Экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу жолдары
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні 4
2 Кәсіпорынның этика кодесі 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Бүгінгі таңда «нарықтың көрінбес қолы» экономикалық өмірді ұтымды ұйымдастыру үшін жеткіліксіз екендігі айқын сезіле бастады. Шаруашылық жүргізуде этикалық бастауларға қайта оралу қажеттігі жөніндегі мәселе жиі көтерілуде. Бұл орайда экономика негізі капитал екендігіне ешкім дау айтпайды. Сондықтан да, капитал типі экономика түрін айқындамақ. Экономикалық дамудың бүкіл тарихы әрбір тарихи кезең үшін капиталдың айырықша типі тән екендігін көрсетіп отыр, ал тарихи кезең өз кезегінде қандай да болсын мәдени-діни дәстүрмен тікелей байланыста болады. Мәселен, сауданы дамытуға қаржы операцияларының қажет болуы себепті және ақша пайдаланғаны үшін өзге дін өкілдерінен пайыз алуға рұқсат берген иудей этикасы нәтижесінде иудей пайыздық этикасын өмірге келді.
Индустриалдық дәуір капиталдың жаңа типін талап етті. Ал, протестанттық этика болса осы типке белгілі бір діни негіздемелер берді. Нәтижесінде, өнеркәсіптік протестанттық капитал пайда болды. Бұл орайда капиталдың жаңа түрі алдыңғы капиталды үзілді-кесілді теріске шығармай, оны жетілдіріп, банк институтының көмегімен индустриялық экономиканың көшіне қоса білді.
Бүгінде біз постиндустриализмнің жаңа капиталының пайда болуына куә болып отырмыз, ол индустриялық капиталдан формасы бойынша да, мазмұны бойынша да өзгеше болуға тиіс. Бұл жерде «жаңа капиталдың өзегін не құрауы тиіс?» деген сауал көлденең тартылады. Яғни, ол мәдени-діни дәстүр бола ма немесе коммунизм құрылысшысы этикасын ұсынған коммунизм сияқты идеология болып шыға ма? Батыста өркендеп отырған этикалық экономика жақтастары экономикаға христиан этикасы, атап айтқанда, протестантизм этикасы қайта оралуы тиіс деп санайды. Ал, ислам өкілдері болса капиталды пайдаланудың жаңа тәсілдерінің негізіне исламның діни қағидалары алынуы тиіс деген пікірде.
Жұмыстың мақсаты: бизнес этикасының негіздерімен танысу
Міндеті: бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін зерттеу
1 Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі көп қырлы аспектілер арқылы көрінеді. Олардың арасында бес бағыттағы жұмысқа тоқталуға болады:
- Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету
- Қызметкерлерді және жергілікті еңбекке қабілетті тұрғындарды кәсіби тұрғыда дамыту;
- Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда әкімшіліктермен бірлескен жұмыс;
- Қазақстандық бизнес және жұмыс орындарын ашу үшін мүмкіндіктерді дамыту;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің жергілікті тұрғындарға көмекке бағытталған бастамасын қолдау.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз етудегі басым міндеттердің бірі-қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – құқықтық жауапкершілікпен салыстырғанда ұйым тарапынан әлеуметтік мәселелерге ерікті жауап беруді білдіреді. Әлеуметтік жауапты іс-әрекетке мыналар жатады: қайырымдылық; жергілікті қауымдастықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды корпорациялардың дамытуы; компания өнімі туралы қызығушылық тудырған тұлғаларды қосымша ақпараттандыру; тұтынушы үшін қауіпті болатын болса, өз өнімін өз еркімен алып тастау.
Коммерциялық компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) тұжырымдамасына айрықша көңіл бөлуінің маңызды факторы болып қоғамның бизнеске этикалық тұрғыдан бақылау жасау деңгейінің артуы табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа белсене араласуда және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік анықтамасы мен түсінігі біртіндеп әлемдік стандартқа жақындай түсуде.
Негізінен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қоғамның бизнестен этикалық, коммерциялық немесе көпшілік тұрғыдан күткендеріне сай болу немесе одан асып түсу ретінде анықталады және қандай да болмасын шешім қабылдау барысында барлық мүдделі тараптардың (кәсіпорын қызметкерлерінің, өнімді тұтынушылардың, жеткізушілердің, жергілікті қауымдастық пен жергілікті билік өкілдерінің) пікірлерін ескереді. Осыған қарамастан, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке бизнестің барлық ішкі процесстері тартылған, ал бұл аталмыш жүйе бизнес стратегиясының бір бөлігі және корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болуы тиістігін білдіреді.
Кәсіпорында инсталляциялауға ұйғарылған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесі түптеп келгенде бизнесті капитализациялауды арттыруға бағытталады және өз кезегінде оның бағасын негіздеуге мүмкіндік беретін бизнестің мөлдірлігін арттыратын тұрақты әлеуметтік есептер дайындаудан тұрады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде арнайы ережелерге сәйкес диалог құру жолымен мүдделі тараптардың тілектері мен пікірлерінің есебі арқасында беделді басқару мүмкіндігі туындайды. Жақсы атақ пен бедел клиенттік базаны сақтап қалуды, компанияның даму жылдамдығын, оның табысын арттыруды қамтамасыз етеді. Клиенттердің адалдығы мен ықыласына кәсіпорынның тұтынушылар арасындағы жақсы имиджі мен қызметтер сапасының жоғарылығы арқасында қол жеткізіледі. Осы міндетті жүзеге асырудағы негізгі құралдардың бірі болып аймақтық нарықта фирманың серіктестер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып мамандандырылған көлік қызметтерін көрсету, жол құрылысын жүргізу, мұнай өнімдерін тасымалдау мен жанар-жағар май жеткізу секілді нарықтың барлық сегменттерінде ұзақ уақыт бойы болу басымдығынан бастау алатын тұрақты саясатын жүзеге асыру саналады.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.
Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.
Фирманың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:
- персоналды дамыту;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау;
- экология мен ресурс қорғау сұрақтары;
- сыртқы әлеуметтік қызмет.
Сонымен қатар, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.
Қазақстанның корпоративтік азаматы Компанияның барлық деңгейіндегі әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі қызметкерлердің еңбек жағдайларын үздіксіз жақсарту, мемлекеттік заңдарды орындау және халықаралық нормалар мен ережелерді сақтау болып табылады. Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласында компанияның саясаты бекітілген. Бұл саясат компания алдында өндірістік міндеттерді қоюға негіз болады, осы міндеттердің орындалуы айтылған саясаттың дұрыстығын және менеджмент жүйесінің қызметі ойдағыдай атқарылып жатқанын көрсетеді.
Қазіргі кезде корпоративті офисте және мұнай базаларында қауіпті бағалау, экологиялық аспектілерінің реестрі мен денсаулықты қорғау және қауіпсіздік бойынша қауіпті бағалау кестелері жасалды.
Сонымен қатар жұмыс орындарында қызметкерлер оқытылып, қазір объектілердің ішкі аудиті басталды.
Жобаларды жоспарлау кезінде экологиялық қауіпсіздік аспектілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания Орхус конвенциясы бойынша барлық міндеттерді орындайды. Бұл конвенцияның талабтары бойынша экологиялық мәліметтерге барлық қызығатын жақтар, әсіресе жергілікті тұрғындар, бөгетсіз қол жеткізе алады. Үлкен жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоршаған ортаға және халыққа әсер ету мәселесі бойынша жиындар өткізіледі. Жергілікті тұрғындар үшін қазақ және орыс тілідерінде пресс-релиздер басылып шығарылады
Әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету жолында компанияда қызметкерлердің еңбегін қорғау мен қауіпсіздік бойынша көптеген шаралар орындалады.
Кен орындарды өңдеуден бастап, шикізатты шығарып, өнімді өңдеп, сатуға шығарғанға дейін өндірістік жұмыс орындарында зиянды өндірістік факторлар орын алатыны баршаға мәлім. Компания олардың қызметкерлер денсаулығына әсерін тигізбеу үшін бар күш жігерін салуда, яғни, осы қауіпті факторларды қадағалауға тырысады.
Біріншіден, кәсіпорындар жұмыс орындарында бес жылда бір рет аттестациялау өткіземіз. Аттестация – бұл мамандық аурулардың алдын алу үшін барлық факторларды есепке ала отырып қызметкерлердің еңбек ету жағдайларын бағалау. Аттестацияға жұмыс аумағының ауасындағы заттар мен газдар құрамын, шаңдануды, тербелуді, электрмагнитті сәуле шығаруды, жарықты және басқа да өндірістік факторларды өлшеу жатады.
Сонымен қатар аттестация барысында жұмыс процессінің қаншалықты ауыр екеніне баға беріледі. Бұл төңіректе белгілі бір еңбек іс-қимылдардың ауырлығы мен қайталануы қызметкерлердің денсаулығына қалай әсер ететіні зерттеледі. Мысалы, вентильдерді бұрау, баспалдақпен төмен түсіп көтерілу, компьютердегі ақпаратты оқу т.б.
Қазіргі таңда біз тек санаулы ғана жұмыс орындарын денсаулыққа зиянды деп қарастырамыз. Ол жерлердегі ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері нормадан асады. Алайда компаниялар олардың кері әсерін азайту мақсатында барлық шаралар орындап жатырмыз.
Заңнамаға сәйкес, өндірістік факторлардың кері әсерін азайту үшін компания мүмкіндігінше технологиялық процесске өзгерістер енгізуге тырысады. Қадағалаудың инженерлік әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік әдіс қолданылады: қызметкерлердің ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері нормадан асатын жерлерде өткізетін уақыттарын қысқарту, жыл сайынғы еңбек демалысының күндерін көбейту, санаторлық-курорттық ем қабылдау, өндірісте сүт беру, өндірісте қолданылатын жеке қорғану құралдарын беру.
Компания өндірістік факторлардың денсаулыққа зиянды әсерлерінің жоқтығында сенімді болу үшін жыл сайын қызметкерлер медициналық қараудан өтеді. Барлық медициналық қараулар компания есебінен өткізіледі, себебі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бұл оның міндеті болып табылады. Медициналық қарау барысында қызметкерлердің жұмысқа жарамдылығы мен кәсіби сырқаттың бар жоғы анықталады. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жыл ішінде компанияда кәсіби сырқаттарға шалдығу бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Ал бұл өз кезегінде компанияның еңбекті қорғау саласында жүргізілетін жұмысының тиімділігін көрсетеді.
Медициналық қарау нәтижелері бойынша кәсіпорындар жергілікті санаторияларында тегін емделуді ұсынады.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бағдарламасын енгізудің мәні зор. Бұл сақтандыру өндірістік жарақат немесе кәсіби сырқаттарға шалдығу себебінен еңбек жарамдылығын жоғалту жағдайында қызметкерлердің емделуге жұмсалатын қаржы мен жоғалған еңбек ақысының есесін қайтаруға мүмкіндік береді. Компания өз қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапты және жарақат пен келеңсіз жағдайларсыз жұмыс жасауға көп көңіл бөледі
Елбасы жыл сайынғы «Парыз» конкурсын биылғы жылдың қаңтарында Жезқазған қаласында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында тағайындаған болатын. 2010 ж конкурсқа қатысуға 296 кәсіпорын ниет білдірген екен. Салтанатты рәсім басында жиналғандар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бизнес халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді атсалысуы және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс екенін атап өтті. Онсыз жақсы еңбек көрсеткіштеріне де, тұрақты дамитын өндіріс көлеміне де қол жеткізу мүмкін емес. Н.Назарбаев биылғы жылы жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында шамамен 4 мың меморандум қабылданғанын мәлім етті. Ауылдық жерлерде негізінен жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған көптеген жобалар жүзеге асырылуда.
2 Кәсіпорынның этика кодесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлерінің Кәсіби этика кодексі.
Қызмет атқару Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлерінің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлері өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, қоғамға адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.
Жалпы ереже
1.1. Осы Этика кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және "Мемлекеттiк қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс кодексiнің (бұдан әрi – ар-намыс кодексі), «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру және қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірілігн қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы» Заңдарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің негізгі қағидаттарына негізделген.
1.2. Осы Этика кодексі этикалық нормаларды, тәртіп стандарттарын және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарым-қатынастарының негізгі қағидаттарын белгілейді және барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
1.3. Қызметкер міндеті - өз Отанының патриоты болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге нормативтік құқықтық актілерін орындауда үлгілі қызмет ету, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу.
Қызметкер тәртібінің жалпы қағидаттары
2.1. Қызметкер:
жүктелген міндеттемелерге сәйкес қызметтік міндеттерді адал және сапалы орындауға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін және бостандықтарын, құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, мемлекет институттарына азаматтардың сенімі, мемлекеттік биліктің беделіне мүмкіндік туғызуға;
қоғамның және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға жеке жауапкершілікті білу, мемлекеттік меншіктің сақталуына және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
өзіне талапты, принципшіл, объективті және бейтарапты, сондай-ақ әрбір сыбайлас жемқорлықты және өзге құқық бұзушылықты дер кезінде хабарлауға;
өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға;
басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың, лауазымдық тұлғалардың, олардың құзыреті шегінде шығарылған шешімдерді және нұсқауларды уақытылы және сапалы орындауға;
техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, өндірістік еңбекке арналған жұмыс уақытын тиімді пайдалану, денсаулыққа және жеке немесе жұмыс бойынша әріптесінің қауіпсіздігіне қауіпті қандай-да бір жағдай туралы хабарлауға;
кәсіби сапаларын жетілдіру, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби деңгейін сақтау және тұрақты жоғарылату, қызметтік міндеттерін орындауда шығармашылық білдіруге;
қызметтік міндеттерді орындау кезінде анық болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік құпияларды және өзге мәліметтерді сақтауға. Үшінші тұлғалар, олар республика азаматтарының мүдделеріне, мемлекетке зиян келтіруге мүмкін және (немесе) пайда көрумен ақпаратты таратпауға;
кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;
қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;
оны қызметкер және техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде сенімсіздендіру әрекетін жасамауға;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің имиджін, іскери абыройын және тікелей немесе жанайы зиян келтіретін жанжал жағдайларды жібермеуге тиіс.
Жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастар
3.1. Қызметкер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде өнімге қойылатын талаптарға мемлекеттік бақылауды уақытылы және тиімді жүргізуге;
азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;
шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату және мерзімдерін сақтауға;
әрбір жағдайда азаматтарға шыдамдылық және сыйлы қарым-қатынас көрсету;
мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;
шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайлар мотивтері бойынша азаматтарды кемсітуге;
өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;
Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін азаматтардан қандай-да бір сыйлық талап етпеуге тиіс.
Әріптестермен қарым-қатынастар
4.1. Қызметкер:
әріптестеріне сыпайылық және әдептiлік білдіру. Жалпы қабылданған қарым-қатынас нысандары: аты, әкесінің атын пайдалана, сыпайы түрде әріптестерімен сөйлесуге;
басшылардың және әріптестердің ескертулерін және сынын дұрыс және абзал қабылдау, сондай-ақ жіберген қателерін уақытылы мойындай білу;
егер штаттан тыс жағдайлар туындаған болса әріптестеріне кеңес көмегін көрсету немесе бұзушылықты жібермеуді алдын алу;
өзге қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларының бұзылған фактілерін жібермеу және алдын алу;
жұмыс бойынша әріптестерімен сөйлескен кезде бейпіл сөз пайдалану, сондай ақ агрессивті тәртіпсіздікті жібермеу;
басқаның идеяларын және бастамаларын меншіктенуден бас тарту;
басқа қызметкерлерге, олардың функционалдық міндеттерін орындауға кедергі жасау әрекеттерін жібермеу;
өз әріптестері туралы жеке басы және кәсібилігі туралы ақпарат таратуға;
қандай да бір жағдайларда әріптестеріне қысым көрсетуді жібермеуге тиісті.
Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын қызметшi тәртібінің қағидаттары
5.1. Бағынысты қызметкерлері бар қызметкер:
ұжымда жағымды моральдық-психологиялық жағдайды сақтау және қалыптасуны ықпал етуге;
азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;
бағыныстылардың жеке қасиеттерін құрметтеу, өз ойын айтқаны үшін соңына түсуді жібермеу, қызметкерлерге қатысты объективтілік білдіруге;
бағыныстыға жеке қатынасына қармастан (жек көру, көңіл жақындығы) функционалдық міндеттерді орындау және тиіссіз орындамағаны үшін бірдей талап қоюға;
бағыныстыларына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарды дұрыс қоюға, осы тапсырмаларды шешу үшін бағыныстыларды біріктіре білуге; техникалық нормалармен белгіленген өнімдерге қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жетілдіру үрдісіне барлық қызметкерлердің белсенді қатысуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге;
бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиiс;
жоғары тұрған басшылыққа бағыныстылар жасаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны туралы хабарлауға;
бағыныстыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінен шығатын тапсырмалар қоюға немесе негізсіз талаптар қоюға;
қабылданған шешімдер және қызметтік міндеттерді тиіссіз орындамағаны үшін өзінің жауапкершілігін қайта салмауға тиіс.
5.2. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың лауазымға тағайындалу күнінен бастап, егер бағыныстағылар сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған болса, жазбаша түрде Комитет басшысына баяндауға міндетті. Осы тармақта көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін аталған тұлғаларға заңда белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза салынады.
6. Қызметкер осы Этика кодексінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
7. Қызметкер, оның тәртібі ұжымда көпшілікпен талқылауға жататыны туралы білуі қажет.
8. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұжымы мемлекеттік қызметшіні қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң осы Этика кoдексін сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Айзенк Г. Дх. Узнай свой собственный коэффициент интеллекта. - Н. Новгород: СП "Ай-Кыо", 1994.
2 Вернер Зигерт, Люгия Ланг. Руководить без конфликтов. - М: Экономика, 1990.
3 Виханский О.С., Наумов А-И. Менеджмент. Человек, стратегия, организация, процесс. - М.: Издательство МГУ, 1995.
4 Волгин А.П., Матирко В.П., Модин А.А. Управление персоналом в условиях рыночной экономики: опыт ФРГ. -М.: Дело, 1992.
5 ВудкокМ., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер: для руководителя-практика. Пер. с англ. - М.: Дело, 1991.
6 Грачев М.В. Суперкадры: управление персоналом и международные корпорации. - М.: Дело, 1993.
7 Гончаров В.В. В поисках совершенства управления: руководство для высшего управленческого персонала. - М.: МНИИПУ 1996.
8 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. - М.: Политиздат, 1989.
9 Десслер Г. Управление персоналом. - М.: БИНОМ, 1997.
3