Несие нарығы
1. Несие мәні және қажеттігі
2. Несиенің қызметтері
3. Несие нысандары, олардың жіктелуі
4. Тұтыну несиесі
5. Ипотекалық несие
Несие мәні және қажеттігі
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын
үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
несиенің экономикалық мәнінен туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражатгардың түсуі мен
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несие нысандары, олардың жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді
Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және
оны берушілер ретінде кәсіпкер
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
макқатты қорларға;
банктерге;
қаржы-несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
өнеркәсіп салаларына;
ауыл шаруашылығына;
саудаға;
дайындау ұйымдарына;
жабдықтау-сату ұйымдарына;
кооперативтерге;
жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын;
айналым қаражатына жұмсалатын.
4.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
кепіл-хатпен;
кепілдемемен;
кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
сенім (бланктік)несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен;
шетел валютасында.
7. Берілу шартына қарай:
Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Овердрафт (ағылш. овердрафт — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.
Мұндай жағдайда клиенттің
шотынан қаражатты толық
Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие —
тауарлы-материалдық
Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай
міндеттемесін (векселін) сатып алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
Факторингтік несие—
жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
Несиелеу объектісіне қарай:
меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
театрлар және демалыс
үйлерінің кірістері мен
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесі
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен. қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады.
Бұл елдердің тұтыну несиесінің
жартысынан көп бөлігі автомобилдерді
сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны
жағынан тұтыну несиесі банктік
несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты
бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей
байланысты болып келеді. Сондықтан
да, несиенің бұл нысанының экономикасы
дамыған елдерде кеңінен
Қазіргі кезде Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
автомобилдік несие;
ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
жиһаз;
сантехника;
аудио-видео-және түрмыстық техникалар;
компьютер және оргтехника;
басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Сонымен қатар кез келген банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
Қарыз алушының анкетасы.
Жеке куәлігі (көшірмесі).
СТТН (көшірмесі).
Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
Отбасы құрамы туралы анықтама (№ 3-нысан)
Некеге тұрғандығын растайтын құжатгар (некетуралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).
Кепілге қоятын мүліктін, құжаттары.
Ипотекалық несие
Толық мақалалары: Ипотекалық несие және Ипотека
Кептеген экономист-ғалымдар «ипотека» терминін нарықтық экономикасы дамыған елдерде пайда болған қазіргі терминдердің бірі ретінде санайды. Соңғы жылдардағы біздің еліміздегі ипотеканың пайда болуын шетел инвестицияларымен байланыстыратындар да аз емес. Бұл негізінен бастапқыда халықтын, арасында кең таралмағандықтан және еліміздегі ипотекалық несиенін, қызмет етуінің экономикалық-кұкықтық жағынан толык қамтамсыз етілмегендігімен байланысты болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, «ипотека» сөзі алғаш рет б.э.д. ВЫ ғасырда Грецияда пайда болған (оны архонт Солон енгізген) және сол уақытта ол, қарыз алушының несие беруші алдындағы жауапкершілігін жер бөлімшелермен қамтамасыз етуін білдірген.
Б.э.д. 594 жылы Солон өзінің белгілі реформасын жүргізе отырып, жер бойынша қарыздарын алып тастап, оның орнына мұраға беруді енгізеді. Жеке басының жауапкершілігін мүліктік жауапкершілікке ауыстыру мақсатында Солон, борышқордың атына мына жер белгілі бір соманы өтеуді камтамасыз етуге арналған деген жазуы бар «тіреу» коюды ұсынады. Мұндай «тіреу» кейіннен ипотека деп аталады.
Грек сөзінде «һyпотетһеца» — тіреу қою, кепіл беру деген ұғымды білдіреді. Ол тіреуде жер иесінің белгілі бір қарыз сомасы жазылды. Мұндай тіреу қарыз беруші кепілге қойылған жер бөлімшесінің шекарасына апарып қояды және ол қарыз алушының мүліктік жауапкершілігін куәландырады. Кейіннен осындай мақсатқа арнайы кітапшалар қолданыла бастайды және оларды да ипотека деп атаңды.
Ипотека сөзі біртіндеп орта ғасырлық еуропа зандылықтарына енеді. Германияда ол ХЫВ ғасырда, ал Францияда ХВЫ ғасырда дамиды. Орта ғасырлық кодекстердегі берілген анықтамаларда ипотека өзінің жаратылысы жағынан бөлінбейтін зат, ол қанағаттанарлық алу құқына негізделген деп қарастыралады.
Әзге мемлекеттерде ипотека кеңінен дами бастаған. Пруссияда 1783 жылы, 1811 жылы Австрияда және 1843 жылы Саксонияда ипотекалык жүйе енгізілді.
