Белгілер мен қысқартулар, анықтамалар

 

 

Мазмұны

Тұжырым

6

Мазмұны

 

Белгілер мен қысқартулар, анықтамалар

 

Кіріспе

 

1 Өндірістік ақаба суларды тазарту әдістерінің түрлері және қолданылатын қондырғыларға сипаттама 

 

2 Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың тазалау әдістерін таңдау  

 

2.2  Бейтараптау әдісі

2

2.3 Қорғасынмен ластанған  суларды тотықтыру әдісі бойынша  анықтау  

2

Қорытынды

4

Пайдаланған әдебиеттер

 

4




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырым

 

Бұл курстық жобада «Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың қоспаларын тұндыру жүйесінің жабдықтарын таңдау және есептеу»  тақырыбында Ақаба суларды физикалық-химиялық тазалау әдістеріне экстракция, сорбция, эвапорация, кристалдау, флотация, ион алмасу, диализ, дезактивация, дезодорация, тұзсыздандыру түрлеріне толық түсініктеме берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілер мен  қысқартулар, анықтамалар.

Экстракция – сумен араласпайтын еріткіш-экстрагентпен өңдеу арқылы ақаба судан органикалық қоспаларды бөлу.

Сорбция - қатты дене бетінде концентрациялау, ерітіндіден қатты денемен немесе сұйықтықпен сіңіру жолымен немесе қатты денемен еріген заттарды химиялық әрекеттеу жолымен ақаба судан еріген органикалық заттарды және газдарды шығару.

Кристалдау – ақаба судағы ластаушыны кристалл түрінде шығару.

Флотация – ағынды судағы қоспаларды қоспа бөлшектерін қаптайтын және онымен бірге кететін флотореагентті ендіру жолымен шығару (мысалы, ауа арқылы).

Ион алмасу – иониттер көмегімен судағы ластаушыларды шығару.

Диализ – коллоидтарды өткізбейтін микрокеуекті бөгет көмегімен еріген заттарды және коллоидты бөлшектерді бөлу.

Дезактивация – ақаба судан радиоактивті заттарды шығару.

Дезодорация – аэрация, хлорлау және озондау жолымен иістерді кетіру.

Тұзсыздандыру – ақаба судан тұзды буландыру, мұздату, ион алмасу және осмос жолымен шығару.

ПЭИ-  полиэтилин

ПАА -полиакриамид

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Ақаба суларда ластаушылар өзінің физикалық күйі бойынша ерімеген, коллоидты және еріген түрінде болады. Ақаба судағы ерімеген заттар бөлшек өлшемі 100 мк ірі суспензия түрінде және бөлшек өлшемі 100-0,1 мк майда суспензия түрінде болады. Зерттеулерде тұрмыстық ақаба суларда ерімеген қалқыма заттардың мөлшері тұрақты екені және канализацияны қолданатын бір адамға 65г/тәул. құрайтыны анықталды.

Өндірістік  ақаба  сулардың құрамы мен мөлшері әртүрлі. Тіпті бірдей кәсіпорында, мысалы тері зауыттарында технологиялық процестің сипатына байланысты әртүрлі құрамды және әртүрлі мөлшерде ақаба сулар тасталады. Кейбір өндірістік ақаба суларда ластаушылар тұрмыстық ақаба суларға қарағанда аз болады, кейде көп болады.

Өндірістік ақаба сулар  аз ластанған және ластанған болып  бөлінеді. Аз ластанған сулар көбінесе салқындату үшін қолданылған сулар, олар ластанбайды, тек қыздырылады. Сонымен қатар, су энергия көзінің қызметін атқарады,  электр тоғын тасымалдағышы ретінде қолданылады. Сондай-ақ су ауыл-шаруашылығында, өнеркәсіпте, коммуналды – тұрмыстық  мұқтаждықтарға  өте қажет.

