Акционерлік қоғам. 4

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб

МазмҰны

КІРІСПЕ…………………………………………………….....................3

 

1 акционерлік Қоғам қызметінің ерекшеліктерінің теорИЯлыҚ негіздері

1.1Акционерлік қоғамның  пайда болу тарихы және оның  дамуы….........................................................................................5

1.2Акционерлік қоғамның  атқару органы мен басқару….……….....8

1.3Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы……..............................................................................................................14

2 «Шымкент Мұнай  өнімдері»АҚ-ныҢ қызметінің ерекшеліктерін талдау

2.1“Шымкент Мұнай  Өнімдері” АҚ –ның технико-экономикалық қызметін талдау......................................................................................................................19 2.2“Шымкент Мұнай Өнімдері”АҚ қызметінің ерекшелігін талдау.......….....24

3 Қазақстан Республикасында  акционерлік қоғамдардың тиімділігін арттыру жолдары

3.1Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың даму проблемалары мен оларды шешу жолдары…………………….......................................................................26

Қорытынды……………….........................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………......................31  
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің құрылымын құру мен басқару ұлттық экономиканың құрылымында анықтаушы орынға ие. Көп жағдайда акционерлік қоғам қызметінің тиімділігі ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады. Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның акция пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Акционерлік нысандағы  кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

Акционерлік қоғамның басқа ұйымдық-құқықтық шаруашылық түріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

1. АҚ капиталдың  шоғырлануына мүмкіндік береді, сондықтан ірі кәсіпорындар негізінен акционерлік қоғамға ұйымдастырылған;

2. АҚ акционерлері  қоғам міндеттері бойынша жауап  бермейді, яғни оның тартымдылығы  осы.

Акционерлік нысандағы  кәсіпкерліктің құрылымын құру мен  басқару әлі толық зерттелмеген, алайда елімізде отандық экономиканың құрылу жолдары белгілі.

Бұл тақырып бүгінде  өте өзекті, себебі Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың дамуы корпоративті бағалы қағаздардың екінші нарығы мен шаруашылық субъектілердің қызметін реттейтін заңдардың дамымаған жағдайында жұмыс істеуі орын алып отыр. Бұл проблемалар АҚ қызметі тиімділігінің жеткіліксіз дамуына әкеліп соғады.

Курстық жұмыстың мақсаты  акционерлік қоғам қызметін бағалау  және Қазақстан Республикасында  оның экономикалық тиімді қызмет атқаруын зерттеу болып табылады. нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік  нысандағы кәсіпкерліктің маңызы мен  тиімділігін ашып көрсету.

Аталған мақсатқа сай келесі міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалған:

  • нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің теориялық негіздерін ашып көрсету;
  • «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның техника–экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
  • АҚ–ның қызметінің мәнін,оның Қазақстан Республикасындағы рөлін қарастыру;
  • АҚ–ның даму проблемалары мен оларды шешу жолдары қарастыру.

Жалпы курстық жұмыс  кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында –акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің құрылуы,қызмет етуі және олардың рөлі, екінші тарауда – «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның жалпы экономикалық сипаттамасы, оның техника– экономикалық көрсеткіштері, негізгі қызметі, ал үшінші тарауда – жалпы АҚ–ң даму проблемалары, оны шешу жолдары мен берілген кәсіпорынның инвестиция тартымдылығы қарастырылып, талқыланды.

Жұмысты жазу кезінде  отандық және шетелдік авторлардың  әдебиеттері, АҚ–ның қызметін реттейтін заңдар және нормативтік актілер, сонымен қатар «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның 2008-2010 жылғы негізгі экономикалық және бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Акционерлік қоғам  қызметінің ерекшеліктерінің

теориЯлыҚ негіздері

1.1Акционерлік қоғам түсінігі және оның дамуы

Акционерлік қоғам  дегеніміз- қатысушылардың қоғамға деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.

Қоғам балансында ескерілетін  иелігінде жекелеген меншігі  бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.

Акционерлік қоғам  заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.

Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс  істеп жатқан заңды тұлғаның қайта  ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.

Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың  орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.

Акционерлік қоғамның акциялары 

Акция– меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі – акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.

Егер Акционерлік  қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акицонерлік капиталды көбейтуге  мүмкіндік болады. бірақ акция  иелері акционерлер санын көбейтуге  ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер «ескі акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады.

Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шайқалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.

Акционерлік қоғам  табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.

Әдетте, Акционерлік  қоғам «жасырын резервтердің өсіруге  жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервте жиналымдар біткеннен кейін акционерлік  компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.

Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Бұл жағдайда табыс көлемін іс жүзінде келесі формула бойынша анықтайды:

Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып  алу бағасын акция курсы деп  аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.

Акция сатып ала  отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым  алынған дивидендтің, аз капитал  салымын берік табысқа кепіл  беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.

Банктік пайыздық көрсеткіш  акция курсының төмендеуі мен  жоғарылауына әсер ететін фактор: банктік  пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияның номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде  дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі – 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.

Сонымен, акция курсы  өзімен капитализацияланған дивидендті көрсетеді, оны мына формуламен есептейді:

Берілген түсініктегі  шамалар акция курсының әрдайым  тербелінуі, акцияның сұраныс пен  ұсыныс қатынасына тәуелді.

Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы – заңды түрде компанияның акционері екенін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлік кітапқа енген акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар. Біреулерінде ұсынушыға, ал екіншісінде атаулы акциялар көп кездеседі. Акцияның әр түрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие.

Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолдануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.

ҚР-да АҚ-дар бағалы қағаздар нарығын дамытуда маңызды рөл атқарады. АҚ-ның шығаратын бағалы қағаздары акция және облигация болып табылады. Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акцияның өзі жай акция және артықшылықты акция болып екіге бөлінеді.Жай акция – акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жай акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі аныталғанға дейін кепілді табыс нормасы төленеді Бірақ, артықшылықты акциялар саны, оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25%-нан аспауы керек. Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай және артықшылықты. Олар басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің бекітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.

Облигациялар бағалы қағаздардың акциялардан кейінгі  екінші ең кең тараған түрі болып табылады. Облигацияларды сатып ала отырып, акцияларды сатып алғандай оны шығарған қоғамның тең иесіне айналуға болмайды. Облигациялар қоғамның қарызы болып табылады. Оларды шығара отырып, қоғам сол арқылы инвесторлардан қарызға ақша сұрағандай болады. Шығарылған облигацияларды сата отырып, қоғам осы облигацияларды сатып алатын инвесторлардан қарызға ақша алады. Облигацияның өзі осы борыштың куәлігі болады, борыш міндетті түрде инвесторға қайтарылуға тиіс. Дәл осы айырмашылыққа байланысты акциялар үлестік бағалы қағаздар тобына, ал облигациялар борыштық бағалы қағаздар тобына жатқызылады. Сонымен қатар, «алтын акция» да қарастырылуы мүмкін. Ал «алтын акция» иеленуші адам қоғам өзгерістеріне «вето» жариялауға толық құқығы бар. Акция өз кезегінде оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивиденд алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Қоғамның акционері оның міндеттері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивиденд мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивиденд қаншалықты жоғары болса, соғұрлым қымбат немесе жоғары болып келеді.

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб

Дауыс беретiн акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ дауыс беру құқығы берiлген артықшылықты акциялар.

Акциялардың бақылау  пакеті - акционерлік қоғам қабылдайтын  шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;

Ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер;

Кумулятивтік дауыс  беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;

Миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;

Акцияның нақтылы  құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлiк қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) айқындалатын бiрыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейдi);

Жарияланған акциялар - шығарылуын Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар;

Орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы рыногында құрылтайшылар және инвесторлар құнын төлеген акциялары;

Қоғамның тіркеушісі - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;

Орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.

1.2Акционерлік қоғамның  атқару органы мен басқару  принциптері.

Фирманың стратегиясын және қоғам ісінің негізгі бағытын  акционерлер жиналысы мен директорлар  кеңесі шешеді. Ал барлық шаруашылық –  жүргізу процессін және фирманы  басқаруды атқарушы орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" заңына сәйкес қоғамның ағымдағы ісін басқаруды қоғамның жеке атқарушы органы жүзеге асырады.Коллегиялық атқару органының басшысы жеке атқару органы болып табылады.

