Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы

ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ,ОЛАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................................4

1.  ҚАРЖЫ  РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6

1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6

1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8

1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13

 

2.  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ  ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ...........................................................................................................18

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы  ресурстарының  статистикалық көрсеткіштері.18

2.2.  Қазақстан Республикасының қаржылық  ресурстарына  талдау……………………...22

2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23

 

3.  ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................................................................26

3.1.  Қаржы ресурстарының   қазіргі  кездегі экономикалық  дамуда қалыптасқан мәселелері.....................................................................................................................................26

3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

       Курстық жұмыстың өзектілігі.Еліміздің   жағдайын  жақсарту,  экономикалық  дағдарыстан  шығу  мемлекеттік  тұрғыдан  бақылауға  салынған  мәселелер  бойынша   күн  тәртібінде  бірінші  кезекке  қойылып  отыр.  Бұған  Қазақстан  Републикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақcтан  2030»  атты   стратегиялық  бағдарламасында  «Еліміздің  экономикалық    саясатының  бірден–бір басымды  бағыты  - шағын  және  орта  бизнесті  дамыту»  - деп  атап  көрсетуі   дәлел  бола  алады.  Нарықтық  қатынастардың   құрылымында  да, мемлекет  тарапынан  оларды  реттеу  механизмінде  де  қаржы  зор  рөл  атқарады. Қаржы  - нарықтық  қатынастардың  құрамды  бөлігі  және  мемлекеттік   саясатты жүзеге  асырудың  құралы.  Бұл  орайда  қаржының  әлеуметтік-экономикалық  мәнін  түсіне   білудің, оның  іс-әрекет  етуінін  ерекшеліктерін  терең  ұғынудың,  Қазақстан  экономикасын  ойдағыдай  дамыту  мақсатымен   қаржы  ресурстарын  неғұрлым  толық  және  ұтымды  пайдаланудың  әдістері   мен  амалдарын  көре  білудін  маңызы  зор.

     Қоғамдық  өнімді  бөлумен  және  осының  негізінде  ақшалай  қорланымдарды,  табыстарды  және  қорларды  жасаумен,  оларды  ұлғаймалы ұдайы өндірістін   мақсаттарына  және  қоғамдық  дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға  пайдаланумен  байланысты   болатын экономикалық  қатынастар   қаржы туралы  ғылымының мән – мағынасы   болып табылады.

    Қаржы  ресурстары  мен  мақсатты  ақша  қорлары, олардың  қалыптасуы,  қозғалысы  және  пайдаланылуы   қаржының  объектісі,  ол  қоғамдық  өмірдің  ұйымдастырушысы    ретіндегі  мемлекетті  қоса  алғанда  қызметтін  өндірістік   және  өндірістік  емес    сфераларының   сан-алуан   шаруашылық, қоғамдық  және  ұйымдары  оның    субъектілері  болып табылады.

     Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша  қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

   Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

    Мемлекеттік қаржы – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болумен байланысты. Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар Факторларға:

қоғам дамуының таңдап алған үлесіне  саяси құрылымына қалыптасқан дәстүрлерге

сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады.

   Мемлекеттің экономикалық өмірге қатысуы мына функциялармен анықталады:

монополиялық қызметті шектеумен  бәсекелесті қорғау мен дамыту

экономиканың тұрақты деңгейіне  жету үшін және оны дамыту үшін тиісті құқықтық базасын құруқоғамда табылған табыстар мен байлықтарды қайта бөлу мемлекеттің қарамағындағы қаржы ресурстарын қайта бөлу экономиканы тұрақтандыру.

   Нарықтық  жүйе табыстар мен байлықты бастапқы бөлуде теңсіздік туғызғандықтан мемлекет оларды қайта бөлуді жүзеге асырады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру қызметіне конъюктураның ауытқуына  байланысты пайда болатын инфляция және жұмыспен қамту деңгейіне бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру  шаралары кіреді.

   Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді.

   Бұл  курстық    жұмысымда   мен  қаржының  әр  ресурсына  тоқталамын  және  Қазақстан  Реcпубликасының     қаржы  ресурстарын   өсірудің  маңызды  факторларын  қарастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары  және рөлі

 

      Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің қосалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті (муниципалдық) ресурстар елдің қаржы ресурстарының бөлек, біршама дербес бөлігін құрайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Коммерциялық кәсіпкерлік ұйымдардың қаржы ресурстары өзін-өзі қаржыландыру негізінде түсіп, жұмсалады. Бейкоммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары меншікті қызметтің табысынан ғана емес, сонымен бірге жарналар, құрмалдық, қайырымдылық көмек, мемлекеттік қолдау түрінде де құралады.

      Қаржы ресурстары – жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:

1. Жалпы  қоғамдық өнімнің және ұлттық  табыстың өсуі;

2. Сыртқы  экономикалық қызметтен түскен  табыстар;

3. Шаруашылық  айналысына тартылған ұлттық  байлықтың бір бөлігі;

4. Қарыз қаражаттары жатады.[1]

      Қаржы ресурстары — бұл жалпы  ішкі өнім құнының бір бөлігін,  атап айтқанда, ақша нысандағы  таза табысты бөлу және қайта  бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің,  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  және халықтың қарамағындағы  ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.

     Қаржы ресурстарында негізгі  орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.

      Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан  айырмашылығы бар. Қаржы қорлары  (қорланым, босалқы қор) — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша каражаттарының көздерін, шаруашышық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, каржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланысқан» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдардың олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісім шарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

      Қаржы функциялары. Қаржының мәні болу қатынастарының ерекше саласы ретінде бөлу функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асырылып және әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті к.аржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

      Қаржының бөлу функциясының қызмет  ету объектісі болып жалпы  қоғамдық өнім құны, сонымен қатар  ақшалай нысанда сипатталатын  ұлттық байлықтың бөлігі табылады.

       Қаржылық бөлудің субъектілері  болып ұдайы өндіріс үдерісінің  қатынасушылары және иелігінде  нысаналы мақсаттағы қорлары  бар заңды және жеке түлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік,  ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлык саласында жүреді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың, жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейін қамтиды. Қаржылық бөлуге шаруашылық ішілік, салаішілік, салааралық, аумақаралық бөлудің әр түрін тудыратын көпсатылық тән.

      Қоғамдық өнім құнының қозғалысымен  байланысты. Каржылар ұдайы өндіріс  үдерісінің, жалпы және жекеленген  фазаларын сандық түрде көрсету  қасиетіне ие. Қаржы олардың қоғамдық ұдайы өндірісте алатын орны туралы мәселемен алмастырылады, себебі бұлар әр түрлі мәселелер болса да, бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты. Әрине, қаржылар коғамдык ұдайы өндірісте елеулі рөлге ие, олардың көмегімен өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы құндылык пропорциялар реттелуі мүмкін және т.б. Бірақ қаржының бөлгіштік қасиетін жақтаушылар қаржыны ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңіне қызмет ету барысында пайда болады дәл есептемейді, керісінше оларды қаржының арнайы қоғамдық белгіленуімен байланыстырады және қаржыға үш функция тән деп есептейді: ақша қорларын қалыптастыру, ақша қорларын пайдалану және бақылау. Бірақ алғашқы екеуі бөлгіштік функциясының жүзеге асырылу механизмі ретінде айқындалады. Даулы мәселелердің туындауы қаржының функциясының мәні туралы теориялық мәселелерді шешуді міндеттейді. Қаржының экономикалық табиғаты мен оларға тән қасиеттерін тереңірек игеру оны практикада ең тиімді жолдармен колдануға, экономиканы қаржылық сауықтыруға және қаржылық байланыс жуйесін жетілдіруге бағытталған шараларды ғылыми түрде негіздеуге мүмкіндік береді.

      Қаржы жүйесі- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының жиынтығы.

