Инвестициялардың экономикалық маңызы мен жіктелуі
Инвестициялардың
экономикалық маңызы мен
Инвестицияның мәні. Инвестициялар кәсіпкерлік қызметінің объектілеріне бағытталған барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардын түрлері, яғни сонын нәтижесінде пайда (кірістер) туады немесе құнарлы тиімділікке қол жетерлік .Инвестициялар экономикалық категориясы ретінде келесі сипаттамаларын білдіреді:
Капиталды өсіру мақсатында кәсіпкерлік қызметіне салымдар жасау;
Инвестициялық жобаларды іске асыру процессінде инвестициялық қызметінде қатысушылар арасында (банктер, мемлекет және инвестициялық жобаны тапсырушылар) туатын ақша катынастары. Инвестицияның мәні инвестициялық қызметінің екі жағын білдіреді: ресурс шығындары мен табатын нәтиже (пайда). Инвестициялар нәтиже табу мақсатында екі жақты қарастырылады: саналық (пайда) және сапалық (білім беру саласында – мектеп салу және білімді мамандар саның көбейту, кәсіпкерлікте - өнім шығару мақсатында кәсіпорындардын саның көбейту. Инвестициялық қызметтің объектілері:
- мүліктік құқық;
өндірілетін және модернизацияланатын негізгі құралдар;
бағалы қағаздар;
мақсатты ақша салымдары;
ғылыми – техникалық өнім;
интеллектуалдық меншікке құқық;
меншікті басқа да объектілері.
Инвестициялық қызметтің субъектілері: инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектілерін қолданушылар, жабдықтаушылар, әр түрлі қаржы мекемелері – банктер, сақтандыру компаниялар, делдалдар.
Инвестициялаудын негізгі этаптары:
Ресурстарды капиталдық шығындарға айналдыру, яғни инвестицияларды нақты инвестициялық объектілеріне салу процессі (инвестициялаудын өзі);
Салынған қаражаттарды капиталдық құндылыққа айналдыру, яғни инвестицияларды пайдалану және жаңа тұтынушылық құнын алу (ғимарат пен құрылыстар, жаңа өнім және т.б.);
Капиталдық құндылықтын пайдаға айналуы, яғни инвестициялаудың соңғы мақсаты. Капиталды өсіру көзі және инвестициялаудын мақсаты жобаны сатудан түскен пайда (кіріс) болып табылады. Тәжірибиеде пайда (П) массасын инвестициялық шығындармен салыстырады (ИШ) және олардын тиімділігін (ИТ) есептейді:
ИТ (%)=П/ИШ*100.
Инвестицияның көлеміне әсерін тигізетін факторлар.
Азаматтар кірістерінің жоғарлауы, олардың бір бөлігін сақтап қалуына арналған және инвестициялық ресурстарының көздері болады. Сондықтан, Салымдар (сбережения) үлесінің барлық кірістердін ішінде жоғарлауы инвестициялар көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше болуы мүмкін. Бұл жағдай азаматтардын мемлекетке сенім арттыру нәтижесінде камтамасыз етіледі және мемлекет өзі жағына инвестициялық белсенділікке мүмкіндік беруі тиіс.
Инвестицияның көлеміне күткен табыстылық нормасы әсерін тигізеді, өйткені пайда қызығушылықты тудыратын негізгі себеп. Күткен табыстылық нормасы жоғары болған сайын инвестициялау көлемі де жоғарлайды, және керісінше.
Инвестиция процессінде меншікті қаражаттарымен қатар қарыз қаражаттарын қолдануға мүмкіншілік болғандықтан инвестицияның көлеміне ссудалық пайыздың қойылымы әсерін тигізеді. Егер күткен табыстылық нормасы орташа ссудалық пайыздың қойылымынан жоғары болса, онда мұндай салымдар инвесторға тиімді болғаны. Сондықтан, орташа ссудалық пайыздың қойылымының өсуі мемлекеттің экономикасына инвестициялар көлемінің төмендеуіне әкеледі.
Инвестициялық жобаның мазмұны кез келген инвестициялық қызметі болуы мүмкін – жаңа кәсіпорынды құру жоспары мен жылжымайтын мүлікке лицензиялар мен патенттерді сатып алу бағдарламасы.
Инвестициялық жобаларды келесі белгілерімен жіктеуге болады:
- масштаб (көлемі);
іске асыру мерзімі;
орындау сапасы;
ресурстардын шектелуі;
іске асыру мерзімі және орны.
Негізгі этаптар:
- инвестициялық идеяның тууы;
- инвестициялық мүмкіншілікті зерттеу;
- құрылыстың, объектіні қайта құру, техникалық қайта қаруландыру жұмыстарының техникалық – экономикалық негіздемесін құрастыру;
- келісім шарт құжаттарын әзірлеу;
- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;
- объектіні эксплуатациялау
және экономикалық
Инвестициялық жобалар
Инвестициялық жобалар ұғымы, оларды әзірлеу этаптары.
Нақты инвестициялаудын барлық формалары негізгі үш этаптан тұрады, олардын жиыны инвестициялық цикл деп аталады:
1) инвестициялаудын алдындағы стадия, мұнда альтернативті шешімдер нұсқаулары әзірленіп оларға баға беріліп, іске қосылуға нақты бір нұсқа қабылданады;
2) инвестициялық стадия
– инвестициялық шешімінің
3) инвестициялық стадиясынан
кейн – объектіні
Инвестициялаудын алдындағы стадиясы дегеніміз инвестициялық жобаны дайындау, яғни бизнес – жоспарын, техникалық – экономикалық незідемесін әзірлеуден тұрады.
Жоба (лат. рrojectus – брошенный вперед) – техникалық құжаттар – жаңадан құрылатын ғимараттардын, құрылыстардын, машиналардын, цехтердің, зауыттардын, фабрикалардын макеттері, сызулары, экономикалық және техникалық есептері мен өндірістік пен әкімшілік құрылыстарының орналасу генералдық жоспары. Басқаша жобаны техникалық – экономикалық құжаттарының синтетикалық жиыны деп атауға болады.
Инвестициялық жоба ұғымын екі жақты қарастыруға болады:
1) қойылған нәтижеге жету
мақсатында әзірленген кез
2) қойылған нәтижеге жету мақсатында әзірленген есептік - қаржылық және құқықтық – ұйымдастырушылық жүйесі.
Сондықтан, инвестициялық жоба деп нақты инвстициялауды жұргізуге қажетті негізгі құжат, яғни онда жобаның сипаттамасы, қаржы көрсеткіштері беріледі.
Инвестициялық жобаны дайындау, әзірлеу, іске асыру мәнінде және оларды экономикалық бағалауда қолданылатын әдістерін зерттеуде бірнеше этаптардан өту керек:
- инвестициялық идеяның тууы;
- инвестициялық мүмкіншілікті зерттеу;
- құрылыстың, объектіні қайта
құру, техникалық қайта қаруландыру
жұмыстарының техникалық –
- келісім шарт құжаттарын әзірлеу;
- құрылыстық- монтаждық жұмыстар;
- объектіні эксплуатациялау
және экономикалық
Инвестициялық идеяның тууы дегеңіміз:
- идеяны тандау және алдын ала бағалау;
- техникалық шешімді (техника,
ресурстар мен қызметтер
- сертификациялық талаптардың
орындалу қажеттілігін тексеру;
- инвестициялық идеяны алдын ала келістіру;
- жобаны іске асыралатын
кәсіпорында, мекемені алдын
- рецепиенттің ақпараттық
меморандумын дайындау. Рецепиент
– инвестицияның субъектісі –
инвестицияны қолданатын
Инвестициялық жобаның жіктелу. Инвестициялық жобаларды бірнеше белгілерімен жіктеуге болады:
1) инвестициялау мақсаты бойынша
- өнімді өндіру көлемін
ұлғайтуға арналған
- өнім ассортиментің
кеңейтуге (жаңартуға)
- өнім сапасын жоғарлатуға арналған инвестициялық жоба;
- өнімнің өзіндік құнын
төмендетуге арналған
- әлеуметтік, экологиялық және басқа да тапсырмаларды шешуге арналған инвестициялық жоба.
2) іске асыру автономиясы бойынша
- кәсіпорынның басқада
жобаларын іске асырудан
- кәсіпорынның басқада
жобаларын іске асырудан
3) іске асыру уақыты бойынша
- қысқамерзімді – 1 жылға дейін;
- ортамерзімді – бір жылдан үш жылға дейін;
- ұзақмерзімді - үш жыл және жоғары.
4) инвестициялық ресурстарының қажетті көлемі бойынша
- үлкен емес инвестициялық жобалар –1000 долл. дейін;
- орташа инвестициялық жобалар - 1000 доллардаң 100 000 долларға дейін.;
- үлкен –100 000 доллардаң жоғары.
5) қаржыландыру схемасы бойынша
- ішкі қаражаттар көздерімен
қаржыландырылатын
- акционерлеу арқылы
- несие қаражаттарымен
қаржыландырылатын
- қаржыландырудын аралас
формаларымен
ЮНИДО (Организации Объединенных Нации по Промышленному развитию) ұсыныстарына сәйкес инвестициялық жобалар келесі тараулардан тұруы қажет:
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру нұсқалары. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемасын әзірлеу кезінде оның бес негізгі нұсқалары қарастырылады.
1) толығымен өзін өзі
қаржыландыру – көбінде үлкен
емес инвестициялық жобаларды
қаржыландыру кезінде
2) акционерлеу – үлкен
инвестициялық жобаларды
3) несиелік қаржыландыру
– үлкен емес қысқа мерзімді
және рентабелділік нормасы
4) лизинг немесе селенг
– меншікті қаржы қаражаттары
жетіспеушілік кезінде немесе
қаржы несиенің құны жоғары
болған жағдайда қолданылады.
5) үлестік қаржыландыру
– инвестициялық жобалардын
Аталып кеткен қаржыландыру схемасын есепке ала отырып инвестициялық ресурстар көздерінің құрамында пропорциялар белгіленеді.
Инвестициялық жобалардын экономикалық тиімділігін бағалаудын негізгі принциптері
Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің мәні. Тиімділік дегеніміз нәтижені шығындарға салыстыру. Бірінші көз қарас тиімділік туралы анықтамаға бұл сұрақтын күрделілігін көрсетпейді. Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде шығындарды дұрыс есептеу мен қоғамдық еңбек нәтижесін анықтау дұрыс есептеудің нәтижесіне жету жслдары болады.
Капиталдық салымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігінін мәні қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарлатуда берілген, яғни өнімнің құңын төмеңдетуде. Кәзіргі қоғамда капиталдық салымдардын тиімділігі екі аспектіден тұрады - экономикалық және әлеуметтік. Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің аспектісін анықтау кезінде шығындар (негізгі және қосымша) толығымен өндірушіде де тұтынушыларда да есепке алынуы тиіс. Жалпы экономикалық тиімділік тиімділіктін (эффект) капиталдық салымдарға қатынасы. Жалпы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштерді жатқызуға болады: капиталдық салымдардын өтелу көрсеткіші, яғни салынған қаражаттардын өтелу (қайтарылу) мерзімін білдіреді, және капиталдық салымдардың үлесі, яғни капитал салымдылығын білдіреді (өнімнің, қызметтің, жұмыстын бір тенгесіне келетін ресурс мөлшері). Аталып кеткен көрсеткіштерден басқа бағалау көрсеткіштер жиынына келесілер жатады: еңбек өнімділігі; қор қайтарылымы; өнімнің өзіндік құны; өнімнің сапасы мен техникалық деңгейі; өнімнің, қызметтің, жұмыстын материал– және энерго сиымдылығы; жоба қуатын игеру ұзақтылығы; әлеуметтік тиімділігің әлеуметтік нормалармен салыстырудағы көрсеткіштер; еңбек жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты көрсеткіштер. Капиталдық салымдардың тиімділігін есептеуде инвестициялық емес факторлаға байланысты тиімділіктерді (эффект) шегеру керек. Мысалы, бұрындағы жобалардын өндіріс қуаты немесе еңбекті ұйымдастыруды алдында енгізіген шаралары, кәсіпорынның сменалығын жоғарлату, өндіріс пен еңбекті прогрессивті басқару және ұйымдастыру формаларын игеру, сонымен қатар капиталдық салымдарды қажет етпейтін шаралар. Инвестициялардын әлеуметтік нәтижесін бағалау дегеңіміз адамнын құқығын, әлеуметтік жағдай нормасын, стандартын сақтайтын жоба. Жұмыскерлерге жақсы еңбек ету мен дем алу жағдайларын жасау жөнінде, оларды азық түлікпен, тұрғын үймен және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар міңдетті болғанымен жеке бағалануға жатпайды. Жобаларда орын табуы тиіс инвестициялардын әлеуметтік нәтижелердің негізгі түрлері:
- аумақта жұмыскерлер орнының өзгеруі;
- жұмыскерлердің тұрғындық және мәдениет – тұрмыстық жағдайларының жақсаруы;
- жұмыскерлердің еңбек жағдайының жақсаруы;
- өндірістік персонал құрылымының өзгеруі;
- халықтын тауралармен
жабдықталуы (отын –
- жұмыскерлер мен қоғамның жалпы денсаулығы;
- халықтын бос уақытысының экономиясы.
Әлеуметтік нәтижелердің құңдылығын бағалауда олардын жеке маныздылығы есептеледі. Жобаның әлеуметтік нәтижесіне жетуге керекті шығындар (мысалы, жұмыссыздыққа немесе уақытша еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты төленетін пособия шығыны), тиімділікті есептеуде жалпы қолданылады және әлеуметтік нәтижеге құндылық баға беруде қолданылмайды.
Жұмыскерлердің еңбек жағдайымен қанағаттаңдырылығын бағалау үшін социолгиялық сұраныс берілгендері қолданылуы мүмкін. Жобаны іске асыру кезінде жұмыскрелердін тұрғын және мәдениеттік - тұрмыстық жағдайларын жақсартумен байланысты қосымша шығындар пайда болуы мүмкін. Мысалы, оларға төлемсіз негізінде немесе женілдікпен тұрғын үйлер беру, әлеуметтік – тұрмыстық манызы бар объектілер салу. Осы объектілерді салуға кеткен, сатып алуға жұмсалған шығындар жоба бойынша шығындар көлеміне жатады және тиімділікті есептеуде қолданылады
Осы объектілерден түскен кірістер (тұрмыстық қызметтен түскен кіріс, жалға беруден түскен кіріс және т.б.) жобаның нәтижесінде есептеледі. Сонымен қатар тұрғын үйлер нарығындағы бағалар өзгерістері де есепке алынуы тиіс.
Өнідіріс саласына тиімді
инвестицияларын анықтау
Болашақ шығындар мен нәтижені бағалау инвестициялық жобалардын тиімділігің бағалауда есептеу мерзімімен шектеледі, оның ұзақтылығы (есептеу горизонты) есепке келесі жағдайларға сәйкес алынады:
- объектіні құру, эксплуатациялау
және керек болса жою
- негізгі құралдардын
орташа өлшемді нормативтік
- көздеген пайда мөлшері (кіріс нормасы, пайда массасы және т.б);
- инвестордын талабы.
Есептеу горизонты есептеу шагының санымен анықталады. Есептеу шагы ай, тоқсан және жыл болады.
Шығында екі түрге бөлінеді алғашқы немесе бастапы және ағымдағы .
Негізгі әдебиет:1,2,3,4,5,6
Қосымша әдебиет: 7,8,9,1,11
Кезеңдік басылымдар: 1,2,3,4
Интернет – көздер: 1,2,3
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Инвестициялық жобалардын әр түрлі нұсқаларын салыстыру және олардын ішінде ең жақсысын таңдау әр түрлі көрсеткіштерді қолданумен ұсынылады, оларға келесі түрлері жатады:
- Өтелу мерзімі
- Кірістік нормасы
- Таза ағымды құн
- Нірістік ішкі нормасы
- Рентабелділік индексі.
Қосымша:
- Ақшалар ағымын бағалау
- Инвестициялық тәуекелді бағалау
Оптималдық инвестициялық бюджетін қалыптастыру жүргізіледі. Жобанын таза ағымды құны (тақа дисконттық кіріс) (NPV)– жобаны іске асырудан компаниянын алатын пайдасы, яғни сомаланған дисконттық оң ақшалар ағымынын сомаланған дисконттық кері ақшалар ағымына айырмасы. Таза ағымды құн = Таза ақшалар ағымынын бүгінгі құны – бастапқы инвестициялар
NPV= немесе NPV=
мұнда СFn – n мерзімінің аяғындағы ақшалар ағымы;
k – капитал құны немесе қаржыландыру ставкасы;
I0 – бастапқы инвестициялар;
- CFn – n мерзімінің аяғындағы кері ақшалар ағымы;
+ CFn – n мерзімінің яағындағы оң ақшалар ағымы.
Егер NPV>0, жобаны қабылдау керек;
Егер NPV<0, жобаны қабылдамау керек;
Егер NPV=0, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады.
Пайданын ішкі нормасы (IRR) – жобадан түскен болашақта таза ақшалар ағымынын бүгінгі құны бастапқы инвестицияларға теңестіретін дисконттық ставкасы, яғни NPV нөлге тең болатын дисконттық ставкасы.
немесе ,
Егер IRR>k, жобаны қабылдау керек,
Егер IRR<k, жобаны қабылдамау керек,
Егер IRR=k, компанияға жобаны қабылдауға да қабылдамауға да болады.
Басқа сөзбен айтсақ, IRR – дисконтталған кері ақшалар ағымының сомасы дисконтталған оң ақшалар ағымының сомасымен толтырылатын шектеулі пайыздық ставкасы.
IRR есептеу үшін EXCEL электрондық кестесінің калькуляциялау программасының қаржылық функциясын қолдануға болады немесе қаржылық калькуляторын. Оларды қолдануға мүмкіндік болмаса оның деңгейін итерация әдісімен табуға болады, NPV деңгейін есептеу үшін дисконттық ставкасынын (r) әр түрлі деңгейін қолданау керек, яғни NPV кері белгіні көрсеткенше. Содан кейін, IRR – ні келесі формуламен есептейді:
IRR=
Мұнда келесі теңсіздік болуы тиі:
ra<IRR<rb, a NPVa>0>NPVb.
мұнда - ra – төмен дисконттау ставкасы, – rb жоғары дисконттау ставкасы, NPVa – (ra) төмен ставкадағы таза ақша ағымы және жоғары (rb) дисконттау ставкадағы таза ақша ағымы.
Жобанын рентабелділік
индексі (PI) ақшанын бір теңгесіне
келетін пайданын өсуін
PI =
мұнда СF – n мерзімінің аяғындағы тақа ақша ағымы,
к – дисконттық ставкасы,
I0 - бастапқы инвестициялар.
Егер РI > 1, жобаны қабылдау керек,
Егер РI < 1, жобаны қабылдамау
керек,
Егер РI = 1, компанияға жобаны қабылдауға
да қабылдамауға да болады.
Жобаға инвестициялау туралы шешім аталып кеткен барлық критерийлердің белгілеріне қарай және инвестициялық жобаға қатысушылардын қызығушылықтарына қарай есепке алынуы тиіс. Сонымен қатар маңызды ролін капиталдын құрамы және уақытта бөліну тәсілі, басқада факторлар атқарады
Ақша ағымының мерзімін бағалау
Ақша ағымының құнына әсерін тигізуші факторлар. Ақша қаражаттары кез келген тауар сияқты өзінің құнына уақыт сайын өзгеріп отыратын ие болады. Ақша құны арнайы нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныс балансымен беріледі және онымен таба алатын пайызға байланысты болады. Пайыздық қойылым белгілі бір уақыт мерзімінің сонында төленетін пайыз төлемдерінің сол мерзімнің басында кепілге берілген неемесе қарызға берілген қаражаттарына қатынасын білдіреді. Пайыздар не үшін керек екенін түсіну үшін, несие берушінің позициясына тұру керек:
- тәуекел, несие беруші,
қарыз алушының қарызды
- инфляция, болашақта қайтарылатын ақша өзінің құнын жоғалтады;
- келісімдерді өткізу
құны, - келісім шартты бекітумен
байланысты, төлемдерді тіркеу, қарыздарды
жинау, әкімшілік
- шанстың бағасы, бір қарыз
алушыға несиені ұсына отырып,
несие беруші оданда пайдалы
мүмкіндігің жоғалтады (яғни, несие
беруші басқа альтернативті
Пайыздық терминологиясы. Қарапайым пайыздар – номиналдық пайыздық қойылым (жылдық ағымды пайыздық қойылым). Күрделі пайыздар – бұл пайыздарға есептелетін пайыздар. Егер күрделі пайыздар бір шылға есептелсе, онда номиналдық r және нақты i пайыздар қойылымдарының айырмашылығы болмайды. Егер пайыздар күрделі схема бойынша бір жылдан артық мерзімге есептелсе, онда нақты жылдық қойылым номиналдықтан әрдайым жоғары болмақ. Нақты пайыздық қойылым i келесі теңсіздіктен есептеледі:
Р(1+ni) = P (1+r)n.
Пайыздық формулалар. Ақшаны уақытта бағалауға алты негізгі формулалар қолданылады. Осы формулалар бес ауыспалы белгілерінен тұрады:
F – ақшанын болашақ құны;
P – ақшанын бүгінге (келтірілген) құны;
A – жылдық ақша ағымы;
n – пайыздар есептелетін мерзім саны;
i – есептеу мерзімінде нақты пайыздық қойылым.
1 Ақшанын болашық құны келесі формуламен есептеледі:
F=P(1+i)n.
2 Ақшанын бүгінгі (келтірілген)
құны келесі формуламен
P=
3 Жыл сайынғы ақша ағымының
болашақ құны келесі
F=
4 Ақша ағымының n мерзімі ішінде i пайыздық қойылымымен жыл сайынғы мөлшері (А) келесі формуламен есептеледі:
А=
5 Ақша ағымының n мерзімі ішінде i пайыздық қойылымымен болашақта жыл сайынғы ақша ағымының А бүгінгі (келтірілген) құны келесі формуламен есептеледі:
Р=
Мұндай тапсырма инвестицияларды бағалы қағаздарға салуды анықтау кезінде, бүгінгі уақытта салынған шығындар болашақта жыл сайын дивиденттерді әкелуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
6 Жыл сайынғы ақша ағымының
А құны, егер олардын бүгінгі
(келтірілген) құны Р, мерзімі
n және пайыздық қойылымы i белгілі
болса. Мұндай тапсырма бастапқы
капиталды бірінғай
А=
Жобаның ақша төлемдерінің таза ағымын бағалау және инвестициялық жобаның шегін анықтау
Ақша ағымыны экономикалық табиғаты және жіктелуі.
Ақша ағымы (ағылш. аударғанда «қолма қол ақша ағымы») – кәсіпорынның белгілі бір уақыт мерзіміндегі ақша қозғалысын білдіретін нәтиже. Ақша ағымына нақты баға беру үшін кәсіпорынның қаржы ресурстары туралы және олардын уақыт мерзімінлегі қозғалысы туралы, яғни ақша ағымы бойынша ақпарат қажет. Инвестициялық жобаларды құндылық бағалауда ақша ағымы келесі формуламен анықталады:
Ақша ағымы (АА) = Таза кіріс + Амортизациялық аударымдар – инвестициялық шығындар +/- таза айналым капиталының өзгерісі.
Таза айналым капиталы = Қысқа мерзімді активтер – қысқа мрзімді міндеттемелер
Егер АА>0 инвестициялық жоба инвесторға пайдалы.
Егер АА <0 инвестор
шығынданады, яғни проектіге
Егер АА =0 инвесторға бәрі бір.
Ақша ағымын оң ақша ағымына және кері ақша ағымына бөлу керек. Оң ақша ағымы кәсіпорынның шотында жиналатын кірістер, амортизациялық аударымдар және басқа да түсімдер.
Теріс ақша ағымы – бұл инвестициялар, салықтар, дивиеденттер, ағымды шығындар, басқа да шығындар.
Оң ақша ағымы мен кері ақша ағымының айырмасы таза ақша ағымы деп аталады.
Ақша ағымының пайда болуына келесі факторлар әсерін тигізеді:
- инфляция темпі. Инфляция
темпі өзгеріп отырғандықтан,
табатын кірістерде өзгереді. Егер
инфляция темпі ағымдағы
- қарыз капиталын қолдану.
Кері ақша ағымын төмендету сомасы = (несие бойынша төлем %) * (корпоративтік табыс салығы, %).
- салықтар саны, салық салу базасы.
Таза ақша ағымы. Төлемдердің таза ағымы барлық түсімдермен төлемдердің айырмасы болып табылады. Тәжірибиеде шаруашылық операцияларының үш түрін бөлуге болады, яғни ағымды (операциялық), инвестициялық және қаржылық қызметі.
1) Ағымды қызмет өнімді
(жұмысты, қызметті) өндіру мен
сатуға байланысты. Ақша қозғалысы
мұнда бухгалтерлік пайда мен
таза кірістің қалыптасуына
2) Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді нақты және портфелдік инвестициялар операцияларымен байланысты. Инвестициялық қызметі үшін ақша қаражатының көздері реттелмеген кіріс пен амортизациялық аударымдар, мүлікті сатудан түскен кіріс, акцияны эмиссиялаудан түсімдер, ұзақ мерзімді несие мен зайымдар.
3) Қаржы қызметі корпорацияның
қысқа мерзімді қаржыландыру
бойынша операцияларымен

- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық жобалар
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
- Инвестициялық саясаты
- Инвесторы и прочие участники рынков государственных и муниципальных ценных бумаг
- Инвесторы и эмитенты рынка ценных бумаг
- Инвесторы на рынке ценных бумаг. Теория и практика инвестирования капитала
- Инвестиционный рынок: основные элементы. Что включает в себя рынок объектов финансового инвестирования
- Инвестиционный рынок России его состояние и перспективы
- Инвестиционный рынок: сущность, структура, участники
- «Инвестиционный спрос» и «инвестиционное предложение»
- Инвестиционный фонд РФ
- Инвестиционый проект
- Инвестициооный акселератор