Банк активтерінің жіктелуі
Жоспар:
1.БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1.Банк активтерінің сипаты мен сапасы
1.2.Банк активтерінің жіктелуі
1.3.Активтер бойынша
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің
активті операцияларының
2.2. Коммерциялық банктердің
активтік операцияларының
2.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу
3 – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының
коммерциялық банкі өзі
Коммерциялық банктердің
ресурстарының құрылымы
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Қазақстан Республикасының
коммерциялық банкі
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде – Банк ресурстары туралы ұғым және оның қызметі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар оларды жоспарлау реттеу қарастырылған.
Осы бөлімде жалпы
банк ресуртарына жалпы
Екінші бөлімде, банк ресурстарын жоспарлау және реттеу, Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтеріжалпы сипаттама және банктің меншікті капиталының жіктелуі, банк депозиттерінің операциялары және депозиттік емес ресурстары қарастырылған.
Осы бөлімде Банктің
меншікті капиталына сипаттама,
Курстық жұмыстың мақсаты
– Қазақстан Республикасының
банктеріндегі банк
Курстық жұмыстың міндеті
– еліміздегі екінші деңгейлі
банктердің банк ресурстарының
жетілу жолдарын және
Курстық жұмыстың жазылуы
барысында және тақырыптың
- БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫ
РУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Банк активтерінің сипаты мен сапасы
Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстар- ды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердіңсапасы активтік операциялар дың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін томендегідей төрт топқа бәлуге болады:
- касса және оган теңесетін ақшалай қаражаттар;
- берілген несиелер;
- багалы қагаздарга жасалынган инвестициялар;
- банктің гимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің колеміне, толық бағалы емес активтердің ұлес салмағына, активтердің колеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк озінің міндеттемелерін кұнделікті орындап отыруын қам- тамасыз етуі ұшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын та- лаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және отімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бәлінеді:
- жогары өтімді активтер;
- өтімді активтер;
- узақ мерзімді өтімді активтер.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерге ар- налған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді актив- терге мыналар жатады:
- қолма-қол ақшалар;
- мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары,
- сондай-ақ етімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
- құйма қымбат бағалы металдар;
- Ұлттық Банктегі Зіапсіагсі & Роогз және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» томен емес ұзақ мерзімді
- рейтингі бар бейрези- дент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
- stаndагd & Рооrs және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасы- ның банктерге берген «овернайт» займдары.
Банктің бұл қаражаттары банк айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің етімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда атал- ғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 кұнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 кұн ішінде аталған банкке келіп тұсуге тиісті басқа да толемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдік- пен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Ұкіметтің кепіл- хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды қепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1 топ. Алгашқ ырезервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
Касса;
Орталық банктегі коррьиоттагы және өзге де шоттардагы ақшалай қаражаттар;
Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттагы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып та- былады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды болігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты козін құрайды.
4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
- Банк активтерінің жіктелуі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспен бірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларға қарсы провизиялар құру туралы мәліметтер береді.
Мұндағы активтерге занды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.
Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және
үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың
сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз
алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік
тарихына, несиелердің жіктелу
Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.
Занды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 5-қосымшада берілген.
Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі озінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корроспонденттік шоттан қаражатты аудару уақтында жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.
Сонымен қатар, егер А тобындағы
рейтингінен төмен емес Ііейтингі
бар шетел банкінде немесе Қазақстан
Республикасының суверенді
Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспондентті к шот бір категорияға төмендеп жіктеледі (6-қосымшаны қараңмыз).
Бағалы қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы кағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады.
Занды тұлғалардың акцияларын
жұмсалынған инвестициялар
А тобындағы рейтингінен төмен рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жұргізеді.
Бағалы қағаз эмитентінің қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі (7-қосымша),
Дебиторлық қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі үш айдан жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары жатады. Қайтару мерзімі алдын ала белгіленбеген, бірақ банк балансында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категорияға төмендейді.
Егер бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған күнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жұргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жұргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді (8-қосымша).
- Активтер бойынша провизиялар қ
алыптастыру
Банктің шарты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент ұшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жұзеге асады.
Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған кұннен басталады.
Шартты міндеттеме бойынша сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады.
Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі (9-қосымшага қараңыз).
Несиелердің, басқа банктердегі банктік депозитерінің (соның ішінде корреспонденттік шоттардың), бағалы қағаздардың, дебиторлық қарыздар және шартты міндеттемелердің жіктелуі 10-қосымшада берілген критерийлерге байланысты жүзеге асады.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құрылады
Провизиялар — активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар — бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу ұшін құрылған провизиялар,
Арнайы провизиялар - бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мұмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі. Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы кұнінен 7 күн бұрын жасалатын жіктелім оның мақсаты:
айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартгы міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау; провизияның мөлшерін болжау; айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу; қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау.
Ақырғы жіктелім. Айдың
соңғы күнінде банктің
Жіктелімді жасауға негізінен банктерде мысалға ТұранӘлем банкі АҚ-да мынадай бөлімшелер қатысады
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
- Несиелік операциялар;
- Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
- Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
- Кассалық операциялар
- Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
- Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
- Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие.
- Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
- Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн банкаралық несиенiң түрi;
- Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа мерзiмдi несие;
- Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
- Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
- Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн несие;
- Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары клиенттеге берiлетiн несие;
- Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады.Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- Мемлекеттік бағылы қағаздар;
- Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
2.2. Коммерциялық
банктердің активтік
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден
айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген
төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан
кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг
берушiнiң банктiк меншiк
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
- Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
- Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
- Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Лизинг операцияларының кемшiлi
- Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
- Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
- Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын ұмытпау қажет.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:
Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
- лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
- лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты;
- лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
- жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға өткiзуi;
- лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуi;
- лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi сақтандыру щаралары;
- лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
- лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық қойылымдар;
- лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк жеңiлдiктер мен көмектер.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
“Фактор” сөзi ағылшын
тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал”
деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық
жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықта

- Банк Англии
- Банкаралық ақша аударымдар жүйесі арқылы есеп айырысу
- Банкаралық кредит рыногы
- Банкаўская і крэдытная сістэма Беларусі
- Банк вакансий
- Банк валюттык операциялары
- Банк данных
- Бандитизм, состав и виды этого преступления, отличие данного преступления от организации преступного сообщества
- Бандитизм, состав и виды этого преступления, отличие данного преступления от организации преступного сообщества.
- Бандитизм, состав и виды этого преступления. Отличие данного преступления от организации преступного сообщества
- Банерная реклама
- Банк
- Банк ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі
- Банк активларини моҳияти ва уларнинг хусусиятлари бўйича назарий асослар