Германияда алғашқы ипотекалық банктер торабы 1900 жылдан бастап қызмет етуде. Содан бері олардың бірі де қызметін тоқтатпаған көрінеді. Сонымен қатар бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс тұсында салымшыларға ипотекалық облигациялар бойынша пайыз төлеген. ХВЫЫЫ ғасырдың соңында контрактілік жинақтың классикалық нысаны ретінде құрылыс-жинақ кассалары пайда болды. Қазіргі осындай құрылыс жинақ-кассалары Германиядағы тұрғын үй саласын инвестициялайтын басты мекемелар болып табылады.
Қазақстанда ипотека термині 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілді. Осы Жарлыққа сәйкес, «ипотека — кепіл берушінің немесе үшінші бір тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын кепілге салынған жылжымайтын мүлік» деп берілген.
Қазақстанда 2001 жылдан бастап халықаралық стандарттарды ескере отырып жасагітан ипотекалық несиелеу жүйесі енгізілген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында АҚШ, Германия және Малайзия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, жасалынған тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесі қызмет етуде. Аталған жүйе бойынша тұрғын ипотекалық несиелерін берушілер екі деңгейден тұрады:
бірінші деңгейде—алғашкы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілер, соның ішінде: банктер мен банктік емес ұйымдар;
екінші деңгейде—алғашкы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілерден берген несиелері бойынша талаптарын және кепіл құкықтарын сатып алуды жүзеге асыратын, қайта қаржыландырушы ұйымдар.
Мұңдай тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің Қазақстандағы қызмет етуі, езге ТМД елдерінен ерекшелендіріп тұрады.
Тұрғын үй ипотекалық несиесін беруші екінші деңгейіне банктер және жаңадан құрылған мамандандырылған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және банктік емес ұйымдарға банктердің құрылтайшылығымен ашылған ипотекалық компаниялар жатады.
Қайта қаржыландырушыға «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жатады. Аталған компания тұрғын үй нарығын бюджеттен тыс қаражат кездері есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруда және ипотекалық несиелеуді енгізуге маңызды рөл атқаруда.
Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесіндегі басты ерекшелік мұндағы Қазақстан Ипотекалық компаниясының қызмет етуімен байланысты.
Қазақстан Ипотекалық компаниясы (ҚИК) 2001 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ықпалымен құрылды. Оның қызметінің басты мақсаты еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру тұжырымдамасын іс жүзіне асыру болып табылады.
Компанияның кызметі, сондай-ақ тұрғын үйді ұзақ мерзімді қаржыландырушы банктер мен банктік емес ұйымдардың активтері мен пассивтерінін, құрылымы сәйкес келмеген жағдайлардан туындайтын тәуекелдердің алдын алып, өтімділігін арттыру, халықтың тұрғын үйге деген төлем кабілеттілік сұранысының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасауға бағытталады.
ҚИК-ның рөлі ипотекалық
несиелер бойынша талап ету құқықтарын
серіктес банктерден сатып алу арқылы
қайталама ипотека нарығын
Қажетті несиелер портфелін
қалыптастырғаннан кейін
ҚИК-нің қайта қаржыландыруға арналған ипотекалық несиелерге қоятын өзіндік талаптары бар. Олар:
өзгермелі сыйақы мөлшерлемесімен берілетін (жекелеген жағдайларда тұрақты сыйақы мөлшерлемесінде) теңгемен берілген ипотекалық тұрғын үй несиелерін сатып алу;
шекті сыйақы мөлшерлемесі белгіленген тұрғын үй ипотекалық несиесін сатып алу;
ипотекалық тұрғын үй несиелері ұзақ мерзімді болуға тиіс (яғни, үш жылдан жоғары мерзімде);
ипотекалық тұрғын үй несиесінің мөлшері кепілге алынған тұрғын үйдің нарықтық құнының 70%-дан аспауы тиіс;
кепілге берілген жылжымайтын мүлік міндетгі түрде сақтандырылуы тиіс;
қарыз алушы өзінің өмірін және еңбекке қабілеттігін сақтандыруға тиіс.
Қазақстандық Ипотекалық компанияның қызметінің келесі бір ерекшелігі сол, жылжымайтын мүлік нарығындағы оператор ретінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды валюталық эквивалентке индексациялаусыз теңгемен береді.
Мұндағы қайта қаржыландыру тетігі былай болып келеді:
Несие беруші ипотекалық несиені береді. Салынған мүлік туралы акт-ісі (закладная) рәсімделеді және ол жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға қатысты құқықтарды мемлекеттік тіркеумен бірге, сондай-ақ, ипотека объектісімен қоса несие берушінің колына беріледі.
Арнайы қордың құрылтайшылары ақшалай қаражаттарын құяды. Инвестициялық декларация бойынша аталған қордың сенімді жетекшісі (немесе басқарушы компания) салынған мүлік туралы актіні сатып алуға жұмсалатыны туралы көрсетеді.
Арнайы қордың сенімді
басқарушы (немесе басқарушы компания)
қорға құрылтайшылардын, қосқан қаражатгары
есебінен несие берушілерден салынған
мүлік актісін сатып алады. Салынған
мүлік бойынша құқықтардың
Мұнда арнайы қор ретінде Қазақстан ипотекалык компаниясы қызмет етеді.