Экономикадағы банктердің ролі

Мазмұны  

Кіріспе 

    1. ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні мен  ерекшеліктері
    1. Экономикадағы банктердің қызметтері .....................................5
    1. ҚР-ның Ұлттық банкі- «Банктерінің банкі» ..............................8
    2. ҚР-ның екінші деңгейдегі банктердің жалпылама сипаттамасы...........................................................................................12
    3. ҚР-ның банк қызметіндегі шетел тәжірибесі ..........................15
 
  1. ҚР-ның  банк қызметінің рөлі мен жағдайын талдау
    1. ҚР банк қызметінің қазіргі таңда экономикадағы рөлі..........19
    2. Ұлттық банк қызметін талдау....................................................23
    3. Екінші деңгейдегі банк қызметін талдау..................................27
 
  1.  ҚР банк қызметінің экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары
    1. ҚР-ғы банк қызметіндегі мәселелер..............................................
    2. ҚР-ғы банк қызметін жетілдіруге рөлін арттыру жолдары........

    

 Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер 
 
 
 

Кіріспе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
    1. ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні мен ерекшеліктері
    1. Экономикадағы банктердің қызметтері 

     Банк  өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын  ретінде материалдық өндіріс  саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай  ғана тауарды емес, ақша және төлем құалдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару- бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

     Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі  өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары  емес, кредит ұсыну жатады. Әрі- беріден  соң кредит қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.

     Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған  бос ресурстары ұдайы өндіріс  пайызында өнімді пайдаланылады.

     Банк  өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.

     Кредит  ісі- банк негізі, бұл оның негізгі  ісі болып табылады. Әрбірден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және жеке тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақшасыз формада реттейтін институты болып табылады.

     Банк  теориясының негізгі мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы- бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.

     О.И. Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын  былайша анықтап берді. Оның біріншісі- ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.

     Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау  процесі тек банктерге ғана тән  емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:

  • Шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
  • Шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі- бастапқы кредит беруші;
  • Қаражатты шоғырландыру тек арнайы рұқсатпен жүзеге асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.

     Екінші  қызмет- ақша айналымын реттейтін  қызмет. Банк кредит беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал үзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты кредиттеу, төлем құралдарын шығар арқылы реттеледі.

     Үшінші  қызмет- делдалдық қызмет. Бұл арада  банктің делдалдық қызметін тек  төлемдегі делдалдық ретінде  ұқпау керек. Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат  пен капитал бір субъектіден  екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын оперияларымен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір- бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне қарай түрлендіру мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет- бұл тәуекелдікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қаынасты кеңейтетін, ресурстарды түорлендіретін қызмет.

     Қазақстан Республикасының банк заңнамасында банктердің қаржылық трақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк пен ҚҚА банк қызметін реттеудегі жүзеге асырады, деп атап өтіледі.

     Банктер қызметін реттеу жекелеген банкке қатысты  да, сондай- ақ жинақталған негізде де, яғни банк топтарына қатысты да жүзеге асырылады. Жинақталған қадағалау тәртібін Ұлттық банк пен ҚҚА жасайды.

     «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы»  ҚР Заңында Ұлттық банктің реттеуші функциялары ҚР ақща-кредит жүйесінің тұрақтылығын сақтауға, банк кредиторларының, салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталғаны атап көрсетеді.

     Бұдан жекелеген банктің заңдар мен  Ұлттық банктің, ҚҚА-ның нормативтік  құжаттарын сақтамауы тұтастай алғанда  банк жүйесінің тұрақтылығына теріс әсер ететіні, салымшыларының, кредиторлар мен инвесторларының мүдделеріне жағымсыз ықпал жасайтыны көрінеді. Мәселе банктердің сатушылар мен сатып алушылар, кредиторлар мен инвесторларының арасындағы делделдар болып табылуында. Олар ерекше институттар болып табылады, олар кредиторлардың, салымшылар мен клиенттерінің бөтен ақшасын пайдаланады. Банктерінің пассивтеріндегі еншікті қаржысы 8-10% ақ құрайды. Мәселе банктердің жарым- жарты резерв жағдайында жұмыс істеуінде. Бұл әр банк өз пассивтерін қамтамасыз ету үшін өз міндеттемелерінің шағын ғана бөлігін құрайтын өтімді қаржының ең қажетті минимумын ғана ұстайды дегенді білдіреді. Әдетте баланс пассивінің 90%-на дейінгі, яғни оның ресурстары бөтен ақша, кәсіпорындардың, компаниялардың, фирмалардың, жеке адамдар мен мемлекеттің резервтері болып табылады, олар банктегі есеп айырысу шоттарында және ағымдағы есептерде сақталады.

     Бұл жағдай мемлекет тарапынан банк қызметін реттеу қажеттілігін түсіндіреді және банк реттуі мен қадағалауының басты  мақсаты салымшылар мен кредиторлардың мүдделерін қорғау, банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау болып табылатынын көрсетеді.

     «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер  мен банк қызметі туралы», Қазақстан  Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы» ҚР заңдарында, оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда «реттеу» мен «қадағалау» терминдері бірге және бірдей қолданылады. Ұлттық банк пен ҚҚА-ның ережелері мен нұсқауларын сақтауын бақылау мақсатында банк қызметінің барлық параметрлерін байқау, бақылау, тексеру мен талдау тұрады. Бұл орайда қадағалушы органдар банктердің оперативтік қызметіне араласпайды.

     Сапалы  да пәрменді қадағалау жалпы алғанда  қоғамның мүддесін көздейтін Ұлттық банк пен ҚҚА-ға қажет, олардың міндеті бүкіл банк және ақша жүйесінің жұмыс істеуі үшін көпшілікке бірдей жағдайлар туғызу болып табылады. Мұның өзі банктерге де қажет, себебі осы арқылы қоғамның жүйеге деген сенімі қамтамасыз етіліп, тұрақтылыққа қатер төндіретін тенденцияларды ертерек танып-білуге мүмкіндік туады. Қадағалау сондай-ақ банкаралық рынокта кредитор мен заемшы болып жүрген банктерге де қажетті нәрсе болып табылады.

     Қадағалаудың  мақсаты банк қызметінде қателіктерде, заң бұзушылық пен олқылықты табу, осы үшін қызметкерлерді жазалау ғана емес, кемшіліктерді жою, болдырмау жолдарын нұсқау, әдістемелік және қаржылық көмек көрсету болып табылады.

     Тексеру, талдау, қадағалау- басты мақсат емес. Қадағалау банкті өз қызметінің өлшемдерін өзгертуге, жаңа бағыт тауып, жұмыс нәтижелерін жақсартуға итермелеу. Әдетте, осындай шұғыл шаралар қолданбағанда банктің, оның клиенттерінің, жалпы алғанда банк жүйесінің қалыпты тірлігіне нұқсан келіп жатады.

     Сөйтіп, банкке Ұлттық банк пен ҚҚА тарапынан  осындай әсер ету шарасы оның қызметін реттеу деп аталады. Сонымен, нақты банктің қызметін қадағалау жолымен жүзеге асырылып, мына төмендегілерден тұрады:

  • Банк жүйесінің бір бөлігі ретінде банктің ағымдағы жұмысын және дамуын сырттан басқару, ол бүкіл банктерге қатысты банк заңнамасында Ұлттық банк пен ҚҚА-ның нормативтік актілерінде көрініс табады;
  • Алынып отырған нақты банктің ағымдағы жұмысын және дамуын реттеу Ұлттық банк пен ҚҚА-ның нақ осы банкке арналған нормативтік актілерде жүзеге асырылады.

     Осыған  орай «реттеу» ұғымы, менің көзқарасымша, «қадағалау» ұғымынан әлдеқайда ауқымды болып табылады. Реттеу- мемлекеттің банк жүйесін жекелеген банктердің жедел қызметіне араласпай-ақ өз органдары арқылы сырттан басқаруы дегенді білдіреді. Реттеу жоғары тұрған мемлекеттік органдарының барлық кредиттік ұйымдар орындауға міндетті ережелері, нұсқаулары, тапсырмалары арқылы ғана емес, сондай-ақ банктік және басқа заңнамалар, азаматтық, салықтық кодекстер, басқа да құқықтық актілер арқылы да жүзеге асырылады. Оларды бір немесе бірнеше банктің ғана сақтамауының өзі жағымсыз құбылысқа- банк жүйесінің тұрақсыздығы мен дағдарысына, салымшылардың, акционерлер мен клиенттердің мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғады. Міне, сондықтан да мемлекеттік органдар тарапынан банк заңдарының, Ұлттық банк пен ҚҚА-ның құқықтық және нормативтік әктілерінің сақталуы мен орындалуына деген пәрменді қадағалау және бақылау тетігі қажет болады. Сөйтіп, банк қызметін реттеу қадағалау мен бақылау арқылы жүзеге асырылатынын көреміз.    

     
    1. ҚР-ның  Ұлттық банкі- «Банктерінің банкі»
 

     Ұлттық  валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң  қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру  және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

     Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші)  деңгейдегі банктер болып саналады. 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. 

     Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз. 
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. 
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.

     Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

     Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады; 
  • Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
  • банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
  • банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.

     Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылады. Ақша-кредит саясаты:

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
  • ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
  • ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;
  • ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. 

      Ұлттық Банктің құрылымына мынылар кіреді:

  • департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) жеке бөлімдерден тұратын орталық аппарат;
  • 16 аумақтық филиал; 
  • кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы;
  • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
  1. есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»;
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы»;
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы»;
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы»; 
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды пайдалану орталығы»;
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы».  
    Ұлттық Банк:
  • «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры»,
  • «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы»,
  • «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»,
  • Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры»,
  • «Қазақстан Актуарлық орталығы» жабық акционерлік қоғамдарының 100%-ті құрылтайшысы;
  • «Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі (Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.

     ҚР-ның  Ұлттық банкi  “банктердiң банкi”  ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып  табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып  табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi  “банктердiң банкi” деп атайды.

     Ұлттық  банк “банктердiң банкi” қызметiн  атқару үшiн:

  • коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
  • банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.

     Ұлттық  банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк  мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “соңғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.

     “Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi туралы”  Заңында былай жазылған: ҚР-ның  Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде  және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi. 

     Қорытындылай  келе, ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық  банкi ретiнде басқа елдердiң орталық  банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым. 

     
    1. ҚР-ның  екінші деңгейдегі банктердің жалпылама сипаттамасы
 

     Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

     «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

     Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

     Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша- кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

     Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

     Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады. Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

     Осы уақытқа дейін Қазақстанда кредиттер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады; көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

     Банктік кредит – ең қ олайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

     Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, кредиттік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

     Коммерциялық банктердің мынандай базалық негізгі қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуды жүзеге асыру, кредит беру.

     Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттаынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі, бір жағынан, мынандай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалардың пжетіспейтіндігі сезіліп тұрады.

     Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады. өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және кредит түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

     Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, кредитті қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.

     1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметтен чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.

     ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық Банктер ФРЖ-ге кіруі тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.

     Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналасына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.

     Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын көптеген ірі банктер банктік холдинг-компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы тек қана банк бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақы лайды.

     Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу сондай-ақ банктік холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артыруына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та жалықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары). 
 
 
 
 

     
    1. ҚР-ның  банк қызметіндегі шетел  тәжірибесі
 

         АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

     ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.

     ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі  критерийлердің бірі- жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құрылмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені, олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес- жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.