1. Техниканың анықтамасы
және тарихы.
2. Техника фшософиясы, оның
статусы.
3. Техника және адам.
4. Технология және информатика.
«Техника» терминінің
тамыры грек және латын тілдерінде,
алғашқы мағынасында құрылысшының,
ағаш шеберінің өнері, шеберлігі,
кеңірек мағынасында өндірістегі
және басқа қызмет салаларындағы
өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр
дәуірінде techne және ars терминдерінің мағыналары
бірдей болды. Оларды жеті artes mechanical және
жеті artes liberales деп бөлді: механикалық өнерлер:
жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық
ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр
ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен
ойлау өнері де кіреді), диалектика, риторика,
геометрия, арифметика, астрономия, музыка.
Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің
екі жеке түрі ретінде бөліне бастады:
техника адам қызметінің рациональді
түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық
процеске айналды. Мысалы, құрылыс өнері
– құрылыс техникасы, фотография өнері
– фотография техникасы және тағы басқа.
«Техника» термині қызметтің осы саласында
қолданылатын құралдар (инструменттер,
приборлар, машиналар) мен білімдерге
(ережелер, теориялар, әдістер) байланысты
да айтылады.
Философияда техника
ұғымы әдетте екі оппозициялық
мағынада қол-данылады: біріншіден,
қызметтің жасанды материалдық құралдарының,
яғни артефактілердің жиынтығы ретінде.
Екіншіден, терминнің алғашқы мағынасына
сәйкес – жасай білудің, әдістердің жиынтыгы
ретінде. Сонымен, техника -құралдармен
инструменттердің материалдық-заттық
ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде
– құралды қолдану тәсілі.
Біздің ойымызша, техника
ұғымы адам және адам қоғамы
ұғымдарымен тығыз байланысты
қарастырылуы тиіс, сонда ғана
оның философиялық мәнін түсінуге
болады. Осы тұрғыдан талдағанда,
техника – адамның өзін қоршаған
ортада, табиғатта оны өзгерту
арқылы өмір сүре білу және
өмірінің сапасын жақсарту кабілетін
көрсететін мәндік сипаты. Техника
адамды табиғаттағы басқа тірі
организмдерден ерекшелендіретін
өмір сүру тәсілі деуге болады,
ал адамның өзгерту қабілеті
оның қызметінің материалдық
құралдарында көрініс табады. Техника
ұғымының бұл екі түсінігі
бір-бірімен тығыз байланысты.
Техниканың тарихы. Техниканың
пайда болуының алғы шарты
-табиғатты тану, одан қорғана
білу және оны түсінуге талпыну. Оның
мақсаты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру,
жақсарту. Техниканың алғашқы түрі – адам
еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері
ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып
келді.
Техниканың жалпы
мәні мануфактуралық өндіріс
дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді.
Бұл кезендерде механикалық машиналар
дүниеге келіп, олар адам қызметінде,
әсіресе материалдық өндірісте қолданыла
бастады, техника ғылым жетістіктерін
кеңінен қолдануға негізделген машиналық
техникаға айналды, өндіріске индустриалдық
қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер
келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын
ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын
да қамти бастады, автоматтандырылған
машиналар пайда болды және бұл процесс
өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан
алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының
ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.
Техниканың дамуы
бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті
деуге болады. Оның жағымды жақтарын
атап көрсетсек:
1) Техниканың дамуы
рациональді ойлауды, дәлдікті, еңбек
құралдарын үнемді қолдануды
қалыптастырды;
2) Ғылыми-теориялық білім
ұсынған жаңа технологиялардың
өндіріс процесінде және ауыл
шаруашылығында кеңінен қолданылуы
әлемдегі көптеген мемлекеттердің
экономикасын өркендетті;
3) Техниканың өндіріс
процесіне енуі адам еңбегін
айтарлықтай жеңілдетті;
4) Техника мен ғылымның
антропогендік сипаты адамның
күнделікті тұрмысын да түбегейлі
өзгертті, бұрын қолмен атқарылатын
жұмыстың басым кепшілігін тұрмыстық
техника атқара бастады. Бұл
өзгеріс адам үшін жалпы алғанда
оң өзгеріс болды.
