Банктік менеджмент. 2

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі  білім беру институт   

Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

«Бекітемін»

     «Бизнес және құқық» факультетінің деканы 

   э.ғ.к., доцент_________ Қалықова Б. Б. 
 
 
 
 

  

6М050700 - « Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының  

БАҒДАРЛАМАСЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011 ж. 

Авторлар: Касенов  К.Р.-э.ғ.д.,рофессор

                   Керимова У.К.-э.ғ.д.,профессор м.а.

                  Есенгазиева С.К.-э.ғ.к., доцент м.а.  
 
 

         Оқуға түсу емтиханы пәндердің типтік бағдарламалары негізінде жасалған (Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, өндірістік менеджмент,инновациялық менеджмент, экономиканы мемлекеттік реттеу, бизнесті ұйымдастыру ) мамандығы (050507-«Менеджмент»)  
 

      Оқуға түсу бағдарламмасы кафедра отырысында қаралды 

          «    »                   2011ж., хаттама № __ 
 

     Кафедра меңгерушісі                                    э.ғ.д., проф.  Қасенов Қ.Р. 
 
 

     Оқуға түсу бағдарламасы «Бизнес және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған   «  »                  2011ж.,      хаттама №  
 

Төрайымы                                        Байболтаева Н.А. 

      Оқуға түсу бағдарламасы жоғары оқу орнынан  кейінгі білім беру институтымен келісілген

                     

                       ЖООКБ Директоры  ________________________Акилова Ұ.Ш. 

КІРІСПЕ  

    Менеджмент  қазіргі уақытта экономиканы  басқарудың әр түрлі деңгейлерінде  ең өзекті және дамып келе жатқан тақырыптардың  бірі болып табылады.

    Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында  нарқытық қатынастардың даму жағдайында, ұйымдарды тиімді басқару үшін менеджменттің  теориясы мен практикасын экономиканың түрлі салаларында тереңірек  меңгеру қажет. Экономикалық дамыған  мемлекеттер өндіріс немесе қызмет көрсетудің барлық процестерін ғылыми тұрғыда және дұрыс басқарудың арқасында инновация және жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарлардан көрінуде.

    Сондықтан да, шетел мемлекеттерінде, сондай-ақ Қазақстанда басқару проблемалары мемлекеттік деңгейде және жеке әр ұйымдарда қоғам назарындағы жалпыұлттық идея болып қалыптасты.

    Аталған мамандықтың кәсіби және ғылыми-педагогикалық  қызметі экономиканың нақты секторы, жоғарғы оқу орны, қаржы-банктік  жүйе, бизнес және кәсіпкерлік сияқты салаларда жүзеге асуы мүмкін.

    Кәсіби  және ғылыми-педагогиялық қызмет пәні келесідей дұрыс, стратегиялық басқару  шешімдерін қабылдау үшін, объектілердегі ұйымдық-экономикалық және басқару  қатынастарының тиімді жүйесін қалыптастыру және қолдау үшін түрлі бағыттар мен ұйым қызметінің салалары бойынша басқару зерттеулерін жүргізу алу болып табылады. Магистранттан қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру үшін стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың әдістерін, ережелерін және тәртібін меңгеру, экономика, маркетинг, қаржы, өндірістік және инновациялық қызмет, персонал менеджменті және т.б. салаларда жоғары кәсіби біліктілік негізінде тапқырлық пен іскерлік белсенділік талап етіледі.

    6М050700 – «Менеджмент» мамандығы магистерлері  кәсіби және ғылыми-педагогикалық  қызметтің келесідей түрлерін атқара алады:

    • ұйымдық-технологиялық қызмет. Магистер талдау, есеп-нормативтік, кеңес беру қызметі салаларында білікті қызмет ету үшін барлық дағдыларды,  нақты кәсіпорындарында менеджмент технологиясын жасау және қолдануды меңгереді, соның ішінде басқарудың ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын жасауда ат салысады;
    • жобалық. Ол басқарудың жаңа экономикалық әдістерін жасау және оны өндіріске ендіруді, басқару жүйесі дамуының тиімді жолдарын анықтау және жаңалық енгізу бойынша ұсыныстар жасауды, сондай-ақ экономикалық жобаларды талдауды жүргізуді, несие, қарыз, инвестиция және басқа да қаржылық қолдау түрлерін алу үшін қажет, экономикалық жобаға немесе жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға қатысты арнайы құжаттарды (технико-экономикалық мәндегі, бизнес-жоспар және т.б.) жасау және тиімділігін талдауды қарастырады;
    • өндірістік-басқарушылық қызмет аталған мамандықта басқарудың ең басты функциясы болып табылады, себебі білім беру үрдісі олардан басқару процесімен байланысты барлық сұрақтарды терең зерттеуді талап етеді; соның ішінде өндірісті басқару, басқару принциптерінің тиімді жүйесін жасау және оны тәжірибеде қолдану, басқарудың құрастырылған ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын пайдалану, негізгі басқарушылық функцияларды жүзеге асыру, олардың орындалу тиімділігін талдау, басқару технологиясының сақталуын бақылау, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын құру және ағымдағы өндірістік қызметті және т.б. жоспарлау;
    • ғылыми-зерттеу. Магистер қызметін жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының сәйкесінше зерттеу топтары құрамында, аграрлық кәсіпорындарда және өзі жеке  жүзеге асырады;
    • менеджмент магистерінің білім беру және педагогикалық қызметі универститет, институт, гимназия, колледж, лицейлердің кәсіби қызмет түріне байланысты;
    • коммерциялық, басқару саласындағы материалды өндіріспен және әлеуметтік дамумен байланысты.

    Магистранттың кәсіби және ғылыми-педагогикалық әрекетінің функциялары:

    • өндіріс пен басқару дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау;
    • басқарудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, олардың тиімділігі;
    • басқару және өндірістік объект құрылымдарын жасау, өндірістік аппаратты ұтымды құру;
    • өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру;
    • персоналды ынталандыру, оның еңбегін іске асыру;
    • басқару қызметінің барлық жағын үйлестіру және бақылау;
    • материалды және материалды емес өндіріс саласына инновация ендіру.
 
    1. Пән атауы және оның негізгі  бөлімдері
 
      1. Менеджмент  теориясы мен практикасы
 

    Басқару ғылымының пәні, әдісі және міндеттері. Басқару және оның қоғамдағы рөлі. Басқару табиғаты және менеджмент эволюциясы. Табиғат задылықтары және басқарудағы қоғам. Басқарудағы жүйелік ықпал. Басқару құрылымы және функциясы. Басқарудың экономикалық механизмі. Басқарудың экономикалық процестермен психологиялық мәні. Менеджмент қызмет түрі ретінде.  Ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Менеджменттегі жоспарлау. Менеджменттегі жоспарлпу. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде. Мотивация менеджмент функциясы ретінде. Ішкіфирмалық бақылауды ұйымдастыру. Ұйымды стратегиялық басқару. Қаржы институттарындағы стратегиялық менеджмент. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару. Салық менеджменті. Инновациялық менеджмент. Антикризистік басқару. Жобаларды басқару. Кәсіпкерліктегі тәуекелділікті басқару. Менеджменттегі коммуникация. Басқару шешімдерін қабылдау процестері. Командалық менеджмент. Жетекшілік, билік және бедел теориялары. Кәсіпорын қақтығыстарын басқару. Персоналды басқару концепциясы. Басқару этикасы және ұйымдастыру мәдениеті. Өндіріс басқару объектісі ретінде. Өнім сапасын басқару. Еңбекке ынталандыру және төлемақы. Өнімділікті басқару. Менеджмент тиімділігін бағалаудағы методологиялық әдіс. 

      1. Өндірістік  менеджмент
 

    Өндірістік  менеджмент объектісі және зерттеу пәні. Басқару мазмұны. Өндірістік процесс және оның құрылымы. Өндірістік күш. Кәсіпорынды орналастыру. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы. Өндірісті арнасыз әдіспен ұйымдастыру.  Өндірісті арналы әдіспен ұйымдастыру. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Аспаптық шаруашылықты ұйымдастыру. Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру. Ішкі завод транспортын ұйымдастыру. Қойма шаруашылығын және материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру. Өнім сапасы стратегиясы. Өндірістік қорды басқару. Өндірісті жоспарлау. Өнімді өткізуді ұйымдастыру. Сұранысқа бағдарланған өндірісті жоспарлау стратегиясы. Өнім компонентінде қажеттілікті жоспарлау. Өндірістік бағдарламаларды құру. Құрастырушы цехтарға арналған шығарушы бағдарламаларды құру. Өңдеуші цехтарға арналған өндірістік бағдарламаларды құру. Өндірісті оперативті басқару. Оперативті-күнтізбелік жоспар жасау. Өндіріс ағымын бақылау және реттеу. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру. 

      1. Инновациялық  менеджмент 

    Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазіргі  заманғы тұжырымдамасы. Компанияның инновациялық қызметін басқару негіздері. Инновациялық процестерді ұйымдастыру әдістері мен формалары. Кәсіпорынның инновациялық ықпалы деңгейін анықтау. Инновациялық жобаларды басқару және жобаның тиімділік деңгейін бағалау. Өнімнің өмірлік циклінің түрлі этаптарында инновацияны құру және меңгеруді басқару әдістері. Инновациялық стратегиялар. Инетеллектуалды меншік. Технология трансферті. Лизинг. Фрэнчайзинг. Форфейтинг. Ноу-хау, патент, лицензия. Шығын инновациялық бизнес. Венчурлік қаржыландыру. Инновациялық тип бойынша шаруашылық субъектілерін жіктеу және олардың өзгермелі сыртқы орта жағдайы нарығындағы әрекетін талдау. Инновациялық қызметті қолдаудың әлемдік тәжірибесі. Инновациялық инфраструктура. Жаңалық енгізу инновациялық басқарудың объектісі ретінде.  

      1. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)
 

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық  аспектілері. ЭМР әдістеме түсінігі және оның негізгі элементтері. Мемлекеттік  реттеу формаларының жалпы сипаттамасы. Болжау және стратегиялық жоспарлау  мемлекеттік реттеудің негізгі әдісі ретінде. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері. Экономиканы қаржы-несиелік реттеудің негізгі механизмдері. Экономикалық өсу: негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Ғылыми- техникалық прогресс бағыттары және оны жылдамдатуда мемлекеттің рөлі. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатын құру және жүзеге асыру механизмедері. Аграрлық саланы мемлекеттік реттеу.Бәсекелік ортаны қалыптастыру және антимонополиялық реттеу. Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесі. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеу. Аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу. 

    1.5 Бизнесті ұйымдастыру 

    Кәсіпкерлік түсініг. Кәсіпкерліктің шығу тарихы және мәні. Кәсіпкерлік формалары мен  түрлері. Кіспкерліктің негізгі  ұйымдық-құқықтық формалары. Бизнесті ұйымдастырудың қаржылық жағдайы. Шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары. Интеграциялық-корпоротивтік құрылым (ИКҚ). Венчурлік (тәуекелді) бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеуші негізгі заңдар. Фирманың банкротқа ұшырауы және ликвидация. Оңалту әдістерін қолану. Компания қызметін бизнес-жоспарлау. Бизнес-жоспар бөлімдері. Қазақстанда лизинг және факторингтің дамуы. Шағын кәсіпкерліктің шетел мемлекеттерінде дамуы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. 6М050700-«Менеджмент»  мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан сұрақтары тізімі
 

      «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі»  пәні 

  1.   Басқару және оның қоғамдағы рөлі.
  2. Басқару ғылымының пәні және объектісі.
  3. Басқару ғылымының категориясы мен әдісі.
  4. Басқару ғылымының міндеттері және оның қазіргі заманғы білімдер жүйесіндегі орны.
  5. Басқарудың экономикалық, ақпараттық, жүйелі-мақсатты және психологиялық мәні.
  6. Басқару ғылымының жағдайы, үрдісі және келешегі.
  7. Басқарудың әлемнің түрлі елдерінде даму ерекшеліктері.
  8. Менеджменттің Қазақстанда және ТМД елдерінде дамуы.
  9. Жүйе анықтамасы және оның сипаты.
  10. Басқару жүйесінің моделі.
  11. Өндірістік-өткізу қызметін басқаруға жүйелі-мақсатты ықпал.
  12. Нәтиже және тиімділік бойынша басқару.
  13. Басқару заңдылықтары мен принциптері.
  14. Басқару функцияларын иерархия деңгейі бойынша бөлу.
  15. Басқару жүйесін құрылымдық ұйымдастырудың объективті қажеттілігі.
  16. Ұйым мен ішкі жүйенің тік және көлденең байланысы.
  17. Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалау, жүйелі-мақсатты ықпал.
  18. Құрылым талаптары және оны анықтаушы факторлар.
  19. Басқарудың ұйымдық құрылымының рөлі мен алатын орны.
  20. Нарықтық экономика басқарудың тиімді экономикалық механизмі ретінде.
  21. Меншік, еңбек, пайда және олардың өзара әрекет механизмі.
  22. Еңбекті бағалау әдістемесі және оны стратегиялық басқаруда қолдану.
  23. Аграрлық сектор және агроөнеркәсіптік кешен салаларының ерекшеліктері.
  24. Экономикалық тәртіп психологиясы.
  25. Нарық субъектісі психологиясы.
  26. Серіктестердің экономикалық қатынастар психологиясы.
  27. Экономикалық  келіссөздер мен сауда психологися.
  28. Екі жақ әрекеттері принциптері мен ережелері.
  29. Бизнес-менеджмент түсінігі.
  30. Менеджмент мақсаты мен міндеттері, менеджер және оның функциясы.
  31. Кәсіпкерлік, бизнес, кәсіпкерлік құрылым менеджменті түсінігі.
  32. Менеджмент кәсіпкерлік қызметті басқарудың тәжірибесі мен өнер ретінде.
  33. Ұйым түсінігі. Ұйымның негізгі сипаттары мен түрлері.
  34. Ресми және ресми емес ұйымдар. Ұйымдардың жалпы сипаттамасы.
  35. Ұйым құрылымы.
  36. Ұйым міндеттері. Ұйым міндеттерінің мақсаттармен өзара байланысы.
  37. Міндеттер мен мамандандыру.
  38. Технология түсінігі.
  39. Жоспарлау мәні мен принциптері.
  40. Стратегиялық жоспарлау.
  41. Жоспар жасау әдістері.
  42. Жоспарлау мазмұны мен міндеттері.
  43. Ұзақ мерзімді жоспарлау.
  44. Тактикалық жоспарлау. Құру тәртібі.
  45. Жоспарлау, графиктер, байланыс, деңгейлер принциптері.
  46. Фирманы басқарудағы бизнес-жоспар.
  47. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде.
  48. Басқарудың ұйымдық құрылымының типтері.
  49. Мотивация анықтамасы және мәні.
  50. Мотивацияның алғашықы концепциялары.
 

    «Өндірістік менеджмент» пәні 

  1. Өндірістік  менеджмент мақсаты мен міндеттері.
  2. Өндірістік менеджмент дамуының тарихына қысқаша шолу. Өндірістік менеджмент мәні мен функциясы.
  3. Қазіргі заманғы қоғамда және шағын кәсіпорында өндірісті басқарудың ерекшеліктері.
  4. Өндіріс және басқару тұрақтылығы жағдайы.
  5. Менеджер және оның өндірісті басқарудағы орны.
  6. Өндірістік менеджмент мақсаттарының қақтығысы.
  7. Менеджмент басқару шешімдерін құрушы жүйелі процес ретінде.
  8. Басқару қызметінің өндіріс нәтижелеріне ықпалы.
  9. Жаңа өнім жобасы. Өнімнің базалық стратегиясын жасау.
  10. Өнімнің өмірлік циклі және өндірістік менеджменттің стадиялар бойынша ерекшеліктері.
  11. Өндірістің маркетингті өңдеу және ғылыми-техникалық дамуы.
  12. Кәсіпорынның азық-түліктік бағдарламасын жасау. Жаңа азық-түліктік жобалау.
  13. Инновациялық процестің мазмұны мен ерекшеліктері.
  14. Азық-түліктік жобалаудың зерттеу стадиясы.
  15. Жобаның конструкторлық, технологиялық және ұйымдық дайындығы.
  16. Инновациялық процестерді басқарудың ұйымдық құрылымы.
  17. Инновациялық жобаларды басқару.
  18. Өндірістік жоба түсінігі. Өндірістік процестер типтері.
  19. Өндірістік процесті тиімді ұйымдастырудың принциптері. Өндіріс процестері типтері.
  20. Өндіріс типтерінің технико-экономикалық сипаттамасы.
  21. Өндірістік цикл.
  22. Өндіріс ритмі және өндірістік цикл.
  23. Операцияға арналған уақыт нормасы. Операциялық цикл.
  24. Технологиялық цикл.
  25. Өндірістік циклдің ұзақтығын анықтаушы факторлар.
  26. Өндірістік цикл ұзақтығын қысқарту жолдары.
  27. Өндіріс көлемі және өндірістік күш.
  28. Өндірістік күшті есептеу әдістемесі.
  29. Өндірістік күшті жоспарлау. Өндірістік күш анықтамасы.
  30. Өндірістік күштерді ұлғайтуды инвестициялау.
  31. Орналастыру стратегиясының мазмұны мен міндеттері. Орналастыруды таңдауға әсер етуші факторлар.
  32. Орта өлшеуші әдіс. Сыни көзқарас әдісі. Гравитация орталық әдісі. Көліктік әдістер. Алмастыру туралы шешім қабылдауға ықпал. «Ағаш шешім» (төлем матрицасы) әдісі.
  33. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оның элементтері. Өндірістік құрылымның негізгі компоненттері.
  34. Кәсіпорын бөлімшелерін тиімді орналастыру принциптері. Кәсіпорын бөлімшелерін мамандандыру формалары.
  35. Кәсіпорын бөлімшелерінің өндірістік құрылымы.
  36. Кәсіпорын цехы, аумағы, басқа да бөлімшелерін жіктеу.
  37. Кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған құрылымын талдау.
  38. Цех және аумақты ұйымдастыру формалары.
  39. Аумақты құрудың жобалық есебі. Бөлшектерді жөндеу циклі ұзақтығының есептеу әдістері.
  40.   Бөлшектерді жөндеу жұмыстарын оңтайландыру әдістері.
  41. Арналы өндіріс түсінігі. Арналы желілер түрлері.
  42. Бірпәндік, үздіксіз арналы желілерді ұйымдастыру негіздері.
  43. Жұмысшылармен және бөліп тұрушы конвейермен жабдықталған желілерді есептеу үлгілері мен әдістері.
  44. Айнымалы қосалқы дайындаманы есептеу үлгілері мен әдістері.
  45. Бірпәндік, үздікті арналы желілерді ұйымдастыру негіздері.
  46. Жөндеу шаруашылығының мәні. Жөндеу шаруашылығының тармақтары мен ұйымдастыру. Жөндеу шаруашылығының қажеттілігі.
  47. Жоспарлы-сақтық жөндеудің бірыңғай жүйесі: ЖСЖ бойынша жұмыстың мәні мен мазмұны. Жөндеу жұмыстарының түрлері.
  48. Жөндеу циклі ұзақтығы және құрылымы, оған әсер етуші факторлар.
  49. Жөндеу жұмыстарының жылдық көлемінің есебі. Жөндеу күрделілігі категориясының өлшем бірлігі.
  50. Жөндеу жұмыстарын орындаудағы еңбек шығындары нормативі.
 

    «Инновациялық менеджмент» пәні 

  1. Инновация түсінігі.
  2. Инноватика теориясының қалыптасуы.
  3. Инновация классификациясы.
  4. Н.Д.Кондратьевтің ұзын толқындары. Й.Шумпетердің ұзын циклі.
  5. Инновациялық белсенділік әркелкілігі макроэномикалық ауытқушылықтың факторы ретінде.
  6. Әлеуметтік-экономикалық институттардың технологиялық өзгерістерге әсері.
  7. Ғылыми-техникалық прогрес экономикалық өсудің факторы ретінде. Солоу, Е.Домар, Р.Харрод модельдері.
  8. Инновациялық қызмет пен инновация әсері түрлері.
  9. Инновациялық менеджмент басқару процесі ретінде
  10. Инновациялық менеджменттің теориялық аспектілері. Инновациялық менеджменттің негізгі түсініктері.
  11. Инновациялық менеджменттің даму эволюциясы.
  12. «Инновациялық қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
  13. Инновациялық процес пен инновациялық қызмет түсінігі. Инновациялық процестің құрылымы мен мазмұны.
  14. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
  15. Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері.
  16. Инновациялық кәсіпкерліктің мазмұны мен формалары.
  17. Инновациялық процестің үлгілері.
  18. Инновациялық процесті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістері. Инновациялық процесті ұйымдастырудың параллелді формасы. Инновациялық процесті ұйымдастырудың интегралды үлгісі.
  19. Инновациялық қызметтерді тоқтатушы факторлар.
  20. Жаңашылдықты қолдаушы факторлар.
  21. Кәсіпорынның инновациялық мүмкіндік түсінігі.
  22. Инновациялық мүмкіндікті талдау. Ұйымның инновациялық мүмкіндік деңгейін анықтау және зерттеу.
  23. Ұйымның ішкі ортасы: басқарудың азық-түліктік, қызметтік, ресурстық, ұйымдық блогы.
  24. Инновациялық мүмкіндікті зерттеудің бірлескен аспектісі. Зерттеудің маркетингтік, ғылыми-техникалық, қаржылық, өндірістік аспектілері.
  25. Кәсіпорынның инновациялық қызмет деңгейі көрсеткіштері.
  26. Инновациялық жобаларды бағалау үлгілері.
  27. Технология деңгейі бағасы. Технология тиімділігі.
  28. Инновациялық тартымдылықтың экономикалық тиімділігін есептеу әдісі.
  29. Салалық инвестициялық тартымдылық.
  30. Ішікікорпоративтік инвестициялық тартымдылық.
  31. Инновациялық тартымдылық белгілері (Өзіндік капитал бағасы, тартымды капитал бағасы, капитал бағасы). Инновациялық технологияларды қаржыландырудағы пайда нормасы.
  32. Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу.
  33. Қызмет-құндық талдау. Қызмет-құндық талдау принциптері мен кезеңдері.
  34. Бенчмаркинг әдісі – ең жақсы жұмыс тәжірибесін қолдану. Бенчмаркинг түрлері мен деңгейлері.
  35. Сапа функциясын күшейті процесі.
  36. FMEA әдісі – ықпалды ақауларды талдау және олардың жобалау кезінде әсері есебі.
  37. FMEA конструкциясын жүргізу әдістемесі.
  38. Инновациялық стратегия түсінігі мен түрлері. Инновациялық стратегия типтері: шабуылды, қорғанушы және еліктеуші.
  39. Жалпы өндіріс саласындағы стратегия, виолент-фирма стратегиясы.
  40. Өнімнің жіктелу стратегиясы және патиент-фирма стратегиясы нарығының сегментациясы.
  41. Ұйымның инновациялық зерттеу және дамыту стратегиясы. Эксплерент-фирма стратегиясы.
  42. Мамандандырылмаған бизнес саласындағы стратегия – коммутант-фирма стратегиясы.
  43. Интеллектуалды меншік түсінігі. Интеллектуалды меншіктің құқық ретіндегі мазмұны.
  44. Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымы (БИМҰ) функциялары мен принциптері.
  45. Интеллектуалды меншік құқығы объектілері: әдеби, көркемдік шығармалар мен ғылыми еңбектер; әртістердің орындау қызметі, фонограммалар мен радио бағдарламалар; адамзаттық қызметтің барлық салаларындағы ойлап табулар; ғылыми ашылулар: өнеркәсіптік үлгілер; тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілер.
  46. Ескі компания шеңберінде жаңа фирмалар.
  47. Шағын инновациялық бизнес ерекшеліктері.
  48. Шағын инновациялық бизнес ұйымдастыру процесі.
  49. Шағын фирмалардың инновациялық қызметін қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
  50. Венчурлік қаржыландыру түсінігі.
 

    «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні 

  1. Шаруашылықтың негізгі модельдері және негізгі  қоғамдық-экономикалық жүйе типологиясы.
  2. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» түсінігі анықтамасы. Экономиканы мемлекеттік реттеу субъектілері мен объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық қызығушылықтары.
  3. Экономикаға мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі.
  4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің модельдері.
  5. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі.
  6. Нарықтық экономикаға белсенді мемлекеттік араласу моделі.
  7. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі заманғы неоконсервативтік тұжырымдама.
  8. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын жасау.
  9. Мақсатты жобалау, бәсекелестік және қолдаушы мақсаттар.
  10. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін құру.
  11. Әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды басымдылықтарын анықтау.
  12. Мемлекеттің дәстүрлі және жаңа экономикалық функциялары.
  13. Әкімшілік-құқықтық және экономикалық реттеу.
  14. Экономикаға мемлекеттің әсерінің тік және жанама формасының арақатынасын анықтаушы шарттар.
  15. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен құралдары.
  16. Қазақстанда мемлекеттік экономикалық билік жүйесі.
  17. Кәсіпкерлік пен бизнесті мемлекеттік қолдаудың ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуі.
  18. Мемлекеттік кәсіпкерлік дамуының мәні мен жалпы сипаты.
  19. Мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы әдістері: ғылыми болжау, жоспарлау, бағдарламалау.
  20. Болжау әдістері мен принциптері. Болжам түрлері.
  21. Халықтық-шаруашылық жоспарлау мәні, негізгі мақсаттары және принциптері. Жоспарлау түрлері: директивті және индикативті.
  22. Экономикалық бағдарламалар. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсаттары, мерзімі, сипаты және тәсілдері.
  23. Фискалды саясат қаржылық-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары мен негізгі құралдары.
  24. Мемлекеттік бюджеттің құрылуы мен функциялары.
  25. Бюджеттік жүйе құрылуының принциптері.
  26. Салық жүйесі және оның негізгі құралдары.
  27. Салық жүйесін құру принциптері.
  28. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз экономиканы реттеу құралы ретінде.
  29. Қазақстан Республикасында қаржы саясатының ерекшеліктері.
  30. Ақша-несиелік реттеудің неоклассикалық және кейнсиандық үлгілері.
  31. Ақшаның монетаристік теориясы.
  32. Ақша-несиелік реттеудің мақсаттары.
  33. Монетарлық саясатты жүргізу бойынша Орталық банк функциясы.
  34. Монетарлық құралдар: ашық нарықтағы операциялар, пайыздық мөлшерлеме саясаты, міндетті қорды реттеу.
  35. Дамудың түрлі кезеңдерінде ҚР-да ақша-несие саясатының спецификасы.
  36. Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері және оның факторлары.
  37. Экономикалық өсу және қоршаған орта.
  38. Экономикалық өсу модельдері.
  39. Тұрақты экономикалық өсу мен тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасы.
  40. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары.
  41. Тиімді өндіріс көрсеткіштері.
  42. Ғылыми-техникалық прогрес қазіргі заманғы дамудың факторы ретінде.
  43. Ақпаратты-телекоммуникациялық революция жағдайында ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері.
  44. Ақпараттық технологияның экономиканың адамзаттық факторына әсері.
  45. Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың қалыптасуы.
  46. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясы.
  47. Постиндустриалды типтегі қоғамның қалыптасуында бастапқы және қолданбалы ғылыми зерттеулер рөлі.
  48. НИОКР қаржыландыру шарттары мен көздері.
  49. ҚР даму институттарының индустриалды-инновация стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі.
  50. Венчурлік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуға ынталандыру.
 

    «Бизнесті ұйымдастыру» пәні 

  1. Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау мақсаттары.
  2. Теңдестіру принципі.
  3. Бизнестегі жай орта әдісі.
  4. Кәсіпорынды бағалау түсінігі.
  5. Пайдалылық принципі.
  6. Орта өлшенген әдісті қолдану.
  7. Бизнесті бағалау объектілері.
  8. Ауыстыру принципі.
  9. Экстраполяция әдісі.
  10. Бағалау субъектілері.
  11. Күту принципі.
  12. Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалаудағы шығындық ықпал.
  13. Кәсіпорын бағалаудың стандарттары.
  14. Сыртқы өзгеріс принципі.
  15. Бизнесті бағалауда шығындық ықпалды қолдану.
  16. Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау міндеттері.
  17. Бәсекелестік принципі.
  18. Таза актив әдісі.
  19. Бизнес құнына әсер етуші негізгі факторлар.
  20. Сұраныс принципі.
  21. Ликвидациялық құн әдісі.
  22. Кәсіпорындарда дағдарысқа қарсы басқару мақсатында бизнесті бағалау.
  23. Сәкестік принципі.
  24. Ликвидация түрлері.
  25. Қайта құру мақсатында бизнесті бағалау.
  26. Экономикалық бөлу принципі.
  27. Реттелген ликвидация.
  28. Мүлік құны түрлері.
  29. Ең тиімді қолдану принципі.
  30. Мәжбүрлі ликвидация.
  31. Нарық құны және сату бағасы.
  32. Кәсіпорын құнын бағалау процесі.
  33. Кәсіпорын активтерінің жұмысының тоқтатылуына байланысты ликвидация.
  34. Нарықтан өзге құн түрлері.
  35. Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау кезеңдері.
  36. Кәсіпорынның ликвидациялық құнын анықтау.
  37. Инвестициялық құн.
  38. Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалауда қолданылатын тәсілдер.
  39. Активтердің ағымдық құн есебі.
  40. Шектелген нарықтағы объект бағасының құны.
  41. Кірістік тәсіл.
  42. Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы тәсіл.
  43. Ұдайы өндіріс құны.
  44. Ақша ағымын дисконттау әдісі.
  45. Салыстырмалы тәсіл артықшылығы.
  46. Венчурлік (тәуекелділік) бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктері.
  47. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.
  48. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы.
  49. Компания қызметін бизнес-жоспарлау. Бизнес-жоспар бөлімдері.
  50. Қазақстанда лизинг және факторинг дамуы. Шетел мемлекеттерінде шағын кәсіпкерліктің дамуы.