Экологиялық проблемалар

      Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары

Ғылыми  жетекші:

Студент:

Оқу тобы:

 

 

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                            

                              

 

 

 

                                                Қызылорда, 2012 жыл

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

 

Кіріспе

 

 

1.Еліміздің экологиялық проблемалары

2 .Қазақстандағы  қоршаған ортаның жағдайы

3. Экология және қоршаған ортаны қорғау

4. Арал теңізінің экологиялық ахуалы

5. Әлемдегі ең ашық полигон – Семей полигоны

 

 

Қорытынды

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақтар - тумасынан  табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. 
            Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Еліміздің  экологиялық проблемалары

 

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек  әсерін болып отыр. Атмосферадағы  көмірқышқыл газдардың концентрациясының  артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей  қасіреттері еске түседі.

Балқаш көлі - Қазақстандағы  ең ірі экожүйелердің бірі. Көл  Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған   байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.

Аталған антропогендік  жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені  бойына салынған Қапшағай суқоймасы  да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында  Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе  Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте  сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе  төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар  балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық  ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы  өндіріс орындарында суды тиімді  пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан  Балқашқа жіберілетін судың үлесін  тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу. Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. 

Каспий теңізі – жер  шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.

Қазіргі кезде бізді  қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1. Физикалық ластану  – радиактивті заттар, электрмагнитті  толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2. Химиялық ластану  – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер,  фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3. Биологиялық ластану  – ауру қоздырғыш бактериялар  мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін  жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян  – табиғаттың қайталанбас сұлу  ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

Осындай апаттарды болдырмас  үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың  өзгеруі туралы рамкалық Конвенция  қабылдап, оған 150-ден астам ел қол  қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды. 

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік  конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы  Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан  қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді  өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады. Қазақстанның Киото  хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады. Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет. Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!

2. Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы


       Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. 
     Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. 
       Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. 
         Кейінгі кездерде  Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр. 
        Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері,  астрономиялық  цифрларға  жетіп  жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған. 
          Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай... 
          Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді. 
          Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.   
             Қоршаған   ортаның,    Республикамыздағы   халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.      
          Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. 
        Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. 
        Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан. 
          Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм   көріп  отыр.   Теңізбен   қоса,   Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. 
         Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет. 
      Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. 
         Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы  осьінен тайдырын  жібере  жаздады.   Егер  жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы 
тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от- 
жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Экология және қоршаған ортаны қорғау

Елбасының Қазақстан  халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан  бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар. 
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды. 
          Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема. 
                Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған. 
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады. 
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады. 
           Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. 
              Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады. 
1949-1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр? Оған жауап жоқ. 
Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққан. Егер де соңғы кезде жиі сөз болып жүрген шетелдердің радиоактивті қалдықтарын біздің жерімізде сақтауға рұқсат етсек не боламыз. Бұған ешбір жол беруге болмайды. 
Қазақстандағы мұндай экологиялық жағдайлар туралы ақпараттық шын мәнінде көпшілікке жетпейді. Тіпті, полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындардың өздері ауруының неден болатыны туралы хабарсыз. Мұны адам құқын бұзғандық және еліміздегі жариялылық демократиялық мемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек. 
Табиғаттағы өзгерістергі байланысты болжамдар жасап отыру-ғылымның міндетті. Кез-келген архитектуралық шаруашылық объектілерін, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың келетін экологиялық шығының бағасын есептеу, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру аса қажет шара ретіндегі қаралуы керек. Олардың жергілікті тұрғын халықтың денсаулығына тигізетін зардабын анықтау қажет. 
           Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада 
«экологиялық    білім    бағдарламасы»,    «экологиялық    білім тұжырымдамасы», т.б. құжаттар қабылданған. Мектептер үшін экологиялық білім беру бағдарламасы, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру бағытында орындалып жатқан игі істеп болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ақуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды қажет. 
Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық факульттер ашылып, мамандар дайындала бастады. Республикамызда алғашқы эколог-педагогтарды дайындау Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қабырғасында жүргізілді. Экология факульттері ашылып, мамандар дайындалу үстінде. 
          Кейінгі кезде, экология мамандарын дайындау үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінін «табиғатты қорғау және ландшафтар экологиясы» лабороториясы негізінде эксперимент есебінде 1994 жылдан бастап, бірақ мектептер экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырып, оқу кестесіне кіргізе бастады. 
Қазақстанда 1987 жылдан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің тұжырымдамалары мен бағдармаларының алғашқы жобалары ұсынылған. Соның негізінде көптеген оқу орындары экологиялық факультеттер ашылып, мамандар дайындала бастады. Көптеген көрнекті ғалым педагогтар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын экологиялық білім берудің ғылыми-зерттеу теориялық негіздеріне, экологияны оқыту процестерін жетілдіруге жэне оқушылар мен студенттерге экологиялық білім беру жолдарын жақсартуға бағыттады. Жасалған тәжірибелік жұмыс негізінде ғылым тұжырымдамалар беріліп, диссертациялар қорғалды. 
Жыл сайын кіші Ғылым академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университінің экология ғылыми-методологиялық орталығы біріге отырып, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген мектеп оқушыларының экологиялық мәселелер жайында жасаған ғылыми зерттеу жобалары мен шығармаларын, экологиялық көрмелерін сараптап Қазақстанның қазіргі уақыт талабына сай болашақ эколог мамандарын дайындауда үлесін қосуда. 
Жасыратаны жоқ ірі өнеркәсіп кешеуіндегі экологиялық сараптау мен мониторингтік бақылау жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілмейді. Сондықтан да жергілікті жерлерде болып жатқан экологиялық апаттар, ауа, су мен топырақтың шектен тыс ластану жағдайлары толастаудың орнына көбейе түсуде. 
        Жоғарыда аталған Қазақстанның экологиялық ахуалы еліміздегі білім беру сапасын түбегейлі өзгертудің қажеттігін аңғартады. Ол елбасының «экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын» жүзеге асыру үшін үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды жақсартумен бірге, қазіргі өркендеген ғылыми-техникалық дамуды экологиялық тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Ол үшін көпшіліктің экологиялық сауатты болу қажет. Экологияны пән ретінде мектептерге енгізу бүгінгі күннің талабы. 
Барлық облыста дерлік қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білім жетілдіруге қажы ысырапсыз пайдаланылады. Аралға, Семейге бөлінген қаржылар қайда кетті? Табиғатты көркейтуге нендей үлес қосты деген сұрақ халықтың көкейінде. 
         Қоршаған ортаны қорғау туралы әр кезде әр түрлі ұсыныстар болып жатады. Науқанға айналған көгаландыру жұмысы жүйелі түрде жүрмейді. Әрбір елді мекенді, қаланы, көгаландыру мәселесінің өз алдына ғылыми тұжырымдамасы болу қажет. Ірі өнеркәсіпті қалаларда, көбірек игерілген егістік аймақтарда, бау-бақшаларда сол жерлердің топырағының құнарлығын арттыру, суының жеткіліктігін, түсетін өнімнің сапасын анықтау экологиялық тұрғыда негізделуге тиіс. Қаланың микроклиматының өзгеріп, шаң-тозаң, қапырыққа айналуы, асфальттардың еруі, қуаңшылық лебінің енуі молайды. Автокөліктердің көбеуі, улы газдардың таралауы қаланың ауасын ластаумен бірге, халықтың денсаулығына үлкен зиян тигізіп отырғаны жасырын емес. 
Мұндай көріністер Қазақстанның барлық қалаларын, елді мекен, ауыл маңдарын қамтып, соңғы ондаған жылдар бойы Үкімет тарапынан бақылаусыз қалғаны шындық. Өтпелі экономиканың дағдарыс кезінде оңтүстіктің өңірлердің ірі қалалары мен елді мекендерінде орын жетіспей, өсіп тұрған ағаштарды кесу орын алды. Бұл жағдай көп ауылдарда әлі де бар. Соның орны бүгін немен толады? Осыларды айта келіп, мен ендігі жерде еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру керек деп білемін. 
         Елді мекендерді көгаландыру бағдарламасы бойынша: қала, елді мекендердің көгаландыру аймағының экологиялық кртасын жасау, көгаландыру аймағының агро-экологиялық ландшафтық ерешеліктерін алдын-ала анықтау; елді мекен, қала іші-сыртындағы кішігірім орман-тоғайды қалпына келтіруді жоспарлау және оның мерзімін белгілеу, ірі қала елді мекендердегі ғимараттарды, құрылыстар салуды экологияландыру және жергілікті жердің табиғи-тарихи ерекшіліктерін есеру, елді мекендерді көгаландыруды «экологиялық соқпақ» моделі арқылы жүзеге асыру керек. Туризм индустриясын дамытуда экологиялық соқпақ басты міндет атқаратыны ескерілуге тиіс. 
«Экологиялық соқпақ» дегеніміз-табиғат қорғау ісінде экологиялық білім мен тәрбие беруге, оны көпшілік арасында насихаттауға бағытталған, әрі экологиялық ақпаратқа толы, ұйымдасқан және белгіленген маршрут немесе демалыс орын. 
Экологиялық соқпақта оқу экологиялық білім мен тәрбие беру процесін үйрету ғана емес, жасөспірімдердің еркін түрде ақпаратты қабылдау, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтау мақсатын көздейді. Табиғат соқпағында экологиялық білім беру және тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар, олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдесуі. 
        Жарамсыз жерлердің (опустывание) проблемаласы - Қазақстан үшін күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Соңғы 10 жыл ішінде еліміздің орман қоры 10% - ға кеміді. Әсіресе Қызылқүм, Мойынқүм, Сарыесік- Атырау, т.б табиғи жайылымдар қоры экологиялық апатты жағдайда тұр. Алтай ормандары 13 % - ға, ал Алатаудың алма бақтары 24 % - ға кеміген. Ал табиғи жайылымдардың жайы тіпті нашар, яғни 26,6 млн. га деградацияға ұшыраған. Бұл шөлге айналу процесінің жылдам жүріп жатқанын көрсетеді. Сол сияқты су балансының бұзылуы мен өзендердің ластауынан Сырдария, Іле аймақтары өте нашар халге түсті. Арал өңірі тіршіліксіз аймаққа айналуда. 
Техногенді ластану өте қауіпті жағдайға жетті. Ол шөлге айналуды тездетіп отыр. Техногенді қалдықтар өсімдіктер мен фаунаны сиретіп барады. Қазірдің өзінде республиканың барлық жерінің 80% өсімдіктер мен жануарладың табиғи тіршілік ету ортасы бүлінген немесе жарамсыз. 
Еліміздің экологиялық ахуалын шешу үшін ғылыми жетістіктерін қолданумен бірге өркениетті елдердегі экологиялық білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың, жаңа технологиялық бағдарламалардың тиімді жақтарын пайдалану қажет. 
     Балтық жағалауындағы елдер, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттері жер жағдайының аздығына қарамастан, көп халықты жутатапай, аз жерді жүйелі түрде қорғап, тиімді пайдаланып отыр. Соған қарай экологиялық ахуалының көрінісі жоғары деңгейде дамыған. Ал біз мол жерді ысырапсыз пайдаланып, табиғатты жұтаңдатып, экологиялық апатты жағдайға жеткіздік. 
Табиғат-біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес - өмір үшін күрестің негізі болып табылады. 

 

 

 

 

4.  Арал теңізінің экологиялық ахуалы

          Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оыың апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тсреңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мын балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілгеы. 
             Арал өңірінін тұргындары 1970 жылдарга дсйін әлеуметтік-эконо-микалық түрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген. 
1960 жылдардаи бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлсмі бұрынгыдан Өзбскстан мсн Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есегс өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіыс орай суға деген кажеггілік те артгы. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралыгында Аралға құйылаіын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол кажет стетін күріш пен мақта есіру ісі каркындап дамыды (Шардара). 
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игсріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзсгс асты. Мәселсн, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су күйылса, бүл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары скі сссгс қысқарды. Нәтижесіндс, Арал тецізінің дсңгсйі 23 мстргс дейін төмсндеп, оныц су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык прспарагтарды қолдану бүрын-соцды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге ескен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. Қүргап қалған теңіз түбінен жыл сайыы айналаға зияндылығы ете жогары 2 млн. т түзды шаңдар көтсріліп, желмен тарай бастады. Сонымсн, Арал апатына себеп болған факторларға: 
- жсргілікті жсрдің тарихи-табиғи ерскшсліктерін ссксрмсу; 
- ауыл шаруашылығын дүрыс жоспарламау, судың қорын есеп-кс алмау; 
- суды өте көп қажет стетін күріш, мақта дақылдарып барынша көбейтіп жібсру; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және судьт үнемді пайдаланбау; 
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жібсрілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми түрғыдан негізделмеуі болып табылады. 
Осы аталған фактілср Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дагдарысқа әкелді. Бүл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. 
              Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар ныша-ны жьіл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фауыасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүрудс. Арал тецізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардьщ әлеумсттік жағдайы төмендсп кетті. Теңіз түбінсн кетсрілгсн улы түздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптсн, түзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұньщ өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш біртс-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. 
Арал оңіріндегі антропогендік факторлар ондағы түрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлсуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарга сріксіз қоныс аударуда.

            1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Қазіргі Арал өңіріндс адамдардың дснсаулығы күрт төмсндеп кетті. Бүл  еңірдс соңғы мәліметтер бойынша  туберкулез, буйреккс тас байлану, сарысу, өкпс-тыныс жолдарының қабьшуы, жүқпалы аурулар рсспубликанын басқа өңірімсн салыстырғанда жоғары кәрсеткішті беріп отыр. 
Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгсруі, шелге айналу, атмосфсрадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйслсрдің түрақсыздығын тудырады. Арал мәселссі соңғы 10 шақты жылда гсограф және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәсслссі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркснистті слдср қаржылай көмск көрсстудс. Олар нсгізінсн Орта Азия рсспубликалары, Рсссй, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. 
              Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 
2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу аркылы суды молайту. 
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 
5. Жер асты суларын пайдалану. 
6. Арал теңізіиің өздігінен табиги рсттеулін немесс толысуын күту. Әрине, бұл жобшіар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны 
күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оныц іскс асуы адамзат кауымьшың білімі мен біліктілігіыс байланысты сксні анық. 
Қазіргі кезде Аралды қүтқару бағытывда батыл да жоспарлы тұрдс ғылыми негіздс жүмыстар жасалуда. "Арал тагыдыры - адам такдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтын болашақ алдьшдағы борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Әлемдегі ең ашық полигон – Семей полигоны

 

Қазақ даласында алғашқы  ядролық жарылыс жасалғанына  биыл 56 жыл толады.1991 жылғы тамыздың 29- ында халықтың жаппай талап етуімен  әлемдегі аса ірі полигондардың  бірі жабылды.Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі саналған әскерилерде жөніне кетті. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр. 40 жыл юойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың  Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен. Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар тағылған қасіреттің зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар. Ауызға да соны бірінші алады. Енді осы қайран қазақ даласының сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар облысының 39 пайызына,  Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын  бүгінгі күнге дейін тигізіп келеді. Ал, Семей ядролық сынақ полигонының әкімшілік шекарасының ұзына бойы-600 шақырымдай. Қарап отырсаңыз, мұның өзі шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын орасан үлкен аумақ емес пе? Сонымен бірге зардап шеккен жерлердің көлеиі полигонның өзінен 16 есе үлкен- шамамемн 304 мың шаршы шақырым. Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылғы тамыздың 29-ыында жасалды. Ал, 1953 жылы тұңғыш рет термоядролық қондырғы сынақтан өтсе,1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада,8-і биіктіктегі ) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалды. Ал, жарылған ядролық оқ дәрілердің саны әлі күнге дейін саналатын көрінеді әрі бір сынақтың өзінде екі-үш оқ-дәріні бірден жарған кездер аз болмаған. Маусымның 24-інде Парламент Мәжілісінде «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны әсер ететін аймақта тұратын халықтың денссаулығын сақтау және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Парламеттік тыңдау өтті. Осы шара барысында полигонның проблемаларына байланысты осы аймақтардағы тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер айтылды. Ең алдымен халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне тоқталсақ. Жиын барысын.да келтірілген деректерге қарағанда, ядролық сынақтардың зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктерді тек 1млн.57 мың адам ғана алған болып отыр. Зұлмат жарылыстың  мыңдаған куәгерлері әуре- сарсаңның көптігінен аталмыш куәлікке қол жеткізе алмай жүрген тәрізді. Бұл-бір. Екіншіден ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіеің бойынша, мемлекетіміздің осы аймақтардағы азаматтарға берешек қарызы 12,8 млрд. Теңгені құраған. Көрсетілген бейнероликте егер осындай қарқынмен жүрсе, бұл қарызды мемлекет еш уақытта өтеп бола алмайды деген күмән да айтылды. Басқосуда баяндама жасағант Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Н. Омарханов экологиялық төлемдер мен біржолғы өтемақыны төлейтін уақыт келгенін, оған мемлекетіміздің барлық мүмкіншіліктері бар екеніне тоқтады. Әкімнің көтерген екінші мәселесі-Семей ядролық сынақ полигонының аумағына байланысты қаншалықты жерге шектеу қойылғаны әлі күнге дейін белгісіз болуда. Шынымен де, Семей ядролық сынақ полигонының құқықтық статусы экологиялық апатты аймақ ретінле түсінікті. Бірақ нақты аумағы көрсетілмеген ғой. « Сондықтан Үкіметтен радиоактивті ластануға ұшыраған немесе тұрғын халқының өмірі мен денсаулығына қатер төнетін жер телімдерінің арнайы картасын жасап беруді, аса қауіпті аймақтарды қоршап, күзет немесе режимдік тәртіпті бақылайтын бекеттер ұйымдастыруды сұраймыз», деді ол. Яғни, шекара белгісіз әрі көрінбейді. Нақты дәлелді шаралар әлі қарастырылмаған. Парламенттік таңдауда көтерілген бір мәселе полигон аймағында проблемалардан туындайтын және қоршаған орта мен экологияға байланысты ақпараттың жабықтығына байланысты. Дүниедегі ең қорқынышты мәселе – ол белгісіздік және осыдан туындайтын түсінбеушілік.                                                                     Бүгінгі күні, полигон аймағындағы халықтың сана- сезімінде кезінде ірі ғалым Бақия атшабаровтың зерттеген « Қайнар синдром»  деген қауіпті құбылыс қалыптасқан. Бұл құбылысты  дәрігерлер де  растаған. Аталмыш науқасты қазақша айтқанда, адамдар өз организімінде сәл өзгеріс болған жағдайда, оны полигон әсерінен көріп, қорқынышқа бой алдырып, үрей билеп, қандай болмасын ауруға мойын ұсынуға бейім тұратын көрінеді. Мінеки, «аруын жасырған өледінің» кебі. Қысқаша айтсақ. Семей полигонына, оның әсері, қауіпті аймақтары және жалпы осы мәселеге қатысты ақпарат ашық болуы тиіс. Сонымен қатар, аймақтарда жылдар бойы шешілмей жатқан проблемалар шоғырланып қалған. Мәселен, халықтың тұрыақты түрде ауруларға ұшырауы жоғары. Соның ішінде онкологиялық аурулар. Тұрғындардың өзі ауылшаруашылық өнімдерін ластанған жерде өсіреді.Мұның қайда апарып  соғары айтпасада түсінікті емес пе?! Ал осы аймақта зардап шеккендерді емдейтін медециналық мекемелер тек облыс орталықтарында ғана бар көрінеді. Енді сол ауыл тұрғындарының қаражатының болмауынан тиісті тексеріс емін ала алмай жүргендері қаншама. Мінеки, қарап отырсақ,полигонның 1991 жылы жабылуы барлық мәселелерді шеше алған жоқ. Оған тиісті дәрежеде де көңіл бөлінді деп айтудың өзі қиын. Есесіне сынақтар тоқтатылып, бұрынғы құрылымы жойылғаннан кейін, қайтадан жаңа мәселелер туындаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстандағы тәуелсіздік  жылдары экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік  жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

        Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.

       Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар