Экономикалық-географиялық жағдайы

Ресе́й (гр. Ρωσία — Русь[6]; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесеРесе́й орыс. Россия[7], қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ [8]) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі[9]. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде[10], бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.[11]


[өңдеу]Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен,Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен,Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен  аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:

  • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
  • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
  • Қиыр Шығыс Ресейі.

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды[12].

Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.[11]

[өңдеу]Мемлекеттің қалыптасу тарихы


 

Петр  І, Ресейдің бірінші императоры

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар  ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті  айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеуайналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I ПетрКавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдыңбасында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.

Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.

1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.[11]

[өңдеу]Геосаяси жағдайы


 

Орыс ғарыш стансасы, Мир.

Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы  аралық орны екі дүние бөлігін  байланыстырып тұратын өзіндік  көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.

НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.

Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.

Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия жәнеҮндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.[11]

[өңдеу]Табиғат ресурстары


Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%-дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.

[өңдеу]Минералдық ресурстары


Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан  астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.

[өңдеу]Жер ресурстары


Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен  Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы  қатарлы ел. Елдің жалпы жер  қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді. Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 белігі тиесілі.

Алайда соңғы жылдары жер  ресурстарының сапасы нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шөлейттену процесіне ұшырауда.[11]

[өңдеу]Агроклиматтық ресурстары


Агроклиматтық ресурстар Ресей  жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік  береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.

Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қарабидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкөніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдар да өсіріледі.[11]

[өңдеу]Орман ресурстары


Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көшбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштары да басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған. Ормандар аумағының қысқаруына өрттің шығуы жиі себепші болуда. Әсіресе орман өрттері Ресейдің азиялық бөлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі байқалады.

[өңдеу]Су ресурстары


Ресей жері су ресурстарына да өте  бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған.

Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс Еуропалық бөліктегі артезиан алаптарына тән.

Суды пайдалануда өндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін 20%, суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы  үшін 2%, ал қалған 6% басқа қажеттіліктер үшін жұмсалады.

Ресей өзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме жүзуге жарамды жалпы ұзындығы 300 мың  км-ден асады.

Ресей өзендерінің энергетикалық  әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі су-энергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бөліктегі үлесі 20%, ал Азиялық бөлікте 80%-дан асады.[11]

[өңдеу]Биологиялық ресурстары


Ресейдің ормандары, өзендері мен  көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.[11]

[өңдеу]Рекреациялық ресурстары


Ресейдің алуан түрлі табиғат  жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещеракөлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.

Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар  жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай  орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық  бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы өте жоғары.

Ресейде табиғат ресурстарына тән  мынадай ортақ белгілер бар:

  1. ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі;
  2. ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген;
  3. ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған және олардың басым көпшілігі нашар игерілген, табиғат жағдайы қолайсыз аудандарда шоғырланған;
  4. жақсы игерілген аудандардағы ресурс қоры сарқылуға жакын.

[өңдеу]Халқы


Ресей халқының тығыздығы.

Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл.

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.[11]

[өңдеу]Демографиялық көрсеткіштер


Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі  типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон  сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде  Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.[11]

[өңдеу]Еңбек ресурстары


Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5%-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.[11]

Экономикалық аудандар бойынша  да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан

бойындағы мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат  жағдайларының қолайлы болуына  тікелей байланысты. Ресейдің халық  тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып  келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км²-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км²-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолыаудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1%-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.[11]

[өңдеу]Мәдениеті


 Толық мақаласы: Ресей мәдениеті

Ресей мәдениеті адамзат  баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу  ерекшеліктері негізінен төмендегі  факторларға тығыз байланысты болды. Олар:

    • көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;
    • уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;
    • жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Осы айтылған ойларымыз дәлелді  болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу  кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.[14]

[өңдеу]Ежелгі Русь мәдениеті


 Толық мақаласы: Ежелгі Русь мәдениеті

Ежелгі Русь мәдениеті  — шекарасы Тамань түбегіне, сондай-ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің,Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.

[өңдеу]Ірі қалалары


Халқының саны бойынша  Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың  адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.

Ресейдегі миллионер  қалалар, 2008 ж. 
(Ресей статистикалық анықтамалығының деректері бойынша)

 Қала    

Халық саны, млн адам

 Қала    

Халық саны, млн адам

Мәскеу

10,4

Самара

1,13

Санкт-Петербург

4,6

Омбы

1,13

Новосибирск

1,4

Қазан

1,1

Төменгі Новгород

1,3

Үфі

1,1

Екатеринбург

1,3

Челябинск

1,1


Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.

Мәскеу халық саны жөнінен  Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық көрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді.

Мәскеу — әлемдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі. Мұнда сәулет өнерінің інжу-маржандары болып саналатын діни ғимараттар, Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң, патша иеліктерінің әсем сәулет ансамбльдері, Үлкен театр мен Мәскеу университетінің ескі ғимараты сақталып қалған. Қалада 60 кәсіби театр, 74 мұражай жұмыс істейді. 1980 жылы қалада XXII Олимпиадалық ойындар өткізілді.

Орал мен Поволжьеде басқа  аудандармен салыстырғанда миллионер  қалалар саны көп (оны немен түсіндіруге болады?). Ал солтүстіктегі ең ірі қала болып саналатын Мурманскіде халық саны 400 мың адамға да жетпейді. Ірі қалалардың көпшілігі әкімшілік бірліктердің орталығы болып табылады.[11]

[өңдеу]Ірі қалаларының тізімі


қарау • талқылау • өңдеу

 
Мәскеу 
 
Санкт-Петербург 
 
Новосибирск 
 
Екатеринбург

Реті

Қала

Орысша атауы

Облысы

Халқы

қарау • талқылау • өңдеу

 
Төменгі Новгород 
 
Самара 
 
Қазан (қала) 
 
Омбы

1

Мәскеу

Москва

Мәскеу

11,800,992

2

Санкт-Петербург

Санкт-Петербург

Санкт-Петербург

4,900,520

3

Новосибирск

Новосибирск

Новосибирск облысы

1,397,191

4

Екатеринбург

Екатеринбург

Свердлов  облысы

1,332,264

5

Төменгі Новгород

Нижний Новгород

Төменгі Новгород облысы

1,272,527

6

Самара

Самара

Самара облысы

1 164 900

7

Қазан (қала)

Казань

Татарстан

1 143 600

8

Омбы

Омск

Омбы облысы

1,129,120

9

Челябi

Челябинск

Челябi

1,093,699

10

Дондағы Ростов

Ростов-на-Дону

Ростов облысы

1,048,991

11

Үфі

Уфа

Башқұртстан

1,024,842

12

Волгоград

Волгоград

Волгоград облысы

1,021,200

13

Пермь

Пермь

Пермь облысы

985,794

14

Красноярск

Красноярск

Красноярск

947,801

15

Воронеж

Воронеж

Воронеж облысы

843,496

16

Саратов

Саратов

Саратов облысы

830,953

17

Тольятти

Тольятти

Самара облысы

720,346

18

Краснодар

Краснодар

Краснодар

710,686

19

Ижевск

Ижевск

Udmurtia

611,043

20

Ярославль

Ярославль

Ярославль

606,336

 

[өңдеу]Шаруашылығы және өнеркәсібі

 Толық мақаласы: Ресей шаруашылығы және өнеркәсібі

Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекетқұрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.

1990 жылдардан бастап жүргізілген  нарықтық қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану және монополиялану деңгейі жоғары. Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына сүйенеді. Шетел инвестициясы, негізінен, қаржы саласы мен сауданы дамытуға бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмысжүргізуде.

[өңдеу]Ауыл шаруашылығы


 Толық мақаласы: Ресейдің ауыл шаруашылығы және көлік географиясы

Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты теказық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынасорнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады

Ресейдің агроөнеркәсіптік кешендері әлі де даму, өркендеу жағдайында тұр, олардың түрлі буындары арасындағы байланыстар өз дәрежесінде емес. Әсіресе өнімді өңдеу менқызмет көрсету салалары жетілдіруді қажет етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші әрі негізгі саласы — ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының басқа салалардан басты айырмашылығы — оның өркен жаюы табиғат жағдайына, агроклиматтық ресурстар жиынтығына, сондай-ақ жер қорына тікелей тәуелді болуында. Ал Ресей жерінің табиғат жағдайы және оның мүмкіндігі сендерге жақсы таныс. Ресейдің ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның 126 млн га-сы егістік жерлер. Бұлкөрсеткіштер бойынша Ресей дүниежүзіндегі дамыған елдер арасында өте жоғары орынды иеленеді. Алайда ауыл шаруашылығының даму дәрежесі мен өндірілген өнім көрсеткіштері жөнінен әлдеқайда төмен деңгейде.