Несие жүйесі

Несие жүйесі

 

         Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар. Бірақ несиені зерттеу кезінде мынадай экономикалық түсініктер қалыптасқан: «қарыз», «жалға беру», «несие». Бұл түсініктердің көбісі мағыналары жағынан синоним ретінде қолданылады.  
       Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.  
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. 

        Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

        Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жердеақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен  қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

          Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

         Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

           Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

       Экономикалық категория ретінде, несие — кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

        Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

       Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

       Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.    Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

          Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

          Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

- қайта бөлу;

- айналыс шығындарын үнемдеу;

- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

- капиталдың шоғырлануын жеделдету;

- ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

        Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

        Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

       Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

        Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

      Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

       Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

       Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

       Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

       Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

       Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

      Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

      Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

      Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

       Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

       Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;

коммерциялық несие тек  қана тауар нысанында беріледі;

қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;

коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз  мөлшерімен салыстырғанда төмен  болады;

қарыз беруші мен қарыз  алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

       Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

       Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

       Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

       Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

     I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарга  берілетін несиелер:

макқатты қорларға;

банктерге;

қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге  берілетін несиелер:

өнеркәсіп салаларына;

ауыл шаруашылығына;

саудаға;

дайындау ұйымдарына;

жабдықтау-сату ұйымдарына;

кооперативтерге;

жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін  несиелер.

       II. Мерзіміне қарай:

- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

- орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және  пайдалану сипатына қарай:

негізгі қорларға жұмсалатын;

айналым қаражатына жұмсалатын.

      IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1. Қамтамасыз етілген:

кепіл-хатпен;

кепілдемемен;

кепілдікпен.

2. Сақтандырылған.

3. Қамтамасыз етілмеген:

сенім (бланктік)несиесі.

       V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

      VI. Валютамен берілуіне қарай:

ұлттық валютамен;

шетел валютасында.

      VII. Берілу шартына қарай:

       Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

     Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

      Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;

түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;

тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

       Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

       Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.

       Банкаралық несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.

      Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.

        Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.

Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.             Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.

       Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.

        Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.

      Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

        Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.

      Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.

      Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

      Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

     Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.

Ломбардтық несие —  тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.

      Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай

міндеттемесін (векселін) сатып  алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының  құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.

      Факторингтік несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің

жабдықтаған тауары мен көрсеткен  қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.

      Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.

         Несиелік желі — келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

      VIII. Несиелеу объектісіне қарай:

меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен  импорттауға;

азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

театрлар және демалыс  үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;

күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

       Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік қатынастардың даму жағдайында пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.

       Ссудалық пайыз — уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіреді.

Ссудалық пайыз:

несиені пайдаланғаны үшін төлем;

несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.

Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда  банктер пайыз сомасын толық  және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз есебінен банктер депозиттергепайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын білдіреді.

Ссудалық пайыз екі  қызмет атқарады:

- бөлу;

- ссудалық капиталды өсіру.

       Бөлу қызметі жаңадан құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.

       Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.

        Ссудалық капиталды өсіру қызметі банктің несие беруші ретіндегі несиелік әлеуетін арттыруды көздейді.

         Ссудалық пайыздың мынадай түрлері болады:

        Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді. Іс жүзінде базалық мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды. Мұндай факторларға мыналар жатады:

      Инфляция қарқынын ескере отырып және несиелік ресурстарға сұраныспен ұсыныс негізінде белгіленген номиналдық мөлшерлеме;

Инфляция қарқынын шегеріп тастау арқылы есептелетін нақты мөлшерлеме;

Несиелік шарттың мерзімі ішінде өзгермейтін тұрақты пайыз мөлшерлемесі;

     Ипотекалық несие және Ипотека

     Көптеген экономист-ғалымдар «ипотека» терминін нарықтық экономикасы дамыған елдерде пайда болған қазіргі терминдердің бірі ретінде санайды. Соңғы жылдардағы біздің еліміздегі ипотеканың пайда болуын шетел инвестицияларымен байланыстыратындар да аз емес. Бұл негізінен бастапқыда халықтын, арасында кең таралмағандықтан және еліміздегі ипотекалық несиенін, қызмет етуінің экономикалық-кұкықтық жағынан толык қамтамсыз етілмегендігімен байланысты болып отыр.

     Тарихқа жүгінсек, «ипотека» сөзі алғаш рет б.э.д. VI ғасырда Грецияда пайда болған (оны архонт Солон енгізген) және сол уақытта ол, қарыз алушының несие беруші алдындағы жауапкершілігін жер бөлімшелермен қамтамасыз етуін білдірген.

      Б.э.д. 594 жылы Солон өзінің белгілі реформасын жүргізе отырып, жер бойынша 0арыздарын алып тастап, оның орнына мұраға беруді енгізеді. Жеке басының жауапкершілігін мүліктік жауапкершілікке ауыстыру мақсатында Солон, борышқордың атына мына жер белгілі бір соманы өтеуді камтамасыз етуге арналған деген жазуы бар «тіреу» коюды ұсынады. Мұндай«тіреу» кейіннен ипотека деп аталады.

     Грек сөзінде «hypotetheca» — тіреу қою, кепіл беру деген ұғымды білдіреді. Ол тіреуде жер иесінің белгілі бір қарыз сомасы жазылды. Мұндай тіреу қарыз беруші кепілге қойылған жер бөлімшесінің шекарасына апарып қояды және ол қарыз алушының мүліктік жауапкершілігін куәландырады. Кейіннен осындай мақсатқа арнайы кітапшалар қолданыла бастайды және оларды да ипотека деп атаңды.

     Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесіндегі басты ерекшелік мұндағы Қазакстан Ипотекалық компаниясының қызмет етуімен байланысты.

Қазақстан Ипотекалық компаниясы (ҚИК) 2001 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ықпалымен құрылды. Оның қызметінің басты мақсаты еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту және тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру тұжырымдамасын іс жүзіне асыру болып табылады.

          Компанияның кызметі, сондай-ақ тұрғын үйді ұзақ мерзімді қаржыландырушы банктер мен банктік емес ұйымдардың активтері мен пассивтерінін, құрылымы сәйкес келмеген жағдайлардан туындайтын тәуекелдердің алдын алып, өтімділігін арттыру, халықтың тұрғын үйге деген төлем кабілеттілік сұранысының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасауға бағытталады.

        ҚИК-ның рөлі ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын серіктес банктерден сатып алу арқылы қайталама ипотека нарығын реттеу және сатып алынған талап ету құқықтармен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды шығарудан тұрады. Сатып алған ипотекалық несиелерге әр түрлі қызмет көрсетуді серіктес банктер жүзеге асырады.

        Қажетті несиелер портфелін қалыптастырғаннан кейін Компания ипотекалық несиелерді кепілге алып облигацияларды шығарады және оларды қор нарығында орналастыру арқылы тартылған қаражаттарды серіктес банктерді қайта қаржыландыруға бағыттайды. Сөйтіп, тұрғын үй секторын қаржыландыру үрдісі үздіксіз жалғасады.

          ҚИК-нің қайта қаржыландыруға арналған ипотекалық несиелерге қоятын өзіндік талаптары бар. Олар:

өзгермелі сыйақы мөлшерлемесімен  берілетін (жекелеген жағдайларда  тұрақты сыйақы мөлшерлемесінде) теңгемен берілген ипотекалық тұрғын үй несиелерін сатып алу;

шекті сыйақы мөлшерлемесі белгіленген тұрғын үй ипотекалық несиесін сатып алу;

ипотекалық тұрғын үй несиелері ұзақ мерзімді болуға тиіс (яғни, үш жылдан жоғары мерзімде);

ипотекалық тұрғын үй несиесінің мөлшері кепілге алынған тұрғын үйдің нарықтық құнының 70%-дан аспауы тиіс;

кепілге берілген жылжымайтын  мүлік міндетгі түрде сақтандырылуы  тиіс;

қарыз алушы өзінің өмірін және еңбекке қабілеттігін сақтандыруға тиіс.

       Қазақстандық Ипотекалық компанияның қызметінің келесі бір ерекшелігі сол, жылжымайтын мүлік нарығындағы оператор ретінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды валюталық эквивалентке индексациялаусыз теңгемен береді.

       Мұндағы қайта қаржыландыру тетігі былай болып келеді:

Несие беруші ипотекалық несиені  береді. Салынған мүлік туралы акт-ісі (закладная) рәсімделеді және ол жылжымайтын  мүлікке және онымен мәміле жасауға қатысты құқықтарды мемлекеттік тіркеумен бірге, сондай-ақ, ипотека объектісімен қоса несие берушінің колына беріледі.

Арнайы қордың құрылтайшылары ақшалай қаражаттарын құяды. Инвестициялық декларация бойынша аталған қордың сенімді жетекшісі (немесе басқарушы компания) салынған мүлік туралы актіні сатып алуға жұмсалатыны туралы көрсетеді.

        Арнайы қордың сенімді басқарушы (немесе басқарушы компания) қорға құрылтайшылардын, қосқан қаражатгары есебінен несие берушілерден салынған мүлік актісін сатып алады. Салынған мүлік бойынша құқықтардың сенімді басқарушыға өтуі үшін, оның атына аударып жазылады және оған беріледі.      Салынған мүлік актісіне байланысты құқықтарды беру, өз кезегінде несиеге кепіл ретінде қойылған жылжымайтын мүліккке қатысты құқықтардың өтуін сипаттайды. Сенімді басқарушы (немесе басқарушы компания) ипотеканы мемлекеттік тіркеуге алушы органға өзін кепіл ұстаушы ретінде тіркеуді талап етеді.

          Мұнда арнайы қор ретінде Қазақстан ипотекалык компаниясы қызмет етеді.

Бастапқы кезде Компания қайта қаржыландырылатын тұрғын үй ипотекалық несиелері бойынша несиелік үшін тәуекел және операциондық қызмет көрсетуден тұратын ақырғы сыйакы мөлшерлемесін белгілегенмен, кейіннен әр ай сайын өзінін, бағалау мөлшерлемесін ғана белгілеп, ал банктер өздерінін, маржаларын өз бетгерінше белгілі бір шектеу шегінде белгілеу тәртібіне көшті. Сөйтіп, әр банктің жеке тұлғаларға тұрғын үй несиесінің бағасы өр түрлі болып қалыптасты.

           ҚИК-ның ипотекалық несиелеу бағдарламасы республиканың барлық аймақтарында қызмет етуде. Бастапқы қалыптасу уақытымен салыстырғанда     Қазақстандағы халыққа берілген несиелер бойынша ипотекалық несиелер нарығы жоғарғы өсу қарқынына ие болуда.

          Өсу қаркынының 2000 жылға дейінгі мардымсыздығы, біріншіден орташа жалақы мелшерінің төмендігімен, екіншіден несие бағасының жоғарылығымен және несиелеу мерзімінің қысқалығымен сипатталуда. Ал соңғы терт жылдағы күрт өсуіне халықтың табысының өсуі, банктердің несиелік ресурстарының ұлғаюы, жылжымайтын мүліктің өтімді кепіл затына айналуы сияқты факторлар ықпал еткендігін көреміз.

         Ипотекалық нарықтың дамуына күш беретін жаңа қаржы институттарына      Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қорын, несиелік бюро және ұлттық аумақта ипотекалық сақтандырумен айналысатын сақтандыру компаниялары жатады.         Қазақстанда ипотекалық несиелерді сақтандыруды Ипотекалықнесиені сақтандыру қоры және коммерциялық банктердің тапсырмасы бойынша сақтандырушы компаниялар жүзеге асырады.

          Сонымен Қазақстандағы ипотекалық несие нарығының операторларына (қатысушыларына) мыналарды жатқызуға болады:

өзінің ипотекалық бағдарламалары бар несиелік мекемелер;

       ҚИК-тің бағдарламасы бойынша және онымен бірге серіктес банктер ретінде жұмыс жасайтындар;

езінің ипотекалық бағдарламалары бар және ҚИК-тің бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын несиелік мекемелер.

Ипотекалық несиелерді сатып  алуға және оларға қызмет көрсетуге байланысты компания мен серіктес банктер арасындағы қатынас өзара жасалған Бас келісімшартка және ипотекалық куәліктерді сатып алу және қайта сату келісімшарты, компанияның мүлкін сенімді басқару туралы келісімшарты немесе қызмет керсету туралы келісімшарты негізінде жүзеге асады.

         ҚИК тұрғын үй ипотекалық несиесін беретін және оған қызмет көрсететін серіктес банктерге мынадай талаптар қояды:

Компанияның талаптарына  серіктес банктердің сай келуі;

Серіктес банктердің каржылық тұрақтылық сипаты;

Компанияныңсатып алатын ипотекалық несиелеріне қызмет көрсетуге  жұмылдырылатын серіктес банктер қызметкерлеріне  қойылатын біліктілік талаптары;

      Компанияның сатып алатын ипотекалык несиелерін беру және қызмет керсетуге байланысты серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар.

Компания серіктес банктерге  қайта қаржыландыруды мынадай шарттар  орындалғанда ғана жүзеге асырады:

1. Екінші деңгейдегі банктерге  қойылатын талаптар:

банктердің ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет керсетуге  және өзге де банктік операцияларды  жүргізуге арналған лицензиясы болуы  керек;

банк екінші денгейдегі банктердегі  жеке тұлғалардын, салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне мүше болуға тиіс;

банк өтініш бергенге дейін 3 ай ішінде Ұлттық Банктің пруденциалдық  нормативтерін және орындалуға міндетті өзге нормаларды орындауға тиіс;

« Тәуелсіз халықаралық аудиторлық үйымдар тізіміне» енген тәуелсіз-аудиторлық ұйымдардың біреуімен әткен қаржылық жылдағы 1 жылдық қаржылық есебін тапсыруға тиіс.

2. Банктіқ операциялардыы, жекелеген түрлерін жүзеге асырушы

ұйымдарға койылатын талаптар:

ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және езге де банктік операцияларды жүргізуге  арналған лицензиясы болуы керек;

Несие жүйесі