Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы
Жоспар
Кіріспе
1. Шоғырландырылған қаржылық
есептілікті қолдану аясы
2. Шоғырландыру рәсімдері
3. Жеке қаржы есептілігінде
еншілес, бірлесіп бақыланатын
және қауымдасқан ұйымдарға инвестициаларды
есепке алу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Осы Стандарт бас ұйымның бақылауындағы ұйымдар тобының шоғырландырылған қаржы есептілігін əзірлеу мен ұсыну кезінде қолданылуы тиіс.
Осы Стандарттың ұйымдар бірлестіктерін есепке алу əдістеріне жəне ұйымдар бірлескен кезде туындайтын іскерлік бедел-абыройын қоса алғанда, олардың шоғырландыруға тигізетін ықпалына қатысы болмайды (қараңыз, 3 Бизнес бірлестіктері (IFRS) ХҚЕС).
Осы Стандарт сондай-ақ ұйым өз еркімен жəне жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сəйкес жеке қаржы есептілігін ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу кезінде қолданылуы тиіс.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
Бақылау – ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару өкілеттігі.
Топ - өзінің барлық еншілес ұйымдарымен бірге алынған бас ұйым.
Азшылық үлесі – бас ұйым еншілес құрылымдары арқылы тікелей немесе жанама иелік етпейтін бір бөлігі.
Бас ұйым – бір немесе бірнеше еншілес ұйымдары бар ұйым.
Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кəсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда
инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нəтижелердің жəне инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.
Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік тəрізді корпорацияланбаған ұйым.
Қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кəсіпкері бас ұйым немесе еншілес ұйым бола алады. Мұндай жағдайларда осы Стандартқа сəйкес дайындалып ұсынылған шоғырландырылған қаржы есептілігі 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар (IAS) жəне 31 Бірлескен қызметке қатысу (IAS) Халықаралық стандарттарына сəйкес келетіндей етіп жасалуға тиіс.
Әңгіме болған қаржы есептілігін толықтыру үшін дайындалып ұсынылатын есептілік сипатталған ұйымға қатысты жеке қаржы есептілігі болып табылады. Жеке қаржы есептілігінің осындай есепті толықтыруы немесе қоса берілуі міндетті емес.
Еншілес ұйымы, қауымдасқан ұйымы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымда қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі жеке қаржы есептілігі болып табылмайды.
Шоғырландырылған қаржы есептілігінен босатылған бас ұйым тек қана жеке қаржы есептілігін ұсына алады.
Егер де жəне тек қана егер де:
- бас ұйымның өзі басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйымы болып табылса жəне егер олай болмаған күнде дауыс беру құқығы жоқ иеленушілерді қосқанда, оның басқа иелік етушілері бас ұйымның шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынбайтыны туралы хабардар етілген болса жəне оған қарсылық білдірмесе;
- егер бас ұйымның борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта (ішкі жəне шетелдік қор биржасында немесе жергілікті жəне аймақтық нарықтарды қосқанда, биржадан тыс нарықта) айналымда жүрмесе;
- егер бас ұйым ашық нарықта қандай да бір құралдар класын шығару мақсатында бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға өзінің қаржы есептілігін жібермеген болса жəне жіберу барысында
болмаса;
- егер осы бас ұйымның соңғы немесе кез келген аралық бас ұйымы еркін қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сəйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін жарияласа, онда бас ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынудан босатылады.
