Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі
Галиева Элвира Ренатовна
Тақырып : Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны ( психологиялық-педагогикалық проблема)....
1.2. Экологиялық білім берудің ұтымды
жолдары. ..............................
1.3. Биология сабақтарында оқушыларға
экологиялық білім мен тәрбие берудің
мазмұны, технологиясы және әдістемесі
..............................
ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдірудың әдістері
2.1.Тіршілік тынысы - өсімдік” атты сыныптан тыс факультативті модульдік сабақ
2.2.“Табиғатым - тағдырым” атты сыныптан тыс сабақты оқушылардың Көңілді тапқырлық клубы ретінде өткізу
2.3.«Гүлді өсімдіктерді қорғау» - өткен материалдарды қортындылау сабағы ( ойын технология элементермен)
2.4. «Өсімдіктер әлемі» - биологиялық ойын
2.5 «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ » ІЗІМЕН – экологиялық ойын
2.6 "ЭКОБІЛІМ" сайысы
2.7. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістерін қолданудың нәтижесің тәжірибелік – педагогикалық талдау.
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер .
. . . . . . ..............................
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Осыған байланысты Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның басты дамуының стратегиялық бағыттағы “Қазақстан - 2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғат қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу проблемасына ерте заманнан күні бүгінге дейін ғұлама ғалымдар мен педагогтар, демократ-ағартушылары ( Әль-Фараби, Ж. Баласағұн, К.А. Иассауи, М. Кашгари, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен, Н.А. Добролюбов, Д.И. Писарев, А. Қунанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов және т.б.) ерекше мән берді. Олардың пікірлері кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді түсінудегі білім мен тәрбие арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды. Сондай-ақ, Қазақстанның педагог-ғалымдары Ә.С. Бейсенова, Ж.Ж.Жатканбаев, Н.С.Сарыбеков, Қ. Аймагамбетова, М.Н.Сарыбеков, Б.Ы.Мұқанова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.Орынбаева, Ш.Шынғысбаев, Т.Сағынбаев және т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерімен мазмұнын жүесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі Республикамыздың Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңа деңгейде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Осы өзекті мәселенің бірі – ол бала бақшадан бастап, орта және жоғары мектептерде үздіксіз экологиялық білім жүйесін қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан-жақты етіп тәрбиелеу. Осы мәселеге байланысты зерттеу тақырыбымызды «Биология курсындағы экологиялық мазмұнды жетілдіру әдістемесі » деп алуға тура келді.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен жолдарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушыларды өлке табиғатын қызғыштай қорғайтын адам етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
- Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын көрсету.
- Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
- Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі - эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің әдіснамалық – теориялық негіздері : Адам мен қоршаған табиғи ортаның өзара қатынасы туралы ілімі, таным теориясы, жеке тұлғалық іс - әрекет теориясы, табиғат пен оқушылардың өзара қатынасы туралы танымдық пікірлер, тұжырымдамалар философиялық көзқарастар, педагогикалық, психологиялық ой – пікірлер, ғылыми – зерттеулер мен болжамдар. Экологиялық білім мен тәрбие беруді тереңдетіп, экологиялық дүниетанымды қалыптастыру.
Зерттеу нысаны : Экологиялық тәрбие беруде сабақ және сабақтан тыс жұмыс формалары тәжірибе – эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді және олардың негізінде әдістемелік нұсқаулар жасалады.
І бөлім: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері және оның мазмұны.
Қазіргі уақытта қоғамның алдында экологиялық тәрбие мен білім беру мәселесі тұр. Жер бетіндегі экология заңдарын бұзуға күш салатын бірден – бір зоологиялық түр – адам. Адамдардың күш санасы бар, және де сол сана мейлінше дамыған сайын экология туралы білім деңгейі төмендей түспек. Егер қазір жер бетінде адамдардың басым көпшілігінде экология мен дағды мүлдем жоқ десек, қателеспеген болар едік.
Сауаттылықтың (экологиялық) жайылуы халықтың мәдениетіне кері әсерін тигізеді. Оны тек тәрбиемен, білім берумен қалпына келтіруге болады. Басқадай жол жоқ , табиғи комплекстердің бұзылуы күннен күнге өршіп барады.
Россияның ірі ғалымы А. Яблоков экологиялық білім беру проблемасына тоқталады: Адамдардың экологиялық білім алуының жаңа сатысы керек. Адамның білім мен тәрбие алудың өн бойында оң балабақшадан жоғарғы оқу орына дейін - экологиялық білім беру мәселесі бірінші орынға қойылуы қажет. Табиғатқа қамқор сезіммен қарайтын адамды тек осылай ғана тәрбиелеп шығаруға болады. Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің баршаға ортақ және үздіксіз жүйесінің құрылуы педагогтар алдына міндет етіп қойылды. Бұл міндет білім беру бағдарламасында бекітілген. Жаңа заман ой – пікірлерінің қалыптасу ерекшелігі мынада: ТМД елдерінде және біздің республикамызда экология мәселесіне аударылған назар басқа елдердегіден кем емес.
Қоршаған табиғи ортаға деген жауапкершілік қарым – қатынас тәрбиесінің мәселесі соңғы кезде оқушыларда, бастауыш сынып оқушыларынан бастап, оқу жұмысы методистерінің назарын аударады.
Экологиялық білім берудің мәні неде? Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауына қандай экологиялық ұғымдар тән? Оқушы жастардың экологиялық мәдениетінің элементі болып табылатын табиғатқа деген қамқор сезімді тәрбиелеудің ерекшелігі неде? Қандай методикалық шарттар қолданғанда, бұл мәселе ең үлкен педагогтік нәтиже береді?
Алайда, экологиялық білімнің бағыт – бағдарын белгілеуді елеулі пікір талас туғызып отыр. Басты назарда “Табиғат аясы”, “Қоршаған орта” немесе “Табиғат әлемі” мәселесінің тұру қажеттігі принципті мәселеге ие болды.
Көптеген шет елдердегі оқу жүйесінде экологиялық білім беру әр түрлі пәндерді оқытуда сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, өмір тәжірибелеріне байланыстырып кіріккен (интегралдық) пәндер негізінде беру жағына назар аударады. Мысалы, АҚШ–та жалпы білім беретін колледждерінде педагогикалық ұжымның таңдап алуына орай міндетті түрде оқытылатын бес түрлі экологиялық кіріккен пәндер оқытылады.
Біздің ТМД елдерінде алғашқы кездерде барлық пәндерді экологияландыру бағыты басым болғандықтан және барлық оқу бағдарламалары шамадан тыс оқу материалдарын енгізгендіктен бірінші үлгі тиімді болмай шықты. Сонда да болса, әрбір пәндердің оқу пәндердің бағдарламаларында экологиялық бағыттағы енген тақырыптар бір – бірін толықтырып, жүйелі білім беруге талпынады.
Соңғы жылдары кейбір оқу орындарында экологиялық бағдардағы пәндердің берген білімі мен тәрбиесін жинақтайтын пән “экологиялық” арнайы курс 8 – сыныптарда жүргізіле бастады. Біз оны белгілі бір жүйеге келтіріп, сыныптан тыс жұмыстармен толықтырып оқушы жастарға экологиялық тәрбие беруге талпыныс жасадық.
Енді бізде оқушы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беруде бірінші кезегінде оның ғылыми негіздерін, мақсат-міндеттерін талдаудан кейін оның мазмұндарын жасауда қандай талаптарға, ұстамдарға негізделетініне назар аударып, ұлттық оқу орындарында іске асырылып жатқан экологиялық тәрбие беру жұмыстарына негіздеме беруге талпындық. Экология ғылымын қай жағынан алып қарасаңызда, оның биология ғылымының құрамды бөлігі екені ап–айқын көрініп тұр. Ал, биология ғылымы - табиғаттану ғылымының бөлігі екені зиялы азаматтардың барлығына түсінікті.
Экология ғылымы-табиғат қорғау ғылымының негізгі бастау бұлағы. Табиғат қорғау ғылымын, оның қағидаларын, заңдарын табиғатты өмірлік қажеттілікте пайдалануда міндетті түрде орындау мәңгілік, баянды өмір сүру негізі.
Табиғат сырын жан–жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне пайдалану, адам баласының қанына сіңген қасиет . Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат– осы қасиеттің барлығын жер басып жүрген, әрбір адамның саналы түрде өмірге пайдалануға көмектесу. Бұл мақсаттың орындалуы әрбір адамзаттың табиғат қорғау тәрбиесінен өтуінен тікелей байланысты. Осы жұмысты орындау ұстаздың міндеті.
Демек, мектеп қабырғасында оқушыларға табиғат, экология жайында тиянақты білім беріп, оларды табиғат қорғау тәжірибесінен өткізсек, мақсат түбегейлі орындалады, оқушы жастардың саналы түрде, өмір бойы табиғат қорғау ісімен айналысатын болады.
Ал келешек
ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып,
табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын
ұрпақ тәрбиелеуде профессор Н.С. Сарыбековтің
жетекшілік етуімен “Табиғат қорғау орталығы”
құрылып, онда М.Н.Сарыбеков,БұзаубақоваК.Ж.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым – қатынастың ғылыми негіздері мен мүмкіндіктері, мазмұндары жайлы Санкт –Петербургтік ғалымдар А.Н. Жиров, И.В. Игнатенко, А.Н. Ласточкин, В.П. Соломиндердің “Геоэкология” авторлық бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері бар. Шынын айту керек, осындай бағдарлама республикамызда әлі де аз қарастырылған. Мәселен, экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелердің оқу орындардың жоспарында және оның жалпы білім берудегі алатын орындары мен қисынды құрылымдық құрамдарын анықтау, экологиялық білім беруде шетелдегі әріптестердің озат тәжірибелеріне ұқыптылықпен қарау. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастардың мән – мағынасын, мазмұнын, адам өмір сүретін ортаның экологиясын өз жанындай сақтау, өзін қоршаған табиғатқа өз бауырындай ілтипаттылықпен қарау сияқты адамзаттың құнды бағдарлары жасөспірімдерге қоғам мен табиғаттың заңдылықтарын түсіну негізінде олардың оқу үлгерімі өсіп, танымдық қызығушылық қасиеттері өсіреді.
Экология курсы оларды жүйелеуге және жалпылауға, сонымен бірге адамның ролі мен орнын түсіну үшін қажет міндетті білім мен біліктіліктің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Оқу құралдарында әртүрлі типтегі сабақтарды, яғни лабораториялық жұмыстарды, танымжорықтарды, өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар келтірген.
Жалпы, оқушыларға экологиялық тәрбие беру, оның интегралды сипаты биология, қоғамдық – тарихи, гуманитарлық – эстетикалық, еңбек циклді оқу пәндерінің барлығында белгілі дәрежеде бейнеленуін қамтамасыз етеді. Көптеген ғалымдар оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әртүрлі дүниетанымдық, саяси адамгершілік эстетикалық, құқықтық, еңбек және т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз, байланысқан жүйе ретінде қарастырады.
Қазақстан мектептерінде экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы жаңа сала ретінде қызу қарқынмен дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл салада теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді.
Оқушылардың экологиялық білім мазмұны педагогикалық-психологиялық проблема болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану Егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Ғылыми – Техникалық прогресс қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына себепкер болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері–аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге келмейтін апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр. Ал, экологиялық жағдайлармен қатар халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтарда кедергі келтіріп отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін оң шаралармен, іс-әрекеттерді қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті” - делінген [8,13].
Ата Заңымызға негізделіп жасалған ҚР “Білім туралы” Заң мен 2004 жылы қабылданған білімді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян [9,7].
1996 жылдың тамыз айынан бастап Республикада табиғат қорғау туралы жаңа заң қабылданып күшіне енді [4]. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады:
- Республикада
халыққа білім беру орындары
табиғат қорғау жөнінен
- жалпыға
бірдей кешенді түрде және
үздіксіз экологиялық тәрбие
мен білім берудің жоғары және
арнаулы оқу орындарында маман
кадрларды кәсіптік жағынан
- құжаттың 64-бабында
айтылғандай барлық оқу
- арнаулы
оқу орындарының бағытына
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өзінің өмір сүретін ортасы мен еңбектенетін жерінде саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми –техникалық үрдісі әлдеқашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Ғылымдар тарихында “Экология” терминін тұңғыш 1866 жылы неміс биолог-ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Ол “Экология” - деп тіршіліктің әрбір түрінің немесе организм оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.
Әртүрлі экологиялық мәселелері биология ғылымына енетін пәндердің барлығы да қамтиды да, олардың әрқайсысы өз ілімі салаларынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм, организмдердің әртүрлілігі, өсіп-көбеюі, жер бетінде таралуы, организмдердің шығу тегі, селекция, генетика туралы зерттеіді. Ал, экология табиғатты барлық өзгерістерді айнала қоршаған табиғи ортасы және адамның іс-әрекеттерімен байланыстырып зерттейтін кешенді ғылымдарға айналды. Сондықтан да экология ғылымы барлық биология ғылымдарының негізгі өзегі болды.
Қазір барлық ғылым проблемалары кешенді түрде зерттеулер жүргізу арқылы шешіледі. Яғни, экология ғылымдарының ғылымы деңгейінде іргелі ғылыми зерттеулердің қорғаушы күшіне айналған. Табиғат қорғау Заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдарда “Биология және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру керек” -деп көрсетеді. Осыған байланысты республикаларды үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім беруді саналы және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушыларына “Экология негіздері” курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болатын экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық зерттелуінің өзіндік даму және қалыптасу тарихы бар.
Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара бір-біріне әсер ететіндігі туралы халыққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қазіргі уақытта экология ғылымы теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология ғылымы – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми – теориялық негізін қалайды. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік – экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдаушыларымыз ежелгі замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың байлығын молайта түсуге білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау – жалпы білім беру жүйелерінің алдыңғы шарты.
Экология проблемасы ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу обьектісінен тура болсын, жанама болсын да түскен емес.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын философиялық - әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған.
ІХ-ХV ғасырларда шыққан ғұламалар Әль-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иассауи, М.Қашқаридің тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әль-Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық философиялық тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсаған энциклопедист ғалым. Мысалы, “Адам организмдері жайлы”, “Жануарлар организмдері жайлы”, “Темпераменттер туралы” т.б. еңбектер жазған. Онда “... адам баласы жаратылыстың, бүкіл жан иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек”, деп түсіндірді [74].
Ал М.Қашқаридің қайсы бір еңбектерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік – этикалық, ой – тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті арқау етіп алған.
Қорыта келгенде, Әль-Фарабидің, М.Қашқаридің бұлардан басқа көптеген, философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік этикалық тұжырымдарына да жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездеседі.
ХІХ ғасырдың демократ–ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте немқұрайлы оқытуда және оған мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер етуіне ерекше мән береді. Бұл пікірлер, олардан кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді түсінудегі білім мен сезім арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастың негізі деп түсініп, көшпенді елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездесетінін еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл –кеңестер берген.
Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен қарым-қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен” - дей келе, қазақтар киеліге үлкен мән берді. Табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы айтылғандарды құрметтеу, ырым жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп көрсетті.
Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты, табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын көмекші қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар арасындағы жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған” деген ой түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан артпаса кеміген жоқ.
Экологиялық білім беруде барлық биология және қоғамдық ғылымдар білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына, адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру мектептерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де көп емес.
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының экологиялық білім мазмұнын тұжырымдауда педагогикалық теориялар басшылыққа алынып, соның негізінде жасалынды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты оқушыларды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда “жауапкершілікпен қарау” ұғымына жататындар:
а) табиғи ортада адам өзін қалай ұстауы керектігін түсіну;
ә) табиғаттың халық қазынасы екендігін сезіну;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салаларын көре білу;
в) табиғат пен қарым-қатынасын биология және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет. Сонымен, экологиялық білім және тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық жағынан зерттелу жайын қарастырудан туындайтын тұжырым экологиялық білім мен тәрбие беруде мынадай басты ұстанымдарды ескеру қажет.

- Биология лесной куницы
- Биология лисицы обыкновенной
- Биология лисицы обыкновенной
- Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау
- Биологиялық мембраналар
- Биологиялық ұлпалардың дыбыспен әрекеттесуінің физикалық негізі. Медицинада ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану
- Биологияны интерактивті оқыту
- Биология брундука
- Биология зверей и птиц
- Биология и зкология монгольского дзерена
- Биология и морфология плаунов. Причины редкости и принципы охраны
- Биология и особенности отрастания ежы сборной
- Биология и филиология продукционных процессов у растения огурца
- Биология косули