Экономикалық өсу. 3
Кіріспе
І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1. Экономикалық
өсу оның типтері мен
1.2. Экономикалық өсудегі мультипликатор және акселятор эфффектісі
1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы
ІІ Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын талдау
2.1. Қазақстанның ЖІӨ және оның құрылымын талдау
2.2. Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын талдау
2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты
ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары
3.1. Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі
3.2. Қазақстандағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.
Осы экономикалық өсу процесі дүниежүзінде басты мәселенің бірі болып табылады. Экономикалық өсу процесі арқылы елдегі өнеркәсіптің, ғылыми техникалық прогрестің, ауыл шаруашылықтың және білім сапасының өсуі арқылы мамандардың қызметінің өсуіне алып келеді.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарттарын, Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық-инновациялық стратегиясын, Қазақстан Республикасының экономикалық өсу бағытын талдау.
Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда жазуда төмендегідей міндеттер қойылған:
- Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері;
- Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері;
- Экономикалық өсу циклділік – экономикалық даму формасы ретінде;
- Экономикалық даму процесіндегі кедергілер;
- Дамыған нарықтың экономикаға негізделген экономикалық өсуі;
- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің бүгінгі ахуалы;
- Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық байланыстың және сыртқы сауданың дамуы;
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жолдауындағы негізгі экономикалық бағыт;
- Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі;
І Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік
1.1. Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары
Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық шаруашылықтың даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылық және саясат саласының жоғарғы органдарының (Қазақстан Республикасының үкіметі, жоғарғы Совет, Президент) қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық және сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды. Мәселен, дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының екі есе қымбаттауы ғылыми-техникалық прогресс приоритетінің өзгеруіне, өнеркәсіп өндірісінің экономикалық динамикасына әсер етті.
Экономикалық өсу деп нақты бір мерзім ішінде өндірілген тауар немесе көрсетілген қызмет түрінің көлемінің артуын айтамыз. Кей жағдайда (мәселен, қазіргі Қазақстан республикасында) арту деген керісінше болуы да мүмкін демек ол өндірістің төмендеуі деген сөз экономикалық өсу бұрынғы (алдыңғы) мерзіммен салыстырмалы түрде алынған процент немесе абсолютті өлшеммен де өлшенеді. Экономикалық өсудің түпкі мақсаты тұтыну, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Оның өлшемдері жоғарыда келтірілді. Біздің елде ұзақ мерзім бойы ресурстың көптеген бөлігі армияға жұмсалды.
Дүние жүзілік экономика тарихы экономикалық өсудің екі типін біледі. Экстенсивті — өндіріс факторларын сан жағынан ұлғайту арқылы қол жетеді. Интенсивті экономикалық өсуге факторларды сапалық өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері пайдаланылады. Интенсификация нәтижесінде тек өнім көлемі артып қана қоймай, сонымен қатар оның сапасы жақсарады.[5,69-75]
Нақты өмірде де экстенсивті, не интенсивті даму түрі таза түрде болмай, әртүрлі көлемде ұштасады. Әрқашанда не интенсивті немесе экстенсивті дамудың бір түрі екіншісінен басымдау болуы мүмкін. Оны анықтау өндіріс өсімінің үлесіне тікелей байланысты болады. Мәселен, алынған өсім сапасын арттыру есебінен бе, әлде сандық фактор әсерінен бе, міне, осыны анықтаса болғаны. Мысалы, 70-80 жылдарда СССР-да ұлттық табыс өсімінің 20-30% интенсивті фактор есебінен алынды. Мұндай көрсеткіш өнеркәсібі дамыған елдер де 50% асады.
Экономикалық өсудің негізгі факторларына еңбек, жер және капитал жатады. Осылардың әрқайсысы өз алдына «екінші кезектегі» факторлардың жиынтығы болып табылады. Мәселен, капитал — бұл өндіріс үйі, жабдықтар, шикізат, отын және т.б. Олар әртүрлі дәрежеде өндірілген жалпы ұлттық өнімге әсерін тигізеді. Капиталға сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрессті жатқызуға болады, өйткені оның жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен мөлшеріне әсер етуінен бұл өлшемдер тұрақты өсіп отырады. Сонымен қатар экономикалық өсудің сыртқы факторына қоғамдағы сұраным жиынтығын жатқызуға болады. Өйткені, бұның әсерінен экономикалық өсудің саны мен сапасы және құрылымы әрқашан оңға өзгеріп отырады. Мұнда есте болатын бір жай, сұраным жиынтығынан басқа ректордың бәрінде ұсыным факторына жатқызуға болады.
Ресурстардың әрқайсысы басқа ресурстарға байланысты және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне орай тұрақты өзгеріп отырады. Бұл ресурстар экономикалық өсуге әсер еткенде әртүрлі функцияны орындайды. Ол құн мен натуралды формадағы әртүрлі көрсеткіштермен өлшенеді.
Бұл аталған ресурстарды сонымен қатар экономикалық өсуге тікелей әсер ете алатын ресурстар деп атауға болады. Жанама жолмен әсер ететін көптеген ресурстар бар. Мәселен, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сұранымы көбіне еңбек ақының мөлшері мен динамикасына байланысты болады. Оның нақты мөлшері жұмысшылар мен кәсіпкерлердің коллективтік шарт жасау кезінде ережемен анықталады. Сонымен қатар бұл мемлекеттің фискалдық саясатын халықтың қорлануға икемді болуы, тұтыну бюджетінің құрылымына байланысты келеді. Біздің елімде әкімшілік –бұйрық ету кезінде мемлекет бұл жағдайлармен санасқан жоқ. Мұның өзі жоспарлау мен жобалау процес бұрмалады. Басқа мысал келтірейік. Капиталды және бүкіл өндірісті жоғары дәрежеде пайдалану кәсіпкерлік қызметтің деңгейіне байланысты. Ал мұның өзі менеджердің біліміне, талантына, батылдығына және басқа да функциялардың сапасына байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда келтірілгеннің бәрі де экономикалық өсудің көп факторлы моделін сипаттайды.
Қосымшада еңбек өнімділігінің өсімі құрамындағы компоненттердің арифметикалық соммасы 78%, бұл 68%-тен артық. Сондықтан да заңдылық институционалдық факторлар «минус» белгісімен көрсетілген. Мәселен, Америка Құрама Штаты 70-80 жж. табиғатты қорғаудың жаңа заңдылығына сәйкес технологиялық процестерді өзгерту және тазарту құрылысын салу жөнінде шараларды жүзеге асырады. Мұның өзі жалпы ұлттық өнім көлемін ұлғайтуға емес, капиталға және ғылыми техникалық прогреске жұмсалатын шығындардың бір бөлігін табиғатты қорғауға мәжбүр етті.[7,54-69]
Совет Одағында соғыстан кейінгі үш бесжылдықтың жоспары орындалмағанның салдарынан экономикалық өсу қарқыны тежелді. Өсім қарқыны төмендеумен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің деңгейі де кемиді.
С.Кон
мен Г.Шредер есебі бойынша бүкіл
совет экономикасы
Экономикалық өсудің екі факторлы моделі жоғарыда экономикалық өсудің көпфакторлы моделі қарастырылды. Сонымен қатар нақты практикада екіфакторлы: еңбек және капитал моделі де кездеседі. Енді сол екіфакторлы модельдің сценариесін қарастыралық. Бірінші жағдайда ғылыми-техникалық прогресс еске алынбайды да, ал екінші жағдайда ол еске алынады. Бірінші жағдайда капиталдың қорлануы (ғылыми-техникалық прогресс болмағанда) шығын өзгермегенде түпкі шегіне жеткен өнім азаяды, былайша айтқанда түпкі өнімділік кемиді.
Енді ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін нақты жағдайда пайдаланғанда қандай болмақ, соны қарастыралық. Бұл вариантта еңбек пен капитал неғұрлым өнімді болады. Көп табыс бұрынғыдай еңбек және капитал шығыны мен-ақ алынуы да мүмкін. Инвестиция капитал қайтарымын көбейтеді.
Өндіріс
экономикасына инвестиция әртүрлі
әсер етеді. Оның бірі капитал шығынын
көбейтіп, еңбек шығынын үнемдеуді
қамтамасыз етсе, енді біреулері –
капитал бөлуді салыстырмалы түрде
қысқартады. Егер мұның біріншісі – еңбексақтағыш
деп аталса, ал екінші капиталсақтағыш
деп аталынады. Мұның салдарынан еңбекақы
пайдамен салыстырғанда едәуір артады.
Өнеркәсіп революциясынан бастап инвестиция
еңбек шығынын салыстырмалы түрде көбінесе
үнемдеуге бағытталған. Мұндай тенденция
өндіріс тиімділігін арттырумен қатар
еңбек жағдайымен байланысты көптеген
әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік
береді.[8,35-40]
1.2. Экономикалық өсудегі мультипликатор және акселятор эфффектісі
Экономикалық
өсу теориясының қазіргі
Негізінен алғанда қазіргі кезде экономикалық өсудің үш түрлі моделі бар: кейнстік, неоклассикалық және тарихи-социологиялық. Енді осы аталған модельдерге жеке-жеке тоқталарлық.
Кейнстік модель. Олар басқа ғылымдар сияқты, макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраным ролі ең негізгі орында болатынын мойындайды. Сұранымның шешуші элементтері — мультипликатор көмегі арқылы пайданы көбейте алатын инвестиция. Ал олардың өздері пайданың көбеюі нәтижесінде ғана болады. Өйткені, күрделі қаржы пайданы көбейту функциясын орындайды. Бірақта кейнсиандықтар өндіріс факторларының тиімділігін арттыру және олардың алмастыруға болатын позицияны ұстайтын неоклассиктерді жақтамайды.
Домар моделі. Домар моделінің алғашқы кейнстік модельден айырмашылығы, мұнда инвестиция тек табыс құрайтын фактор ғана емес, сонымен қатар ол жаңа қуат көзін табатын фактор да болып табылады. Сұраным және ұсыным балансының динамикасы Домар моделі бойынша жаңа қуат пен жаңа табыс құрайтын күрделі қаржы жұмсау динамикасымен анықталады. Демек, бұдан туындайтын негізгі міндет — инвестицияның динамикасы мен көлемін анықтау қажет болады. Домар бұл жүйені шешу үшін үш теңдікті ұсынды: ұсыным теңдігі, сұраным теңдігі және сұраным мен ұсыным теңдігінің қосындысы.
Ұсыным теңдігі: dx=I; мұндағы х-өндіріс өсімі; 1 – күрделі қаржы көлемі; 1:Х — күрделі қаржының орташа өнімділігі, 1:Х — өлшем бірлігі күрделі қаржы бірлігіне келетін алынған өнім өсімі. Осы теңдікте ғылыми-техникалық прогресс, жұмысқа қамту, табиғи ресурстар еске алынады.
Сұраным теңдігі: М=d i/1, мұнда α — сақтау қорын жинауға орташа бейімделуі, мұның кері көрсеткіші мультипликатор өсімін анықтайды.[9,55-58].
С.Кон мен Г.Шредер
есебі бойынша бүкіл совет
экономикасы тиімділігінің
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі факторы негізінде жүргізіледі:
1.Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типі бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика
б) әкімшілдік-әміршілдік эконмоика
в) еркін бәсекелестік
нарықтық немесе аралас экономика
Дәстүрлі
экономика тұйық оқшау
1.3. Макроэкономикалық тепе-теңдіктер теориясы
ІІ Қазақстан экономикасындағы даму динамикасын талдау
2.1. Қазақстанның ЖІӨ және оның құрылымын талдау
2012
жылы Жалпы ішкі өнім деңгейі
2008 жылғы деңгейге жетеді, ал 2008 жылғы
бұл көрсеткіш өткен кезеңдегі
ең жоғарғы көрсеткіш болған..
Республикалық бюджет жобасына қосымша
талдамалық құжатта айтылғандай, «әлемдік
экономиканың дамуы жөніндегі болжамдарға
сүйенсек, Қазақстанның экономикасының
жандану кезеңі 2012 жылға таман аяқталады».
Сондай-ақ, жобада көрсетілгендей, "2011
- 2014 жылдарда Қазақстанда мұнай және табиғи
газ өндіру салаларында белсенділік байқалып,
мұнай өндіру көлемі өседі".
2003-2010
жылдары кезеңінде олардың
2010
жылы еліміздің ЖІӨ-дегі
7 пайыз, ал 2012 жылы – 6,9, 2013 жылы – 6,5, 2014
жылы – 7,1, сондай-ақ 2015 жылы 7,4 пайыз болады.
Орташа есеппен алғанда 2011-2015 жылдар аралығында
ЖІӨ жылына 7 пайыз болмақ. Осы аралықта
ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi
4-5 пайызға, өнеркәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші
6 пайыздан 9,1 пайызға, өңдеу өнеркәсiбінің
қарқыны тау-кен өндiрісі секторындағы
өсімнен де жоғары болуы тиіс. Ал құрылыс
саласындағы өсу 2011 жылы 2,5 пайыз, 2012 жылы
3,1 пайыз деңгейінде болмақ. Сауда көлемiнің
өсімі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015
жылдары орта есеппен алғанда 8-10 пайыз
болады деп жорамалданып отыр. Бұл үшін
барлық алғышарттар жасалған. Арнайы салалық
бағдарламалар дамытылып, оларды іске
асыру үшін инвестициялық қаражаттар
тартылатын болады.
2010
жылы жалпы ішкі өнімнің көлемі
(есепті деректер бойынша)
ЖІӨ нақты көлемінің индексі және дефляторы
2000 жыл=100%
2.2. Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын талдау
Халықтың жаң басына шаққандағы ЖӨӨ өңірлер экономикасының даму деңгейін бағалау үшін ең объективті көрсеткіш болып табылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жақсы жағдай Батыс өңірінде, сондай-ақ, Алматыда және Астанада байқалады, ең нашар – Оңтүстік өңірде.
1-кесте.
ЖӨӨ халықтың жан басына
|
Бұрын алып державаның шикізат қоймасына айналған республика өз еркіндігі өзіне тиген соң дамудың дұрыс жолына түсті. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуы жөнінде Сенат Төрағасының орынбасары келтірген мысалдар тәуелсіздік ұғымының халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін айқындай түседі. 20 жыл ішінде ішкі жалпы өнім 252 есе, өнеркәсіп өндірісі 4354 есе, жалпы өнім 1600 есе өсті. Қазақстан экономикасы әлемді уысына тыққан қаржы дағдарысынан бірінші болып шықты.
Соңғы он жылдың ішінде Қазақстан әлеуметтік салада да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ішкі жалпы өнім 1994 жылы жан басына шаққанда 700 АҚШ долларынан келген еді, ал ол 2011 жылы 12 есе өсіп, қазір бұл көрсеткіш 9000 АҚШ долларын құрап отыр. Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі өндірістік бағдарламалар, инновациялық жобалар экономиканың қарыштап дамуына және Президент Нұрсұлтан Назарбаев мақсат етіп қойған әлемдегі мойыны озық елу елдің қатарына кіруіміздің кепілі болмақ.
2011-2015 жылдар аралығында еліміздің экономикалық өсімі орташа есеппен алғанда 7 пайызды құрап, жалпы ішкі өнімнің мөлшері адам басына шаққанда 15 мың АҚШ долларына жетуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Үкіметіне жүктеген міндеттерінің бірі болатын.
Қазақстанда 2008 жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7,8 мың долларды құрады. "2007 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың долларды, ал 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 7,8 мың долларды құрады", Сонымен бірге, үкіметтің мәліметінше, 2007 жылы Қазақстан халқының нақты кірісі 24%-ға өсті. Үкіметтің есептеуінше, 2008 жылы орташа жалақы 55 мың теңгеге дейін, ал орташа зейнетақы 4,5 мың теңгеге өсті. Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап баланың бағым-күтіміне арналған жөргекпұл 1,5 - 2 есе өссе, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жыл сайын сауықтыру жәрдемақысы төленіп келеді.Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 41,3%-ға, мәдениет, спорт және туризмге бөлінетін қаржы 20,3%-ға өседі.
Қазіргі таңда халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі негізінен артып отыр. Сонымен қатар орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.
Тәуелсіздік
жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық
сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің
материалдық-техникалық базасы айтарлықтай
жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда
129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында
келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін
қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750
жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302
мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша
мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым
мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы
орталығы болатын университет ашылды.
Біз осылайша аз жылда абыройы артқан
айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының
бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға
баулу мақсатында жасалуда. 1994 жылы жан
басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті
жүз доллардан сәл ғана асатын. 2011 жылдың
1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен
артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.
Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз
деп есептеп едік.
2.3. Қазақстандағы экономиканы тұрақтандыру саясаты
Ел экономикасының дамуы, қарапайым қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалының жақсарып, жас ұрпақтың болашақ көшін бастауы – «Нұр Отан» ХДП-ның бүгінгі таңда басты назарға алып отырған жұмыстарының бірі. Әлемді кезген дағдарыс дауылының бірінші кезеңінен білікті мамандар мен сауатты бағдарламаларының арқасында үлкен абыроймен шыққан Қазақстан мәртебесі әлем мемлекеттерінің алдында асқақ. Табыс көрсеткіші тұрақтанған, орташа кірісі бар Латвия, Бразилия, Малайзия, Түркия, Болгария сияқты елдермен Қазақстан бүгінде иық тірестіріп, қатар тұр.
Ішкі
жалпы өнім көрсеткіші жағынан Қазақстан
қазір Орталық Азия елдерінің
көшбасшысына айналды. 2010 жылы елдегі
ішкі жалпы өнімнің мөлшері 148 млрд долларға
өсті. Тәуелсіздік жылдарында елге Орталық
Азияны бетке алған шетелдік инвестицияның
80 пайызы тартылыпты. Тек 2007 жылдан басталып,
2011 жылдың алғашқы тоқсанына дейінгі аралықта
ғана тікелей тартылған шетелдік инвестицияның
жалпы көлемі 80,5 млрд долларға артқан.
Жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға
тартылған инвестиция жағынан да Қазақстан
көш бастап тұр.
Халықтың ең төменгі күнкөріс деңгейі
де екі есеге кеміген. Бұл көрсеткіш 2007
жылы 12,7 пайыздық көрсеткіште болса, 2010
жылы ол 6,5 пайызды көрсеткен. Бюджеттік
сала қызметкерлерінің де орташа айлық
табыс мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда,
2011 жылдың шілде айындағы көрсеткіш бойынша
67 мың теңгеге өскен.
Дағдарысқа
дейінгі кезеңде дамуы бойынша
әлемнің Қытай, Үндістан секілді
азулы мемлекеттерінен
Соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық
бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландырумен
айналысатын даму институттары жемісті
жұмыс істеуде. Жалпы, «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
құрамында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры, «Қазақстанның Даму банкі», «Қазақстанның
инвестициялық қоры», «Қазына Капитал
Менеджмент», «ҚазЭкспортГарант» СК»
секілді бес даму институты бар. Олардың
қолдауымен өткен жылы республикада 146
инвестициялық жоба қаржыландырылып,
96-сы пайдалануға берілді. Жаңа өндірістерде
20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Айтып өткендей, «Самұрық-Қазынаның» міндеттерінің
бірі - шикізаттық емес сектордағы ішкі
жалпы өнімді арттыру арқылы экономиканы
әртараптандыру және жаңғыртуға жәрдемдесу
болып табылады. Бұған дейін біз былайғы
мемлекеттерге тек шикізат шығарушы ел
болып танылғанымыз рас. Алайда, жаңашыл
бағытқа батыл қадам баспасақ, ескі сүрлеу
бізді алысқа апармайтынына көзіміз жетіп
отыр.
«Самұрық-Қазына» қоры мен оған енетін
даму институттары несиелеу, кепілдік
беру, капиталға қатысу, экспорттық несиелерді
сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру,
лизинг секілді қолдау түрлерімен қатар
ақпараттық және ұйымдастыру тәрізді
қызметтерді де көрсетеді.
Мәселен, «Қазақстанның Даму банкі» орта
мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие береді.
Инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландырумен
қатар агроөнеркәсіп кешеніне 20 млн. АҚШ
долларына дейін қаражат ұсынады. Экспорттық
операцияларға да несиелей көмек көрсетеді.
Айта кетелік, осы «Қазақстанның Даму
банкінің» қолдауымен Павлодар жерінде
тұңғыш алюминий өндірісі іске қосылды.
Толық жобалық қуатын игерген электролиз
зауытында жылына 250 мың тонна бастапқы
алюминий шығарылады. Жоғары сапалы өнімді
әлемнің көптеген елдері сатып алуда.
Даму банкінің сондай-ақ облысымызда болатты
үздіксіз құю арқылы жылына 60 мың тоннаға
дейін өнім өндіруді көздеген «Литмашкомплект»
ЖШС-нің, жылына 38 мың километр кабель
өткізгіш, 4 мың тонна электр оқшаулағышы
жоқ сымдар шығаруды мақсат еткен «Қазэнергокабель»
АҚ-ның жобаларын жүзеге асыруға қолдау
танытқанын білеміз. 2010 жылдың қазан айына
дейін Қазақстан Даму банкінің қаржыландыруы
нәтижесінде 2776 жаңа жұмыс орны құрылды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар
қаласында жаңа химиялық зауыттың тұсауы
кесілді. Мұнда хлор және каустик ұнтағын
бұрынғыдай сынап әдісімен емес, мембранды,
яғни қауіпсіз тәсілмен шығарылады. Басшылардың
айтуынша, оған біздегі тұзды көлдер пайдаланылады.
Еліміздің іргелі өнеркәсіп орындары
жаңа өнімге үлкен сұраныс танытуда. Ішкі
нарықтан артылған өнімді көршілес Ресей
еліне экспорттауға мүмкіндік бар. Жылына
30 мың тонна хлор және каустикалық ұнтақ
шығаруға қабілетті өндірісті құруға
Даму банкінің қосқан үлесі қомақты.
ІІІ Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәселелері мен оларды шешу жолдары
3.1. Экономикалық өсудің шетелдік тәжірибесі
Әлем елдерімен бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір басты көрсеткіші іскерлік, бизнес ортаның кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі. Бүгінгі таңда әр ұлт, әр мемлекет өз кәсіпкерлерінің, өз кәсіби ортасының іскерлігімен, кәсіпкерлік белсенділігімен басқа елдермен бәсеке сайысында. Бұл да жаһанданумен келген заманның талабы.
Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 64 миллиард долларға жетеді (бұл-1,7 триллионнан астам теңге). Халықтың сатып алу қабілеті 138 миллиард доллар болып табылады. Қазақстан халқының биылғы жылы 200 мың адамға көбейетінін де ұлттық саясатқа оң әсер ететін жағымды жаңалық деп қабылдаған жөн.
Жақын көршілес елдерге қатысты мәліметтер де қызығушылық тудыратыны күмәнсіз. Мысалы, Өзбекстандағы экономикалық өсім шамамен -5,7 пайыз ЖІӨ -10 миллиард доллар. Республика халқының сатып алу қабілеті 55миллиард доллар болып отыр. Ал, жан басына шаққандағы жылдық табыс 400 доллардың төңірегінде. Бұдан өзбекстандықтардың табысты Қазақстан азаматтарына қарағанда 10 есе аз табатынын көреміз.
Қытайлықтардың сатып алу қабілеті 9,48 триллион долларды құрайды. Бұл елдегі инфляция 2 пайыздан аспайды деп болжанып отыр. Құрлықтық Қытайдың халық саны 1,32 миллиард адамға жетеді. Ал, әр қытайлықтың жылдық табысы-1700 доллар.
Халықаралық беделді сарапшылардың талдауына сүйенсек, Қытайдың аймақтағы дәстүрлі бәсекелесі-Үндістанның көрсеткіштері әжептәуір төмендеу болатыны байқалады. Бұл елдегі ЖІӨ -857 миллиард доллор болса, халқының сатып алу қабілеті 4 триллион доллар көлемінде. Жан басына шаққандағы жылдық табысы бар-жоғы-700 доллар. Дегенмен, сарапшылар ел үкіметінің экономикалық саясатына жоғары баға беріп отыр.
Ал,
Пәкістанның перспективасы
Халықаралық беделді сарапшылар деңгейі жоғары Америкадан кейінгі екінші орында тұрған Жапонияның биылғы экономикалық өсімі 1,3 пайызды құрайтынын хабарлайды. Елдегі инфляция іс жүзінде- нөлдік деңгейде. Есесіне жан басына шаққандағы жылдық табыс 39 мың долларға жуық.