1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы
- Осы Стандарт бас ұйымның
бақылауындағы ұйымдар тобының
шоғырландырылған қаржы
- Осы Стандарттың ұйымдар
бірлестіктерін есепке алу
- Осы Стандарт сондай-ақ
ұйым өз еркімен және
- Бас ұйымның шоғырландырылған
қаржы есептілігіне оның
- Бас ұйым еншілес ұйымдары
арқылы ұйымның дауыс беру
құқығының жартысынан астамына
тікелей немесе тікелей емес
ие болған жағдайда, мұндай иелену
бақылауды қамтамасыз
- басқа инвесторлармен
келісім бойынша дауыс беру
құқығы бар акциялардың
- жарғыға немесе келісімге сәйкес ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындау өкілеттігі болса;
- директорлар кеңесі немесе
басқа ұйымның сондай басқару
органы мүшелерінің көпшілігін
тағайындау немесе ауыстыру
- директорлар кеңесінің
немесе осындай басқару
Бас ұйымның шоғырландырылған
қаржы есептілігіне оның барлық
еншілес ұйымдарының қаржы
Бас ұйым еншілес ұйымдары арқылы ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан астамына тікелей немесе тікелей емес ие болған жағдайда, мұндай иелену бақылауды қамтамасыз етпейтінін айқын көрсететін айрықша жағдайлардан басқа кезде бақылаудың болуы көзделеді. Егер бас ұйымның
- басқа инвесторлармен келісім бойынша дауыс беру құқығы бар акциялардың жартысынан көбін басқару мүмкіндігі болса;
- жарғыға немесе келісімге сəйкес ұйымның қаржылық жəне операциялық саясатын айқындау өкілеттігі болса;
- директорлар кеңесі немесе басқа ұйымның сондай басқару органы мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе ауыстыру құқығы болған бұл ретте ұйымды бақылауды осы кеңес немесе орган жүзеге асырса;
- директорлар кеңесінің немесе осындай басқару органының мəжілістерінде дауыс көпшілігіне ие болу мүмкіндігі болса, онда бас ұйым ұйымның дауыс беру құқығының жартысынан аспайтын мөлшеріне ие болған жағдайда да бақылау болады.
Ұйым жазылу сертификаттарына,
акциялар алуға арналған опциондарға,
жай акцияларға айырбастауға болатын
борыштық жəне үлестік құралдарға немесе
орындау немесе айырбастау жағдайында
осы ұйымды дауыс құқығымен қамтамасыз
етуге немесе басқа ұйымның қаржылық жəне
операциялық саясатын айқындауға (əлеуетті
дауыс құқығы) қатысты мəселелерде басқа
тараптың дауыс құқығын азайтуға қабілетті
сол сияқты құралдарға ие бола алады. Басқа
ұйым ие болып отырған əлуетті дауыс құқықтарын
қосқанда, ағымдағы сəтте іске асырылатын
немесе айырбасталатын əлуетті дауыс
құқықтарының болуы жəне оның əсері ұйымның
басқа ұйымның қаржылық жəне операциялық
саясатын басқару қабілетін бағалау кезінде
есепке алынады. Егер, мысалы, əлеуетті
дауыс құқықтары болашақта белгілі бір
күн немесе болашақ оқиға басталғанға
дейін іске асырыла немесе айырбастала
алмайтын болса, онда олар іске асырылатын
немесе айырбасталатын болып табылмайды.
Əлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дəрежесін көтеру қабілетін бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін жəне осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мəселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, əлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (оның ішінде əлеуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын жəне басқа шарттық келісімдерді жеке-жеке немесе бір-бірімен байланыста) зерделейді.
Еншілес ұйым инвестордың рөлін тəуекелдікті капиталы, өзара қоры, трасты немесе дəл сол сияқты құрылымы бар ұйым атқаратын себепті ғана шоғырландырудан шығарылмайды.
Өзінің қызметі топтың құрамындағы басқа ұйымдардың қызметінен өзгеше болуы негізінде еншілес ұйым шоғырландырудан шығарылмайды. Мұндай еншілес ұйымдарды шоғырландыру жəне шоғырландырылған есептілікке қосу жəне шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі олардың қызметінің əр алуан түрлері туралы қосымша мəліметтерді ашу маңызды ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Мысалы, ақпаратты 8 Операциялық бөлімдер (IFRS) ХҚЕС-ының талаптарына сəйкес ашу топ ішіндегі қызметтің əр алуан түрлерінің ауқымын түсіндіруге көмектеседі.
