Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
Тақырыбы: Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе......................
І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Сыныптан тыс жұмыстар
туралы түсінік.......................
1.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері
мен шарттары..................
ІІ тарау. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру әдістемесі
2.1.
Бастауыш мектепте еңбекке
ұйымдастыру жолдары..........
2.2.
Бастауыш мектепте еңбекке
бойынша жүргізілетін озық іс-тәжірибелер................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
К І Р І С П Е
Зерттеудің өзектілігі.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарастары жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал, ұрпақ тәрбиесі Қазақстанда болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарының бірі, яғни елімізде азаматтық құндылықтардың өркендеуіне жан-жақты жол ашылуы.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты бағдарламасында егеменді еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол, жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді.
Әсіресе, бүгінгі жас буынның ұлттық мәдениеттен нәр алған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулы-қарарларында, тұжырымдамала-рында негізгі орын алады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және азаматтық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау» керектігі көрсетілген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы этно-мәдени білім беру тұжырым-дамасында «Бізге қажетті- жаны да, қаны да қазақ халқының тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»,-деп көрсетілді.
Оған «Қазақстан
Республикасында 2015-жылға
Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының және өзге ұлттардың дүниетаны-мына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.
Осы тұрғыдан қарастырғанда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеу, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы саналады.
«Еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға, қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті және өзінің кәсіби білімділігін арттыруға құқығы бар»,- деп Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңының 7-бабында көрсетілгендей өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүргізу ісі бүгінгі күннің басты міндеті.
Бастауыш
мектеп оқушыларының танымын
кеңейту, еңбекке деген
Бастауыш сыныптарда тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушыларды үйлесімді дамытуға байланысты жазылған ғылыми еңбектер көбінесе пәннің білімдік мазмұнын ашуға негізделіп, тәрбиелік жақтарына сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына шолу жасаумен шектеледі.
В.М. Коротов,
Н.И. Болдырев, О.С. Богданова, В.И.
Петрова, С.В. Мухина, т.б. ғалымдар
тәрбие жұмыстарын жүйелеп,
Тәрбие
жұмыстарына ғылыми сипаттама
беріп халықтық тәрбие
Зерттеудің қарама-қайшылықтары: Қазақстанмектептерінде бастауыш сатыда сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Балаларды отбасында, мектепте еңбекке тәрбиелеуге жеткілікті мән берілмегендіктен, оу-тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туындайды. Осы салада мұғалімдерге арналған теориялық және ғылыми әдәстемелік нұсқауларының жоқтығынан туындайтыны мәлім. Осының салдарынан еңбек басты күнкөріс көзіне айналған нарықтық экономика кезінде еңбек әрекетінің тұлға дамуындағы әсерін ескермеуіне байланысты қарама-қайшылықтар туындауда. Бұның шешінін табуда зерттеу тақырыбы «Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойнша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» деп алынды.
Зерттеу мақсаты:
Мектептің бастауыш сатысында еңбекке баулу пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыны дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау;
- Әдістемелік кешен бойынша тәжірибелік жұмыстарды өткізу және оның нәтижесін анықтау;
- Еңбекке баулу пәнінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағдылар деңгейін сыныптан тыс жұмыста жалғастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш мектепте еңбекке
Зерттеу пәні:
Еңбекке баулу пәнінен сыныптан тыс уақыттағы оқу -тәрбие үрдісінде оқушыны жан –жақты дамыту.
Зерттеу әдістері:
Сұрақ –жауап, тест, анкета әдістері арқылы оқушылармен, ата-аналармен сұхбаттасу, жұмысты бақылау, тапсырманы түсіндіру, көрнекілік пайдалану.
І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндебіздің елімізде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылы бойында жүзеге асырса дұрыс болатын сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті.
Осыған сәйкес, сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта оқушының білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақыттарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыс. / «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі» 209-бет/
Г.
М. Коджаспирова мен А. Ю.
Коджаспировтың «
Сыныптан тыс жұмыс- сабақтан тыс уақытта мұғалімнің ұйымдастыруымен оқушының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында өткізілетін жұмыс./20-бет/
С.Ш. Әбенбаев өзінің «Сынып жетекшісі» атты кітабында: «сыныптан тыс тәрбие жұмысы- тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі»,-десе, ал профессор Р. М. Қоянбаев «сыныптан тыс тәрбие жұмысы- бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ететін тәрбиеленушілер мен сыныптан тыс уақытта педагогтың түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы», деп анықтама берді.
Қазіргі
таңда мектеп табалдырығын
Сондықтан, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деп Әл-Фараби бабамыз айтқан қағиданы негізге алған ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне аса мән берген.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтық қатнастар жас ұрпақ тәрбиесінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттерді жүктейді. Оның негізгі міндеті- осы қоғамға лайықты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мәселе өкіметтің қаулы- қарарларында басты орын алып тұр. Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы /27/, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы /2/, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы /28/ ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық қатнастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
«Білім
беру жүйесінің басты міндеті-
Өмірде
болып жатқан бетбұрыстар,
Осыған орай сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты- сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілетін толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Осының
негізінде сыныптан тыс
- Сыныптан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
- мазмұны бағдарлама көлемімен сай келмеуі, яғни жұмыстың мазмұны мен формасы оқушылардың талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады;
- жас шамасы әр түрлі оқушыны қамтығандығы;
- формалары менәдістерінің сан алуандығы;
- өздігінен жұмыс жасауға және еріктілік қағидасында құрылуы;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктің молдығы;
Осы ерекшеліктерге сай анықтайтын талаптарды айтамыз:
1. Сыныптан тыс жұмысты дайындау барысында оның мақсатын анықтау керек;
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда нәтижені алдын ала болжау;
3. Оптимисттік көзқарас болуы қажет;
4. Сыныптан тыс жұмысты
ұйымдастырушы мұғалім немесе
сынып жетекшісі жоғары
5. Ұйымдастырушының үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы шарт;
6. Сыныптан тыс жұмыстың
формалары арқылы оқушыларды
қоғамдық пайдалы істерге
7. Педагог пен оқушылардың арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу;
8. Баға қойылмайды;
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына арқау болатын К.Д.Ушинский, А.В.Луначарский, Н.К. Крупская, Л.С. Выготский, Л.В.Занков пен Ш.А.Амоношвилидің еңбектері еді.
Л.С.
Выготский оқушының ішкі
Жалпы тәрбие мәселесінің
Л.В.Занков оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы оқу әрекетіне белсене араласуына аса мән бере отырып, «... басқа мектеп жұмысының ерекшелігінен ауытқымайтын оқушының оқу қызметін оған өз өмірінің басқа салаларына ұқсас, мәселен, әңгімелерге, ойындарға, семья сабақтарына, т.б. шығармашылық әрекеттерге психикалық қызметтің әр түрлі жақтары енгізілетіндей етіп ұйымдастырылған оқыту түрі»,-деп, оқушыны оқыту арқылы шығармашылық ізденістерінің, ішкі сезімдерінің дамуына, жанұядағы оқыту мәселелерін жан жақты қамтиды.
Ал, Ш.А.Амоношвили 6 жасар балалардың жан-жақты дамып, қалыптасуына және оқыту мазмұны мен ұстанымдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда айқындауға ерекше мән беріп, «балалық шақ» деген ұғымға өз көзқарасын білдіреді. «Балалық шақ өмірдің алаңсыз «жұмақ» сынды кезеңі емес. Ол-алға ұмтылу, толассыз есею процесі жүретін адамның бастапқы өміріндегі белгілі бір кезең». Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері тап осы балалық шақ кезеңімен дәл келеді.
Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке келгенде жазу мен сызуды үйреніп, сыныптас жолдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсіп, ынталанады. Ол ұлы Абайдың еңбектеріндегі адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай қалыптасқан «толық адамды» /білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты, жан-жақты жетілген тұлға/ тәрбиелеп жетілдіргеннің нәтижесі еді.
Әрбір
оқушының іс-әрекеті ұжым
А.С.
Макаренко: «тәрбие ұжымы
Сондай-ақ, жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру мәселесіне аса назар аударуымыз керек. «Әлеуметтендіру- жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту ментәрбиелеу үрдісінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп жинақталған ғылыми-білімдерді, дағды-іскерліктерді, біліктілікті, рухани байлықтарды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу»,-дейді О.Нұсқабаев.
Бүгін мектеп қабырғасында отырған жас буынды ұлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге негіздей отырып тәрбиелеуде іс-әрекеттің де маңызы зор. Іс-әрекеттің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спорт, т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттің салалары мен мазмұны, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері мен мотивтерінің өзгеріп отыруы әр түрлі іс-әрекеттердің түрінен байқауға болады.
Мектепте іс-әрекеттің мынадай түрлері бар:
- өзіне қызмет ету;
- қоғамдық пайдалы еңбек;
- өнімді еңбекке баулу;
Іс-әрекеттің бұл түрлері еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай іске асырылады. Еңбек тәрбиесі жүйесінде баланың өзіне-өзі қызмет етуінің маңызы зор. Олар үйде өзінің төсек орнын жинайды, тамақ пісіру ісінде ата-анасына көмектеседі, сыныпта кезекшілік міндетін атқарады. Осының әсерінен бала бұлшықеттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасады, миының үлкенжарты шарының функциялары дамиды.Баланың басы 115 см-ден 134см-ге дейін өсіп, салмағы 32-35 кг шамасында болады. Бұл жастағы /7-12/ балалардың іс-әрекеті оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. А.С. Макаренко мен Н.К. Крупская балалар үшін ойындардың маңызын атап көрсетті.Олардың айтуы бойынша, балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қоймай, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік маңызы зор.7-12 жастағы балалар ұзақ уақыт дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға қабілетсіз болғандықтан, бұл жағдайды ойын, дене еңбектерінің барысында іске алынған жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау ету, т.б. Бұндай теріс қылықтарға жол бермеу ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәрбиесіне байланысты. Осының салдарынан біздің мақсатымыз тұлғаны дамытуда тәрбие жұмысының, соның ішінде сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың негізінде жеке тұлғаны дамытудың ерекшеліктерінің мән-мағынасын ашу.
З. Әбілова «Оқушыларға сыныптан тыс уақытта эстетикалық тәрбие беру» деген еңбегінде оқушыға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру, олардың эстетикалық мәдениетін, талғамын арттыру, сол арқылы өмір шындығын тани білуге үйрету мәселелері қамтылады. Автор эстетикалық тәрбиеге байланысты «Сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбиені тек сабақ арқылы толық іске асыруға болады деген мақсат көздеп қоймай, сол мектептің үйі, іші-сырты, жабдықталуы, тазалығы оқу-тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы педагогтар ұжымының ынтымақты болуы, балалар ұжымыныңтәртібі, сыпайылығы, кішпейілділігі арқылы да берілесіндігін ұмытпауы тиісті», - дей келе, еңбек, дене, адамгершілік тәрбиесінің эстетикалық тәрбиемен өзара байланысты екенін көрсетеді. Эстетикалық талғамын қалыптастыруда драмалық, сурет, техникалық, ән-күй, би, зергер өнер, т.б. үйірмелердің тәлімдік мәніне тоқталады.
А.Б. Байназарованың да еңбегінде сыныптан тыс уақытта оқушылардың танымдық қасиетін, белсенділігін арттыруды басты нысана етіп, еңбек, эстетикалық тәрбиеге және оқушылардың шығармашылық дамуының өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Тәрбие үрдісін күрделі және үздіксіз жүретінін ескере келе, оқу мен тәрбиеніөзара сабақтастыра жүргізуді көздейді.
Еңбек жеке тұлғаны қалыптастыруда маңызды болғанымен, мазмұнын жаңалауды қажет етеді.
К. Бұзаубақованың еңбегінде жалпы орта білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу мәселесімен ұштастырылғанын көрсетсе, М.Н. Сарыбеков осы сала бойынша бастауыш сынып оқушыларын экологиялық біліммен арнайы дайындалған мамандарды әзірлеп шығару мәселесін қарастырды.
Бүгінгі
күні сыныптан тыс оқу-тәрбие
жұмысында атадан балаға
Аталған бағдарламалардың ішінде «Елім-ай»- бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімін ұлттық өнер арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Бағдарлама төрт бөлімнен тұрады. І тоқсан- «Сарыарқа», ІІ тоқсан- «Тұлпар», ІІІ тоқсан- «Аққу», ІV тоқсан- «Елім-ай» деп аталады. Әр бөлімнің атына сай мазмұны берілген.
«Сарыарқа» бөлімінде бүкіл
«Тұлпар» бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, мал-жануарларға байланысты аңыз-әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдермен танысуға болады.
«Аққу»
бөлімінде киелі, қасиетті
«Елім-ай» бөлімінде қазақ халқының басынан кешкен сұрапыл заманды суреттейтін ән арқылы оқушының бойында ұлттық ерлік пен сезімді қалыптастыру қарастырылады.
Аталған
бағдарлама бастауыш сынып
«Баланы оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістеріндегі тапқырлық, сабақ берудің әдісін баланың жас ерекшелігіне қарай икемдей отырып, әрбір оқушының өзіндік және шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты ашылуы мен дамуына қолайлы жағдай тудыра білу, әр сабақ тиімді өту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді дәл тауып, дөп басу мұғалімнен үлкен ізденіс пен толғанысты талап етеді»,- дегендей оқушының дамуына сабақ үрдісі мен қоса сыныптан тыс жұмыстар да үлкен ықпал етеді.
1.2.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері мен шарттары
«Адам ұрпағымен мың жасайды»,- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ . Жас ұрпақтың біліммен сусындап, көкірегін ашып, ақыл-ойының жан-жақты дамып, ХХІ ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптасуы ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен оқыту формаларына байланысты.
Оқыту
жұмысын тек сабақ арқылы
Сыныптық – сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі- оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы- оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрлері-жеке және топтық, сондай-ақ қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, ертеңгілік, конкурс, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. Соның ішінде бастауыш мектепте негізге алынатыны: экскурсия, үйдегі оқу жұмысы, пәндік үйірме жұмыстары.
Экскурсия жұмысының мақсаты-оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану , бейнелеу өнері, еңбекке баулу т.б. сабақтарында кеңінен қолданылады.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектеп алаңын, табиғат аясын, ауыл шаруашылығын, көрмелер мен музейлерді жатқызуға болады.
Экскурсияға бөлінген уақыт жүрген жолды есептемегенде, 40-45 минуттан 2-2,5 сағатқа дейін созылады. Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын, техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін алдын ала түсіндіреді, ал оқушылар сол ережелерді ескере отырып, нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды. Бұл сабақ мұғалімнің оқушылармен бірге отырып көрген-білген, естігендерін ортаға салып, пікірлесумен аяқталады.
Оқытуды
экскурсия жолымен ұйымдастыруд
1. Кіріспе экскурсия- сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Бұны бастауыш сыныпта өтсе өте қызықты болады.
2. Ілеспелі экскурсия-белгілі бір тақырып қа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойындажүргізілуі мүмкін.
3. Қорытынды экскурсия-күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда мына мәселелер қарастырылады:
- экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
- маршруты, қамтитын нысанасы;
- қажетті құрал-жабдықтар;
- экскурсияның барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары;
- жеке және топ болып атқарылатын жұмыс түрлері;
- экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары;
Үйдегі оқу жұмысы- оқу барысын ұйымдастыру формасы, мұғалімнің тікелей қатысуының, бірақ оның аралық ықпалымен оқушылардың сыныптан тыс тапсырмаларды өз беттерімен орындауы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмысы оқу жұмысы сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.
Үй жұмысы келесідей түрлерге бөлінеді:
а) Оқушыны жаңа тақырыпты оқып үйренгенде жаңа материалды меңгеруге бағыттайтын тапсырмалар;
ә) Білімді тәжірибе жүзінде
іске асыруға бағытталған
б) Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1.Үй тапсырмаларын
бергенде мұғалім орындаудың
тиімді әдіс-тәсілдерін
2. Үй берілген тапсырмалар қызықты, өмірмен байланысты болу керек.
3. Үй тапсырмаларының бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
4. Мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5. Көлемін белгілеуде
мұғалім оқушылардың жас
6. Орындалу сапасына мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне баланың назарын аударып отырғаны жөн.
7. Мұғалімнің берген
бағасы әділетті болса онда
ол оқушының ынтасын арттырып,
үй тапсырмасын тыңғылықты
8. Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ .
Мұғалімдер тарапынан
оқушыларға шамадан тыс үй
тапсырмасын тапсыруды

- Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары
- Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі
- Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы
- Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану маңызы
- Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері
- Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері
- Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері
- Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- Бастауыш мектеп жағдайында денсаулық сақтау технологияларын қолданудын ерекшеліктері
- Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту
- Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
- Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
- Бастауыш мектептегі проблемалық оқытудың ерекшеліктері
- Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері