Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

 
 

    ЖОСПАР 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 

І.  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК-------------------------6 

       1.1  Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы---------------6

    1.2 Материалдық емес активтердің түрлері--------------------------------------9

    1. Материалдық емес активтерді есепке алу---------------------------------17
 

ІІ.  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ  ЕСЕБІ---------------------------------------------------------------------------------------22 

    2.1 Материалдық емес активтердің  есебі---------------------------------------22

    2.2  Материалдық емес активтерді  түгелдеу ----------------------------------25

    2.3 Аналитикалық және синтетикалық  есептер және шоттар--------------27 

    ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------------------------29 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------32 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    «Материалдық  емес активтер» Қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттарына және «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық емес әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды, яғни жұмысты, көрсетілген қызметті өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

  • анықтауға болады;
  • субъект бақылайды;
  • қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
  • Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
  • материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
  • белгі-өлшемдерге сәйкес келеді және мынадай жағдайда есепке тіркеледі:

    - субъектінің осы активке тікелей  байланысты болашақта күтілетін  экономикалық пайда алу ықтималдығы  жоғары болса;

    - актив құнын күмәнсіз сеніммен  анықтауға болса;

    - материалдық емес активтерді  тану сәтінде олардың бастапқы  құн бойынша бағаланғандығында. 

    Материалдық активтің бастапқы құны оларды сатып  алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.  

      Материалдық емес активтерді анықтау және тақырыпты зерттеу барысында мынадай мақсат – міндеттер қойылды:

  • материалдық емес активтерді анықтау;
  • материалдық емес активтердің түрлеріне тоқталу;
  • материалдық емес активтерді бағалау және және оларды түгелдеу;
  • синтетикалық және аналитикалық есебін анықтау;
  • материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу т.б.
 

    Активтерді  бухгалтерлік есептеу есептік тіркемелердегі активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының, сондай-ақ әрбір обьектінің (заттың, заттар тобыны талуына және дұрыс пайдаланылуын бақылаудың кц тұрғыдан дұрыс рәсімделуін және уақытында көрсетілуін қамтамасыз етеді.

    Активтерге  мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер бөліктері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтірілмеуі мүмкін емес, басқа обьектілер), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, ересек жұмыстық және өнім беретін мал, арнаулы құрмандар, өзге активтер.                                                      

    Активтерге  сондай-ақ жерді жақсартуға аралған  құрылымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау және басқа заттар) және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар және активтерге жататын басқа да активтер.                                    

    Көпжылдық ағаштарға, жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар жыл сайын, бүкіл жұмыстар кешенінің аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасында активтердің құрамына енгізіледі.   

    Жалға алынған активтерге жұмсалған курделі  шығындар, егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, іс жүзіндегі шығыстардың сомасында жалға алушылардың меншікті активтер қосылады.                                                                         

    Мыналар активтерге жатпайды және арзан құнды  және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттік ұйымға есептеледі:

    а) құнының қаншалығына қарамастан, бір жылдық ұсталған еңбек құралы;                                                    

    б) кітапханалық қорлар мен мұражай құндылықтарының бөленген тәртіп бойынша есептелетін экспонаттардан басқа төлемінің экспонаттарын, сахналық-қойылым құралдарын жобалар жөніндегі құжаттарды және олардың құнын қарамастан, колданылу мақсаттарына және орындайтын жұмыстарына байланысты пайдалану мерзімі, табиғаттық құрамы бойынша активтерге жататын басқа да еңбек кұралдарын қоспғанада, олардың қызмет еткен мерзіміне қарамастан, сатып алу құны бойынша бірлік өлшемінің 40 мәрте есептік көрсеткішіне дейінгі құны бар, еңбек құралы;

    в) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім;

    г) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері және басқаларға арналған формалық киімге аяқ киім;

    д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар;

    е) құны "б" тармақшасында белгіленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттің шегіндегі, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар;

    ж) малдың төлдері және бордақыдағы малдар, құстар, үй қойлары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері, сондай-ақ есептегі бар;

    з) егуге арналып питомниктерде өсірілген көпжылдық көшеттер.1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК

    1.1  Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы 

    Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатка және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

    Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда онын экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

    Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

    Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

    Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдыктың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.

    Кейбір  материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін — дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

    Бұған қарамастан, материалдықта, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы кызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

    Кейбір  материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мұмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді. Мысал, Жоғары радиациялық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық "Феникс" кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық "Бота" фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.

    Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:

    - сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай-ак өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетіндігіне толық сенім болса;

    - препарат өндіру үшін компания басшылығы келісімді пайдалануға ниет білдіріп, ол оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;

    -  кредиторлардың, жасалған келісім-шартқа  сәйкес, қаржылық және басқа да  қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.

    Субъекті  кей жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол баска субъектінің айналысуына тиым салады.

    Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2 Материалдық емес активтердің түрлері 

    Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде 4-топқа  бөлінеді.

    1. Өндіріспен байланысты материалдық  емес активтер

    Бұл топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. "Ноу-хау" — құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.

    Кең мағынасында "ноу-хау "техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лииензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың," құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

    "Ноу-хау"  өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. "Ноу-хау" сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол оның иесіне теленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден "ноу-хаудың" өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. "Ноу-хаудың" субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.

    2. Өндірістік ақпаратты пайдалану  құқықтарын есепке алу 

    Оған  материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезендегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

    Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

    ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетгі бағдарламаларды пайдалануға қажетгі мәліметтерді талдау жөне бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.

    3. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер

    Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шықкан жері және т.б. жатады.

    Тауар таңбалары мен қызмет көрсету  таңбалары деп тауарларды тиесілі  таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқтарына қол сүғу болып есептелінеді.

    Таңбалар  сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.

    Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқа да айырым белгілерінен немесе соларға ете ұқсас, аралас денгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.

    Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар танбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бүл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

    Тауардың  шыққан жерінің ашауы - тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе баска географиялық объектінің атын коса және баска да ерекшеліктері  арқылы сипатталады.

    Тауардың  шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауырдың шыққан жерінің атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банкілерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.

    Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестіктің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын "Белорусь" (тракторлары), "Зенит" (фототауарлары), "Новое заря" (парфюмериясы), "Лада" (автомобильдері), "Рахат" (конфеттері) "Слава" және "Чайка" (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар танбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездейсоқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасынан тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардын сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.

    Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасының құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасының нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.

    Тауарлық  таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған  құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру  қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі.

    4. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен  байланысты материалдық емес активтер

    Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады.

    Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) ұсталынады. Патентті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы керек.

    Өнеркәсіптік  үлгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілері: модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі мүмкін. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып табылады. Егер әнеркәсіптік үлгі онеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолданылуға болатындығы мойындалады. Өндірістік үлгілер авторлардың шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілердің авторы болып есептелінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң беріледі.

    Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығын баска тұлғаларға да (лицензиат) бере алады, ал сонғысы лицензиарға төлемдер беріп түруға және келісімде қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықлық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.

    Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) — қандай да бір операцияларды  жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік  органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді: Субъект бойынша:

    - Қазақстан Республикасының заңды  және жеке тұлғаларына берілетіндер;

    - шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жок тұлғаларға, халықаралық  ұйымдарға берілетіндер.

    Қызмет  ету көлемі бойынша:

    - негізгі (бас) — мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;

    - бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) — белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;

    - операциондық — валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

    Мерзімді кәрекеті бойынша:

    -  тұрақты — берілген мерзімі шектелмеген;

    -  уақытша - белгілі бір мерзімге  берілген.

    Аймақтық  әрекет ету сферасы (территориялық  әрекет ету аясы) бойынша:

    -  тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

    -  Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

    - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Материалдық емес активтердің бұл тобына "Фирма бағасы" ("гудвилл"), интеллектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді ("гудвилл" құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбада көрсетілген).

    Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.

    Гудвилл материалдық емес активтердің бұл  түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бәлімшенің) сатылу құны онын балансындағы активтерінен асып түсуі "Фирма бағасын" құрайды.

    Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан артық бағаға сатылуы, оның біршама үстемдігі (артықшылығы) бар болғандығынан.

    Олардың ішіндегі ен айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б. Гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғарыда келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана көрініс табатындығын көреміз.

    Дегенменде, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын 'бағалауымен тікелей байланысты болып келеді.

    Гудвиллді анықтаудың мысалы. "Тұлпар" ЖШС-тігі "Виста" ЖШС-гін 2200 мың теңгеге сатып алды делік. Сатып алынғанға дейін кәсіпорынның балансының көрсеткіштері мынадай болған:

    "Виста"  компаниясының таза активі 1 400 мын  теңге құраған (4 200 мын, тенге - 2 800 мың теңге). "Тұлпар" компаниясы "Виста" компаниясын 2 200 мың теңгеге сатып алып, оның нәтижесінде "гудвиллдің" құны 800 мың теңге құраған (2 200 мың теңге - 1 400 мың теңге).

    Егер  де компанияның мүлкін сатып алынған күніндегі бағасы бойынша есептесек, оның нәтижесінде ондағы активтердің құны кем шықса, онда біз оны келеңсіз гудвилл ретінде танимыз да, оны кейінге қалдырылған болашақ кезеңнің табысы ретінде 3520 шотта есепке аламыз.

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру