Экономикалық өсу. 7
МАЗМҰНЫ:
| Кіріспе....................... |
3-4 | ||
| I. |
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы
ретінде....................... |
5 | |
| 1.1 |
Экономикалық өсудiң эволюциясы............. |
5-7 | |
| 1.2 | Экономикалық
өсудiң үлгілері мен факторлары.................... |
7-13 | |
| 1.3 | Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс...... | 14-16 | |
| II. |
Дамушы елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан экономикасы................... |
17 | |
| 2.1 |
Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелерi
( Оңтүстік Корея мысалында )............................. |
21-24 | |
| 2.2 | Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу…………………….. | 24-25 | |
| Қорытынды..................... |
25-26 | ||
| Қолданылған
әдебиеттер.................... |
27 | ||
Кіріспе
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық
өсу – адамзат қоғамының
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Міне осы он тоғыз жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл
мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.
Экономикалық өсу дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Халық
санының өсуiмен қатар, экономикалық
өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң
жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы
көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк
Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу: үлгілері мен факторлары” деп алдым.
Бұл
тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс
барысында жалпы экономикалық өсу, оның
үлгілері мен факторлары туралы мәліметтерді
қарастыру және сол деректерді қолдана
отырып экономикалық өсудің Қазақстандағы
ерекшелiгiн қарастыру, сондай-ақ дамушы
елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол
жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық
экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету.
Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн
болсақ, курстық жұмыстың тақырыбына сай
экономикалық өсудің үлгілері мен факторларын
талдау, Қазақстанның жалпы экономикалық
өсуін сандық көрсеткіштер арқылы
көрсету, елдiң тұрақты экономикалық өсуiне
керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi
анықтау және оның шешу жолдарын табу.
I. Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
1.1
Экономикалық өсудiң
эволюциясы
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
- Неокейнстiк;
- Неоклассикалық;
- Тарихи-әлеуметтiк.
- Кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
-
Классикалық (неоклассикалық) теориялар,
өзiнiң теориялық бастауын
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және XX ғ. басында экономикалық өсуде басты орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); .
Ал
XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк
экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс
қатынастары бұзылуы
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.
Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
-
Өндiрiстiк функция, яғни
-
Еңбек ұсынысы функциясы.
- Жинақ функциясы;
-
Рыноктағы қызметтердiң тепе-
Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.
Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, Жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-н, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.
АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты.
Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.
− Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
− Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
− Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
− Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
− Кәсіпорынның
ақша қаражатын жұмсауын өсіру. Кәсіпорын
еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа сапалы
құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер
мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды
оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға
қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған
қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды
еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру
мақсатында бөлінетін қаржыларды да қолдану
қажет.
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды.
Соңғы
жүзжылдықта дүниежүзiнiң
Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:
-
Макроэкономикалық
-
Әлеуметтiк институттар
Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады.
Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер жатады.
Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн.
Нақты
факторларға негiзгi бес факторды
жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс
пен өндiрiстiң динамикасын
-
еңбек ресурстарының сандық
- негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
-
өндiрiстi ұйымдастыру және
- табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
-
қоғамдық кәсiпкерлiк
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:
-
нарықты монополизациялаудың
-
өндiрiстiк ресурстарға
- пайдаға салықтың төмендеуi,
-
несие алу мүмкiншiлiктерiнiң
Экономикадық
өсу экономикадағы
Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
- Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды;
- Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады;
- Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс;
- Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты;
- Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
- Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс;
- Бос уақыттың өсуi;
- ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi;
-
Әр-түрлi товарлар және қызмет
көрсетулердiң санының және
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар: өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу; шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық
өсудің қарқынды үлгісінің басты
айрықша белгісі-техникалық прогресс
базасында өндіріс
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді.
Өндіріс
көлемінің ауытқуы жиынтық
Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.
Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:
DҮ=Үt –Yt-1 немесе Yt =DYt /Yt-1,
Мұндағы: t- уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.