де (өткеніміз бен келешегіміз) дәл  осындай ағындар. Дхармалар ағынындағы дәл осын1дай өзгерістер хаостық емес, өзара байланыста, пайда болудың белгілі заңына -  «кармаға» бағынады. Буддалық философияның теориялық негізі Себептілік доңғалағы туралы ілімді құрады.

Азаптың 12 тізбесі (карма туындататын  Себептілік доңғалағы): 1) өмір азаптары (туылумен байланысты ); 2) туылу(өмірге ұмтылыспен байланысты); 3) өмірге ұмтылыс (өмірлік объектілерге байланысты);  4) көңілін аудару, үйір болу, құштарлық (заттарды иелену тілегімен байланысты); 5) аңсау, көусеу (сезімдік қабылдаумен(тәжірибемен) байланысты); 6) сезімдік тәжірибе (объектілерді сезім арқылы қабылдауға байланысты); 7) сезімдік түйісу, жанасу (танымының  алты мүшесімен байланысты); 8) танымның алты мүшесі (тән мен ақылдан тұратын  мүшенің дамуының эмбрионалды кезеңімен  байланысты); 9)456+ эмбрионның дамуы (бастапқы санамен байланысты); 10) бастапқы сана (өткен өмірдегі әсерлеріне байланысты); 11) өткен өмір әсерлері (ақиқатты білмеумен байланысты); 12) будда іліміндегі 4 ақиқатты білмеу.

Себептілік доңғалығы бізді  азап дүниесінде қайта туылуға мәжбүр етеді. Егер одан құтылғымыз келсе, Будданың төрт ақиқатын білуіміз қажет:1) өмір дегеніміз  азап (туылу дегеніміз азап, аурулар  мен өлім азап, сүйгеніңнен айырылу  азап, сүймегенге қосылу азап. Өмірдегінің  бәрі азап); 2) Азаптың қайнар көзі –  біздің өз тілектеріміз (азаптардың басты  себебі бізге әрдайым бірдеменің керек болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе  алмауымыздан); 3) Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет (тілектерден  арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз); 4) Тілектерден арылу  үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын» ұстану қажет (адам өзін өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен, тамақ  ішу, жеу, жүріп тұру т.б тілектер сарқылмайды. Өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз  байланысты).

Буддалық азаптан құтылудың  сегіз жолы: дұрыс көзқарас, дұрыс  шешім, дұрыс сөз, дұрыс тәртіп, дұрыс  өмірсалт, дұрыс күш жұмсау, ойды дұрыс бағыттау, дұрыс назар. Сегізінші  жолдың соңғы деңгейіне көтерілген адам рахатқа (Ардақты тұлғаға) айналады және нирванаға жетеді. Нирвана құштарлықты, демек сонымен бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды тоқтатып, сансарадан, карманың құзырынан Себептілік доңғалағынан босану. Нирвана өмірдің жоқтығы  емес, керісінше, тұлға тіршілігінің айрықша түрі мен тәсілі. Нирвана  «мұхит сияқты терең; мұзарт сияқты биік, бал сияқты тәтті». Нирвананың не екенін әркім өзі жеткенде ғана біле алады.

 

 

 

 

 

3. Ежелгі үнді  философиясының негізгі мектептерінің  ілімдерін талдаңыз 

Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп  қарастырамыз:

 а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Ведалық мектептер деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар.

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. 
     Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.

Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Санкхья философиясы болмыстың негізгі элементтерін олардың пайда болу, қалыптасу ретіне қарай: алғашқы түп-негізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына қарай жүйелеп, зерттейтін ілім.

Оның негізін қалаған  Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья  дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

Веданта – дербес мектеп ретінде, басқа ортодоксалдымектептерден кешірек – б.д.7-8ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндер, Бхагавадгита, т.б.) ғана болғаны туралы айтуға болады.

ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.Бейведалық мектептер деп Ежелгі Үнді философиясының ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін атайды.

Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет. Негізін қалаушы –Вардхамана(Махавира-«Ұлы Батыр» және Джина-«Жеңімпаз») деп саналады. 

Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді.

Буддизм ілімінде төрт түрлі  ақиқат ілім негізделген. 1.Азаптану. 2.Азаптанудың  себебі. 3.Азаптанудан босану. 4.Азаптанудан  босануға апаратын жол.

Будданың 5 қағидасы: өлтірме; ұрлама; ізгілікті, иманды бол; өтірік айтпа; естен адастыратын, масайтатын нәрселерді қабылдама.

Локаята (Чарвака). Локаята б.д.д. І-мыңжылдық ортасында пайда болған. (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін ,  оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің  пікірінше,  халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың  пікірінше,  дене өлгеннен  кейін жан өмір сүрмейді. Және де, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Буддизм философиясының  ерекшеліктері

Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] – Үндіде, Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда, т.б. басқа аймақтарға кең тараған философиялық ілім.  Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

өмір - азап;  азап нәпсіден туады; нәпсіні  ауыздықтаса, азаптан құтылады; нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар:

жүректің оянуы;

ниет, ақыл, ойды түзету;

мінез-құлықты түзету;

адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).

Буддизмнің негізгі идеясы-Орта жол-ұштарлыққа салынбау,өзін-өзі ақылды тежеу, жетілу арқылы нирванаға жету, яғни жоғары рахат күйге бөлену. Орта жол – рахат-ляззат жолы мен  аскетизм жолы яғни жоқшылық,мұқтаждық,тәндік моральдық азап пен тозу жолы екеуінің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу дегенді білдіреді.

Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі.  Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азияелдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува-да түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына эсер етті. Бұлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

Бір-біріне белгілі бір қатынастағы  әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін  анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды  ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі  үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм  адамды өзі туған, өмір сүріп отырған  әлеуметтік шындықтан алшақтатуға  тырысады. Осы орайда, буддизмде  әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.

 

 

5.  Ежелгі Қытай  ойлау дәстүрі: дао мектебі,  заңшылдар мектебі.

Осыдан бес мың жыл  бұрын қалыптасқан қытай өркениеті  өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар  қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді т.б. алғаш рет ойлап  тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. 1. Ежелгі Қытай  философиясының даму барысында алуан  түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға  ұсынып отырды. “Алтын ғасыр” (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың  арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады. Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы  болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл  есептеледі. Философия тарихында  ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда  б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы  Конфуцийдің аға замандасы болып  табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың  көзқарастарының бағыттары екі  түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді  қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды. Даосизмнің негізгі  қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен  Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан  соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань  цзы” трактаттарын тілге тиек етуге  болады. Қосынды түрде алғанда  даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм  философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы  екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин”  кітабындада оған мынадай сипаттама  берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып  табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде  қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының”  жатыры  тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта  оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей  “жол” деп аударылады. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен  олар бірін-бірі толықтырды да. Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.Легизмнің негізін қалаушы  Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының  кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми  идеология болды.Легизмнің негізгі  сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік  зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен,легизм–нақты мемлекеттік биліктің философиясы  болып табылады.Легизмнің негізгі  постулаттары: Адам бастапқыдан қатал  табиғатқа ие адами қылықтардың  қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара  қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен  шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды  қорғап, заңға бағынбағандарды қатал  жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы –  жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды  және заңсыз тәртіптерді шектеудің  негізі заң.Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды  бұзсса қолдану. Мемлекеттік аппарат  пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін  басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы бар.      

 

6. КОНФУЦИЙДІҢ  ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

Конфуций (б.з.б. 551– 479 ж.ш.) –  Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік  діні – конфуцийшілдіктің негізін  салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы. Конфуцийдің мектебінде төрт пән  – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет  оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік  идеологияға айналған шақта ол “он  мың ұрпақтың ұстазы” деп жариялап, кейін қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций өзіне тән төл  ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық  шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер  кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер  берген. Конфуций ой-пікірінің негізгі  мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып  табылатын қарапайым да ғаламат  зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол  көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның  әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың  кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы  үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен  орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға  негізделген этикалық және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс.

Өз өмір–тіршілігінде  Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

1.Бос қиялға салынбау.

2.«Мен білемін» дегендіктен  аулақ болу.

3.Қасарыстық көрсетпеу.

4.Өзінің жеке басы жайлы  ойламау.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәріненде бауырмалдық пен  перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен  үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу  мен ызаны басуға үйрен, білім  мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен  арыл, басқаларды да ағат жолға қадам  басудан сақтандыр», - дейді екен.

Конфуцийдің аса маңызды  өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен  әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты  оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың мінез-құлқына, олардың салт-дәстүрлері мен өзара  қарым-қатынастарына ерекше көңіл  аударуға кеңес береді. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен  жұртты білмеймін деп қынжыл» - бұл  да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз.  Адамгершілік Конфуцийдің  пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға  деген шексіз махаббатпен астасып  жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз  – адамгершілігі жоғары адамның  иығына өз еркімен артқан қияметі  мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген»  адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне  мығым, көзі қарақты болуға тиіс.

 

7. Ежелгі грек  натурфилософиясының (иониялықтар,  пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)  қарастырған негізгі мәселелерінің  мәнін ашып көрсетіңіз.

Алғашқы грек даналарын  «стихиялық немесе аңғал материалистер»   деп атауға болады. Өйткені олар бастапқы мән ретінде атаған стихияларға (атомдар, гомеомериялар) материалды сипат  тән. Ал кейбірін  «аңғал идеалистер»  деп атауға болады: олар болмыстың  түпнегізі ретінде идеалды күштерді немесе мәндерді ұсынады.

Ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңіне – натурфилософияға космоцентризм тән. Яғни философияның орталық мәселесі ретінде Космос, оның құрлымы (космология) және шығуы (космогония) қойылды. Космостың шығуы туралы сұрақ болмыстың бастапқы түпнегізі  туралы түсінікпен тікелей байланысты еді.

Алғашқы кезең философиясының еңбектерінен бізге бірде – бір  шығарма толық жеткен жоқ –  кейінгі антикалық авторлар арқылы цитата түрінде жекелеген фрагменттер  ғана белгілі.

Ежелгі грек философиясының пайда болуы мен алғашқы даму кезеңдері Ионияда – Кіші Азияда басталды. Ионияның Батыс пен Шығыс  арасындағы сауда жолдарының қилысында  орналасуы грек философтарының түрлі  Шығыс ілімдерімен танысуына  жағдай тудырды. Ионияны парсылықтар  жаулап алғаннан кейін философия  дамуы тоқтап,  грек философтары  Жерорта теңізінің батыс аудандарына  көшуге  мәжбүр болды.

Философия дамуының екінші географиялық орталығы – ұлы Грекия атанған Оңтүстік Италияның  аудандары  мен  Сицилия аралдары болды. Қазіргі  кезде грек философтарының  алғашқы  кезеңінің барлық философтарын «Сократқа  дейінгілер»  деп атау қабылданған.Ежелгі Грециядағы алғашқы, натурфилософиялық  кезеңіндегі Сократқа дейінгі философиялық мектептер  б.д.д.  VII-Vғасырларда қалыптасу  үстіндегі ежелгі грек полистерінде пайда болды.

Пифагор және пифагореизм

Негізін қалаушысы – Пифагор. Пифагореизмнің кейінгі дамуы –  ежелгі грек философиясының алғашқы  кезеңінде пайда болып, антикалық  дүниенің соңына дейін өмір сүрген пифагорейлік одақтың әрекетімен байланысты болды.Пифагор (б.д.д 580-500) – Иониядағы  Самос аралында туылып, Египет пен  Вавилонда ұзақ өмір сүріп, кейбір деректер бойынша Үндіде болып, содан кейін  Ұлы Грецияға, Кротон қаласына келіп  өз мектебін – Пифагорлік Одақты –  ғылыми –философиялық және саяси  қауымдастықты құрған ежелгі грек философы.Пифагорға  «Пифагор теоремасының»  дәлелін  тапқандығы және математиканы эмпириялық ғылымнан теориялық ғылымға айналдыру 

Философиялық көзқарастары.  Пифагорды Ежелгі Грецияның ең бірінші  идеалисі деп санауға болады.  Өйткені болмыстың түпнегізі  ретінде ол идеалды  мәнді –  сандарды (тұтас натуралды сандарды) атайды. Сандар арасындағы пропорциялар Әлемдік Гармонияны құрайды. Пифагорға  бұл ойдың келуі туралы аңыз бар: бірде шеберхана тұсынан өтіп бара жатқан ол салмағы әртүрлі балғалардың  төске ұрылғанда түрліше дыбыс  шығаратынын байқайды. «Әрбір балғаның көлемі мен салмағы, демек, барлық байланыстар  сандар арқылы өлшенеді. Олай болса  сандар – нәрселер мен заттарға иелік  етеді, сандар дүниені басқарады»  деп шешеді Пифагор.   Сандар геометриялық фигуралармен байланысты. Барлық материалды денелерді құрайтын бес стихия да санмен байланысты. Мысалы, Жер –  кубтық  формадағы бөлшектерден құралады;

 Пифагор философиясында  бұрын мифологияда айтылмаған  бесінші стихия – Эфир туралы  түсінік бірінші пайда болды.  Пифагор Эфир бөлшектері –  додекаэдрлерден  құралғанына  сенді. Орфиктер сияқты, Пифагор  да жанның алмасуына – денеден  денеге көшетініне  сенді.Пифагор  пікірінше, дүниенің ортасында  Жер тұр. Эфирдегі басқа аспан  денелерінің барлығы Жерді айналып  қозғалуда, Эфирдегі әрбір планета  қозғалған сайын монотонды түрде,  өзіне ғана тән, белгілі   дыбыс беріп, ал ғарыштық денелердің  дыбыстары жиналып келіп нәзікте  әуенге сезімтал адамдар ғана  ести алатын мелодия құрайды.Пифагор  құрған Пифагорлік одақ ғылыми- философиялық және саяси бірлестік  болды. Одақ – жабық ұйым, ал оның ілімі – құпия болды. Пифагорлік Одаққа азат адамдар, бірақ  көпжылдық дайындық пен тексеруді сәтті өткендер ғана қабылданған.

Элей мектебіМектеп өзінің ірі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенондар өмір сүріп, ілім насихаттаған Элей қаласының  атымен аталады. Элеаттықтар бірінші  болып дүниені  рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс»  «қозғалыс» - филосиялық ұғымдарын  қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын  ғана баян еткен болса, элеаттықтар  алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік, тәндік дүниенің «елес» екндігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып  элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне  – ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.

Философия негіздері