Негізгі қорлар

Негізгі қорлардың толық  барын көп жағдайда белгіленген  бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі  қорлар балансынан алуға болады. Бірақ  кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең  ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы  салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй;  б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған;  в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны -  бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.

Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге  болады.

Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12                                        (1.1)

мұндағы,       Фн – негізгі  қорлардың жыл басындағы құны;

Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;                      

 Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;                      

  Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың

функционирлену уақыты;

Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі

өтіп кеткен уақыт.

Негізгі қорлардың тозушылық  дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.

Ктозу  =


Тозу сомасы


Негізгі қорлардың толық бастапқы құны        (1.2)

немесе      Ктозу = 1 – Кжарамд.

Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті  пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар  көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.

Кжарамд. =


 

Негізгі қорлардың қалдық  құны                        


 

                                                        Толық бастапқы құн (1.3)

немесе     Кжарамд. = 1 — Ктозу            

 Тозу және жарамдылық  коэффициенттерін жағдайына қарай  жыл басына және жыл аяғына  есептелінеді. Олар негізгі қордың  жағдайын оның техникалық деңгейін  сипаттайды.

Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі  қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:

Кжаңарту =



 

                                                  Жаңа  негізгі  қорлар құны                                           

                   Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны       (1.4)

Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын  көрсетеді.

Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу  нәтижесінде ғана емес санымен қатар  эксплуатацияда болған негізгі қорлардың  түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:

Ктүсім =



 

                                         Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны                                       

 Негізгі қорлардың жыл аяғындағы  құны (1.5)

Негізгі қорлардың қайта  өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың   интенсивті коэффициенті пайдаланылады:

Кинт. =



 

                                             Жойылған негізгі  қорлар құны                                                     

 Қайта енгізілген негізгі  қорлар құны       (1.6)

Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.

Негізгі қорлардың тек  қана тозуы және өте ескіргендігінен  пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын  жою коэффициенті:

Кжою  =



 

                                                  Жойылған негізгі  қорлар құны                                                                           

 Негізгі қорлардың жыл басындағы  құны    (1.7)

Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық  құннан шыға есептелінеді. Негізгі  қорлардың қозғалысы туралы толық  мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.

Негізгі қорларды пайдалану  үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды  пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.

Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.

Негізгі қорларды экстенсивті  пайдалану көрсеткіштері олардың  уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт  бірлігіне өнім түсімінің көлемін  сипаттайды.

Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына  жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың  жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері  және т.б. жатады.

Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол  бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.

Құрал-жабдықтар жұмысын  ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:

Кауыс.  =



 

                                              Ауыстыру машиндері                                                                           

 Құрал-жабдықтар мөлшері                 (1.8)

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты  мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл  қалыптастыру процесінде кәсіпорын  өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты  пропорцияға жету қажет.

Негізгі қорларды экстенсивті  пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін  толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды  мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері  — өндірісті ұйымдастырудың төмен  деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.

Құрал-жабдықтарды экстенсивті  және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері  де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды  тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері  қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда  өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге  қарағанда тез ұйымдастыруға  болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.

Көп жағдайда жоғарыда айтылып  кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың  бөлек көрсеткіштерінің пайдалану  дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан  негізгі қорлардың барлық пайдалану  массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық  шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.

Олардың ішінде маңыздысы  – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың  орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.

ФО = Q/Fc                                                                            (1.9)

мұндағы,                   Q — өндіріс көлемі;

F– негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені  пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде  негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің  кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет. 

 

 

 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ  БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ……5-бет 
1. 1 Отау құрылыс ЖШС-ның ұйымдық құрылымы 
1. 2Отау құрылыс ЖШС-ның экономикалық шаруашылық іс-әрекетін талдау

2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН  ТАЛДАУ….15-бет 
2.1 Негізгі қолардың экономикалық мәні 
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдардың қозғалысын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ…….20-бет 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….22-бет

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Экономикасы  нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан  үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі —  өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі  – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті  дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы  ресурстарды қайтіп пайдалануды  шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі – қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін  алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша  шаралар жүйесі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны  одан әрi дамытудың басымдықтарын  дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді  көрсетуге болады:

-   тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;

-   технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;

-   инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;

- ішкі нарықта озық  технологияларға және өнеркәсіптік  жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті  тапсырыстың болмауы.

Тақырыптың зерттеу дәрежесі.Негізгі  қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың  негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Жаңа құрылысқа көп  күрделі қаржы жұмсау, өндіріске  қосымша еңбек ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын  ұлғайту – осының әр қайсысының өзіндік шегі бар. Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек  өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды азайтудың  және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге болады. өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші  болады.

Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды  ауыстырып өнімділігі биік механизмдер  пайда болуда. Негізі қорды қайта  құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта  құрылу сұрақтары негізгі мәселенің  бірі болып табылады. Осыған орай негізгі  өндірістік қорлардың пайдалануын  және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.

Зерттеудің міндеттері:

- негізгі қордың теориялық  сұрақтарын қарастыру;

- амортизацияны экономикалық  категория ретінде зерттеу;

- “Отау құрылыс” ЖШС-нің  негізгі қорларын, шаруашылық және  қаржылық жағдайын талдау.

Зерттеудің объектісі: Қазақстан  Республикасының кәсіпорындарға, олардың  негізгі қорларын ұйымдастыру шараларына негізделген нормативтік-құқықтық базасы, “Отау құрылыс” ЖШС-нің  есеп беру жүйесі.

Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.

 

Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.  Негізгі  құралдардың  басты  белгісі  оның  өз  құнын дайын  өнімге  біртіндеп  көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне  байланысты[4, 66б]. 
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады[5, 100б]. 
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді. 
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға: 
−    Өнеркәсіп, 
−    Құрылыс, 
−    Ауыл  шаруашылығы, 
−    Автомобиль көлігі, 
−    Байланыс, 
−    Сауда, 
−    Ғимараттар, 
−    Құрылыстар, 
−    Машиналар, 
−    Жабдықтар  мен  басқа  да еңбек құралдары жатады. 
Олар  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады. 
Өндірістік емес қорларға: 
−    Тұрғын-үй, 
−    Коммуналдық шаруашылық, 
−    Денсаулық сақтау, 
−    Білім беру, 
−    Мәдениет, 
−    Спорт  салаларына  бөлінеді. 
Олар  өндірістік процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді[6, 43б]. 
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. 
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері  мен  сапасына  ықпал  етеді. 
Пассив  бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай  жасайды[7, 25б]. 
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан  тұрады: 
−    Үйлер; 
−    Ғимараттар; 
−    Өткізбелік тетіктер; 
−    Күш машиналары; 
−    Жұмыс машиналары мен жабдықтар; 
−    Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары; 
−    Тасымалдау құралдары; 
−    Құрал-саймандар мен жабдықтар; 
−    Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары; 
−    Өнім және жұмыс малдары; 
−    Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер; 
−    Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. [7, 25б] 
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін  шаруашылық құралдары  және т.б. кіреді[8, 64б]. 
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін  көтеру маңызы әрқалай болады.  Негізгі қорлардың белсенді  бөлігі  өндірістегі  еңбектің  техникалық  қарулану  деңгейіне  тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және көлеміне үлкен  әсерін тигізеді.

Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді[12, 197б]. 
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады. 
Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану  әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады. 
Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады. 
Негізгі  құралдардың  құрылымы  бойынша  барлық  негізгі  қорлардың жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықталынады[13, 103б]. 
Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.


Негізгі қорлар