2. Шоғырландыру рәсімдері
Ұйым шоғырландырылған қаржы есептілігін əзірлеу кезінде активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың бір текте баптарын қосу арқылы бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігін біріктіреді.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі біртұтас экономикалық ұйым ретіндегі топ туралы қаржы ақпараты секілді болу үшін мынадай іс-əрекеттер жасау қажет:
- бас ұйымның əрбір еншілес ұйымға инвестицияларының қаржылық жағдай
туралы есептік құны жəне бас ұйымға тиесілі əрбір еншілес ұйым капиталының бір бөлігі алынып тасталады (қараңыз, 3 (IFRS), онда бірігу нəтижесінде пайда болатын кез келген іскерлік бедел-абыройды есепке алу тəртібі қарастырылған);
- есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған еншілес ұйымдардың пайдасындағы немесе шығынындағы азшылық үлестер айқындалады; жəне
- шоғырландырылған еншілес ұйымдардың таза активтеріндегі азшылық үлестері бас ұйым акционерлерінің капиталынан бөлек көрсетіледі. Таза активтердегі азшылық үлесі мыналардан:
- 3 (IFRS) қаржы есептілігіне сəйкес есептелген бастапқы біріктіру күніндегі
осы азшылық үлестері сомасынан;
- бірігу күнінен бастап болған капитал өзгерістеріндегі азшылық үлесінен тұрады.
Əлеуетті дауыс құқығы болғанда, пайда мен шығынның жəне капиталды бас ұйым мен азшылық үлестеріне бөлген кездегі өзгерістердің арақатысы үлестерді ағымдағы иелену негізінде айқындалады жəне əлеуетті дауыс құқығының орындалуы немесе айырбасталуы мүмкін екенін көрсетпейді.
Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мəмілелер, кірістер жəне шығыстар толық шығарылып тасталуы тиіс.
Топ ішіндегі есеп айырысулар бойынша қалдықтар, мəмілелер, кірістер, шығыстар жəне дивидендтер толық шығарылып тасталады. Топ ішіндегі мəмілелердің нəтижесі болып табылатын жəне қорлар мен негізгі құралдар тəрізді активтердің құрамында танылған пайдалар мен шығындар толығымен шығарылып тасталады. Топ ішіндегі шығындар шоғырландырылған қаржы есептілігінде тануды талап ететін құнсыздануды
көрсете алады. 12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС топ ішіндегі мəмілелердің нəтижесі болып табылатын пайдалар мен шығындар шығарылып тасталуы салдарынан туындайтын уақытша айырмаларға қатысты қолданылады.
Шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде пайдаланылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдарының қаржы есептілігі бірдей есептік күнгі жағдайы бойынша дайындалуы тиіс. Бас ұйым мен оның еншілес ұйымының есептік күндері сəйкес келмеген кезде, шоғырландыру мақсатында еншілес ұйым, егер орындау іс жүзінде мүмкін болса, бас ұйым дайындайтын күнге қосымша қаржы есептілігін дайындайды.
Шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде пайдаланылған еншілес ұйымның қаржы есептілігі бас ұйымның есептік күніне сəйкес келмейтін есептік күнге дайындалған кезде, маңызды мəмілелердің жəне осы күн мен бас ұйымның есептік күні аралығында орын алған оқиғалардың əсеріне түзетулер жасау қажет. Қалай болғанда да, еншілес ұйым мен бас ұйымның есептік күндерінің бір-бірінен кешігуі үш айдан аспауы тиіс. Есептік кезеңдердің ұзақтығы жəне есептік күндердің арасындағы кез келген айырма кезең сайын бірдей болуы тиіс.
Ұқсас жағдайларда осындай мəмілелер мен басқа да оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржы есептілігі біркелкі есеп саясаты негізінде əзірленуі тиіс.
Егер топ құрамындағы ұйым ұқсас жағдайлардағы осындай операциялар мен оқиғаларға қатысты шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау үшін қабылданған есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау барысында оның қаржы есептілігі тиісті тұрғыда түзетіледі.
Еншілес ұйымның кірістері мен шығыстары 3 (IFRS) Халықаралық стандартында айқындалған сатып алу күнінен бастап шоғырландырылған қаржы есептілігіне кіргізіледі. Еншілес ұйымның табыстары мен шығыстары сатып алу күніндегі бас ұйымның шоғырландырылған қаржылық есебіндегі
танылған активтер мен міндеттемелердің құндылығына негізделеді. Мысал үшін, сатып алу күнінен кейін толық табыстың шоғырланған есебінде танылған құнсыздану шығындары сатып алынған күнгі шоғырландырылған қаржылық есептегі танылған құнсызданған активтердің əділ құндарына негізделеді. Еншілес ұйымның пайдалары мен шығындары бас ұйымның еншілес ұйымға жетекшілігінің тоқтатылуы күніне дейін шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізіледі.
Азшылық үлесі шоғырландырылған
есептіліктің қаржылық жағдайында бас
ұйымның акционерлік
Пайда немесе шығын жəне басқа толық табыстың əрбір бөлшегі бас ұйымның акционерлік капиталына жəне азшылық үлестеріне жатқызылады. Азшылық үлестің дефицитті сальдоға ие болуына əкелетініне қарамастан, толық табыс бас ұйым иелері мен азшылық үлеске иелеріне тиесілі.
Егер еншілес ұйымның
айналыста азшылық үлеске ие жəне
капитал ретінде жіктелген
акциялар бойынша дивидендтер сомасына түзету жасағаннан кейін пайдадан немесе шығыннан өз үлесін есептеп шығарады.
Бас ұйымның нəтижесінде басқару құзыретінен айрылуға əкелмейтін еншілес ұйымдағы иелік пайызының өзгерістері үлестік операциялар (яғни, иелермен иелер ретінде операциялар) ретінде есепке алынады.
Осындай жағдайларда бақыланатын жəне бақыланбайтын пайыздардың қаржылық жағдай туралы есептік құндары олардың еншілес ұйымдағы салыстырмалы пайыздарының өзгерістерін көрсету үшін өзгертілуі тиіс. Бақыланбайтын пайыздарды өзгертетін сома мен төленген немесе қабылданған сыйақының əділ құны арасындағы кез келген айырмашылық тікелей үлес арқылы танылуы тиіс жəне бас ұйымның иелеріне жатқызылуы тиіс.
Бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен абсолютті немесе салыстырмалы иелік деңгейінің өзгеруімен немесе өзгеруінсіз айрылуы мүмкін. Бұл, мысалы еншілес ұйым мемлекет тарапынан, сот, əкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан бақылау объектісіне айналғанда болуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.
Бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен екі немесе одан көп келісім (операциялар) арқылы айрылуы мүмкін. Дегенмен, кейде жағдайлар көптеген келісімдер бір операция ретінде есепке алынуы тиіс екендігін көрсетеді. Келісімдерді бір операция ретінде есепке алу-алмауды анықтағанда, бас ұйым келісімдердің барлық шарттары мен талаптарын жəне олардың экономикалық əсерлерін қарастыруы тиіс. Төмендегілердің біреуі немесе бірнешеуі бас ұйымның көптеген келісімдерді бір операция ретінде есепке алуы тиістігін көрсете алады:
- Олар бір уақытта немесе бір-біріне қатысты жасалған.
- Олар бір жалпы коммерциялық нəтижеге қол жеткізуге арналған бір операцияны құрайды.
- Бір келісімнің пайда болуы, ең кемінде, бір басқа келісімнің пайда болуына байланысты болып табылады.
- Өз алдына қарастырылған бір келісім экономикалық жағынан тиімсіз, бірақ басқа келісімдермен бірге қарастырылғанда экономикалық тиімді болып табылады. Бұған мысал–акцияларды бір рет сату нарықтан төмен бағаланған жəне кейінгі нарықтан жоғары бағаланған сатумен өтелген жағдай.
Егер бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылса, ол:
- еншілес ұйымның (кез келген гудвиллмен қоса) активтерді жəне міндеттемелерді тануды олардың қаржылық жағдай туралы есептік құны бойынша басқарудан айрылу күні тоқтатады;
- бұрынғы еншілес ұйымдағы кез келген бақыланбайтын пайыздардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын тануды басқарудан айрылу күні тоқтатады (оларға жатқызылатын басқа толық табысының кез келген компоненттерімен қоса);
- мыналарды тануды тоқтатады:
- нəтижесінде басқарудан айрылуға əкелген операциядан, оқиғадан немесе жағдайлардан қабылданған (егер қабылданса) сыйақының əділ құнын; жəне
- егер нəтижесінде басқарудан айрылуға əкелген операция еншілес ұйымның акцияларын иелерге иелер ретінде үлестірумен бірге жүрсе, сол үлестіруді;
- бұрынғы еншілес ұйымда сақталған кез келген инвестицияны оның басқарудан айрылу күнгі əділ құны арқылы таниды;
- 35 тармақта анықталған сомаларды пайда немесе шығынға қайта жіктейді немесе егер басқа ХҚЕС-тары бойынша талап етілсе, таратылмаған табысқа тікелей аударады;
- нəтижесінде шығатын айырмашылықты кіріс немесе шығыс ретінде бас ұйымға жатқызылатын пайда немесе шығын арқылы таниды.
Егер бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылса, бас ұйым басқа толық табыс арқылы танылған сол еншілес ұйымға қатысты барлық сомаларды бас ұйым қатысты активтер мен міндеттемелерді тікелей сатқанда талап етілетіндей тұрғыдан есепке алуы тиіс. Сондықтан егер бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығыс пайда немесе шығынға қатысты активтер мен міндеттемелерді сатқанда қайта жіктелетін болса, бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылғанда, кіріс немесе шығысты үлестен пайда немесе шығынға (қайта жіктеу өзгерісі ретінде) қайта жіктейді. Мысалы, егер еншілес ұйымның шетелдік операцияға қатысты айырбастаудың жинақтаушы айырмашылықтары бар болса жəне бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айырса, бас ұйым бұрын басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығысты шетелдік операцияға қатысты пайда немесе шығынға қайта жіктеуі тиіс. Осылайша, егер бұрын басқа толық табыс арқылы танылған қайта бағалаудан кейінгі табыс активті сатқан соң тікелей таратылмаған табысқа аударылатын болса, бас ұйым еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылғанда, қайта бағалаудан кейінгі табысты тікелей таратылмаған табысқа аударады.
Бас ұйым еншілес ұйымды
басқару құзыретінен
Бұрынғы еншілес ұйымда сақталған
инвестицияның басқару
3. Жеке қаржы есептілігінде еншілес, бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан ұйымдарға инвестициаларды есепке алу
Ұйым жеке қаржы есептілігін дайындаған кезде, еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар жөнінде есеп беруі тиіс:
- бастапқы құны бойынша,
- 39 (IAS) жəне 9 (IFRS) (Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сəйкес
көрсетілуі тиіс.
Əрбір инвестиция санаты үшін есептің осындай əдісі қолданылуға тиіс. Бастапқы құны бойынша есеп берілген инвестициялар жөнінде, олар 5 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес сатуға арналған (немесе сатуға арналған деп жіктелетін шығаруға арналған топқа қосылған) ретінде жіктелгенде 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жəне тоқтатылған қызмет (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес есеп берілуі тиіс. Осы жағдайларда 9 (IFRS) жəне 39 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сəйкес инвестицияларды есептеу мөлшері өзгертілмеуі тиіс.
Ұйым өзінің дивиденд қабылдау құқығы заңмен бекітілгенде, еншілес ұйымнан, бірлесіп басқарылатын ұйым немесе ортақтас ұйымдардан түсетін дивидендті кіріс немесе шығыс бойынша өзінің бөлек қаржылық есебінде тануы тиіс.
Бас ұйым өз тобының құрылымын жаңа ұйымды өз бас ұйымы ретінде құру арқылы төмендегі талаптарға сай жолмен танығанда:
- жаңа бас ұйым бастапқы бас ұйымды басқаруды бастапқы бас ұйымның бар
үлестік құралдар орнына үлестік құралдар шығару арқылы қолға алады;
- жаңа топтың жəне бастапқы топтың активтері жəне міндеттемелері тікелей
қайта ұйымдастыру алдында жəне одан кейін бірдей болады;
- қайта тану алдында бастапқы бас ұйымның иелері тікелей қайта ұйымдастыру алдында жəне одан кейін бастапқы топтың жəне жаңа топтың нетто-активтеріндегі бірдей абсолютті жəне салыстырмалы пайыздарға ие болады.
Жаңа бас ұйым бастапқы бас ұйымдағы инвестициялары туралы сəйкес өзінің бөлек қаржылық есебінде есеп береді, жаңа бас ұйым бастапқы бас ұйымның бөлек қаржылық есебінде көрсетілген өз капитал жағдайларының үлесінің қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткіштің құнын қайта ұйымдастыру күні бағалауы тиіс.
Осыған ұқсас, бас ұйым емес ұйым өз бас ұйымы ретінде жаңа ұйымды талаптарға сай құруына болады. Осындай жағдайларда, «бастапқы ұйымға»
жəне «бастапқы топқа» сілтемелер «бастапқы ұйымға» сілтеме болып табылады.
39 (IAS) жəне 9 (IFRS) Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сəйкес шоғырландырылған қаржы есептілігінде есепке алынуға тиіс бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар инвестордың жеке қаржы есептілігінде де міндетті тап сондай жолмен есепке алынуға тиіс.
Шоғырландырылған қаржы есептілігінде мынадай ақпарат ашып көрсетілуге тиіс:
- бас ұйым еншілес ұйымдар арқылы тікелей немесе жанама түрде дауыс құқығы бар акциялардың жартысынан астамына ие бола алмайтын бас ұйым мен еншілес ұйымның арасындағы қатынастардың сипаты;
- еншілес ұйымдар арқылы дауыс құқығы бар инвестициялар объектісі акцияларының жартысынан астамына тікелей немесе жанама түрде ие болу
бақылауды қамтамасыз етпейтін себептер;
- шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындау кезінде еншілес ұйымның
қаржы есептілігі пайдаланылған жəне бас ұйымның есептік күні мен есептік
кезеңіне сəйкес келмейтін
күні немесе кезеңде жасалған кезде
еншілес ұйымның қаржы
- еншілес ұйымдардың дивидендтер түрінде, кредиттерді немесе аванстарды
қайтару түрінде бас ұйымға қаражат аудару жөніндегі мүмкіндігінің кез келген елеулі шектеулерінің сипаты мен дəрежесі (мысалы, заемдар туралы келісімдердің немесе реттеуші органдардың талаптарының нəтижесі тəрізді);
- бас ұйымның басқарудан айрылуға əкелмейтін еншілес ұйымдағы иелік пайызының кез келген өзгерістерінің бас ұйымның иелеріне жатқызылатын үлеске əсерін көрсететін кесте;
- егер еншілес ұйымды басқарудан айрылса, бас ұйым танылған кіріс немесе шығысты ашып көрсетуі тиіс жəне төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:
- бұрынғы еншілес ұйымды сақталған кез келген инвестицияны оның басқарудан айрылу күнгі əділ құны арқылы тануға жатқызылатын сол кіріс немесе шығыстың бөлігін;
- кіріс немесе шығыс танылған толық табыс жөніндегі есептіліктегі желілік бап(тарды)ты (егер толық табыс жөніндегі есептілікте бөлектеп ұсынылмаған болса).
Шоғырландырылған қаржы есептілігін дайындамауды шешкен бас ұйым үшін жеке қаржы есептілігі жасалған кезде мұндай жеке қаржы есептілігінде мынадай ақпарат ашып көрсетілуге тиіс:
- бұл қаржы есептілігі жеке қаржы есептілігі болып табылу фактісі; шоғырландыруға қойылатын талаптардан алып тастау қолданылғандығы; атауы, тіркелген немесе ұйым орналасқан, шоғырландырылған, ашық қол жеткізу үшін шығарылған қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сəйкес келетін ел; осы шоғырландырылған қаржы есептілігін алу мүмкін болатын мекенжайы;
- атауын, тіркелген немесе орналасқан елін, иелену үлестерінің арақатысын
жəне тең болмаған жағдайда дауыс құқығының арақатысын қосқанда, еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынатын елеулі инвестициялардың тізбесі;
- аталған инвестицияларды есепке алу үшін қолданылатын əдісті сипаттау.
Егер жеке қаржы есептілігін бірлесіп бақыланатын ұйымда үлесі бар кəсіпкер немесе қауымдасқан ұйымның инвесторы ретіндегі бас ұйым қарастырылатын бас ұйымнан басқа) жеке қаржы есептілігін жасаса, онда мұндай жеке қаржы есептілігінде мынадай ақпарат ашып көрсетілуге тиіс:
- осы есептіліктің жеке қаржы есептілігі болып табылу фактісі, сондай-ақ бұл есептіліктің оған қойылатын заң талаптары болмаған жағдайда жасалу
себептері;
- атауын, тіркелген немесе орналасқан елін, иелену үлестерінің арақатысын жəне тең болмаған жағдайда дауыс құқығының арақатысын қосқанда, еншілес, бірлесіп бақыланатын жəне қауымдасқан ұйымдарға салынатын елеулі инвестициялардың тізбесі;