Қазіргі кезде тұрмыстық  және өндірістік ақаба сулармен ластанған  суаттарды тазалау мәселесіне көп  көңіл бөлінуде. Суаттарға шығарылатын тазаланған ақаба сулардың сапасына қойылатын талаптар өте жоғары. Сондықтан суаттардың санитарлық күйін жақсартуға үлесін қосатын келесі негізгі шаралар жүзеге асырылуы қажет:

Минералды ластаушыларға  құм, саз бөлшектері, кен бөлшектері, шлак бөлшектері, суда еріген тұздар және т.б. жатады.

Органикалық ластаушылар  өсімдікті және жануарлы болады. Өсімдікті  органикалық ластаушыларға өсімдік  қалдықтары, жеміс-жидек, көкөніс қалдықтары, қағаз, өсімдік майлары, гуминді  заттар және т.б. жатады. Бұл ластаушы заттардың құрамына кіретін негізгі химиялық элемент көміртек болып табылады. Жануарлы органикалық ластаушыларға адамдар мен жануарлардың физиологиялық бөлінулері, органикалық қышқылдар және т.б. жатады. Бұл ластаушылардың негізгі химиялық элементі – азот. Тұрмыстық суларда 60% жуық органикалық ластаушылар және 40% минералды ластаушылар болады. Өндірістік ақаба суларда бұл қатынас өңделетін шикізаттың түріне және өндірістің технологиялық процесіне байланысты өзгеріп отырады.

Бактериялды ластаушыларға тірі микроорганизмдер, яғни ашытқы, зең түскен саңырауқұлақтар және әртүрлі бактериялар  жатады. Тұрмыстық іркінді суларда ауру тудыратын бактериялар (патогенді) бар. Олар ақаба суға адамдар мен жануарлардың бөлінулерімен түсетін іш сүзегі, паратиф, дизентерия, сібір күйдіргісі ауруларын тудыратын қоздырғыштар.

 

         

1 Өндірістік  ақаба суларды тазарту әдістерінің  түрлері және 

қолданылатын  қондырғыларға сипаттама 

 

 Кәсіпорындарында ережеге сейкес канализацияның екі дербес желілерінің қондырғылары қарастырды: өндірістік ластанушылар мен тұрмыстық ағындар үшін және ластанбаған және жаңбырлы ағын сулар үшін.

Ауылды жерлерде орналасқан, қуаттылығы үлкен емес кәсіпорындарда барлық ағындар үшін ортақ бір  канализация орнатады.

Ластанған ақаба суларды жергілікті пункттердің тұрмыстық ақаба сулармен немесе басқа кәсіпорындық ақаба сулармен бірге тазартады. Дербес тазарту тек техникалық мүмкіндік жоқ кезінде немесе ағындарды жалпы тазарту қондырғыларына берудің экономиканың тиімділігі кезінде жүзеге асырды.

Кәсіпорын аумағында  ағындарды канализациялық желіге лақтырудың алдына келесі қондырғыларды орнатады: өңделген жуу ерітінділерінің шығынын орташаландырушылар, олар қалдықтардың қабылдануының тегістей шығарылуын қамтамасыз етеді; автокөліктерді жуу алаңдарындағы майбензинұстағышты ластұндырғыштар; мазутты ластұндырғыштар; мазутты шаруашылықтағы мазутұстағыштар.

Механикалық тазарту.  Кәсіпорындарының ақаба суларын механикалық тазарту үшін торлар, құмұстағыш,майұстағыш, табиғи аэроциялы жарық түсіргіштер, жарық түсіргіш қондырғылар мен тігінен тұндыру қондырғылары қарастырылады.

Құм ұстағыштарды тәулігіне 100м3 ақаба суларды биологиялық тазарту станцияларында шығындау кезінде қолданылады.

1-сурет. Реактивті  су бөлгішті май ұстағыштың сұлбасы.

1-корпус, 2-орталық камера; 3-тазарған суды әкету; 4-май қуғыш; 5-периферлік жайма; 6- патрубкалар; 7-ақаба суды берудің құбыр өткізгіші; 8-реактивті айналмалы су бөлгіш; 9-тазартылған суды жинағыш жайма; 10-май массасының жаймасы; 11-тұнба құбыры; 12-май массасын жоюдың құбыры; 13-тұнбалық бөлім; 14-сақиналық су құйғыш.

 

Ақаба судың ылғалдығы 60% болған кездегі құмұстағышта ұсталып қалған шөгіндінің мөлшері 1м3 ақаба суға 0,2-литрден келеді.

Майұстағыштарды ереже бойынша, майлылығы жоғары өнімдерді шығаратын цехтар мен зауыттарда, ақаба судағы май шоғыры 100мг\л-ден жоғары болған кезде орналастырады.

Сүт зауыттарының ақаба сулары үшін көлденең типтегі май ұстағыштарды қолданудың тиімділігі аз. Өйткені олардың май шоғырын төмендету дәрежесі бар болғаны 30-35%-ды құрайды. Онда сұйықтар төменнен қозғалады және май массасы автоматты түрде жиналады. Бұл қондырғыда ақаба сулардың теңдей бөлінуінің арқасында сұйықтықтың табиғи аэроциясымен ағыстың реактивті бөлгішке түсуі кезінде көлденең майұстағыштарға қарағанда тұндырудың тиімділігі 20-25%-ға жоғары және 50-70%-ды құрайды. Оның үстіне жаңа конструкциялы майұстағыштарда айналып тұрған май қууыдың көмегімен қалқып жүрген май массасының үздіксіз жиналуы мен жойылу жүзеге асырылады. Мұндай майұстағыштар тағыда биологиялық тазарту станцияларында бастапқы тұндырғыштармен бірге орналасады.

Ет өнеркәсіп кәсіпорындарының ақаба суларының зарарсыздандырылуы тұрмыстық ақаба сулардың зарарсыздандырылуы іспеттес және СНжәнеСЕ 11-32-74 бойынша жобаланады.

Қажет болған жағдайда ақаба суларды соңына дейін тазартуды тұрмыстық ақаба суларды соңына дейін тазартуға арналған қондырғыларда: микросүзгілерде, құмды сүзгілерде және биологиялық тоғандарда орындайды.

Еткомбинаттарының ақаба суларын биологиялық тазарту үшін өнімділігі тәулігіне 1100,1700 және 2400м2 болатын тазартқыш қондырғыларының типтік жобалары әзірленген.

Орталық майұстағыштан май массасы механикалық жинағышпен арнайы бункерге жиналады, ал ол жерден вакуумды- ауалық қондырғының көмегімен май жинаушыға қуылады.

 

2-сурет. Ақаба суды тазартқыш қондырғы

1-қабылдағыш камера; 2-торлар  ғимараты; 3-құм ұстағыштар; 4-су өлшегіш  тоған; 5-жарықтанғыш-қыздырғыш; 6-аэротенктер; 7-екіншілік тұндырғыштар 8-араластырғыш; 9-контактілік резервуар; 10-лайлы  алаңдар; 11,12,13-тұнбалар мен су резервуары; 14-дренажды сулар резервуары; 15-өндірістік және тұрмыстық бөлмелер блогы; 16-хлоратор; 17-желдеткіш қондырғы; 18-қазандық; 19-көмір қоймасы; І-ақаба сулардың берілуі; ІІ-ақаба сулардың шығуы


 

Орталық майұстағыштан май массасы механикалық жинағышпен арнайы бункерге жиналады, ал ол жерден вакуумды- ауалық қондырғының көмегімен май жинаушыға қуылады. Флотатордың бетінен көбікқуғышпен алынған көбік тұндырғыш–декататорға түседі. Ол жерде көбіктер бұзылып, көбіктік өнімнен май массасына, шөгіндіге, суға бөлінеді. Тұндырғыштың шөгінділері кезең-кезеңімен жойылып отырады. Декантталған су тазару үшін қондырғының басына бағытталады.

Ұсталынған май тапталғаннан кейін және тұндырылғаннан кейін ыдыстарға салынады және одан әрі өңделу үшін автокөлікпен әкетіледі, сөйтіп олардан техникалық майлар мен жем-шөп өнімдері алынады.

Орталық май ұстағыштың және флотациялық қондырғылардағы шөгінділер сусыздандырылуға шайқатылады. Сусыздандырылған шөгінділер қоқыстарға көму үшін алаңдарға әкетіледі.

Шөгінділерді сусыздандырудан алынған фугат және фильтрат қондырғылардың басына шөгу үшін бағытталады. Алаңнан тыс тазарту қондырғыларында ұсталып қалған шөгінді сусыздандырылады және тығыздалып алаңдарда компостерленеді. Шөгінділерді биотермиялық өңдегеннен кейін ауылшаруашылық тыңайтқыштар ретінде пайдаланылады. Тығыздағыш тұнба алаңының жылдық жүктемесі мына формула бойынша анықталады.

мұндағы: К-климаттық коэффициент;

               Н- жұмыстық тереңдік, м

К және Н мөлшері, сондай-ақ тұнба алаңдарын жобалау бойынша нұсқаулықтар СНжәне СЕ 11-32-74 бойынша жобаланады.

Ақаба суларды тазарту мен шөгінділерді өңдеудің перспективті техникалық шешімдері келесі әдістер болып табылады: электрофлотокоагуляция, көбікті сепарация, механикалық аэрациямен аэротенктарда биологиялық тазарту, екі сатылы аэротенколарда биологиялық тазарту, тоғандар мен фильтрлардағы ағындардарды соңына дейін тазарту, ауыр қоспаларды бөлуге арналған гидроциклондарды қолдану, шөгіндіні орталықфугаларда сусыздандыру, барабанды кептіргіштерде шөгіндіні кептіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қорғасын өндірісінде түзілетін ақаба сулардың тазалау әдістерін таңдау 

Өндірістен шығатын ақаба суларды химиялық тазалау әдістеріне коагуляция, бейтараптау және тотықтыру жатады.

Коагуляция – реагент-коагулянттарды қолданып ақаба суды түссіздендіру және жарықтандыру процесі.

 Бейтараптау – рН шамасын  өзгерту және бейтарап ортаға  келтіру мақсатында суды қышқылдату немесе сілтілеу процесі.

Тотықтыру – бұл процесс ақаба су құрамындағы заттар басқа әдістермен, соның ішінде биохимиялық тотықтырумен шығарылмаса және бұзылмаса қолданылады.

Коагуляция процесінің мәні мынада: ақаба судан майда  қалқыма және эмульсиялы заттарды тез  шығаратын реагентті (коагулянт) ақаба  суға қосады, өйткені бұл майда  қалқыма және эмульсиялы заттар тұндырумен шығарылмайды. Әдетте реагентті ақаба суды тұндырғышқа беруден алдын қосады. Қалқыма заттар коагулянтпен бірге тұндыру бассейндерінде тұндырылады.

Бұл әдіспен құрамында майда  қалқыма заттар бар ақаба суларды, мысалы, тоқыма кәсіпорынының жасанды жібек фабрикасының техникалық суларын, мұнай өңдейтін зауыттардың суларын, монша-кір жуу және душ ақаба суларын, сондай-ақ химиялық өнеркәсіптің ақаба суларын тазалайды.

Коагулянт ретінде әк, аллюминий  сульфаты, натрий алюминаты, темір сульфаты, темір хлориді, кейде осы реагенттердің қоспасын қолданылады. Қосылатын реагент типі мен мөлшері өңделетін судың құрамына, тазалану дәрежесіне және басқа факторларға байланысты. Кейде ақаба суды коагулянтпен өңдегенде тиімді рН шамасын қышқылдату немесе сілтілеу жолымен ұстап тұру қажет. Ақаба суды реагентпен айналдырушы қондырғысы бар механикалық араластырғыштарда, гидравликалық араластырғыштарда араластырады.

Коагулянт үлпегін түзу үшін әр түрлі  конструкциялы  үлпек пайда болу камералары қолданылады. Онда механикалық немесе гидравликалық араластыру жүзеге асырылады.

Шет елде араластыру, үлпек пайда  болу және жарықтандыру процестерін  тездету үшін «қалқыма сүзгішті»  жарықтандырғыштар және «үлпек суспензиялы  және циркуляциялы» жарықтандырғыштар  қолданылады. «Қалқыма сүзгішті» жарықтандырғыш келесі принциппен жұмыс істейді: ақаба су және коагулянт жарықтандырғыштың орталық камерасына таратқыш сақина арқылы беріледі. Орталық камерада үлпек пайда болу процесі жүреді. Мұнда ақаба су булағышпен араластырылып, шеткі бөлігіне жіберіледі, онда ағынның белгілі жылдамдығының арқасында «қалқыма сүзгіш» түзіледі. Бұл коагулянт үлпегінен тұратын сүзгіш қалқыма бөлшектерді ұстайды.

Коагуляция және қалқыма заттарды тұндыру процестерін тездету  үшін орагникалық табиғи және синтетикалық жоғары молекулалы флокулянттар қолданылады. Катионды-анионды флокулянт – полиакриламид (ПАА) кең тараған. Өндірістік ақаба суды тазалау үшін ПАА тиімді дозасы 0,4-1 мг/л құрайды.

 

2.2 Бейтараптау әдісі

 

Химиялық әрекеттесу кезінде ақаба су бейтарапталады. Көптеген кәсіпорынның жоғары концентрациялық қышқылды немесе сілтілі өндірістік ақаба суларын канализациялық тізбекке тазалау станциясына, су тоғанына алдын-ала суды шеткі мүмкіндік концентрацияға жеткізбей тастауға болмайды. Мұндай өндірістік ақаба суларға химиялық, машина құрастыру, металлургия және мұнай өңдеу зауыттарының сулары, әсіресе гальваникалық және термиялық цехтарының сулары жатады.

Өндірістік ақаба суларды бейтараптандырудың бірнеше тәсілдері бар:

а) қышқыл ақаба суды канализациялық тізбекке түсіру алдында сілтімен тікелей араластыру;

б) қалалық ақаба судың немесе су тоғанының активті сілтілігін қолдану;

в) бейтараптауға қажет пропорцияда  реагентті қосу;

г) бейтараптау материалы арқылы  суды сүзу.

Қышқылдығы жоғары өндірістік ақаба сулар көптен кездеседі.                Олар құбыр материалдарына қатты әсер етіп, аэрация станцияларындағы микробиалды процестерге кері әсерін тигізеді. Сондықтан, өндірістік ақаба су құрамында күшті қышқылдар (бірінші топ), суда жақсы еритін кальций тұздары (HCl, HNO3),  күшті қышқылдар (екінші топ), суда ерімейтін кальций тұздары (Hr S02, Hr S03),  әлсіз қышқылдар (СО2 СН3СООН - сірке) болғанда оларды бейтараптау қажет.

Бірінші топтың күшті қышқылдарын  бейтараптау қиын емес, өйткені оны  түзетін тұздар суда жақсы ериді және тұнба түзілмейді. Екінші топтың күшті қышқылдарын бейтараптау қиынырақ, өйткені көп мөлшерде тұздардың тұнбасы түзіледі, мысалы, күкірт қышқылын бейтараптағанда гипс СаSО4 түзіледі. Сонымен бірге гипс бейтараптау материалының бетінде қалып, реакция процесін тоқтатады.

Егер өндірістік ақаба  сулар тізбекке әрі қарай берілсе  және аз мөлшерде берілсе, онда қышқыл суларды сілтімен араластырады. Бұл кезде тәуліктің кейбір уақыттарында сілтілі сулар, ал кей уақыттарда қышқылды сулар беріледі. Мұндай ақаба суларды араластыру үшін арнайы резервуар-орталандырғыштар орнатылады.

Реагент қосып бейтараптау  ақаба суларды араластыру және су тоғанының активті сілтілігін қолдану болдымсыз нәтиже берсе, яғни ақаба су қышқыл болып қала берсе жүзеге асырылады.

Қышқылды бейтараптау  үшін өткір натр, өткір калий, әк тас, доломит, мармер, бор, магнезит, сода, сілті қалдықтары қолданылады. Көбінесе кальций гидрооксиді қолданылады. Сілтілі ақаба суларды бейтараптау үшін күкірт, тұз, азот және басқа қышқылдар қолданылады. Реагентті ерітінді (ылғал дозалау әдісі) немесе құрғақ ұнтақ күйінде (құрғақ дозалау әдісі) қосуға болады. Бұл екі әдіс те күкірт қышқылын бейтараптау үшін қолданылады. Қышқылды бейтараптайтын қондырғының өткізу қабілеті одан жоғары болса құрғақ дозалау әдісі қолданылады.

Реагент ылғалды дозалауда  майдаланып, арнайы аппаратта сөндіріледі. Мысал ретінде кәдімгі әктен  жасалған әк сүтін қолдануды айтуға болады. Сөндіру аппараттан әк сүтін ерітінді бактарына сорғышпен береді, онда қажетті концентрацияға дейін сұйылтырып, дозалау бактары арқылы каналда орналасқан араластырғышқа жіберіледі. Канал арқылы таза ақаба су өтеді.

Реагенттің ақаба сумен реакция бітуіне қажетті контактісі арнайы резервуар-бейтараптағышта жүзеге асырылады. Бұл қондырғы онда сұйықтықтың 10-15 минут болуына есептелген. Бейтараптағыш тұндырғышпен бірігуі мүмкін.

5 суретте бейтараптау қондырғысының принципті сызбасы көрсетілген. Ғимараттар құрамына қышқыл және сілті аппараттары 2, сөндірілмеген әк қоймасы 3, ерітінді бактары 4, дозаторлар 5, бейтараптағыштар 6, тұндырғыштар 7 және тұнбаны сусыздандыру ғимараттары 8 кіреді.

.

Сурет 5 - Бейтараптау қондырғысының принципті сызбасы

 

Әкті құрғақ сақтау әдісі  кезіндегі әк шаруашылығының сызбасы 3.2 суретте көрсетілген. Әк қабылдағыш бункерге жүктеліп, пластиналы қоректендіргіш көмегімен транспортерға, кейін  майдалағышқа беріледі. Әк сүті резервуарға  беріледі, одан сорғышпен шығын резервуарларына айдалады. Әкті қажетті мөлшерін дозалау өңделетін судын рН ортасына байланысты автоматты дозатор көмегімен жүзеге асырылады.

Қышқыл суды бейтараптау  үшін жергілікті өндіріс қалдықтарын, оның ішінде ЖЭО химиялық су тазалау  цехынан шыққан шламды қолдануға болады. Мұндай қондырғыны қара металлургия зауытының өңдеу цехтарынан шыққан ақаба суларды бейтараптау үшін қолданады.

Сүзу арқылы бейтараптау  сүзгіш материал қабатынан ақаба  суды өткізумен жүзеге асырылады. Мұндай сүзгіш материал ретінде әк тас, мармер және доломит қолданылады. Бұл әдістің бір қатар артықшылығы бар: ол қарапайым, арзан, ақаба суда қышқыл концентрациясы біркелкі болмаса да тиімді.

 

2.3 Қорғасынмен ластанған суларды тотықтыру әдісі бойынша анықтау

Бұл әдіс ақаба судың  құрамындағы зиянды заттарды биохимиялық және басқа әдістермен бұзу немесе шығару мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, байыту фабрикаларының ақаба суларының құрамында цианитты қосылыстар болады. Бұл суларды өңдеу үшін химиялық тотықтыру әдісін суға гипохлорит қосу жолымен қолданады. Реагент ретінде кальций гипохлориті, натрий гипрохлориті немесе хлорлы әк қолданылады. Ақаба суды тотықтыру жолымен тазалаудың ғимараттар кешені реагент қоймасынан, ерітінді бактарынан және дозаторлардан, реакция камерасынан және тұндырғыштан тұратын реагент шаруашылығынан құралады.

Сонымен бірге өндірістік ақаба суды электрохимиялық өңдеу  қолданылады. Ақаба суды электрохимиялық  өңдеу де анодты тотығу, еріген ластаушы заттардың катодты тотықсыздануы,  электр-коагуляциясы немесе электрлі диализ жүргізіледі.

Мұндай өңдеу барысында  улы заттар, улы заттар емес күйге  немесе аз улы күйге өтеді. Электрлі диализбен ақаба судан қалпына  келтірілетін тұздар, қышқылдар немесе сілтілер шығарылады. Құрамында цианидтер, аминдер, спирттер, азобояғыштар бар өндірістік ақаба суды электрохимиялық  өңделгенде су құрамындағы заттардың анодты тотығуы жүреді.

Катодты электролизде газ  тәрізді сутек бөлінеді және судағы еріген металл иондары босайды. Анодта оттегі мен галогендер бөлінеді, кейбір иондар мен молекулалар басқа иондар мен молекулалар түзе отырып тотығады.

 

 

 

1-пластиналы қоректендіргіш; 2- ленталы транспортер; 3- бағалы  майдалағыш; 4- ожаулы элеватор; 5-майдаланған  әк бункері; 7- доңғалақ диірмен; 8- жіктегіш; 9 , 10- сорғыштар

 

 

Сурет 6 - Әкті сақтау кезіндегі әк ерітінділерін дайындаудың механикалық қондырғысы

 

Темірден және аллюминийден шыққан анодтар тұрақты электр тогы әсерімен коагуляцияға қабілетті металдардың  негізгі тұздары мен оксигидраттардың түзілуімен ериді.

Тазалау эффектісі электродқа қолданылатын материалға, ақаба су құрамына, ток тығыздығына және т.с.с байланысты болады. Электрохимиялық әдістерді ақаба судың электр өткізгіштігі жоғары болғанда қолданған тиімді.

Аллюминий мен темірден жасалған анодты электрокоагуляция  кеңінен тараған. Электрокоагуляция, мысалы, гальваникалық өндірістің құрамында бар ақаба суларын тазалау үшін қолданылады.

7 суретте ақаба сулар болатты электродтары бар ағынды электролизерларда өңделеді.

 

 

 

 

1 - резервуар-орталандырғыш; 2 - натрий ерітіндісін дайындау багы; 3 - тұрақты электр тогының көзі; 4 - сілті реагент ерітіндісінің багы; 5 - тұнбаны сусыздандыру аппараты; 6-тұндырғыш; 7-электролизер; 8-сорғыш

 

 

Сурет 7 - Ақаба суды және қорғасын иондарынан тазалауға арналған электрокоагуляциялық қондырғының технологиялық сызбасы

 

Одан су қозғалысы  көлденең немесе тік болады. Электролизда хромат және бихроматиондарының болатты  анодтың еруі кезінде түзілген екі  валентті темірге химиялық тотықсыздануы  жүреді. Сонда темірдің, хромның  және басқа ауыр металдардың гидрототығы түзіледі.

Ақаба суды озондау перспективті болып табылады. Ол суды терең тазалауға  және өндірісте қайта қолдануға  мүмкіндік береді. Ақаба суды өңдеу  барысында реакторға озон – ауа  қоспасы күйінде беріледі. Майда  көпіршіктей шашыратылған озон химиялық ауадағы оттегіні синтездеу жолымен алынады.

Озонатор қондырғысының  принципті технологиялық схемасы 8-суретте көрсетілген. Ол екі түйіннен тұрады: озон алу және ақаба суды тазалау. Озон алу түйін өз кезінде ауаны тазалау мен кептіру блогынан және озон алу блогынан тұрады. 

 

 

 

 

1-жылуалмастырғыш; 2-ылғал  бөлгіш; 3-киізден жасалған сүзгіш; 4-кептіргіш қондырғы; 5-озон генераторы; 6-қолданылған газды әкету; 7-ақаба  су жіберу; 8-алдын-ала реактор; 9-негізгі  реактор; 10-таза суды шығару.

 

 

 

Сурет 8 - Озонатор қондырғысының технологиялық сызбасы

 

Бірінші блокта ауа жылуалмастырғыштан ылғал бөлгіштен, сүзгіштен және кептіргіш қондырғысынан өтеді. Кейін ауа генераторға беріледі. Биологиялық тазалаудан өткен ақаба  су реакторға беріледі. Реакторға  тағы озондалған ауа беріледі. Сөйтіп тотығу процесі жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Қорытынды

Өндірістік ақаба суларды  тазалау үшін мехеникалық, физикалық-химиялық, химиялық және биохимиялық тазалау  әдістері қолданылады. Ақаба сулардан негізінен минералдық ластаушыларды шығару үшін, сондай-ақ алдын-ала тазалауда механикалық тазалау (сүзу, тұндыру, гидроциклондарда жарықтандыру) қолданылады. Механикалық тазалаудан кейін судан органикалық ластаушыларды шығару үшін биохимиялық тазалау қолданылады.

Кейбір өндірістік ақаба  сулар үшін химиялық немесе физикалық-химиялық тазалау әдістерін қолданған  тиімді, мысалы, ағынды сулардан ауыр металл иондарын және улы қосылыстарды шығару үшін. Ақаба суларды тазалаудың физикалық-химиялық әдістеріне сорбция, экстракция, коагуляция, флотация, электролиз, ион алмасу, кристалдау және т.б. процестерді жатқызуға болады.

Ақаба суды химиялық тазалау  суға енгізілген реагентер  мен ластаушылар  арасында реакция нәтижесінде жүргізіледі, мысалы, тұнбаға түсетін қосылыстарды түзу немесе газ бөліну реакциялары. Химиялық тазалау процестеріне келесі әдістер жатады: коагуляция, бейтараптау және химиялық тотықтыру. Тазартудың соңғы процесіне озондауды, яғни органикалық ластаушыларды озон әсерімен тотықтыруды жатқызуға болады.

Ағында сулардан бағалы затарды алу нәтижесінде жүргізілетін тазалау әдістерін регенеративті  деп атайды. Егер ақаба суды тазалау  нәтижесінде ластаушылар ыдыраса  және ыдырау өнімі судан шығарылса  немесе су тоғанында зиян емес қосылыстар түзілсе, ондай әдістерді деструктивті деп атайды.

Биохимиялық тазалау  әдістері микроорганизмдердің тіршілік әрекетін қолдануға негізделген. Бұл  микроорганизмдер тазартылатын суда коллоидты  және еріген күйде болатын органикалық  заттарды тотықтырады. Биохимиялық әдіспен ақаба суды механикалық тазалаудан кейін суда қалған органикалық ластаушыдан толық тазалауға болады.

 Ақаба суларды биологиялық  тазалауға арналған ғимараттарды  екі  негізгі типке бөлуге  болады:

- биологиялық тазалау  табиғи жағдайда жүзеге асырылатын ғимараттар (сүзу жерлері және биологиялық тоғандар). Ақаба сұйықтық мұндай ғимараттарда топырақтағы және биологиялық тоған суларындағы оттегі қорының арқасында, сондай-ақ топырақ пен суға түскен органикалық ластаушыларды тотықтыратын мимикроорганизмдер-минерализаторлардың тіршілік әрекетінің салдарынан өте баяу тазаланады;

- ақаба суларды тазалау  жасанды жағдайда жүзеге асырылатын  ғимараттар (мысалы, биологиялық сүзгіштер  және аэротенктер). Мұндай ғимараттар  арқасында жасанды жағдайда ақаба  суды тазалау процестері едәуір тез жүреді.

Өндірістік ақаба сулардың құрамы әр түрлі болады және ол қолданылған  өндіріс технологиясына байланысты. Ол үшін тазалау ғимараттарын үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін, ақаба  сулардан бағалы заттарды алатын және технологиялық процестерде тазаланған ақаба суларды қайта қолданатын немесе оларды техникалық сумен қамтамасыз ету жүйесіне бағыттайтын тазалау әдістерін таңдау қажет.

Өндірістік ақаба суларды  тазалау барысында көп мөлшерде тұнба түзіледі, оны өңдеу қажет. Тұнбаны өңдеу тәсілін олардың қасиетіне, ылғалдылығына, ылғал беру қабілетіне және т.б.көрсеткіштеріне байланысты таңдайды. Мысалы, минералды тұнбалар (шламдар) әдетте өңделмейді, олар шлам үйіндісіне жіберіледі. Өндірістік ақаба сулардың тұнбаларын сусыздандыру үшін вакуум-сүзгіштер, сүзгіш-нығыздағыштар және центрифугалар қолданылады. Сусыздандырудан кейін тұнба ылғалдылығы 40-50 % құрайды.

Белгілер мен қысқартулар, анықтамалар