Тауырлы материалдық қорлар



                       Орал қаржы-экономикалық колледжі

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Реферат

Тақырыбы: «Тауырлы материалдық қорлар»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ФК-33 тобының

оқушысы А.Қ.Медетова

Тексерген: А.Н.Шамуратова

 

 

 

 

 

 

 

                                    Орал 2012 ж

 

   Жоспары:

 

1.Тауарлы материалдық қорлар түсінігі,оларды есепке алу міндеті мен жіктелуі.

2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау.

3.Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі.Материалды жауапты тұлғаның есебі.

4. Тауарлы материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі.

5. Өндіріске жұмсалған материалдарды бағалау тәсілдері

 

1.Тауарлы материалдық қорлар дегеніміз -  өнім өндіру барысына бірақ рет қатыса отырып өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына аударып отыратын еңбек заттары.

Тауарлы-материалдық қорлар – бұл:

1.       шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар (тетіктер), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.

2.       аяқталмаған өндіріс.

3.       субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.

Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:

-қорлардың уақтылы және толықтай кірістелуіне, олардың сақталу жеріндегі және қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау.

-қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды уақтылы және толықтай құжаттау.

-көлік-әзірлеу шығындары (ауытқуы) мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақтылы және дұрыс анықтау.

-көлік-әзірлеу шығындарының айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау.

-қойма қорларының жағдайына бақылау жасау.

-ішкі ресурстарды тиімді қолдану мақсатында субъектіге керек емес материалдық қорларды анықтау және сату.

-сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы дәл мәлеметтерді алу.

Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:

-          жабдықталған қойма үй-жайларының болуы

-          материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру

-          материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу

-          тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

1)      материалдық тауардың бірегей номеклатурасын әзірлеу

2)      құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы-материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау

3)      бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру

4)      тауарлы-материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу

5)      бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.

       

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өндірілетін өнімнің материалдық (заттық)  негізін жасайды. Бұл орайда шикізат – бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері (астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш, газ). Негізгі материалдар – өнімнің заттай матриалдық негізін құрайды (ұн, мата, қант, темір, былғары).

Көмекші материалдар – бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшілігі - өнімнің заттық негізін құрамайды, өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).

сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнім де негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер).

отын – бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш отын) және газ тәрізділер.

ыдыс және ыдыс материалдары – бұл эр түрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар). Былайша бөлінеді:

             а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс

             ә) өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.

              Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте бірнеше рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

қосалқы бөлшектер тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.

өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары (сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, НҚ шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

құрылыс материалдарын құрылысшы кәсіпорындар қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін бөліктер салу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады

 

2.Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.

   Материалдар номенклатурасы – бұл атауы мен тиісті деректемелері (сорты, мөлшері) көрсетілген материалдардың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

  Номенклатуралық тізілім – номенклатура – бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар – есептік деп аталады.

Тағайындалған нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды. Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар (келісім, жоспарлы-есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:

-          осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары

-          коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар), комиссиялық сыйақылар

     -   тауар биржаларының қызмет құны

     -    кедендік баж

     -    басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.

Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім, жоспарлы-есептік, сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып алынған қорлардың нақты өзіндік құндарының арасындағы айырма есептеу жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың есебі келісім бағасы бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік-әзірлеу шығындарынан құралатын болады.

Көлік тасымалдау шығындарының (КДШ)құрамына кіретіндер:

-барлық алымдарды қоса алғанда, теміржол тарифі, су кірепұлы, автомобильмен және ұшақпен тасымалдау тарифтері

-жеткізушілердің қоймасынан теміржолмен және басқа көлік құрылдарымен материалдарды жеткізу

-қорларды сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іссапар шығындары

-қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда, қоймадағы тиеу, түсіру және буып-түю жөніндегі шығындар

-жабдықтаушы және делдал ұйымларға төленген комиссиялық сыйақы

-қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.

 

3.Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың үй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салмақ өлшегіш құралдар және арнайы мүліктермен қамтамасыз етілуі тиіс.              Қойма ішінде материалдар әрбір тобы, топшасы мен түрі бойынша белгілі бір жерде бөлек сақталуға тиіс. Материалдардың маркасы,сорты,көлемі,номенклатуралық нөмірі,өлшем бірлігі,сақталып тұрған материалдардың мөлшері,т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады.Қоймадағы және материалдық қорлардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша ,олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі.Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек М-17 н.карточка ашылады.Бұл карточкада материалдардың аты,мөлшері ,көлемі,сорты,өлшем бірлігі,номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі.Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап,оны кіріс ету ордерімен бірге қоймаға береді.Қойма меңгерушісі бұл карточкаға материалдардың қай жерде сақталып тұрғаны туралы деректер толтырады.Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады.Материалды жауапты тұлға есепті кезең соңында (ай) карточкалар мен кітаптар негізінде материалдық есеп беру құрады.Оны тіркелген құжаттармен бухгалтерияға 2-дана тапсырады.Тексеріліп болған соң 1 данасы бухгалтерияда қалады,ал 2-шісі материалды жауапты тұлғаға беріледі.  Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.(ҰҚЕС№1 5 бөлім п.69)

              Бірінші әдіс – сандық-сомалық есеп әдісі.

              Екінші әдіс – сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс.

              Үшінші әдіс – материалдық есеп берулер әдісі.

     Материалдық қорлардың қозғалысына байланысты барлық операциялар құжаттармен рәсімделеді. Материалдық құндылықтар кәсіпорынға, әдетте, жеткізу шарты бойынша келіп түседі. Онда жеткізілімнің саны, сомасы, ассортименті, жиынтықтылығы, сапасы, есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.

      Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарлы материалдық қорларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат (М2 немесе М2А нысанды) беріледі.Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактуралар, төлем талап-тапсырмасы, тауар-көлік жүк құжаттары) жабдықтау бөліміне жіберіледі. .(ҰҚЕС№1 5 бөлім п.59-62)

              Материалдық құндылықтардың келіп түсуі мыналармен рәсімделеді.(ҰҚЕС№1 5 бөлім п.63-68):

1.       М4 нысанындағы кіріс ордерімен. Кіріс ордерін материалды жауапты тұлға қорлар қоймаға  келіп түскен күні 2 дана етіп жасайды.

2.       М5 нысанындағы тауар-көлік жүкқұжатын жеткізуші материалдық құндылықтар жеткізушінің қоймасынан автокөлікке орталықтанған түрде жеткізілген жағдайда жазып береді (4 дана).

Оның біреуі жүкті жіберушіде қалады,екіншісі материалдық құндылықтарды кіріс ету үшін жүкті алушыға беріледі,үшіншісі жүкті тасымалдағаны үшін көлік ұйымына шот есебінде беріледі,төртіншісі жолдама қағазға қоса беріледі.

3.       М7 нысанындағы Материалды қабылдау туралы акті жеткізушілердің жолдама құжаттарының деректерімен салыстырғанда сандық және сапалық айырмашылығы бар қорларды рәсімдеу үшін қолданылады. Акт сондай-ақ құжаттарсыз келіп түскен материалды қабылдаған кезде жасалады (фактураланбаған жеткізілім).

4.       Әзірлеу, сақтау және өндіру процесінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ысырабы туралы акт (М7А нысаны) жасалады.Акт қордың сақталуы үшін жауапкершілікті бөлімшенің есебінен шығаруға және олардың құнын кінәлі тұлғаның есебінен өтетуге негіздеме болып табылады.

5.       Материалдық құндылықтардың табиғи кему нормасы шегіндегі ысырабы туралы акт (М7Б) субъектінің қоймасына жеткізушілерден немесе тысқары кәсіпорындардан өңделіп түскен қорларға нормалар белгіленіп, осы табиғи кему нормасы шегіндегі анықталған қор ысырабын рәсімдеу үшін қолданады. Акт М4 нысанындағы кіріс ордеріне қоса беріледі. Материалдық құндылықтардың қоймаға қабылданғанын рәсімдеген кезде акт 2 данада жасалады. Біреуі қоймаға, екіншісі бухгалтерияға беріледі.

6.       Жүкқұжатпен рәсімделетіндер:

А) материалдық құндылықтардың өңдеуден келіп түсуі

Б) пайдаланылмаған материалдардың қоймаға қайтарылуы

В) табыстылықтан материалдардың келіп түсуі.

Материалдық шығыстар мына құжаттармен рәсімделеді:

а) № 8 н лимиттік-жинақтау картасы

ә) М10 н акті материалдарды алмастыруға (қосымша босатуға) арналған

б) М15А н жүкқұжат материалдарды босатуға (ішкі ауыстыруға) арналған

в) М7В н акті материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынауы, сынығы туралы

     г) жиынтықтаушы ведомостар.

 

4.Қоймадан тізілім бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала жинақталғаннан кейін тексерілуге беріледі. Тексерілгеннен кейін құжат деректері кәсіпорында белгіленген есептік топтар бойынша (орман материалдары, темір және т..б.) топтастырылады. 1300 бөлімінің шоттары бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша жүретін, материалдардың талдамалы есебінің жинақтаушы ведомоста әрбір топ бойынша сомалық өлшеммен көрсетіледі:

а) өткен айдағы ведомоста алынған ай басындағы қалдық

ә) құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі

б) құжаттарды өткізу тізілімінен ай ішіндегі топ бойынша тауарлы-материалдық құндылықтардың шығысы

в) есептеу жолымен анықталған ай соңындағы қалдық.

              Жинақтау ведомосы бухгалтерия мен қойма есебінің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады. Қойма есебі материалдардың талдамалы есебі карточкаларында және қалдықтар кітабында жүргізіледі. Қалдықтар туралы деректер сәйкес келу керек. Бухгалтерияда жинақтау ведомосының (сальдолық әдіс кезінде) немесе материалдық жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосы жасалады. № 10 ведомость материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді. № 10 ведомос бірнеше бөлімнен тұрады: 1-бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішінде келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әр түрлі журнал-ордерлерден (№ 6,10,3,7,1 және т.б.) көшіріледі.№ 10 ведомостың екінші және одан кейінгі бөлімдері материалық құндылықтарды сақталу жері (қоймалар, учаскелер) бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған.

              1300-бөлімшенің дебеттелетін шоттарының бағандарында нақты құнның орнына есептік бағасы бойынша келіп түскен материалдық құндылықтардың құнын жазады. № 6 журнал-ордерде төлем мен есептен шығарудың сомасы әрбір шот  бойынша жекелей жазылады. Төлем мен есептен шығаруды материадық ұндылықтардың келіп түсуі, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы туралы деректер жеткізушілерге немесе мердігерлерге төлеуге тиісті сомалар көрсетілетін жерлерде көрініс табады. Ай аяқталғаннан кейін № 6 журнал-ордер жабылады, Кт 3310 бойынша жиыны корреспонденцияланатын шоттар бойынша есептеліп шығарылады және бас кітапқа көшіріледі.

     Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 «Қорлар» бөлімшесінің 1310 «Шикізаттар мен материалдар»негізгі,активтік,мүліктік (инвентарлық) шоттарында жүргізіледі.Бұл шотқа мынандай қосалқы шоттары ашылуы мүмкін:

1311  «Шикізаттар мен материалдар»

1312  «Сатып алынған жартылай фабрикаттар»

1313  «Ыдыс және ыдыстық материалдар»

1314  «Отын»

1315  «Қосалқы бөлшектер»

1316  «Өзге материалдар»

1317  «Құрылыс материалдары»

 

Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысы бойынша негізгі операцияларға шоттар корреспонденциясы:

 

Операция мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

 

 

Дебет

Кредит

1

Сатып алынған шикізатпен материалдар және өзге қорлар қоймаға бастапқы құнымен кіріске алынған кезде

 

1310,1350

 

3310

2

Есепті тұлғалар арқылы сатып алынған материалдар мен өзге қорлар бастапқы құнымен кіріске алынған кезде

 

1310,1350

 

1250

3

Түгендеу кезінде анықталған материалдар мен өзге қорлардың артығы кірріске алынған кезде

1310,1350

6280

4

Тегін (өтеусіз) алынған материалдармен өзге қорларды кіріске алу

1310,1350

6220

5

Өндірістен материалдардың,өзге қорлардың қалдығы кіріске алынған кезде

1310,1350

8110,8210,

8310

6

Жарғылық қорға салым ретінде материалдар мен өзге қорлар кіріске алынған кезде

1310,1350

5110

7

Материалдар мен өзге қорларды жеткізуге байланысты нақты шығындардың есепке алынуы

1310,1350

3390

8

Негізгі құралдарды жоюдан алынған пайдалы материалдық қорлар кіріске алынғанда

1350

6210

9

Негізгі өндіріс қажеттілігіне пайдаланылған материалдармен өзге қорлар есептен шығарылған кезде

 

8110

 

1310,1350

10

Негізгі өндіріске қызмет етуші бөлімшелерге материалдар мен өзге қорлардың есептен шығарылуына

 

8310

 

1310,1350

11

Аяқталмаған құрылыс объектілерінің құнына жатқызылған материалдар мен өзге қорлардың есептен шығарылуына

 

2930

 

1310,1350

12

Жалпы және әкімшілік мақсатта қолданылған материалдармен өзге қорлардың есептен шығарылуы

 

7110,7210

 

1310,1350

13

Сатылған материалдардың ,өзге қорлардың өзіндік құны есептен шығарылған кезде

7010

1310,1350

14

Түгендеу кезінде жетіспеушілігі анықталған материалдар мен өзге қорлардың өзіндік құнын есептен шығару кезінде:

-          материалды жауапты тұлғаның есебіне

-          кінәлі тұлға табылмаса

 

 

 

1252

7470

 

 

 

1310,1350

1310,1350

15

Тегін (өтеусіз) жіберлген материалдар мен өзге қорлардың өзіндік құнын есептен шығару кезінде

 

7010

 

1310,1350

16

Орталық қоймадан материалдар мен өзге қорлардың табиғи бүлінуін нормаға сәйкес есептен шығару кезінде

 

7470

 

1310,1350

 

5. Кәсіпорынның қоймасынан материалдық құндылықтар өнім әзірлеу үшін, әр түрлі шаруашылық мұқтаждықтарына, өндеу немесе сату үшін сыртқа босатылады. Өндірістегі босату дегеніміз - өнім әзірлеу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін материалдарды босату. Материалдарды цехтың сақтау орындарына босату материалдардың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады. Материалдарды өндіріске босатқан кезде белгілі бір талаптар сақталуы тиіс:

1.       өндірістің қажетті қөлеміне белгіленген шығыс нормативтеріне сәйкес олар салмағы, көлемі, массасы бойынша жүргізіледі

2.       босату, әдетте, алдын ала белгіленген лимиттер шегінде жүзеге асырылады. Лимиттеу ай басындағы және соңындағы пайдаланылмаған цех қорларының өтімділігін ескеріп, цехтардың өндірістік бағдарламасының көлеміне жұмсалатын материал шығыстарының прогрессивтік нормаларына негізделу керек. Лимиттеуді жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау (өндірістік) бөлімі жүзеге асырады

3.       қоймадан материалдарды талап ету құқы берілетін адамдардың тізімі бас бухгалтермен келісіледі, сондай-ақ олардың қоятын қолдарының үлгілері алынады.

Өндіріске есептен шығаралатын материалдық ресурстардың нақты өзіндік құнын № 2 ҰҚЕС (12 бөлім §87 п.228,229) бойынша анықтау мынандай әдістердің біреуін қолдану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін:

1.       орташа өлшемді құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендерінің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.

2.       қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі, ФИФО әдісі – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады: «Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып - шығысқа», алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдарды шығындарға есептен шығарады, одан кейін – екіншісін, содан кейін – үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады.

3.       арнайы бірегейлендіру әдісі – бұл әдіс материалдық құндылықтардың топтамалық есебін ұйымдастыру мүмкін болған жағдайларда ғана қолданылады. Егер ай соңындағы қалдықта үшінші, бірінші немесе басқа топтың материалдық құндылықтарының белгілі бір саны болс, онда материалдық құндылықтардың шығысын да, қалдығын да анықтауға болады.

 

 

 



Тауырлы материалдық қорлар