Экономикалық өсу және экономикалық даму

КІРІСПЕ

Таңдап алынған  тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының  бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу  жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының  жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру  – макроэкономикалық  реттеудің  маңызды мақсаттарының бірі болып  табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің  экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы  орны, сайып келгенде елдің болашақта  дамуы толығымен байланысты.

Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып  қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан  Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер  тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп  келе жатыр, бірақ  экономикалық өсу  қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл  сұрақ  өте маңызды және дер  кезде қаралуын талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық  аспект жетістіктерін  оқу.

Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын  мәселелер:

  • экономикалық өсу түсінігін қарастыру;
  • экономикалық  өсуге әсер ететін факторларды көрсету;
  • экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;
  • экономикалық  өсудің типтерін қарастыру;
  • экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;
  • ҚР-ның қазіргі  экономикалық даму жағдайын сараптау;
  • Болашақта дамуын анықтау.

Берілген тақырып өзінің белсенділігінің  арқасында көптеген батыс экономисттері Ж.Б.Сэй, Дж.Кейнс және отандық озық  ғалымдар  К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ  та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң  өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу ұғымын бiз  ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс  факторлары тұрақты болып келедi. Осылайша, экономикалық өсу толық  жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды  өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен  аяқ басты. Он бес жылдан астам  уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен  қатар жүргiзiлiп келе жатқан экономикалық реформалардың маңыздылығы мен  қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк  экономикалық қауымдастықта елiмiздiң  нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, "мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы  қатарлы елдер қатарына қосылуы  керек”.

Сондықтанда болар, бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет. 

Экономикалық өсу әдетте жалпы ішкі өнімнiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек.

Рыноктың әлеуметтік бағытта дамуы  жағдайында экономикалық өсу мен  халықтың өмір сүру сапасы арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қиынға соғады. Тепе-теңдік қалыпқа қол жеткізу мүмкіндігін  әлеуметтік-экономикалық дамуды басқару  жүйесіндегі әлеуметтік-құрылымдыќ өзгерістер элементіне байланысты болуы керек. Әлеуметтік сфераның қаржыландыруы қалдыќты принциппен жүзеге асырылып келе жатыр. Қазіргі уақытта ресурстар орталықтандырылған болса, әлеуметтік сфераның аймақық деңгейгеде қаржыландыру үрдісі орын алып отыр. Аймақтық деңгейде қаржыландыру экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың тепе-теңдігі жағдайында тиімді. Дегенмен, мемлекеттік бюджеттің республикалық және жергілікті болып тұрақты қаржылық институтқа айналғандықтан аймаќтық деңгейдің ресурстық, еңбек потенциалы негізінде және экологиялық жағдаймен байланстырып әлеуметтік сфераның дамуына

Батыс елдеріндегі қалыптасқан  экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.

Экономикалық өсу ұлғаймалы  ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің  сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.

Экономикалық өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:

Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.

Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді  дамыту арқылы.

Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың  әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін  осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері  игергеннен кейін пайда болады. Бірақ  осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер  өндірістік ресурстарға қарағанда  біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте  жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.  Экономикалық  өсу және экономикалық даму

Экономикалық  өсу – шығарылатын пайдалы  өнім көлемінің өсуі, яғни  халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.

Экономикалық  өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың  өсуі.

Экономикалық өсу – адамзат  қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін  ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның  негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың  жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу  ұғымы өндірістің нақты көлемінің  қысқа мерзімдік шарықтаулары мен  құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің  дамуымен байланысты өндірістің нақты  көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің  Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы  Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің  ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар  мен шарттар бойынша немесе осы  көрсеткіші есептеуде баға факторы  және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Экономикалық даму экономикалық өсуге  қарағанда шаруашылық прогресті  толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен  қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың  негізін салады. Экономикалық өсу  ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті  және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады. (1-сурет)

Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы түрде өндіру мүмкіншілігі қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың товар  өндіру және қызмет көрсету қабілетінің  өсуін сипаттайды. Егер экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын болса, онда экономика  өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды, яғни графикалық түрде  экономика «ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді.» АВ және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық  сұраныс тез  өсуі және өсіп келе жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен  пайдалану керек.

Егер экономиканың кез келген ресурстарының  біреуі тиімді бөлінбесе, яғни өнімдірек  және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс қисығында  жұмыс істемейді.


Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс  қисығында әрекет етуі керек, ол үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек. Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін қолдану  үшін, қазына және қаржы полициясы  жиынтық сұраныстың жылдам өсуін  қамтамасыз етуі керек.

Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың  жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар  ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді  шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық өсу” категориясына  теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы  ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің  сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары  мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл  сайынғы қоғамдық өнім көлемінің  өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы  ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге  арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс  күшін және өндірістік қорларды дұрыс  қолдану арқылы қол жеткізуге  болады.

Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы  өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.  Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму, әдетте, келесідей  іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы  мүмкін.

  • Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
  • Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
  • Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
  • Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
  • Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмсауын өсіру. Кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қолдану қажет.

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің  көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ  тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс  болып отыр. Экономикада болып  отыратын  құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты  өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің  көп мемлекеттерінде соңғы екі  жүз жылдықта байқалып отыр.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі  жолы бар:

  1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
  2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
  • Неокейнстік
  • Ноеклассикалық
  • Тарихи-әлеуметтік

Неге экономикалық өсу қажетті  экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.

Экономикалық өсу – бұл белгілі  уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің  сандық және сапалық жетілдіру. (2-суретте тиімді экономикалық өсудің мақсаттары көрсетілген).

 

1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері

 

Экономикалық өсу факторларының  үш тобы бар:

  1. Ұсыныс
  2. Сұраныс
  3. Бөлу

Ұсыныс факторлары болып табылатындар:

  • Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
  • Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
  • Негізгі капиталдың көлемі
  • Технология

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін  нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа  ие: олар өте сирек немесе мөлшері  шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің  іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан  әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі  бір деңгейінде елдердің әйтеуір  біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика  соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы  тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп  отырады.

Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін  іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік  шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды  немесе елде шығарылатын өнімнің  әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін  арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге  ықпал жасайтын осындай факторларға  жататындар:

  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу;
  • шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсудің экстенсивті  үлгісі  ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен  жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс  күшінің жұмыспен көп қамтылуын  қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау  кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде  өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал  қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек  өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту  еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан  экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің  басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының  тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.

Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану  тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде  қамтамассыз етіледі.

Экономиклық өсуді сипаттайтын  индикатор болып табылатындар: ЖІӨ  нақты өсу, халық табыстарының нақты  өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас  бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы  және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда  балансы (экспорт, импорт және сауда  сальдосы), экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің  өсу қарқындары.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы  ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы  жағдайында мұның өзі жеткіліксіз. 

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің  экстенсивті  түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге  дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам  қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. 

Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы  емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен  жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының  бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің  өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің  төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны  төмендей бастайды.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті  дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам  өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің  жойылуы қоғамды интенсивті өсу  мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны  сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу  абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық  сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде  қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге  байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты  тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту  экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде  немесе өнім көлемінің өсуі ретінде  қарастыруға болады. Оның факторларының  және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау  үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы  нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін  пайыз тұрінде көрсетеді.

Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз  жылғы қарқынды өсу сипаттамасы  көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың  бағытын анықтауға болады.  Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму денгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогресттің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындығы қайшылық жалпы негізгі және күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырды - сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп тұрады. Олардың тұтыныстарын қанағаттыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді камтамасыз ету қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізеді. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында  негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).

Кейінірек өндіріс факторларын  жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.

Оларға жатады:

  • еңбек;
  • жер;
  • капитал;
  • кәсіпкерлік ынта;
  • ҒТР.

Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен  тығыз байланыста болады. Сонымен  қатар, бұл ірі факторлар кешенді  болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.

Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:

  • сыртқы;
  • ішкі факторлар.

Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін  факторлар бар:

  1. Интенсивті факторлар:
  • ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату (жаңа техниканы, технологияны негізгі фондтарды жаңарту жолымен енгізу, т.б.)
  • мамандар біліктілігін көтеру;
  • негізгі және айналым фондтарын пайдалануды жақсарту;
  • шаруашылық қызмет тиімділігін дұрыс ұйымдастыру арқылы көтеру;

2. Экстенсивті факторлар:

  • инвестициялар көлемін технологияның бар деңгейін сақтау арқылы көтеру;
  • жұмысшылар санын көбейту;
  • пайдаланылатын шикізат, отын, материал және де басқа айналым капитал көлемін өсіру.

Интенсивті факторларды жиынтық  ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық  өнім өндіру байланысты.

Экстенсивті факторларды жиынтық  ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық  сұраныспен байланысты факторларға  ресурстарды тиімді бөлу жатады.

Факторлардың ең маңыздысы еңбек  шығыны болып келеді. Бұл фактор негізінен мемлекеттің халық  санымен анықталады. Халықтың бір  бөлігі жұмыс қабілеті барлардың  санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс  істегісі келетін жұмыс күшін  құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында жұмыссыздар, яғни жұмыс  істегісі келетіндер, бірақ жұмыс  таба алмайтындар бөлініп шығады.

Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер  саны) бұл көрсеткіші нағыз шын  жағдайды көрсетпейді.

Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының сомалық шығынын  көрсете алатын, жасалған адам-сағат  саны болып табылады.

Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға  байланысты:

  • халықтың өсу қарқынынан;
  • жұмыс істеу мүддесінен;
  • жұмыссыздық деңгейінен;
  • зейнеткерлік қамтамасыз етуге.

Сандық факторлармен қатар еңбек  күшінің сапалығы өте маңызды  рөл атқарады.

Экономикалық өсудің  тағы да маңызды  факторы болып капитал табылады. Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор  болып тұрғын қорлары саналады, өйткені  үйлерде тұратын адамдар бұл  үйлердің қызметтерінен пайда көреді.