Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.О.Ауэзов атындағы педагогикалық колледж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Бастауыш сынып оқушыларында

еңбек тәрбиесінің қалыптасуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6

1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6

1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9

1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11

1.4. Жеке адамның  дамуындағы еңбектің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . .17

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІН БЕРУ. .19

2.1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19

2.2. Бастауыш сыныптардағы еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . 24

2.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды еңбекке баулу жолдары . . . . . . . . . 27

ІІІ. Эксперимент жұмысы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .31

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37

Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде  болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты  шешілуі керек екені айғақты.

   ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік  және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың  іс-әрекеті мен  байланысты  анықталады деп атап көрсеткен [1;33].

 Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі  күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде  еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі  бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі  болып отыр. Сондықтан, біз орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді  жөн көрдік.

         «Еңбек - ер атандырады» - дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Тәрбиенің әр саласында еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарады. Оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар да, психологтар да талмай зерттеуде. Жеке адамның белсенділігі, оның инициативалық мәні мен айқындалу жолдары, белсенділіктің қалыптасу заңдылықтарын табу, творчествалық қабілеттілік пен таланттың даму факторлары ежелден-ақ көптеген ұлы адамдардың, ғалымдардың назарын аударуда. Жалпы белсенділік, ерік және еңбек жайында философтар да, психологтар да, физиологтар да, әдебиет тарихы мен педагогиканы зерттеушілер де арнайы зерттеулер жүргізіп, құнды пікірлер ұсынды. 

            Ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту - оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер, еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.

            Ал, ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді». Ұлы ақын Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деген. 

            Кеңестік дәуір кезеңінде еңбекке тәрбиелеуді зерттеуге едәуір жұмыстар жүргізілгенмен,кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі әлеуметтік, экономикалық және психологиялық өзгерістер мектеп оқушыларының психолгиялық ерекшеліктерін қайтадан зерттеуді талап етуде.

Мақсаты: жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегіне деген қатынасын, өмірде еңбекті қажетсінуін тәрбиелеу.

 Міндеті:

 - Сан қилы дене еңбегінің түрлерімен салыстыру;

- Оқу еңбегіне  қызықтыру, үйрену, оған дағдыландыру;

- Шығармашылық  еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін  таныту, оны пайдалануды, бағалауды  үйрету;

- Саналы да, сапалыда еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі;

- Еңбек  ету іскерлігін дағдысын дамыту;

- Еңбегінің  нәтижесіне, азда болса жеткен  табысына қанағаттану, қуану сезімін  дамыту;

- Еңбек  мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен  жұмсауға үйрету;

- Еңбек  белсенділік, бастамашылдық, ұйымшылдық, оны жоспарлай білушілік мүмкіндіктерін  дамыту.

 Зерттеу объектісі: оқушыға сабақты меңгеруде еңбекке баулу элементтерін пайдаланудың әдістерімен жолдарын белгіледі.

Жету жолдарындағы әдіс-тәсілдер:

а) Сабақта еңбектену арқылы еңбекке баулу әдістерін жеке қарастыру.

б) Оқушылардың еңбек арқылы еңбекке бейімділігін зерттеу.

в) Теориялық материалдарды салыстырмалы ретке келтіру.

г) Сабақта еңбек элементтерін пайдалану нәтижесінде туындайтын мәселелерді қорыта отырып, тұжырымдама жасау.

д) Оқу үрдісіндегі жұмыстардың нәтижесінде практикалық және теориялық оқу-тәрбие жұмыстарындағы орындарын анықтау.

 Негізгі идея: (гипотеза) еңбектану еңбек әдістерін сабақта неғұрлым зерттесе, соғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

Тақырыптың теориялық маңыздылығы: қазіргі замандағы бастауыш сыныптардағы негізгі және қажетті сабақтарда түрлі еңбек элементтерін пайдаланудан туындайды.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі және теориялық бөлімдер, эксперимент жұмысы, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

І. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

 

1.1. Еңбек тәрбиесінің сипаттамасы

         Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының барша тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бірі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген.

            Әл-Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол "Ақыл мен түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

           Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әр түрлі нысанда дамыды, жетілді, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі - гуманизм мен демократизм болғаны педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі – гуманистік, демократиялық принциппен үндес келеді. Я.Коменский мектеп - балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін "адамгершілік шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты насихаттайды. Осы негізде ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептеді.

           Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған "табиғатқа сәйкестілік" еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеушісі, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудық, оның теориялық негізі - еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді.

            Швейцария педагогы Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоций дене тәрбиесін еңбек тәрбие-сімен ұштастыруа жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық еңбегімен ұштастыруу Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол - еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздады.

           Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.

            К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.

            Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.

            Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.

            Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы, қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

            18 ғасырдың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы еңбек тәрбиесін жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

 

1.2. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

          Еңбек тәрбиесінін мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.

          Еңбек тәрбиесінің міндеттері:

          – оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;

        – белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;

         – тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;

        – жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;

       – оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту. 
           Еңбекке тәрбиелеудің шарттары:

          •  Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.

          •  Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.

          •  Мамандықты таңдауға дайындау.

          Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді.

           Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.

           Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады. Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.

            Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді.

           Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.

        Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі

             Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

           Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соңтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

           Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

           •  Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.

          •  Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу.

          •  Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу.

          •  Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

           Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады.

           Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің орталығы жалпы, политехникалық білім беретін орта мектеп. Кәсіптік бағдар беру жүйесінде кәсіптік диагностика, кәсіптік білім беру, кәсіптік консультация, кәсіптік іріктеу, кәсіптік адаптация кіреді.

          Кәсіптік диагностика – кәсіптік бағдар беру мақсатына байланысты әрбір оқушыны зерттейді. Осының нәтижесінде мамандықты таңдауда оған баланың дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтайды. Ол үшін мынандай әдістерді қолдануға болады: оқушылардың құжаттарын, іс-әрекетінің жемісін (жеке іс, сынып журналы, шығармашылық жазбалар, қол өнер бұйымдары т.б.) талдау; практикалық іс-әрекетін, жүріс-тұрысын (мектепте, қоғамдық ұйымдарда, отбасында, еңбекте) зерттеу, анкета мәліметтерін зерттеу; әңгіме-сұқбат; педагогикалық эксперимент; тәуелсіз мінездемені жинақтау әдісі. Бұл әдістердің біразы педагогика, психология ғылымдарында да қолданылады..

           Кәсіптік білім беру – кейде ақпарат деп те аталады.  Кәсіптік білім беру – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды біліммен қаруландыру. Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет.

          Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек: 

  1. оқушылардың білім деңгейі;

  1. оқушылардың жеке қасиеттері.

          Кәсіптік консультация – кәсіптік бағдар беру жұмысы жүйесінің басты элементтері-нің бірі. Әрбір оқушыны өзінің мамандығын анықтауда жан-жақты зерттеп, оған консультация беру арқылы тиісті көмек көрсетіледі. Оқушы мамандық талаптарына сәйкес өзінің дербес бейімділігін, психофизиологиялық мүмкіншіліктерін анықтайды, сол мамандыққа жарамдылығы жөнінде шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай түрін кәсіптік консультация деп атайды.

 К.К.Платонов кәсіптік консультацияны үш кезеңге бөледі: дайындық, аяқтау, анықтау. Кәсіптік дайындық консультациясы – бұл бүкіл мектеп жылдары ішінде оқу-тәрбие жұмысының барысында оқушыларға үнемі дұрыс кәсіптік бағыт- бағдар беріп отыруды қажет етеді.

           Кәсіптік іріктеу мәселесімен арнайы орта және жоғары оқу орындары, түрлі мекемелер, кәсіпорындар айналысады. Оқу орындары оқуға түсетін жастарға нақты талаптар қояды. Кәсіпорындар жұмысқа қабылданатын жастарды іріктеп алады. Өйткені олардың мамандықты ойдағыдай игеруін, оған байланысты міндеттерді орындауын басты мәселе деп қарастырады.

          Кәсіптік іріктеудің мақсаты – жастардың белгілі бір мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның кейбір ерекшеліктерін, жағымды, жағымсыз жақтарын біліп қана қоймай, оған мамандық қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осыған байланысты профессиограмма жасалады.

           Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).

           Кәсіптік адаптация – бұл әр түрлі оқу орындарында оқитын және кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастардың кәсіби еңбек ету жағдайына бейімделу жүйесі.

           Кәсіптік бағдар жұмысын жетілдірудегі мектептің, отбасының ролі. Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұртшылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында “үш күш одағы” – мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады.

           Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым.

            Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық консультация материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін консультация ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен консультация өткізу, төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

            Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. 
            Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек.

             Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. Ү-ҮІІІ сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал ІХ-ХІ сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.

             Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.

            Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

             А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында "үш күш одағы"- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.

            Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. 
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау.

             Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

            Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

           •  Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау.

          •  Мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу.

Бастауыш сынып оқушыларында еңбек тәрбиесінің қалыптасуы