Сот сараптамасының принциптерi және органдары

 

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

«ҚҰҚЫҚТАНУ»

 

 

 

 

 

«СОТ  САРАПТАМАСЫ»

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: «СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОРГАНДАРЫ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН:

ЮқАЗ-302 ТОП ОҚУШЫСЫ

ҚОСАНОВА  ГҮЛСАНА ТӨЛЕУҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

І. КІРІСПЕ

 

 

 

ІІ.НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

 

2.1.Сот сараптамасының принциптерi және органдары.

 

2.2.Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн 
адамдар.

2.3. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және 
оқумен қамтамасыз ету

           2.4.Дәлелдемелер ұғымы, түрлері мен жіктелуі

           2.5. Дәлелдеу пәні және шектері

 

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

КІРІСПЕ

Сот сараптамасы  зерттеулерiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу мақсаты сот сараптамаларын жүргiзудiң сапасын арттыру және қылмыстық iстердi ашу, тергеу iстерiнде және қылмыстық, азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сотта қарауда пайда болатын мәселелердi тиiмдi шешу, сондай-ақ сот-сараптама саласын ғылыми дамыту болып табылады. 
Сот сараптамасы зерттеулерiнiң әзiрленiп жатқан әдiстемелерiн байқаудан өткiзудiң мақсаты сот сараптамаларын эксперимент режимiнде жүргiзу тәжiрибелерiнiң нәтижелерiмен растау арқылы оларды мақұлдау болып табылады.

Сот сараптамасы  зерттеуiнiң әзiрленiп жатқан әдiстемелерiнiң  мiндеттерi: 
1) сот сараптамасы органдарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерiнiң ғылыми-зерттеу қызметiн ретке келтiру және жүйелеу; 
2) сот сараптамасы зерттеулерiнiң жаңа әдiстемелерiн, сот сараптамаларын жүргiзудiң прогрессивтi түрлерiн, әдiстерiн, тәсiлдерiн және құралдарын әзiрлеу, байқаудан өткiзу және енгiзу; 
3) сот сараптамасы зерттеулерiнiң қазiргi уақытта қолданыстағы әдiстерi мен әдiстемелерiн жетiлдiру болып табылады. 
 Сот сараптамасы саласындағы ғылыми әзiрлемелердiң авторы (авторлары) ретiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi және сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми дәрежесi бар қызметкерлерi бола алады. 
Iлiмнiң сот-сараптама саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi сот сараптамасы зерттеуiнiң жаңа әдiстемелерiнiң авторына (авторларына): 
1) ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiнiң мақсатына, мазмұнына, құрылымына өзгерiстер енгiзуге; 
2) сот-сарапшылық кадрларды кәсiптiк даярлау және қайта даярлау барысында ғылыми әзiрлемелердi байқаудан өткiзудi жүзеге асыруға; 
3) сот сараптамасы органдарымен келiсiм бойынша сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерiн байқаудан өткiзу тәртiбiн айқындауға мүмкiндiк бередi.

 

 

 

 

 

 

2.1.Сот сараптамасының принциптерi және органдары.

Сот сараптамасы  мынадай принциптерге:

1) заңдылыққа;

2) сот сарапшысының iс жүргiзу тәуелсiздiгiне;

3) сот сараптамасы  органдарының тәуелсiздiгiне;

4) зерттеулердi  жүргiзу құралдары мен әдiстерiнiң  ғылыми негiздiлiгiне;

5) құзыреттiлiкке, жан-жақтылыққа, толықтыққа және объективтiлiкке;

6) кәсiби этиканы  сақтауға негiзделедi.

Сот сараптамасын:

1) Қазақстан  Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң  Сот сараптамасы орталығы мен  оның аумақтық бөлiмшелерi;

2) Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi;

3) Қазақстан  Республикасының заңдарымен қылмыстық  қудалау функциясы жүктелген  мемлекеттiк органдардың және  ұйымдардың бөлiмшелерiнен басқа  функциясына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу жатқызылған мемлекеттiк органдардың мамандандырылған бөлiмшелерi енетiн сот сараптамасы мемлекеттiк мекемелерiнiң жүйесi жүзеге асырады..

Сот-сараптама  қызметiнiң мазмұны мыналарды:

1) сот сараптамасы  органдарының қызметiн ұйымдастыруды;

2) қылмыстық,  азаматтық не әкiмшiлiк iстер  бойынша сот сараптамасын жүргiзудi;

3) сот сараптамасы  саласындағы ғылыми зерттеулердi;

4) сот сараптамасын  ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi;

5) сот сарапшыларын iрiктеудi, кәсiби даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.

Сот сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы уәкiлеттiк  берiлген субъект - сот сарапшысы  жүргiзедi.Сараптамалық зерттеудiң нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы ресiмделедi.

Қажеттi зерттеулер аяқталған соң алынған нәтижелердi ескере отырып, сот сарапшысы /сарапшылары/ өз атынан дәлелдемелi жазбаша қорытынды  жазады, оны өзiнiң қолымен, жеке мөрiмен  куәландырады және сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдайды. Сот сараптамасын сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сот сарапшысы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшыларының) қолы көрсетiлген органның мөрiмен расталады. Сот сарапшысы қорытындысын ресiмдеу тәртiбi мен оның құрылымы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

Сот сараптамасының түрлерi

1. Сот сараптамасының  түрлерiне бастапқы, комиссиялық,  кешендi, қосымша және қайталама  сараптамалар жатады.

2. Комиссиялық  сараптама - бiр мамандықтағы сот  сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы.

3. Кешендi сараптама  - егер iс үшiн маңызы бар жағдаяттарды  анықтау үшiн бiлiмнiң түрлi салаларының  негiзiнде зерттеу қажет болған  жағдайларда, әртүрлi мамандықтағы  сот сарапшыларының комиссиясы  жүргiзетiн сот сараптамасы.

4. Қосымша сараптама  - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi  бойынша сарапшының қорытындысы  жеткiлiктi дәрежеде анық болмаған  не сот сарапшысы өзiнiң алдына  қойылған мәселелердi толық шешпеген  не алдыңғы зерттеумен байланысты  қосымша мәселелердi шешу қажет  болған жағдайларда жүргiзiлетiн сот сараптамасы.

5. Қайталама  сараптама - алдыңғы сараптаманың  нәтижелерi бойынша сарапшының  қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген  не оның дұрыстығы күмән тудыратын,  не сараптама жүргiзудiң iс жүргiзу  нормалары елеулi түрде бұзылғанда жүргiзiлген сот сараптамасы.

  Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасы

Көзi тiрi адамдарға  сот сараптамасы тиiстi сарапшылық зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар  болған кезде, сондай-ақ сарапшылық зерттеу  жүргiзiлетiн адамдардың құқықтары  мен заңды мүдделерiн сақтауды қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады.

Көзi тiрi адамдарға  сот сараптамасын жүргiзу Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

2.2.Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн 
адамдар.

Сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар мыналар:

1) сот сараптамасы  органдарының қызметкерлерiне;

2) лицензияның  негiзiнде сот-сараптама қызметiн  жүзеге асыратын адамдарға; 

3) осы Заңның  талаптарына сәйкес сот сараптамасын  жүргiзу бiр жолғы тәртiппен  өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.

1-1. Бiр жолғы  тәртiппен сараптама жүргiзу:

1) сараптама  түрлерiнiң заңдарда белгiленген  тiзбесiнде көзделмеген сараптама  тағайындалған; 

2) сот сараптамасы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретiнде тартылған;

3) сот сараптамасы  органдарының қызметкерлерi болып  табылатын, сондай-ақ лицензия  негiзiнде сот-сараптама қызметiн  жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы  барлық сарапшыларға қарсылық  қанағаттандырылған не осы адамдар  және тұтас алғанда тиiстi сот сараптамасы органы сараптама жүргiзуден дәлелдi себептермен шеттетiлген жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.

2. Сот сарапшысының  жоғары бiлiмi және сот сараптамасының  белгiлi бiр түрi саласында арнаулы  ғылыми бiлiгi болуы тиiс.  
Осы баптың 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген адамдардың белгiлi бiр түрдегi сот сараптамасын жүргiзу құқығына арналған бiлiктiлiк куәлiгi болуы тиiс.  
Мына адамдарға:  
1) заңмен белгiленген тәртiпте iс-әрекет қабiлетi шектеулi және iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған;

2) бұрын сотталған; 

3) сот-сараптама  қызметiн жүзеге асыруға байланысты  лауазымнан келеңсiз себептер  бойынша босатылған адамдарға  сот сараптамасын тапсыруға болмайды. 
Адамға сот сараптамасын жүргiзудi тапсыру мүмкiндiгiн болдырмайтын өзге де жағдаяттар Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарында не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарында көзделген.

4. Адамды сот  сарапшысы етiп тағайындау рәсiмi  осы Заңмен айқындалады.  

Сот сарапшысының мiндеттер:

Сот сарапшысы:

1) Қазақстан  Республикасының заңдарымен уәкiлеттiк  берiлген орган (адам) өзiнiң алдына  қойған мәселелер бойынша ғылыми  негiзделген және объективтi қорытынды  беруге;

2) егер қойылған  мәселелер оның арнаулы бiлiмiнiң  шегiнен шығатын немесе ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;

3) зерттеу әдiстерiн  таңдау кезiнде сараптама объектiлерiнiң  барынша сақталу талабын ескеруге;

4) оны шақырушы  қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процесс жүргiзушi органға (адамға), сондай-ақ қылмыстық немесе азаматтық процестiң тарабына шығыстардың сметасы мен келтiрiлген шығыстар туралы есеп ұсынуға;

5) қылмыстық,  азаматтық не әкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның) шақыруы  бойынша процеске қатысушыларға қорытындыны табыс ету үшiн келуге; олардың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ қорытындының мазмұнын түсiндiруге;

6) қылмыстық,  азаматтық не әкiмшiлiк процестi  жүргiзушi органға (адамға) оның  бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарды  ұсынуға; 

7) қылмыстық,  азаматтық немесе әкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның), сондай-ақ  тараптардың талап етуi бойынша  соттың отырысында өзiнiң кәсiптiк  тәжiрибесi мен iс бойынша iс  жүргiзуге қатысушы адамдармен  қарым-қатынасы туралы хабарлауға; егер ол көрсетiлген адамдармен әлдеқандай қарым-қатынаста болған жағдайда қорытынды беруден бас тартуға;

8) оның қатысуымен  жүргiзiлген тергеу қызметi және  осы ретте анықталған жағдаяттар  туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жабық  сот отырысының деректерiн, сондай-ақ мемлекеттiк коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты қозғайтын жағдаяттар туралы өзiне мәлiм болған деректердi жария етпеуге мiндеттi.

Сот сарапшысының құқықтары:

Сот сарапшысының:

1) қорытынды  беру үшiн қажеттi объектiлер, оның iшiнде салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуға;

2) қылмыстық,  азаматтық не әкiмшiлiк процестi  жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен  сараптаманың мәнiне қатысты iстiң  материалдарымен танысуға және  қорытынды беру үшiн қажеттi мәлiметтердi көшiрiп алуға;

3) қылмыстық,  азаматтық не әкiмшiлiк процестi  жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен iс жүргiзу әрекетiне қатысуға  және оған қатысушыларға сот  сараптамасының мәнiне қатысты  сұрақтар қоюға; 

4) сараптаманы  тағайындаған органның (адамның) келiсiмi бойынша оның алдына қойылған мәселелер жөнiнде ғана емес, өз құзыретiнiң шегiнде сот сарапшысының бастамашылығы бойынша белгiленген өзге де жағдаяттар бойынша да қорытынды беруге;

5) сот пен  процеске қатысушылардың назарын  сараптаманың мәнiне, соның iшiнде сарапшыға сұрауларды тұжырымдауға байланысты жағдаяттарға аударуға;

6) өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының  тиiстi бөлiгiмен танысуға және  оның қызметiнiң толықтығы мен  дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпелер жасауға;

7) iс жүргiзу  кезiндегi шығыстарға және қылмыстық,  азаматтық және әкiмшiлiк процестi  жүргiзушi органның (адамның) заңсыз iс-әрекетiнен келтiрiлген залалға  өтем алуға;

8) егер өзiнiң  қызметтiк мiндетi болып табылмайтын болса, орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар;

Сот сарапшысының жауапкершiлiгi:

Сот сарапшысы  өз мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

Сот сарапшысының тәуелсiздiгiне:

1) Қазақстан  Республикасының қылмыстық iс  жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарында  және әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықтар  туралы заңдарындакөзделген сот  сараптамасын тағайындау тәртiбiмен;

2) сараптамалық  зерттеу жүргiзуге және сарапшының  қорытындысын дайындауға араласуға  тыйым салумен кепiлдiк берiледi.

2. Сот сарапшысы  қорытындысының дұрыстығына: 

1) комиссиялық,  кешендi, қосымша және қайталама  сот сараптамасын тағайындау мүмкiндiгiмен;

2) сот сарапшысын iрiктеу, оларды кәсiптiк даярлау  және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн  құрумен; 

3) сот сарапшыларын  аттестациялау және лицензиялау  жүйесiмен; 

4) сот сараптамасы  iсiн жүргiзудi тиiстi материалдық-техникалық  қамтамасыз етумен;

5) сарапшының  көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке  тартылатындығымен кепiлдiк берiледi.

Сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгi:

1. Сараптаманың  белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына  арналған сот сарапшысының бiлiктiлiк  куәлiгi бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға берiледi.

2. Сараптаманың  белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына  сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгiн  тиiсiнше Қазақстан Республикасы  Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтау  саласындағы уәкiлеттi органының бiлiктiлiк комиссиясы бередi. V053784 
Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртiбi мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды. 

Сот сарапшысын аттестациялау

Кәсiптiк даярлығының  деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше  Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң  немесе Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын әрбiр бес жыл сайын аттестациялаудан өткiзуге тиiс. Аттестациялық комиссияның қызмет тәртiбi мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды. Сот-сараптама қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.Нақты тұлғалардың ғана сот-сараптама қызметi лицензиялануға тиiс. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар қалыптастыру мен пайдалану мақсаттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн ережелермен айқындалатын Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.Анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар сараптама жүргiзудi, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мамандарға тапсыруы тиiс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және 
оқумен қамтамасыз ету

Сот-сараптама  қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсiптiк  даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн  арттыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы  орталығы мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Сот медицинасы орталығына жүктеледi.

Меншiк нысандарына  қарамастан, ұйымдар Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы  орталығына және Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Сот медицинасы орталығына оларда сот сараптамасы мен сот  медицинасының бiрыңғай ақпараттық-әдiстемелiк базасын құру үшiн олардың сұрауы бойынша өз өнiмдерiнiң үлгiлерiн немесе каталогын, техникалық және технологиялық құжаттамаларды және ақпараттық мәнi бар басқа да материалдарды бередi. Бұл ретте Сот сараптамасы мен сот медицинасы орталықтары алынған мемлекеттiк құпиялар, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпия құрайтын мәлiметтердiң жария болмауын қамтамасыз етедi.

Сот сараптамасы  органдары iс бойынша жұмыс аяқталған  соң ғылыми, практикалық және әдiстемелiк  қызметтерге пайдалану үшiн соттар мен құқық қорғау органдарынан өздерiнiң сұрау салуы бойынша заттай айғақ болып табылатын заттарды алуға хақылы. 
Сот сараптамасы өз қызметiн сот сараптамасы органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн стандарттар мен талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайлар болғанда жүзеге асыра алады. Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген, соттың дәлелдi ұйғарымымен расталған негiздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзуге ақы төлеудi тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi. 
Мамандандырылған зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламаларға кiрмейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу үшiн ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi. 
Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын, сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын адамдардың еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады. Сот сараптамасы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттердiң сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын органдарымен және қызметтерiмен бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк ақпараттар алмасу, сот сарапшыларын даярлау мақсатымен халықаралық байланыстар орнатуға хақылы. Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық келiсiм жасасқан шет мемлекет мемлекеттiк органының тапсыруы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда, егер халықаралық келiсiмде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. Қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк процесс жүргiзушi орган /адам/ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шет мемлекеттiң сот сараптамасы саласындағы мамандарын тартуға хақылы. Сот сараптамасы органы басшысының сараптаманы тағайындаған органның /адамның/ келiсуi бойынша жүзеге асырылатын шет мемлекет сот сарапшысын тарту құқығы болады.Шет мемлекет сот сарапшысының қатысуымен сот сараптамасын жүргiзу Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу заңдарына не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Дәлелдемелер ұғымы, түрлері мен жіктелуі

 « Дәлеледеме» ұғымының түпкілікті негізінде философиядағы материяның бір қасиеті ретінде оның ақпарат беруі  жатыр.

Ақпарат кез  келген зат немесе құбылыстың оларға немесе сырттан әсер болған өзгеруі  немесе сол әсерден бір із қалдыруы. Сол ақпаратты адам өзінің әртүрлі сигналдарды қабылдау нәтижесінде алады ( восприятие, ощущение, представление, мысли).

        Қалдырылған іздер болған оқиға  туралы ақпаратты сақтайды. Олар  материалды немесе идеалды, яғни  адамның ой- санасында болуы мүмкін (оқиғаның тікелей куәсі). Осы ақпараттар көлемінен қажетті дәлелдемелерді де алуға болады, яғни іс бойынша барлық ақпарат дәлелдеме емес.

        Дәлелдемелер дегеніміз- ҚІЖК 115-бабына сай оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер деп көрсетілген. 

       Сонымен дәлелдемелер – бұл  іс жүзіндегі деректер (фактические  данные, сведение о фактах).

       Белгілі бір ақпаратты (деректерді) қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде кіргізу үшін онда осы қылмыс оқиғасына ( болған, болатын) қатысты, яғни дәлелдеу пәніне қатысты деректер болуы керек.

        Дәлелдемелердің белгілері ретінде:

  • іске қатыстылығын ( относимость);
  • дұрыстығын (действительность, реальность);
  • заңдық жолмен алынуын (допустимость);
  • жеткіліктілігін (қылмыстық істін мән- жайларын дәлелдеуі) атауға болады.

Дәлелдемелердің түрлері ҚІЖ заңымен шектелген, соның ішінде: Қылмыстық iстi дұрыс  шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Iс жүзiндегi деректер, егер олар осы Кодекстiң  талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзумен, оның iшiнде:  
     1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бiрге өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы;   
     2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;  
     3) iс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргiзуiне байланысты;  
     4) iс жүргiзу iс-әрекетiне қарсылық бiлдiруге жататын адамның қатысуына байланысты;   
     5) iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзудiң тәртiбiн айтарлықтай бұза отырып;  
     6) белгiсiз көзден, не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;  
     7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынып, олар iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде алынған iс жүзiндегi деректердiң дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкiн болса, дәлел ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуы тиiс.

Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары - ол осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен анықтау немесе алдын ала  тергеу процесiнде жауап алуда олар жазбаша немесе ауызша нысанда хабарланған мәлiметтер.   
      2. Сезiктi өзiне қарсы туып отырған сезiк жөнiнде, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.   
      3. Айыпталушы өзiне тағылған айыптау бойынша, сонымен бiрге iс бойынша маңызы бар, өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнiнде айғақтар беруге құқылы.   
      4. Айыпталушының қылмыс жасаудағы өзiнiң кiнәсiн мойындауы оның кiнәлiлiгi бар дәлелдемелердiң жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негiзiне жатқызылуы мүмкiн.   
      5. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ сезiктiмен, айыпталушымен, басқа да жәбiрленушiлермен, куәлармен өзiнiң өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, жәбiрленушi хабарлаған мәлiмет дәлелдеме бола алмайды.   
      6. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды.   
      7. Айыпталушының жеке басына сипаттама беретiн деректер туралы айғақтар айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды және дәлел ретiнде жаза тағайындаумен немесе жазадан босатумен байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.   
      8. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе ұғынуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болмайды.      

 Дәлелдемелердің  жіктелуі:

       Дәлелдемелер теориясында  дәлелдемелер келесі негіздерге сай жіктеледі;

  1. Дәлелдемелермен олардың алыну көздері арасындағы                            байланысқа сай;
  2. Дәлелдемелердің өз сипаты бойынша;
  3. Олардың алыну тәсіліне байланысты:
  • алғашқы және туынды;
  • жеке және заттай дәлелдемелер;
  • айыптаушы және жақтаушы;
  • тікелей немесе жанама;

       Дәлеледемелерді жіктеудің теориялық  және тәжірибелік маңызы бар.  Оның себебі, зерттелетін обьектілермен  жүйелі түрде жұмыс істеуге  (системный подход) дағдыландырады. Олай дейтініміз, дәлелдеу қызметі күрделі, көлемді, процессуалдық заңмен реттелген ( заңдылығы, мерзімдері).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Дәлелдеу пәні және шектері.

Тұлға қылмыстық  жауапкершілікке тек қылмысқа қатысты  кінәсі анықталған жағдайда ғана тартылады. Ол қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталуы (дәлелденуі) тиіс.

Тұлғаның қылмыстық  жауапкершілікке тартылуының жүзеге асырылуының кепілі- әрбір қылмыстың  іс бойынша дәлелдеу пәнін анықтау.

Дәлелдеу пәні дегеніміз- бұл зерттелетін оқиғамен байланысты анық белгілері, айыпталушының жеке басының рекешеліктері, қылмыстан келген шығын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызды басқа да мән- жайлардың жиынтығы.

 Қ.І.Ж.Қ 117- бабында қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын 
                мән-жайлар қатарына:

     Қылмыстық  iс бойынша дәлелдеуге:  
     1) оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi (қылмыстың жасалу уақыты, болған жерi, әдiсi және басқа да мән-жайлары);  
     2) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi кiмнiң жасағандығы;  
     3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудағы 
кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған әрекеттiң себеп-дәлелдерi, заңдық және iс жүзiндегi қателiктер;  
      4) айыпталушының жауаптылығының дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар; 
      5) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;  
      6) жасалған қылмыстың зардаптары;  
      7) қылмыспен келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi;   
      8) әрекеттiң қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;  
     9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады.

Қылмыс жасауға  ықпал етушi мән-жайлар да қылмыстық iс бойынша анықтауға жатады.

Сонымен қатар, ақыл- есі дұрыс емес тұлғалардың  қылмыстық заңмен тыйым салынған іс- әрекеттері бойынша: (Қ.І.Ж.Қ 506 бап), кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша ҚІЖК-нің 481- бабында көрсетілген мән-жайлар қосымша дәлелденеді.

Дәлелдеу пәнімен  байланысты тағы бір ұғым ол дәлелдеу шегі- бұл дәлелдеу пәніне кіретін және анықталуы тиіс мән- жайлардың жеткілікті көлемде болуы (әр қылмыстық істің ерекшелігіне байланысты). Алдын ала тергеу мен сотта талқылауда дәлелдеу шегі сәйкес келмеуі мүмкін. Өйткені ол процессуалдық функциялардың ерекшелігіне де байланысты ( айыптау, әділсотты іске асыру).

Сот сараптамасының принциптерi және органдары