Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы

    Жоспар

     Кіріспе……………………………………………………………………..3

   І.Банктік емес несиелік мекемелер түрлері

   1.1 Инвестициялық және иновациялық қорлар………………………….5

   1.2 Сақтандыру қорлары…………………………………………………..9

   1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………...12

   1.4 Қор биржалары……………………………………………………….15

   1.5 Кредит серіктестігі…………………………………………………...17

   ІІ. Банктік емес несиелік мекеменің  ағымдағы жағдайы.

   2.1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………..35

   2.2. Сақтандыру компаниялары…………………………………………49

   ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………...55

   IV. Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………….56  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу  жөніндегі стратегиялық міндеттің  орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.  Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

   Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану  үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі  жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

   Бүгінгі күнгі өзекті мәселе- дағдарыстан  шығу.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа  жолдауында:

     Мемлекет дағдарыстың алдын алудың  барлың шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр.

   Өмірге  қабілетті және икемді экономика  жасау үшін біз дәйектілікпен  күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттік.

   Нақ сондықтан да бүгінде біздің айтарлықтай  мүмкіндігіміз бар және ойластырылған  әрі тиімді дағдарысқа қарсы саясат жүргізуге жағдайымыз жетеді.

    Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

   Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды,-деген болатын.

     Осы банктік емес ұйымдарды дамыту арқылы дағдарысқа төтеп беру.

    Курстық жұмыстың мақсаты-Қазақстан республикасындағы банктік емес ұйымдардың жұмыстарының дұрыс орындалуы мен олардың экономикалық  өсуді ынталандырудағы үлесін зерттеу.

    Курстық жұмыстың міндеті-Банктік емес ұйымдардың жүзеге асыратын операциялары жөнінде мол мағлұмат беру және олардың экономикада қажеттілігін көрсету.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I.Банктік емес кредиттік ұйымдар

                       1.1 Инвестициялық инновациялық қорлар

    Маманданған қаржы-несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйесінің маңызды және объективті қажетті буыны болып есептеледі. Мұндай мекемелерсіз несие жүйесінің экономикалық түрлі буындары мен халыққа көрсететін қызметтері толық болмай қалар еді.

    Несиелік  мекемелер  клиентураның белгіл бір тұрпатына қызмет көрсетуге немесе негізінен банк қызметінің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағдарланады. Олардың қызметі негізінен нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге және әдеттегідей ерекше клиентураға және айрықшалықты атқарымдарды беруге шоғырланады.

    Мұндай  мекемелерге қосарлы бағынушылық  тән, бір жағынан , несие есеп айрысу операцияларын жүзеге асырумен байланысты болғандықтан, олар Орталық банкінің сәйкес талаптарын басшылыққа алуға мәжбүр, екінші жағынан, қандай да болмасын қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға маманданып, олар тиісті ведомстволардың ретке келтіретін әрекеттеріне ұшырайды.

    Инвестициялық және инновациялық компаниялар ақшалай қаражатты, оның ішінде облигациялық заемдар, акциялар мен басқа бағалы қағаздарды ұзақ мерзімдерге шоғырландыруға және ұзақ мерзімді несиелер беруге маманданады. Инвестициялық компаниялар ұзақ мерзімді жұмсалымдар үшін қаражаттың жетіспеуін бастан кешірген кәсіпкерлер мен қаражатты ұзақ мерзімге салушы салымшылар арасындағы делдалдық мекемелер түрінде болады. Инновациялық компаниялар да, сондай-ақ инвестициялық болады, тек технологиялық жаңа енгізілімдерді әзірлеуді және игеруді несиелейді.

     Инвестициялық қорлар 7 шілде 2004 ж ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

ҚР-да инвестициялық  қордың 2 түрі бар:

  1. Акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
  2. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.

       Ашық ҮЖИҚ ҚР «инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай 2 аптада 1 рет ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына 1 рет сатып алуды ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

    Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуге құқы жоқ.

    ИҚ  инвестициялық қызметі лицензиясының  бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының  немесе осы қордағы жарналық  үлесті иеленушілердің  немесе басқарушы  компания қоры акционерлерінің табыс  алу мақсатының жинақталуымен анықталады.

    Басқарушы компания бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушы, инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.

    Инвестициялық деклорация – ИҚ активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу және мақсатын, стратегиясын сақтандыру шарттарын және қор активтерін әртараптандыратын инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.

Инвестициялық кіріс (табыс) – олардың инвестициялар нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.

  1. Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлартуралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның  инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлейді.

    АИҚ жоғарыда көрсетілген өзге қызметті іске асыруға, «алтын акцияны» енгізуге, еншілес ұйым құруға, жай акциядан басқадай қаржылық құралдарын шығарып және орналастыруға құқығы жоқ.

    Офшорлық  аймақта тіркелген заңды тұлғалар, осы компаниямен келісімшарт  жасасқан басқарушы компания, тіркеуші мен кастодиян ИҚ құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.

    Басқарушы компания, кастодиян мен тіркеуші өзара байланыста болмауы керек.

    АМҚ жарғысында ҚР «Инвистициялық қорлар туралы» Заңнын белгіленген талаптары  мен оның  оның инвестициялық  декларациясының шартына сәйкес  инвестициялау қызметі ИҚ-дың  айрықша түрі болып табылатыны, АИҚ  органдарын ұстаудағы шығынның ең көп мөлшері, түрлері мен тәртібі инвестициялық декларацияда белгіленуі керек.

    АИҚ ақшалары тек қана ұлттық валютаның  ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру  кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.

  1. Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).

    Үлестің жарна инвестициялық қор заңды  тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық  жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы  компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырады.

    Үлестік жарна  құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқықтарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен акцияны алуға құқық береді.

    Үлестің инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық алу  мың еселік көрсеткішін құрайды.

    ҮЖИҚ  қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттеліп отырады.

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық  жарна қоры 2004 ж соңына таман пайда  болды. Басқарушысы Compass компаниясы 2004 ж қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен,  екінші тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларды тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының жаңа сегменті ашылды.

Сол жылы инвестициялық қоржынды басқару жөніндегі (бойынша) Сентрас-Секьюритиз компаниясы Қазақстанда алғаш рет «Қазыналық» ашық ҮЖИҚ құрды. Қазақстанда бірінші рет құрылып отырған ашық ҮЖИҚ  қаржы нарығының даму тарихындағы елеулі кезеңі болып табылады. Сонымен ол елдегі қалыптасқан жинақ ақша мен инвестицияның құрылымын жеке тұлға ретінде және корпоративті құрылымын өзгертуге  қабілетті. Себебі банктегі депозиттің пайызына қарағанда үлес жарнасының табысы анағұрлым жоғары.

Ресейде бірінші ҮЖИҚ 1996 ж пайда болды. 5 жылдан кейін олардың кейбіреудері жылына 125%-ға дейін пайда тапты. Шынында, кейіннен олардың табысы төмендеп, 10-45%-ға дейін ауытқыды, қазірде олардың саны бірнеше жүздеп саналады.

2005 жылдың  басында Қазақстанда 6ҮЖИҚ тіркелген  болатын, мамандардың болжамдары бойынша шамамен қазақстандардың 10% өздерінің жинаған ақшалары осы қорларда сақтайды, - дейді.

    Ипотекалық компаниялар жер және жылжымайтын мүлік кепілдігімен ұзақ мерзімді мерзімді негізде қаражаттарды тарту және орналастыру жөнінде несие операцияларын іске асырады. Мұндай банкілердің пассивінің ипотекалық облигациялар,акциялар мен басқа бағалы қағаздар елеулі үлесін құрайды.

Салалық және аймақтық банкілердің мамандандырылу дәрежесі, олардың активтер мен пассивтерінің  қалыптасу ерекшелігі олардың қызмет ету саласына, сондай – ақ салалық клиентураның шаруашылық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері мен өндірістік үдерістің жасаған және басқадай ауытқуларына байланысты болады.

Ломбардтар жылжымалы мүліктердің кепілдігімен несиелер беретін несие мекемелері болып табылады.Тарихи тұрғыдан ломбардтар өсімқорлық несиенің жеке меншік кәсіпорны ретінде пайда болды.Соңғы кезде ломбардтардың қызметіне мемлекет пен жеке меншік капиталдың қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік ломбардтар, коммуналдық ломбардтар, жеке меншік ломбардтар және аралас тұрпаттағы ломбардтар болып бөлінеді.

Ломбард – банк болып есептелмейтін заңды  тұлға (коммерциялық ұйым), ол ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы негіздемесінде банк және басқа операциялардың келесі түрлерін жүргізуге құқылы:

  • ломбард операциялары : депозиттелетін және жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктің кепілдігімен қысқа мерзімді несиелерді беру;
  • жағдандық (сейфтік) операциялар : клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі жағдандық (сейфтік) жәшіктерді, шкафтар мен бөлмелерді жалға беруді қоса қызметтер;
  • лизингілік қызметті жүзеге асыру ;
  • зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар мен тастарды сатып алу, кепілге өабылдау жіне сату.

                              
 

                      

1.2 Сақтандыру қорлары.

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың  орнын толтырып, сонымен жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың  мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Сақтандырудың түрлері. Сақтанды мынандай болып бөлінеді:

  • Міндетті дәрежелері бойынша:

А) ерікті;

Ә) міндетті;

-  Сақтандыру  объектісі бойынша:

      А) жеке;

      Ә) мүліктік.

Міндетті  сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндеті азаматқа жүктелмеу керек).

Ерікті  түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттігі және басқа  да мүдделерін сақтандыруы жеке басын  сақтандыруға жатады.

Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік  және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.

Азаматтығы  жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін  ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар,ҚР заңды  тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50%-дан аспауы керек.

Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұйым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтайшыларды таңдау бойынша құрылады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымдару шаруашылық жүргізу  құқығына негізделген кәсіпорын  түрінде құрылады. Ұйымдастыру-құқылық  және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агенттігі ақшалай қаражатын белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50%-нанастам емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай-ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың алған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.

Сақтандыру  компанияларының пассивті және активті  операциялары айрықша сипатта болады да, банктердің осыған ұқсас операцияларынан  өзгешелеу болып көрінеді.

Сақтандыру  компанияларының пассивтері заңды  және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

Өзге  пассивті бап үлесі шамалы, оған пайда есебінен қалыптасқан акционерлік  капитал жатады.

Сақтандыру  компанияларының активті операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан, сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.

Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде  сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесіне операциялық шығындарды қосса инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.

Сақтандыру  мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативті міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгілеген норма мен лимиттерді сақтау болып табылады.

Сақтандыру  компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.

Сақтандыру  резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.

Компания  меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер  мен сақтандыру резервтеріне оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.

Компания  міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтандырылуда немесе қайта сақтандырушының  сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резерытермен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай  болу керек.

ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен  реттеу бойынша агентігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.

Сақтандыру  ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру  туралы» заңымен реттеледі.

1.01.2006 ж  Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары  жұмыс істеді. Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд теңге, жарғылық капиталы – 17,7 млрд теңге, сақтандыру төлемінің шығыстары – 6,7 млрд және сақтандыру сыйақысы  - 40,0 млрд теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд, ерікті жеке басын сақтандыру  - 4,5 млрд, ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ-тың – 20,0 долларын құрайды. Белгияда – 3283, Австралияда – 2039, Чехияда – 364, Сербияда – 41 доллардан келеді.

                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       1.3Жинақтаушы зейнетақы қорлары

Жеке  меншік және мемлекеттік зейнетақылық қорлар, халықтың салымдарын жұмылдырып, ірі капиталға ие болады және оны корпорацияның акциялары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ несиелер береді.

Зейнетақы қорының негізгі міндеті:

  • Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
  • Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
  • Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.

1993 жылдан  бастап ол Еңбек және әлеуметтік  қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке  енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.

Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен  қатар кәсіпкерлік қызметтің  түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын – Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.

Қордың  бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.

 Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалық институт.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЗЕҚ) халықың  зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан – 10%) және келісімшартқа  сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін қор  зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБҚ)

Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң кастодиян-банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиян ақша қаржысының құнды қағаздармен мәмілеге арналған және оған сеніп тапсырылған бағалы қағаздардың есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Зейнетақы қоры корпоротивті активтердің жалпы  сомасын, инвестицияланған қаржының сомасын, қаржылық инвестиция құнының өзгеруі, бағалы қағаздардан өткізуден болған түсімнің сомасы мен комиссиялық сыйақы сомасын кастодиан-банкісі салыстырып тексеріп отырады. Зейнетақы активін басқару компаниясымен мыналар салыстырылып тексеріледі: зейнетақыф жарнасының түскен сомасы, жинақталған зейнетақыдан төленген сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаржы сомасы, ивестициялық табыстан алынған сома, басқа қорларға ауысып кеткен салымшылар саны мен олардың сомасы.

Жинақтаушы  зейнетақы қорлары:

  • Ашық;
  • Корпоративті болады;

Азаматтың жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшыдан жинақтау жарнасын қабылдауды ашық зейнетақы жинақтаушы қорлары жүзеге асырады.

Корпоративті  ЖЗҚ – осы қордың акционерлері мен құрылтайшылары болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды тұлғаның алушы қызметкерлері үшін құрылады.

ЖЗҚ акционерлік  қоғам нысанында құрылады және ҚР қадағалау мен бақылау агенттігінің келісімі бойынша филиалдары мен  өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы  жарналарын қабылдау бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы  жарналарын қабылдау бойынща қызметті және зейнетақы төлемін жүзеге асыру ҚР заңында белгіленген ҚР қадағалау және басқару бойынша агенттігінің тәртібімен лицензияланады. 20 маусым 1997 ж ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы( заңына с»йкес ЖЭҚ өзгертуге және толықтыруға құқы бар:

  • Зейнетақы қорларының іске асыруға;
  • Өзінің қызметі (жұмысы) үшін комиссиялық сыйақы алуға;
  • Зейнетақы активін басқарудың инвестиция бойынша қызметін өз алдына жүзеге асыру;
  • Зейнетақы келісімшартының жағдайына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

ЖЗҚ міндетті:

  • Зейнетақы алушының төлемдерін жүргізу;
  • Жинақталған зейнетақыны жеке есепке алып және төлеуді жүзеге асыру;
  • Салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақысының жағдайы туралы ақпаратты беру;
  • Зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдармен келісімшарт жасасу;
  • ЖЗҚ зейнетақы  шартын жасасқан  азаматтарға тең жағдайды жасауды қамтамасыз ету.
Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы