Банк менеджменті. 5



ЖОСПАР

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.......................................5

1.2. Банк менеджментінің негізгі бағыттары......................................................13

 

II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.

2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру...........................................................17

2.2. Банктерді басқару принциптері ....................................................................20

 

III тарау Қазақстан Республикасы банк менеджментін дамыту және жетілдіру жолдары

3.1.  Қазақстан Республикасында банк тұрақтылығын басқаруды қамтамасыз ету және банк  менеджментін дамыту ................................................................25

 

Қорытынды ............................................................................................................31

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Кіріспе

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.

Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.

Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.

Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Курстық жұмыс тақырыбы – «Банктік менеджмент және оның ерекшелігі» болып табылады.

Банктік менеджмент  -  бұл менеджмент жүйесіндегі  айрықша сала болып саналады. Менеджмент  - клиенттердің қаржылық  дамуына  неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында  алуан түрлі  банк қызметтерін  көрсету мен операциялар жасау   және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің,  жеке орындаушылардың  мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады. Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым: нарықтық экономикадағы коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің маңызын , олардың бағыттарымен ерекшеліктерін және олардың жетілдіру жолдарын, ролін, пайдасын тереңірек түсініп ашу.

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде. Қаржы менеджменті қаржы ресурстарының қозғалысының процесі кезіндегі шаруашылық субъектілердің арасында пайда болатын қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржы менеджменті басқару стратегиясымен тактикасынан тұрады. Стратегия дегеніміз – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы бағыттар мен қаражаттарды пайдалану әдістерін айтады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін белгілі ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Банктік менеджмент –банк ісін персоналдық басқару жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі нақты тәжірбиені ғылыми басқару әдісіне қарай реттейді.

Курстық жұмыс  кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылыған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарауда - Банк менеджментіне жалпы сипаттама берілген, банктік менеджменттің түсінігі, ерекшелігі және негізгі бағыттары қарастырылған.

2-тарауда - Банктердегі басқару процессіне сипатталған.

3-тарауда - Қазақстан Республикасы банк менеджментін дамыту және жетілдіру жолдары қарастырылып, Қазақстан Республикасында банк тұрақтылығын басқаруды қамтамасыз ету және банк  менеджментін дамыту жолдары айқындалған.

Курстық жұмысты жазу барысында құқықтық - нормативтік актілер, соның ішінде «Банк және банк жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының  заңы және  бұдан басқа жумысты орындау барысында отандық жане шетелдік әдебиеттердегі  және де мерзімдік басылымдардағы мәліметтер пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама.

 

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен оң операциялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жалғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:

•              нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін
бағыттау;

•              мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;

•              өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;

•  үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы;

•  жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;

•  бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру;

•  мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;

•  әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы;

•  ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;

•  қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

"Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.

Адам — басты түлға.

Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады.

Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.

Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.

Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.

Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:

• ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің •              несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен
банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін
камтамасыз ету;

• іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру;

• аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі;

• олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта да-
ярлаудың жөне орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарга сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық жөне әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.

Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.

Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін (рентабельділігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфиденциалдығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банктің қабілетін жатқызуға болады.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджменттін тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақсатына мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.

Макро - және микро деңгейлердегі несие қатынасы мең ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарльіқтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туындайды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешімдерді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады. Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үйрену көзделеді:

1. Банк қызметі                                                  2. Ұжымды басқару

тарапынан                                                тарапынан

(жүмыстың өзімен)

Банктің мақсаты                                                Жетекші

 

Банктің                                                 Орындаушы

міндеттері

Қабылданатын                                              Олардың

шешім                                                   жауапкершілігі

 

Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы атқарылады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жауап береді.

Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде — коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).

Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішіңде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.

Дамыған еддердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапония) коммерциялық банктеріндегі үжым менеджменттетінде былайша топтастырылады:

1. Жоғары басшылық                                   ► Стратегиялық шың

2. Жауапты қызметкерлердің деңгейі

(бөлімдердің, комитеттердің,               ►    Техникалық қүрылым

сарапшылардың бастығы)

3. Арнайы қызметкерлер, қызмет     ►       Қосымша (көмекші) деңгей

көрсету процесі

4. Операциялық зал,

касса, инкассация,                                           ►      Жұмысшылар бөлігі

инспекторлар, басқа кіші

қызметкерлер

Атап көрсетілген топтарға мыналар жатады: Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі, банк Президенті және вице-президенттер.

Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жүмыстарды орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар.

Заңгер, психолог, социолог, бағдарламашы, математик, физик, геолог және ғылыми орталықтар банктің позициясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.

Инспекторлар, бөлімдердің қызметкерлері, бухгалтерлер, кассирлер, техниктер, инкассаторлар және т.б. орындалатын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжаттық түрде жүзеге асырады. Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек қызметінің сипаты мен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.

Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіреьтін арақатынас маңызды орын алады. әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімді  шешім қабылдаумен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады. Ол ең алдымен , келесілерден тұратын банктік менеджменттің өз мақсаттарына айқындайды:

1.      Ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субьект ретіндегі тиімді жүмысын қамтамасыз ету;

2.      Несие беруші мен салымша мүдделерінің сақталуы  мен банк сенімділік кепілі ретінде банк баллансының өтімділігін қамтамасыз ету;

3.      Іскерлік байланыстардың тұрақтылығы мен ұзақтылығын келістіретін, көрсететін қызметтердің көлеміне    құрылымына және сапасына деген  қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;

4.      Аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық  және әлеуметтік проблемаларының  табысты шешудің үйлесімі;

5.      Олардың әлеуметтік  мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың , қайта даярлаудың және орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атапе көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра сапалы және әлеуметтік көрсеткішті орындауға бағдарланады. 

Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына  қатынасы бар. Банк клиентінің саны мен олардың шоттары, депозиттер көбіне несие салымдары, инвестициялары, банк жасайтын операциялармен қызметтік көлемі – міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау, пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана. Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады:

1.      банктік кірістер мен шығыстар көрсеткіштері құрайды. Банктің  тиімділігін  басқару соның көмегімен жүзеге асырылады;

2.      қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларға жұмсалатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдағы көрсеткіштерін қамтиды.

3.      Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің  құрылымы мен сапасы бойынша  клиенттердің талап тілектерін  қанағаттандырады, дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай ақ іскерлік келіссөздердің  және ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банкке жатқызуға болады.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын , әлеуметтік мәселелерді шешу декертігін сипаттайды.

Банктік менеджменттің тағы бір ерекшелігі,  салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақсатынад мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетінімен байланысты. Макро және микро деңгейлеріндегі несие қатынасы мен ақша айналымдары , ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарлықтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының  аса кемдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғгни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлар әрекетінен туындайды.

Сонедықтан да банкте неғұрлым жауапты шешімдерді ұжым болып  жауапты қабылдау  қағидасы қолданылады, несие берушылерді болуы мүмкін тәуекелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы несие операцияларын жасау саласындағы құқықтарын бөлу жүзеге асырылады.

Банк менеждменті екі көзқарас тұрғысынан үйрену көзделеді:

1.Банк қызметі тарапынан(жұмыстың өзімен)

2. Ұжымды басқару тарапынан

Банктің мақсаты

Жетекші

Банктің міндеттері

Орындаушы

Қолданылатын шешімдер

Олардың жауапкершілігі

 

Банктің күрделі оаерациялары адамдар арқылы атқарылады.  Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жауап береді. Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді. Әлбемдік тәжірибеде коммерциялық банктер  200-250 дейін қызмет түрлерін көрсетеді.  Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет,  банктің ішінде және сыртында болып жатқандардың бүкілін экономиканы нарықты, заңдарды және тағы басқаларды білуі тиіс. Дамыған елдердің АҚШ, Англия, Франция, Жапония Коммерциялық банктеріндегі ұжым менеджмен былайша топтастырылады:

 

1.Жоғарғы басшылық                     →                  Стратегиялық шын    

2. Жауапты қызметкерлердің                               Техникалық

Деңгейі(бөлімдердің,                     →                     құрылым

комитеттердің,

сараптаушылардың бастығы)                           

3.Арнайы қызметкерлер,                →                    Қосымша(көмекші)

қызмет көрсету                                                             деңгей

процесі

4. Операциялық зал                            →                     Жұмысшылар бөлігі

Касса, инкоссация,

Инспекторлар, басқа

Кіші қызметкерлер

 

        Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын директор кеңесі, банк президенті және вицепрезидентттер. Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жұмыстарын орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары, денгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар. Заңгер, психолг, сациолг, бағдарламашы, м атематик, физик,  гиалогия ғылыми орталықтар банктің позициясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді. Инспекторлар,  бөлімдердің қызметтері, кассир техниктер, инкасаторлар және тағы басқалары. Орындалатын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжаттық түрде жүзеге асырады.

Банктік менеджмент –банк ісін персоналдық басқару жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі нақты тәжірбиені ғылыми басқару әдісіне қарай реттейді.

Банк менеджментінің мазмұн басқару аймағының жұмысымен сипатталады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоққа бөлінеді: қаржы менеджменті және персоналды басқару.

              Қаржы менеджменті ақша өнімінің қозғалысын басқаруды қамтиды, яғни нақты банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның қалыптасуы және орналасуы.

Қаржы менеджментінің негізгі бағыттарына: банк қызметінің әр аймағы бойынша (депозиттер, несиелер, қызметтер, инвестициялар) банк саясатының нақтылығын өңдеу банктік маркетинг, активтерінің пассивтерін, өтімділікті капиталды, несиелік портфельді, банктік тәуекелдерді басқару.

                 Банк менеджментінің екінші аймағы – персоналды басқару-банк қызметкерлерінің білімі мен тәжірбиесіне рационалды қолдануға бағыт беру. Оған еңбек мотивациясы, кадрларды орналастыру, қызметкердің еңбегін ұйымдастыру, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесі, еңбек ақы механизмі, жеңілдіктер мен ынталандыру, қызмет бойынша жоғарылау жүйесі, бақылауды ұйымдастыру ұжымды сөйлесу принциптері кіреді. Персоналды басқарудың ғылыми негізі психология мен іс этикасы болып табылады.

              Банк менеджментінің негізгі бағытын келесі түрде көрсетуге болады:

 

Банк менеджменті

Қаржы менеджменті

Персоналды басқару

1.      Банк саясаты

2.      Маркетинг

3.      Активтермен пассивтерды басқару

4.      Табыстылықты басқару

5.      Меншікті капиталды басқару

6.      Несие портфелін басқару

7.      Банк тәуекелін басқару (валюталық, проценттік т.б.)

8.      Ақпарат жүйесін басқару

1.      Еңбек мотивациясы

2.      Банктің ұйымдастырушылық құрылымы.

3.      Кадрларды орналастыру

4.      Кадрларды дайындау және қайта дайындау

5.      Еңбек жүйесі, ынталандыру және жеңілдіктер

6.      Бақылауды ұйымдастыру

7.      Лауазымды жоғарлату жүйесі

8.      Ұжымда араласу принципі.

 

              Адам ресурстарын басқару барлық басшылармен жүргізіледі, сондықтан да бұл зонадағы басқару жоғары деңгейден төменгі деңгейге дейінгі барлық жұмысшылар қатысады.

              Менеджменттің орталық фигурасын – процессионал (маман) болып табылады, жұмыстың даму болавшағын болжау қабілеттілігі бар, жағдайларды тез бағалайтын және мақсатына жету үшін оптималды шешім табатын басқарушы. Менеджер маманданған және жеке сапалы қасиеттермен қамтылуы қажет: жоғары компетенттік, ойлау қабілеттілігімен, тәуекелге ақылмен баруы, бекітілген жоспарын орындауға қабілеттілігі және ұжымда лидер болуы тиіс.