Кәсіпкерлік
МАЗМНЫ
Кіріспе
- Кәсiпорын- өндірісті ұйымдастыру объектісі ретінде.
- Кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметiне қажет жағдайлар.
1. Экономиканың барлық даму сатыларында кәсіпорын оның негізгі бөлігі болып табылады. Себебі кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмыскер мен еңбек құралдарының арасында байланыс орнатылады. Өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз- өндірістік-техникалық, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару, жұмыс орындау немесе әртүрлі қызмет көрсету үшін қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады. Кәсіпорын өз қызметін дербес жүзеге асырады, өндіретін өнімге, алынатын пайдаға өз билігін жүргізеді.
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға экономикалық саясат, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг, менеджмент т.б. жатады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие өнім шығару.
Кәсіпорынның негізгі қызметтері:
- өндірісте және жеке тұтынылатын өнім шығару;
- өнімді тұтынушыға жеткізу және сату;
- өнімді сатудан кейін қызмет көрсету;
- өндірісті мат-тех. жабдықтау;
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- өндіріс көлемін дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін төлеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Сонымен, кәсіпорын – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету үшін кәсіпкер не кәсіпкерлер бірлестігімен құрылған дербес шаруашылық жүргізуші субъект.
Кәсіпорындар
әртүрлі белгілері бойынша
- меншік нысаны бойынша
- сала бойынша
- құқықтық жағдай бойынша
Меншік нысаны бойынша кәсіпорындар былай жіктеледі:
- мемлекеттік меншіктегі
- жеке меншіктегі
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар.
Муниципалды кәсіпорындар – бұл жергілікті басқару органдары.
Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында ұжымдық меншікке кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар жатады.
Салалық құрылымына байланысты өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс т.б. болып жіктеледі.
Құқықтық нысанға байланысты АҚ, серіктестіктер, өндірістік кооператив болып жіктеледі.
Нарықтық экономика жағдайында басты кейіпкер болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу арқылы пайда болады. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі жеке азамат не азаматтардың бірігуі бола алады. Кәсіпорынды құруға кірісе отырып, кәсіпкер не кәсіпкерлер тобы алдарына қойған анық, дәл мақсаты болуы тиіс. Бұл мақсат олардың өнімі мен қызметіне үнемі тапсырыстар алумен бекітілгені жөн. Жаңа істі бастай отырып, өзінің капиталын ұдайы толықтырып отыру мүмкіншілігін ойластыру қажет. Барлық бұл сұрақтардынегізгі құжат – бизнес-жоспарда толық көрсету керек.
Нарықтық
экономикада өндірістік не басқа
қызметпен айналысатын кез-
Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді, жаңа комбинацияларды жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерді айтамыз.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі атқара білу. Іс атқару – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Бизнес – табыс, пайда алуға бағытталған, қолданылып жүрген заңдар шеңберінде іс-қимыл жасайтын бастамашылық, кез-келген іс.
Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші.
Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс-бағытын айқындайды.
Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруге, жаңа технологияны енгізуге, бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізуге аянбай жұмыс істейтін тұлға.
Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам. Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және серіктестерінің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік - өзіндік, қарызға алған және басқа да құралдар мен мүлкі есебінен тәуекелділікпен жүзеге асатын осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табыс алуға бағытталған бастамашылық шаруашылық қызмет.
Кәсіпорындардың қызмет ету механизмі.
Кәсіпорынға қажет заттар:
- материал, шикізат;
- қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын-энергия, жер ресурстары, ғимараттар, көлік қүралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның шығаратын заттары:
- белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім;
- өндіріс қалдықтары;
- өндіріс шығындары;
- ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның құрылымы:
- негізгі өндіріс;
- көмекші өндіріс;
- қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.
Кәсіпорын жүргізетін процестер:
- ғылыми зерттеулер;
- жобалау-конструкциялау;
- дайындау;
- жөндеу;
- бақылау;
- қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, орау, басқару.
Кәсіпорынның басқару функциялары:
- статистика, есеп;
- талдау;
- жоспарлау;
- шешім қабылдау;
- ынталандыру;
- бақылау;
- реттеу.
Кәсіпорынның ұйымдастыру функциялары:
- нормалау;
- оперативтік жоспарлау;
- диспетчерлеу;
- басқару функциясын орындау;
- ресурспен қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарын жоспарлау;
- ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау;
- дайын өнімді сату.
1.Кәсіпорынның
тиімді қызмет етуі жақын және
алыс болашақты алдын-ала
Өндірістік
бағдарлама мен даму жоспарын жасау
барысында маркетингті
Жоспарлау әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары: жоспарлаудың ғылыми-техникалық және есептік-техникалық негізделуін жоғарылату; техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесін кеңінен қолдану; көрсеткіштер жүйесін одан әрі жақсарту.
Кәсіпорынның даму жоспары техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесі негізінде жасалады. Норма дегеніміз - өнім бірлігін өндіруге арналған шикізат, материал, отын, энергия шығындарының максималды мүмкін мөлшері. Норматив – еңбек қаруының, еңбек затының пайдаланылу деңгейін, олардың аудан, көлем, салмақ бірлігіне шығындарын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтеді жасау кезінде ғылым мен техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы деңгейін, кәсіпорынның өндірістік қуатын толық қолдануды және озат өнеркәсіптік тәжірибені есепке алу қажет.
Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер мына топтар бойынша жасалады:
- нақты еңбек шығындары;
- материалдық шығындар нормасы;
- еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері;
- өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері;
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндірістік қуатын игеру нормасы.
Жоспарлар мына көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге жалпы өнім мен тауарлық өнім көлемі; сату көлемі; жұмысшылардың саны; еңбекақы қоры; пайда көлемі; өндірістік шығындармөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, қор сыйымдылығы, өнім сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер әрдайым өзара байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік
көрсеткіштерге бір-бірімен байланысты
бірнеше көрсеткіштердің
Жоспарлы көрсеткіштерді есептеуде натуралды, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Натуралдық өлшемдер өндіріс көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.
Құндық
өлшемдер көрсеткіштердің құнын
көрсетеді. Құндық өлшем арқылы өнімді
сату көлемі, тауарлық және жалпы өнім
көлемі жоспарланады.
2.Кәсіпорынның даму жоспары мына бөлімдерден тұрады:
- Өнеркәсіптік өнімді шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады.Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
- Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің маңызы – ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияны қолдану, өндіріс процесі автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттау мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлауда кіреді. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшалар санын салыстырмалы азайту, өнім сапасын арттыру және т.б.
- Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері: жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, орташа тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
- Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейтуді және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері: өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндірістік қуат өсімі, күрделі қаржы көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі.
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі қолданылады. Өндіріске қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарды азайту жолдары қарастырылады.
- Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Бөлімнің негізгі көрсеткіші – еңбекақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспарда жұмысшы кадрлар саны мен өндіріске қосымша қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
- Өндірістік шығындар жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
- Қаржылық жоспар. Бұнда мына көрсеткіштер қаралады: айналым қорларын есептеу, олардың айналымын жеделдету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.
- Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылырдың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
- Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су, жер, минералдық ресурстарын және әуе бассейнін сақтау мен дұрыс қолдану жатады.
Тақырып 10. Маркетинг және өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi.
Дәріс сұрақтары:
- Маркетинг түсiнiгi.
- Бағаның қалыптасуының тәртiбi.
- Жарнаманың негiзгi түрлерi.
Бақылау сұрақтары:
- Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз.
- Маркетинг қызметінің басты міндеттері қандай?
- Өнімнің бәсекеқабілеттілігін анықтау әдістері қандай?
- Өнімнің сапаллығына әсер ететін факторлар.
1. Маркетинг – бұл тұтынушылардың тауар мен қызметке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру, өткізу мен сатуды ұйымдастыру және басқару жүйесі. Маркетинг тұтынушылардың қажетін және кәсіпорынның мүмкіндігін үйлестіру процесі ретінде қарастырылады.
Маркетингтің басты құралдары:
1. Есеп
жүргізу - басқару процесін тиімді
ұйымдастыру үшін жаппай
2. Сұранысты
болжау – ғылыми болжамды
3. Нарық
конъюнктурасын талдау –
4. Жарнама
– тауар мен қызметтерді
Маркетинг – бұл кәсіпорын, фирма тұтынушының қажеттілігін зерттеу негізінде жоғары пайда табу үшін тауар өндіру және оны өткізу жұмысын ұйымдастыру жүйесі. “Маркетинг” - ағылшын сөзі, нарық, өткізу деген мағынаны білдіреді.
Маркетинг – бұл нарықты түбегейлі, жан-жақты зерттеу және оған белсенді түрде ықпал жасап тұтынушыларды ұйымдастыру, тауарды сатып алу артықшылығын жасау. Адам өз мүмкіншілігіне қарай жан-жақты талғамын қанағаттандырарлықтай тауар таңдайды.
Маркетингілік іс-әрекетте екі нарық болады: 1.сатушы нарығы – онда сатушының билігі зор болады, ал тұтынушы нарықтың белсенді мүшесі рөлін атқарады. 2. тұтынушы нарығы – мұнда тұтынушының билігі зор болады, ал сатушы нарықтың белсенді мүшесі рөлін атқарады. Сатушы да, тұтынушы да өздерінің коммерциялық қызметінен қанағат табуы тиіс.
Нарықты зерттеудің екі позициясы болады:
1. тұтынушылар
қажеттіліктерінің
2. нарықты
тауармен толықтыру,
Бұл екі позицияның таңдауына байланысты біріншісі өнімге бағытталған маркетинг, ал екіншісі тұтынушыға бағытталған маркетинг болады.
Өнімге
бағытталған маркетинг
Тұтынушыға
бағытталған маркетингте
Шаруашылық қызметті жүргізуде маркетингтің екі типін бірдей бір мезгілде қолданған жөн. Мұны интеграцияланған маркетинг дейді.
Маркетингтің міндеттері:
- нарықты жан-жақты кешенді зерттеу;
- барлық сұранысты анықтау;
- тауарды өткізуді жоспарлау және жүзеге асыру;
- өндірісті ұйымдастыру, басқару жөнінде шаралар белгілеу.
Маркетингтің негізгі қағидасы оның барлық ісінің қорытындысы тұтынушылардың өскелең талабын орындау. Осы негізгі талаптан мына принциптер туындайды:
- нарықты білу керек, оның ұсынылатын тауарға сұраныс мөлшерін, динамикасын зерттеу, оның қорытындысын ғылыми-техникалық, өндірістік және шаруашылық шешімдер қабылдағанда ескеру;
- өндірісті нарықтың талабына қарай икемдеу, не сатылса, соны ғана өндіру;
- маркетингілік зерттеу қорытындысын іске асырудағы шығармашылықты қолдап дамыту, әсіресе, тауар мен қызметтер сапасын арттыру;
- мақсатқа сай басқару процесін қамтамасыз ету: ғылыми зерттеулер - өндіріс - өткізу - сервис;
- өнім өндіруде нарықтағы сегменттің ерекшелігін ескеру;
- ең жоғары сапалы тауарлармен нарықты еркін меңгеру;
- жоғары мамандық тәжірибесі бар басқарушылардың еңбегін ынталандыру.
8. Негізгі
әдебиеттер мен оқу
құралдары:
- Бренц А.Д., Брюгеман А.Ф. Планирование на предприятиях нефтяной и газовой промышленности.
- Бейсенова М., Садықбекова А. Кәсiпорын экономикасы.А., 2002.
- Джолдасбаева Г.У. Кәсiпорын экономикасы. А.,2002.
- Дәуренбекова Ә.Н. Өндірісті ұйымдастыру.А.,2007.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.А.,2003
- Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы.А.,2007
- Саймагамбетова Г.А. Организация и планирование производства. А., 2004.
- Предпринимательство и право. Сборник нормативных актов. А,1998.
- Экономика предприятия./Под ред. В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандара. М.,1998.
- Экономика предприятия./Под ред.Волкова О.И. М.,2002.
- Окаев К.О.,Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсiптiк кәсiпорын экономикасы. А.,1994.
- Қалдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия. А., 1997.
- Шматов В.Ф., Малышев Ю.М. и др. Экономика, организация и планирование производства на предприятиях нефтяной и газовой промышленности.
- Шепеленко Г.И. Экономика, организация и планирование производства на предприятии. Ростов-на-Дону, 2002.
- Зайцев Н.Л. Экономика, организация и управление предприятием. М.:ИНФРА-М, 2005.
- Скляренко В.К. Экономика предприятия. М.:ИНФРА-М, 2006.
Қосымша
әдебиеттер мен оқу
құралдары:
- Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. Экономика предприятия. А., 2004.
- Бляхман Л.С. Экономика фирмы. СПб, 1999.
- Грузинов В.П. Экономика предприятия. М., 1998.
- Раицкий К. Экономика предприятия. М., 1999.
- Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. А., 2006
- Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. А., 1998.
- Порохов Е.В. Правовые основы предпринимательства в РК. А., 2001г.
- Лапуста М.Г. Предпринимательство. Москва, 2002г.
- Окаев К., Смагулова Н., Яновская О. Предпринимательство в РК. Алматы: Экономика, 2001г.
- Токсанова А. Равитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиции менеджмента. Алматы: Галым,1997
- Развитие экономики Казахстана в новом тысячелетии. /Под ред. Р.С.Каренова, А., 2000г.
- Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан./Под ред. Жатканбаева Е.А., Алматы: 2001.
- Индивидуальный бизнес в РК. Практическое пособие. Алматы, 2002г.
- Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Кәсiпкерлiк негiздерi. Орал, 2001.

- Кәсіпкерлік бақылау
- Кәсіпкерлік құқық
- Кәсіпкерлік қызмет саласындағы салық жүйесі және салық салымы
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Кәсіпкерлік қызмет түрлері
- Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
- Кәсіпорын айналым қоры және айналым құралдары
- Качество услуги
- Качество услуг и его показатели
- Качество финансово-бюджетного планирования на региональном уровне
- Качество хозяйства
- Качество шоколада
- Качество экономического роста
- Качесто жизни