Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

 Кіріспе 

   Бүгінгі таңда, егемен Қазақстан нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан банктік, бюджеттік және салықтық қызметкерге баса назар аударылып, осы қызмет аяларына сай тиісті заңдар шығару және оларды тиімділігін арттыру шаралары көзделеніп отыр.

 Мемлекетті  салық салу аясындағы қызметі  салық жүйесін әлсін-әлсін реформалауға байланысты және фисқалдық саясатты жүргізу құралы ретінде алдыңғы  әрі басымды қатарға көтерілуде. Мемлекеттік қызметтің бір түрлі  болып табылатын салықтық қызметтің  өзекті бағдары салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу екені қабылданып жатқан салық заңдары айғақтайды. Осы салық заңдарының дәстүрлі қалыптасқан ұтымды көрінісі салық міндеттемелерін мұқият айқындау болып саналады.

   Еліміздің нарықтық экономикасының жеке меншікке негізделеніп қалыптасуында орай, салықтық заңдарды, салықтық қызметтің басты бағыт –мақсаттары мен әдістерін жете білу және осы аядағы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау тәсілдерін меңгеру иелері – салық төлеушілерге тиімді әр пайдалы болып табылады.

   Мемлекеттің салықтық қызметтінің  елеулі мәселелерінің бірі мемлекеттік  кірістерді қалыптастыратын түсім  көздері – салықтардың экономикалық және саяси тұрғыдан негізделеніп, шешілгені баршаға мәлім. Дегенмен, осы салық сау аясындағы мемлекеттік басқаруды заман және нарықтық экономика талаптарына сай жетілдіріп – дамыту, арнайы салық органдарының қызметтерін тиісті деңгейге көтеру, сондай-ақ салық жүйесінің ойдағыдай және ұтымды қызмет атқаруын құқықтық жағынан қамтамасыз ету механизмін құру әрқашадан күн тәртібінде өткір тұратын мәселелер ретінде туындап отырады.

 Шағын және орта бизнес нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның  нақ өзі болып табылады. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік  ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта топты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндеттеріне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамдардың өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. 

 Негізінен әкімшілік - әміршілдік жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесі үшін қызмет етеді. Ол халықты үкімет алдында тұқыртып ұстаұдың құралына айналды. Ал нарық қатынастарды дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың  үлесі 90 %   шамасын құрайды.

 Мемлекеттің өсіп дамуы және экономикасының қажетті  деңгейінде болуының материалдық базасы, мемлекеттік қаржыларды қалыптастыратын  негізгі қайнар көздерге салықтар мен  басқа да міндетті төлемдер жатады. Сонымен қатар, салық экономика  аясынын реттеудің таптырмас құралы және мемлекетті мызғымас атрибуты болып саналады.

 Дипломдық жұмыстың объектісі - «Нил»ЖШС-гі табылады.

 Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Нил» ЖШС-не салынатын  салықтың  ерекшеліктерін қарастырып, жетілдіру жолдарын айқындау.

 Бұл дипломдық жұмыста негізінен үш тарау қарастырылған:

  • бірінші тараушада салық жүйесіндегі салық түрлері мен оның салыну тәртібі  және шағын бизнес субъектілеріне салық салу мәселелері ғалымдар мен  тәжірибешілер еңбектеріндегі ой-пікірлеріне назар аударылды;
  • екінші тараушада «Нил» ЖШС-нің ұйымдық-экономикалық  сипаттамасы және қаржы жұмысын ұйымдастыруы көрсетілген;
  • үшінші тараушада «Нил» ЖШС-нің  салық салу тәртібі және оларды  жетілдіру жолдары толық баяндалды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы

 1.1 Қазақстан Республикасының салық  жүйесінің ұғымы мен       экономикалық мәні

     Қазақстан   Республикасы өз алдына  егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын,  экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптен өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары  қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүзіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзімдің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

    Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының  негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

   Салық жүйесі мемлекетпен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салықты қатысты әктілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды. Салықтар нарықтық экономиканы реттеудің тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналасуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады.

   Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

   Мемлекеттің салық  қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  1. мемлекеттің салық жүйесінің қалыптастыру;
  2. салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  3. арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  4. салық заның ұйымдастыру  және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

     Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасу үшін; біршама қиындықтарды бастан кеше отырып, көптеген өзгерәстер мен толықтырулар жасалынып, кәзіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

     Қазақстан   Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

    Бірінші кезең.  1991жылғы 9 шілдедегі каз КСР Президентінің «КазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен КазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік  және 27 ждергілік салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

    Екінші кезең. Қазақстан   Республикасының Үкіметі 1995 жылдың  басында  салық реформасының  ұзақ мерзімді тұжырымдамасынын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық зеңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру  көзделген еді.  Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы  жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалы, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішіндегі бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

       Үшінші  кезең.  2001 жылы 12 мауысымда Қазақстан   Республикасының  жаңа  Салық  кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қантарынан бастап колданысқа  енгізілді. [1]

       Салық кодексі  салықты және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу  тәртібі жөніндегі билік қатынастарынын,  сондай-ақ мемлекетпен салық төлеуші  арасындағы  салық міндеттерін  орындауға  байланысты қатынастарды реттейді.

       Салық   салу механизмі-  кез-келген экономикалық жүйенің  күрделі бөлігі болып  табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасу  кезеңінде салық саясатының негізгі  бағыты немесе салық саясатының басты  мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

    Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай:

  • қаржы қатынастары;
  • салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары;
  • салық салуды басқару және салық қызметі органдары;
  • салық салудың әдістері мен жолдары;
  • салық салуды ұйымдастыру;
  • салық салудың негізгі принциптері және т.б. жатады.

   Салық салу механизмі белгілі бір элементтерден құрылады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салықтық жеңілдіктер, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілердің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төленуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

    Салық субъектісі болып – кіріс алушы немесе мүлікті иеленуші барлық заңды  және   жеке тұлғалар    табылады. Барлық     салық     төлеушілер салық комитетінде тіркеуге тұруға міндетті.

    Салық салудың объектісі болып -  алынған табыс, мүлік, көрсетілген қызмет, қосылған құн, жер учаскісі, бағалы қағаздар, тауар түрлері т.б. табылады.

    Белгілі бір мерзім өткен кезде салық төлеуші салықты төлеу керек. Ол төлеуді салық салық көзінен жүргізеді.

    Салық көзі  -  салықтық төленуі жүргізілетін материалдық қор.

    Салық ставкасы   -  бұл салық салудың бірлігіне белгіленген мөлшер. Салық ставкасының мынадай түрлері бар:

  • Прогресивтік ставка – салық салынатын табыс өссе, салық ставкасы да өседі;
  • Пропорционалды ставка -  салық салынатын табыс өссе, салық ставкасы тұрақты;
  • Регресивтік ставка – салық салынатын табыс өссе, салық ставкасы төмендейді.

    Салықтың тағы бір элементі – салық бірлігі. Бұл – салықты есептеуге негіз болып табылатын салық объектісінің бір бөлігі.

    Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төленетін салық сомасы.

 Салық жүйесі мынадай салықтық жеңілдіктерді қарастырады:

  • объектін салық салудан босату;
  • салық ставкасын төмендету;
  • төлем уақытын ұзарту.

 Салық төлеу мерзімі – салық төленетін  уақыт.

 Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәектілікті белгілейді. Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де, мынадай тәртіппен іске асырылады:

  • 1-ші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді, сонан соң акциздер және баж салығы,
  • 2-ші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
  • 3-ші кезеңде басқа салықтар мен алымдар

 Салық төлеушілер мен салық қызметі  органдарының құқығы мен міндеттері салық заңдары арқылы белгіленеді  және реттеледі.[1]

 Қазақстан Республикасының салық заңдарына  мыналар жатады:

  1. Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдер туралы”;
  2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері;
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілері.

 Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселерді енгізуге тыйым  салынған. Егер Қазақстан Республикасының қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталғана шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшін ішкі ресурстық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысу болып табылатын Халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады.  
 
 

 1.2 Салық жүйесіндегі салық түрлері және олардың атқаратын қызметтері

 мен  принциптері

   Салықтар – бұл заңмен белгіленген тәртіпте анықталған мөлшерде шаруашылық субъектілері мен азаматтардан мемлекетпен алынатын міндетті жиындар.

   Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болып, оның өмір сүріп дамуына негіз болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі оның салық жүйесінің де қайта құрылуы мен жаңаруына алып келеді. Салықтар, басқаша айтқанда, мемлекет қаражатын жинақтаудың ең ежелгі тәсілі болып табылады. Оның пайда болуы алғашқы қоғамдық қажеттіліктермен тікелей байланысты. Салық салудың алғашқы формасы ретінде құрбан шалуды айтуға болады.

   Әрбір мемлекетке өзінің ішкі сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаражат көзі.

   Сонымен, салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

   Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ, шаруашылық субъектілері мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.  

   Салықтың мәнін толығырақ түсіну үшін оның экономикалық белгілерін қарастырған жөн. Салықтардың келесідей экономикалық белгілері бар:

 Салық – бұл материалдық төлем, яғни салықты төлеу төлеушінің мүлкін мемлекет иелігіне алуды көрсетеді.

 Салық – бұл ақшаны қайтарымсыз алу.

 Салық – тұрақты экономикалық қатынастарды туындатады.

 Осы аталған түсініктерді ескере отырып, келесідей тұжырым жасауға болады: материалдық жағынан салық белгіленген  мөлшер мен мерзімде ақша сомасын  салық төлеушінің мемлекетке беруі; ал экономикалық мазмұны жағынан салық біржақты ақшалай қозғалыстар.

   Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі. Табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады:

  • пайда
  • пайыз
  • жалақы
  • диведент
  • рента, т.б.

 Салықтардың мәжбүр ету сипатынан басқа ерекше қасиеті – оларды алам-салықты  өндіріп алу ретмен төленген сомасының  мөлшері мен салық төлеушілердің  мемлкеттен алатын қызметтерінің құнының  арасындағы сәйкессіздік болып табылады.[2]

   Салық жүйесін және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Қазақстан Республикасының салық заңдарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.

 1.  Салық салудың міндеттілігі принципі. Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

 2. Салық салудың айқындығы принципі. Қазақстан Республикасының салықтары  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдері айқын  болуға тиіс. Салық салу айқындығы  салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

 3. Салық салудың әділдігі принципі. Қазақстан республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Сонымен қатар жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салыналы.

 4.Салық  жүйесінің бір тұтастығы принципі. Қазақстан Республикасының салық  жүйесінің Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында барлық салық  төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

 5. Салық заңдарының жариялылығы  принципі. Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік хұқықтық  әктілер ресми баслымдарда міндетті  түрде жариялануға тиіс.

       Салықтың  мынадай негізгі қызметтері бар:

  • реттеушілік
  • фискалдық
  • бөлу
  • бақылау

   Реттеушілік қызметі  - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету.

 Салықтың  келесі қызметі – фискалдық қызметтің көмегімен мемлекеттің қаржылық ресурстарының қалыптасуы жүргізіледі. Фискалдық қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери қорғаныс т.б шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Салықтардың фискалды қызметі - мемлекеттің салық саясаты тұтқаларыны көмегімен нарық коньюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсуді тұрақтандыру және ынталандыруға тырысуыңда тұр.

 Бір сөзбен айтқанда, салық түсімі аркылы алынатын қаражаттар, мемлекеттің саяси -шаруашылық қызметін атқарудын қаржы  негізі болып табылады.

 Бөлу  қызметі, ол осы экономикалық категорияның кірісті бөлудің құралы ретіндегі  қоғамдық маңызының қалай іске асырылатынын көрсетеді. Яғни бұл қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді.

 Бақылау қызметінің көмегімен салық механизмінің тиімділігі бағаланып, қаржы ресурстарының  қозғалысына бақылау жасалып, жалпы  салық жүйесі мен бюджет саясатына өзгеріс енгізу қажеттілігі анықталады.

 Сонымен бірге салықтар экономиканы жанама түрде реттейтін манызды құралдардың  бір болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық құбылыстарды тезірек жоюға, нарық конъюктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланалады.

 Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп  алу көздеріне қарай ерекшеленетін  әртүрлі салық түрлері пайдаланады.[2] 

 Міндетті  жергілкті

  Мемлекеттік           Жерглкті

  Тікелей          Жанама

 Үдемелі          Кері үдемелі

 Пропорционалды 

   Салықтар әдетте үдемелі (прогрессивті), пропорционалды және регрессивті (кері үдемелі) болып бөлінеді. Дамыған елдерінде салық салу регрессивтік бағытта қалыптасқан, яғни табыс көлемі өскен сайын одан алынатын салық үлесі азаяды

   Кері үдемелі салықтар, табыс өсе түскен сайын салықтын орташа нарқы азаяды. Әдетте мұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын оның бірте-бірте азая түскен бөлігін талап етеді.

 Пропорционалды  салыққа, оның орташа нарқы өзгеріссіз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салуды берілген бір мөлшері, төлем мөлшерінің табыс сомасына пропорционалдығын қөріп отырмыз.

   Респаубликаны салық жүйесі бүгінгі таңда 10 салық түрі, 12 алымдар және  9 төлемақылар түрнен тұрады.

 Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы
  2. Жеке табыс салығы
  3. Қосылған құн салығы
  4. Акциздер

 4-1. Экспортталатын шикi мұнайға,  газ конденсатына рента салығы 
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы           төлемдерi 
  6. Әлеуметтiк салық

  7. Жер салығы

   8. Көлiк құралдары салығы

   9. Мүлiк салығы

 10. Ойын бизнесі салығы

 Алымдар

 Төлемақылар 

 Мемлекеттік баж:

 Кеден төлемдері:

 1. Кеден  бажы. 
  2. Кеден алымдары. 
  3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы. 
  4. Алымдар.

  Халықаралық статистикада салықтарды тікелей және жанама деп бөледі.

Тікелей салықтар табысқа және мүлікке салынады. Мысалы, оңдай салықтарға табыс салығы, корпорациялық табыс салығы және т.б. салықтар жатады.

    Тауарды бағасына енгізілетін немесе тарифке қосылатын және сатып алушы төлейтін салықты жанама салық деп атайды. Ол негізнен көшпілік тұтынушылардан алынадды. Жанама салықтарға ҚҚС, акциздер, кеден баждары жатады.[2]

    Енді жанама салықтардың тікелей салықтарға қарағандағы артықшылығына тоқталайық:

  1. Жанама салықтарды ұтымды және тиімді қолдану нәтижесінде, мемлекет қазынасына өте мол қаржылық түсім әкеледі. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық қазіргі кезеңде бюджеттік түсімдерді басты көздеріні бірі болып отыр ғаны белгілі.
  2. Жанама салықтар аздап және шамалы мөлшерде алынғандықтан төлеушіге айтқарлықтай ауырпатшылығын түсірмейді.
  3. Жанама салықтар төлеу төлеушінің (сатып алушының) ақшасы бар кезде ғана жүргізледі.
  4. Жанама салықтын мемлекетке тигізер пайдасы, іс жүзінде бұл салықтан ешқандай салық төлеуші жалтара алмайды.
  5. Жанама салықтарды жинау оңайға түседі, өйткені өндіруші және сатып алушы тұлғаларды саны аз болғанымен, бұл процеске өте көп адамдар қатынасады.

 Бұл жерде айта жәй, жанама салықтардың  тауар бағасын үнемі өсіріп отыратын тенденциясы бар екенін естен  шағырмау қажет. Егер женама салықтырды көп және барлық жерлерде қолданған жағдайда, тауарлардың қымбаттайтынын ескерсек, соның нәтижесінде халықтың табысының төмендейтнін, ал табыс төмендесе, салықтан түсетін азаятынын естен шығаруға болмайды.

 Салыну  көздеріне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз табылған табыс болып бөлінеді. Еңбекпен табылған табысқа еңбекақы, қаламақы, жеке кәсіпорындар табысы жатады. Ебексіз, бірақ жария табысқа дивидентер, ақша салымды бойынша пайыздар, қозғалмайтын мүлктердің және бағалы қағаздардың құнының өсімі, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердің заңдары, кәсіпкерлік жолмен алынған пайданы, еңбекақымен қатар ебекпен табылған табысқа жатқызылады.

 Мемлекеттің өсіп-дамуының және болмысының метериалдық  базасы – қаржыларды қалыптастыратын  негізгі қайнар көздерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататына белглі. Сонымен қатар, салықтар экономика аясын реттеудің таптырмас құралы және мемлекеттің мызғымас атрибуты болып саналады. Осыған орай «мемлекет бар жерде салық алынады; салық (салық жүйесі) бар жерде ьмемлекет бар» деп тұжырымдауымызға әбден болады.

 Салықтардын экономикалық табиғаты мен құкықтық құбылыстарын жете білу және ойдағыдай  меңгеру үшін осы сала бойынша  зерттеу – зерделеуді жүзеге асырған  мамандардың, ғалымдар мен окымыстыларды ебектеріндегі ұғым-түсіндіктерді, пікір мен көзқарастарды және тұжырымдарды талдап, талқылау арқылы өз қөз-қарастарымызды қалыптастырып, қортынды беруіміз қажет. 

 1.3 Шағын  және орта бизнес  субъектілеріне салық салу туралы  ғалымдар мен  тәжірибешілердің ой-пікірлері 

   2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күніге дейін енген Қазақстан Республикасының жаңа Садық Кодексі шағын және орта бизнес субъектілері үшін де көптеген жаңалықтар енгізді. Салық Кодексін дайындаудағы негізгі мақсаттардың бірі әрекет етуші нормаларды жүйелеу және бірыңғай нормативтік – құқықтық актіге біріктіру болған еді. Осыған байланысты, аграрлық сектор, шағын және ойын бизнесі салаларына салық салуды реттеуші нұсқамалар жаңа салық заңдылығында “арнайы салықтық режимдер” бөлімінде бөлек қарастырылған. Осы шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимдер көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер зерттеуімен еңбектерінің объектісі болып келеді. Жаңа салық заңдылығының әрекет етуі барысында оны қолданудың тиімділігі және қажеттілігі жөнінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасты. Әрине, бұл көзқарастар мен пікірлердің қалыптасуына өмірлік тәжірибелер мен нақты фактілер басты себеп болып отыр. Осыған байланысты шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимдер турасында еліміздің лауазымды азаматтары мен тәжірибешілер айтқан пікірлерге көз салайық:

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы