Экономикалық ой-пікірлердің дамуы
Жоспар
Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2
Экономикалық-математикалық
модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі
жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзін де «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал «социализмнің саяси экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм» сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған , зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өндірісте , бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметің зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
САЯСИ ЭККОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
- Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт – аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Траихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып,оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды – заттай жүргізілді. «Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос» - үй, шаруашылық, «комос» - заң. Яғни шаруашылықты (үйлерді) жүргізудің заңдары, шарушылықты пайдалана
бөлудің, ұлғайтудың тәсілдері.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI – XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте
жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол (мерканте – итальян сезі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардпн мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен парктикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс, процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс тоериясына қатысты «Экономикалқ кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А.
Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап керсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия – еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап:
біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналаушы тап өмір сүреді. Мракстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалситік өндіріс орнауы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
ппп
Сонымен бірге ХХ ғасырдың екіншіжартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық ркволюцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрыш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан теңкерісі экономикалық жағышан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының кешпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкерісінің қазақ
ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егмен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудң маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок иеориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-
валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым
адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық
өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі
кезеңде
ерекше шешімін күтіп отырған
мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған
кеңестік экономикаға саяси экономикалық
талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және
қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған
елдердегі әлеуметтік- экономикалық қатынастарды
зерттеу.
1.2
Экономикалық-математикалық
модель жасау кезеңдері
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған «диагноз» қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін эконо-микада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегөніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен үштасады.
Ғылымда экономикалық
математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Паретто, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А.Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез-қүлық» деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «Жаттығу теориясы» тұрғысынан зерттелген.
Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды түңғыш рет ғылымға енгізген меркантелст Антуан Монкретьен (1575 - 1631). Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең еркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сайкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623 - 1687) Адам Смит (1723 - 1790), Давид Рикардо
(1772 - 1823), Франсуа Кенэ (1694 - 1774) және А. Тюрго (1727 - 1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік экономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақстан әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.
Экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдің езінде де саяси экономия ғылымы XVII
ғасырдың бірінші ширегінен – І Петр дәуірінен басталады. Саяси экономия
тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И.Т Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елінде ондай адамдар – Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық
аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда
заманында аты шыққан, кейін ұмытылған
есімдер де аз емес.Қазақ
Экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.
Маркстік емес деген саяси
экономияда ХІХ ғасырдың соңы
ХХ ғасырдың басында бірнеше
экономикалық мектеп
тептің өкілдері – Менгер (1840 - 1921), Э. Бем-Баверк (1851 - 1914), В. Визер (1851 - 1926). Ал «неоклассика-лық» деп аталган экономикалқ теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842 - 1924) шығармаларында тұжырымдалады. Оның басты еңбегі «Эко-
номика ғылымының принциптері» 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847 - 1938) шекті өнімділік және өндіріс факторлары кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғүрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп ХІХ – ХХ ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бүл мектебін қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстын, негізінде тепе-теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883 - 1945) - жылы жарық керген «Жұмыспен қамту, процент және
ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде бірқатар пратикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.
Экономикалық өсу моделін
Батыстағы қазіргі
1976) және «Капитализм, социализм, қатар емір сүру» атты кітаптары (М,.
1988), бұрынғы
кеңестік С. Меньшиковпен
ХХ гасырдың 20-жылдарында бұрынғы
Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау
комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым
– экономистер
Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В.
Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасынан
рынокқа көшіру мәселелерінің баламалы
бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық
тоерияға қосқан үлестері өз алдына зерртеуді
қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл экономистердің
теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды
қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай
шығармашылықпен пайдалану өмір талабы
дер едік.
ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму ерекшеліктері руханилық қағидасы ретінде
Адамзат
қоғамының жалпы даму
Қазақ халқының фольклоры,
Қазақ «халық айтса қалып айтпайды»,- дейді. Халықтың көрегендігі, даналық сөздері экономикада әлі ғылыми талдауға түскен жоқ. Қазақта
Аристотель, Ксенофонт, Платон сияқты экономикалық жүйе құрған ұлы ойшылдар болмағанмен, қазақ ойшылдарының даналық сөздері, ой-пікірлері
ауыз ба ауыз осы кезеңге, яғни бізге дейін жетуі оның өзгеше ерекшелігі.
Халық даналығын, данышпандарымыздың ой-тұжырымдарын зерделей келе байқағанымыз, бір Абайдың өзінің философиялық, экономикалық ой тұжырымдарының қазіргі өмірмен астасып жатуы кездейсоқтық емес деген шешімдеміз.
Қазақ халқының өмір
деп есептеуге болады.
Демократияландыру процесі тереңдеп, жариялықтың арта тусуі әрбір халықтың ұлттық болмысындағы ескерілмей, еленбей келген қасиеттердің қаншалықты көп екенін көрсетіп берді. 1991 жылға дейін «халық даналығы», «ұлттық экономика», «Қазақстанның экономикалық ой-пікірі» деген ұғымдарды зерттеу мүмкін болмады, өйткені ол ұлтшылдықты насихаттау болып саналды. Жоғары оқу орны студенттеріне пән ретінде де оқытылмады, соңғы он жылдықта ғана бір тақырып көлемінде ған дәріс оқылып, онда тек Абай, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов т.б. ойшылдарымыз туралы қысқаша мағлұматтар ғана берілді. Сондықтан болар, халық ойшылдарының айтқаны ел санасында сақталып, қазіргі кезеңде еңбектері тек мұрағаттардан ғана табылып жатыр.
Кезінде ХІХ және ХХ ғ.ғ. тарихи мектеп өкілдері жазғандай салт және дәстүр рационалды тұрғыда қазақ қоғамындағы адам іс-әрекетін анықтайды.
Бұл дәстүрлі экономика шеңберінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ең көне жанры – тұрмыс салт жырлары, ертегілер және мақал-мәтелдер, ақын-
жыраулардың өсиет өлеңдері, шешендік сөздер. Халықтың мұндай даналық сөздері адамдардың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны анық. Халық арасынан шыққан сауатты, өз заманының білімдар шешендері сол кезеңнің саяси-әлеуметтік жағдайы, қазақ елінің ішкі-сыртқы халі, көрші халықтармен ара-қатынасын жырлайды. Айырбас тауар деңгейінде түсіндіріледі (Т-Т). Айырбастық қатынастар сапалық сипаттамалармен анықталады: түс, талғам, көлем, яғни пайдалылық зат немесе тауардың жеке қасиеттері ретінде беріледі. Сондықтан мына мақалдардың мәні аса жоғары: