Өнеркәсіп әкология қалдықтары

 

 

 

 

Жоспар

 

  1. «Өнеркәсіп – қоршаған орта» жүйесіне түсінік
  2. Өнеркәсіп қалдықтарымен ластану. Қалдықтардың классификациясы
  3. Өндірстегі қалдықтар түзілісінің көлемі
  4. Өндірістік қалдықтар проблемалары
  5. Өндірістік қалдықтар проблемаларын шешу
  6. Өндіріс қалдықтарын қолдануға,  тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өнеркәсіп – қоршаған орта» жүйесіне түсінік

Адамзаттың табиғатқа әсерінің әдістері мен көлемі тоқтаусыз күрделеніп келеді. Осы уақытқа дейін, қандай да бір  инженерлік-технолгогиялық  шешімдерді іске асыруда екі параметрдерді қарастыратын: 1. тікелей мақсатқа жету, яғни қажетті өнімді алу, энергия өндіру т.б.; 2. экономикалық эффект. Технологияға бұл тұрғыдан қарау, өнеркәсіп пен қоғамның қоршаған ортаға әсерін есепке алмады. Сондықтан да өнеркәсіп, табиғатты ластаушы көздердің ең қауіптісі болып қала берді.

Өнеркәсіптік экология дегеніміз -  өнеркәсіптің немесе адамның барлық шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерін, сондай-ақ табиғаттың кәсіпорындарға кері әсерін немесе  барлық шаруашылықты толық зеріттейтін экология бөлімі.

Инженерлік экологияның зерттеу объектісі - қоғамдық  өнеркәсіптің жеке түрінің  оны қоршаған табиғи ортамен әрекеттесуінің нәтижесінде ұзақ уақыт функциялана отырып қалыптасқан система.

Инженерлік экологияның зерттеу пәні дегеніміз технологиялық және табиғи процестердің табиғи - өнеркәсіптік системамен әрекеттесуі.

Шаруашылықты зеріттеу барысы тек қана ластанумен шектелмеуі қажет, себебі табиғатқа шаруашылық қызметтің әсері, әдетте аумақты пайдаланудан немесе аумақтың табиғи экожүйесінің өте-мөте өзгеруінен басталады.

Технологиялық  процестерді орындау үшін өте ықшамдалған жасанды биоценоздың жұмыс істеуі және жасалуы туралы білім, яғни ақаба суды тазалау, активті лай, биогаз, кенді байыту, азықтык белоктарды алу, т.б. қажет.  Адамзат табиғи шикізаттан қажетті компонентін алу барысында, оның ғасырлар бойы қалыптасқан көп компонентті құрлымды болатындығына көп көңіл бөлмей келді. Технологияның даму жолында шикізаттан қажетті затты алудың  жетік әдістері жасалды. Бірақ, тек шикізаттан қажетті бір ғана затты алу барысында, негізгі өнірілген масса қалып қалдыққа айналып жатады. Осы қалған қалдық қоршаған ортаға техногенді әсер етуші. Мысалы, түсті металдарды рудадан алғанда, оның бір тоннасында бірнеше г бірнеше кг дейін ғана қажетті зат болады. Түсті металлургияда негізгі 12 металдарды (алюмений, мыс, никель, кобальт, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, алтын, сынам, қалайы, сурьма) алғанда, рудадан олармен қабат 63 пайдалы, сирек кездесетін металдар бірге шығады да қалдық ретіне қалып қояды. Қазіргі таңда жылына 20-30 т минеральды шикізат өндірсе, оның 1-2% ғана соңғы өнімге ауысады. Сонымен планетамызда 100 миляртаған т өнеркәсіп қалдықтары қалып жатады және бұған қосымша тұрмыс қалдықтары да бар.  