5) Байланыс, араласу салаларында
жаңа технологиялардың пайда
болуы бүкіл адамзатты бір-біріне
жақындатып, өзара түсіністіктің
пайда болуына ықпал етті.
Техника дамуының
жағымсыз жақтары туралы айтатын болсақ,
олар ете маңызды және жағымды жақтарынан
басымырақ десек те болады:
1) Техниканың өндіріс
процесінде қолданылуы шикізатты,
табиғат бай-лықтарын аяусыз пайдалануды
ұлғайтты;
2) Адамның сұраныстары
мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді,
техника, әсіресе, әскери техника саясат
саласында күшті құралға айналды;
3) Жеке адамның құндылығы
төмендеп, оның орнын техника
жасаған құндылықтар басты;
4) Техникаға табынудың
нәтижесінде қоғамның механизациялануы
күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала
бастады;
5) Рациональданудың, біржақты
мамандандырылудың нәтижесінде
адамның жаттануы пайда болды, адам орасан
зор технологияны жалпы басқару қабілетінен
айрылып, жеке функцияларды атқарумен
шектелуге мәжбүр болды;
6) Техникалық прогресс
өркениет критериі ретінде қабылдана
бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың
маңызы төмендеді;
7) Қорытып айтқанда, адам
қолымен жасалған техника адамның
өзіне қарсы тұрып, оның өміріне
қауіп туғыза бастады, ол адамның
ырқынан шығып, өзіндік, адам
дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды.
Техника адамды өзімен санасуға мәжбүр
етіп отыр.
Осындай күрделі мәселелердің
пайда болуы осыдан шамамен 100 жылдан астам
бұрын философияның жаңа бағыты – техника
философиясын қалыптастырды. Техника
философиясының статусы туралы әр түрлі
көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы
техника философиясын жеке философиялық
ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше
философиялық мектеп деп бағалайды, ал
зерттеушілердің үшінші тобы техника
философиясын жаңа, басқа философиялық
бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп
қарастырады. Біздің ойымызша, техника
философиясы жалпы философия ғылымының
жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету
дұрыс емес.
Техника философиясының
қазіргі заманғы философиялық
бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.
Позитивизм. Оның дамуының
бірінші кезеңінің өкілдерінің,
негізінен алғанда теориялық
физика, математикалық логика, машиналар
теориясы, техника тарихы салаларының
ғалымдарының пікірінше, техника
философиясының негізгі міндеті математика,
механика, физика, химияның принциптеріне
сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды
реттеу және классификациялау, техниканы
жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған
ұсыныстар дайындау. Э. Махтың тұжырымдауынша,
техника философиясының пәні техникалық
тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына,
көрнектілігіне және тиімділігіне басты
назар аудару. Неопозитивистер «рациональді
техника» немесе » ғылыми технология»
сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл
концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист,
француз философы Г. Башлар (немесе Башляр
1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты
қарама-қарсы қоймайды, керісінше, олар
бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген
принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы
маңызын және білімнің қоғамда алатын
орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің
дамуын үш кезеңге бөлуге болады: таза
эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми
кезең – рациональдік абст-рактылық ойлау
кезеңі және жаңа «ғылыми рух» кезеңі
– ол тексерулер мен теріске шығаруға,
жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің
әр түрлі салаларының арасында байланыстар
орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан
алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы
құрастыру.
Ағылшын позитивисі
Б.Рассел (1872-1970) осы ойды жалғастыра отырып,
«техника дүниесі мен ғылымның идеалды
дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника
ғылымнан туындайды және ғылым техниканы
басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың
байланысы өте тығыз» деген пікір айтады.
Б.Рассел, сонымен бірге, қазіргі заман
ғылымы мен техникасының жетістігінің
адамзат үшін аса қауіпті жағдай (ядролық
соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті,
оны болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге
шақырды.
Иррационализм бағыты
антисциентистік сипатта, ғылыми
прогреске, дүниені танып-білудің
және өзгертудің ғылыми методтарына
қарсы. Олардың пікірінше, техникаландырылған
қоғамда тұлғаның жаттануы пайда
болады. Бұл көзқарас «Өмір философиясының
өкілі», француз философы А.Бергсонның
(1859-1941) философиясынан анық байқалады.
Бергсон адамның рухани дүниесі
болмыстың ерекше саласы, оны
ғылыми таным арқылы танып-білу
және техникалық деңгейде танып-білу
мүмкін емес деп тұжырымдайды.
Оның пікірінше, Өндірістің машиналық-механикалық
сипаты, ғылымның дамуы адам қызметінің
рациональдік-технологиялық мазмұн
алуына әкеліп соқты, адам жаттанды,
оның бойында қарама-қайшылықтар
пайда болып, ішкі дүниесі екіге
бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың
жолы ретінде Бергсон адамның
өзін-өзі моральдық жағынан жетілдіруге
ұмтылуын, өнер, қолөнер және тағы
басқа шығармашылық түрлерімен
айналысуын атайды.
О.Шпенглер тарихты
мәдениеттердің пайда болуы, дамуы,
құлдырауы, құруы процесі деп
қарастырады, бір мәдениеттің
орнын екінші мәдениет ауыстырып
отырады, құрып бара жатқан
мәдениет техниканың көмегімен
өркениетке айналады дейді. Оның
ойынша, техникалық өркениет Батыс
мәдениетін дағдарысқа ұшыратып
отыр, себебі бұрынғы құндылықтардың
орнын техника басты. Экзистенциализм
философиясы да техниканы қатты
сынға алды. Олардың пікірінше,
техника қазіргі заман адамының
әлеуметтік өмірінде, рухани өндіріс
саласында белсенді рөл атқарып
отыр, бірақ адам бұрынғыдан бақытты
болып кеткен жоқ. Керісінше,
адамның жаттануы, қоғамнан бөлектенуі,
жалғыздығы, уайым-қайғысы, үрейі
күшейіп отыр. Адам өз болмысын
түсінуге дәрменсіз, оның нағыз
болмысы одан тыс дүние емес,
ақиқат болмыс – адамның дүниедегі
болмысы, оның мәні – экзистенция
деп аталады. Экзистенция шекаралық
жағдайларда, адамның өзімен өзі, өзінің
мәнімен жалғыз қалғанда ашылады. Экзистенциалистердің
пікірінше, техника дүниесі қазіргі уақытта
өте зор, оны толық меңгеру, басқару мүмкін
емес, адам оның қасында кішкене ғана нәрсе,
абстрактылық индивид. Техниканың үстемдігінің
кесірінен адам өзінің тұлғалық ерекшелігін,
өзіндік қайталанбас руханилығын жоғалтты,
сол себепті адамды өзіне-өзі көңілі толмаушылық
билейды. Бұл дағдарыстан шығудың жолы,
экзистенциалис-тердің пікірінше, адамгершілік,
дін, өнер және тағы басқа адамға рухани
күш беретін нәрселер.
К.Ясперстін пікірінше,
техника – адамдардың материалдық
өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты
ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің
«заттық» саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық
дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі
толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі,
Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен
емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат
етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық
білім дүниені діни -мифологиялық және
көркемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып
шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте
белгісіз затқа, технологиялық қызмет
объектісіне айналды. Адам табиғатпен
бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі
де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола
бастады.
Неофрейдизм бағыты
да адамға техниканың тигізіп отырған
зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың
ойынша, техника адамның неврастениялық
ауруларының басты себебі, бұл ауруды
жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек
қажет.