Атқару органының  өкілеттілігі Заңда анықталып, жалпы түрде ол: қоғамның ағымдағы ісін басқаруда барлық сұрақтарға, тек жалпы акционерлік жиналыс пен директорлар кеңесіне қатысты сұрақтардан басқа сұрақтарды шеше алады. Бас директорлардың және ол басқаратын билеудің өкілеттігіне Заңда көрсетілмеген. Ол қоғамның жарғысында жеке және коллегиалдық атқару органы біркелкі көсетілген. Билеудің де жүргізу ісі Заңда қарастыырылмаған. Ол жарғыда немесе директорлар кеңесімен бекітілген ішкі құжатта анықталған. Заңда тек, атқару органының отырысының протоколына және билеу отырысы немесе лирекция шешімі негізінде қоғам атынан барлық құжаттарға қол қоятын бас директор.

Осыған байланысты, қоғам атқару органының ісі Заңда жалпы түрде берілген. Басқа органдармен нақты қарым-қатынасын анықтауға директорлар кеңесіне қалдырылды.

Атқарушы орган:

1. Ағымдағы қызметке  атқарушы орган басшылық етеді.  Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

Атқарушы орган  қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Атқарушы орган  акционерлердің жалпы жиналысы мен  директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер  жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.

Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мөміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.

2. Қоғамның акционерлері  және оның акционерлері болып  табылмайтын қызметкерлері алқалы  атқарушы органның мүшелері бола алады.

Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

Атқарушы орган  мүшесінің функциялары, құқықтары  мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын жеке еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.

Атқарушы орган басшысының өкілеттігі:

 

Атқарушы органның басшысы:

1) акционерлердің  жалпы жиналысы мен директорлар  кеңесі шешімдерінің орындалуын  ұйымдастырады;

2) үшінші тұлғалармен  қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз  әрекет етеді;

3) үшінші тұлғалармен  қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;

4) қоғам қызметкерлерін (атқарушы органның мүшелері болып  табылатын қызметкерлерді қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан  босатуды жүзеге асырады, оларға  көтермелеу шараларын қолданады  және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен коғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;

5) өзі болмаған  жағдайда өз міндеттерін атқаруды  атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;

6) атқарушы орган  мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;

7) қоғам жартысында  және қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы мен директорлар кеңесінің  шешімдерінде бслгіленген өзге  де функцияларды жүзеге асырады.

Акционерлік қоғамның қызметін басқарудың негізгі принциптері:

Акционерлік компанияны басқару процесін ұйымдастыруда  маңызды роль негізгі принциптерге беріледі. Экономикалық әдебиеттерде принцип түсінігіне экономикалық қатынасқа  қатысушылар арасындағы байланыс заңдылығын көрсететін негізгі ережелер енеді. Жеке авторлар принцип мазмұнына  әр түрлі талқылама береді. Мысалға, К.Джексон принципті «бастапқы концепция – нарықтық өзара іс қимылға қатысушылардың мінез құлқын регламенттейтін басшының идеясы, деп анықтайды. Біздің көз қарасымыз бойынша бұндай анықтама «принцип мазмұнының түсінігіне өте кең талқылама. Шынында да мұндай кең мағына тауар-ақша қатынасының заңдылығын көрсететін теориялық постулаттар мен концепцияларға қолдануға болады. Л.Хамердің ойынша «бірлескен қызметте немесе бәсекелістікте, іскерлік шарт жасағанда контрагенттер қолданатын іс-әрекеттің жалпы ережесі мен нормасы, деп принципті түсіндіреді. Біздің ойымызша, Л.Хамердің экономикалық принциптердің мінез-құлқына бағытталған асыра сілтеме талқыламасы экономикалық принциптерді негіздеуі мен өндірімі субъективизмге алып келуі мүмкін. Негізгі принциптер экономикада объективті экономикалық заңдылықтармен байланысты болады. Бірақ сонымен қоса принциптер объективті мазмұннан бөлек экономикалық қатынасқа қатысушылардың белгілі бір дәстүрлеріне сәйкес іс-әрекетін субъективті элементтермен рәсімдейді.

Басқарудың негізгі  принциптерінің түсініктемесін бергенде, әр бір принципті рәсімдеуде субъективті элементтер жалпы экономикалық принциптерге қарағанда маңыздырақ рөл атқарады. Сонда да, маңыздылығына қарамастан объективті мазмұн шешуші болып табылады. Мысалы, принциптердің кезкелген нормативтік құқықтық рәсімделуі. Басқару принциптердің мазмұнының басымдылығы сыртқы формалардың сақталуында, волюнтаристік елемеушілік принцип мәнділігінде анық шектеушілік қызметін атқарады. Мысалыға, компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына байланысты шешім қабылдағанда акционерлердің барлық топтарын, тәуелсіз эксперттер мен консультанттарды тарту арқылы коллегиялдық принципті ұстануға болады, бірақ соңғы шешім акциялардың басқару пакетін иемденушілердің мүддесіне сай қабылданады. Ірі компанияларды басқару тәжірибиесінде, сыртқы көрінісінде заңды талаптармен формалды процедураларды сақтап, колданған кезкелген принциптердің мазмұнын бұзатын түрлі «сұр технологиялардың қолдану кезігеді. Сондықтан принциптің формалды процедурасына емес оның мәнін сақтауға аса маңызды акцент аудару керек.

Басқару принциптерінің құрылымы мен салыстырмалы мәндігі  әр түрлі менеджмент мектептерінің өкілдері арасында өткір дискуссия тақырыбы болып табылады. Неотейлоризмді жақтаушылар басқару принциптер жүйесінің көпсатылығын алға тартады. Оған олар жалпы корпоративтік стратегияны жүзеге асырумен зерттеу принципін қосады. Екінші сатысына – іскерлік стратегияны жүзеге асыру принципін, үшінші сатысына – функционалды стратегияны жүзеге асыру принципін, ал төртіншісіне – жеке басқару функциясын регламенттейтін негізгі ережелерді жүзеге асыруын, яғни ұзақ мерзімді болжамдауды регламенттейтін ережелер, стратегиялық жоспарлау ережелері, стратегиялық жоспарларды ұйымдастыру мен координациясын іске асыратын ережелер т.б. қосады. Біздің ойымызша, неотейлоризм өкілдері басқару принциптерінің көпсатылығын ұсына отырып, жалпы корпоративтік басқару принциптерді қамтитын негізгі түсініктің түбін қарастырмаған, өйткені жеке процедураларды жүзеге асырғанда олардың нақты ережелерін теңейді. Мысалға, ұзақмерзімді жоспарлауды бірінші дәрежелі, жалпы корпоративтік басқаруды ұйымдастыру тиімділігін, ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыру процесі ретінде алдын ала анықтау болып табылатын басқару идеясымен теңейді.

Бұл мәселенің келесі ұшқарлығы стратегиялық менеджменттің негізгі принциптерін мұқият зерттеумен барлау, объективті қажеттілігін елемеушілік болып табылады. Мысалы, классикалық болып қалған И.Ансоффаның «Жаңа корпоративтік стратегия еңбегінде көрестілген басқарудың негізгі принципін қолданумен проблематикасын анықтау шетте қалады. Бірақ автор бірнеше негізін қалаушы принциптерді жүзеге асыруына жанама нұсқау береді. Бұл негізінен стратегия мақсатының оперативтік принципінің басымдылығы. А.Томпсонмен А.Стриклендтің «Стратегиялық менеджмент: стратегияны зерттеумен жүзеге асыру өнерің деген еңбегінде де басқарудың негізгі принциптерінің проблематикасын айналып өтеді. Бірақ автор, ең болмағанда, төрт негізгі принципке қатаң ұяды. Мұндай жағдайды ғылыммен өнер синтезі ретінде жалпы түрде басқаруды, ал жеке түрде стратегиялық менеджментті қарастырумен байланысты менеджмент әдістемесі және дәстүрлі теориясы арқылы жартылай түсіндіруге болады. Менеджментке мұндай көзқарас жетерліктей қатаң шығармашылық тапқырлықтың шекарасына көңіл адармауына нұсқайды. Бұл әсіресе менеджменттің негізгі принциптеріне жүгінетін ірі компанияларды басқаруда нақ анықталады.

Басқару принциптерінің маңыздылығы бірінші дәрежелі екенін ашық қабылдайтын зерттеушілер арасында да жеке принциптердің мәнділігі, олардың сандық құрамы, корпорацияны толық немесе оның бөлек функционалды құрылымдарын басқару кезінде принциптерді маңыздылығы бойынша тізу жөнінде ортақ пікір жоқ. Түрлі көзқарастарды талдау түрлі менеджмент мектептеріне жататын зерттеушілердің пікірінің басқарудағы жеке принциптерінің мәнділігі мен олардың өз-ара «салмақ қатынасындаң ажырайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге, егер неотейлоризм өкілдері стратегиялық басқарудың «қатаң жүйесінің негізі ретінде дара басқару принципінің маңыздылығын алға тартса, «адамдар қатынасың мектебінің өкілдері дара басқару принципін абсолюттеуге біршама табандылықпен қарсы тұрып, оны біртұтас дара басқарумен коллегиялық принциптердің диалектикалық балансында тек бір әлпеті ретінде қабылдайды, яғни дара басқаруды міндетті түрде шектеулі қолданып, мүмкіншілігінше стратегиялық шешімді коллегиялық түрде қабылдау керек деп санайды. Түрлі мектептер өкілдерінің басқа принциптерге көз қарасын талдағанда да пікірлердің алшақтығы немесе қарама-қарсы пікірлер де кездеседі.

Басқару принциптерінің сандық қатынасы бойынша келесі көзқарастар  бар:

- негізгі принциптерді  шектеулі көлемде қолданып, оларды  стратегиялық шешімдерді қабылдауда  және зерттеулерде қатаң ереже  ретінде қолдану керек;

- функционалды және  оперативті стратегиясын, негізгі  бөлімшелердің іскерлік стратегиясын және корпоративтік стратегиясын дайындауды және жүзеге асыруды принциптерді үлкен көлемде және түрлі үйлесімде қолдану керек;

- бүкіл компанияны басқаруын ұйымдастыруна негізгі принциптерді қосатын көпсатылы иерархиялы принциптерді;

- стратегиялық басқарудың  жеке функционалды және өндірістік бөлімшелердің ерекшеліктерін көрсететін арнайы принциптерді;

- төменгі сатыдағы  басқарушылық иерархиясының стратегиялық  шешімдерді ұйымдастыру технологиясын  анықтайтын ережелер мен регламенттерді  қолданған жөн.

Міндетті түрде  комлексті тәсілді қолданған  жөн. маңызды стратегиялық шешімді  дайындауда, негізгі принциптер түрінде жасалған нағыз басқарушылық идеясын мейлінше шектелген көлемде қолданған жөн. Олар бұзылғанда немесе балансталмаған түрде қолдану өндірістік-коммерциялық іскерліктің тиімділігін бірден төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар компанияның жеке бөлімшелерінде жалпы корпоративті стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруда, өндірістік, инновациялық, инвестициялық, маркетингтік қызметерінің арнайы ерекшеліктері көрсетілген қосымша мамандандырылған принциптер мен ережелерді қолдану жөн. Комплекстік тәсіл, принциптер мен ережелерді қолдану сферасының маңыздылығы бойынша иерархиялығын бөлу ғана емес, сонымен бірге, принциптердің қарама-қарсылығын жоюды қамтасыз етеді. Комплексті тәсілдің тағы да бір артықшылығы, принциптер мен ережелердің жиынтығын қолдануда кумулятивті эффектке жету болып табылады.

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб

Компанияның қалыпты  дамуында басқаруды тиімді ұйымдастыру  үшін иерархиялық принциптің маңыздылығына  күмән келтірмейді. Кез келген компания бірнеше иерархиялық сатыдан тұрады. Иерархиялық сатысының саны компанияны басқару ерешелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Акционерлік емес компанияларға қарағанда акционерлік компанияларда көп иерархиялы болып келеді. Акционерлік иерархияның жоғарғы сатысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Мұнда компания дамуының маңызды сұрақтары шешіледі. Акционерлік қоғамның өндірістік және коммерциялық қызметінің түрлілігіне байланысты үш-төрт иерархия сатысы болады. Иерархия сатысы арасындағы құқық пен міндеттерінің бөлінуі басқару сапасына және компанияның қалыпты дамуына әсер етеді. Жалпы корпоративтік принциптерді құруда иерархиялық принцип талаптарын анықтау керек.

Сыртқы ортамен  байланыстың мақсаттылық принцип  қатынасында корпоративтік менеджмент зерттеуінде түрлі көзкарас бар. Бір зерттеушілер мысалыға Дж.Робертс бұл принциптерді жеткізушілермен тұтұнушылармен және басқа іскер серіктермен өзара байланысында компания позициясының қатаң ұстануы деп түсінеді. Басқа да көзқарастар айтылуда. Мысалы, Т.Скарлет бұл принципті әлеуметтік экономикалық қоршаған ортаның өзгермелі шартына терең адаптацияның объективті қажеттілігі ретінде талқылайды. Тәжірибеде түрлі компаниялар аралық тәсілді қолданады олар сыртқы факторлардың осы немесе басқа қатынастарына қарағанда компанияның позициясы күшті кезінде контрагенттермен бәсекелестермен өзара байланыста өз шарттарын қосатын агресивті стратегияны қолданады. Егер сыртқы факторлардың кейбір қатынастарына байланысты компания позициясы әлсіз болғанда оңай икемделетін стратегияны қолданады. Яғни компанияның мүддесін белгілі бөліктерін көрсететін компрамисті шешім іздеу. Кезкелген жағдайдағы қатаң немесе жұмсақ әдістер қоршаған ортамен өзара байланысқанда компания өз мүдделерін табандалықпен қорғайды.

Жалпы корпоративтік  принциптерді қарастырғанда компания бөлімшелердің сонымен бірге түрлі сыртқы контрагенттермен өзара қатынасының арасындағы тиімді байланысты басқаратын ережелерді көрсету керек. Бұл ережелер жалпы басқару принциптерінен шығуы немесе осы принциптердің жеке аспектісін мазмұныда көрсетілуі керек.

Нарықтық экономикалық қызметтің ережелерімен жалпы корпоративтік  принциптерінің өзара байланысы  күрделі диалектикалық мінезді  алып жүреді. Нарықтық шаруашылықтың  негізінде, өндірістік экономикалық байланысты қалыптастыруда, бизнес сферасын таңдауда фундаменталды принцип жатыр. Бұл принципті абсолютті деңгейге шығаруға болмайды, өйткені мемлекеттік араласу немесе нарықтың белгілі бір секторының монополиялануына байланысты дын шектелуі мүмкін. Бірақтан да, таңдау еркінділігі түрлі тәуекелдермен байланысты.Егер компания ішіндегі жоғарғы сатылы менеджерлер жоспарлы және алдын ала көрудің жоғары деңгейіне қол жеткізе алатын болса, онда әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортамен байланыста, әрдәйім стихиялы және алдын ала анықсыздығы кездеседі. Осы жағдайда компания басшылары өндірістік және коммерциялық іскерліктің стратегиялық басқаруды құрғанда еркін кәсіпкерліктің диалектикалық қарама-қайшылығын есепке алып отыру керек.Бір жағынан компанияның қызметінің параметрлерін таңдауда нарықтық еркіндіктің өз-ара байланысын максималды қолдану керек. Басқа жағынан нарықтық шаруашылық дамуының стихиялық, алдын ала белгісіздік элементтерінің зиянын мүмкіндігінше минимумына дейін төмендету керек. Дәл осылай жалпы корпоративті принциптер мен басқа да нарықтық фундаменталдық принциптерді дайындауда және жүзеге асырудың арасындағы тікелей байланыс байқалады. Компанияның даму стратегиясын дайындауда қызметтің жеке түрлерінің және жалпы бизнестің ұтымды тәуекелділік деңгейін жақсылап есептеу өте маңызды.

Акционерлік қоғам. 4