 

 

 

 

Өнеркәсіп қалдықтарымен ластану

Өнеркәсіп қалдықтары дегеніміз - өнім шығару кезінде пайда болған және бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жойған жартылай фабрикаттар, материалдар және щикізат қалдықтары; белгілі бір кәсіпорынның ақырғы өнімді өндіру барысында пайда болған барлық қатты, газ тәріздес және сұйық қалдықтар. Өнеркәсіп жыл сайын әр түрлі дәрежедегі ластанған ақаба суды төгеді, атмосфераға шаң және газ тәріздес қалдықтар шығарады, тау-кен өнеркәсібі үйінділерге аршыма таужыныстарын, сондай-ақ кондициялық емес кен жыныстарын үймелейді. Өнеркәсіп қалдықтары әр түрлі мақсаттарда 10-20%-дан аспайтын көлемде пайдаланылады. Қалған бөліктер бітіндеп жиналып қоршаған ортаны ластайды. Қалдықтар массасын қысқарту мақсатымен қайтадан пайдалану, ресурстарды үнемдейтін технологиялар және т.б. қолданылуда. Соңғы кезде биологиялық әдістер көмегімен  адамға пайдалы өнімдерді алу әдістері мен жолдар жиынтығын биотехнология деп аталады.

Соңғы жылдары  мемлекетімізге өндірістік қалдықтармен қатар тұтас тұрмыстық қалдықтардың көлемінің өсу үрдісі тән, бұл көбінесе өндірістің өсуіне, жаңа технологияларды әзірлеу, қалалық тұрғындар санының үздіксіз өсуіне және орауыш материалдар көлемінің өсуіне, қалдықтар құрылымының өзгеруімен байланысты.

Қазіргі уақытты ауа бассейінін ластаушылардың «негізі үлесіне» өнеркәсібі дамыған зоналардағы: жылу энергетикасы (жылу және атом электростанциялары, өнеркәсіп және бу жіберетін қазандықтар және т.б.), ауыр металлургия, түрлі түсті металлургия өндірістері, мұнай өндіруші, мұнай химия өндірісі және құрылыс материалдары өндіріс орындары жатады.

Сұйық және қатты отындардың жану процесінде атмосфераға құрамында толық жанған (көміртегінің қос тотығы және су булары) және толық жанбаған (көміртегі тотығы, күкірт, азот, көмірсутектер және т.б.) өнім түтінмен бірге енеді.  Жану процесінен шығатын қалдық көлемі өте жоғары. Күштілігі 2,4 млн кВт болатын қазіргі заман жылу электр станциясы тәулігіне 20 мың т көмір жұмсап атмосфераға осы уақыт ішінде 680 т SO2 және SO3 , 120-140 т қатты денелер (күл, шаң, күйе), 200 т азот тотықтарын шығарады.

Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:

    • қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
    • өндіріс циклінің кезеңі;
    • қалдық түрі;
    • қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
    • қолдану бағыты;

 

 

 

    • қолданыс эффектісі;
    • утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.

Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады.

Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.

Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.

Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

    • улы қалдықтар
    • улы емес қалдықтар

 

 

Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

  • құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;
  • құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
  • гальваникалық өндіріс қалдықтары;
  • мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
  • хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.

 

 

 

 

Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек. 

Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

Өндірстегі қалдықтар түзілісінің көлемі

Полигон

Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.

Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.

Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады

Полигонның құрамында келесі шаралардың қарастырылуы:

  • улы өндірістік қалдықтарды өңдеу заводтары (???сурет);
  • улы өндірістік қалдықтарын көму учаскелері;
  • арнайы улы қалдықтарды тасымалдайтын автокөліктерге арналған тұрақтар (гараж).

 

 

 

Ескерту

1)                улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;

2)                қалдық мөлшері 100мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.

Полигонға қабылдамайтын қалдықтар түрлері:

  • эффективті әдістер арқылы металл өнімдерін және басқа да заттарды айыруға болатын қалдықтар;
  • радиоактивті қалдықтар;
  • регенерациялауға жататын мұнай өнімдері.

Полигонның жобаларында өнеркәсіптік қалдықтар жөнінде төмендегі ақпарат болуы керек:

1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын мөлшерінің саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде мәліметтер;

2) қоршаған ортаға өнеркәсіптік қалдықтардың әсер етуінің мүмкін салдарының сипаттамасы;

3) өнеркәсіптік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;

4) зиянды заттардан топырақты  қорғау және бұзылған, ластанған топырақты рекультивациялау бойынша шаралар;

5) қоршаған орта объектілеріндегі  зиянды заттарды анықтау әдістемесі.

 

 

 

 

Полигондарды орналастыру       

 Полигондарды орналастыру  үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет.

Полигон кем дегенде 200м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50м алшақ орналастырылады.

Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет. 

Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.

Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады(сары топырақ, сланцы,сугликок және т.б.), олардың фильтрация коэффициенті 0,00001 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері  көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек.(Ережеге сәйкес, 7-15м)

Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар: 

 

  • пайдалы қазбалар қорына жақын аумақта,құзырлы органдардың рұқсатынсыз;
  • активті карст зоналарында;
  • қар, лай көшкіні қауіптілігі бар және сель ағымдары бар жерлерде;
  • ауыз су қоры бар зона;
  • санитарлы демалу курорттарының маңайында;
  • көгалданған жасыл қала зоналарында;
  • ормандар, демалу орындарында;
  • органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған аумақтарда .

 

 

 

Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен(мың.т.)  айқындалады.  Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.

Өнеркәсіптік улы қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек: 

 

  • дұрыс таңдалған алаң:
  • керекті инженерлік ғимараттарды қарастыру;
  • қалдықтарды толтыру реттілігі;
  • қоршаған орта мониторингі:
  • биогаздың түзілуін, жинақталуын, тасымалдауын қадағалануы;
  • фильтраттың түзілуін, жинақталуын және жоюлуын бақылау.

Улы өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.

Қазіргі жаңа заман талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:

  • тығыз минералды қабаттар мен жасанда материалдар қосындысы(комбинация);
  • жол айрықтар(проезды);
  • ағып өтетін судың жинақталу және тазалану ғимарттары;
  • сілтіленетін газды утильдеу және жинау ғимараттары;
  • рекультивация көмегімен ландшафтарды қорғау ғимараттары.

Өнеркәсіптік қалдықтарды көму учаскесінің негізгі конструкциялық элементі болып:

  • герметик қаптама;
    • қорғаныс қабат қаптамасы;
    • полимерді пленкалы материалдар(полиэтилен);
    • асфальтбетон жабындылары;
    • топырақты бентонитпен күшейту жатады.

 

 

 

Улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыру және көмуге байланысты ситуациялық план  

 Улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыру және көмуге байланысты ситуациялық план

1 –тұрмыстық ауыз сумен  қамтамасыз ететін ғимарат; 2 –  улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыратын утельдейтін завод; 3 – утельденбейтін өнеркәсіп қалдықтарын көмуге арналған участок; 4 – тұрмыстық канализацияны тазартатын ғимарат; 5 –жаңбыр суы жиналатын көлшік; 6 –өндірістік судың насостық станциясы; 7 – плотина(бөген); 8 –елді мекен; 9 — подстанция 110/35 кВ; 10 –снтарлы -қуіпсіз аймағының шекарасы ; 11 — подъезді автожол.

Көмудің типтері        

 Қалдықтарды негізінде  көмудің екі әдісі қолданылады: жерасты және жерүсті .

Жерасты көму түрі – шахталарды, қуыстар, скважиналар, бұрынғы мұнай алаңдары және т.б  — радиокативті және қалдықтарды орналастыруға арналған.

Жерүсті көму әдісі – құрылыс қоқыстары, қатты тұрмыстық қалдықьар және өнеркәсіптік улы қалдықтарды орналастыруға арналған.

Көмудің артықшылықтары:

  • көмудің негізі жерүстінде;
  • орналастырылатын материалдарды тығыздауда бақылау жасауға мумкіндік болады; 
  • отвод вод насосты қолданусыз жүреді;
  • Дренажды жүйелерге жақсы бақылау жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
 
 
    Өндірістік қалдықтар проблемалары-оларды өңдеу тиімді қолдану, қауіпсіздендіру және жерлеу - Қазақстанның экологиясын жақсартудағы шешімін таппай отырған өзекті мәселелерінің бірі болып есептелінеді [1-3]. Осыған байланысты зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ретінде өндірістік қалдықтарды талдап қарастыруда сарамандық іс-әрекетерді жетілдіру қажеттілігі қарастырылады. 
 
     Өндірістік қалдықтарды сақтау және залалсыздандыру Қазақстандағы аса күрделі мәселе болып қалуда. Елімізде өндіріс және тұтыну қалдықтарының жағдайы әлі күнге күрделі екендігін атап өту қажет. Барлығы 22 млрд. тонна қалдық жинақталған оның ішінде, 16 млрд-ан астамы-техногендік минералдық түзілімдер, 6 млрд-қа жуық-қауіпті және 96 млн. тонна тұрмыстық қатты қалдықтар. Жыл сайын 700 млн. тоннаға жуық өндірістік қалдықтар түзілсе, оның 250млн. тоннасы-улы қалдықтар. Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтардың негізгі бөлігі компонентерге бөлінбестен тасымалданып ашық қоқыстарға қоймаланады. Оның 97 пайызы – экологиялық және санитарлық талаптарына сәйкес келмейді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың 5 пайызы ғана кәдеге жаратылады немесе өртеледі. 
 
    Бұл салада біраз тиімды жұмыстар жасалуда. Қалдықтар мәселесін қадағалайтын заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірленді және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге түгелдеу жүргізілді. Қалдықтар құжаттары тізімі мен кадастыры қалыптастырылды  
 
   Өндірістік қалдықтарды өңдеуді , жетілдіру және қоршаған ортаны жақсарту мақсатында мынандай шараларды жүзеге асыру қажет: 
 
- өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көму, сондай-ақ қоқысты терең сұрыптау және оны сол жерде қайта өңдеу бойынша кешенді мамандандырылған бағдарлама әзірлеу; 
 
- республика аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, соның ішінде оларды уақтылы көмуді қысқартуды қамтамасыз ететін ең жаңа, экологиялық тұрғыдан қаупсіз техника мен технологияларды енгізу үшін табиғат пайдаланушыларды ынталандыру тетіктерін әзірлеу; 
 

 

- қалдықтарды өңдеу бойынша  құрылыс жасау жобаларына жергілікті  бюджеттен қаржы бөлу; 
 
- жергілікті бюджет есебінен облыстық және аудандық орталықтарды типті полигондарды салуға қаржыландыру; 
 
- заңсыз стихиялық қоқыс орындрын болдырмау және оған жол бермеу; 
 
- барлық жергілікті жер бойынша қоқыс орындарына қалдықтардың түсін есептеу және жылдық есеп жүргізу; 
 
- мемлекеттік статистика тәжірибесінде пайдаланған қалдық жинау, сақтау және жою бойынша статистикалық есеп беруді құру; 
 
- қалдықтарды өңдеу бойынша мәселелерді ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялау; 
 
- қалдықтарды реттейтін нормативті актілерді жасау және жетілдіру; 
 
- қалдықтарды өңдеу және жоюда қоршаған ортаны қорғау заңнамаларын сақтау бойынша бақылауды күшейту; 
 
- халықты экологиялық сауаттандыру шараларын күшейту; 
 
- жерді қалдықтар мен химикаттық ластау үшін зиянды анықтайтын әдістемені құру және бекіту. 
 
    Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудің есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, қалдықтарды ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелі жүйелеріне мамандарды оқытуды ұйымдастру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.

 

 

 

 

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалануға, қолдануға, тасымалдауға,сақтауға және көмуге қойылатын

 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары  

 

 

 

1. Негізгі ережелер 

 

1. Осы санитариялық қағидалар өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен денсаулық сақтау объектілерінде пайда болатын қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім бойы оларды қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;

2) медициналық қалдықтарды көму - зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің алдын алу бағытталған және осы медициналық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын залалсыздандырылған медициналық қалдықтарды кейін қайта алу ниетінсіз оларды топыраққа қауіпсіз орналастыру;

3) қалдықтардың сыныптамасы - оларды қалдықтардың қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін қауіптілігіне сәйкес оларды қалдықтардың сыныптарға жатқызу тәртібі;

4) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

5) медициналық қалдықтар - медициналық қызметтерді көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу үдерісінде пайда болатын қалдықтар;

6) өндіріс және тұтыну қалдықтары - өндіріс немесе тұтыну үдерісінде пайда болған шикізаттың қалдықтары, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің, сондай-ақ өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);

7) қалдықтармен жұмыс істеу - осы операцияларды бақылауды және жою орындарын қадағалауды қоса алғанда, қалдықтардың пайда болуының алдын алуға, оларды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, өңдеуге, кәдеге жаратуға, жоюға, залалсыздандыруға және көмуге бағытталған іс-қимылдар;

 

 

 

 

 

    

 

     8) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

9) қалдықтармен жұмыс істеу объектілері - қалдықтарды жинау, сақтау, өңдеу, кәдеге жарату, жою, залалсыздандыру және көму үшін пайдаланылатын орындар немесе объектілер;

10) қалдықтарды өңдеу (қайта өңдеу) - қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға дайындау мақсатында олардың физикалық, химиялық немесе биологиялық құрамын өзгертуге байланысты кез келген технологиялық операцияларды жүзеге асыру;

11) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылық, жарылысуға қауіпті, радиоактивтілік, өртке қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) ие зиянды заттар бар және дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп тудыруы мүмкін қалдықтар;

12) қалдықтарды қайта өңдеу - қалдықтардың сипаттамасын олардың көлемін азайту немесе олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын қауіпті қасиеттерін азайту үшін өзгертетін, сұрыптауды қоса алғанда физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық үдерістер;

13) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;

14) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар - қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;

15) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;

16) өндірістік объект - адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнімді шығарумен, жұмыстарды орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызмет объектісі;

17) өнеркәсіптік алаң - өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау үшін өндірістік объектіде бөлінетін функционалдық аймақ;

18) санитариялық тазарту - мақсаты елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын іс-шаралар жүйесі;

 

 

 

 

 

 

 

 

19) қалдықтарды жинау - қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет;

20) ағызу станциялары - сұйық қалдықтарды кәрізге жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;

21) өлген малды көметін орын - арам өлген не шарасыздықтан сойғаннан кейін малдардың өлекселерін залалсыздандыруға және көмуге арналған құрылыс;

22) мамандандырылған кәсіпорындар - қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар;

23) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында бөліп тұратын аумақ;

24) қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған, елді мекен аумағының бір бөлігі;

25) қалдықтарды тасымалдау - қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау;

26) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) - халықтың тұтынуынан немесе пайдалануынан кейінгі қоғамдық немесе жеке тұтыну (тіршілік ету) қалдықтары;

27) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде қолдану;

28) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында арнайы бөлінген орындарда жинау. 

 

 

 

2. Өндірістік объектілердегі қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

 

 

 

 

 

 

3. Өндірістік объектілерде өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау (орналастыру) қалдықтардың қауіптілік деңгейіне сәйкес келетін арнайы өнеркәсіптік алаңдарда өткізіледі. Қалдықтарды жиналуына қарай олардың қауіптілік сыныбына сәйкес әрбір қалдықтар топтарына арналған ыдысқа жинайды.

4. Қалдықтарды сақтау орындарынан (өнеркәсіптік алаң) тұрғын үй құрылысы, коммуналдық және өндірістік мақсаттағы объектілердің аумағына дейінгі СҚА көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес айқындалады.

5. Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 4 қауіптілік сыныбына бөлінеді:

І қауіптілік сыныбы - төтенше қауіпті қалдықтар;

ІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі жоғары қалдықтар;

ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар;

ІV қауіптілік сыныбы - қауіптілігі аз қалдықтар.

6. I қауіптілік сыныбының қалдықтары тұмшаланған ыдыста сақталады (болат бөшкелер, контейнерлер). Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажеті болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді.

7. II қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.

8. III қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.

Өнеркәсіп әкология қалдықтары