Философиялық антропология
техниканы адамның әлсіздігінің
орнын толтыру үшін пайда болған,
табиғи заңдылықтарды жүзеге
асыру тәсілі ретінде түсінеді,
адамға әуелден тән «табиғи
технологияның» іске асуы деп
қарастырады. Олар техниканың
зиянды жақтарын да ескереді,
бірақ бұл құбылысты жеңу үшін
адам техниканың мәнін, даму
зандылықтарын ұғынуға тырысып,
адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын
дамытуы тиіс деп есептейді.
Сонымен, техника философиясы
зерттейтін мәселелер қазіргі
таңда өте маңызды, сондықтан
техника философиясы жалпы философияның
жаңа бағыты және ол өзінен
басқа онтология, гносеология,
философиялық антропология, экзистенциализм,
әлеуметтік философия және тағы
басқа бағыттармен тығыз байланысты,
болашағы бар бағыт.
Техника және адам.
Бұл мәселе туралы техника
философиясының негізгі ұстанымдары
мынадай: Адам техника жүйесінің
басты элементі. Техника қаншама
күшті дамығанымен, оның қызметі
адамның қатысуынсыз жүзеге аса
алмайды, техниканы қозғалысқа
түсіретін де адам. Адам өзінің
еңбегі арқылы техниканы жасаушы
және материалдық-техникалық даму
тұтастығын қамтамасыз етуші.
Техника ешқашан өздігінен дамитын
жүйеге айналмайды. Техникалық прогрестің
басты заңдылығы адамның техно-логиялық
функцияларын алмастыру болғанымен,
бұл процесс салыстыр-малы, ол
адамды толық ығыстырып шыға
алмайды. Техника дамудың қандай
сатысына көтерілсе де, оның мүмкіндігі
адам мүмкіндігінен төмен, себебі
адамның мүмкіндігі мен қабілеті
шексіз, физикалық, психологиялық,
интеллектуальдік потенциалы жоғары.
Әрине, техниканың адамға да, табиғатқа
да тигізіп отырған теріс әсері жеткілікті.
Соңғы уақытта адамзаттың қауіпі тіпті
күшейіп отыр. Дегенмен де адам ақылды
тіршілік етуші, сондықтан да бұл қайшылық
оң тұрғыдан шешіледі деп үміттенуге болады.
Технология және информатика.
Технология қазіргі уақытта өркениет
пен мәдениетті дамытатын, қоғамының
қызметтік құрылымын сипаттайтын,
жалпы адамзаттың қазіргі даму
деңгейін және болашақта дамуының
көкжиектерін анықтайтын феномен.
Қазіргі заманғы экономикалық
ойлаудың басты ұғымы болып
есептелетін «технология» ұғымы
ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік
экономикалық ой жүйесі үшін
жат болып келді. Шындығында, тағы
бір іргелі ұғым «информациямен»
бірге технология қоғамның тарихы
мен нақты қызметін түсінудің
концептуалды негізін құрайды.
Технология мен техника бір
нәрсе емес. Техниканың көне заманда
калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені
жасауға қажетті инструменттер, машиналар
және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу)
соңғысы технология ұғымына жақынырақ.
Технология техниканы қамтиды, бірақ онымен
шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында
технология дегеніміз инструментальдік
жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық
және транстпорттық коммуникациялар жүйесі),
операциялық әрекеттер жиынтығы және
инструментальдік жүйеге байланысты туындаған
және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы
қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және
экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл
қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық,
информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ
технологияны динамикалық қызметтік жүйе
ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып
тұр.
Технологияның аппараттық
және операциялық құрамдас бөліктерімен
бірге маңызды компоненттері
болып технологиялық менталитет
және технологияның қалыпты қызмет
етуі мен дамуы үшін аса
қажетті инфор-мациялық ресурстар
есептеледі. Егер бұлар болмаған
жағдайда технология азып-тозып,
тез күйрейді. Оның жақсы мысалдары
біздің елімізде, бұрынғы Кеңестер одағы
кеңістігінде өте көп. «Болмыс алғашқы,
сана оның бейнесі» принципі бойынша жұмыс
істеп дағдыланған, еңбек процесінен адам
санасы түгелдей ығыстырылып шығарылған
елімізге көптеген жаңа технологиялар
әкелінгенімен, осы технологияны қолданып,
іс жүзінде қолдана білетін интеллектуалдардың
жоқтығынан әлемдік үлгіде жасалған технологиялар
аз уақыт ішінде істен шығарьшып, қыруар
қаржы желге ұшты.
Елдің мәдениетін, жалпы
менталитетін, қоғамдық санасын экономикалық
және технологиялық дамудың екінші факторы
ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір
айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан
шығудың жолы қандай?
Қазіргі дағдарыс
технология, өркениет және мәдениет
арасындағы шиеленіспен байланысты.
Өркениет күрделі, әлеуметтік
маңызы зор тех-нологияларлың
негізінде пайда болды. Мұндай
технологиялар материалдық еркениет
саласын ғана емес, билікті, әскери
істі, ауыл шаруашылығын, транспорт,
байланыс және интеллектуальдік
қызмет салаларын қамтиды. Өркениет
технологияның ерекше социогендік
функциясынан туындайды. Технология
өзіне қажетті нормативті-реттеу
ортасын қалыптастырады.
Осы орта «өркениет»
ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни,
өркениет белгілі бір технологияның
қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз
етеді. Өркениет біртипті технологиялардың
негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны
көрсетеді.
Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың,
әрбір социумның индивидуальді бастауының
көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ
халқының этнотарихи индивид ретіндегі
болмысының,тілінің, тарихи тағдырының,
дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір
мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан
ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар.
Белдеулер – әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік,
әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар,
олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін
тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты
мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет,
технология, мәдениет бір-бірімен үндестік
тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды,
ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде
дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан
да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін
жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті
қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын
мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды.
Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын
– адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің
кемшіліктері мен теріс қасиеттері туралы
білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік
сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы
тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық
құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы
технологияның басымдығына қарсы тұруға
болады.
Дамыған елдерде ХХ-ғасырдың
ортасынан бастап информация
рево-люциясы басталды, бұл құбылыс
70-жылдардың соңына таман күшейе түсті.
Қоғамның информатизациясы дегеніміз
– қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар,
экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік
және басқа міндеттерді шешуге қажетті
информацияны өте тез өндіру және тарату
әлеуметтік-тарихи процесі.
Информатизацияның нәтижесі
– информациялық қоғамның құрылуы.
Информациялық қоғам – қоғамдық жүйе,
ол:
1) әрбір индивид, әрбір
ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне
қажетті барлық информацияны
ала алуына мүмкіндік береді;
2) бұл информацияны, ең
бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық,
тех-нологиялық білімдерді экспоненциалдық
(ашық түрде дегенді білдіреді)
есу заңдары бойынша өндіреді;
3) алдыңғы екі мақсатты
жүзеге асыруға қажетті (бұған
есептегіш ма-шиналар мен коммуникация
құралдары да кіреді) қазіргі
заманғы инфор- мациялық технологияларды
өндіреді және қолданады;
4) материалдық өндіріс,
транспорт, байланыс, технологиялық
процес тер, басқару, білім,
ізденістер мен жобалау, сервис,
адамдардың қызмет саласы бойына
және жеке араласуының негізгі салаларын
толық немесе жартылай автоматтандыруды
қамтамасыз етуге қабілетті.
Информатизация индустриальдік
қоғамның жалғасы және оның
қон-дырмасы. Информация құндылығы
қай уақытта да жоғары болды,
біздің заманда бұрынғыдан да
күшейе түсті. Қазіргі уақытта
жер бетіндегі материалдық ресурстар
(ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия,
қазба байлық көздері және тағы басқалары)
азая түссе, информация, керісінше, шексіз
ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан
информациялық технологиялар – телефон,
пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу
– жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық
технологияға негізделген жаңа информациялық
технология қажет. Онсыз экономиканы,
қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің
кейбір салалары информация көлемін бірнеше
есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар
түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның
тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы
ресми түрде жария етілген информатизацияландыру
мен информациялық қоғамға көшудің мемлекеттік
концепциясы мен моделін айтуға болады.
1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың
алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа
қарсы бағдарлама ретінде жасалған және
жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер
берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше
аз шығындармен шығып қана қойған жоқ,
сонымен бірге әлемге әйгілі «жапон ғажабының»
әлеуметтік және технологиялық негіздерін
жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі
бола алады. Бұл жол өте қиын, адамдардан
білімді жасай білу өнері мен интеллектуальділікті
кәсіби шеберлікпен, инновациялық технологиялармен
үштастыруды талап етеді, бірақ өркениеттің
жаңа сатысына көтерілудің бұдан басқа
жолы жоқ, өзге жолдар тек құлдырауға апарады.
Ойымызды қорытсақ, техника
философиясы техника феномені табиғатын,
оның пайда болу және даму кезеңдерін
жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға,
жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс
ықпалын талдайды, техниканың болашағы
туралы ғылыми болжамдар жасайды.
Техника философиясының проблемалары
Техника философиясының проблемалары
В.М. Розиннің техника философиясы
Все страницы
Страница 1 из 2
Жоспары
I.
Кіріспе
II.
Негізгі бөлім
а) Ғылымның мәні мен ерекшеліктері.
ә) Техника философиясының
проблемалары.
б) В.М.Розиннің техника философиясы.
в) «Бесінші жол» - елдік рух
философиясы.
III. Қорытынды
бөлім
ІV Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
Қазіргі дәуір -
қоғам өмірінің барлық салаларын
қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі.
Біз бүгінде материалдық өндірістің
ғылымилануының және сонымен
бірге ғылымның индустриялануының
куәсі болып отырмыз. Ғылымды
– қоғамдық өндіріс қажеттеріне,
ал өндірісті ғылымға қарай
батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым
мен өндірістің бір-бірімен қабысуы
және бірігуі, ғылымның тікелей
қоғамның өндіргіш күшіне айналуы
– қазіргі ғылым ерекшеліктерінің
бірі.
Ғылымды техникамен
және өндіріспен байланыстыратын
қажетті буын – қолданбалы
зерттеулер мен технологиялық
ізденістер. Олардың міндеті –
іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды
қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа
және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Мұндай зерттеулер ғылымды қоғамның тікелей
өндіргіш күшіне айналдырудың маңызды
факторы болып табылады. Болашақ жаңа
технология мен техниканың жалпы нұсқасы
мен іргетасы нақ осында қаланады.[3]
Қазіргі ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету жағдайында
іргелі және қолданбалы зерттеулер
арасындағы байланысты анықтау
ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау
мен ұйымдастырудың қажетті шарты
болып отыр. Ғылым жетістіктері
негізінде жаңа техника мен
технология жасалып, содан кейін
олар өндірісте қолданылады. Ғылым
саласында өндірістің жаңа құралдары
мен технологиялық процестері, өнеркәсіптің
мүлде жаңа салалары мен бағыттары
пайда болып отыр. Оған инженерлік
ортлықтар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер,
сала-аралық ғылыми-техникалық кешендер
жатады. Сөйтіп, ғылым мен техниканың
арасында белгілі бір формалар қалыптасуда.
Әлемнiң күрделенгенi
соншалық, жердiң асты мен үстi,
адамзаттың iшi мен сырты шешiлуi
мұң түйiнiне толды. Гегель
осыдан екi ғасыр бұрын: «Бiз
бұрынғы түрiн жоғалтып, жаңа жүйеге
көшкен рухтың алға қарай секiре
қозғалатын көпiрмелi уақытындағы
маңызды дәуiрдiң қақпасында тұрмыз.
Бiздiң әлемдi бiртұтас дүниеге
бiрiктiретiн бұрынғы түсiнiктер, ұғымдар
және байланыстар көрген түстей
жоғалды және ыдырады», – деп
едi. Айтқаны айдай келдi. Адамзат
баласы өз iс-әрекетiнiң маңызын
түсiнбейтiн, өзi және елiнiң тарихы
туралы ештеңе бiлмейтiн, өзiнен
деңгейi биiк техникаға өзiн құрбан
етiп, өзiнiң бар-жоғын ұмытатын
дүнияуи динамика қалыптастырды.
Өткен ғасырларда адам қоғамсыз
өмiр сүре алмайтын, ал ХХI ғасырда
адамның техникасыз өмiрi тұл.
Адамзаттың қолынан техниканы
тартып алып қоймаңыз, алдыңыз
ба, олардың өмiрi бiттi деңіз.
Әлемде тыныштық жоқ. Аспанымызды
зымыран мен ұшақ, жер бетiн
темiр-терсекпен тұмшаладық. Экология
жайын айтпай-ақ қояйық, қара
жер «аяқтарыңды аспаннан келтiрем»
деп алғашқыда дөң айбат шегiп
қана қоятын. Шыдамның да шегi
бар, шаршады бiлем, ендi сан
жылдар бойы қисапсыз көрсеткен
зорлығымызды өзiмiзге еселеп
қайтарып жатыр. Дұрыс! Құптарлық
жайт! Табиғаттың мiнезi кекшiл
келетiнiн аңғарғымыз келмеп
едi. Ендi санасыз сирақтарға мықтап
сабақ болатын болды.
Жә, мейлi деңiз, фантастикалық
шығармалардағы мұрнымызды шүйiре
қарап, ертегiге теңейтiн миға
сыймайтын қияли сюжеттер қазiр
әрбiрiмiздiң басымызда бар нәрсеге
айналғанын сезiнiп жүрмiз бе? Жоқ!
Бұрындары адамның құндылығы
зор болатын, қазiргi адамдардың
құндылығы сол, кiлең жиһанкездер.
Әлемнiң түкпiр-түкпiрiне табан
тигiзiп аралау, шамаң келсе глобустағы
мемлекеттердiң бәрiне сапар шегудi
«мода» емес, мақсат еттiк.
Асан қайғы мен Қорқыт бабамыздай
жерұйық iздесе мақұл, жоқ, қазiргiлердiң
қыдырымпаздығы – мағынасыз ерiккендiк.
[6]
Қазіргі дәуір - қоғам
өмірінің барлық салаларын қамтитын
ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды
- қоғамдық өндіріс қажеттеріне,
ал өндіріс ғылымға қарай батыл
бұру қажет. Ендеше, ғылым мен
өндірістің бір-бірімен қабысуы
мен бірігуі, ғылымның тікемның
өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі
ғылымның ерекшелігінің бірі.
Ғылымның техникамен
және өндіріспен байланыстыратын
қажетті буын - қолданбалы зерттеулер
мен технологиялық ізденістер. Олардың
міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар
мен идеяларды қоғамдық өндірісте
қолданудың ең қысқа және ұтымды
да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық
прогресті жеделдету жағдайында
іргелі және қолданбалы зерттеулер
арасындағы байланысты анықтау
ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау
мен ұйымдастырудың қажетті шарты
болып отыр. Ғылыми жетістіктер
негізінде жаңа техника мен
технология жасалып, содан кейін
олар өндірісте қолданылды.
Техника. Адамзат ғасырлар бойы
аңсаған, жетуге ұмтылған ғажайып
техника жетiстiктерi аз емес, әрине.
Оның пайдасын жоққа шығармаймыз.
Техника – бiрнеше миллион
амалдарды орындайды, орасан көп
деректi есте сақтайды, әлденеше
мәлiмет толқынын бiр мезгiлде
өңдеп, кейбiр логикалық ойларды
iске асырады, кәдiмгi мәтiндердi
оқиды, күрделi бейнелердi таниды,
бiрнеше өлшемдiк түстi көредi және
микрокомпьютерлер мен микропроцессорлар,
«жасанды адам» бағдарламасын
құруға әкелетiн бағдарлаудың принциптi
жаңа тiлiн табады, тағы басқа естiген адамның
таңдайын қақтырар дүркiн-дүркiн жаңалықтарымен
әлем кезiп жүр.