Экологиялық мониторингтің жүйелері

Кіріспе

 

Қазіргі кезде адамның  қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы  халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы  табиғи ресурстарды пайдалануды  еселеп арттырып, адамның табиғатқа  әсерінің көлемін өсіре түсуде.

Жер шарындағы экологиялық  жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-сонды болмаған саяси әлеументтік, экономикалық даму үрдістерінен өзіне  ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жолы іздестірілуде.

Күн өткен сайын адамзат  алдында  экологиялық проблемалардың саны артып, оны шешу жолдары қиындай түсуде [1].

Антропогендік әсердің  деңгейін шектеуші көрсеткіш болып  экологиялық шектеулі рауалы жүктеме  саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл  экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық әрекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның (ҚО) адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады.

Қазіргі уақытта бұл  шектен асушылық орын алып отыр деп уайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.

Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы: ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған орта өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.

Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар  биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет.

Қалыптасқан экологиялық  мәселелерді шешудің негізгі  ғылыми бағыттары мен оны жетілдіру  жолдарының бірі экологиялық мониторинг болып табылады.

 

 

 

1 Экологиялық  мониторингке жалпы түсініктеме

Экологиялық мониторинг-қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарың тұрақты бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйесі. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті.

Экологиялық мониторинг – экологиялық қауіпсіздік пен  табиғатты қорғау қызметін басқаруды  ақпараттық қамтамассыздандыру.

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады:

  • жағдайды бақылау;
  • бағалау;
  • болатын өзгерістерді болжау.

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады.

Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді.

Мониторингтің объектілері  болып қоршаған ортаны құрастырушылар – су, ауа, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, космостық кеңістік табылады.

Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттеріне:

1) антропогенді әсер ету көздерін  бақылау;

2) әсер ету факторларын бақылау;

3) табиғат ортасы мен онда  жүріп жатқан үрдістерді бақылау;

4) табиғат ортасының нақтылы  жағдайын бақылау;

5) антропогенді әсер нәтижесіде  табиғат ортасы жағдайының өзгерісін болжау жатады.

Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады.

Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіпорында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.

Базалық мониторинг –  жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу.

Аймақтық мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық  процестер мен құбылыстарды бақылау.

Ғаламдық мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.

Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Авиациялық мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық мониторинг – экологиялық құбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады.

Экологиялық мониторинг қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесін, табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен жағдайының өзгеру болжамы мен бағасын көрсетеді (1-сурет).

 

 

 

1 сурет – Мониторингті  өткізу сұлбасы

 

 

 

Біздің міндетіміз бүкіл  Қазақстан территориясының экологиялық  жағдайын бағалау болып табылады.

Нақтылы бір территорияның  экологиялық жағдайын бағалау үшін оның орналасу орнын, климаттық параметрлерін, өнеркәсіптік потенциалын, территорияның даму бағдарламасын және бағалауға қажетті басқа да мәліметтерді білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы

Мысалы ретінде Қазақстан  Республикасының түгелдей экологиялық жағдайын қысқаша қарастырайық.

Қазақстан Республикасы территориясының көлеміне қарай 272,5 млн. га. әлемде тоғызыншы орынды алып отыр және төрт климаттық зонаға –  жазық, орманды жазық, шөлейт және шөл  болып бөлінеді. Бағалы пайдалы қазбалардың бүкіл зоналарда бар болуы халық шаруашылықтық қолданыс орбитасына Қазақстанның барлық территориялық зоналарын кірістірген. Қазіргі уақытта қуатты өнеркәсіптік және ауыл – шаруашылықтық инфраструктура құрылған. Техногенді дамуда Қазақстанға техногенді даму мен тез экономикалық өсуді қамтамассыз еткен ауыр және жағу өнеркәсіптері, қара және түсті металлургия, химиялық және мұнайхимиялық өнеркәсіптері алдағы орында.

Қазақстан территориясында 11 территориялды - өнеркәсіптік кешен  құрылған (Алматы-Талдықорған, Қарағанда-Теміртау, Балхаш, Павлодар-Екібастұз, Манғыстау, Ақтөбе, Өскемен, Жезқазған, Ақтау, Байқоныр). Техногенді дамудың нәтижесінде табиғи экожүйелердің бұзылуы мен деградациясы орын алған.

Негізгі экологиялық  мәселе болып қалалардағы ауаның ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың ілгері түрде жиналуы, жерлердің шөлденуі мен деградациясы, жер асты және жер үсті су көздерінің ластануы қалып отыр. Әмудария және Сырдария өзендері бассейіндеріндегі суармалы (орошаемого) жердің интенсивті және рационалсыз дамуы Аралдың апатына әкеп соқты. Бұрынғы және қазір де әрекет етуші соғыс және испытательный полигондардың территориялары радиоактивті және химиялық ластауларға шалдыққан (Сары-Шаған, Капустин Яр, Азгир).

Қалалық және өнеркәсіптік алгомериялардың негізгі орындарында тұратын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін басты факторлар ауаның ластануы мен ауыз суының жетіспеушілігі болып келеді.

Қазақстанда қоршаған орта мен оның өзгерісін мониторингтің  барлық – аумақтық, аймақтық және глобальды  түрлері бойынша бақылайтын бірнеше салалы қызмет құрылған. Үш деңгей бойынша алынған нәтижелерді жалпылай келе елдің түрлі аймақтарындағы антропогендік және табиғи үрдістердің объективті көрінісін алады. Бақылау жұмыстарының басты көлемін Қазгидромет орындайды. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау Республиканың үлкен қалалары мен өнеркәсіптік орталықтарында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Ауа ортасы.

Ауаның ластану жағдайы  бақылау жерлерінің стационарлы  орындарынан алынған ауа пробаларын өңдеуді талдаудың нәтижелері бойынша бағаланады. Сапаның негізгі критерийлері болып рұқсат етілген шекті концентрация (РШК) табылады.

Атмосфералық ауаға  таралған ластағыш заттардың жалпы  көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты  заттар құрайды.

Ауаның ластану жай-күйін  бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың  шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып  табылады (Қосымша А).

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс  әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда.

Атмосфералық ауаға  жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.

USAID-тің бағалауынша,  Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады.

Республикада атмосфераға  таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген  өнім түрлеріне деген сұраныс  азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.

2010 жылы стационарлық  көздерден атмосфералық ауаға  таралған зиянды заттардың мөлшері  2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен  2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға кеміді (1-диаграмманы қараңыз).

Ластағыш заттардың  негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың  тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс  Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан.

Атмосфералық ауаға  таралған ластағыш заттардың жалпы  көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты  заттар құрайды.

Ауаның ластану жай-күйін  бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады (1-қосымша).

Атмосфераның ластану  деңгейі атмосфера ластануының  кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.

Егер ИЗА5 көрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі – «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда – «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда – «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады.

Қазақстан қалаларының  атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың  мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр.

Мәселен, республиканың ластанған қалаларына (ИЗА5 ≥ 5) – 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (2-диаграмманы қараңыз).

 

1-диаграмма

2005-2010 жылдар аралығында стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері

мың тонна

Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

 

Динамика көрсетіп отырғандай, атмосфералық ауаның ластану деңгейі  іс жүзінде төмендемеген (1-кестеге  қараңыз). Өнеркәсіп пен көлік  саласы дамыған, ИЗА5 жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.

Зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп болып отыр, сонымен бірге статистикалық деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай құрылғылармен жарақталған көздердің үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы – 7,5% болса, ал 2010 жылы 6,4% құрады.

Атмосфера құрамында  шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.

Автокөлікпен ауаны  ластаудың көлемі аса үлкен қатер төндіруде, бұған республика аумағында автокөлік құралдары санының шапшаң өсіп келе жатқаны себеп болуда.

 

2-диаграмма

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі (ИЗА)

 

 

2011 жылғы 1 маусым бойынша  тіркелген жеңіл автокөліктер  саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға  өсіп, 3 264,4 мың бірлікті құрады.

Экологиялық ахуалға  қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.

Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны  ластауға қосатын «үлесі» жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.

 

 

 

1-кесте

ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы

Қала

ИЗА5

Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

1

Алматы

13,3

12,9

12,6

11,7

автокөлік, энергетика

2

Шымкент

11,9

9,9

11,2

11,4

түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу

3

Өскемен

7,9

9,6

7,2

7,2

түсті металлургия, энергетика

4

Ақтөбе

8,5

8,6

9,5

7,6

қара металлургия, химия

5

Теміртау

9,6

7,7

8,6

9,3

қара металлургия, химия

6

Қарағанды

7,6

7,7

7,5

7,2

энергетика, көмір өндірісі, автокөлік

7

Тараз

7,2

7,5

7,5

7,6

химия

8

Риддер

7,5

6,6

7,4

6,3

түсті металлургия, энергетика

9

Жезқазған

6,8

6,4

5,2

7

түсті металлургия, энергетика

10

Глубокое кенті

3,4

5,4

3,0

4,9

түсті металлургия

11

Атырау

3,3

5,3

2,4

5

мұнай өңдеу

12

Астана

8,1

4,7

4,5

5,5

энергетика, автокөлік

13

Семей

4,2

4,4

4,6

4,5

энергетика, құрылыс материалдары

14

Қызылорда

4,5

3,9

5,5

5,1

энергетика

15

Петропавл

4,3

3,9

4,3

4,1

энергетика, аспап жасау

16

Ақтау

4,5

3,5

4,3

3,0

химия

17

Қостанай

3,2

3,5

3,1

3,1

энергетика

18

Павлодар

1,9

2,4

1,9

2,5

мұнай өңдеу, энергетика

19

Балқаш

3,0

2,3

3,8

2,1

түсті металлургия, энергетика

20

Талдықорған

 

1,6

 

1,4

энергетика

21

Екібастұз

1,2

1,0

1,2

1,2

энергетика, көмір өндірісі

22

Көкшетау

 

0,8

 

0,8

энергетика, көмір өндірісі

Орташа ИЗА

5,77

6,10

5,44

5,24

 

Ақпарат дереккөзі: «Қазгидромет»  РМК

 

Қазақстан Республикасындағы  оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:

2 - экологиялық кезең  2009 жылғы 15 шілдеден;

3 - экологиялық кезең  2012 жылғы 1 қаңтардан;

4 - экологиялық кезең  2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың  үлесі бойынша Евро стандарттарды  енгізуді қарастырған.

Автокөлік құралдарына  арналған отынның сипаттамаларына  қойылатын техникалық талаптар мынадай  мерзімдерде:

2 - экологиялық кезең  2010 жылғы 1 қаңтардан;

3 - экологиялық кезең  2014 жылғы 1 қаңтардан;

4 - экологиялық кезең  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі.

Бұл ретте 10 жылдан астам  уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға  жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды  және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.

Тиісінше уәкілетті  орган Қазақстан Республикасының  аумағындағы ескі автомашиналарды (10 жылдан асқан) одан әрі пайдалануға  қатысты автокөлік құралдарының зиянды (ластағыш) заттар шығарындыларына техникалық регламент қарастырмаған және әзірлемеген.

Бүгінгі уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай келеді.

Шетелде ескі автомобильдер  паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді  кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа  да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру қажет.

«Қазақстан Республикасында  мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін отандық мұнай өнімдері сапасын экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Су ресурстарының жағдайы.

Су — биосфераның  аса маңызды элементі

Гидросфера — біздің планетамыздың аса маңызды құрам  бөліктерінің бірі. Гидросфераға күн  энергиясы мен гравитациялық  күштер әсерінен қозғалысқа түсетін  және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера Жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыстырып, біртұтас жабық жүйе : мұхит — атмосфера — құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.  Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімідктердің ткандері мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдікетр организмдеріндегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады. 
Мұхиттардағы судың беткі бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы та- зарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б. иондардың үлесіне тиеді.

Биосферадағы үш сфераның — ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі заты көмірқышқыл газы болып  табылатын карбонаттық тепе-теңдік арқылы жақсы түсінуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмірқышқыл газы 60 есе көп. Көмірқышқыл газы суық суда жақсы еритін болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрізді тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстік пен солтүстік ендіктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшері артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшері де артады, нәтижесінде кальций карбонатының ерігіштігі жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейеді. СО2 мөлшері азайғанда сутек иодарының концентрациясы төмендейді де, кальций карбонатының көбірек тұнбаға түсуі байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көміртек иондары тұрақтанып, атмосфераның анторопогендік ластануынан жиналған СО2 артық мөлшері сіңіріледі. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негізгі роль атқарушы болып табылады, себебі тірі организмдердегі барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сон- дықтан да олардың клеткалары мен тканьдерінің көп бөлігі судан тұрады.

Су — әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.

Жердегі су ресурстары жалпы  алғанда, жер бетілік немесе континетальды сулар, Бүкіл Әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үш топқа бөлінеді. Жер бетілік, не континентальды суларға — өзен, көл, жабық теңіздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкіл Әлемдік мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңіздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.

Су ресурстарының Қазақстан  территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады.

Жер үсті суларының ластану  деңгейі су сапасының өзгеру динамикасын  салыстыру мен анықтау үшін қолданылатын су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады (2 кесте).

Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас  территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған  болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.

 

2 кесте – Жер үсті суы сапасының өзгеру сипаттамасы

Сапа класы

Жер үсті суы сапасының

сипаттамасы

СЛИ шамасы

1

  Өте таза

СЛИ <0,3

2

  Таза

0,3 < СЛИ < 1

3

  Азды – көп ластанған

1,0 < СЛИ < 2,5

4

  Ластанған

2,5 < СЛИ < 4,0

5

  Лас

4,0 < СЛИ < 6,0

6

  Өте лас

6,0 < СЛИ < 10

7

  Төтенше ластанған

СЛИ > 10


 

 

 

 

 

 

 

 

5 Жер ресурстарының жағдайы.

Республикада жердің 48,2% ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қолданылады, олардың ішінде көп бөлігін жайылым өрістер құрайды.

Барлық өнеркәсіптік өңірлерде экологиялық қауіпті  әсер ету зоналары: террикондар, үйінділер, ашық кеніштер, бұрғы құдықтары, тау  кен өндірісінің қалдықтары бар. Ғарыштан түсірілген түсірілім берілгендеріне сәйкес Арал маңында қалыптасатын тұзшаңды ағындар 150 – 300 км-ге таралады. Бұл өз кезегінде территорияның одан арғы уақытта шөлге айналу үрдісіне алып келеді. Республикада жер ресурстары өнімдерін қарқынды қолданудың нәтижесінде өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд.т. жинақталған. Республикада жылына бір адамға шаққанда таужыныс заттарының 50 т. Табылады және қайта өңделеді. Олардың ішінде 95 % қалдықтарға кетеді.

Экожүйе құрамының басты  блогы – су, топырақ, өсімдіктер. Аталмыш объектілердің әркайсысына мониторинг жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар        (2 сурет) [6].

Табиғатта топырақ қабатының  бұзылу процесі мен оның жел, су, табиғат апаттары арқылы көшіріліп  кетуі болып тұрған. Алайда ең ірі  және глобалды топырақтың бұзылуы, ең алдымен адамның ісі арқылы пайда болған. Қарапайым жер шаруашылығы, жайылымдардың жүйесіз пайдалануы құрғауына әкеліп Африка, Оңтүстік Америка мен Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда ірі ауданды шөлдердің қалыптасуына соқтырды.

Қазіргі уақытта жердің құнарлылық проблемасы күшейе түсті. Ең бір өзекті проблема - қалыпты құнарлылықтың  кемуі. Құнарлылықтың кемуі ауыл шаруашылығына салымның аз болуының басты себебі болып тұр. АӨК дамуында қалыптасқан «техногенді» тип экологиялық шектеулермен қатар таза экономикалық себептермен «тұйықталған» деп есептеледі. Басқа негізінде экологиялық факторлар АӨК жолы қалыптасуы керек.

Топырақ құнарлығының төмендеуі, тіпті оның толық жоғалуы эрозия, сортаңдану, батпақтану, құрылыс, тау-кен  және басқа да өндіріс әсерінен ластану мен тікелей жойылу арқылы пайда болады. Топырақ эрозиясы ең кұнарлы жоғарғы қабаттың еріген және жаңбыр суларымен, су эрозиясы мен жел арқылы пайда болады. Жел эрозиясы шаңды ауылдарда жел жылдамдығы 18-20 м/сек немесе одан да жоғары болғанда қалыптасады. Топырақ территориядан жүздеген шақырымдарға ұшырылып кетеді, кейде бүкіл жыртылған қабат ұшырылады. Жергілікті жел эрозиясы 5-6 м/сек жылдамдықта пайда болып, жоғарғы қабат 5 см-ге дейін ұшырылады. Су эрозиясы күшті жаңбырларды пайда болып, топырақ қабатын жуып, бұзып кетеді де жыралар қалыптасады. Қазақстандағы эрозияланған жерлер 18-20 млн га, және олар солтүстік, батыс пен орталық аудандардың егін егілген жерлерінде орналасқан.