Экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудиті

МАЗМҰНЫ

 

          КІРІСПЕ

6

   

1

ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ  ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1

Экономикалық субъектідегі аудиттің мәні, мақсаты және түрлері

8

1.2

Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі

12

1.3

Кәсіпорындағы ішкі аудитті  жоспарлау мақсаттары мен талаптары

16

1.4

Аудиттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен даму тарихы

22

     

2

«РАДУГА» ЖШС-НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1

«Радуга» ЖШС-нің  қысқаша даму тарихы мен  негізгі технико-экономикалық көрсеткіштер сиптаттамасы

26

2.2

Кәсіпорында  ағымдағы активтердің  есебі  және олардың  ішкі аудитін  жүргізудің әдістемесі

35

2.3

Кәсіпорында аудит нәтижесі бойынша есеп беру

41

     

3

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДЕГІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1

Кәсіпорында аудиторлық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар

48

3.2

Аудит кезінде анықталған мәселелер мен олардың пайда  болу себептерін жою жолдары 

50

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

56

     
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

58

     
 

ҚОСЫМШАЛАР

60


 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта есеп, талдау және аудит облысында мамандарды дайындау аудиттің халықаралық стандарттарының  теориялық және тәжірибелік негіздерінен терең білімді қажет етеді. Отандық  аудит жүйесін аудиттің халықаралық  стандарттарына сәйкес реформалау және аудиттің халықаралық тәжірибесін  отандық тәжірибеге сәйкестендіру  халықаралық аудит ережелері  мен әдістемесін бағдарлануды білдіреді.

Нарықтық қатынастар элементі ретіндегі аудит барлық әлемде танылады. Қаржылық есептіліктің шынайылығын  қалайтын заңды және жеке тұлғалар аудиторлық қызметтерді қолданушылары  болып табылады, себебі оның мазмұны  кәсіпкерлік тәуекелді төмендету  мақсатында экономикалық мағынаға ие.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметі аудитінің  теориялық негіздерін қарастыру, нақты  кәсіпорын мысалында аудитті  жүргізу тәжірибесі мен процедураларын жүзеге асыру, нәтижесінде мәселелерді  анықтап, белгілікті жетілдіру шараларын  ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау шарт болып табылады:

  • Кәсіпорындағы аудит процедурасын зерделеу;
  • тәуекелдерді басқару жүйесінің беріктігі мен тиімділігіне баға беру;
  • бухгалтерлік есеп жүйесіндегі операциялардың көрсетілуінің Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес толықтығына, уақытылылығына және растығына, сондай-ақ қаржы есебінің сенімділігіне баға беру;

Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін  ұсынатын үдеріс.

 Зерттеу пәні –бухгалтерлік есепте аудит қызметін ұйымдастыру.

Аудиттің мақсаты –  тексерілуші бухгалтерлік қаржылық есептке қатысты аудитордың белгілікті бір көзқарасын қалыптастыру болып  табылады. Аудитор жалпы алғанда  делдалдық қызметті атқарады: қаржылық ақпараттың шынайылығын анықтайды, жеткізуші мен ақпаратты қолданушылар мүдделерінің қарама-қайшылықтарының  алдын алады.

Дипломдық жұмыстың объектісі  ретінде «Радуга» ЖШС-ң қаржылық-экономикалық қызметі алынды. Ресми атауы –  «Радуга» ЖШС-ің Семей қаласындағы  филиалы. 28.06.08 г. № 658 «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес «Радуга» ЖШС тіркелді

 «Радуга» ЖШС қызметінің  басты мақсаты серіктестік құрылтайшысы  мүддесіне таза табыс алу болып  табылады.

«Радуга» ЖШС-нің негізгі  қызмет түрлері:

  • Өнім мен тауарларды әзірлеу және өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтерді жүзеге асыру

Өзімнің дипломдық жұмысымды  мен «Радуга» ЖШС-нің барлық өнімдері, оның бағасы, өнімнің өзіндік құны мен рентабельділігіне сүйене отырып жаздым.

Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың  монографиялық және периодикалық әдебиетімен  қатар бухгалтерлік есепке қатысты  қабылданған қазақстандық заңдар мен  заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Аудиттің мәні, мақсаты және түрлері

 

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің  негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер  мен оқиғалар туралы объективті деректердің  бағалауын, оның деңгейінің белгілі  бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың  нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит  – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай  қаржылық бақылау[1].

Мұндай кәсіби бақылау  аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1. Кәсіпкерліктің дамуы  мен капитал өсуінің әсері.

2. Өзін — өзі реттеуге  ұмтылатын ұйымдар санының арта  түсуі.

3.Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4.Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5.Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.Пайдаланушылар қабылдайтын  шешімнің салдары өздері үшін  өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан  да аудитор арқылы алатын ақпараттың  толық болуы мен анықтығы оларға  ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің  және басқа да шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру  қызметі жүзеге асырылмаған деп  айтуға болмайды. Алайда операциялық  мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен  аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары  мен түрлерін кемітпей, керісінше  толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық  талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы  есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан  бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың  және есептік, бақылаушы талдаманы  тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні  клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас  деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі[2].

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу  үшін белгілі бір салалар мен  компаниялар іс — әрекетінің жағдайы  туралы шындыққа жанасымды ақпарат  алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар  мен шаруашылық жүргізуші субъектілер  іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 1310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер  пайда болады[3].

Тұтастай алғанда аудитті  және талдауды уақытылы жүзеге асыру  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық  — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті  ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға  ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда  бизнестің жағдайы мен дамуына  субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін  нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің  құрамадас бөлігі ретінде қарастыру  қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы  мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп  көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу[4].

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін  зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен  байланысты шаруашылық операциялары  мен үдерістірінің аудитін жүргізу  үшін алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін  бақылаудың, талдаудың және есептеудің  озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық  талдау мен аудиттің озық түрлерін  қолданатын салаларды ұлғайту  әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды  жақсарту бойынша халықаралық  озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін  жүргізудің техникасы мен технологиясын,  ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді  алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және  экономикалық- математикалық әдістерді  қолдану, шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметін басқару  жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара  тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде  болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын  жетілдіру бойынша ұсыныстарды  жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

Нарықтық экономикада  жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар  әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді [6].

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер  мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның  активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға  қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты  – аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер  бойынша қаржылық қорытынды есептің  дайындалғаны жөнінде қорытынды  беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар  мүлікті пайдалану, жұмыстар мен  қызмет көрсетуді орындау, комерциялық  операцияларды ақша қаражаттары  ман инвестициялардыңзамын жүргізу  бойынша сан алуан келісім  шарттық қатынастарға түседі. Қажетті  ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар  арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар  кредиторлар өз қызметтерінің саласында  барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына  және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық  және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен  айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика  қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті  шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген  кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік  органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып  табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субьектілердің;

- салық қызметі тулғасындағы  мемлекеттің;

- қаржылық есеп беруді әр  түрлі пайдаланушыларды;

- аудиторлардың меншік иесі  мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды  есеп беруді қамтамасыз ету  мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға басқару  шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер  мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.

Меншік иелену құқығына негізгі  өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған  қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген  есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан  жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар  дайындауға мүмкіндік береді. Аудитті жүргізу критерийлері мен түрлері кестеде көрсетілген (Қосымша А).

          Ішкі аудит жалпы үлкен көлемді қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбек ақы төлемінің тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда        ішкі аудит жұмысы өндіріс шығынын және дайын өнімді сату процесін тексеру.

 

 

1.2 Қаржы-шаруашылық қызметтегі аудитті жүргізу қажеттігі

 

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар  мүлікті пайдалану, жұмыстар мен  қызмет көрсетуді орындау, комерциялық  операцияларды ақша қаражаттары  ман инвестициялардыңзамын жүргізу  бойынша сан алуан келісім  шарттық қатынастарға түседі. Қажетті  ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар  арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар  кредиторлар өз қызметтерінің саласында  барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына  және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық  және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен  айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны  сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа  алу керек.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау  барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік  принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне  сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін  сақтауы керек.

Аудит теориясы және оны басқару  ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық  базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Аудит теориясы мына негізгі элементтерден  тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

Аудит компоненттері: бірінші компонент- бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты  оның аясы туралы айқын түсінік болып  табылады. Ол белгілі бір уақыт  аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Екінші компонент — өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты  бағалайды.

Үшінші копонент бұл аудитті  жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті  маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін  сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы  тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі  мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген  зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит  мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер  алдыға шығады.

Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар  туралы,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған  шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа  алу керек адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді  қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік  принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне  сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін  сақтауы керек.

Ғылымиялық принциптің мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар  ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі  бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін  білдіреді.

Жариялық принципін сақтау қажеттілігі  аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы  мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.

Халықаралық аудиторлық қызметтің  нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде  сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің  маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып  қоймай, оның қызмет нәтижелерінің  тиімділігін арттырады.

Аудиторлық тексеріс жүргізу келісім-шартты ресми құжат болып табылады. «Аудитор – клиент» арасындаңы қарым-қатынасты  регламентейтін және жай келәсәм-шарттардан айырмашылығы жоқ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылады. Басқалар сияқты, бұл келісім-шартта заңды түрде қатаысушы жақтар қызығушылық келісімін көрсетеді және осы жағдайда тапсырыс беруші – клиент, атқарушы – аудиторлар. Дегенмен, кәсіпкерлікте пайдаланылатын маңызды келісім-шарттардың басқа келісім-шарттардан ерекшеленеді. Біріншіден, келісім-шарт жасаған кезде үшінші жақ (қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар ) қызығушылығы есептеледі.

Себебі деректер бойынша аудитор  сапасыз тексеріс жүргізу нәтижесінде  болған залал үшін тек клиент алдында  ғана емес ,сонымен қатар пайдаланушылар алдында жауапты болады. Келісім-шартқа қол қою алдында аудиторға  қажетті түрде мүмкінділігінше  клиенттің тілегін нақты анықтап  алу керек және оның талабының  дұрыс тұжырымдалуына көмек беру. Аудиторлық тексеріс жүргізуінің сапасы, аудиторлар мен клиент арасындағы қарым-қатынасы көбіне аудит жүргізу келісім-шартының нақты құрылуына байланысты болады. Аудитоплық ұйымның көбіне келісім-шарт жасаудың стандарттық түрін пайдаланады. Бірақ нақты кәсіпорында аудит  жүргізу ерекшелігін ескерген жөн, себебі клиент көбіне толық мөлшерде оның мәні мен мазмұнын түсіне бермейді. Аудиторлық тексеріс жүргізу келісім-шарттында  клиент тексеріс жүргізуге қажетті  құжаттарды ұсыну мерзімін анықтаған  жөн, себебі клиент аудитроды шақырып  алады, бірақ бухгалтерлік есебі  жиі дайын емес, бұл жұмысты  өте қиындатады. Келісім-шартта тапсырысшы талабында аудиторлық ұйым алдын-ала  төлеу сомасын көрсеткен дұрыс, аудит шаралары кезінде аудиторлық қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Клиент жағынан оған деген  «қысымның» болуы және аудит үшін сыйақыны төлемей қою мүмкіндігін  жояды. Әдетте аудиторлық ұйым талап  ететін алдын-ала төлеу сомасы 50-ден  – 100 ٪ дейін мөлшерді құрайды. Келісім  –шартта тексеріс кезінде аудиторға  тапсырысшының көмек көрсету  міндеттеме пунктін қарастырған  жөн (яғни, түгендеу кезінде жәрдем беретін қызметкерді анықтап  беру, мүмкін болған жағдайда аудиторлық командировкаға шығу үшін қамтамасыз ету және т.б.)

Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді жинау шараларын  бастауға болады. Аудитор анықтау  керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен  жинау керек. Бұл процесс белгіленген  жолмен тексеруді талап етеді, сондай-ақ, стратегияда болып табылатын, осы  арқылы аудитор шынайы мәліметтер ала  отырып, қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік  береді.

Аудиторлық тексерудің стратегиясы  тексеру жүргізгенде мүмкіндігінше  мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы талдау негізі болып табылады және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне байланысты аудиторлық серіктестік  фирмалар мен клиенттің ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі, аудитормен шығарылатын есептің  ерекшеліктері және басқа да факторлар. Стратегиялық тексеріс шараларының  көлемі мен уақыты бөліп тарату әдісі  көрсетілген, аудиторлық дұрыс тексеріс жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұл  тексеріс жүргізудегі жалпы жоспар мен бөлшек шараларының арасынмдағы байланыстырушы буын болады, бағдарлама мазмұнында қаралған, сонымен қатар белгіленген шаралардың нәтижелік пен тиімділікті бағалаудың негізі болып табылады. Аудиттің 200 халықаралық стандартына сәйкес «Қаржылық есептілік аудитін реттеудің мақсаты мен жалпы қағидалары» термин «аудит ауқымы» аудиттің шараларына жатады, кейбір жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажет етеді. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымын анықтаған кезде 3 негізгі сатысын бөліп көрсетуге болады.

Тексеру және бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің  шындыққа жанасымдылығының тексеруді  ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша  ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде  жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды  пайдаланудың тиімділігін арттыру  және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес  беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу  үшін белгілі бір салалар мен  компаниялар іс-әрекеттің жағдайы  туралы шындыққа жанасымды ақпарат  алудың кең ауқымды мәселелерін  жан-жақты зерделеу қажет.

Тұтастай алғанда аудитті  және талдауды уақтылы жүзеге асыру  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын  арттыруға ықпалын тигізеді.