     Қаржы жүйесінің негізгі құрамдас  бөлігіне жалпы қоғамдық өнім  мен ұлттық табыс қалыптасатын  материалдық өндіріс аясы жатады.

      Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің  басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі  бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:

1. Ұлттық  банк тарапынын Үкіметке берілетін  тікелей банк несиелері;

2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру жатады.

       Мемлекеттік несие негізінде  мемлекеттік қарыз қылыптасады.  Мемлекеттік карыз – белгілі  бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің  үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік қарыз ішкі және  сыртқы қарыз болып бөлінеді.

       Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік  бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның  сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық  банктің сыртқы қарыздары, мемлекеттік  кепілдік берілген және мемлекеттік  кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.

        Бюджеттен  тыс қорлар белгілі бір мақсаттар  үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен  тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа мақсаттар  үшін құрылады. 1999 жылғы Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер қатысады:

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;

2. Кастодиан-банктер;

3. Зейнетақы активтерін басқарушы  компаниялар;

4. Қаржы нарығын және қаржы  институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік.

 

     

1.2.Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың  қағидаттары.

   

       «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы  ұғымының одан ары дамуы және  нақтылана түсуі болып табылады  және тиісті ақшалай қорлар  құрылып, пайдаланылатын қатынастардың,  сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.

      Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржылық қатынастардың пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақшалай қорларды қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. [2]

        Қаржы  жүйесі  терминнің   жоғарыда  келтірілген  анықтамасында  қаржысын  мәнділік сипаттамасын, оның  қоғамдық – экономикалық  процесстегі  орнын  негіздей  отырып,  қаржы  жүйесін сыныптаудың қағидалы  үлгісі  қойылған.Осы  критерийге  сәйкес  қаржы  жүйесі  үш бөлікті  қамтиды:

1)қаржы   қатынастарының жиынтығы;

2)ақша қорларының  жиынтығы;

3)басқарудың  ақша аппараты.

   Ақша  қорларының қозғалысына   байланысты  мемлекет,  шаруашылық жүргізуші субьектілер, салалар, аймақтар  және  жеке  азаматтар арасында  пайда болатын экономикалық, ақша  қатынастарының  жиынтығы  қаржы қатынастарын  құрайды.

        Қаржы  қатынастары  негізінен мына  екі  сфераны  қамтиды:

  1) мемлекеттік  бюджетке  жинақталатын  мемлекеттің  орталықтандырылған  ақша  қорларын  қалыптастырып, пайдаланумен байланысты  болатын  экономика  ақша  қатынастары;

2)  кәсіпорындардың  орталықтандырылмаған  ақша  қорларының  толық айналымын  ортақтастыратын  экономикалық  ақша  қатынастары.

        Қаржы  қатынастары  өзінің  экономикалық  табиғаты  жөнінен   бөлгіштік қатынастар болып   табылады, оның  үстіне  құнды   бөлу ең алдымен субьектілер   рөлі  қаржы  қатынастары   жіктемесінің  алғашқы  обьективті белгісі  ретінде көрінеді.

        Қаржы  қатынастарының  буындарына  тәң болып  келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша  қорларының жиынтығы  қаржы  жүйесінің  екінші бөлігін  құрайды.

        Қаржының  материалдық  мазмұны   өзінің  көрінісін  қаржы   ресурстарын  қалыптастырып, пайдалануда   табады, бұл  рессурстар  бюджет, мемлекеттік  және  мемлекеттік   емес  әлеуметтік  сақтандыру  және  қамсыздандыру, амортизация,  айналым  қаражаттары, тұтыну  резерві  және  басқа  көптеген ақша  қорларын  кіріктіеді.Бір  қорлар едәуір  дәрежеде, біреулер аз  дәрежеде, бір  қорлар  үнемі  жұмсалады, басқалары  уақытша сақталады, үшіншісі қорланады.

           Қаржы  жүйесі  интеграциялық   тұрпатты  жүйе  болып  табылады, оған кіретін  элементтердің   тығыз  байланысымен  және оның  қосалқы жүйелерінің  бірде  – бірі өзінше өмір сүре  алмайтындығымен сипатталады. Қаржы   бір жағынан, өндірістік  қатынастардың  бір бөлігін  білдіреді  және  осы қатынастар  жүйесінің  элементі  болып  келеді, екінші жағынан, өзінің  функциялық  өзіндік  ерекшелігі  бар  өзара  байланысты элементтерден  тұратын  жүйе  болып  табылады.Функциялық  сыныптауға сәйкес  қаржыларда  функциялық  қосалқы  жүйелер  ретінде  мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы  экономикалық, қаржылық  жоспарлаудың,  қаржылық бақылаудың  және басқа қосалқы жүйелері.

         Қаржы  жүйесін  сыныптаудың   функциялық  критерийінен басқа   қаржы субьектілерінің  белгісі   бойынша  сыныптау  қолданылады,  бұл қаржы жүйесін сфералар  мен буындар бойынша мемлекеттің қаржысына, шаруашылық  жүргізуші субьектілердің қаржысына, халықтың қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.

         Қаржы жүйесін  құрайтын жеке  элементтердің орны мен рөлі  бірдей емес, бастапқы  элемент   жүйенің  басқа элементтерінің  арасында алдыңғы  орында  алады, өйткені  жүйе  элементтері  мен  буындардың  өзара  байланысындағы  оның  рөлі  айқындаушы  болып  табылады.Бұл – бірінші   кезекте  мемлекеттік  бюджетпен  көрінетін  мемлекеттің  қаржысы.

       Мемлекет  қаржысы   – қоғамдық  өнімнің  құнын  және  ұлттық байлықтың  бір  бөлігін  бөлу  және  қайта бөлу  туралы, мемлекет  пен оның шаруашылық  субьектілерінің  қарамағына  қаржы  ресурстарын қалыптастырумен және  мемлекеттің  қаражаттарын олардың  жұмыс  істеуімен  байланысты шығындарға  жұмсаумен  байланысты  ақша  қатынастары.Мемлекеттің қаржысы  өзіне  мемлекеттік бюджетті,  мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті  кіріктіреді.

        Мемлекеттік  бюджет – экономиканы, әлеуметтік - мәдени  мұқтаждарды, қорғаныс  пен мемлекеттік басқарудың  мұқтаждарын қаржыландыруға  арналған  елдің орталықтандырылған   қорын жасаумен және  пайдаланумен  байланысты ұлттық  табысты бөлу  және қайта бөлу  туралы  мемлекеттің заңи  және жеке  тұлғалар мен  пайда  болатын  ақша  қатынастарымен   көрінетін  экономикалық  категория.Мемлекеттік  бюджет  орталық  және  жергілікті  бюджеттерді  кіріктіреді.

       Мемлекеттік бюджеттен   тыс қорлар –  қорлардың   ұйымдық  дербестігі  негізінде   кешенді  пайдаланылатын  бірқатар  қоғамдық қажеттіліктерді  қаржыландыру  үшін  тартылатын  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлу  мен пайдаланудың  айрықшалықты нысаны.

     Қалыптасу көздері:

   а)арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

   ә) бюджеттен берілетін  субсидиялар;

   б) қосымша табыстар мен  үнемделген  қаржы ресурстары;

в) ерікті  жарналар және  қайырмалдықтар.

       Бюджеттен тыс  қорлар толық  көлемде ресурстарды   мақсатты пайдалануды  және  аса  маңызды  әлеуметтік  шараларды  дер кезінде қаржыландыру  кепілдендіреді, олар  қаржылық  қиыншылықтар жағдайында  мемлекеттік  билік  органдары  иек  артатын  қаржы  резервті  рөлін орындайды.

       Мемлекеттік   кредит – мемлекеттік  билік   органдарынын  қарамағына уақытша  бос ақша  қаражаттарын  жұмылдырумен  байланысты мемлекеттін заңи  және  жеке тұлғалармен,  соның  ішінде  шетелдіктермен  және  оларды  мемлекеттің  шығыстарың  қаржыландыруға  пайдаланумен  байланысты  пайда  болатын  кредит  қатынастарының  жиынтығы.

        Қаржы  жүйесіне  жиі сақтандыруды  да жатқызады,  бірақ көптеген  ғалымдар оны   дербес, бірақ   қаржымен  өзара іс - әрекет  ететін  категория деп есептейді.

       Сақтандыру - шаруашылық  жүргізуші  субьектілерге   келтірілетін  мүмкін болған  зиянды  немесе  болған  сақтық  жағдайларының салдарына байланысты  отбасыларының  кірістеріндегі  ысыраптарды  өтеуге  арналған  ақша  жарналарының  есебінен  мақсатты  сақтық  қорларын  құру туралы  оның  қатысушылары  арасындағы  тұйық  қайта бөлгіштік  қатынастардың жиынтығы.

       Сақтандыру – айрықшалықты, өзінің  буындары  бар сфера: әлеуметтік сақтандыру;

жалпы  сақтандыру; өмірді  сақтандыру; жауапкершілікті сақтандыру; кәсіпкерлік  тәуекелдерді  сақтандыру  және  т.б.

      Материалдық өндіріс  сферасының шаруашылық жүргізуші  субьектілерінің  қаржысы 

қаржылардың негізін құрайды, материалдық  өндірісте  нақтылы өнім – қоғамнын қаржы  ресурстарының  негізгі  көзі  жасалынатындықтан, ол  қаржы жүйесінің бастапқы  сферасы болып табылады.

        Шаруашылық  жүргізуші  субьектілер қаржысының  құрамына мыналар

кіреді:

     1. Материалдық өндірістің  барлық  кәсіпорындары және  нарықтық  экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық  есеп  негізінде  жүзеге  асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық  есеп шаруашылықты  жүргізу  әдісі, оның  мақсаты  рентабелділік  деңгейде шаруашылық  жүргізуді  жалғастыруға  жеткілікті  ең  аз  шығындар мен ең  көп  табыс алу  болып табылады.

   2.   Коммерциялық емес  сферанын  қаржысы. Коммерциялық  емес қызмет   

белгілі  бір  табыс алуды  мақсат  етпейді.Бұл  сфераны  қаржыландыру

үшін  пайдаланылатын  қаржы  ресурстары.

         Қаржы жүйесіндегі   өндірістік  емес  сфера  қаржысының  орны  мен 

рөлі  оның  ұлттық табысты  бөлу  және  пайдалану   жөніндегі  бастапқы  құрылымдарында  және олардың  арасында, қаржы  жүйесінің басқа  буындарының, өзге  экономикалық  жүйелердің: бағалардың кредиттің  және  басқа  буындардың  арасында  пайда   болады. [3]

          Қоғамдық  бірлестік  – азаматтар   мүдделерінің  бірлігі негізінде   біріккен, олардың өз еркімен көңіл білдіруі  нәтижесінде пайда болған  ерікті құрылым.

          Қоғамдық   ұйымдар  қаржысының  экономикалық  мазмұны  өзіне  ақша қатынастарының  мынадай  түрлері  мен топтарын  кіріктіреді:

       - түрлі жарналар  төлеумен, материалдық  көмек  көрсетумен  және басқалармен  байланысты  қоғамдық  ұйымдар және  олардың мүшелері  арасындағы  ақша қатынастары;

       - қоғамдық  ұйымдардың  қорларына аударылуы мүмкін ерікті қайырмалдықпен  байланысты  кәсіпорында мен және мекемелермен қоғамдық  ұйымдардың  ақша қатынастары;

      - мақсатты  ақша  қорларының  қалыптастыру  мен пайдалану жөніндегі қоғамдық ұйымдардың  ақша  қатынастары;

      - қоғамдық  ұйымдардың   жоғарғы және төменгі құрылымдары арасындағы  ақша қатынастар;

       - қоғамдық  ұйымдар мен оған  бағынышты өндірістік  құрылымдар арасындағы  ақша  қатынастары.

         Коммерциялық  емес  мекемелердің  қаржы –  шаруашылық қызметі қаржы   ресурстарын  пайдаланудың  үш  әдісің  үйлестіреді: өзін - өзі  өтеушілік, сметалық  қаржыландыру және шаруашылықты жүргізүдің шаруашылық  есеп әдісі.

          Халықтың  (үй  шаруашылығының ) қаржысы қаржы  жүйесінің ерекше бөлігі  болып   табылады. Халық  өзінің ақша  қаражаттары мен жалпымемлекеттік  қаржы  жүйесімен  және  меншіктің барлық нысандарының  шаруашылық  жүргізуші  субьектілерінің  өндірістік және  өндірістік  емес сфераларымен  қарым – қатынас  жасайды. Бұл сан алуан  қатынастар  халыққа еңбекке  ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы  жүйесінең  ақша  қаражаттарын төлеумен,материалдық  және  материалдық  емес игіліктерді  алумен  байланысты;басқа  жағынан, халық өзінің  ақшалай табысынан салық  төлейді, өндірістік  және өндірістік  емес  сфералардың   мемлекеттік  және басқа мекемелер мен ұйымдардың  қызметін  төлейді. Мұндай  қатынастар айырбасқа  жататын  сауда  органдарында, рыноктарда,  халыққа  қызмет  көрсететін  кәсіпорындар  мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық  сектор  және  т.б ) тұтыну  тауарлар  мен  қызметтерді  сатып алуға  байланысты  болатын  ақша  қатынастарын  қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.

         Сонымен   бірге  азаматтардың жеке - дара  және  шағын  кәсіпкерлікпен  айналысумен  байланысты  бұл   сферада  көлемді  қаржы  қатынастары пайда болады: мұндай  қатынастар  шаруашылық  жүргізүші субьектілердің  қаржылары сферасында  пайда болатын қатынастарға ұқсас.

        Жеке  меншік   және  мемлекеттік   кәсіпорындардың   қаржысы сферасының  бастапқы  табыстары, сондай - ақ  азаматтардың  табысы кез - келген  мемлекеттің   қаржы  жүйесі  құрамының негізің қалайтының  ескеру  қажет және  бұл тек  теориялық  жайт  қана емес, өйткені  бұл  ресурстардың бүкіл  жиынтығы  Қазақстанның  қаржы  ресурстарының  байланысында  қамтып  көрсетіледі.

        Қаржы  қатынастардың   нысандары  мен ақша қорлары  басқарылатын  материалдық  обьектіні  құрайды. Басқарушы субьект қаржыны басқарудың  мемлекеттік және  қоғамдық  аппараттарының жүйесі – қаржы  аппараты  болып табылады. Қаржы қызметін  ұйымдастыру мен  жоспарлау  процесіндегі  экономикалық  және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары  буындарының  байланысын  жетілдірумен  айналысатын  қаржы  аппараты  қаржы  жүйесінің  басқа  бөліктерімен  қабысып, етене қондырмалық  қатынастардың  да  айқыш – ұйқыш  тоқайласуын  және оның басқарымдылығын  білдіреді.

        Қаржы жүйесі  ұғымымен  қатар  қаржы –  кредит   жүйесінің жалпылама  ұғымы да бар,  оған  қаржы  жүйесінің  буындары  ғана емес, сондай – ақ  кредит  жүйесі  де  кіріктіріледі.  Қаржы –  кредит   жүйесі  бірлескен   түрде көбінесе  материалдық   өндіріс  сферасында  қызмет етеді, өйткені  кредит мекемелері  өндірістік емес сфераға жатқанымен  өндірістік  емес  сферада  несие  қатынастары шектклінген.