Қазақстан өнеркәсібінің дамуын қайта құру қажеттігі
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе- оқу үрдісінің құрамдас бөлігі,
онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін
мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы
бойынша қажетті білім, білік, дағдыға
үйренеді.
Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек
маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде
артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге
ие болуға мүмкіндік береді.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесін
ұйымдастыру және өткізу «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасының еңбек туралы», «Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік серіктестік
туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының кәсіптік бастауыш
және орта білім берудің мемлекеттік жалпы
міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі.
Тәжірибелік оқыту 2004 жылғы 5 сәуірдегі ҚР БжҒМ № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне бағынып, тәжірибе бағдарламасында қарастырылған бағдарламаларды толық орындауға бар күш салынды.
Тәжірибе есебін жазудағы мақсат -
- облысымыздағы өнеркәсіптің денгейіне сараптама жасау;
- басқарманың атқарған қызыметтерін талдау;
- басқарма қызметіне қатысты заңдарға, ережелерге талдау жасау;
- кәсіпкерлікке және өнеркәсіпке қатысты қабылданған бағдарламалардың орындалу жағдайын қарастыру;
Тәжірибелік есеп үш негізгі бөлімнен тұрады және әр бөлім бірнеше бөлімшелерден құралған.
Бірінші бөлімде өнеркәсіптің
және кәіпкерліктің жалпы
Екінші бөлімде Басқарманың жалпы ережесі және міндеттері мен қызметтері, басқарманың құрылымы, жауапкершілігі және басқарма қызметі қарастырылады.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы өнеркәсіптің даму перспективалары
қарастырылған.
Тәжірибелік есепті жазу барысында 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы, Ақтөбе облысы әкімінің есебі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп туралы заңдар мен басқарма қызметіне қатысты заңдар, сайттардан ақпараттар алынды.
1 ӨНЕРКӘСІПТІҢ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІ ОРНАЛАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсақ-, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс.
Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми – техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.
Қоғамдық пайдалы еңбекке
қабілетті тұрғын халық еңбек
ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың
ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді
әрі жасампаз негізі болып отыр.
Еңбекке қабілетті тұрғын халық
нақты әлеуметтік – эконмикалық,
мәдени, саяси және басқада қоғамдық
жағдайлардың ықпалымен екі топқа
бөлінеді: «Экономикалық белсенді»
және «экономикалық сылбыр»
Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.
Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: «кіретін» және «шығатын» белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс.
Өнеркәсіп– Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Оның дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету саласының даму деңгейіне де үлкен әсер етеді. Сонымен бірге оның қоршаған ортаға да әсері зор.
Өнеркәсіптің құрылымы: Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.
Қазақстан Республикасының
өнеркәсібінде келесідей
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге
де минералдық өнімдер
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
● Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау.
Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторлары: Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады: Кәсіпорындардың орналасуы:
1) аймақтың және бүкіл
елдің мүддесіне мүддесіне сай
пайдаланылатын ресурсы бар,
2) шикізат көзіне, отынға,
энергияға, ғылыми
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4) еңбек өнімділігін көтеретін
өндірісті шоғырландырудың,
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім
шығаруға тез әрі икемді түрде
қайта құрыла алады. Бірақ көптеген
салалар бойынша ірі зауыттар
мен фабрикалардың
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар: 1) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, немесе 2) оларды бірігіп өңдеуді, немесе 3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.
Бейнелеп айтқанда,
«қандай себептерге байланысты зауыт
нақ осы жерде салынған?»
Фактордардың саны көп емес, олар – шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды. Бірақ әрбір тұрақты жағдайдың шешуші және қосалқы факторлары бар (15-кестеге қараңыз)
Бұл кестенің мәліметтері
Қазақстан өнеркәсібінің
Сонымен, Қазақстанның экономикасында өнеркәсіп шешуші рөл атқарады. Оған тиімсіз салалық құрылым мен өндірістің елдің батысына қарай ығысуы тән болып келеді. Қалыптасқан қолайсыз қатынасты жеңудің бір жолы – инновациялық даму, өнеркәсіпті орналастырудағы принциптер мен факторларды толық есепке алу болып табылады.
1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ
Кәсіпкерлік- бұл нарықтық экономикада адамдардаң меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалыұ, шағармашылық және басұа да қыметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз ұызметінің нәтижесіне толықтай жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Экономикалық белсенділік
– бұл барлық энергетикалық процесс
тауар өндірісімен айырбас
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынталылық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Кәсіпкерлік қызмет- бұл тұтынушының ұажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.
Кәсіпкерлік субъектісі:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса).
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттігі шектеулі тұлғалар.
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- кеңестер беру болып бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік- ол кәсіпкерлік өызметтің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар- ақша қатынастары мен сауда- айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді өайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы- мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамассыз ету қажет болмайды.
Мұндағы басты мәселелер:
- «нені сатып алу керек»;
- «нені сату керек»;
- «қайда сату керек» деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға ұатысушылар:
- Коммерциялық банктер;
- Қор биржалары;
- Кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- Кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
1-сурет. Кәсіпкерліктің түрлері
Кеңес беру
Өндірістік
Коммерциялық
Қаржылық
Кәсіпкерлік түрлері
Жалпы басқару
Жаңартушалақ
Саудалық
Банктік
Әкімшілік жолмен басқару
Ғылыми-техникалық
Сауда-көтерме сатып алу
Сақтандыру
Қаржылық басқару
Тауар өндіру
Сауда делдалдық
Кадрларды басқару
Қызмет көрсету
Аудиторлық
Маркетинг
Тауар биржалары
Лизингілік
Өндірістік тауарды тұтыну
Өндіріс
Биржа қорлары
Ақпараттық технология
Өндірістік қызметті тұтыну
Арнайы қызметтер
Ақпараттық
Кеңес беру кәсіпкерлік қызметі- бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар атұарылады: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер.
Кеңес беру қызметіне:
- жалпы басқару;
- әкімшіліктік басқару;
- қаржылық қолдау;
- маркетинг;
- ақпаратты технология;
- арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетеді.
2 ӨНЕРКӘСӘПТІ
ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ
2.1 «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ» ММ
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ
Сыртқы экономкалық
Бөлім өз қызметінде Қазақстан
Республикасы Конституциясын, ҚР «Мемлекеттік
қызмет туралы» , «Жемқорлықпен күрес
туралы», «Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» Заңдарын, Қазақстанның
2030 жылға арналған даму стратегиясын,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің ар-намыс
Бөлімнің, оның құрамына кіретін өзге құрылымдық бөлімшелері жоқ.
Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары .
Бөлімнің міндеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының Жалыпұлттық жоспарының тармақтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Стратегиялық жоспарды, облыс аумағын дамыту Бағдарламасы жүзеге асыру болып табылады.
Аталған міндеттерді
орындау үшін Бөлім өз
1) мемлекет басшысының
Жарлықтарын, тапсырмаларын,
2) облыс дамуының Стратегиялық жоспарын, Ақтөбе облысының аумақты дамыту Бағдарламасын, 2010-2014 жылдарға арналған қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
3) белгіленген уақытта
ақпаратты ұсыну және
Бөлім міндеті аймақтың
Кедендік одақ, ТМД елдерімен
және қиыр шетелдерімен
Аталған міндеттерді орындау үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей функцияларды атқарады:
- 2009-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасымен Беларусь Республикасының экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша білескен іс-шаралар Жоспарын (екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту Жол картасы) және ҚР Үкіметімен РФ Үкіметінің арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасын (2020 жылға дейін) орындауды қамтамасыз ету;
- сыртқыэкономикалық қызмет сұрақтары бойынша жиналыстар, «дөңгелек үстелдер», көрмелер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру, қатысу және өткізу;
3) қолданыстағы келісімдер
мен меморандумдардың
Бөлім міндеті әлемдік экономикаға интеграциялау бойынша саясатты жүзеге асыру және БСҰ жағдайында шикізат емес экспортты жылжыту болып табылады.
Аталған міндеттерді орындау үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей функцияларды атқарады:
- «KAZNEX INVEST» экспорт пен инвестиция бойынша ұлттық агенттік» АҚ және қазақстандық экспортты дамыту бойынша Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі өзара әрекеттесу;
2) Облыстың экспорт-импортты әлеуетін тиімді қолдануға үлес қосу, аймақтың тауар өндірушілері өнімдерінің экспорты және өткізу нарығын кеңейту;
3) Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының Интернет-қоры
Бөлім міндеті қазақстандық
мазмұнның тауарлар, жұмыстарды сатып
алуда үлесін көтеру мемлекеттік
саясаты бойынша шараларды
Аталған міндеттерді орындау үшін Бөлім өз құзіретінде келесідей функцияларды атқарады:
1) қазақстандық мазмұнды
дамыту сұрақтары бойынша «
2) ҚР 2011 жылғы 1 шілдедегі
№745 қаулысына сәйкес
3) кәсіпорындармен тауарлар,
жұмыстар және көрсетілген
4) қазақстандық мазмұн
үлесін арттыру бойынша
5) қажет болған жағдайда
қазақстандық мазмұнды
6) ақпаратты-түсіндірме
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) бөлім құзіретіне кіретін
сұрақтар бойынша облыстық
2) бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша шаруашылық субъектілерінен, облыстық басқарма және атқарушы билік комитетінің бөлімдерінен өзге мәселелер шешімдері бойынша ақпаратты сұрату және алу;
3) Басқарма басшылығын
жедел шаралар қолдану
4) осы лауазымдық ережемен
көрсетілген, заңды күші бар
еңбек заңнамасының және Қазақстан
Республикасы «Мемлекеттік
5) Қазақстан Республикасының
еңбек, азамат заңнамасымен
7) менеджемент жүйесі
шегінде келіспеушілікті
Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Бөлім, оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажет заңды актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құзіретке ие.
- Бөлімді, Қазақстан Республикасының заңды күші бар заңнамасына сәйкес, басқарма бастығы тағайындаған бөлім бастығы басқарады.
Бөлім бастығы:
- бөлім қызметіне жалпы басшылық жасап, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға жауапкершілік етеді;
- бөлімнің мақсаттары, міндеттері және бағыттарын айқындап, бөлім қызметкерлерінің біліктілік әлеуеттеріне және кәсіби сапасына қарай міндеттерді бөледі;
- бөлімдегі атқарушылық тәртіпті, іс жүргізудің ережелерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді;
Құрылымдық бөлімшенің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Бөлім арқылы жіберілетін құжаттарға Бөлім бастығы қол қояды, жоқ болған жағдайда—оның орнын басқан тұлға қол қояды.
2.2 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІ

- Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау
- Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы
- Қазақстан Республикалық бюджетіндегі салықтың кірістері,олардың құрамы.серпіні мен құрылымы
- Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)
- Қазақстан Республикасның ұлттық қоры
- Қазақстан Республикасы акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары
- Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
- Қазақстанның сыртқы экономикасы
- Қазақстанның табиғат ресурстары
- Қазақстанның табиғаты
- Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)
- Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі
- Қазақстанның экологиялық мәселелері
- Қазақстан өнеркәсібіндегі негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары