Қазақстанның сыртқы саудасы

Қазақстан Республикасының  білім мен ғылым  министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті 
 
 
 
 

Реферат 
 

Тақырыбы: «Қазақстанның сыртқы саудасы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Кусаинов Нуржан

Тексерген: Әуелбекова А.Қ 
 

Астана 2009 
 

 

       Қазіргі уақытта екі мемлекеттің сауда байланыстары ілгерінді дамымайды. Егер картаға қарасақ, Ресей Қазақстанға ең жақын және тығыз орналасқан. Ресейдің азиялық бөлігі Қазақстанды «құшақтап» жатыр: ТМД мемлекеттерімен шекаралас Ресей Федерациясының 27 субъектінің 12-сі Қазақстанмен ұласып жатыр. Бірінші рет қарағанда Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынастары ешқандай қорқыныш туғызбайды. Ресейдің сыртқы қарым-қатынастарында Қазақстан Украина мен Белорусиядан кейін 3 орынға ие. Қазақстан Ресейдің сыртқы тауар айналысының 13-15% алып жатыр. Бірақ статистика мәліметтері керісінше елдер арасындағы қарым-қатынастардың регрессиясын көрсетіп жатыр. Ресейдегі 1998 ж болған дефолт Қазақстанға да кері әсер тигізді. 1999 ж тауар айналымы 1998 ж тауар айналымының 69,2% құрады. 2000 ж елдер арасындағы тауар айналымы 4,24 млрд. долларға өсті, бірақ бұл көрсеткіш 1996 жылдан кем (5,59 млрд. дол.). Ресейдің Қазақстанға импорты 2000 жылда 1996 ж салыстырғанда 2,55-тен 2,46 млрд. долларға біршама төмендеді, ал Қазақстанның экспорты 2,67-ден 1,78 млрд. долларға төмендеді.

 
       Шекаралық сауданың келісімді базасы. Егер кейбір уақытта  тауар айналымы төмендесе де, Ресейдің шекаралық зона (12 регион) мен Қазақстанның шекаралық зонасы арасындағы тауар  айналымы тұрақты болды. Қазіргі  уақытта ол жалпы тауар айналымы операциялар көлемінің 60%  құрайды, өйткені бұрыңғы шаруашылық комплексінің байланыстары әлі де тығыз.

       1998 жылдың 21 желтоқсанында Астанада  өткен Ресей шекаралық облыстарының  губернаторлары мен Қазақстанның шекаралық облыстарының әкімдері арасында кездесу екі мемлекеттің сыртқы саудасына үлкен ықпал етті. Оның арқасында екі болашақта екіжақты даму протоколына қол қойылды. Жағымды новация ретінде екі мемлекет арасындағы сабақтастық үкіметаралық комиссиясында подкомиссияның пайда болуы.

       Шекаралық сабақтастықты қоса реттейтін құжаттар: шекаралық сабақтастық бойынша  Қазақстан – Ресей үкіметаралық келісімшарты (25 қаңтар 1995 ж) және 1998 ж 12 қазан бағдарламасына сәйкес 1997-2007 жылдарға арналған экономикалық сабақтастығы келісімшарты.

       1999 жылы 24 қыркүйекте Ресей Федерациясының  президенті үкіметаралық келісімшартына  мен 1999-2007 жылдарына арналған  Ресей Федерациясының мен Қазақстан  Республикасының региондарының  шекаралық сабақтастығы бағдарламасына  қол қойды.

       Қазақстан Республикасының қолдауымен шекаралық сабақтастық бағдарламасын іске асыруға шаралар проекті дайындалды. Оның ішіндегі екі жақтын белгілі облыстарында әрекеттері көрсетілген: отын-энергетикалық кешен, металургия, ақпарат пен байланыс, сертификация мен стандартизация орталықтарының әрекетін координациялау т.с.с. шекарада құқықты мен бақылауды нығайту мақсаттары қойылды. Қазақстан мен Ресей сабақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы осы шаралар проектін 2000 ж  ақпанның 15 жұлдызында бекітті.

       Біріккен  кәсіпорындар (к/о) саны бойынша Ресей Федерациясы АҚШ пен Белгия, Ұлыбритания мен Канададан кейін 5 орында, ал қызметтер мен тауарлар экспорты бойынша АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін 3 орында. Барлығы Республикада 81 мемлекеттен жетел инвестициясымен 1564 өнеркәсіп тіркелген.

       Біріккен өнеркәсіптердің өндіріс көлемдері мен олардың тауарлар мен қызметтер экспорты бойынша АҚШ пен Ресей Федерациясының алшақтығы 10 есе. Шынымен, Ресей капиталымен Қазақстанда тұрғызылған біріккен өнеркәсіптер 10520 жұмыс орындарын ашты, осы көрсеткіш бойынша олар тек Қазақстан – АҚШ өнеркәсіптеріне 1 орын береді, олар қамтамассыз ететін жұмыс орындарының жалпы саны 14894. Қазіргі Қазақстан – Ресей өнеркәсіптері арасында үлкен кәсіпорындарының саны шектеулі, сондықтан Ресей капиталы Қазақстан Республикасында 1 орынды ие алмайды.

       Ресей капиталының көп бөлігі орта мен  кіші өнеркәсіптерде болып жатыр  және олардың халі ауыр болып тұр. Қазақстан Республикасында ең ірі  ресейлік инвестициялық жобалар – РАО «ЕЭС России» компаниясының Қазақстанның қарызын жабу үшін «Северный» көмір разрезін, «Богатырь» разрезінің №9 полясын сатып алуы, және «Лукойл» компаниясының Ақтөбе облысындағы «Құмкөл», Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашағанақ» пен Атырау облысындағы «Тенгиз» мұнай көздерінің дайындауға қатысқандығы болып табылады.

       1998 жылдан бастап жүргізетін келіссөздерінің  негізгі мақсаты – «Қарашағанақ»  мұнай көздерінің газоконденсаттағы  шикізатты ресейлік тазартылған  газға айырбастау. Сол газдың тұтынушысы – Ақтөбе мен Қостанай облыстарының тұрғындары. Газ берудің көлемі мен схемасы дайын, бірақ Ресейдің тазартылған газ құны бізге тиімсіз болып тұр. Ресей құны – 1000 куб метр – 40 доллар, ал әлемдік баға – 70-80 доллар болса да, біздің үкіметіміз бұған келіспеді, өйткені бұл бағалар мен Ресейге жіберілетін қазақстандық тазартылмаған газдың бағалары (1000 куб метр- 3-3,5 доллар) арасындағы айырманы өте үлкен деп санайды.

       РАО «ЕЭС России» компаниясымен жүргізілген  келіссөздерде Республикада бірнеше  энергетикалық объектілердің базасында  мүмкін болатын біріккен Қазақстан  – Ресей өнеркәсіптерін құру. Оның пайда болуы қазақстандық көмірін алу, өндіру мен өткізумен байланысты бірнеше проблемаларды шеше алады. Сонымен бірге дайындалу стадиясындағы құжаттар екіжақты тиімді Ресейдің шығысына мен Қазақстанның батысына энергия мен ресейлік пен қазақстандық табиғи газды алмастыру схемасы бойынша жеткізуге мүмкіндік бере алады.

       2000 жылдың мамырында РАО «Газпром»  басшылығына Қазақстан Республикасының ұсынысы келіп түсті: республикалық газ құбырларды басқару жөніндегі біріккен өнеркәсіпті құру. Сәйкесінше бөліну: «Казтрансгаз» - 51%, ал РАО «ЕЭС России» - 49% болуы ұсынылды. Қазіргі уақытта «Газпром» осы ұсынысты зерттеуде, оған қоса Қазақстан Республикасының үкіметі «Газпромға» Астана газ құбырын жобалау мен дайындауға қатысуға ұсыныс жасады. Республика АҚШ-тан құбыр жасауға грант алды. Екі мемлекеттің сабақтастығы өндірістік потенциялының негізінде машиностроенияда бәсекелік қабілеті бар продукцияны шығаруға мүмкіндік береді. 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық сабақтастығы бағдарламасында бірнеше біріккен экономикалық құрылымдарды құру көзделген: ААҚ «Тверской экскаваторный завод» пен «Сарэкс» (Саратов) өнеркәсібімен бірігіп Кентау экскаватор зауытының базасында экскаваторларды жинау кәсіпорны; ААҚ «Алтайский Моторный завод» (Барнаул) мен «Сибзавод» (Омск) өнеркәсіптерімен бірігіп Павлодар трактор зауытында жаңа жер жыртатын тракторларды жинауды ұйымдастыру; ААҚ «Казахстантрактор» бен ААҚ «Россельмаш» өнеркәсібімен бірігіп бидай жинағыш комбаиндерді өндіру біріккен өнеркәсібін ұйымдастыруды көздеп отыр. Барлық күнә тек дефолтте емес. 1996 жылы екі мемлекет арасында тауар айналымы шарықтау шегіне шегіне жетті: 1995 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 460 миллионнан 5,59 млрд. долларға жетті, себебі сол уақытта Кедендік Одақ құрылды (қазіргі Еуразиялық экономикалық қауымдастық). Сыртқы экономикалық реттеу жөніндегі келісімшартті іске асырғаннан кейін екі мемлекет арасындағы сыртқы сауда үшінші елге қарағанада претендертті болды.

       Бірақ 1997 жылы сыртқы сауда көрсеткіші 5,59 млрд. – 5,24 млрд. долларға түссе, 1998 жылы бұл көрсеткіш мүлдем 3,78 млрд. долларға жетті.

       Осы төмендеудің себебі: Ресейдің кіру кедендік тарифтердің өсуі, соның  салдарынан бұрынғы операцияларының  жарты бөлігі тиімсіз қалды. Республиканың  көптеген кәсіпорындарының шетел фирмалардың қолында болуы ресейлік портнерлерге тиімсіз болып қалды, яғни кейбір экспорттық саясаттағы акценттер ресейліктерге тиімсіз жоққа қозғалды.

       Шетелдердің жеке меншігіне, әртүрлі ақпараттар бойынша, өнеркәсіптердің 81-90% берілді. Ресейлік металургия саласы біздің хром рудаларына, мысқа, қорғасынға мен титанға тәуелді.

       1998-1999 жылдарда тауар айналымына келесі  соққы берген оқиға – 1998 жылдың  тамыз айындағы ресейлік экономикалық  кризис, оның салдарынан Ресейдің  сатып алу мүмкіндігі төмендеді.  Сондықтан біздің экспорттаушыларға Ресейге көмір, темір рудасы мен т.б. өнімдерді сату тиімсіз болып қалды, яғни Ресей Федерациясына қазақстандық көмір экспорты 2,7 есе, ал темір руда экспорты 2,4 есе төмендеді. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының басқа ТМД елдерімен саудадағы көлемін 15,1%-тен – 13,7% дейін төмендетті.

       Екі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарының тоқырауының бірнеше себептері бар: экспорттаушы салалардағы созылған дағдарыс пен қаржы-кредиттік саясатындағы келіспеушіліктің аздығы, мауда – экономикалық байланыстарының құқықты-нормативті базасының жетілдірілмендігі мен біздің мемлекеттеріміздегі регионалды деңгейдегі әртүрлі тауарларға деген сұраныс пен ұсыныс туралы толық ақпараттың жоқтығы т.с.с.

       1999 жылы Қазақстанның импорты төмендеді, өйткені Қазақстан мен Ресей арасындағы 24 тауарлар топтарының айналуына шектеу жасалынды. Уақыт өткен соң осы шектеулер алып тсталынды, бірақ тұрақты шаруашылық байланыстарды қайта нығайту әлі де қиын.

       1999 жылы біздің үкіметіміз Ресейде қолданылатын теміржол тарифтерді 25-30 % -ке төмендеуді ұсынды. Бұл қазақстандық өнімге ресейлік территориясымен Санкт-Петербург, Новороссийск, Туапсе, Таганрог, Одесса теңіз порттарына, Балтық мемлекеттерге тез жетуге мүмкіндік бере алады және ресейлік тұтынушыларға арналған қазақстандық өнімді жеткізуге жылдамдық бере алады. Ал біз жауап ретінде ресейлік тауарларға Қазақстан Республикасының жерімен жүрі тарифтерін 30-40 %-ға төмендетеміз деп уәде бердік. Келісімшарт бойынша қазақстандық пен ресейлік өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің өндірушілері мен тұтынушыларының ұсыныстарына сәйкес теміржол тарифтері негізінде екіжақты тиімді өтемақылары бойынша үкіметаралық сабақтастық комиссия шегінде жұмыс тобы құрылды. Бірақ Ресей Федерациясының ұсынысында бұл жеңілдектер транзиттік тауарларға қолданбауы  керек деп айтылды.

       Қазақстан – Ресей сыртқы саудалық операциялары негізінде мемлекетаралық келісімшарттар деңгейінде емес, шаруашылық жүргізуші  субъектілердің деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Екі мемлекеттің органдары мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыстарды тек ынталандыруға мен реттеуге шектеулі мүмкіндіктерге ие. Осы байланыстардың қатарында: эспорттаушыларға берілетін субвенциялар, инвестициялар мен экспортты-импортты әрекеттерін сақтандыру мен мемлекеттік кепілдемелер, белгілі бір өнімнің жеткізуге кредиттік көмек көрсету мен біздің экономикаларымызға стратегиялық маңызды объектілерді салуға техникалық пен технологиялық көмек көрсету, екі мемлекетке ортақ аграрлық нарықты құру болып табылады. Екі мемлекеттің үкіметтері өзінің сыртқы экономикалық байланыстарында өз үстемдігін көбейту үшін, осындай дисбалансты теңестіру үшін ешқандай әрекеттер жасамайды.

       Екі мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілердің есеп айрысу жүйесі және оның құқықтық негізі әлі дұрысталмаған. Кейбір кезде осы шаруашылық жүргізуші субъектілер өз міндеттерінен бас тартады, қарыздарды қайтару қиындыққа соғады, өйткені сот шешімін орындаушыларының институты жоқ және заңды түрде қарызгердің банктегі шотына арест жасау өте қиын.

       Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық сабақтастығын қайта жаңғыртуға болады. Екі мемлекеттің экономикалары  бір-біріне тәуелді, бұл объективті шындық. Сондықтан осы байланыстарды  нығайту мен дамыту жұмыстары  зергерлі болу керек. Осы жұмыс екі жақтан шыдамдылықты, дәлдікті, нақты есептеуді, конъюктурщина мен саясатшылдықтан аулақ жүруді талап етеді. Бастысы – жақсы ілгеріндіні көздеу мен максималды прагматизмді іске асыру, өйткені біз тарихи жағдайлар мен географиялық жақындығына байланысты бір «экономикалық қайықта» отырмыз. Осы қайықты тербету бізге қауіпті болып тұр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қазақстан мен Еуропалық  Одақ арасындағы келісімшарты

       ( 5 жылдық жектістіктер)

 

       Сабақтастық пен серіктестік келісімшарты (ССК) – Қазақстан Республикасымен  бірге 10 мемлекет пен ЕО арасындағы саяси, экономикалық пен сауда қатынастарын белгілейтін заңнамалық негізі.

       ЕО  мен Қазақстан Республикасы арасындағы ССК бағыттары:

  • ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси дамуына сәйкес негізін ұсыну;
  • Мемлекеттің экономикалық дамуына, құқықтың өркендеуіне мен демократияның консолидациясына бағытталған Қазақстан Республикасының іс-әректтерін қолдау;
  • Сауда мен инвестициялардың жылжуы;
  • Заңнамалық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технология мен мәдениет облыстарында сабақтастығының дамуына жәрдемдесу.

      Жалпы, ЕО көзқарасы бойынша ССК-ның  негізгі мақсаты – Қазақстанда  ішкі мен шетел операторларына қатысты  тең құқықты, нарықтық принциптерге негізделген ашық экономикаын құруы  мен адам құқықтарын қадірлеуі, құқық үстемдігінің дамуы болып отыр. Қазақстан Республикасының көзқарасы бойынша осы ЕО-пен қарым-қатынастар «Қазақстан - 2030» қауіпсіздік пен ынтымақтастық, сәттіліктің ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып отыр.

      Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК-ға 1995 жылдың 23 қаңтарда қол қойылды және ол өз күшіне 1999 жылдың 1 шілдесінде енді. Келісімшарттың мерзімі – 10 жыл. Осы бөлімде бұл келісімшарттың алғашқы бесжылдықта болған мазмұны, пайдасы, ілгеріндісі мен қиындықтары талданады.

      Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК – ұзақ мерзімді және нақты халықаралық құжат. Сонда да бұған қарамастан осы келісімшарт бойынша сабақтастық пен серіктестік концепциясына қатысты Қазақстанның негізгі міндеттеріне қысқаша тоқтауға болады:

  1. адам құқығы принциптеріне бас ию, құқықтық пен нарықтық экономикасының үстемдігі – серіктестіктің елеулі қасиеті;
  2. екі бағыттағы саудадағы квоталы шектеулерді алып тастау мен «ең қолайлы ұлт» қатынасымен қоса сауданың либеризациясы;
  3. бизнес-климатын жақсарту, капитал қозғалысына шарттар жасау – Қазақстандағы бизнеске қатысты тұрақты заңнаманы құру, республика ішіндегі тікелей шетел инвестицияларды тартуға қолайлы шарттар жасау мен ЕО елдерімен мүмкін болатын екіжақты  инвестициялық келісімшарттарды іске асыру;
  4. Компанияларды құру мен олардың әрекет етуіне еркіндік беру;
  5. Қызметтер нарықтарында ілгерінді либеризациясын құру;
  6. кіші және орта бизнес, туризм, жекешелендіру мен қаржы секторының дамуының сабақтастығы мен өндірістік өнімдерінің сапалығын жақсарту;
  7. Заңнаманың ЕО стандарттарымен сатылы жақындасу;
  8. Ғарыш пен ядролық қауіпсіздік, энергетика, сыртқы орта салаларындағы сабақтастық;
  9. Мәдениеттік сабақтастық;
  10. Ақпарат алмасуға қолайлы жағдайлар жасау;
  11. Қазақстан Республикасында нәтижелі статистикалық жүйесін дамыту;
  12. Құқық бұзушылықтарды тоқтату және нашақорлық саудасымен күресу бойынша сабақтастық.

       ССК-ның  № 43 бабы заңнамаға қатысты ең маңызды  ережелерінің бірі. Осы бапта Қазақстан  Республикасы Заңнамасы мен ЕО-ның  әрекет ететін және келешек заңнамасының жақындасуы экономикалық байланыстарды  нығайтудың ең маңызды шарты екендігі айтылады. Сондықтан республика өзінің заңнамасын ЕО-ның заңнамасына жақындастыру үшін көптеген шараларды қолдануға дайын. Нақтыласақ, олардың жақындасуы ЕО саясат пен заңнамасының 18 саласын (Acquis Communautaire) қамту керек.

 

       ЕО  заңнамасына жақындасуына қатысты ССК-ның салалары

Кеден Мемлекеттік субсидияларды  бақылау
Компаниялар бойынша заңнама Мемлекеттік сатып  алулары
Банктердің  заңнамасы Денсаулық сақтау
Компаниялар шоттары Сыртқы орта
Салық салу Тұтынушылар құқығын  қорғау
Интеллектуалдық меншік Жанама салық  салу
Қызметкерлердің құқықтары Стандарттар
Қаржылық  қызметтер Атомдық заңнама
Бәсеке  туралы заң Көлік

 

       Бұл тез істелетін іс емес екендігі белгілі, өйткені осы салалардағы ЕО заңнамасы 100 мың бет қаулылардан, директивалардан, тағы басқа құқықты және саясат құралдарынан тұрады. Сонымен бірге осы салалардың көп бөліктері Қазақстан үшін құқықтың жаңа салалары болады.

       Сабақтастықтың саяси, құқықтық/әкімшілік сұрақтарына, даму саласындағы өзара іс-әрекетке дейін экономикалық аспектілерді зерттеу қажет. ССК-ның құрамында басқа тақырыптар көп болса да, осы келісімшартты судалық деп зерттеуге болады және оны ЕО пен бұрынға КСРО арасындағы серіктестік пен сабақтастық келісімшартының ізбасары деп есептеуге болады.

       Еуропа  мен Қазақстан арасындағы сауда  байланыстары сонау Жібек жолы уақытынан  басталып келеді. Сол уақытта жібек  шығыс елдерінен Еуропаға Орталық  Азия арқылы жеткізілді. Бүгінгі күнде Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. ССК-ның өз күшіне енуінен кейін екі жақты экспорт және импортының тұрақты және елеулі өсімі қадағаланды. 1999 жылдан бастап Қазақстан мен ЕО арасындағы нақты орташа жылдық сауда өсімі 18,1 % құрады. Осы саудаға көп секторлар жаңа ғана ене бастап жатқан уақытында, Қзақастанның ЕО-на басты экспорты – энергия, ал ЕО-ның Қазақстанға бас экспорты – машиналық құрал-жабдықтар болып отыр. ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда қатынастардың өсуіне әсер ететін келесі фактор: 2004 жылдың мамырындағы ЕО-ның кеңеюі, оның құрамына тағы 10 мемлекет кірді, сондықтан ЕО-ның Қазақстанмен сауда жасау нарығының көлемі 25 % өсті.

       ЕО  Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының  ең ірі қайнар көзі болып отыр. Бұл ССК-ның өз күшіне енуінен бастап шоғырланды. Жалпы тікелеі шетел инвестициялардың көлемінде ЕО-ның инвестициялар пропорциясы 1993 жылдан бастап қатысты тұрақта болды – жалпы санынан жуықтағанда 30 %, бірақ 2002 жылдан бастап 40 %-ке дейін өсті. Бұл көлемдегі мәнді өсім көрсеткіші. Жалпы тікелей шетел инвестициялардың 80-90 % мұнайгаз секторына жіберілді: ірі мұнай жобалары мен осы секторға қатысты көптеген шаралар (көлік, қызмет көрсету, инфрақұрылым, құрал-жабдықтар мен инженеринг), осы салаларда ЕО-ның көптеген компаниялары жұмыс істеуде. Мұнайға байланыссыз секторларында инвестициялар шектеулі, олар: банкілік жүйе, агро-бизнес пен металдар.

       2002 жылы ЕО Орта Азия үшін аймақтық  стратегиясын қабылдады, оның  басты міндеттері осы аймақтың  мемлекеттеріндегі қауіпсіздік пен формальді тұрақтылыққа жәрдемдесу, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және кедейлікті қысқарту болып табылады. Осы тақырыпқа байланысты 2004 жылдың мамырында ЕО-ның сыртқы байланытары бойынша өкілі Крис Паттен мырза өзінің сөзінде сабақтастық үшін бірнеше жаңа бағыттар мен басылымдықтарды белгіледі. Ол экономикалық байланыстар мен халықаралық дәрілердің сауданы нығайту, аурулармен күресу, терроризмге қарсы тұру мен кедейліктің деңгейін төмендету ЕО мен Қазақстан арасындағы өзара іс-әрекеттердің басты міндеттер болғанын атап айтты: «Егер біз бірігіп әрекететсек, біз бұларды жоғарғы тиімділікпен жүзеге асыра аламыз. ЕО-ның көмегі мен жеке инвестициялар Орта Азия дамуына өз үлкен үлесін қоса алады. Біз Орта Азиядағы адам капиталы даму үшін техникалық жәрдемді береміз, өйткені бәрімізге жақын теорияда белгілі негізгі адами құндылықтары, басқару дұрыстылығы мен құқық басымдылығы, адам құқығын қамтамасыз етуі, ешқашан болмаған плюралистік демократия мен нарықтық экономика гүлденуіне жету үшін ұсынамыз. Осы аймақтың халықаралық байланыстарының жан-жақты дамуына саяси деңгейдегі күшейген келіссөздер көмектесе алады».

       Өткен ғасырдың 90 жылдардың басынан бастап ЕО активті және жан-жақты ұзақмерзімді сабақтастықтың мықты фундаментін құрды. Негізінде, осы аймаққа үлкен жәрдем көрсетті: ТАСИС бағдарламасы бойынша гранттық көмек ретінде ЕО-дан Орта Азияға 1 млрд. доллардан астам евро жіберілді. Жалпы көмекке қоса, ЕО-ның мемлекеттері екіжақты көмек көрсетеді, соның негізінде Орта Азия дамуы үшін Еуропа ең ірі донарға айналды.

       Паттен  мырза тағы атап өткен мәселе: «Сауданы көбейткенше, тұрақты мен кемел  байланыстарды құру тиімді. ОБСЕ-ге қосылып, ССК-ға қол қойған Орталық Азия елдері бірқатар құндылықтардың алдыңғықатарлы маңыздылығын қабылдады. Бұл құндылықтар Еуропадағы біздің интеграцияны үрдісінің негізін құрайды – демократия, адам құқықтары мен тұрақты нарықтық экономиканы дамыту. Бұлар кез келген қадірлі мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі болу керек және бұлардың Орта Азияда терең енуі, құқықтық үстемдікке енуі; сонымен қатар тұрмыста енуі біздің мүдделерімізге сай болып жатыр».

       Осыдан  түсінетін жай: ЕО мен Қазақстан  Республикасы арасындағы прогресске ССК-нің 10 жыл мерзіміне жету үшін әлі  осы мерзімінің жартысы бар. Сол  уақытта ССК-ға қатысты ЕО пен Қазақстанның  басымдылықтары мен мәжбірлеудері, позициялары бойынша терең түсінік қалыптасты. Мысалы: ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін және кіру принциптерін де қолдайды. Қазіргі уақытта ЕО Қазақстанға жәрдемдесу бағдарламаларында кедейліктің деңгейін төмендетуге үлкен акцент жасайды. Реформалардағы градулизмге белгілі көңіл бөлінеді, өйткені байланыстардың негізгі құндылықтары: демократия, адам құқығы мен тұрақты нарықтық экономиканың дамуы бір күндік емес, ұзақ мерзімді қадамды дамуды талап ететіні белгілі.

       Қазақстандағы құқықтық пен әкімшілік реформалар туралы айтқанда, олардың градулизмі қатысты екенін атап айту керек. Осы  уақытта белгілі бір прогресс көрінді (мысалы: интеллектуалдық меншіктің  құқығын қорғау саласы), осының көп  бөлігі ДСҰ-ға кіру үшін жасалған әрекеттер, ал содан кейін ССК-ны жүзеге асыру міндеттемелерімен байланысты болып отыр.

       Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК қаржыландыратын  жобаның іске асыруы 2004 жылдың қаңтарынан бастап, 2005 жылдың шілдесінің ортасына дейін созылады. Осы жоба заңнамалық прогресстің, саясатты құру техникасының және заңшығарушыларды оқытудың реформаларында қолданылып отыр. Жобаны әйгілі ВСЕОМ консалтингтік фирма басқарады. Оның Қазақстан Республикасындағы әріптестері: Парламентінің Мәжілісі мен Әділет, Экономика мен бюджетті жоспарлау, Индустрия мен сауда, Көлік пен коммуникациялар министрліктерінің юстиция департаменттері және Сыртқы орта мен экологияны қорғау министрлігі болып табылады.

       Жобаның негізгі мақсаттары:

  • Қазақстандық заңшығарушылық үрдісін модернизациялау мен жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • ЕО-мен ССК-ға сәйкес Қазақстанның міндеттемелерімен байланысты негізгі заңдарды дайындауға жәрдем көрсету;
  • Парламент пен министрліктер үшін ССК-мен байланысты құқық сұрақтары, заңшығарушылық бойынша ресурсті материалдарды дайындау мен жариялау;
  • Мемлекеттік қызметтерге халықаралық құқық пен ЕО-дағы қадіргі заңшығарушылық процессі саласында үйретуді өткізу.

       Сәйкесінше  осы Жоба қамтамассыз етілу үрдісімен тығыз байланысқан және осы үрдісте Үкіметтің бірнеше басты міндетелерімен бірге ЕО стандарттарына сай заңшығарушылық реформалауға жету үшін Қазақстанның жүзеге асырылатын міндеттемелерді жылдамдатуы мүмкін.

       Болашақта ЕО Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі  нарықтық экономиканың реформаларына  мен адам құқықтарына, демократияның негізгі принциптеріне көбірек басымдылық береді. Болған тәжірибе арқасында ССК кеңейтілген келіссөздердің негізі бола алады. Мысалы, қажетті дамуы жоқ салалар: ішкі істер мен юстиция.

       ЕО  бізден нақты ережелерді мен ССК  ережелерін іске асыруындағы мәнді ілгеріндіні талап етеді. Заңнаманы реформалауға бағытталған күштердің ССК-ның екінші бесжылдықта өсетіндігі күтіледі.

       Бизнес-ахуалының  жақсаруы ЕО-дан Қазақстанға тікелей  шетел инвестициялардың ағымына  жақсы жағдай жаса алады. ЕО-ның стандарттары ДСҰ-ның стандарттарынан жоғары. Осы стандарттарға заңнама мен интеллектуалды меншік тәжірибесі саласында жетуі инновациялардың мен шетел инвестициялардың, ұлттық мәдениет пен шығармашылықты қорғалуына елеулі ықпал етіп, тұтынушыларды қарақшылықты тауарлардан сақтайды. ЕО-ның тұтынушыларды сақтауға қатысты стандарттар қоғамға нарықтық экономиканы реформалау үрдісіне қатысу құқығын береді.

       Қазақстан мен ЕО арасындағы сабақтастық пен серіктестік қағидалары екі жаққа да елеулі болғаны белгілі сенімсіздікті туғыза алады. Екі жақта ешқандай сиқырлықты күтпейді. Бірақ үзілмейтін нақты шарттар Жобаның мазмұны мен мәнінің түбегейлі негізі болып отыр. Осы деңгейде Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарында үлкен қызығушылықтың болуы қажет етіледі, ал болжамдар келесі жылдардағы тығыз байланыстардың болуын көрсетеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданған әдебиет тізімі

 
  1. Андреещев Р.Ю. «Один шаг вперед, два шага назад», электронды құжат: http://www.ebiblioteka.ru/ sources/ article;
  2. Андреещев Р.Ю. «Проблемы торгово-экономических отношений России и Казахстана» Доклад на научной конференции «Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века», ақпан 2001. РФ СІМ Дипломатиялық академия. http:// www.ebiblioteka.ru;
  3. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;
  4. Ержанов «Халық аралық экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж;
  5. Жуков Е.Ф. «Халықаралық экономикалық қатынастар»  Москва 1999ж;
  6. «К  вопросу о межрегиональном приграничном сотрудничестве с Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 2000 ж шілде, www.ebiblioteka.ru;
  7. Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж;
  8. Мамыров Н.Қ «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998ж;
  9. «Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г;
  10. Николаенко В. Россия и Казахстан. «Международная жизнь», 1998. №11-12;
  11. Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;
  12. Сахариев С.С, Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» I том, Алматы 2003 ж;
  13. Семенов К.А. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;
  14. Стюарт Ю. «Соглашение о партнерстве между ЕС и Казахстаном – спустя 5 лет». Мысль – 2005 №2;
  15. Саясат журналы «1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан Республикасы экспортының даму тенденциялары» 1999 ж тамыз;
  16. Токаев К. «Политика новой эпохи» РФ 1999 №19;
  17. Экономика Республики Казахстан. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1997 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Кіріспе

 

       Әлемдік  экономика қарқыны әрдайым өзгермелі. Шаруашылық субъектілер мен мемлекеттер  әлемдік нарығында өздерінің  қажеттіліктеріне сай тауарларды, ресурстарды, қызметтерді мен өндіріс фрокторларды таба алады. Халық аралық саудамен мемлекет ешқашан байланыс үзбейді. Халықаралық қатынастардың дәстірлі және ең жақсы дамыған түрі сыртқы сауда болып қала береді. Халықаралық экономикалық қатынастар көлемінің 80 % сыртқы сауда алып жатыр. Бастапқы нүктесі ағылшын классикалық политэкономиясынан дамыған сыртқы сауда теориясы әлемдік экономикалық ойымен бірге бірнеше эволюциялық деңгейлерден өтті. Әрбір мемлекет үшін сыртқы сауданың ролін кемсітуге қиын, Дж.Сакс ойы бойынша «Кез келген әлем мемлекетінің жетістігі сыртқы саудаға негізделеді. Қандай да болсын мемлекет әлемдік экономикалық жүйеден оқшауланып, жетілген экономиканы құра алмады». Қазіргі уақытта мемлекеттің әлемдік саудаға белсенді араласуы үлкен артықшылықтармен байланысты: елдегі бар ресурстарды тиімді қолдану; әлемдік ғылым мен техника жетістіктеріне қосылу; өзінің экономикасын өте қысқа мерзімде тез, толық және жақсы қайта құру мен өз халқының қажеттіліктерін тез және жан-жақты қанағаттандыру.

Қазақстанның сыртқы саудасы