Банк қызметтерін қадағалау және бақылау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
..............................
Негізгі бөлім.
I бөлім. Банк және оның қызметі және оны қадағалау негіздері
1.1 Банктердің
қызметі мен міндеттері .......
1.2 Банктік
қадағалаудың концептуалдық
II бөлім. Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
- Банктік
қадағалаудың процестік сатылары......................
....................... - Банктік қадағалау жүйесінің маңызы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ролі..
III бөлім. Нарықтық экономикадағы банктер қызметін қадағалау және оны жетілдіру шаралары
3.1 Коммерциялық
банктердің экономикадағы
3.2 Банктің қадағалаудың
шетелдік тәжірбиесі...........
ҚОСЫМШАЛАР....................
ҚОРЫТЫНДЫ
..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
..............................
Кіріспе
Республикамызда
банктерді бақылау мен
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды халыкаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырдастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мумкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Курстық жұмыстың мақсаты –банктік қызметті бақылау және қадағалау және оның тиімділігін талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- банктік қызметті бақылау және қадағалау жүргізу аспектілері;
- банктік қызметті бақылаудың мәні мен рөлін;
- банктік қызметті бақылаудың әдістерін;
- банктік қызметті қадағалау және бақылаудың түрлерін талдау;
- Қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық бақылауды;
- банктік қызметті бақылау және қадағалауды жетілдіру шараларын зерттеу.
Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен (тексерілетін субъект жекелеген жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.
Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 тараудан, қортыныдыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, банктік қызметті қадағалау және бақылаудың мәні мен рөлі, бақылаудың әдістері қарастырылды.
Екінші тарауда, банктік қызметті қадағалау және бақылаудың түрлерін талдау, қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық бақылау ретінде талданды.
Үшінші
тарауда, қаржылық бақылауды ұйымдастыру,
қаржылық бақылауды жетілдіру шаралары
сипатталды.
I бөлім. Банк және оның қызметі және оны қадағалау негіздері
1.1 Банктердің қызметі мен міндеттері
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері мынадай болып
келеді:
- ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
- несие беру;
- шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
- төлем құралдарын шығару;
- бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
- сенімхат бойынша клиенеттредің мүлкін басқару яғни траст операциясын жүргізу,
- клиенттерге кеңес беру;
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру
банктердің
ежелден атқаратын
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі бір қызметі- несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жайттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.
Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әртүрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жире жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерді төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты болып келеді. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысал, егер клиент банкке 10 мың долл. салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты.
Келесі мысал. Банк қарыздарға 100 мың долл. сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді дедік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
Дегенмен,
банк өзінің қызметі барысында ақша
шығарумен қатар ақшаның
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсыры бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол
сияқты банктер мемлекеттік
Банктер
сенімхат бойынша клиенеттердің
мүлкін басқару қызметін де атқарады.
Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға
құқығынан айырылғандардың
Бірақ бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде, ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:
- несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша-ақша нарығындағы конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы мен формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу,
- бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша-бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
- күрделі қаржы беру бойынша-құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес, операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті арқылы жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттердің бірі-бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиісді қолдану мәселесі туады.
Бұл қашықтан қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан
қадағалау әдісі-бұл банктердің
қадағалау органдарына
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылаьын банк балансы мен қаржылық есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелділік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты-енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
- банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру;
- банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау;
Банк активтері-пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әртүрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары. Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:
- капитал;
- активтердің сапасы;
- пайдалылық пен рентабельділік;
- өтімділік;
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің түрі
факторинг.
Факторинг алғашқы кезде ХІХ
ғасырдың аяғында таман АҚШ-та пайда
болды, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған
Батыс Еуропада қолданылды.
1.2
Банктік қадағалаудың
концептуалдық негізі
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие-банктік сфера мемлекеттік оргаңдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен кадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды халыкаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Республикада
банктер үстінен халықаралық бақылауды
Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомоствалық болады.
Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.
Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.
Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны - Ұлттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы VI тарауда толығырақ берілген.
Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруалық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардың растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.
Өз
қорытындысында аудиторлар жіберілген
қателер мен кемшіліктер
Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.
Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.
Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.
Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б, шақыра алады.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады. Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің тұрақтылығын қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады. Бұл қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтан
қадағалау әдісі – бұл
Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдікң деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрлымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелердің қаржылық тұрақсыздыққа ұшыруғеа жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін
- Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
- Банктердің қаржылық қызметін, қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
II бөлім. Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
- Банктік қадағалаудың процестік сатылары
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сұрақтарды қамтиды:
- капитал;
- активтердің сапасы;
- пайдалылық пен рентабельділік;
- өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау. Капитал – банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді. Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын талдаушы мынадай сұрақтарды екскеруі қажет:
- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
- Ең төменгі мөлшерді асқан жағдай бар ма?
- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?
- Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік оперциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеуцшілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды. Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтер алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа ссудаларға байланысты болады.

- Банк қызметтерш
- Банк маркетингінің түсінігі мен мәні
- Банк менеджменті
- Банк менеджменті
- Банк менеджменті
- Банк менеджменті
- Банк менеджменті
- Банк как участник рынка ценных бумаг
- Банк как экономический механизм и структура его операций
- Банкке тартылған қаражат есебі
- Банкке тартылған қаражаттар
- Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеті
- Банк қарыздарының жалпы сипаттамасы
- Банк қызметінің бағыттары