Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі
Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.
Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өтен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда бәздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағыы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Негізгі қаржылық коэффициенттердің сипаттамасы мен оларды есептеудің әдістері
Экономикалық талдауда коэффициенттердің қолданылуы
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігін аналитикалық зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық песурстармен қамсызданғандығымен, оларды мақсатты жұмсау мен тиімді пайдаланумен, төлеуге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің, оның іскерлік потенциалын, меншік иелерінің серіктестер мен персоналдың экономикалық мүдделерін орындаудың кепілдемесін анықтайды.
Қаржылық талдаудың құралы - шаруашылық-қаржылық үрдістер, олардың нәтижелері мен қалыптастыру факторлары болып табылады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – қаржылық қызметтегі кемшіліктерді уақытында айқындау мен жою, және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің резервтерін айқындау.
Ақпаратты пайдалануға байланысты қаржылық талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Кәсіпорынның қаржылық- шаруашылық қызметін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер қолданалады, олар үрдістің сандық және сапалық, жалпы өзіндік, алғашқы және туынды, синтетикалық және қарапайым, абсолютті және қатысты бола алады.
Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері көп түрлі. Оларды экономико-қисындық, экономико-матеметикалық және эвристикалық деп бөлуге болады. Экономико-қисындық әдістерге келесілер жатады: салыстыру, баланстық әдіс және т.б.
Қаржылық таладаудың басты бір құралы қаржылық коэфициенттер болып табылады, олар бір абсолютті қаржылық көрсеткіштердің басқаларға қатынасын бейнелейді. Қаржылық коэфициенттер кәсіпорын көрсеткіштерін басқа кәсіпорындармен немесе саламен салыстыру үшін, өзгерістер динамикасы мен тенденцияларын айқындау, қаржылық жағдайдың түрлі жақтарының шектеулері мен критерийлерін анықтау үшін қолданылады.
Қаржылық коэфициентердің келесі топтары көбінесе маңызды деп саналады:
- ликвидтілік коэфициенттері;
- іскерлік белсенділік коэфициенттері;
- рентабелділік коэфициентері;
- капитал тұрақтылығы немесе құрылымы коэфициентері;
- нарықтық белсенділік коэфициентері.
- Ликвидтілік коэфициенттері кәсіпорынның есеп беру кезеңінде өзіндік қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Көбінесе маңыздылары- жалпы (ағымды) ликвидтілік коэфициенті, тез аралық ликвидтік коэфициенты, абсолютті ликвидтік коэфициенты, таза айналым капиталы.
Абсолютті ликвидтілік коэфициенты (Кал) көбінесе ликвидтердің қатынасымен анықталады- ақша- қаражаттары (АәҚ) мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың ( ҚҚС) қысқа мерзімді міндеттемелерге (ҚН) қатынасы, формаласы келесідей:
Кал= (АҚ + ҚҚС) / ҚМ
Тез аралық ликвидтілік коэфициенті көбінесе ликвидті және тез сатылатын активтердің қосындысының қатынасымен анықталады- дебиторлық қордың (ДҚ) қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы, формуласы:
Ктл= АҚ+ ҚҚС+ ДҚ/ҚМ
Ағымды ликвидтілік коэфициенті (Квғл) кәсіпорынның жиынтық айналым құралдарының, оған баяу жүзеге асырылытын активтер, тауарлы- материалдық запастар (ТМЗ) кіреді, қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен анықталады:
Кағл=АҚ+ҚҚС+ДҚ+ТМЗ/ҚМ
Таза (немесе жеке) айналым капиталы ( ТКа) кәсіпорынға болашақта өз қызметін ұлғайту үшін қаржылық ресурс ретінде қажет. Таза айналым капиталының жеткіліксіздігі, қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында жабудың (өтеудің) қабілетсіздігі үшін, кәсіпорынды банкротыққа алып келеді. Сонымен қатар осы қаражаттардың ұтымды деңгейден асып кетуі қаржылық қорлардың тиімсіз пайдаланылуын (АА), куәландырады. ТКа кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмашылығымен анықталады:
ТКа= АйнА- ҚМ
2. Іскерлік белсенділік коэфициентері немесе айналым коэфициентері кәсіпорынның өз қаржылық қорларын пайдаланудың тиімділік деңгейін сипаттайды. Қаражаттардың айналымдылығы құралдардың ақшалай түрде айналу жыдамдығын білдіреді, яғни кәсіпорынның төлеуге қабілеттілігін анықтайды. Негізгілері ретінде келесі айналым көрсеткіштері қолданылады.
Активтердің айналым коэффициенті (Какт.айн.) - өнімді сатудан тұскен табыс (тұсім)-тың баланс активінің жалпы нәтижесіне қатынасы - өндіріс пен айналымның толық циклі жылына неше рет өайталанатын, немесе әрбір салынған капитал бірлігі сатылған өнімнің қанша ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді.
Дебиторлық қарыз айналымының коэффициенті (Кдқ айн) жыл бойында дебиторлық қарыз неше рет ақшаға айналғанын көрсетеді және ол сатудан түскен табысты (түсімді) дебиторлық қарыздың орта жылдық құнына бөлгенге тең. Бұл коэффициент кредиторлық қарыз айналымның коэффициентімен салыстырылады (Ккқ айн), ол сатылған өнімнің өзіндік құнын кредиторлық қарыздың орта жылдық құнына бөлу жолымен анықталады. Осы екі көрсеткішті өзара салыстыру коммерциялық несиелеудің сыртқы шарттарын кәсіпорын өзі беретін несиелеу шарттарымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Тауарлы-материалдық запастар айналымның коэфициенті (Ктмз айн) кәсіпорынның өндірістік запастарын сату (өткізу) жылдамдығын көрсетеді және ол сатылған өнімнің өзіндік құнын өндірістік запастардың орта жылдық құнына бөлу жылымен анықталады.
Операциялық циклдің ұзақтығы (Цұ) өндіріс, сату мен өнімге ақы төлеу циклінің орташа ұзақтығын күнмен сипаттайды.
3. Рентабельдік коэффициенті кәсіпорынның пайдалылық нормасын көрсетеді. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.
Активтердің рентабельдік аоэффициенті (Ра) таза пайданы барлық активтердің ортажылдық құнына бөлу арқылы есептеледі (баланс активінің қорытындысы) және ол пайданың бір бірлігін алу үшін кәсіпорынға қанша капитал ақша бірлігін тарту қажеттілігін көрсетеді.
Жеке (өздік) капиталдың рентабельділік коэффициенті (Ржк) кәсіпорынның меншік иелерінің капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді және оны басқа қаржылық құралдарға салымдардан түсетін табыстылықпен салыстыруға мүмкіндік береді.
Өнімнің (сатудың немесе өткізудің) рентабельділік коэффициенті (Рө) таза пайданы сатылған өнімнің көлеміне бөлу арқылы анықталады және ол әрбір сатылған өнімнің пайданың қанша ақшалай бірлігін әкелетінін көрсетеді.
Рентабельділік
Ра = Рө x Как.айн
4. Тұрақтылық немесе капитал құрылымы коэффициенттері кәсіпорынның сыртқы займдардан қаржылық дербестігін сипаттайды, сонымен қатар негізгі қызметі қамсыздандыру мен құзақ мерзімді міндеттемелерді жабу үшін өз қаражаттарының қажетті сомада болуын сипаттайды. Бұл коэффициенттер акционерлер, кредиторлар мен инвесторлар мүдделерінің қорғаныс дәрежесін сипаттайды. Бұл коэффициенттер тобына келесілер жатады:
- Меншіктілік (автономиялық) коэффициенті (Кмен), ол барлық салынған капитал құрылымындағы жеке капиталдың үлесін көрсетеді және жеке капиталдың баланс пассивінің қорытындысына қатынасымен анықталады. Егер Кмен 0,5-тен кем болмаса, қаржылық жағдай тұрақты деп саналды.
- Заемдық (қарыз) капитал коэффициенті (Кзк), ол қаржыландыру көздеріндегі қарыз капиталының үлесін көрсетеді және меншіллік коэффициентіне кері шама болып табылады.
- Қаржылық тәуекелдік коэффиценті (Кқт), ол қарыз капиталын меншік капиталына бөлу жолымен анықталады және бір теңге салынған меншік қаражаттарына кәсіпорын қанша қарыз капиталын тартқанын көрсетеді. Берілген коэффициенттің мәніне нормативті шектеу – 1-ден көп емес.
5. Нарықтық
белсеңділік коэффициенттері кә
- Бір акцияға шаққандағы пайда (Па) таза пайдадан артықшылығы бар акциялар бойынша төленген дивидендтердің алып тастап, оны айналымдағы кәсіпорынның қарапайым акцияларының жалпы санына бөлу жолымен анықталады;
- Акцияның нарықтық бағасымен біп акцияға шаққагдағы пайданың ара қатысы, ол кәсіпорын пайдасының бір ақшалай бірлігі үшін акционерлер қанша ақша төлей алатынын көрсетеді.
- Бір акцияның баланстық құны (Ка), бір қарапайым акцияға сай келетін кәсіпорынның меншік активтерінің құнын сипаттайды және ол акционерлік капитал құнынан артықшылығы бар акциялардың құнын алып тастап, оны айналымдағы қарапайым акциялардың санына бөлу жолымен анықталады.
- Акцияның пайдалылығы (Па), ол акцияны иемденудің барлық мерзімі бойында алынған дивидендтерге акцияның сату бағасы мен сатып алу бағасының айырмасын қосып, акцияны сатып алу бағасына бөлу жолымен келесі формуламен анықталады:
Пак = (Д + (Бсат. – Бс.ал.)) / Б с.ал.
- Төленетін дивидендтердің үлесі, ол бір акцияға шаққандағы дивидендті бір акцияға шаққандағы таза пайдаға бөлгенге тең, оның нормативті мәні бірден аспауы қажет.
Алашақ және берешек қарыздарды талдау
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдеп дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады
Мұнда:
Кд/з- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д3 - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы
мен көлемін бағалау ушін пайдаланылып,
кәсіпорын берген коммерциялық несиенің
үлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Егер коэффициент шоттарды төлеуге
қарай қүрылған сатудан түскен табыс
(ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі
- несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі
-несиеге берудің көлемінің
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен анықталады:
Мұнда: Дд/3 - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі - оң, ал артуы - теріс бағаланады.
Кредиторлық борыштын айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:
Мұнда: Kк/з - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
К3 - кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы.
Кредиторлық борыштың айналымдылық
коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффи-циенті сияқты коммерциялық несиенщ
артқанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық
борыш коэффициенті кәсіпорын берген
коммерциялық несиенің артқанын немесе
төмендегенін көрсетсе, ал керісінше
кредиторлық борыштың аиналымдылық
коэффициенті кәсіпорынға берілген
аиқындайды Кредиторлық борыш
Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:
Капиталдың тиімді пайдалануын талдау
Талдау жүргізушісінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болып табылады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса манызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қарастырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэфициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалыкты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын каншалыкты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс=Мк / Ак
Мұндағы: Ктс- тәуелсіздік коэффициенті;
Мк- меншікті капитал;
Ак- авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындыктардың азаятындығьш көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай кұрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан
АҚШ және Еуропа елдерінде
тәуелсіздік коэффициентінің
Жабдықтаушылар мен сатып
алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндеттемелер қатаң сақталатын
және фирманың атағына үлкен мән
берілген нарықтық экономикасы дамыған
елдерде тәуелсіздік
Ақша қаражаттардың қалдықтарының қозғалысын талдау
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорының қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырганын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
Мұнда:
КдС - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;
ДС° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСС - ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойыңша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 "Есептесу шотындағы барлық" шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілігі өздершің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:
Мұнда:
Ди - және Ки - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.
11. Істегі
капиталдың айналымдылығы алымы
Мұнда: Фк - істегі капитал.
Бұл коэффициенттің мағынасын
талдағанда өндірістік қызметке тікелей
қатысатын капиталдың айналымдылығының
баяулағанын немесе жылдамдағанын
көруге болады. Өзінің дамуына салған
инвестицияны қоспағанда, активтердің
жалпы айналымдылық көрсеткішімен
салыстырғанда бұл
12. Перманенттік
капиталдың айналым
Пер/к - перманентгік капитал капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндетте-мелерінің әсерін еске алу керек.
13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталдын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:
До/S
Дн
Мұнда: —— - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Фк
До/S - негізгі қызметінің табыстылығы
До - негізгі қызметтен түскен табыс;
Дн - өнімді сатудан түскен табыс.
Пайданың құрамын және серпінің талдау
Табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштеріне нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет
жасау, қаржыландыру көздерін ынталаңдыру
және оларды тиімді пайдалану сияқты
мүмкіндіктерін анықтайтын, осы
кәсіпорын қызметінің тиімділігін
сипаттайтын көрсеткіштері
жатады. Олар кәсіпорын
қызметін түрлі бағытта белгілейді
және олар экономикалық процеске қатысушылардың
мүдделеріне сай
Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
- жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
- өнімдер;
- ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылык коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілерлер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
- кәсіпорынның инвестициялау мақ
сатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсет етін өлшеуіш; - табысты болжау әдісі;
- шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауга қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі,
кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер
қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен
оның нәтижесін бақылау мен

- қаржылық тәуекел
- Қаржы менеджменті
- Қаржы менеджментінің анықтамасы
- Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар
- Қаржы механизмі
- Қаржы нарыгы және делдалдары
- Қаржы нарығы
- Қаржылық менеджмент
- Қаржылық менеджмент тәуекелінің түрлері және оларды басқару
- Қаржылық менеджменттің арнайы бөлімдері
- қаржылық салымдардың аудиті
- Қаржылық салымдар есебі
- Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
- Қаржылық саясат