Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі



МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері..........................................................4

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы.................................................9

 

2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау........................................18

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама.....................22

 

3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары.........................27

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру............29

 

Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Инвестициялық портфель ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Осыған байланысты экономикаға шетел инвестициялары пайда әкелуде ме, қандай қиындықтар мен келіспеушіліктер туындауда, әлде зияны тиюде ме, тиімсіз жақтарын қалай пайдалы етуге болады деген сұрақтарды қарастырдым.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның шетел инвестициясын тартудағы мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды:

-         Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициясының мәнін анықтау;

-         Шетел капиталының ел экономикасында қызмет ету механизмін ашып көрсету;

-         Қазақстанда шетел инвестициясын тартуда кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.

Курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпқа сәйкес инвестицияға экономикалық тұрғыдан анықтама беріліп, Қазақстандағы инвестициялық құрылым, Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденцияларына түсінік берілді.

 

Екінші бөлімде, сонымен қатар ТШО БК-ның  инвестиция  құрылымын   талдау, ҚР ұлттық капиталының шетел капиталдарымен байланысы және оның бәсекеге қабілеті себептері мен салдары қаралды.

Жұмыстың үшінші бөлімі Қазақстан Республикасындағы қызмет ету механизмін басқару мен бақылауды жетілдіру, инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі: мәні әрі бағалау концепциясы, инвестициялық қызметінің даму жолдары және шетел инвестицияларын құқықтық қорғау.

Қазақстан инвестициясының мемлекеттік реттеу әр түрлі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист - ғалымдардың инвестицияға байланысты жазған еңбектері пайдаланылды. Сандық берілгендер ҚР заңды және нормативтік актілері, ҚР статистика Агенттігінің статистикалық материалдарынан алынды. Сонымен қатар, «Егеменді Қазақстан», «Ақиқат», «Аль-Пари» атты мерзімді басылымдар курстық жұмыстың  негізгі  көздері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері

 

       Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

       Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.

       Шетелдердегі әртүрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды.” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.

       Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту, процент ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.

       Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің “Рыноктан микроэкономикалық үлгі кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық” яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.

       Варсей И. және Цовентлу Д. “Инвестиция” термині өте кең тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.

       В.В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.

      Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.

      Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырған. Бұлайша қарастырудың себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс- монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең.

     «Инвестиция» немістің  ‘‘invesiton‘‘сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма)

пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.

Осы тұрғыда ‘‘инвестициялау‘‘ күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді1.

Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғындарын жабдықтауға сондай- ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу- ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.

      Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы » (1936ж) еңбегінде қарастырған, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

      Инвестицияның күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық пайдалану емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен [i]табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциалық және басқа да банктердің саудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

      Инвестициалар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеументтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

      Қаржы  инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

      Нақты инвестициялар нысанында , инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Ал қаржы инвестицияларында, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар , инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуекелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

     Жанама (портфельдік) инвестициялар- қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

     Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициалық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асыраудағы жіберілген ақша қаражаттарына байланысты мұндай инвестициялардың түрлері мынадай:

-         табиғи активтерге инвестициялар;

-         ақша активтеріне инвестициялар;

-         материалдық емес активтерге инвестициялар.

     Табиғи активтерге- өндірістік ғимараттар мен құрылымдар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

     Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, т.б.

     Материалдық емес активтерге- фирмалардың жұмысшыларының  қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлінін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу  арқылы алынған құндылықтар жатады.

     Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.

      Олардың  негізгі мақсаттары – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

-         өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.

Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

-         жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар .Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

-         Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар.

Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мем лекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Жоғарыда аталған инвестициялардың бұл топтары тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестицияның түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген :

      Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік – экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс- әрекеті инвестициалық іс- әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»  заңы бойынша инвестициялық іс- әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс- әрекет жатады.

Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” жұмысының авторлары инвестицияны әртүрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге бухгалтерлік болаттың сол жағына қарсы ресурстарын салу ретінде қарайды. “Инвестицияның -қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.

    Дүние-жүзінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде материалдық инвестиция және басқа да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда кәсіпкерлік және басқа да құралдармен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша инвестицияны анықтауды оның мәнінің сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оның бағытының мақсатында қарастыру керек.

       Сонымен инвестицияға мыналар жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты банктар салымдар, пайлар, акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, технологиялар, машиналық тауар белгілері, пайдалануға, табиғат байлықтарына, бағалы ой еңбегіне, авторлық құқыққа т.б.

    Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деге шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

    Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді:

    Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып - кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады.

    Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары - тұру үшін алынған үйге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.

    Сақтық қор инвестициясы - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімді қамтиды.

    Сондай-ақ практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:

    Нақтылы инвестиция - материалдық активтерге қаржы жұмсау;

    Қаржылық инвестиция - құнды қағаздарға қаржы жұмсау.

    Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, ода Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы

Ешқандайда  компанияның  ақша ағымдары  нарықта тауарларының  барлық  коммерциялық  қасиеттері  мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен  асып  түсе  алмайды.  Олардың ішінен  артықшылық  беретіндерін  талдау  және  нарық жағжайының  даму  тенденциясына көбірек сәйкес  келетін  және  кәсіпорын  қызметінің  күшті  жақтарын  ең  жақсы  жолмен  қолдана  алатын  стратегияны  жасау  қажет.  Казіргі  күні  экономикалық  ғылымда  қойылған  мақсаттарға  сәйкес  стратегиялардың   екі  түрін:  портфельдік  және  бәсекелестік  деп бөледі.

      Портфельді  стратегия компанияның жалпы іс - әрекетін  және   жекелеген қызмет  аумақтарындағы  бәсекелестік  артықшылықтарын анықтап,  және  сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар  шегінде кешенді қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Компания  шетелдік  өндірушілердің  болат  құю  қондырғыларын  техникалық  жетілдірулеріне  және  қысқа  мерзімді  шетелдік  бәсекелестердің  жаңа  технологиялар  күшімен  төмен  баға  орнатуына  мән  бермеуінің  нәтижесінде  банкроттыққа  ұшырады [13.].

        компания  қызметінің  түрлі  аумақтарының  арасында  туындайтын  синергизм;

        әрекет  түрлерінің  стратегиялық  икемділігі.

       Жалпы  алғанда портфельдік  стратегияларының  негізгі  мақсаттары  инвестиция  салуды  қажет  ететін  бөлімшелерді  таңдау.

     Компанияның  ақша  ағымын  алатын  болсақ  тауар  портфеліндегі  тауарлардың  қайсысына  қаржы  керек  немесе  инвестициялауды  тоқтату  керектігін  және  компанияның  жалпы  стратегиялық  бағытын  анықтау.

      Портфельдік стратегияларға  қосымша  бәсекелік  стратегиялар  компанияның  әр  қызмет  бөліміне  не  істеу  қажет  екенін  анықтайды.  Бәсекелік  стратигияны  ауық – ауык  стратегиялық  шешімдермен  қаптап  отыру  қажет  стержень  ретінде  қарастыруға  болады.  Мұндай  шешімдерге:

        саладағы  бәсекелестікті  таңдау;

        мақсаттарды  анықтау;

        бәсекелестік  стратегияларды  жасау  және  іске  асыру;

        бәсекелестік  артықшылықты  ұстап  тұруды  жатқызуға  болады.

     Жоғарыда  аталған  компанияның  әрекеттері  өзара  байланысты  және  бір – бірін  толықтырады.  Мысалы  әр  бір  стратегиялық  шешім  сала  туралы  ақпаратты  қажет  етеді.  Бәсекелестік  стратегияны  жасау  және  іске  асыру  компанияның  ақша ағымдарының нақты алға  қойған  мақсатынсыз жүзеге  асыру қиын.  Нарықтағы жайғасымды  ұстап тұру  сол стратегияларының  дер кезінде дұрыс іске  асыруына  байланысты.  Бәсекелестіктің сипаты  мен деңгейін  анықтау үшін  автор компанияның бәсекелестіктік  стратегияларын  жоспарлауға  қатысты  бәсекелестіктің  бес  күші  моделін  май  өнімдерін  өндіру  саласында  қарастырады. 

Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша слады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, эканомика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшүдің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

    Инвесторлар стартегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз плюс бір акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет де оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттерге стратегиялық инвесторда болады. Порфельдік инвестор үшін акция - пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стартегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атына өз акция пакетін бере алады.

    Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорларға - 51 пайыз жұмыскерлерге он пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға. Портфельдік инвестицияны дамыту үшін жарнамалық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға: банктерге, заңдарға деген сенім қажет, сондай-ақ ашықтық - ақпараттар инвесторларға дер кезінде жетіп отырылулары тиіс. Нарықтық ақпарат және компаниялардағя кәсіпорындардың есеп берушлуктері өте сенімді болуы тиіс.

     Инвестициялық қызметте маңызды орынды инвестор алады. Инвестор бұл өзінің ақша қаржысын, мүліқтің және ой еңбегіндегі құндылықтарды инвестициялық жобаға және оны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлға 

       Инвестор болып:

      мемлекеттік және белгілі аумақтың мүліктерге немесе мүліктің құқыққа ие мекемелер;

      азаматтар, соның ішінде шетелдік тұлғалар;

      кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар;

    Инвестициялық процестің екінші қатысушысы болып тапсырыс беруші есептеледі. Тапсырыс беруші инвесторлар және инвестициялық жобаны үш есе асыруға инвесторлармен куәландырылған рұқсат берген кез келген заңды және қабілетті тұлға бола алады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші егер басқадай мәселелер олар - арасында шартты қаралмаса инвестициялық жобаның басқа кәсіпкерлік және басқа қатысушылар ісіне араласуына болмайды.

       Егер тапсырыс беруші инвестор болмаса инвестиция мен мүліктерді иемдену, пайдалану, басқару үлесі құқығын шартты көрсетілген кезең күші бар заң көлемінде бөлісіп қолданады.

       Инвестициялық процеске үшінші қатысушылар - бұлар инвестициялық қызметтің обьектілерін пайдаланушылар. Олар инвестиция қызмет обьектерін пайдаланушы инвестролармен қатар басқа жеке заңды тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті мекемелер, шетелдік мемлекет, халықаралық ұйымлар болады.

       Инвестициялық қызметтің субьектілері (адамдар және әлеуметтік топ) инвестициялық қызметке қатысушылардың екі немесе одан да көп қызметтерін үйлестіріп атқаруға құқы бар.

       Инвестициялық қызметтің обьектілері: барлық салалар мен халық шаруашылығы көлеміндегі жаңадан және жетілдірілген негізгі қорлар мен айналмалы қаржылар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, меншікті басқа обьектілері, сонымен қатар мүліктің құқық пен интеллектуалды меншік құқығы, яғни заңмен тиым салынбаған қызметтің барлық түрі есептеледі.

       Нақтылап қарағанды экологиялық санитарлы және де басқа заңмен бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін обьектілерді инвестициялауға тиым салынады. Басқаша айтқанда азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекетке зиян келтіруге тиым салынады.

       Біздің ойымызша инвестициялық қызмет мынадай негізгі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

    өмірде қолданылып жатқан заңға қайша келмейтін инвестициялық қызметке заңды тұлғалар мен азаматтар, қоғамдық ұйымдардың басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі жасап араласпауы керек;

      инвестициялаудың өз еркімен болуы;

      меншік және қызмет түрлеріне қарамастан;

      инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;

      инвестициялық қорғалуы;

      инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін заңдауға;

      инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы азаматтар мүддесі мен құқығын бұзбай сақтау.

       Инвестициялық қызмет инвестор арқылы жүзеге асырылады. Инвестор обьектерін, бағыттарын, инвестициялық көлемі мен тиімділігін өз еркімен алынады. Сонымен қатар инвестицияны жүзеге асыруда өзіне қажетті, қабілетті, заңды тұлғаларды шартты немесе көбіне конкурсты әдіспен қызметке алуға құқығы бар. Инвестордың инвестицияға өкілдігі мен тың нәтижесін шарт арқылы жеке заңды тұлғаға және де мемлекеттік және жергілікті мекемелерге заңды белгіленген тәртіп бойынша бере алады.

       Инвестор инвестиция обьектерін және нәтижесін иемденуге, пайдалануға және басқаруға құқығы бар. Сонымен қатар сауда қызметтерін жүргізуге әртүрлі  кәсіпорындарға қайта және қосымша капитал салуға, бағалы қағаздар және капитал қосудың басқа түрлеріне яғни Қазақстан Республикасы территориясында алынған табысқа құқығы бар.

       Инвестициялық қызметтер субьектілері арасындағы қатынас олардың өздері арасындағы жасалған шарт бойынша анықталады. Шарт инвестициялық қызметтегі субьектілер арасындағы өндірістік-шаруашылық және басқа қызметтерді реттейтін ең басты құжат болып саналады. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің араласуына жол бермейді. Шарт өз қызметін инвестициялық қызметтің бүкіл мерзімінде күшін жоймайды. Егер шартты жасасып болғаннан кейін серіктестер жағдайын нашарлататын заң тәртібінде өзгерістер пайда болған жағдайда шартты өзгертуге болады.

      Жоғары да айтылғандай инвестицияны Қазақстан экономикасына пайдалану обьективті өте қажет процесс. Бұл процесті мемлекеттік реттеу - субьектілерді ынталандыруды көздейді.                                                      

    Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.

    Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды сипаттайды.

    Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады.   

Инвестициялаудың соңғы мақсаты болып материалдың байлықты құру және ұлғайту, сонымен қатap қоғамдық құндылықтарды максималдау, инвестициялау процесi қазiргi экономикалық әдбиеттердегi инвестициялау терминi сияқты классикалық анықтамасы әр турлi пайымдалады.

    Тiкелей және портфельдiк инвестицияларды бөлiп қарастырудың тәжiрибелi бiр себебi, сәйкес салықтық тұжырымдаудың және инвестицияның нақты мүдделерiн анықтаудың тәжiрибелi мәнi болуда.

1.      Кедей инвестициялардың экономикаға капитал салудың тiкелей және ұзақ мерзiмдi әсерін тигiзедi. Ол портфельдi инвестициялар уақытша және спекулятивтi сипатта болады.

2.      Тiкелей инвестициялар өзiнiң мақсаты ретiнде тек капиталға табыс қaнa емес, сонымен қaтap толық кәсiпкерлiк пайдаға немесе оның негiзгi бөлiгiне және де құрамына өндiрiстiк, сату-өткiзушi, инвестициялық, ғылыми техникалық және қаржылық саясатты кiргiзетiн фирманың тiкелей немесе жанама пайданың бақылауында жүреді.

3.      Тiкелей инвестициялар портфельдiкке қарағанда едәуір жоғары рентабельдiктi ұсынaды, уақыт өткен соң «Аналық» компанияның табыстың бөлгiлi бөлiгiнiң шетке кeтyiнe әкеледi немесе табысты қайта инвестициялау есебiне жаңа капитал салымдарын туғызады.

4.      Тiкелей инвестицилар портфельдiкке қарағанда жұмыс бастылыққа iшкi нарықтық жұмысшылық жағдайына көп әcep етедi.

5.      Тiкелей инвестициялар портфельдiктен гөрi елдегi ұлттық меншiктiң қатынастардың өзгеруiне әcep етедi. Оның шетелдiктерге кeтyiн туғызады.

6.      Тiкелей инвестициялар елдегi бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң жағдайына сезiмдiрек әcep етедi, оны еселей түсiп немесе iшкi нарықта шетел фирмаларының орынын нақтылай түседi.

7.      Инвестицияны мақсаттық бағытталуы мен айналыс ортасына байланысты 3 түрге бөлуге болады.

    Инвестицияның барлық типтерi өздерiнiң қызметтерiнiң әртүрлiгiне қарамай елдің шаруашылығының дамуына үлкен әcep етеді.

    Негiзгi капиталды қайта өндiру жағдайына байланысты инвестициялар келесiдей болып бөлiнедi:

    l)Жалпы және жиынтык, инвестициялар.

2)Таза инвестициялар, яғни негiзгi капиталды ұлғайтуға бағытталған. 3)шығуды толтыруға инвестициялар.

    Жалпы инвестициялар - белгiленген кезеңдерде инвестициялардың инвестицияланған құралдардың жалпы көлемiн көрсетедi.

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі