Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің жағымды және жағымсыз жақтары
Мазмұны
Кіріспе.......................
I
ГАТТ-тың құрылуы.
ДСҰ-на қабылдану критерилері
мен оған Қазақстанның
ұсынысы.......................
1.1 Сауда
мен тарифтер бойынша Басты
келісім (ГАТТ)/Дүниежүзілік сауда үйымы
(ДС¥).........................
1.2 ДСҰ-на
қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның
ұсынысы............9
II Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемалары .....12
2.1 Қазақстанның
ГАТТ/ДС¥-на кіру проблемалары.
2.2 Қазақстанның
ДС¥-на кіруінің жетістіктері. Қазақстан
экономикасының ғаламдануы....................
2.2.1 ТМД саясатының
координациясы.................
2.2.2 Тиімсіз
жақтары.......................
2.2.3 Тиімді
жақтары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі……………………………………………24
Кіріспе
Курс жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда Дүниежүзілік Сауда Ұйымы әлемдік экономиканы реттейтін негізгі күшке айналып отыр. ДС¥-ның негізгі мақсаты—импорттық баж деңгейін түсіруде тарифтік әдістерді реттеу, халықаралық тауар және қызмет көрсету алмасуында тарифтік емес кедергілерді жою жолымен әлемдік сауданы либерализациялау. Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың басты тенденцияларның бірі - сауда бостандығы үшін күрес болды.
Соңғы жылдары еркін сауда үшін қозғалыс ғаламдану атына ие болды. Ғаламдану тек сауда саласын емес, сонымен қатар тауарлар, жылжымайтын мұлік немесе қаражат және мамандандырылған жұмыс күшін қамтуда. Ғаламдану Қазақстанды да айналып өткен жоқ. ДС¥-на кірмей тұрып және қазір де бәсекелестікке қабілетсіз болған отандық өнім, мүшелікке заңдастырылғаннан кейін ішкі саудадан алынды. Сонымен қатар кедендік тосқауылды түсіру және мемлекет үшін экспортты қолдану мүмкін емес нэрсе. ДС¥-на кіру әрқашан да өркендеуге әкелмейді, сондықтан қалаушыларға ұйымға мүше болуында жағымсыз салдарын анықтап алуға тура келеді. Әлемдік нарықтағы ойын ережелері бізсіз, кейде бізге қарсы орнатылады. Сондықтан Қазақстан осы ұйымға осыншама ұмтылуда
Әлемдік нарыққа жол ашудағы жаңа мүмкіншілік осы ұйымға кіру болып отыр. Бұл мүмкіндіктер, яғни ДСҰ-на кіру мемлекеттің инвестициялық жағдайын көтереді, толығымен елдің жолын ашады. Қазақстан үшін ДС¥-на қатысушылардың арасында сауда жүргізу ұлкен мағына береді, біздің елімізге көп әлемдік мүнай экспортын, табиғи газ, электроэнергия, газды тартумен байланысты. ДСҰ-на кіру Қазақстанға 114 мүше-мемлекеттерімен жақсы қарым-қатынаста болуына және экспортты лицензиялау, стандарттауға артықшылық береді, антидемпинг және компенсациялық баж салығын қолдану және мемлекеттің сыртқы экономикалық өсуіне жақсы әсер етеді. ДСҰ-на кіру көпжақты сауда жүйесінің толық құқықты қатысушысы ретінде интеграцияның әлемдік қауымдастыққа аяқ басуы және республикалың заңдарын әлемдік жаңашыл деңгейге көтеру болып саналады. Қазақстанның XXI ғасырда әлемдік дамудың көшбасшылары қатарына кіруге барлық мүмкіндіктері бар. Көптеген табиғи ресурстар, ғылыми потенциал, мамандандырылған жұмыс күші—мұның барлығы елімізді ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті етеді. БҰҰ-ның Бас Хатшысы айтқандай, "қазіргі тынышсыз әлемде ғаламданудан қорғалмағандар жеңіледі, олар борттан шетте қалғандар".
Тарихи шеңбері. Негізінен Қазақстанға қатысты тарихи шеңбері 1996 жылдан бастау алады, бірақ ГАТТ-тың тарихы мен құрылымы, қызметі түсіндірілгендіктен 194 7 жылдан бергі уақыт аралығы да қамтылып кетті.
Курс жұмысының зерттелу деңгейі. Курс жұмысын жазу барысында көптеген эдебиеттер, ғылыми еңбектер мен жұмыстар қолданылды. Зерттеу тақырыбының теориялық негізін шетелдік, ресейлік және қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері құрады: «Мировая экономика» Булатованың редакциясындағы [1], Байбесиев А «Халықаралық экономикалық қатынастар»[2], Кабдешев К «Казахстан в международных организациях»[3], И.Н Герчикова «Международные экономические организации: регулирование мирохозяйственных связей и предпринимательской деятельности»[4], К.А Семенов «Международные валютно-финансовые отношения»[5], Дюмулен И «Торгово политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы и правила»[6], Пэдро М. «МЭ, валютные и финансовые отношения»[10].
Мақсаты мен міндеттері. Бұл курс жұмысының мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын анықтап, көрсету. ДСҰ-ы туралы мағлұматтар беру арқылы оған кірудегі тиімді және тиімсіз жақтарды талқылау. Ол үшін мындай міндеттер алға қойылды:
- ДСҰ-ның құрылу мақсаты, жүзеге асу принциптері және оған қабылдану критерилерін көрсету, соның ішіндегі Қазақстанның ұсынысы, қарастырылған келісімдерді қарастыру;
- Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемаларын айқындау;
- Қазақстанның экономикасына ДСҰ-ның әкелетін тиімді және тиімсіз әсерлерін анықтау.
Курс
жұмысының кұрылымы. Курс жұмысы
кіріспеден, екі бөлім, жеті бөлімшеден,
қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады.
I ГАТТ-тың құрылуы. ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы
1.1 Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ)
Дүниежүзілік
сауда ұйымы (ДС¥)
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДС¥ Хатшылығына ресми өтінішін жолдаған болатын. Осы жылдың шілдесінде ведомтвоаралық комиссия ДСҰ Хатшылығына сыртқы сауда тәртібі туралы меморандум мен басқадай міндетті құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы үзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл еліміздің экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды процесс. Осыған байланысты бізге ДСҰ/ГАТТ іс- әрекетінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен ерекшелігін қарастыру маңызды
болатын
сияқты.
ГАТТ құрылу себептері мен мақсаттары, жүзеге асыру принциптері.
Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ) 1947 жылы халықаралық сауданы реттейтін ғаламдық ұйым ретінде құрылды. ГАТТ құрылуының негізгі мақсаты халықаралық сауданың ашықтығы мен қауіпсіздігін төмендегідей жолдармен қамтамасыз ету болып табылған:
- Кедендік
және басқадай саудалық
- Халықаралық саудадағы дискриминацияны жою;
- Нақты
табыс, сұранысты, сауда
Осы келісімнің басты мақсаты болып елдер арасындағы сауда қатынастарын көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық сауда ұйымын құру талаптарының жоққа шыққанына байланысты Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім мүше-елдердің сауда және тарифтік саясатын реттейтін көпжақты жалғыз құжат болады. АҚШ тарифтерді төмендету мақсаты американдық трансұлттықкорпорациялар мүддесіне қайшы болмағандықтан, ГАТТ келісіміне қол қоюға қарсы болған жоқ [11,446].
1948 жылдың 1 қаңтарынан Басты келісім оған қол қойған, негізінен дамыған 22 капиталистік елдер үшін сыртқы саудадағы құқықтары менміндеттемелерін анықтайтын көпжақты келісім болып күшіне енді [14,836].
ГАТТ негізгі ережелер мен принциптер жинағынан, тарифті анықтайтын тізімдер мен қосымшалардан, қосымша шешімдер мен мәжілістерден, жекелеген келісімдерден тұрады. ГАТТ-тың негізгі іс-әрекет механизмі көпжақты сауда раундтары түрінде өтіп, ол жерде халықаралық сауданы реттеудің жаңа нормалары мен ескілерінің қайта қаралуы жүзеге асырылады.
ГАТТ іс-әрекет негіздеріне төмендегідей принциптер салынған:
- Өзара
саудада ең тиімді жағдай
- ¥лттық режим қатысушы елдердің ішкі салық пен алымдар саласындағы ұлттық тауар режимін шет елдік тауарларға да қоюы қажет екенін белгілейді;
- Халықаралық
сауданы реттеу мөлшерлік
- Көпжақты
сауда келіссөздері барысында
кедендік тарифтердің бірте-
ГАТТ
өзінің өмір сұру кезеңінде негізінен
кедендік тарифтермен айналысқан. Құрылу
кезінен бүгінгі күнге дейін ГАТТ шеңберінде
8 тарифтік конференция өткізіліп, онда
тарифті төмендету бойынша ұлкен жұмыстар
атқарылды.
«Уругвайлық» раунд және Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы.
Соңғы Уругвай раундының келіссөздерінің нәтижесінде халықаралық сауданың көпжақты жаңа жүйе күрылып, ГАТТ Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) алмастырылды [17,846].
Дүниежүзілік сауда ұйымы - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық рым.
1994 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымын құ-ру туралы келісімге кол қойылып, ол 1995 жылы жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДС¥-на 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы мәлімет бойынша оған 14 ел мүше болды. Бұрыңғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Әстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар.ДС¥-на кіретін елдердің ұлесі әлемдік тауар айналымының 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДС¥ төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Көпжақты келісімге байланысты әкімшілік жұмыс;
- Әлемдік сауда жағдайын бақылау және кеңес беру;
- Халықаралық сауда палатасы (МТП) үшін форум рөлін атқару;
- Сауда таластарын реттеудің механизмін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттердің сауда саясатына бақылау орнату;
- Басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнату.
ДС¥-ның негізгі ережесіне сәйкес, халықаралық сауданы реттеудің басты кұралы кедендік тариф болып табылады. Соған сәйкес құжаттарда кедендік тарифті реттеуді анықтайтын құқықтық нормалар бар [1,3226].
Дүниежүзілік сауда ұйымы қазір ГАТТ-ың функцияларын атқарып, өз мүшелері арасында сауда мәселелері жөнінде туындайтын таластарды реттеу мен ынтымақтасу үшін институционалды негізді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Әлемдік сауда ұйымына кіргенде төмендегідей міндеттемелерін қабылдауы тиіс:
- Кедендік тарифтерді күрт төмендетіп, тарифтік емес шараларды бүтіндей
тарифке айырбастау;
- Ауыл шаруашылық өнімінегі субсидия мен дотацияларды жою;
- Кедендік процедураларын ДС¥ талаптарына сәйкестендіру;
- Өзінің тауар, қызмет көрсету мен капитал нарығын максималды ашу;
- ДСҰ-ның барлық міндетті нормалар мен тәртібін үстану;
ДС¥-на кіргеннен кейін Қазақстан төмендегідей артықшылықтарға ие
болады:
Болашақта баламасы жоқ сыртқы сауда тәртібінің ырықтануы мен ашықтығын жалғастыру;
Қазақстанға қатысты барлық сауда бөгеттері алынып тасталатындықтан, әлемдік нарыққа шығу мен Қазақстандық тауарларды дискриминацияламау жүзеге асады;
Республикалық әр түрлі елдердің экономика мен сауда тәртіптері, қаржыландыру жағдайлары туралы мәліметтер бар зор ақпараттық базаға шығу мүмкіндігі;
Сауда стратегиясы мен сыртқы сауда саясатын ашық және тең құқылы ортада жасақтау мүмкіндігі мен қажеттілігі;
Қайшылықтарды халықаралық нормалар мен тәртіптер негізінде реттеу;
Құқықтық-нормативтік
базаны қабылдаған халықаралық стандарттарға
сәйкестендіру.
1.2 ДСҰ-на қабылдану критерилері мен оған Қазақстанның ұсынысы
Әлемдік бірлестіктегі кез-келген мемлекеттің бұл ұйымға кіруі немесе қабылданбауы туралы сауда мен тариф жөніндегі бас келісімде өрсетілмеген. XXXIII келісім бапта: Бұл келісімге қатыспайтын үкімет немесе жеке кедендік территория атынан шығатын, өзінің сыртқы байланыстарын жүргізуде толық автономиясы бар үкімет өз атынан немесе келісуші жақтар мен үкімет арасында келісілген территория шарты атынан бұл келісімге қатыса алады [11,326]. Қатысу туралы шешім келісімге 2\3 қатысушы мемлекеттің көпшіліктің даусымен қабылданады.
ГАТТ-қа кіру тәртібінің өзі бірнеше кезеңнен тұрады:
1. ГАТТ-ың Бас директорының атынан өтініш алғаннан кейін, өкілдер кеңесі мемлекет үкіметі үсынған негізгі құжат ретінде оқып білу және зерртеу үшін жұмысшылар тобын құрады, өтініш жазған мемлекеттің үсынуымен оған қоса, сыртқы сауда тәртібін баяндау, «Сыртқы сауду тәртібі туралы меморандум» бас келісімінің нормалары мен принциптері негізіне мемлекеттің сыртқы сауда саясаты мен заңдылыққа сәйкес болуын дәлелдеу.
2. ГАТТ-қа мүше болғысы келетін мелекет үкіметі мүше-мемлекеттердің қойған сұрақтарына жауап береді, олар тек сыртқы сауда тәртібіне байланысты емес, сонымен қатар макроэкономикалық саясат – экономикалық өмір аспектілері, қаржы және несие жүйесі, салық салу механизміне байланысты сұрақтарға жауап береді.
3. Барлық сұрақтарды қарастырып болған соң жұмысшы топ Кеңеске үсыныс баяндамасын және өтініш берген мемлекеттің қосылуы туралы хаттаманы береді.
4. ГАТТ-ың мүше-мемлекеттері баяндама мен хаттама жобасын талқылап болғаннан кейін, кезекті жиынында шешім қабылдайды. Құқықтық негізде қосылу туралы хаттама келісімге қатысушы мемлекет пен енді кіруші мемлекет арасындағы өзгеше келісім ретінде қарастырылу мүмкін.
Қазақстан мен ГАТТ арасындағы өзарабайланыс осындай ұлгі бойынша дамыды. 1986 жылы КСРО ГАТТ-қа кіру туралы ниетін айтқан. 1990 жылы КСРО ГАТТ-та бақылаушы статусына ие болды [6,436]. Бақылаушы мемлекеттер ГАТТ-тың сессияларына, ал белгілі жағдайларда ГАТТ органдарының мәжілістеріне қатыса алады. Олар өтініштер жасап, дискуссияларға қатыса алады. Бақылаушы мемлекеттердің үкіметтері ГАТТ- тың негізгі құжаттары мен материалдарын алып тұрады. Бірақ Бас келісім бақылаушы мемлекеттерге тарамайды және олардың келісуші жақтар алдында ешқандай міндеттемелері болмайды.
Кеңес Одағы бақылаушы статусын ГАТТ-тың келісуші жақтарының жылдық сессияларына, ГАТТ-тың Кеңес және басқа да оргавдарының сессияларына үнемі қатысып отыру үшін алған. Қазақстан ГАТТ-қа мүше емес 16 мемлекеттер және 28 халықаралық ұйымдармен қоса осы статусқа ие болды. Бақылаушы статусы ГАТТ Кеңесінде ГАТТ-тың ашық органдарының жұмысына қатысуға құқық береді, бірақ «токиялық» көпжақты сауда келіссөздері нәтижесінде құрылған бюджет, қаржы, әкімшілік мәселелер жөніндегі комитеттерден басқа.
1996 жылы қаңтарда ҚР ДС¥ хатшылығына ресми өтініш үсынды, содан бері жұмысшы топтың 4 отырысы және 4 екі жақты раунд өткізілді. Мемлекетте ДСҰ ережелеріне сәйкес заң шығару базасын өзгерту жөнінде біршама жұмыстар жасалды, өндіріс және ауылшаруашылық тауарлар импортына тарифтер түсірілді [39,846].
Қазіргі кезде 15 мемлекетпен келіссөздер жүргізілуде, әрқайсысымен кіру шарттары айтылды. 1-2 жылда Қазақстан ДСҰ мүшесі болады. Женевада Қазақстанның ДС¥-на кіруі туралы жұмысшы топтың 2 отырысы болып өтті. Бұл отырыстарда көңілді мына мәселелерге аударды: кедендік баж салығы, экспорт-импортқа салық салу операцияларына, кедендік іс туралы заңға, монополияларды реттеуге, республикадағы жекешелендіру процесіне, парламентте қабылданған жаңа заңдар мен өзгерістерге ұшыраған үкімет жобаларына қатысты мәселелерге.
Қазақстанның ДС¥-на кіруіндегі мәселеде маңызды орынды Кедендік одаққа қатысушы елдердің келісімдері алады. Қазіргі кезде одаққа кіретін барлық мемлекеттер осы жұмысқа кірісті, бірақ олар ДС¥-на кіруінде әртүрлі кезеңде түрғанын атап өту қажет.
ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөнінде іс-шаралар жоспары қаралды. Ол келесіні қарастырады: ішкі сауда жүйесін сақтау жөніндегі іс-шаралар, республика нарығында шетел тауарлары мен қызмет көрсету шарттарын анықтау, ДС¥- ның келісімдеріне сәйкес жаңа заңдарды қабылдау, халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкестендіру үшін заңдылықтарға өзгерістер мен қосымшалар енгізу, ДС¥-на кіру туралы келіссөздер жүргізу.
Және де отырыс кезінде Ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамы белгіленіп, ҚР-ның реформалары мен стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік жұмысшы орган болып анықталды [9,1116]. Ведомствоаралық комиссияға жауапты рөл артылды—келіссөздердің стратегиясы мен әдіс- тәсілдерін анықтау, ДС¥-на кіруіндегі саяси-экономикалық аспектілерін талқылау, сонымен қатар Кедендік одақ шеңберінде ұйымға кіру темпін үйлестіру.
Отырыстағы талқылаулар нәтижесі бойынша ҚР үкіметіне сай қаулылар қабылданды [5,716].
Әрине көптеген мәселелер тариф, кедендік тәртіп пен үкімет ниетіне, сауда либерализация процесіне еруге, экспорт пен импорт тауарларына қатысты тарифтік емес өлшемдерін жоюға арналған.
Басқа мәселелер Қазақстан Республикасының ТМД-ның басқа елдерімен қарым қатынастарына, Қазақстанның келісім жағдайын орындаумен жтіпне қызмет көрсету саласындағы саясатпен байланысты.
Бұдан басқа Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығы Қазақстанға техникалық және ұйымшылдық көмек көрсетуге дайын екендігін айту қажет. Бұл туралы ДС¥-ның бас директоры Майк Мурдың ҚР-ның экономика және сауда министрі Мажит Есенбаевпен Женевада өткен республиканың 32 халықаралық ұйымға кіру шарттары туралы 2 жақты келіссөз кездесуіндеайтылған [5,796].
ҚР СІМ ақпараты бойынша келіссөздер жөніндегі әріптестер Европалық одақ және жұмысшы топтың 12 мүше-мемлекеттері болды:
Жапония, Канада, Австралия, Швейцария, Полына, Болгария, Пакистан, Латвия, Грузия, Бразилия, Куба және Мексика [5,806]. Хабарламада: Келіссөздер Қазақстанның нарығындағы тауарлар мен қызмет көрсету шарттарына, отандық ауылшаруашылықты қолдау тақырыптарына негізделеді деп айтылған.
ҚР СІМ хабарламасында қазақстандық делегация алдында келісілген келісімдерді нақтылап, Қазақстанның ДС¥-на кіруіне қолдауда растау тапты деп айтылған.
Женевадағы Қазақстандық делегация жұмысының басты қорытындысында келіссөздер жүргізудегі негізгі серіктестерін тарту туралы айтылды.
ДСҰ мүмкіндіктері шеңберінде өтініш жазған мемлекеттерге техникалық жәрдем көрсетудің приоритеттік мағынасы бар [8,1236]. Бұл сол мемлекеттегі оқыту курстары, семинарлар немесе ДСҰ принциптеріне сәйкес сауда саясатын өткізу саласында эксперттік көмек көрсету. Дайындау бағдарламасы ДСҰ-да мемлекеттік қызметкерлердің оқу курсын өтуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Қазақстанның ГАТТ/ДС¥-на кіру
жолы Ресейдің әлемдік саудаға қатысу
жағдайын зерттеудің үзақ және қиын процесімен
байланысты. Ең алдымен атап өтетін, ГАТТ/ДСҰ
жүйесінің ондаған жылдар бойы құрылуы.
Қазіргі кезде бұл ұлкен де тарамдалған
құрылым, оған жеке мемлекеттер бірте-бірте
жүйелілікке бейімделеді. Қазақстанның
алдында қысқа уақыт ішінде,яғни бірнеше
жылда ГАТТ/ДСҰ жүйесі жиынтығын енгізу
мақсаты түрды.
II Қазақстанның ДСҰ-на кіруіндегі жетістіктері мен проблемалары
2.1
Қазақстанның ГАТТ/ДС¥-на
кіру проблемалары.
Интеграция қайтарымсыз процесс болып қала берді және көптеген мемлекеттердің ДС¥-на кіру ниеттері жаһанданудың әлемдік 35 тенденциясымен әділ сәйкестенеді. ДС¥-ның негізгі мақсаты—импорттық баж деңгейін түсіруде тарифтік әдістерді реттеу, халықаралық тауар және қызмет көрсету алмасуында тарифтік емес кедергілерді жою жолымен әлемдік сауданы либерализациялау. Бірақ, ДС¥-на кіру әрқашан да өркендеуге әкелмейді, сондықтан қалаушыларға ұйымға мүше болуында жағымсыз салдарын анықтап алуға тура келеді.
Бұл жерде мысалға Қытай көрсеткішін айтса керек, ол осы көпжақты сауда жүйесіне кіруге ондаған жылдардан көп уақыт дайындалды. Бұл жылдар қорытындысы әсерлі: электроэнергияны, түсті металл, қант, химиялық талшықтар, тыңайтқыштар өндіруден Қьітай ірі өндірушілер қатарына кірді, ал астық, мақта, өсімдік майы, цемент, жіп өндіруден жоғары көрсеткішпен әлемде бірінші орында. Сауда көлемі жағынан тоғызыншы орында. Елдің 85% экспорты өніміне келеді, бірінші қайта қарау тауары тек 13% құрайды [12, 102б]. Сонымен қатар, Қытай өзарабайланыстың түрлі сферасында ДС¥-ның жеңілдіктеріне ие болды. Бірақ ұзақ мерзімді дайындық кезеңі бұлтсыз ашық болашаққа кепіл бола алмайды. Солай, көптеген сарапшылардың пікірінше,
Қытайдың ДС¥-на кіруі жақын арадағы 5 жылда 1,5 млн.фермерлердің жұмыссыз қалуына әкеледі. Белгіленген бағаның (тарифтердің) төмендеуі автокөлік өндірісінің мыңдаған жұмыс орындарын қауіпке әкеледі. Импортқа жоғары кедендік баж салығы бүгінде компьютер сияқты жоғары технологиялық өнімнің бәсекелестік қабілетін үстауға мүмкіндік береді. Бірақ Қытай көшбасшыларының ойынша, ДС¥-на кіру әлсізденген экспортты күшейтеді, қосымша инвестицияларды әкеледі, ал бұл өзінше шығындарды компенсациялауға көмектеседі.
Қазақстанның ДС¥-на кіруінде өз плюс пен минустары бар. Кірудегі жақтаушылар бұл жағдайда қазақстандық кәсіпорындарда өндірістің эффективтілігін көтеру үшін стимул пайда болады. Мысалға, бұл ұйымның келісімдер қағаздары өзіне сауда мен тариф жөнінде бас келісімді, ауылшаруашылық жөнінде келісімді, киім мен тоқыма өнімдерін, антидемпингтік процедураны, дауларды шешуді реттеуші ережелер мен процедуралар туралы келісімді қосады. Бұл келісімдер және экономиканың ашықтығы жаңа технологияның ішкі нарығының дамуына себеп болады, ал бұл өз кезегінде әлемдік нарықта отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырады.
Сонымен қатар, әлемдік экспорт құрылымының сараптауы мұнда дайын тауардың басымдығын (87%) көрсетеді, шикізат ұлесі тек 13% құрайды, экспорттық қызмет көрсету тез өсуде [12, 94б]. Қазақстанда экспорт-импорттық құрылым мұлдем басқаша: экспорттағы шикізат тауары ұлкен ұлес құрайды, импортта - дайын өнім мен қызмет көрсету. 2001 жылдың 1 жарты жылдығында сыртқы сауда айналым көлемінің көбеюінен импорттың өсу жылдамдығы алдыңғы жыл кезеңінен экспорттың өсу жылдамдығынан 8 есе артық өсті, бұл сыртқы сауда айналымының жағымды сальдосының төмендеуіне алып әкеледі. Егер 2000 жылдың қаңтар-маусымда ол 2019,7 млн.АҚШ доллары көлемінде болса, кейін 1263,9 36 млн.АҚШ долларын құрады. ТМД елдерімен сауда сальдосы кері әсер беріп, 409,5 млн.АҚШ долларын құраса, алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінде - 22,8 млн.АҚШ доллары болып, 18 есе өсіп отыр [7, 65б].
Сондықтан ДС¥-на кіруге қарсылардың айтуынша, бұл елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және алдымен тиімді экономика құруды үсынады. Сөзсіз, Қазақстанның ДС¥-на дайын өнімнің экспорттық ұлесінің төмендігімен кіруі бәсекеге қабілетсіз сала мен кәсіпорындарға қатты соққы береді. Бұл тамақ өнеркәсібіне, машина құрылысына кері әсерін тигізетіні анық. Импорт ағымы, соның ішінде, енді дамып келе жатқан мұнай газ жабдықтары өндірісін талқандайды. Кедендік баж салығын тоқтату тауар транзитінің кірісін қысқартуға әкеліп соғады.
Сарапшылардың пікірінше, жаһандану (ал ДС¥ оның тиімді құралы болып табылады) бәсекелестікті элсіздерді емдеу құралынан жою құралына айналдырады, осылай дамымаған мемлекеттерді кірістен ғана емес, даму мүмкіндігінен айырады. Тәжірибеге сүйенсек, ДС¥-на кіру мемлекеттердің ішкі нарығын ашады, алдымен тауарлар үшін оларды инвестиция үшін жаба отырып ( дәл осылайша осы ұйымға кіргеннен кейін мемлекеттердің жай даму фактісі түсіндіріледі).
Бұл байланыста отандық өнеркәсіптердің трансұлттық технологиялық сабына түру болашағы түман болып қала бермек. Біріншіден, кәсіпорынның технологиялық деңгейі Т¥К сұранысына сай, олар құрамына кірген және Қазақстанның ДС¥-на кіруі оларға ешқандай әсер етпейді. Екіншіден, Т¥К құрамына кіргеннен кейін бұл кәсіпорындар инновация мен инвестиция ағымын сезбейді.
Қазақстандық экспорттаушылардың шығыны жалпы экспорт көлемімен салыстырғанда мемлекет саясатының болашағы үшін онша көп емес, бұл жағдайда мемлекетке ең тиімдісі мен қысқасы экспорттық түсімді қайтармауды 2 есе қысқарту.
Жоғарыда айтылғандай, ДС¥-на кіру үзақ дайындық кезеңін қажет етеді. Егемен Қазақстанның тарихына үңілсек, біздің қытайлықтарға іспеттеспімыраға келу мүмкіндіктеріміз(Ресей де) түрлі себептермен іске аспайды. Күресуге себеп бар. Осылайша, ДС¥-на кіргеннен кейін импорт көрсеткішінің деңгейі отандық тауарлардың бәсекелестік қабілетіне себеп болу керек. Сондықтан көптеген мемлекеттер ДС¥-на кірмес бұрын өз нарықтарын қорғауды нығайтады: ұйымға кіргеннен кейін импорттық көрсеткіштерді көтеру мүмкін емес. Қазақстан керісінше жасап отыр.|

- Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы
- Қазақстанның жер асты сулары
- Қазақстанның инвестициялық саясаты
- Қазақстанның инвестициялық саясаты
- Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат
- Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бағдарламасы: жағдайлары мен жүзеге асыру проблемалары
- Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайы және даму болашағы
- Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары
- Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
- Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы
- Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары
- Қазақстанның банк жүйесі
- Қазақстанның биік таулы аймақтары
- Қазақстанның депозит нарығы мәселелері және даму перспективалар